Туризмдегі сақтандыру


Жоспар:
Кіріспе
- Туризмдегі сақтандыруТуризмдегі сақтандыру түрлеріТуристерді медициналық сақтандыруТуристерді мүліктік сақтандыруТуристерді жеке сақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шетелге туристік жолдама алғанда, турист ұмытылмас әсерге ерік береді. Әсіресе жағымды жағына баса назар аударады. Дегенмен, тропикалық жағажайларда бізді экзотикалық жемістермен қоса экзотикалық микробтар да күтіп тұратынын барлығымыз білеміз, ал сол жақ бетті жолда скутермен жүру экстрим бойынша тау шаңғысымен жүргенмен тең. Белсенді демалыс барысында жеке құжаттарды да оңай жоғалтып алуға болады.
Міне, сондықтан шетелге шығудағы сақтандыру - қажеттілік! Оның үстіне мұндай рәсімге немқұрайды қарап жатамыз. Алайда, іс жүзінде сақтандыру - бұл туристің еш машақатсыз бейқам демалуыңыздың кепілі.
Әрқашан есте болуы қажет: сақтандыру құжаттарын шетелге аттанудан бұрын ресімдеу қажет.
Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Туризмде сақтандырудың бірнеше түрлері бар. Мысалы, медициналық сақтандыру, мүліктік және азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және тағы басқалары. Енді әрқайсысын толығырақ қарастырып шығайық.
- Туризмдегі сақтандыруТуристік сақтандыру түрлері
Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:
1. турист пен оның мүлкін сақтандыру;
2. туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;
3. шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;
4. шетелдік туристерді сақтандыру;
5. азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
6. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
7. қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.
Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:
1. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
2. көліктік сапарларды сақтандыру.
Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.
Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т. б. жатады.
Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:
1. коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары) ;
2. фирманың банкрот болуы;
3. кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;
4. форс-мажорлық жағдайлардың болуы;
5. саяси қауіптер және т. б.
Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:
1. кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;
2. туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;
3. тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;
4. ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;
5. дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
6. дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда) ;
7. ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;
8. туристі репатриациялау;
9. шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.
Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.
Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.
Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.
Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.
Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:
1. халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі;
2. қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;
3. ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;
4. қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.
Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:
1. 3 топты мүгедектікте - сақтандыру сомасының 50%;
2. 2 топты мүгедектікте - сақтандыру сомасының 75%;
3. қаза болу - сақтандыру сомасының 100%.
Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:
1. туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;
2. қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;
3. жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;
4. әскери міндетін орындауға шақырылу;
5. кіру визасын ала алмау;
6. келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.
Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.
- Медициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын сақтау мүддесін қорғау түрі болып табылады. Оның мақсаты - сақтандыру жағдайы болған кезде азаматтарға жиналған қор есебінен дәрілік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және аурулардың алдын ала емдеуді қаражаттандыру.
Медициналық сақтандыру жеке сақтандыру түріне жатады. Ол сақтанушының денсаулығына қауіп-қатер төнген жағдайда сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Медициналық сақтандырудың келесі түрлері болады: амбулаторлық ем алу шығындарының, хирургиялық шығындарының, ауруханада болу шығындарын, ауруға диагноз қоб шығындары бойынша сақтандыру.
Медициналық сақтандыру екі түрде - міндетті және ерікті болып жүргізіледі. міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес барлық ел азаматтарына медициналық және емдік көмек алуда тең мүмкіндіктер береді. Ерікті медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасы негізінде іске асырылады. Ол азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы белгіленген қызметтердің үстіне қосымша басқа да медициналық қызметтерді көрсетеді. Ерікті сақтандыру топтық және жеке түрде болуы мүмкін.
Туризм саласында ерікті медициналық сақтандыру келесі тұрғаларға таралады:
- Шетелге баратын азаматтарға;
- Ел территориясына уақытша келген шетелдік азаматтарға.
Екі компанияның медициналық сақтандыру шарттарын қарастырып шығайық.
«НСК» АҚ сақтандыру шарты кездейсоқ ауырып қалу немесе жарақат алу жағдайында қымбат тұратын емдеуді өтейді. Ал бұл ауруханаға жатқызу және көрсетілген медициналық қызметтер мен дәрілер үшін қомақты сомалы есепшоттың келуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сақтандыру шарты шетелде емдеуге шығатын қомақты жоспарланбаған шығындардан сақтайды
Сақтандыру қандай да бір себептермен уақытша шетелге шығатын әрбір адамға қажет:- туристерге;
- шетелге оқуға баратын студенттерге;
- іссапарға және жалдану бойынша жұмысқа шығатын тұлғаларға.
- Кәсіпқой спортшыларға және белсенді демалыстың әуесқойларына.
- Еуроодақ мемлекеттері;
- АҚШ, Канада, Жапония, Австралия;
- Африка, Азия, Латын Америкасы елдері және Еуроодаққа кірмейтін Еуропа континентінің аумағындағы мемлекеттер;
Шетелге шығуларды сақтандыру құны сақтандыру сомасына, сапар мақсатына, бару еліне және шетелде болу уақытына байланысты болады.
ТМД елдеріне бару үшін мұндай сақтандыру шекарадан өту кезінде міндетті емес, бірақ сол елде болу уақытында қажет. Сақтандырусыз Қазақстанның азаматтары жедел жағдайларда медициналық көмек ала алмайды.
Сақтандыру арқылы қорғау қандай жағдайларда қолданылады?Егер шетелде уақытша болатын адам кездейсоқ ауырып қалған, жазатайым жағдайдың нәтижесінде жарақат алған болса.
Сақтандыру жағдайы болып табылады:- сақтандыру аумағында болу уақытында сақтандыру жағдайы басталған кезде жедел медициналық және медициналық-көліктік көмекті алу.
- Сақтандырылушының сапар кезінде қол жүгінің жоғалуы немесе зақымдануы, егер қол жүгінің сақталуы үшін жауапкершілік оны тасымалдау кезінде тасымалдаушының жауапкершілігіне өткен болса.
- Қазақстан Республикасынан тысқары сапарға шығудың мүмкін болмауы салдарынан туындаған шығындар.
- Әлемнің кез келген елінде қорғауды қамтамасыз ету
- Тәулік бойына қызмет көрсету: сақтандырылушыларға 24 сағат, аптасына 7 күн әлемнің кез келген түкпірінде біздің негізгі халықаралық серіктестеріміз "КЛАСС-АССИСТ" және Акдениз Аларм көмек көрсетеді.
- Білікті медициналық көмек көрсету мекемесі
- Медициналық көмек үшін төлем клиенттің қатысуынсыз жүзеге асырылады, сақтандыру жағдайы бойынша шығындарды «НСК» АҚ өз мойнына алады.
- 120 астам туристік компаниялар өз клиенттерін бізге сеніп тапсырады. Жыл сайын шамамен 80 мың туристер «НСК» АҚ шартымен бірге саяхатқа шығады.
Ал енді Номад сақтандыру компаниясының қызметтерін қарастырсақ:
МСТ шарты демалысқа, іссапарға, оқуға немесе спорттық іс-шараларға жиналып жатқан әрбір адам үшін қажетті, себебі бұл тегін медициналық және заңды көмектерді тәулік бойы, әлемнің кез келген бұрышында қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
МСТ шартының болуы - Шенген аймақ, Америка, Жапония, Ұлыбритания сияқты, визаны беру кезінде көптеген елдердің консулдықтарының талабы.
Кеңінен тараған туристік бағыттар үшін, Түркия, Тайланд, Қытай, Египет сияқты, мұндай шарт қатаң түрде міндетті болып табылады және туристің қалауы бойынша жасалады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz