Химиялық байланыстардың түрлері



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Химиялық байланыстардың түрлері
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Атомдар өзара әрекеттескен кезде химиялық байланыс туып, соның нәтижесінде молекулалар, иондар, кристалдар, радикалдар түзіледі. Осыған сай химиялық байланыстың 4 типі бар, олар коваленттік, иондық, металдық, сутектік болып бөлінеді.
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Коваленттік химиялық байланыс
* 2 Металдық байланыс
* 3 Сутектік байланыс
* 4 Иондық байланыс
* 5 Пайдалнаылған әдебиеттер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Коваленттік химиялық байланыс
Коваленттік химиялық байланыс атомдардың арасында ортақ электрон бұлты түзіліп, ортақ электрон жұбы пайда болғанда шығады. Әрекеттесуге қатысқан элемент атомдары тұрақты әрі тиімді 8 электронды конфигурацияға (s2p6) ие болады, тек сутек үшін 2 электрон(s2) жеткілікті.
Коваленттік байланыс екі түрлі механизммен түзіледі: бірі -- алмасу, екіншісі -- донорлы-акцепторлы.
Алмасу механизмі атомдардың жұптаспаған электрондарының бұлттары өзара бүркесіп ортақ жұп түзгенде байқалады. Мысалы, сутекмолекуласында s -- s орбитальдар бүркесіп, полюссіз коваленттік байланыс түзеді.
Хлорсутек молекуласында s-және р- орбитальдардағы жалқы электрондардың бұлттары бүркесіп, полюсті коваленттік байланыс түзеді, өйткені ортақ бұлт электртерістігі үлкендеу хлор атомына қарай ығысады.
Азот молекуласындағы үш ортақ жұп р-орбитальдардағы жалқы электронды бірдей бұлттардың бүркесуінен туатындықтан, полюссіз болып шығады
Үш байланыстың біреуі (ядроны жалғастыратын сызық бойынша бүркесуі) σ-, ал екеуі - (көлденең бұлттардың бүркесуі) байланыс болып саналады.
Мұндай еселі байланыстар органикалық қосылыстарда жиі кездеседі.
Қаныққан көмірсутек метанда 4 σ-байланыс бар, ал канықпаған көмірсутек этиленде бес σ-, бір -байланыс, ацетиленде үш σ-, екі -байланыс болатыны көрініп тұр.
Донорлы-акцепторлы механизм бойынша коваленттік химиялық байланыс бір атомның дайын жұптасқан электроны екінші атомның бос орбиталіне орналасып, ортақ бұлттар түзгенде түзіледі.
Аммиак молекуласындағы азот атомы -- донор, өзінің жұптасқан қос электронын хлорсутектің құрамынан бөлінген акцептордың, яғни сутеккатионының (жалаң протонның) бос орбиталіне жіберіп, бұрыннан алмасу механизмімен пайда болған үш коваленттік байланысқа төртінші -- донорлы-акцепторлы жолмен түзілген байланысты қосады. Мұндай жағдай органикалық қосылыстардың әрекеттесуінде де жиі кездеседі. Мысалы, аминдердің тұзға айналуын қарастырайық:
СН3 -- NH2 + Н+Сl- -- [СН3 -- NH3]+Сl-
Коваленттік байланысты заттар қатты күйде екі типті кристалдық тор түзеді: біреуі -- атомдық торлы кристалдар, өте берік болады (алмаз,графит, кварц SiO2). Екіншісі -- молекулалық торлы кристалдар, қалыпты жағдайда газ күйінде, оңай ұшатын сұйықтықтар, оңай балқитын не бірден буланатын қатты заттар (Н2, мұз, І2, "құрғақ мұз" -- СО2) түрінде кездеседі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Металдық байланыс
Металдың кристалдық торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді. Металдардың сыртқы деңгейіндегі валенттік электрондар саны аз болатындықтан, олардың иондарға айналуы қиын емес: Me - ne- -- Ме+n
Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр- және жылуөткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. булардың барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыс функциялары
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Полимерлердің физикалық күйлері 2021 жыл
Химиялық құрылыс теориясы бойынша
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Кіріктірілген оқыту принциптері
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Молекуланың кеңістіктегі құрылысы
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР. Иондық байланыс
Пәндер