Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы


Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы
Б. э. д. ІІ мың жылдың аяғында ІІ мың жылдың басында Вавилон мемлекеті құрыла бастады. Кейінірек б. э. д. І мың жылдықта солтүстік - шығыс бөлігінде Месопотамия мен Ассирия құрылды. Осы мемлекеттерінің ішінде шаруашылықтың және мәдениеттің сонымен қатар медицинаның дамуы жағынан Вавилон басты орында болды. Вавилон патшалығы ерте вавилондық кезеңде Хаммурапи патшалығы уақытында өркендеу иелігіне жеткен (б. э. д. 1792-1750ж) . Ол 42 жыл билік жүргізіп аса ұлы мемлекет құрды. Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін Вавилонға бірінші рет шапқыншылық жасалған. Б. э. д. 668-626ж
Ашшурбанипал кезінде өркендеу иелігіне жеткен Ассирия Вавилонның көршісі болған және оның кезінде қазіргі уақытқа дейінгі сақталған сазды тақташаларға жазылған бірнеше мыңдаған клинопистік жазулары бар Ниневия қаласында патшалық кітапхана салынған. Тақташалардағы жазулар «Егер адам ауырса» деген сөздерден басталады, содан кейін аурудың белгілері және дәрігерлерге арналған дәрілердің дайындалуы туралы мәліметтер жазылған. Тақшадағы жазулар «Ол жазылып кетеді» деген сөзбен аяқталады.
Медицинада екі бағыт болды: асуту ( дәрігер-лердің мәдениеті) және ашипуту (дұға оқу мәде-ниеті) екі салтта сақталып б. э. д. І мың жылдық-тың ІІ жартысында қосылған және ол ашипутуға жақынырақ болған.
Сырқаттылық туралы түсінік үш негізгі категорияға бөлінген:
1. Жоғарғы сенім себептері: «құдайдың қолы, » «Ламаштудың құшағы» (Ламашта атты кемпір түнде қалада жүріп балаларға қалтырауды таратады деген ұғым болған) .
2. Жалпы қабылданған дәстүрлерді, заңдарды, моральдік және басқада салттарды бұзғаны үшін ызалану.
3. Өмір салты мен табиғаттың жаратылуымен байланысты шынайы себептер (дұрыс тамақтанбау, ластанған өзенде шомылу) .
Асу дәрігерлері - аурудың дамуын жиі шынайы себептермен байланыстырған. Асу болжамдары «Ол жазылады, » «Оны емдеу керек» деген өзімшілдік ойларымен аяқталады. Асу дәрігерлігі - эмпирика дәрігерінің тәжірибелік қабілетіне негізделген. Оның емдеу мақсаты шынайы болған. Мысалы: «қалтырауды тоқтату, » «ісіктерді кетіру, » «ауруды қайтару, » және т. б.
Ашипу дәрілерінің басты мақсаты дұға оқу болған. Ашипу аурудың түрін және себебін анықтап, ем жүргізерге дейін болжамын айтқан. Ашипу көбіне «ол қайтыс болады, » «Ол жазылмайды» деген қолайсыз болжамдар жасаған. Сирек «ол өмір сү-реді, » «ауруынан жазылады» деген жақсы болжамдармен аяқталған. Егер болжамы тұрақсыз болса ашипу ем жүргізбейтін болған. Олар адам денесінің құрылысы туралы білгенше, өлген адамдардың ішкі құрылыстарын ашпаған. Олар өлген жануарлардың ішкі құрылысын ашып бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек, шектер туралы жалпы мәлімет алған.
Әйелдерді босандыру мен әйелдер айналысқан. Ассиро Вавилондық мәдениеттің ішінде астралогия үлкен орын алған. Астралогиялық болжамда ең маңыздысы астралогиялық күнтізбе болған. Ол күнтізбе арқылы босануға, операция-ларға және т. б. Сәтті және сәтсіз күндерді белгілеген. Ассиро - Вавилондық астрология басқа халықтарға таралып, медицинадан үлкен орын алған.
"Ассирия" - біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады.
Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 - 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 - 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады.
(біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізіненПарсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі мәтіндер жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. Бұл бедерлерде, көбінесе, жорықтар, жеңілген елдердің қалаларын ойрандау, т. б. бейнеленген. Тұтас жартастардан патшаларды дәріптейтін мүсіндер тұрғызылды. Орта Азиямен, Арабиямен сауда қатынастары дамыды. Жол құрылысы кеңінен өрістеді. Ассирия әдебиетінің төл жанры - патша анналдары (жылнамалары) . Соның бір құнды үлгісі - Саргон ІІ-нің біздің заманымыздан бұрынғы 714 ж.
Урартуға жорығы туралы арамей тілінде жазылған «Ахикар туралы жыр». Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидиямен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 - 605 ж. Ассирия құлады. Ежелгі заманда Алдыңғы Азияны, Месопотамия мен Иранды мекендеген және сына жазуларды қолданған халықтардың (шумерлердің, вавилондықтардың, ассириялықтардың, т. б. ) тілін, тарихын, мәдениетін зерттейтін ғылым саласы -ассиорология (ассириятану) қалыптасты.
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б. з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б. з. дейінгі 1792-1750 ж. ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz