Сақтар заманының қоғамдық құрылысы


Кіріспе: Сақ
Б. з. бұрынғы VIII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары туралы археологиялық материалдармен қатар жазба деректер де кездеседі. Бұл тайпалар ежелгі иран және грек жазбаларында, Авеста діни кітабында және тағы басқаларында сақтар, азиялық скифтер немесе «жүйрік атты турлар»және т. б. деп аталады.
Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сақ тайпалары үш топқа бөлінеді. Олар:
1. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (тарадариандар)
2. Шошақ бөрікті сақтар (тигрохаудалар)
3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомаваргалар) .
Сырдария бойы мен Арал теңізі маңын мекендеген сақ тайпалары тарихи деректерде массагеттер деп аталады. Сонымен бірге жазба деректерде солтүстік дохтар (дайлар), батыста савраматтар, орталықта исседондар, солтүстік-шығыста аримаспылар мекендегені туралы айтылады.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар туралы зороастриялық жинақ Авестада айтылады. Бұнда Ирандағы отырықшы мал өсірушілер және егәншілермен бірге қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалар туралы мәліметтер кездеседі. Аталған жинақта көшпелі тайпалар «турлар» деген жинақталған атпен аталады. Парсы патшасы Дарийдің Бехистун жазбасында былай деп айтылады: «мен сақтардың әскерлерімен бірге теңіздің арғы жағындағы сақтар еліне бардым, бұл ел шошақ бөрік киеді. Содан кейін теңізге жақын кеме көпірін қайтадан өз орнына қойдырдым. Осы көпірмен мен елге өттім, сөйтіп мен сақтарды ойсырата талқандадым, олардың біразын тұтқынға алдым, енді біразын байлап-матап маған алып келді, ал олардың біріншісін, Схунха деп атайтын басшысын қолға түсіріп, маған алып келді. Сол жерде мен өз әміріммен екінші біреуін олардың басшысы етіп тағайындадым. Бұдан кейін бұл ел маған қарады».
Б. з. бұрынғы 519-518 жылдары парсы патшасы 1Дарий сақтар жеріне жорық жасайды. Олардың әскерін сақ тайпасының бақташысы, жас жігіт Ширақ сусыз шөл далаға алып барып шөлден қырады. Сақ жауынгерлері кейіннен парсылармен бірігіп грек-парсы (Марафон шайқасы) соғыстарына қатысады. Б. з. бұрынғы ІV ғасырда әлемнің көп жерін басып алған әйгілі қолбасшы Александр Македонскийдің әскерлері б. з. бұрынғы 330-327 жылдары Орта Азияға аттанады. Бірақ сақ жауынгерлерін жеңе алмай, Сырдария өзеніне жете бере кейін қайтуға мәжбүр болды.
Сақтар мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді. Бүкіл елді тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі-патша басқарды. Ол әрі бас қолбасшы болды, тайпа атынан келіссөз жүргізді, тайпа мен рулар арасындағы жайылымдық өмірге белсенді араласты. Тіпті олардың кейбірі мысалы, Томирис, Зарина және т. б. тайпа көсемі болып сайланды. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымында адамдардың үш тобы ерекшеленді. Олар жауынгерлер, абыздар, басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер) .
Сақтар заманының қоғамдық құрылыс жүйесін мынадай схема түрінде беруге болады:
1) шағын туыс отбасылар тобы-патраномия (оннан жиырмаға дейін) ;
2) көшпелі қауым;
3) тайпалар;
4) тайпалар одағы.
Сақ тайпаларында металл өндіріп оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Сақ шеберлері қоладан әртүрлі қарулар, ат әбзелдерін, еңбек құралдарын, тұрмыстық үй заттарын тамаша жасай білді. Саздан тамаша үлгідегі қыш ыдыстар жасалды. Сақ тайпалары шеберлерінің жасаған мәдениеті «аңдық стиль» деп аталды. Оның басты тақырыбы аңдар мен жануарлар қолөнер туындыларында бейнелеу болды. Бұл бейнелеу өнері Сібірге, Қазақстанға Орта Азияға, Оңтүстік Шығысқа, Еуропаға көптеп тарады. Сақтардың материалдық мәдениеті қазіргі халықтардың мәдениетінен де көрініс тауып жүр. Қазіргі ұзын балақты шалбарлар, қысқа жеңді көйлектер, әшекейлі киімдер осы сақтардан қалған киім үлгілері. Қазақтардың мәсісі мен киіз қалпақтары және бөріктері де сонау сақ заманынан бері келе жатыр. Сақ шеберлері көбінесе жылқы, бұғы, қой, тау барысы, жолбарыс, қасқыр және тағы басқаларды бейнелейді. Аталған жануарларды тек сәндік үшін бейнелеген жоқ, оларға өзіндік мән-мағына, мазмұн берді. Мысалы, қару-жарақтағы жолбарыс бейнесі шайқас кезіндежауынгерлерге күш беріп, оған оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сендірді.
Сақ тайпаларында зергерлік өнер ісі де жоғары дәрежеде дамыды. Алтыннан, күмістен жасалған сәндік бұйымдар өзіндік көркемдігімен адамдарды әлі күнге дейін таң қалдырады. Сақ тайпаларында қала да болған, солардың бірі Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жердегі Шырық-Рабат қаласы. Бұл қала сақ тайпаларының бірі апасиактардың астанасы ретінде мәлім болды.
Қазақстан аумағындағы сақтар туралы мәліметтердің бір бөлігі археологиялық зерттеу жұмыстары болып табылады. Бұлардың ең көбірек зерттелгендері Жетісудағы Бесшатыр обалары мен Есік обасы, Шығыс Қазақстандағы «Патша обалары» деп аталатын Зайсан ойдымының Шілікті аңғары мен Бұқтырма өзенінің жағасы, Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетіне кіретін «мұртты обалар», Батыс Қазақстандағы Сынтас және Бесоба қорымдары, Сырдарияның төменгі бойындағы Шығыс Арал маңындағы Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен жерлеу орындары. Бұлардың ішіндегі әлем жұртшылығына белгілі болғаны «Есік» обасынан табылған «Алтын адам».
Алматы облысының Есік қаласы маңынан табылған бұл олжа Жетісудағы патша сақтарының ең көрікті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Бұнда жерленген адам 17-18 жастағы сақ ханзадасы болуы керек. Сол кездегі жерлеу салты бойынша барлық киімі түгел кигізіліп, қару-жарағы асылған. Басындағы сәукеледен бастап, жұқа тері киімдері, белбеуі барлығы алтынмен апталған. Алтын бөліктерінің барлық саны 4 мыңнан асады. Оң жақ бетінде ағаш қыны бар темір семсер болса, сол жағында шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған темір ақинақ бар. Сәукеле маңдайындағы екі арқар мен екі тұлпар ат өте шеберлікпен және көркем етіп жасалған. Өлік маңында қойылған ыдыстармен бірге табылған жазуы бар күміс тостаған да сақтар мәдениетінің қаншалықты жоғары деңгейде болғандығын дәлелдей түседі.
Сақ мәдениетінің белді тарихи тұлғасы фәлсафашы Анахарсис б. з. бұрынғы VI ғасырда өмір сүрді. Сақ тайпасында дүниеге келіп Ежелгі Грецияда өмір сүрген Анахарсис құнды фәлсафалық мұралар жазып қалдырды. Аристотель «Никомах этикасында» екі тілді жақсы меңгерген Анахарсиске сүйенеді. Диогеннің «Ұлы фәлсафашылардың өмірі мен ғылыми ізденістері» деген кітабында Анахарсиске жеке бір бөлім арналған.
Қытай өзендері мен Дунай өзенінің аралығындағы Ұлы дала мәдениеті өзіндік жеке мәдениет ошағы екендігін сақ дәуірінің мәлениеті айқын дәлелдейді. Ұлы дала мәдениеті Ніл, Тигр, Евфрат, Хуанхэ, Үнді өзендерінің бойында қалыптасқан мәдениеттер секілді Сырдария мен Амудария өзендері бойында қалыптасты. Келесі бір жағынан, бұл мәдениет ошағы Греция мен Кіші Азия, Шығыс Жерорта теңізі және Месопотамия мәдениеттері секілді Азия мен Еуропа шекарасына орналасқан. Бұл мәдениет ошағының әуелгі кезде этномәдениеті жағынан өзіндік ерекшелігі бар еді, ал бертін келе басқа мәдениеттермен етене араласып кетті.
Үйсін
Б. з. д. VIII-V ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы көшпелілер өркениеті көршілес тайпалармен және мемлекеттермен экономикалық және саяси қарым қатынаста болды. Бұның өзі көшпелі шаруашылықтың экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі тиімді пайдалануға, егіншіліктің, қолөнердің және сауда байланыстарының одан әрі дамуына алып келеді. Бұндай өзгерістер б. э. д. IV-III ғасырларда Қазақстанның жекелеген аудандары мен көршілес аумақтарда біршама тұрақты және ірі саяси бірлестіктердің құрылуына алып келді. Бұл бірлестіктер - сол кездегі Грек-Бактрия, Парфия, Қытай және Кушандар империяларын да мойындатқан Үйсін және Қаңлылар саяси бірлестігі болатын. Соңғы деректер мен мәліметтер бұл саяси бірлестіктің мемлекеттік деңгейге дейінгі жеткендігін дәлелдейді. Яғни, б. э. д. ІІІ ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан аумағында Үйсіндер және Қаңлылар мемлекеті өмір сүрген деп айтуға біршама негіз де бар.
Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі үйсіндер болып табылады. «Үйсін» (усун) деген терминнің этимологиясы осы уақытқа дейін анықталмай отыр. Ол тек иероглиф жазуында ғана кездеседі. Оның дыбыспен айтылуы үйсін деген қазақ тайпаларының біріне сай келеді. Жетісу бойындағы сақ-тигрохаудаларды ығыстырған үйсіндер Қазақстан аумағына Орталық Азиядан б. з. бұрынғы үшінші ғасырларда келді. Үйсіндердің негізгі аумағы Іле, Шу және Талас өзендерінің бойы болды.
Археологиялық деректер үйсіндердің европоидтық нәсілге жататындығын және монғолоидтық нәсіл белгілері бар екендігін дәлелдеп отыр.
Үйсіндер туралы алғашқы жазба деректер б. з. бұрынғы ІІ ғасырдың соңынан бастап кездесе бастайды. Осы уақытта Жетісу аймағына келген Қытай саяхатшысы Чжан Цзянь үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді береді. Оның мәліметтерінде үйсіндердің ғұндарға ұқсас екендігі және олардың алғашқыда ғұндарға бағынышты болғандығы айтылады.
Үйсіндер туралы мәліметтер, сонымен бірге Қытайдың «Тарихи естеліктер», «Хань хандығының тарихы» және Қытай тарихшысы Бан Гудың жазбаларында кездеседі. Ә. Марғұлан, К. Ақышов, А. Бернштам, А. Кушаев сияқты тарихшы-ғалымдар археологиялық материалдар мен жазба деректерді салыстыра отырп үйсіндердің шаруашылық өмірі мен тұрмысы, мәдениеті мен өнерін біршама жүйеге келтіріп, олардың тарихын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Чжан Цзянь деректерінен біз сонымен бірге үйсін тайпаларының халық саны 630 мың, үй саны 120 мың, әскер саны 180 мың болғандығын да білеміз. Тайпаның барлық билігі гуньмо деп аталған жоғары билеушінің қолында болады. Үйсін гуньмосының астанасы Ыстықкөл маңындағы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласында орналасты. Орда маңында басқа да бекіністер мен елді мекендер болған.
Б. з. бұрынғы 73 жылы үйсіндер мемлекеті үш бөлікке - шығыс, орталық және батысқа бөлінді. Үйсін мемлекеті өз заманында аймақтық-экономикалық және саяси жағдайларға қатысып отырды. Неке одақтарынжасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Мысалы, үйсін гуньмосы Ван-Гуйми өзінің қызы Дишиді Куги әміршісі Гянь-бинге берсе, б. з. бұрынғы 107 жылы Қытайдың Юань-Фын сарайынан атақты князьдің қызы Си Гюньді үйсін патшасы әйелдікке алады. Жетісу аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек жолының тармақтары да басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға көмегін тигізді.
Қытай деректерінде үйсіндердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандығы туралы айтылады. Чжан Цзянь «Үйсіндер егін шаруашылығымен, бақша, бақ өсірумен айналыспайды. Шөбі шүйгін, суы мол жер іздеп, малмен бірге бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Оларда жылқы көп. Бай адамдардың 4000-5000-ға дейін жылқысы болады. Қаһарлы, ержүрек, бостандықты сүйетін өте күшті жауынгер халық болып есептелді» дейді. Мал шаруашылығы үйсіндер тұрмысында маңызды роль атқарды. Олар негізінен қой, жылқы, ешкі, сиыр және түйе өсірген. Үйсіндердің егіншілікпен де айналысқандығы археологиялық деректерден анықталып отыр. Үйсіндердің баспанасы шикі кесектен салынды. Бірнеше бөлмеден құралған үй іргесінде мал қамайтын қоралары орналасты. Бір ауылда ондаған үй болды.
Үйсіндерде жерлеудің жаңа түрі қабір шұңқырының бүйірінен үңгіп қуыс қазылды. Мәйіт осы қуысқа салынып, басы батысқа қаратылып шалқасынан жатқызылды. Өлген адамның жанына тамақ, ыдыстар және қару жарақтар мен бағалы сәндік бұйымдар қойылды. Тайпа көсемдерінің қабірі басына үлкен қорғандар тұрғызылды.
Үйсін қоғамында тек малға ғана емес, жерге де жеке меншік орнады. Қолдағы бар жазба және археологиялық материалдар үйсін қоғамының мемлекеттік дәрежеге жеткендігін дәлелдейді. Үйсіндер дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштер - Қызылқайнар, Өтеген, Қызылкене, Алтынемел, Қаратұма, Талғар, Ақтас, Қалқан және т. б. қоныстар мен бейіттер.
Археологиялық материалдар үйсін тайпаларының жоғарғы мәдениеті мен өнерінің бар болғандығын дәлелдейді. Табылған заттар мен бұйымдардың және қару-жарақтардың жоғары көркемдік деңгейде жасалғаны, дүниеге көзқарасын анықтайтыны сияқты құнды түрлері де көптеп кездеседі. Мысалы, Қарғалыдан табылған басқа киетін тәж тәрізді әшекейлі бас киімдегі бейнелер Ыстықкөл қабірінен табылған сақ көсемінің бас киіміне ұқсайды. Бас киімдегі бір-біріне қарап тұрған қос қанатты тұлпарлар, олардың соңындағы аңдар мен адамдар, барыс үстінде шауып келе жатқан әйел, ешкіге, арқарға және айдаһарға мінген әйелдер, ұшып бара жатқан аққулар, өсіп тұрған ағаш пен оның сәнді жапырақтары үйсіндердің табиғат пен дүниеге деген көзқарастарын білдіреді.
Үйсіндерден батысқа қарай Талас, Сырдария өзені мен Қаратау маңында және Орталық Қазақстанда б. з. бұрынғы ІІІ ғасырлардан бастап қаңлы тайпалары мекендеді. Қытай деректерінде бұл жерлер «Кангюйлар елі» деп аталады. Бұл этноним бұдан ерте кездегі жазба мәліметтерде де кездеседі. Діни авеста Шығармасында қазіргі Қазақстан аумағындағы «кангхалар» және сақтармен, тохарлармен қатар «канкилер» деп те аталады. Қалай десек те, «кангар» этнонимінің б. з. бұрынғы VI ғасырдан бастап кездесетінін айтуымыз керек.
Б. з. бұрынғы ІІ ғасырда Қытай императоры Чжан Цзяньды батыс елдеріне сауда елшілігіне жібереді. Ол өзі болған жерлер туралы құнды мәліметтер қалдырады. Үйсіндермен қатар, олардың батысында тұрған қаңлылар туралы да мәліметтер жазады. Қытай елшісінің мәліметтеріне қарағанда қаңлылар елінде 600 мың адам, 120 мың әскер болған. Астанасы ретінде Битянь қаласы аталады. Үйсіндер сияқты қаңлылардың этникалық сипаты жөніндегі мәселе де толық анықталған жоқ. Кейбір ғалымдар қаңлылар түрік тілдес халық десе (А. Бернштам), басқалары оларды солтүстік Иранның мал өсіруші
Археологиялық ескерткіштері .
Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б. з. д. 7-3 ғғ. ) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1, 5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.
Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz