Туристік нарық түсінігі



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
← Туристік нарық түсінігі
← Туристік нарықтың ерекшеліктері
← Туризмдегі нарық құрылымдардың формалары
← Туристік нарықтың құрылымына қандай факторлар әсер етеді?
← Таза монополия ұғымы
← Олигополия түсінігі, монополистік бәсеке
← Қорытынды
← Пайдаланылған әдебиеттер

Нарық – бұл экономикалық категория негізі. Нарық — тауар өндірісі мен
айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар
қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар
сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт
немесе механизм. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы
байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экономикалық
қарым-қатынас. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық
дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен
жеткізушілерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу
бәсекелестігі тән.

Нарықтағы біркелкіліктің жоқтығы оның ғылыми танымдық процесінің
қиындауына алып келеді. Мұндай процестердің бірі туристік болып табылады.
Туристік нарық – бұл туристік қызметті сатушы және сатып алушымен бірге
табыстыратын институт немесе механизм. Туристік нарық кез-келген басқа бір
жай тауар нарығына қарағанда тауар қозғалысын сатушыдан сатып алушыға
болжамайды. Керісінше, сатып алушы кейінге қалдырылған қызметті алу үшін
белгіленген орынға ауысып отырады.

Нарықтың ерекше белгілері бар. Біріншіден, қызмет көрсету мен ақша
ағындарының қолда болуы. Процессте жасалынатын еңбек өнімдері өздерін
қанағаттандыруға тиесілі емес, басқаларға арналады. Осыған орай, олар
адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Өндірілген өнімдер
кеңістікте орын ауыстырады: өндірілген орыннан қолдану орнына ауысады.
Саяхат нарығында туристік өнімдер мен ақшалай құралдардың әрекеттесуі
өндірушілер мен тұтынушылар арасында ерекше қасиетке ие. Бұл ұғым
территориялық коптеген қозғалыссыз туристік рессурстар түрінен шығады.
Пейзаж, климат, емдік орындар, материалдық және рухани мәдениет орындары,
туристік құндылыққа ие орын ауыстыруы мүмкін емес. Олардың орналасқан
жерлері көптеген туристерді тартады және туристік инфрақұрылымды
жақсартуға әсер етеді. Туристік кәсіпорын көрсететін қызмет мобильді
болмайды. Туристік өнімнің жылжымайтындығы сатып алушының жеткізушіге
қажеттілігін туғызады. Туристер өзін қызықтыратын жерге жету үшін коптеген
арақашықтықты бағындыру қажет. Ал, басқа өндірісте тауарлар тұтынушыға
жеткізіледі. Бұдан шығатын қорытынды туризм туристік өнімді өндіруші мен
тұтынушы арасындағы қарым қатынасты және қозғалыс бағытын өзгертеді.

Туристік ағынның екпінді дамуы - бұл біздің заманымыздың белгілерінің
бірі.
• Бұл үрдіс экономикалық және әлеуметтік факторлармен, оның ішінде
халықтың өмір деңгейінің өсуімен,
• бос уақыттың ұлғаюымен, туристік бағаның ырықтандырылуымен және
туристік формальдылықтың ықшамдалуымен
• сонымен қатар қазіргі заманауи адамның психологиясының өзгеруімен,
транспорт және байланыс құрылғыларының техникалық мүмкіндіктерінің
кеңеюімен анықталған.

Туристік қызметтермен сауда жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар.Бұлардың
бастысы туризмдегі өндірушілер мен тұтынушылар ара қатынасының ерекше
бағытынан туындайды (бұл туралы жоғарыда айтылды).Бұл әдіс, экспортты –
импортты операциялар және ішкі сауда жағдайында анықталады. Әдетте
экоспортты операцияларға тауарды сырт елдерге шығару, қызметтер шығару,
бағалы қағаздар,технологиялар жатады. Бірақ халықаралық туризмде
экспортқа, шетел туристерінің елге келуінен келетін шетел валюталарының ел
бюджетіне түсуі айтылады.Импортты операцияларға елге келетін материалдық
және материалдық емес құндылықтар жатады. Ал халықаралық туризмде импорт
түсінігіне елден азаматтардың туристік мақсатта шығуы және олардың өзге
елде тұрақты тұруға кететін қаражаты жатады.

Нарық дегеніміз – стихиялы немесе ретсіз орналасқан жүйе. Бір қарағанда
адамдардың шаруашылық іс-әрекеті Бруновтық қозғалысқа жақын көрінеді.
Бірақ шын мәнісінде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы материалдық
және материалдық емес, соның ішінде туристік байланыстар, ерекше түрде
реттелген.

• Нарықта нені?
• Қалай?
• Кім үшін өндіреміз?
• деген ақпараттар, бұйрықтар және тапсырмалар немесе орталықтан
төменге берілмейді, олар бағалық сигналдар арқылы келеді. Бағалардың
тербеліс координациясы механизмі адамдарға экономикалық таңдау
жасауға мүмкіндік береді.

Туристік нарық айқын көрінетін құрылым кеңістігін алады. Оның негізінде
туристік сұраныс туатын орын мен территориялық аумақтық арасы, және ол
үйлесетін орын жатыр, бір мезгілде оларды 10 мың км-дей бөліп жатыр, олар
әр түрлі континенттерде және экономиканың әр түрлі модельдері бар елдерде
болуы мүмкін. Өз кезегінде туризм басты шарт, яғни жағдай негізінде
адамдардың кеңістікте орын ауыстыруын болжайды, ерекше, бүкіл жер шарын
қамтитын көші-қон (миграциялық) ағымдарын қалыптастырады. Туризмнің дамуы
көлік жүйесіндегі үдемелі өзгерістермен тығыз байланыстылығы кездейсоқ
емес. Жүктер мен адамдарды тасымалдау үшін, тасымалдау тарифінің үздіксіз
төмендеуінде жоғары жылжу жылдамдығын қамтамасыз ететін техника мен
технологияның жаңа түрлерінің жасалуы, жаңа көлік жолдарының жасалуы,
байланыс жүйелерін жетілдіру, сонымен қатар геосаяси жағдайдың өзгерісі
мен тосқауылды шекара қызметтерінің әлсіреуі – осының барлығы туристік
айырбастың жандануына жағдай жасайды.

 Туристік нарықтың зерттеу мақсаттары:
• нарықтағы тенденциялық өзгерісті айқындау және жалпы мінездеме беру;
• сыртқы ортаның даму тенденциясының туристік ұйым  жұмысына әсер
ететінін айқындау және тағы басқа;
• нарықтағы бәсекелестік  жағдайын бағалау;
• осы нарықтағы қызметті және өнімнің алға басу системасын анықтау;
• негізгі қолданушыларға мінездеме беру

Туристік мекемелер әсер ететін нарық құрылымы ,елдерге және секторларға
бөлінеді. Тәжірибелік жетілген бәсекелестіктен таза монополияға дейін
жетілген бәсекелестік. Бұл нарық ұйымының формасы көптеген сатып
алушылардың және сатушылардың біркелкі өнімдерді бейнеледі. Жеткізуші
фирмалар саны көп ,бірақ әрқайсысының нарықта алатын орны өте аз,себебі
ешқайсысы бағаға әсер ете алмайды, бағаны нарық белгілейді,ал сатушы осы
бағамен қанша тауар сататынын шешеді. Егер фирма өнім бағасын өсірсе,
сатып алушылар өнімді ескі бағамен басқа фирмадан алады ,сондай-ақ фирма
бәсекелес фирмалардан арзанырақ сатуы екіталай.Бұл фирма үшін шығын
болады.Өнімге бәсекелес фирманың айнымалы сұраныс икемді болып табылады.

Жетілген бәсекелестіктің моделі шын мәнінде өте сирек
кездеседі.Бәсекелестік іс жүзінде аз дәрежеде кездесетін нарық
сипаттамасына қарағанда, белгілі бір абстракция ретінде көрінеді. Осылай,
жүріп жатқан бәсекелестік нарықта барлық қатысып отырған азаматтардың
шаруашылық мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алуына жағдай жасайды.
Алайда басым көпшілік жағдайда қатысушы азаматтар шектеулі ақпараттарды
алып қана әрекет етуге мәжбүр.
Басқаларға қарағанда жетілген бәсекелестіктің шарттары мен талаптарына
ауылшаруашылық өнімдері сәйкес келеді.Осыған қатысты көптеген ұсақ
өндірушілер баға алушылар және өзінің сатылым мөлшерін реттеушілер
болып табылады.Туризмде бұл айтылған модельдер құрылымы нарықта үлкен
қалалардағы таксистер,туристік орталықтағы мотельдер мен кіші отельдерде
кездеседі.
Бұл нарықты абсолюттік бәсекелестер деп санауға болмайды.Мысалы
мотельдер бағасын орналасу орнына, қызмет көрсету сапасына және
интерьеріне қарай орнатады.Осылайша олар тауардың дифференциялануына
жүгінеді және салыстырмалы артықшылықты қолданады. Ал бұл жетілген
бәсекелестіктің заңдарына қарсы келеді. Сондай–ақ, олар нарықта билік
жүргізе алмайды және бағаларды анықтап қоятындай артықшылықтары жоқ

Нарық эффективті жұмыс істейді, егер 3 негізгі шарты орындалса:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Тауар нарығы: құрылымы, негізгі сипаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
Туристік саладағы инновациялар
Туризм пәнінің мақсаты мен міндеті
Қонақ үй қызметінің түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
Мода және тауар болашағы факторлары
Қонақжайлылық индустриясының тарихи аспектілері
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
Пәндер