Осмостық қысым



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Осмостық қысым
2.2. Изотоникалық коэффицент. Гипо ,гипер және
изотоникалық ерітінділер
2.3. Қышқылдық және негіздік теориясы
2.4. Пролиттік тепе -- теңдік. Қанның буферлік жүйесі
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Ерітінділер -- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық жәнеқатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекулаконценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады. Кей заттар ерігенде олардың молекулалары иондарға ыдырайды, яғнидиссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздердің, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады. Полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды. Ерітінділердің бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы жоғарылау болады

II.Негізгі бөлім
2.1. Осмостық қысым
Осмос. Осмос - еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанд төмен. Таза еріткіш жағынан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі. Сыртқы ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе теңдік күй орнайды. Мұндай тепе теңдік ке сәйкес келетін қысымды осмостық қысымы деп аталады. Осмос қысымы - осмосты тоқтату үшін ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен осмос қысымы деп ерітіндіні еріткішпен тепе теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірілетін қысым.

Сурет 1 (қант ерітіндісі, су, жартылай өткізгіш қабық)
Осмостық қысым - ерітінді диффузиясы кезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімді мембранаарқылы тудыратын асқын қысымы. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады.

Электролит ерітінділері. Еріген кезде еріткішпен әрекеттесш, иондарға диссоциацияланып, ерітіндіге ток өткізгіштік кабілет беретін заттарды электролиттер дейді. Кейде электролиттер ионо-генді және ионоферлі болып екіге бөлінеді. Ионогенді электролит-тер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады. Бүл тектес электролиттерге сірке қышқылы, тұз қышқылы және тағы басқалар мысал болады. Ал, ионоферлі электролиттерге еш-бір еріткіште ерімесе де, таза қалпында-ақ өз құрамында диссо-циацияланған иондары бар қосылыстар жатады. Бұл топқа көпте-ген тұздар мысал болады. Егер электролит толық диссоциациялан-са және осы кездегі әрбір молекула v иондарға ыдыраса, онда ерітіндідегі иондар саны Nv болады, мұндағы N -- электролит молекуласының саны. Егер де барлық молекула диссоциациялан-бастан, оның а бөлігі ғана ыдыраса, онда ерітіндідегі бөлшектер саны N электролитіндегіден і есе аз болады, мұндағы і -- изото-никалық коэффициент, кейде оны Вант-Гофф коэффициенті де дейді.
і=1 + а(v-1) (95)
Мұндағы а -- диссоциациялану дәрежесі, кейде оны иондану дә-режесі десе, енді бірде диссоциациялану коэффициенті дейді. Дис-социациялану дәрежесі иондарға ыдыраған молекулалардың электролиттегі барлық молекулаларға қатынасымен анықталады. Бұдан электролиттердің аномальдік, коллигативтік қасиеттерге бейім екендігі байқалады. Егер электролит емес ерітінділердің коллигативті қасиеттерін өрнектейтін теңдеуге изотоникалық коэффициентті енгізсе, онда тәжірибе кезінде және есептеу арқы-лы алынған шамаларды теңеуге болады.
2.2. Изотоникалық коэффицент. Гипо ,гипер және
изотоникалық ерітінділер
Жартылай өткізгіш қабат болмаған жағдайдың өзінде осмос қысымы туралы айтылады. Бұндай жағдайда ерітіндінің еріткіштің қосымша көлемін өзіне сіңіріп алуын меңзейді. Ерітінді концентрациясы жоғарылаған сайын оның осмос қысымы да арта түседі.
Біздің ағзамыздағы жасушалардың қабырғаларының өзі мембрана болғандықтан, осмостың физиологиялық үдерістердегі маңызы зор. Тірі табиғатта үнемі жасушаға және жасушадан судың осмостық қозғалысы жүріп тұрады. Егержасушаның өз ішіндегі қысымға өзі түскен ерітіндінің осмостық қысымы сәйкескелетін болса, онда жасуша құрамындағы сұйықтықтың көлемі өзгермейді, бірақсу екі бағытта да тең дәрежеде өтеді. Бұндай ерітінді изотоникалық деп аталады.
Адам қанының осмос қысымы NaCl ерітіндісінің 0,9 %-на тең. Егер қан жасушалары осмос қысымы өз қысымынан төмен ерітіндіге түссе, су жасушаға оны ісіндіріп, жарып жіберетіндей дәрежеде кіреді. Сондықтан да адамға сұйықтық құйған кезде (мысалы, көп қан кеткенде), изотоникалық ерітіндіні пайдалау керек.
Диализ. Осмостың ертікіш затты емес ерітіндіні өткізетін жартылай өткізгіш қабық арқылы жүзеге асатынын айтып кеттік. Кейбір қабықтар коллоидты бөлшектерді өткізбей, төмен молекулалы ерітілген заттарды да өткізеді. Бұл құбылыс диализ деп аталады. Жасанды бүйрек құрылғысының жұмысы диализге негізделген. Яғни, жартылай өткізгіш мембрана арқылы қанға қажетті барлық коллоидты заттар мен қан жасушаларын, т.с.с. сақтай отырып, қаннан төмен молекулалы қалдық заттарды шығарады.
Тұтқырлық. Сұйықтықтағы тұтқырлық немесе ішкі үйкеліс дегеніміз сұйықтық ағысына қарсылық көрсету дегенді білдіреді. Әдетте ерітіндінің тұтқырлығы ондағы кедергінің артуымен өсе түседі. Әсіресе, жоғары молекулалы заттар сұйықтықтың ағу қабілетін нашарлатады, яғни, оның тұтқырлығын арттырады.
Сұйықтықтың тұтқырлығы температура артқан сайын төмендейді. (алайда, құрамында тұтқырлығы температураға байланысты болмайтындықтан косметикалық препараттарда жиі қолданылатын силикондар кездесетін ерітінділер жатпайды).
2.3. Қышқылдық және негіздік теориясы
Қышқыл (орысша: кислота) -- химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутекатомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.
Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) -- қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.
H2CO3--CO2↑+H2O;
H2SO3--H2O+SO2↑
Қышқылдардың құрылымдық формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.
Усанович теориясы - қышқылдық-негіздік әрекеттесудің жалпылама теориясы. Оны академик М.И.Усанович ұсынған (1938). Теорияның басты ерекшелігі - 20 ғ-дан бері химиялық ғылымында қалыптасқан қышқылдық қасиеттің әмбебап иесі саналған сутекті жоққа шығару болды. Усанович қышқылдарға негізбен әрекеттесіп тұз түзуге қабілетті болатын бөлшектерді жатқызды. Солардың қатарында барлық катиондар, соның ішінде протондар бар. Негіздер қатарына табиғаттағы қышқылдарға қарама-қарсы заттар жатқызылады, өйткені олар қышқылдармен әрекеттескенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы
Өсімдіктегі су алмасу физиологиясы
Өсімдіктер физиологиясының даму тарихы
Осмостық және онкотикалық қысым
Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы
Тірі жүйелердегі осмос
Тургор және плазмолиз
Cілтілік және сілтілік жер металдардарға сипаттама
Қан
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы
Пәндер