Жабдықтарға күтім көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Жабдықтарға күтім көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
Орындаған: Амангельди Ж.
Қабылдаған: Ахметов Н.
Қызылорда, 2017ж
Жабдықтарға күтім көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1) Жабдықты пайдалану және ТҚК ұйымдастыру
2) ЖСЖ жүйесінің тағайындалуы мен мазмұны, жалпы қағидалары
3) Жөндеулерді жүргізудің тәсілдері мен әдістері
III Қорытынды
Кіріспе
Жөндеу - техникалық қызмет сапасын арттыру, бұл ұдайы жөндеу технологияларын жетілдіру, жөндеу персоналдарының квалификацияларын жоғарлатуды көздейді. Жөндеу жұмыстарының сапасы, көпшілігінде еңбекті механикаландыру қарқындылығына, қызметтерді орталықтандыру мен мамандандырылу дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар техника-экономикалық көрсеткіштердің артуына алып келеді, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен еңбек өнімділігінің артуына.
Жөндеу шаруашылығының орталықтандырылған жүйесінде кәсіпорынның негізгі қызметтерінің функцияларын дәйекті түрде пысықтап белгілеу қажет.
Бас механик қызметі технологиялық және механикалық жабдықтарды, сонымен қатар технологиялық үймереттерді, коммуникациялар, металлоконструкциялар мен эстакадаларды пайдалану және жөндеуді басқарады.
Бас энергетик қызметі міндетіне, электржабдықтардың, букмекерлік қондырғыладың, суқұбырлары мен канализациялық тораптардың, байланыс желілерінің қауіпсіз пайдалануы мен олардың жөнделуін қадағалау бойынша іс-шаралар кіреді.
Бас приборшы қызметі - бақылау-өлшеу және реттеу приборларын, белгі беру және блакировкалар құралдарын пайдалану және оларды жөндеуді қадағалау мәселелері кіреді.
Бас механик кәсіпорынның бүкіл жөндеу шаруашылығын басқарады.
Жөндеу-құрылыстық және жөндеу-механиктік цехтар әкімшілік түрде зауыт директорына, ал техникалық - бас механикке бағынады. Бас механик бөлімі зауыт басқармасының құрамына кіреді және де құрамы төмендегідей функционалдық қызметтерді атқарады:
1. Кәсіпорындағы жабдықтардың күйін жүйелі қадағалау;
2. Бүкіл кәсіпорын бойынша жабдықтарды жөндеу жоспарын түзу;
3. Жөндеу қызметі бойынша ұйымдастыру - техникалық іс-шараларды әзірлеу;
4. Жөндеу жұмыстарын орындаудағы жаңа жоғарғы өнімді технологиялық процесстерді енгізу;
5. Жөндеу жұмыстарын құнын бағалау;
6. Негізгі жабдықтардың орташа және күрделі жөндеулері жөнінде жинақтық есеп беру.
Бұл бөлім құрамына жоспарлы-сақтық жөндеу бюросы кіреді (ЖСЖ)
Конструкторлық бюро (БМБ КБ) жөндеу сызбаларын әзірлеуменен аспаптарды жобалауменен, сонымен қатар жөндеу жұмыстары механикаландыруменен және жабдықты модернизациялауменен айналысады.
Техникалық қадағалау бөлімі - жабдықтарды тексеру және сынау, олардың дұрыс пайдалануын, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруді, және де аппатың себептерін анықтауды орындайды. Яғни барлық жабдықтардың жұмысқа қабілетті күйде болуын қадағалайды.
Жөндеу-құрылыс цехы өндірістік және тұрмыс ғимараттарын жөндеу, сондай-ақ жаңа үймереттерді салуменен айналысады. Шағын кәсіпорындарда ЖҚЦ ЖМЦ құрамына кіреді.
ЖМЦ зауттың бүкіл жабдықтарының орталықты жөнделуін атқарады, және де жеке жөндеу жұмыстарын орындауға арналған бірнеше мамандандырылған учаскелерді қарастырады.
Әрбір технологиялық цехтарды цех механигі және оған құзырлы жөндеу бригадалары қарастырылады, және де бұл цехтағы технологиялық жабдықтардың жөнделуін қамтамасыз етеді.
Жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша жөндеулер келесідегідей топтастырылуы мүмкін:
- жұмыс орны бойынша - 1) машина орнатылған; 2) бүкіліменен машинаны ЖМЦ жөндеу; 3) машина қаңқасын орнатылу орнында, ал бөліктерін ЖМЦ-да жөндеу;
- жөндеу көлемі бойынша - 1) бөлшектік-тозған бөлшегін ауыстыру; 2) тораптық-жеке тораптарын ауыстыру; 3) машиналы-машинаны бүкілдей резервтік машинаменен ауыстыру;
- жұмыстың атқарылу уақыты бойынша - 1) бүкіл жылғы біркелкі таратылған; 2) технологиялық қондырғы жұмыс тоқтатылған мерзімге (тоқтатылғандағы жөндеу); 3) жылдың бір мезгіліне жоспарланған (наухандық жөндеу).
1. Жабдықты пайдалану және ТҚК ұйымдастыру
Жабдықты пайдаланудың бүкіл мерзімінде оның сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық іс-шаралар комплексін жұмысқа пайдалануды ұйымдастыру деп атаймыз. Бұл іс-шаралар техникалық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде орындалады: тасымалдау мен қоймаларда сақталуынан оның тағайындалуы бойынша қолдануына дейін. Жабдықтың жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша орындалатын жұмыстар профилатикалық жұмыстар және жөндеулер деп бөлінеді. Профилактикалық жұмыстар дегеніміз: техникалық күтім (қызмет) көрсету және бақылау жүргізу.
Жабдық күйіне жасалатын бақылау машинаның жұмыс параметрлерінің төл құжат деңгейіне сәйкестігін анықтаудан тұрады. Әдетте, жабдықтың өнімділігі мен өнім сапасы, ондағы діріл деңгейі мен бөгде шудың болмауын, температуралық параметрлерді, тұтынатын энергиянын шығынын және т.б. тексеріледі. Осы параметрлер бойынша диагностикалау әдісімен машинаның және аппараттың техникалық күйі жайында жеткілікті дәл мәлімет алуға болады. Бақылау мерзімділігін конструкторлар анықтайды да, бұл туралы мәліметтер жабдықтың техникалық құжаттарында келтіреді.
Техникалық қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыс көлемі және мерзімділігі техникалық құжаттармен анықталады. Егерде техникалық құжаттар жоқ болса, онда құрылымы ұқсас және бірдей жағдайда, жұмыс істейтін машинаның нормативті құжаттары жетекшілікке алынады. Техникалық күтім көрсету бойынша жұмыс құрамына мыналар кіреді: машинаны майлау; түйіндер мен бөлшектерін ретке келтіру; бекітпелерді қысып бекіту және басқада осыларға ұқсас операциялардан тұрады.
Жабдықты жұмыс қабілеттілігі мен техникалық ресурсын қалпына келтіру бойынша орындалатын операциялар комплексін жөндеу деп атаймыз.
Егерде тек қана жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар орындалатын болса, онда бұл жұмыстарды техникалық қызмет көрсету деп атайды. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жабдықты жұмыс қабілетті жағдайда ұстау үшін қажетті өзара байланысты шаралар комплексі ретінде қарастырады. Бұл екі ұғым іс-тәжрибеде қолданылып жүрген Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі негізінде қолданылған. Бұл жүйенің көрсеткіштері өзін іс-тәжрибеде жақсы көрсете алды, сондықтан бұл біртұтас мәселелер комплексін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуге кететін еңбек және уақыт шығынын анықтауға мүмкіндік береді және көптеген жабдық түрі үшін шұғыл шығындарды (жабдықтың нақты күйін көрсетуші техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалған қосымша шығындар, материалдың қосымша шығындары, жөндеу технологиясын қолдану ерекшелігі және т.б.) анықтайды. Көптеген анықтамаларда жөндеуаралық циклдің, жөндеудің еңбек сыйымдылығының және жөндеуде тұру уақытының шамасы бойынша мәліметтер, сондай-ақ жөндеуді жоспарлауға қажетті басқа да нормативтер келтіріледі. Техникалық күтім көрсету мен бақылаудың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізумен үйлестіре отырып сапалы орындау жабдықтың ұзақ мерзімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Жабдықты сақтау және пайдалануға тапсыру
Тозған жабдықты ауыстыруға немесе технологиялық жүйені монтаждауға қажетті жабдықтар, пайдалану орнына түрлі тасымалдағыштардың (су, теміржол және автомобиль) көмегімен тасымалданады.
Тасымалдау процессі тасымалдану жабдықтарының сақталуының осал жері болып келеді, себебі бұл кезде жеке түйіндердің деформациясы, сыртқы және қорғалмаған беттердің коррозиялық тозуға ұшырау мүмкін.
Дайындаушы-зауыты жабдықты жөнелту кезінде оны орамдарға орауы тиіс және де жүкке берілген тізімде жұмысқа пайдалану құжаттары: 1) техникалық сипаттамасы; 2) жұмысқа пайдалану нұсқаулары; 3) техникалық қызмет көрсету, монтаждау, ретке келтіру және жұмысқа қосуға қажетті нұсқаулар; 4) төл құжат; 5) қосалқы бөлшектер мен құралдар тізімі келтіріледі.
Ірі салмақты жабдықтар үшін, бөлшектелген түрде жеткізілетін жанасушы орындарын белгілеудің шартты белгісін және де жабдықтың бөлшектелген монтаждық біліктері тізімін көрсете отырып қосымша таңбалаушы сұлбасы беріледі.
Жүк тұтынушыға келіп түскен кезден бастап, жүктің сақталуын тұтынушы толық жауапкершілігіне алады. Сонымен қатар келіп түскен жабдықтың сақталуы тапсырма берушінің міндетіне кіреді.
Сақтау орны мен тәсілін таңдап қабылдауға қойлатын негізгі талаптар: бүтінділігін қамтамасыз ету; коррозиялық тозудан және ортаның басқада әсерінен қорғау; жүк көтергіш жабдықтардың болуы. Осыған орай жабдықты шаңның шоғырлануы үлкен орындарда, агрессивті қышқылдық және сілтілік ортасы бар орында сақтауға қатаң тиым салынады.
Қоймада 9 айдан артық мерзімде сақталған жабдықтардың ескі майлары жаңа майлармен алмастырылып, қайтадан сақтауға дайындалады. Негізінен жабдықтар қоймада сақталады және де бұл қоймалар келесі төрт типке бөлінеді: 1) ірі салмақты жабдықтар сақталатын ашық алаңдар; 2) тек қана атмосфера әсерінен қорғайтын жартылай жабылған алаңдар мен қалқалар; 3) жабық, бірақ жылытылмайтын қоймалар; 4) жабық және жылытылатын қоймалар. Сақтау тәсілін таңдап қабылдау жабдық түріне және мекеменің мүмкіндігіне байланысты болады.
Жабдықты монтаждауға берер алдында, ол тиісті дәрежеде дайындықтан - монтаждау алдында тексеруден өтуі тиіс. Бұл кезде орындалатын жұмыс тізімі шамамен төмендегідей болады:
* жабдықты оралған орамдардан аршу;
* ашық және механикалық өңделген беттерді қорғаушы құрылымдар мен сақтандырғыш май қабатынан тазарту;
* жабдықты шаң мен ластардан тазарту;
* техникалық шартпен талап етілген жағдайда, майлау майын ауыстыру;
* сырт көзбен тексере отырып жинақ біліктер жинақтылығыш комплектілігін және олардың техникалық күйін тексеру.
Қажет болған жағдайда жабдықты бос жүрісте байқап көреді. Монтаждаудан соң жабдықты жұмысқа пайдалануға тапсырады.
Жабдықты жұмысқа пайдаланудан бұрын келесі дайындау жұмыстарын орындау қажет: коммуникациялық құбырларға және электр торабына жалғау; машинаны ретке келтіріп міндетін орындауға дайындау қажет; бос жүріс тәртібінде және де жұмыс жағдайында байқап көру. Іске қосар алдындағы жұмыстар мазмұны мен орындалу тәртібі пайдалану құжаттарымен тәртіптелінеді.
Жабдықты пайдалануға тапсыру актымен бекітіледі. Актыда сырттай бақылап тексеру нәтижелері келтіріледі. Қажет жағдайда байқау қысымында (егерде бұл жұмысқа пайдалану құжаттарында көрсетілген болса), бос жүрісте және күш түсіре отырып байқау, өнімнің бір қатар байқау партиясын алу жұмыстарын жүргізеді. Жабдықтың жұмысқа пайдалануға қабылдағаны жайындағы актыға, оның техникалық күйіне жауапты тұлға қол қояды. Қазақстан Республикасының өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және кең қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетіне бағынышты (қарасты) жүк көтергіш жабдықтар, электр қондырғылары мен қазаңдар комитет инспекциясының тексеруінен соң жұмысқа пайдалануға беріледі.
Бақылау жасау және техникалық күтім көрсету, жабдықтың күйін диагностикалау
Кез келген жабдықтың жұмыс сипаттамаларын белгілі бір көрсеткіштер арқылы шамамен бағалауға болатын процестің жүрумен сипаттауға болады. Сонымен білікті ұсатқыштың білігі айналуы жылдамдылығымен; араластырғыштың жұмыс істеуі кезінде пайда болатын шу, материалды құю дәрежесімен; элеватордың тіреуіштерінің қызуы температурамен сыпатталады. Әрбір мұндай параметрлер мәні келесі үш негізгі параметрлерге тәуелді болады: берілген жұмыс тәртібі, қоршаған ортаның күйі; машинаның өзіндік техникалық жағдайы.
Машинаның техникалық жағдайын анықтау барысында жұмыс тәртібі мен қоршаған ортаның күйі берілген және тұрақты деп қабылдау шарт. Мұндай ұйғарулар барысында жұмыс процесінің параметрлері тек қана машинаның техникалық жағдайына байланысты.
Кез келген түйіннің параметрі оның толық алғандағы жұмысын және де жеке элементтерімен байланысты анықтайды. Сонымен білік-тіреуіш қосылы үшін мұндай параметрлер, білік пен тіреуіштің жанасу беттері арасындағы саңылау мен сығылым шамасы, жанасу бет элементтерінің овалдығы мен олардың бірөстігі және т.б.
Кез келген жабдықтың жұмыс істеу процесінде, оның техникалық жағдайын сипаттаушы параметрі бастапқы бір мәннен мүмкін шектік мәнге дейін өзгеріп отырады. Техникалық жағдайының параметрлерінің өзгеру жылдамдығы бөлшектің тозуымен және де жұмысқа пайдалану факторларымен шартталады.
Машинаның техникалық күйінің шекті параметрлері, оның жұмыс кезіндегі істен шығаруының басталуы мен немесе жұмыс көрсеткіштерінің - өнімділігі, энергияны тұтыну дәрежесі, жұмыс қауіпсіздігі мүмкін болатындай шектен төмендеп кетпеуімен шартталады.
Осы себепті жабдықты диагностикалау үшін, ең алдымен машинаның істен шығуын анықтаушы параметрлерді қолдану қажет. Құрылғыларда структуралық параметрлерін тікелей өлшеу мүмкіндігі шектелген, сондықтан техникалық күйіне баға беру үшін жұмыс істеп тұрған машинада туындайтын жанама көрсеткіштерге көңіл бөлінеді.
Мұндай көрсеткіштерді диагностикалық белгілер деп атайды. Жабдықтарды диагностикалау үшін көрсеткіштердің диагностикалық белгісі ретінде тиімді жұмыс көрсеткіштерін, діріл мен шудың деңгейін, герметикалығын, түйіндері мен бөлшектерінің температурасын, өндірілуші өнім сапасын қолданады. Механизмнің диагностикалық белгілері мен структуралық параметрлері арасындағы орнатылған байланысқа сай оның техникалық күйін жеткілікті дәл анықтауға болады.
Диагностикалық нәтижесі бойынша қорытынды жасалынады және де бұл қорытынды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz