Құрастырудың негізгі тапсырмалары



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Құрастырудың негізгі тапсырмалары

Орындаған: Амангельди Жасулан
Қабылдаған: Абжаев Марат



Қызылорда, 2017ж

Технологиялық қондырғыларды құрастыру (конструирование) ережелері мен жалпы қағидалары

Құрастырудың негізгі тапсырмасы болып автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу өндірісінің барлық талаптарына сай келетін, экономикалық әсері бар, жоғары технико-экономикалық және пайдалану (эксплуатационный) көрсеткіштерге ие болатын, технологиялық қондырғылардың бір объектісін құрастырып шығару табылады.
Технологиялық қондырғылардың объектілерін құрастыру кезінде келесідей қағидаларды басшылыққа алу керек:
- техникалық тапсырма нәтижелі құжат ретінде қарастырылады, тапсырмадан тапсырыс берушінің келісімінсіз ауытқуға жол берілмеуі тиіс;
- жасалынып отырған конструкциядағы барлық детальдар мен жиналмалы немесе құрастырылмалы бірліктер талап етілетін сенімділік, нақтылық, қаттылық, беріктілік және көркемділік дәрежелері бірдей болуы қажет;
- құрастырылатын бұйым аз габаритті өлшемдерін, құрастыру ыңғайлылығын, реттелуін, жөндеу жұмыстары кезінде бөлшектердің ауыстырылуын қамтамасыз ететін оңтайлы жайғастырылған жиналмалы бірлікпен жабдықталуы керек;
- технологиялық қондырғылардың жаңа объектісін жасау кезінде конструкциялық сабақтастық пен модульді қағидаларды сақтау керек. Конструкциялық сабақтастық - жобалау кезінде машинажасаудың берілген профилінде және қатарлас саладағы алдыңғы (предшествующего) тәжірибелерді қолдану, жобаланып отырған агрегатқа қолданыстағы конструкциялардың барлық пайдалы жақтарын кірістіру. Модульді қағида (блочность) бұл жекленіп жасалынған торап-шығырлардың (узел-блок) бір - бірімен жылдам шешілетін жалғастырғыштармен қосылған ұйыстыру түсініледі.
-конструкцияланатын технологиялық қондырғының объектісі біртектестіру мен стандарттаудың талаптарына сай келуі тиіс.
Біртектестіру (унификация) - атқаратын функциялық қызметтері бірдей көптүрлі, типті бұйымдарды оңтайлы жолмен қысқарту.
Стандарттау - бұйымдарға және өндірістік өнімдерге бірегей және міндетті түрде орындалуы қажет талаптарды орнату және қолдану.
Біртектестіру мен стандарттау арнайылатылған кәсіпорындарда сериялық және массалық детальдар мен жиналмалы бірліктерді шығаруды ұйымдастырады. Бұл еңбек көлемі мен жасап шығару бағасын төмендетуге, деталь сапасын және жұмыс ұзақтылығын арттыруға, конструкциялау уақытын азайтады және технологиялық қондырғылардың жаңа объектілерін игеруді, детальдардың ауыстырылуын шарттайды.
Конструкцияның технологиялылығын жүзеге асыру маңызды болып табылады. Технологиялылық түсінігінің астарында біруақытта сапасын, нақтылығын арттыратын және бөлшектерді алмастырылатындай етіп озық өңдеу әдістерін қолдана отырып, үнемді, жылдам және өнімділікті қамтамасыз ететін технологиялық қондырғылардың объектілерін жасау жатыр. Сонымен қатар бұл түсініктің астарын келесі түсініктерді де енгізуге болады: жинау технологиялылығы, ыңғайлы және үнемді жөндеу жұмыстарын.
Технологиялық қондырғыны конструкциялау кезінде конструктор құрастырудың жалпы ережелерін, қолданыстағы келісілген стандарттар мен нормативтерді және өндіріс қондырғыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.
Төменде келтірілген ережелер конструкциялаудың жалпы ережелері болып табылады:
қондырғыны құрастырғанда күрделі жөндеуді толығымен ысырып, оның орнына ауыстырмалы тораптармен жиналатын қалпына келтіруші жөндеу жұмыстарын қолдану арқылы жөндеусіз пайдалануды қолдану;
детальдың тұрқысының беткі бөлігін үйкелмелі етіп жасаудан аулақтау. Жөндеу жұмыстарын жеңілдету үшін үйкеліс беттерін жекелеген және оңай ауыстырылатын бөлшектерде орындау керек.
әрі қарай тіркесімдік немесе агрегаттық қағидасын ұстану керек, бөлшектерді тәуелсіз агрегат ретінде конструкциялау;
конструкцияны жинау кезінде қосымша реттеуді қажет етпейтіндей бекіткі элементтерді қолдануды қарастыру;
Салмағын арттыруды талап етпейтін әдістерді қолдана отырып (қаттылық қабырғасы, оңтайландырылған форма, кернеу концентраттарын төмендету және т.б.) детальдардың жоғары қаттылығы мен беріктілігін қамтамсыз ету;
Мүмкіндігінше торапқа серпімді элементтер енгізу. Бұл элементтер сырттан келген соққы мен динамикалық жүктемелерді өзіне қабылдайды;
Ашық механизмдер мен берілістерді ысыру;
Оймалы қосылуларда өздігінен бұрап босатылудың болмауын қарастыру;
Тотығып мүжілуді алдын алу;
Технологиялылық, біртектестіру, стандарттау, металл көлемін азайту,қалыптасқан өлшемін азайту есебінен конструкцияның бағасын азайту;
Мүмкіндігінше қайталанба қозғалыстарын айналмалы қозғалыс түріне ауыстыру;
Жобаланатын объектінің бетін мейлінше қарапайым және тегіс етіп жасау. Бұл бірмезгілде техникалық эстетика талаптарын сақтай отырып күтіп-баптауды қамтамасыз етеді;
Бақылау және басқару ыңғайлы болуы үшін басқару және қадағалау құралдарын бір жерге шоғырландыру;
Тораптар мен механизмдерді техникалық қызмет көрсетуге қол жетімді болатындай, бақылауға, қадағалауға ыңғайлы етіп жасау;
Қызмет көрсетуші қызметшілердің қауіпсіздігіне кеіл беру (операцияны автоматтандыру, қорғаныс дуалын орнату, сақтандыру және т.б).
Технологиялық қондырғы пайдалану құжаттамасына сай клетіндей пайдалануға бергенде, оны дербес пайдалану кезінде және технологиялық кешен құрамында пайдаланылғанда, монтаждау немесе демонтаждау жұмыстарын жүргізуші жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Технологиялық қондырғыны жобалау кезінде келесі талаптарды ескеру керек:
конструкциялық қондырғының материалы берілген жұмыс режимі кезінде және қарастырылған пайдалану шарттары кезінде жұмысшының денсаулығына зиянсыз болуы керек және өрт шығу және атылу қаупін тудырмауы тиіс.
Қондырғы қирату жүктемелерін алдын алатын құрылғымен қамтылуы тиіс немесе бөлшектің қирау кезінде жарақат алу қаупі бар жағдайларды алдын алуға арналған қорғаныстар орнатылуы тиіс;
Қондырғының және оның жекленген бөліктерінің конструкциясы пайдалану және монтаждаудың барлық жағдайларында олардың құлап кету, аударылу және өздігіне жылжуы немесе ығысуын ысыруы тиіс. Қажет болған жағдайда арнайылатын құрал мен конструкция элементтерін бекіту методы (мысалы, автомобильді көтергіштері конструкциясында міндетті түрде жүктің өздігінен түсіп кетуіне жол бермейтін қондырғысы болуы керек) қарастырылуы керек;
Қондырғы конструкциясы және оның жекелеген бөліктері жұмысшылар үшін қауіпті саналатын заттарды (құрал-саймандар,өңделген бөлшектер, майда жаңқалар, т.б), сонымен қатар майлау, суыту және тағы басқа жұмыс сұйықтықтарын сыртқа лақтырып шығармауы керек;
Қондырғының жарақат көзі болып табылатын қозғалмалы және ыстық бөліктері қоршалуы тиіс немесе жұмысшы оған тимейтиндей орналастыру керек;
Қорғаныш қабатының конструкциясы оның жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған орнына өздігінен жылжуын болдырмауы тиіс, орнынан қозғалту тек арнайы құрал - сайман арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Егер қорғаныш қабатының орналасуы қорғау функцияларын қамтамасыз ете алмаса, технологиялық қондырғыны автоматты түрде біртұтастандыру функциясын қолдану ыңғайлы;
Қысқыш, іліп алу, көтеру және тиеу қондырғылары мен олардың жетектерінің конструкциясы энергия беруді толық және өздігінен жартылай тоқтатқан жағдайда қауіпті жағдай туғызбау. Сонымен қатар энергия беруді қалпына келтіру кезінде бұл құрылғылардың өздігінен орын ауыстырмауын болдырмау;
Қондырғы элементтерінде жұмысшыны жарақаттау қаупі бар үшкір қырлары, жиектері, қылтанақ және тегіс емес беттері болмауы тиіс;
Шу, ультрадыбыс, діріл , қауіпті заттардың қайнар көзі болып табылатын қондырғыларда болуы мүмкін зияны заттардың белгіленген нормалардан аспайтындай етіп орындалуы тиіс;
Технологиялық қондырғы жергілікті жарықтандырумен қамтылуы тиіс. Егер жарықтандырылған болмаса жұмысшының көру мүшесіне зиян келтірілуі мүмкін немесе басқа да қауіп-қатер түрлері туындауы мүмкін.

Технологиялық машиналарға қойылатын талаптар

Жалпы машина жасау саласындағы конструкторлардың ең маңызды мақсаты экология жағынан таза, энергияны аз жүмсайтын, үнемдегіш, ең алдыңғы әлемдік деңгейдегі технологияны ендіретін, жұмыс істеушілерге ыңғайлығы, өміріне қауыпсіз машиналар мен жабдықтарды жасау болып табылады.
Міне сондықтан машиналардың жобасын жасағанда, оларды құрастырып жинап шығарғанда пайдалануға оңай, экономика жағынан өте тиімді, өндірістің барлық талаптарына сай болуы керектігін ескереді.
Машиналардың негізгі көрсеткіштері.
- өнімділігінің жоғарылығы;
- экономикалық тиімділігі;
- жұмысқа сенімділігі;
- сыртқы пішіндерінің (габариттерінің), салмақтарының, металл және энергия шығындарының аз болуы;
- ұзақ уақыт бұзылмай жұмыс істеуі;
- моральдық ескірмеуі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Жергілікті телефон желінің сипаты
Сауаттылықты қалыптастыруда оқулық мәтіндерінің рөлі
Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
«Инженерлік графика I» пәнінен оқу әдістемелік кешені
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Оны жобалау кезінде жасалып жатқан ақпараттық білім беру ортасы компоненттерін университеттің білім беру
Сеттік әлде мерзімдік жоспар
Қазақ этикасының зерттелуі
Пәндер