Қозғыш ұлпалардың қасиеттері


СӨЖ № 1
Қозғыш ұлпалардың физиологиясы
Синапстың физиологиялық қасиеттері
Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозу- Ұлпаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы және бейарнамалы реакциямен жауап беретін физиологиялық процесс. Қозғыш ұлпа дегеніміз қозуға қабілетті ұлпаларды атайды. Қозғыш ұлпалардың 3 түрі бар: 1. Жүйкелік - жүйкелік серпіністерді тасымалдау қызметін атқарады. 2. Бұлшықеттік - тітіркендіргіш ұлпаның жиырылуы мен босаңсуы. 3. Бездік - сөл бөлу қызмет атқарады.
Қозғыш ұлпалардың қасиеттері: Қозғыштық - осы үш ұлпаның қозуға қабілеті. Өткізгіштік - ұлпаның серпіністерді тасымалдауы. Мысалы: Жүйке. Жиырылғыштық - ұлпаның тітіркендіргіш әсерінен жиырылуы және босаңсуы. Тітіркендіргіштік - тітіркендіргіш әсеріне ұлпаның жауап беру қасиеті. Лабильділік немесе қызметтік қимыл - ұлпаның қызметтік тұрақсыздығы.
Мембраналық және әрекет потенциалы. Мембраналық немесе тыныштық потенциалы - тыныштықтағы жасуша мембранасының ішкі және сыртқы потенциалдар айырмасы. Натрий-калий насосына байланысты.
Әрекет потенциалы (ӘП) - ұлпа қозған кездегі жасуша мембранасының ішкі және сыртқы потенциалдар айырмасының уақытша өзгеруі. ӘП 5 кезеңі бар: жергілікті жауап, деполяризация, реполяризация, іздік деполяризация, іздік гиперполяризация.
Ұлпа қозғыштығының 4 кезеңі бар: абсолюттік рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік, субнормальді, супернормальды кезең.
Тітіркендіргіштердің жіктелуі. Тітіркендіргіштер - ұлпа немесе мүшеге жасалынатын арнайы әсер.
Табиғаты бойынша тітіркендіргіштер 4 топқа бөлінеді: 1. Физикалық - механикалық, электрлік, жарықтық, дыбыстық. Химиялық - азық, химиялық препараттар. Физико-химиялық - коллоидты ортаның, осмостық қысымның, электролиттік құрам, температураның өзгерісі. Биологиялық - жәндіктерді шағуы.
Физиологиялық тұрғыдан тітіркендіргіштер екі топқа бөлінеді:
1. Адекватты - ағзаның эволюция барысында тітіркендіргіш әсеріне бейімделген немесе дағдыланған тітіркендіргіштер. Мысалы: көзге келіп түскен жарық, құлаққа берілетін дыбыс. 2. Адекватсыз - ағзаның эволюция барысында тітіркендіргіш әсеріне бейімделмеген немесе дағдыланбаған тітіркендіргіштер. Мысалы: кенеттен көзге келіп түскен соққы немесе құлаққа берілетін қатты шу.
Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылыстар. Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылысын 18 ғ. соңында Гальвани дәлелдеген. Осы уақытқа дейін Гальванидің 2 тәжірибесі: металды және металсыз тәжірибелері белгілі болды.
Гальванидің шәкірті Маттеучи көлбақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-бұлшықеттік препарат жасайды. Екінші препараттың жүйкесін 1-ші препараттағы бұлшықетке салады да, электр тогымен тітіркендіреді. Осы кезде екі препараттың бұлшықеттері жиырылғандығын анықтайды.
Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстың бар екендігін кейіннен дәлелдеген Келликер болды. Ол бір бақаның жүрегін оқшаулап алса, екінші бақаның артқы аяқтарынан жүйке-бұлшықеттік препарат жасайды. Жүрекке тікелей жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін салғанда, бұлшықеттің жиырылғандығын байқайды. Бұлшықеттің жиырылу себебі, жүректің автоматия қасиетімен байланысты.
Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары. Табалдырық - қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші. Егер тітіркендіргіш күші қозу табалдырығынан төмен болса, табалдырықасты деп, ал табалдырықтан асса ол табалдырықтан жоғары күш деп атайды.
Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін:
1. Жеткілікті түрде күшті (күшке байланысты заң) .
2. Жеткілікті түрде ұзақ (уақытқа байланысты заң) .
3. Жеткілікті түрде жылдам (айырмашылыққа байланысты заң) болуы тиіс.
Бұл қозғыш ұлпаның үш тітіркендіру заңы болып табылады.
Күшке байланысты заң. Тітіркендіргіштің күшінің қозу табалдырығына тәуелділігі. “Түгелдей немесе түк емес” Боудич заңымен айқындалады.
Осы заңға сәйкес, табалдырық асты күштер ұлпада қозуды тудырмайды, ал табалдырықты немесе табалдырықтан жоғарғы күштер ұлпада қозудың тууын жылдамдатады.
Сонымен, тітіркендіргіш белгілі бір шамаға дейін қаншалықты күшті болса, соншалықты ұлпа, жасуша, ағзаның жауапты реакциясы жоғары болады.
Уақытқа байланысты заң. Уақытқа немесе тітіркендіргіштің табалдырық күшінің уақыт әсеріне байланыстылығы. Қозуды тудыратын тітіркендіргіш, ұлпада қозуды тудыру үшін, ұлпаға берер уақыт, яғни жеткілікті түрде ұзақ әсер етуі қажет. Мұны Гоорвег-Вейс - Лапик зерттеген.
Реобаза - қозуды тудыратын ток немесе кернеуліктің ең төменгі күші. Пайдалы уақыт - қозуды тудыру үшін тітіркендіргіш ұлпаға берілген күшпен әсер еткенде кететін уақыт. Хронаксия - екі реобазаға тең тітіркендіргіштің пайдалы уақыты.
Айырмашылық заңы. Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін, жеткілікті түрде жылдам әсер етуі қажет. Егер де ұлпада тітіркендіргіштің әсер ету күшін бірден өсірсек, онда оған кететін уақыт аз, ал біртіндеп өсірсек, онда бұл әсер ету күшке ұлпа бейімделеді де, бұл аккомадация деп аталады. Аккомадация - тітіркендіргіш күшінің біртіндеп өсуіне қозғыш ұлпалардың бейімделуі. Егер де тітіркендіргіш күшін бірден өсірсек, оған кететін уақыт аз болады да, ұлпаның жауапты реакциясы жылдам туады. Ал жүйкені жай ғана қолмен басса, жауапты реакция болмайды.
Сонымен, тітіркендіргіш қаншалықты ұзақ әсер етсе, соншалықты жауапты реакция күшті болады.
Эволюциялық даму барысында организм ұлпалары терең жіктеліп, жеке мүшелер белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осының нәтижесінде биологияның негізгі талабының бірі - организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын сақтау заңдылығы қамтамасыз етіледі. Сыртқы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп отыратындықтан бұл заңдылықты сақтау үшін организм қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр болады. Мұндай бейімделу үрдістері тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады. Ал, аталған өзгерістер негізінде қозу мен тежелу үрдістерінің ара қатынасы жатады. Осыдан филогенездік даму барысында тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар - нерв, ет және без ұлпалары пайда болған.
Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде - физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді,
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т. с. с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық реакция.
Тежелу - тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабилъділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Кез келген тірі құрылымға тітіркенгіштік, қозғыштық, функционалды жылжымалық (лабильділік) қасиеттері тән.
Тітіркенгіштік деп тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен - зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен - беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар тірі құрылымның белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскелеріне таралмайды. Тітіркенгіштік: - жануарлар жасушаларына да, өсімдіктер жасушаларына да ортақ қасиет. Оның әсерімен жасушалары мен ұлпалардың өсу және көбею үрдістері атқарылады, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына баяу морфологиялық бейімделуі жүреді.
Қозғыштык, деп тірі құрылымдардың - ет және нерв ұлпаларының тітіркендіруге таралатын әрекет потенциалымен - тітіркеніспен (импульспен), арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше белсенді күй - қозу үрдісінің туындауына себепші болады.
Қозу үрдісі шектеулі немесе таралмайтын және таралатын бо-лып бөлінеді. Шектелген қозу түрін Н. Е. Введенский ашқан. Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда туындайды. Мүндай кезде ұлпаның қозған учаскесінде әлсіз теріс электр заряды пайда болады да, ол жан-жағына декрементті түрде (өше) жайылады. Сондықтан, бұл потенциал ұлпа бойымен таралмай, бірнеше милиметрден соң өшіп қалады. Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болған жағдайда әрекет тогы пайда болып, қозу толқыны декрементсіз (өшпей) ұлпа бойымен жеке тітіркеніс түрінде таралады.
Функционалды жылжымалық, немесе лабильділік, деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің пайда болып және басылып (аяқталып) үлгеру шапшандығын айтады. Қозу толқынының ұзақтығы толық (абсолютгі) рефрактерліктің созылу мерзіміне тәуелді болады жөне ол ұлпадағы физиологиялық және биохимиялық үрдістердің шапшандығын, қарқындылығын бейнелейді. Сондықтан, жеке қозу толқынын тудыратын үрдістер неғүрлым шапшаң жүрсе, соғүрлым лабильділік жо ғары болады, демек ұлпада белгілі мерзім ішінде туындап және өшіп үлгеретін қозу толқынының саны көп болады. Лабильділік 1 с ішінде тітіркендіруге жауап ретіне пайда болып үлгеретін қозу толқынының санымен өлшенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz