Аң шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Аң шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы
Ежелгі адамдар қауымына ағашқы адамдар тобыры бастау болды. Ежелгі адамдар (архантроптар) тік жүретін болған, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жүргізген. Архантроптардың еңбекке қабілеттілігі олардың тілінің дамуына, сөйлеу, ойлау, сезінудің дамуына бастау болды. Адамның палеопсихологиясы алғашқы адамдардың сана-сезімінің үш саласын анықтайды: 1) эмпирикалық қабілет; 2) эмпирикалық қабілеттің ара- қатынасының нәтижесі; 3) абстракты ақыл-ес. Бірінші және екінші сала хронологиялық бөлінбеген және ол архантроптарда алғашқы ойлау, сөйлеу қабілеті және тідің дамуымен қатар жүрді. Естің үшінші саласы- абстрактты ойлану- архантроптарда әлі толық дамымаған, сондықтан да, оларда өлікті жерлеу, нанымдық сенімдер, салт-дәстүрлік, сиқырлы әрекеттер, ағашқы өнерге тән тасқа сурет салу сияқты әрекеттер болған жоқ.
Ежелгі адамдар (палеонтроптар) - қазіргі заманғы адамның ата- тегі - тас индустриясын ойлап тапты, балықшылықпен, құрылыспен, аңшылықпен айналысты және от тұтатты, жануарлардың терісін киім ретінде, баспаналарын жылыту үшін пайдаланды. Палеонтроптардың сөйлеу қабілеті қазіргі заманғы адамдарға ұқсай бастады. Ең бірінші өлгендерді жереуді неандертальдықтар бастады Франция шекарасындағы Ла Ферраси, Ле Мустье үңгірі; Қырымдағы Киік - Қобада және т.б., бұл олардың абстракты ойлауының пайда бола бастағанын көрсетеді.
Ежелгі адамдар пайдалыны пайдасыздан, емдік өсімдікті улыдан ажырата отырып, эмпирикалық жолмен өсімдіктер арасынан қайсысы қоректік, улы, емдік екенін ажырата білуге мүмкіндік ады. Олар мыналар: пасленді (дурман, белладонна, скополия), наркотикалық (қалампыр, темекі, үнділік конопля), асқорыту жүйесіне тітіркендіргіш әсер беретін өсімдіктер (жусан), сондай-ақ, салқындатқыш әсер беретін өсімдіктер (женьшень, лимон).
Алғашқы қоғамның гүлдену кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы
шамамен 40 мың жыл бұрын- б.э.д. Х- У мың жылдық
Жоғарғы палеолиттің басталуына қарай антропогенез бен қазіргі түрдегі адамдардың - Homo sapiens даму процесі аяқтала бастады. Осыдан нақты гоминидті үштік қалыптасты. Ойкумен әжептеуір кеңейді. Қоршаған ортаның шарттарына бейімделумен қатарлас қазіргі заманғы нәсілдердің (негроидты, европеоидты, моңғолоидты, австралоидты) құрылуы жүрді.
Қауымның, қару - жарақтың, садақ пен жебенің дамуы өндіргіш күштердің өркендеуіне әкелді, аңшылардың туыстық қоғамдары, құрылысшылардың, балықшылардың жиыны пайда болды.Кейін жер өңдеушілер мен мал бағушылардың тобы құрылды.
Аңшылық шаруашылыққа өту кезеңінде адамдардың көзқарастары да өзгере бастады. Алғашқы аңшы жануарларды тіршілік көзі ретінде ұға бастады. Көптеген тобырлар қандай да бір жануарды өздерінің топ басшсыы ретінде қабылдады, олар өздерінің топтарының белгілі бір жануар түрімен туыстық қатынасы бар екендігіне сенді. Осыдан барып олар жануарларға сыйынуды бастаған. Солтүстік Африкада сыйынатын жануар буйвол болса, Сібірде- аюға, Үндістанда - сиырға, Грецияда - ешкіге сыйынған. Кейбір топтардың аңшылары тастан, сүйектен және ағаштан өздерінің сыйынатын жануарларының бейнесі тәрізді тұмарлар жасап алып, оларды қатерден қорғап, денсаулықтарын сақтау үшін өздерімен бірге алып жүрген.
Алғашқы аңшылар мен балық аулаушылар ұжымынан - адамзат қоғамы қалыптасты. Алғашқы ұжымдастыру кезінде - әйелдер қоғамның тұрақты бөлігі болды. Олар балаларға қарап, шаруашылықты жүргізді. Осыдан аналар шаңырақтың шырағын жағып, қорғайтын жан деп саналды. Бірақ рулық қауымда төменгі кәсіби еңбекте әйелдер мен ерлердің атқаратын қызметі бірдей болды, ал рудың көсемі сол руда дүниеге келген қыз немесе ұл бала болды.
Ертедегі тайпалардың жандүниелік мәдениеті рационалды және иррационалды ұсыныстардан қалыптасты. Рационалды дүние танудың нәтижесі - білім мен дәрігерлік емдеуді қабылдау болып табылды. Австралияның аборигендері тас дәуірінде өмір сүрген. Олар асқазан ауруларын емдеп, қан кетуді -күлмен, өрмекші өрнегімен тоқтатып, ал тері ауруларын зәрмен жуып, топырақ басқан; сынықтарға шиналар қойып; өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық заттардан дәрілік заттарды жасап, қолдана білген.
Сүндетке отырғызу мен кесар тілігін жасауды білген. Бірінші хирургиялық құралдар ретінде тас пен сүйіктен жасалған пышақтар мен балық қабыршағымен тікенектерін қолданған.
Ал Америкалық аборигендер эмпириялық жолмен жансыздандыру мақсатында есірткі заттарды қолданған. Кактустың шырындары мен тұнбалары бірнеше күнге дейін жансыздандыру заттары сияқты әсер еткен.
Алғашқы адамдардың құрылыстық өмірінің күрделенуі олардың санасын дамытты: санады үйрене бастады, діни сенімдері күрделене түсті. Ауруды - ауырып өлген ата-бабаларының аруағы сау адамдарға келіп енеді де, ауру пайда болады деп түсіндірді. Сондықтан емшілердің бірінші мақсаты- науқастың денесіне енген аруақты шығару болды. Науқастың денесінен аруақты қуудан басқа бас қаңқасына трепанация операциясын да жасаған. Бірінші трепанация жасаған адамның бас қаңқасы біздің планетамызда Латын Америкасының Куско (Перу) қаласында 1865 жылы табылды. Алғашқы адамның трепанация жасалған бас қаңқасының сараптамасы трепанацияның сәтті өткендігін көрсетеді, оны бас сүйегіндегі біріккен қаңқалары куәландырды.
Қарағанды облысы Қарабие ауылында еуропейдке жататын ер адамның бас сүйегі табылған (б.э.д. V-ІV ғ.). Бас сүйекке бір-біріне жақын өте өткір қашаумен ойып тескен бес ойық бар.
Қазіргі нейрохирургтерді таң қалдырған VІ ғасырда трепанация жасалған түрік жауынгерінің бас сүйегі. Бас сүйек Оңтүстік Қазақстан облысында табылды. Мамандардың болжамы бойынша жауынгер осыдан кейін бірнеше жыл өмір сүрген.
Алғашқы қоғам адамдары - бас сүйегі тесігінен ауру шығады деп сенген. ХІХ ғ. ортасына дейін Тынық мұхитының Увей аралында аурулардың алдын алу мақсатында нәрестелердің бас сүйегіне жүз пайыз трепанация жасалған.
Осылардың ішінде бұрынғы адамдар пайдаланған тәсілдер қазір де қолданылады: эфедра емдік өсімдік ретінде Қытайда 5 мың жыл бұрын пайдаланылған. Хин ағашының емдік қасиетін инктер ашқан. Көктемгі тау гүлімен қызылша мен ентікпені емдеген. Арнайы білімдер де қалыптаса бастады, кейін олар халық медицинасында қолданыла бастады. Лалагүлдің, оймақшөп жапырақтарының әлсіреткіш әсері; сүлік, оңқалар, минералды сулар біздің ата - бабаларымыздың халық медицинасынан қалған емдері. Фармакопеяға енген көптеген дәрі-дәрмектер мен емдік заттар осы халық медицинасының жемісі.
Адамзаттың дамыған қауымдық қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық дамуы жеке меншік пен алғашқы қауымдық құрлыстың туындауына әкелді.

Алғашқы қоғамның ыдырауы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы
(б.э.д.Х-Ү мың жылдық)
Алғашқы қоғамның ыдырауы екі түрде жүрді: патриархатты кейіннен матриархатты. Олар қатарласа дамыды.
Патриархат кең таралды. Мұнда басты рольді ер адамдар алды.
Матриархат - қауымдық қатарда сирек таралған, басты экономикалық рольді - әйел адамдар басқарған. Біздің планетамызда ежелгі матриархат саясатымен өмір сүретін тайпалар бар (ирокездер, минангкабау және т.б.).
Алғашқы қоғамның ыдырауы экономикасы жақсы аудандарда б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта аяқталды. (Месопотамия, Египет, Инда бассейні). Қолайсыз аудандарда, Австралия, Африка елдерінде қазірге дейін жалғасып келеді.
Бұл кезеңнің маңызды жаңалығы б.э.д. ІҮ ғасырда иероглификалық жазуларды ойлап шығарулары: бірінші египеттіктер, кейіннен - қытайлықтар.
Емдеу барысында дағдылар дамып, дәрілік заттарды дайындау шеңбері кеңейіп, темірлерден медициналық құралдар жасалып, аяқ-қолға ампутациялар жасала бастады.
Тайпалық ұжымдардың күшеюі діни түсініктердің дамуына септігін тигізді- кейіннен кәсіби діни қызметкерлер пайда болды. Олардың негізгі айналысатын кәсібі - емдеу сабағы еді. Қазіргі уақытқа дейін кейбір Азия, Африка елдерінде халық емшілері - тәуіптер сақталған. Тәуіптер - бұлар жоғары кәсіби деңгейде дайындалған адамдар. Болашақ тәуіпті ерлік пен шыдамдылыққа тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Африкада тәуіптердің шәкірттеріне арнайы жертөледе есінен танғанша түтінмен дем алдырған, одан кейін көптеген тістегіш құмырсқалармен сынаған. Ал Үндістанда шәкірттеріне бала кезінен дәрі жасауды, қолдануды және дұғалауды үйреткен. Алғашқы қоғамда тәуіптер әр түрлі ауруларға қандай дәріні қанша мөлшерде, қандай уақытта, қалай дайындап беретінін жақсы білген. Кейбіреулері емдеу үшін сиқырлы әсері бар тұмарларды қолданған. Сарымсақтан жасалған бойтұмарларды скарлатина және күл ауруы сияқты дерттерге қолданған. Сонымен алғашқы қоғамның құрылуы мен дамуы - барлық кезеңдегі алғашқы адамдардың қызметтерінің нәтижесі. Емдеу және дәрілік заттарды қолдану ертеден басталатын қоғамның эволюциясымен бірге өрбіп дамыды.
Халықтың көпжылдық тәжірибелері алғашқы қоғам адамдарына табиғаттың емдік заттарын қалай жинауды, дайындауды және қолдануды үйретті. Бұл халық медицинасының негізін қалады.
Дүниежүзілік тарихи процесстердің кезеңдері сияқты алғашқы қоғамның соңы жаңа құлдық қоғамның басталуымен шектеседі. Бірақ алғашқы қоғамның құрылымының қалдықтарының ыдырауы осы күнге дейін жалғасуда.
Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Мұнда басқа елдерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың құл иеленушілік құрылысқа алмасуы ерте жүрді. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда Ніл, Тигр, Ефрат, Инд, Ганг өзендерінің өңірлерінде пайда болды. Құлиеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік етті.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, Махабхарата, Рамаяна (Үндістан) этикалық шығармалары, Хамурапи патшаның Заңдары (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды.
Ұрпақтан ұрпаққа білімдерін ауызша түрде тарату арқылы эмпирикалық медицина дами түсті. Бүл білімдер жөнінде ешқандай жазбалар қалмады, тек папирустарда ғана жекелеген ауру түрлерін емдеу әдістері мен емдік дәрілерінің жазбалары сақталып қалған. Діни ұғымдардың пайда болуы мен дамуының нәтижесінде ауруды тәңірдің берген жазасы деп қабылдады. Бақсылық және шіркеулік медицина дамыды. Бақсылар білімді адамдар болған, олар жазудың пайда болуынан бастап халық медицинасының әдістерін жаза бастаған.
Ежелгі Шығыстағы құлиеленуші қоғамда жіктеу ерекшелігі орын алды: дәрігер құлды сәтсіз емдеген жағдайда шығынын басқа құлмен өтеген, құлиеленушіні сәтсіз емдеген жағдайда емдеушінің саусақтарын кейде тіпті қолын шапқан.
Храмдарда емдеу ісін үйретуге арналған медициналық мектептер ашылған, сондай-ақ медициналық білімдер отбасында да берілген.
Кейін медицинамен айналысу жеке кәсіпке айналған, кәсіпқой-дәрігерлер пайда болған. Дәрігердің қызметі орындауға міндетті болған қатаң ережелермен реттеліп отырған. Ауру түрлері және оларды емдеуге арналған дәрілерді дайындау әдістері жазылған медициналық әдебиеттер пайда бола бастады.
Адамзат тарихының дамуына антикалық әлем елдері - Ежелгі Греция (Эллада) мен Ежелгі Рим үлкен әсерін тигізді.
Антикалық Грецияның гүлдену шағы, ежелгі грек өнерінің, ғылымның және мәдениетінің өрлеуі б.э.д. V ғасырды болды. Бұл өрлеуге ел ішіндегі күрестер мен өткір әлеуметтік қайшылықтар басты себеп болды. Алғашқы қоғамдық құрылыстан таптық құлиеленушілік құрылымына ауысу кезеңінде Греция терең терең әлеуметтік төңкерісті басынан өткерді. Елдің өрлеуіне, гректердің парсы басқыншыларына қарсы бостандық пен тәуелсіздік үшін күресінде жеңіске жетуі де өз әсерін тигізді.
Ежелгі Грецияда медицина дамуы, ортақ философия деген ұғымғы біріккен басқа да ғылымдармен тығыз байланысты болды. Ежелгі грек философиясына аппаттық диалектика тән болатын.
Ежелгі Грецияның философиялық ағымдары- материализм мен идеализм- өткір таптық күрестің айнасы.
Демокриттің материалистік жолы мен Платонның идеалистік жолының күресі, өркендеуші құлиеленушілік демократияның реакционды жерлік құлиеленуші аристократтарымен күресі болды.
Ежелгі Грецияның ойшылдары жаратылыс зерттеушілер болумен қатар, дәрігерлер де болған, дәрі дайындаумен айналысқан. Солардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370 ж. шамасы). Ол әлемнің негізінде құдай емес, ұсақ бөлшектерден (атомдардан) тұратын материя тұр,- деп оқытқан. Олар үздіксіз қозғалыста болады. Табиғаттағы алуан түрлі құбылыстарды Демокрит атомдардың түрлі қосылыстарымен түсіндірген. Табиғат біртұтас, әрі үздіксіз қозғалыста тұрады. Атомистік материализм құдайлардың әлем тағдыры мен жекелеген адамдардың тағдырына араласуына қарсылық білдірді.
Табиғатты үздіксіз қозғалыста болатын зат ретінде қабылдау көзқарасы грек философиясының ерекшелігі. Гераклит: Бәрі ағады, бәрі өзгереді, қозғалыссыз ештеңе жоқ, ғаламның бәрі қозғалыс ағымымен қапталған,- деп жазған.
Демокрит медицина мен фармацияға да көңіл бөлген. Ол қабыну, құтырма, тамыр соғуы, ем дәм туралы жазған. Демокриттің медицинадағы материалистік ұстанымы оның :
Адамдар өз қолдарындағы мүмкіндіктерін білмей, дұға оқу арқылы денсаулықты құдайдан сұрайды. Сабырсыздықпен өз денсаулықтарына қарсылық көрсетіп, өз нәпсісінің арқасында өз денсаулығының сатқыны атанады,- деген сөздерінде анықталған.
Демокриттің ісін жалғастырушы Эпикур ғаламның шексіздігі мен материяның үздіксіздігін негізге алған.
Эпикурдың ілімі Геродотқа хат, Зат табиғаты туралы, Тита Лкуреция Кара поэмасында мазмұндалған.
Классикалық уақыт аралығындағы Грек медицинасы философиядағы екі: материалистік және идеалистік бағыттарды айқындады.
Материалистік даму Родосс (Родос аралы, Кіші Азия), Кирен (Солтүстік Африка), Кротон (Кротон қаласы, Оңтүстік Италия), Книд (Книд қаласы, Кіші Азия), Косс (Косс аралды. Кіші Азия) мектептерінде байқалған. Ежелгі Грециядағы бұл мектептерге Пифагор мен Платонның идеалистік мектептері қарсылық танытты.
Олар әлемдегі барлық қозғалыстарға мистикалық сандар (Пифагор) мен мәңгілік идеялар (Платон) әсер етеді деп түсіндірген.
Ежелгі Греция медицинасы діннің әсерін, Ежелгі Шығыс елдерінің медицинасына қарағанда, азырақ сезінді. Грек құдайларынан адамдардың жақсы да, жаман да қылықтарын табуға болатын. Емдеуді шіркеулерде, асклепейондар деп аталған арнайы орындарда жүргізген. Ақсүйектерге арналған, дәл осылай аталған, бақсы емес кәсіби дәрігерлердің емханалары мен мектептері болған, ұсақ ятрейлер- дәрігерлердің үйдегі жеке емханасы да болған.
Асклепейон сөзі Асклепийдің есімімен байланысты. Асклепий (латынша Эскулап)- солтүстік Грецияда тұрған дәрігер. Оны құдай деп санаған және грек және әлем әдебиетіне емдеу ісінің құдайы- сауықтырушы Аполлонның баласы деген есіммен енгізілген.
Ежелгі Грецияның көптеген дәрігерлері оның ұрпағы болып саналған. Медицинаның жекелеген салаларының қолдаушылары: Гигиея (осыдан гигиена термині пайда болған) және Панакея (дәрілік терапия)- оның қыздары болып есептелген.
Көне заман өнерінде Асклепий қолында жылан оратылған таяғы бар бейнеде көрсетілген. Гигиея- туник киген, жылан ұстап, алқа таққан ару кейпінде көрсетілген. Кейіннен жылан бейнесі медицинаның символына айналды. Бұл белгінің мағынасы дәрігер де жылан сияқты данышпан болуы керек дегенді білдіреді.
Ежелгі Грециядағы саны 300-ден астам болған асклепейондардағы емдеу ісі көбінесе сенімге негізделген. Асклепейонның үш құрамдас бөлігінің бірі саналатын абатонда аурулар қасиетті түнді өткізген.
Шіркеулік медицинаның негізін түстерді жору құраған. Бақсылар көрген түстері туралы сұрап барып, уқалау, гимнастика, сумен емдеу, аластау сияқты емді бастаған:
Демек, шіркеулердегі бақсы - емшілер қарапайым, көбінесе физикалық әдістермен емдеген. Бірақ, сол емді жасау салт-дәстүрі өте көрнекті, әрі жұмбақты болып көрінген және ол шіркеулік психотерапияның негізін салған.
Емдеу ақысы айтарлықтай жоғары болған: ақшалай сыйақы, дененің немесе оның емделген бөліктерінің мәрмәрдан, күмістен немесе алтыннан жасалған бейнесі.
Алдыңғы қатарлы философиялық ілімдер - буырқанған материализм мен қарапайым диалектиканың әсерінен грек медицинасы мен фармациясы қалыптасты.
Ежелгі Греция дәрігерлері ауруды, өз ағымында белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
Экософия немесе терең экология ұғымы
Денсаулық саласын талдау
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Қазақстан Республикасында бүгінгі күннің жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Биология кешенді ғылым ретінде
Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Араб халифатының мәдениет пен ғылымның гүлдену кезең
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру
Пәндер