Биогенді макро және микро элементтер



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Биогенді макро және микро элементтер
Кафедра: Фармацевтикалық пәндер курсы және Химия
Дисциплина: Химия
Факультет: Стоматология
Группа: 102

Орындаған: Кушмагмабетов Т.Д

Тексерген: Ерназарова Ж.А

Ақтөбе 2017 жыл
Жоспар

1)Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
2)Биогенді элементтер
3)S элементтер
P элементтер
D элементтер
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) -- Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.

Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді.
Периодтық жүйені суреттеудің (аналитикалық қисық сызықтар, кестелер, геометриялық фигуралар, және т.с.с) барлығы бірнеше жүздеген (кітабында 400-ден астам деп айтылады) нұсқасы ұсынылған. Жүйенің қазіргі кездегі нұсқасында элементтерді екіөлшемді кестеге жинақтау қарастырылады. Мұндағы әрбір бағана (периодтық жүйенің тобы) негізгі физико-химиялық қасиеттерді анықтаса, қатарлар периодтық жүйенің периодын құрайды және белгілі мөлшерде бір-біріне ұқсас боп келеді. Периодтық жүйенің бірнеше түрі бар.

Биогенді элементтер
Биогенді әлементтер дегенімізтірі тірі оргнизмдердің құрамында үнемі болатын химиялық элементтер. Олар витаминдердің,белоктардың гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен,тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады.Мысалы азотты (N)алатын болсақ белоктың структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент . Осындай мысалға көміртекті С де айтуға болады,ол тірі ағзадағы майлар мен көмірсулардың құрамын құрайтын ең басты элемент. Олардың маңызы өте зор. Мысалы, қалқанша бездің гормондарының құрамына кіретін йод (J- бұл да өте маңызды биогенді элеметтердің бірі) жетіспесе адам организмінде не болатынын осы сайттан кейбір сұрақтардың жауабынан оқуыңа болады.Сол сияқты кальций,фосфор (Ca,P) жетіспегенде де адамда суйектің аурулары пайда болады. Медицинаға қатысты биохимияның бөлек БИОЭЛЕМЕНТОЛОГИЯ деген үлкен саласы бар.Биоэлементология химиялық элементтердің тірі организмдердің тіршілігіне әсер етуін зерттейтін биохимияның улкен бір бөлігі десе де болады .Сұрақ өте ауқымды,көп мысал кетіруге болады.Биогенді элементтерге мысалы көптеген металлдар да кіреді. Олар натрий ,темір,калий,магний ,цинк ...Бұлардың көпшілігі организмде иондар түрінде болады.тіпті кейбір белоктардың да құрамына кіруі мүмкін Мысалы, темір гемоглобин белогының құрамына кіреді.

S элементтер
S-элементтердің периодтық системадағы орны, жалпы құрылыстары, қасиеттері. S-элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІА, ІІА топтардың негізгі топшаларында орналасқан. ІА - топтың негізгі топшасындағы - литий, натрий, калий, рубидий, цезий және франций сілтілік металдар деп аталады, электрондық конфигурациясы - nS1.
ІІА топтың негізгі топшасындағы кльций, стронций, барий және радий сілтілік жерметалдар деп аталады, электрондық конфигурациясы - nS2.
ІА - элементтерінің сыртқы электрондық қабатында бір S1-электрон ядромен әлсіз байланысты болатындықтан, оны беріп жіберіп, күшті тотықсыздандырғыщ қасиет көрсетеді:

Барлық қосылыстарында иондық байланыс түзеді және тотығу дәрежелері тұрақты +1-ге тең болады.
ІІА-элементтерінің сыртқы электрондық қабаттарында жұптасқан екі S-электрон болады (nS2), қоздырғанда бір электрон басқа р-орбитальға ауысып, тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сілтілік жерметалдар да күшті тотықсыздындырғыштар, бірақ сілтілік еталдарға қарағанда активтіктері төмен, радустары кіші және иондану энергиялары жоғары. Жоғарыдан төмен қарай топ бойынша сілтілік және жер сілтілік металдаожың негіздік, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады. Сілтілік және жерсілтілік металдар активті болғандықтан жер қыртысында тек қосылыс түрінде кездеседі.
Сутек. Сутек қасиеті әртүрлі бола алатын ерекше элемент. Ол бірде өзінің сыртқы қабатындағы жалғыз электронын беріп, оң зарядталған ионға айналады. Ол мұндайда тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп, металлдық қасиет көрсетеді. Келесі бір жағдайда ол өзіне бір электронды қосып анионға айналып, галогендердің қасиетін көрсетеді.

P элементтер
р - элементердің сыртқы электрондық қабатында бірден алтыға дейін электрон болатыны белгілі. Периодтық жүйеде 30р элемент бар. Бұл р - элементтер немесе олардың ұқсастары ІІІА, ІVА, VА, VІа, VІІА, және VІІІА топшаларын құрайды. Сыртқы электрон қабаттарының құрылысы мынадай қатарда дамиды: ns2np1, ns2np2, ns2np3, ns2np4, ns2np5, ns2np6.
Al басқа р - элементтердің тотықсыздандырғыштық белсендігі айтарлықтай нашар. Керісінше ІІІА-дан VІІА топшаға біртіндеп ауысқанда, бейтарап атомдардың тотықтырғыштық белсендігі артатыны байқалады, себебі р - элементтердің электртерістігі артады.
р - элемент атомдарында тек р - электрондары ғана емес, сыртқы деңгейдің s - электрондары да валентті болып табылады. р - элементтердің жоғары оң тотығу дәрежесі өздері орналасқан топ нөмеріне сәйкес келеді.
Периодтық жүйенің ІІІА топшасында кең таралған элементтер - В, Al, Ga, In, Tl. Олардың атомдарының сыртқы деңгейінде 3е s2p1 болады. Қозбаған күйде р - электрон ғана жұптаспаған. Бірақ бұл эелементтердің тотығу дәрежесі +3 .д. көрсетеді, өйткені электронды s-тен р-күйге ауыстыру үшін аз энергия қажет. Тек талий көбінсе +1т.д. тән. Бұл топшаның барлық элементерінің Э2О3 типті оксидтер түзуі көп мөлшерде жылу бөлумен жүреді. Э(ОН)3 типті екідайлы қасиет көрсететін гидроксидткр сәйкес келеді.
В Al Ga In Tl
Оксидтер мен гидроксидтердің негіздік қасиеті күшейеді, қышқылдық қасиеті әлсірейді.
Радиус артады; иондану энергиясы кемиді; электртерістігі кемиді; тотықсыздану қабілеті, яғни электрон беру қабілеті артады.
Алюминий гидроксидінің екідайлық қаситеттері күшті, ал галий гидроксидінің екідайлық қаситеттері әлсіз, индий гидроксиді сілті ерітіндісінде өте қиын ериді, талий гидроксиді екідайлық қасите көрсетпейді. ЭХ3 типті қосылыстарда байланыс көрші 3 атоммен үш гибридтік орбитальдардың sp2 бүркесуі есеьінен жүзеге асырылады және мұндай молекулалар жазық үшбұрышты құрылыста болады.
ІІІА топша элементтерінің металдық қаситеттерінің бір қалыпта өзгерісі байқалмайды. В-дан Al-ге өткенде металдық қасиет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макро, микро және ультрамикроэлементтер
Атом материя құрылымының негізі ретінде
Ерітінділер, жалпы түсінік
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
Қалкан безіне йодтың жиналуы
Ағзаға қажетті химиялық өнімдер
Жер қабыршағының химиялық құрамы биосфераның факторы сияқты
Минералды заттар. тағам өнімдерінің гигиенасы
Пәндер