Иммуниттет анықтамасы



Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Иммуниттет анықтамасы.
Иммунология - организмнің бөгде субстанцияларға генетикалық, молекулярлық, жасушалық жауап беру механизмдерін зерттейтін ғылым. Иммунитет сөзі алғашқыда юристтік терминге жатқан ( immunitas - лат. Бір нәрседен құтылу, босау). Медициналық практикасына иммунитет термині XIX ғасырдың екінші жартысында, адамдар инфекциялық аурулардан қорғану әдістері зерттелу кезінде, яғни теориялық және эксперименталды иммунология қалыптасу кезінде енгізілген. Терминнің жаңа, медициналық мазмұны аурудан құтылу деп белгіленген. Бұл терминге ең қолайлы түсініктемесін Р.В.Петров 1982 жылы берген: иммунитет - организді генетикалық бөгде белгілері бар заттар мен тірі денелерден қорғау әдісі болып келеді. Огранизмге бөгде заттарға - бактериялар, вирустар, қарапайымдар, саңырауқұлақтар, нәруыздар, жасушалар, тіндер, өзгерген аутоантигендер, сонымен қатар, мутантты және ісік жасушалары жатады.
Арнайы гуморалды және жасушалық серпілістер дамуына жауапты иммунды жүйенің өз ерекшеліктері бар: ол барлық денеге жайылған, оның жасушалары қан арқылы барлық организмде рециркуляцияда жүреді және ол әр-бір антигенге түрлі арнайы антиденелер молекуласын өндіре алатын ерекше қабілетті жүйе болып табылады.
Негізгі иммунитет құруға жауаптылар - ол иммунды жүйенің жоғары арнайылықты жасушалары - лимфоциттер.Организмге тек осы жасушалар белгілі антигенмен байланысу,а ба,дарламаландырылған, өзінікін өзгенікінен ажырата алатын және бірінші байланысу арқылы иммунологиялық зерделік қалыптасушы бір ғана жасушалар болып табылады. Эволюцияда лимфоцит организмнің генетикалық тұтастығын бақылау үшін пайда болған - осы қызмет иммунитет жүйесінің негізгі қызметі болып табылады. Бұл қызметтің нәтижесінде сыртқы ортадан түскен генетикалық бөгде жасушаларды тану және жою жатады.

Иммунологияның даму тарихы
Иммунитет туралы ғылым XIX ғасырға дейін адамдарды мазалаған инфекциялық ауруларды жеңу үшін қатаң өмірлік қажеттілігі арқасында пайда болған.Мысал ретінде, адамдардың шешекті жеңуі. Ең алғаш шешек пусталарының сау адамғақоңырау арқылы қорғану Қытайда б.ғ.д. мың жыл бұрын, XI ғасырда қолданылды. Кейінірек бұл әдісті Индияда, Кіші Азияда; Европада қолдана бастады. Медиіина тарихына белгілі Шығыс ғылыми Әр-Рази шешекке классикалық анықтама беріп, шешекті егу әдісін қолданғаны белгілі. Оның ізашары Авиценна опа мен шешеккетән белгілері және бұл аурулармен ауырған адамдар өте сирек қайта ауырғандығы туралы жазған. Бұрын инфекциямен байланыс болса, организм қорғаныс қасиеттерін өндіретінін таза тәжірибе көрсеткен. Бірақ, егудің бұл әдісі (вариоляция) көбінесе аурудың жедел өтуіне немесе егілгекндердің өліміне келтіргені анықталған. Ол заманда бұл жағдайға ғылыми түсінік берілмеген.
Иммунологияны ғылыми ретінде классикалық және қазіргі заманғы иммунологияға бөледі. Классикалық иммунология Э.Дженнер мен Л.Пастер сияқты ғалымдар атымен байланысты.Бұл - негізінде инфекциялық иммунология. Әрбір ғылыми ашулардың өзінің тарихы бар. Барлық ғылыми ашулар осының алдында жетілген жетістіктер нәтижесінде ашылады.Осылай, 1776 жылы дәрігер - зерттеуші Э.Дженнер тәжірибелік иммунологияның негізін қалады.Ол ең алғаш вакцинация әдісін қолданған. Э.Дженнер сиыр шешегі материалын балаға егу арқылы, адамдардың инфекциялық аурулардан босататын маңызды теориялық және практикалық медицина бағытының негізін салды.Бірақ , Э.Дженнер және оның пікірлері қолдануға ие болмады, өйткені олар тек қана бір ауруға байланысты болған, ал егу толығымен ғылыми дәлелденген жоқ. Егу үрдісінің теориясының фундаменті бірінші егуден соң тек 85 жылдан кейін пайда болды, ол теориялық иммунологияның негізін салды. 1881 жылы Пастер Париж академиясында ең алғаш инфекциялық ауруларды аттенуацияланған микроптармен иммунизациялау арқылы алдын алуға болатынын жариялады. Негізі химик болып, Л.Пастер медицина мен биологияға химиялық тәжірибелердің нақтылығы мен ойын енгізді. Бүл қазіргі физико-химиялық, молекулалы биология мен биотехнологияның дамуы кезінде өте маңызды. Л.Пастер ғылым мен тәжірибенің дамуын көптеген жылдарға кешіп өткізді.Егу арқылы емделмейтін ауыр дерттің-құтырудың дамуын алдын алудан кейін ғана Пастер қолдау тапты.1886 және 1887 жылдар арасында егу арқылы құтырудан 2,5 мыңнан астам адам құтқарылды.Л.Пастердің вакцина алу және егу принциптері жақсы дамып, макро-және микроорганизмнің қарым-қатынасы арқылы ғылыми зерттелді.Иммунизация ғылыми мен тәжірибелерінің жылдар бойы дамуы нәтижесінде көптеген бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы эффективті вакциналар жасалған және қолданылған. Иммунизация арқылы көптеген ауыр инфекциялық аурулардың таралуы төмендегені байқалған. Бұл адамдардың әлеументті дамуын, орта өмір сүру жасының ұзаруын қамтамассыз етті.Көптеген ашылған жаңалықтарға қарамай, Л.Пастердің иммунитет табиғатына сол уақыттағы биология мен медициналық жетістіктерінің дәрежесіне байланысты көзқарасы шектеулігімен ерекшеленеді.Оны өлімінен кейін біраз уақытқа дейін иммунитетті тек инфекциялық ауруларға қарсы тұрушылық деп түсінді.

Инфекциялық және инфекциялық емес иммунологияның дамуы және орнығуы И.И.Мечниковтың биологиядағы жетістігімен байланысты.
Ол бірінші рет иммунологиялық көрсеткіштердің бағасына эволюциялық көзқарасты енгізді, бұл болмаса бірде - бір иммунологиялық эффект пен иммунитет түсінікті болмайтын еді. Ф.Бернет жазбақшы, барлық биологиялық үрдістер - өзекті эволюциның нәтижесі және кез - келген биологиялық жалпылама эволюциялық тұрғыда ғана мағынасы болады. 1883 ж. И.Мечников Организмнің емдік күші туралы деген баяндамасында, иммунитеттің жалпы биологиялық теориясының принциптерін көрсетіп берді.Бұл - алғаш теория болып есептеледі, ол жерде қор,аныс серпілістердің арнйылығы, ағзаның тек микробтардан емес және де өзінің токсиндерінің, денатурациялық ақуалдарынан, өлген жасушаларынан өзі арыла алатыны сияқты негізгі феномендер туралы айтылды.Бірақ, бұл фагоцитарлы теорияны кейбір биологтар мен медиктер жақсы қабылдаған жоқ. Оппоненттер де табылды, олра жасаған тәжірибелерінің нәтижесінде микроорганизмдер мен олардың токсиндерін бактерицидтік ерекшелігі бар гуморалды заттар бұзады деген пікір көрсетті. Ол ғалымдардың бірі - әйгілі ғалым П.Эрлих болды, ол осы үрдістің химиялық жағын зерттеді. Ол ең бірінші токсикалық заттардың инъекциясымен, оған қарсы токсиндерді бейтараптаушы антиденелер, яғни биологиялық субстанциялар пайда болу уақыты арасындағы период бар екенін, яғни латентті периодты анықтады.
Жаңа эксперименттер нәтижесінде И.И.Мечников гуморалды теорияның жақтаушыларының анықтаған сарысуы дифтерия мен столбняк (сіріспе) қоздырғыштарын өлтірмей, тек сол қоздырғыштармен бөлінген токсинднрді, уды жойып, фагоциттерді стимулдайды, ал олар қоздырғыштарды жұтатыны дәлелденді.Қаншама талас - тартыстар болса да, бұл екі теория өзара жақындай бастады, себебі басында фагоцитарлы теорияға қарсы деп шешілген жаңа фактілер кейіннен бірікті.
Иммунологияның негізін салушылар И.И.Мечников пен П.Эрлих арасында жүрген ұзақ полемика 1887 жылы басталған.Әр теорияның жақтаушылары 15 жыл ьойы өздерінің теориясының дұрыстығын дәлелдеу үшін көптеген эксперименттер жасады.Гуморалды теориясының жақтаушысы Э.Беринг ауырғаннан кейінгі сарысудың гуморалды фактормен байланысты бактерицидтік қасиеті жоғарлағанын анықтады. 1890 жылы Э.Беринг пен Ш.Китазато сіреспелік және дифтериялық токсиндермен егу нәтижесінде антитоксиндік сарысуларды алған. Алынған антитоксиндік сарысулар токсиндерді бейтараптаған.
Дифтерияны емдеуде антитоксикалық сарысуларды қолдану күшті патогенетикалық құрал ьолды және мыңдаған адамның өмірін сақтауға көмектесті. Бірақ, кейбір кезде антитоксикалық сарысуды қолданғанда, ол ауыр асқынуға (артериялық қысымның томендеуінен) тіпті өлім нәтижесіне алып келген.Бұл асқынуды ІІІ.Рише тәжірибе жүзінде тексерді.Біріншілік терішілік немесе теріастылық вакцинация иммундық жауаптың шаңында (10-14 кұннен кейін)сол дозадан 5-10есе жоғары дозада бұлшық етке немесе тамыр ішіне екіншілік вакцинация жасағанда, тәжірибелік жануарлардың 100% өмірге төзімділігі төмендеген. Бұл құбылысты анафилакция деп, ал пайда болған ауыр жағдайды А.М.Безредка анафилакциялық шок деп атаған.
Гуморалды және фагоцитарлы теория жақтаушыларының ұзақ уақыт дискуссиясы иммунологияның ғылым болып орнығуына жол тапты.Физиология мен медицинаға еңбегң сінгені үшін гуморалды және жасушалық теорияларды ашқан ғалымдарға - И.И.Мечников пен П.Эрлихқа 1908 жылы Нобель сыйлығы берілген.
Инфекциялы емес иммунологияны негіздеп, нәтижесінде жаңа қазіргі замандағы иммунологияның дамуына үлес қосқандар Ж.Борде мен М. Чистович болды.1898 жылы Ж.Борды микобты емес жасушаларға жауап ретінде антидене бөлінер мекен деген оймен мынадаі тәжірибе жасады: қоянға қойдың эритроциттерін енгізді, жауап ретінде жануар ағзасында антиденелер пайда болды, олар қой эритроциттерін жапсырып, ыдырауына келтірген.Осы уақытта М.Чистович те тәжірибе арқылы жануарларға антиденелер синтезді микробты емес те, жасушалық емес те бөгде нәр уыздық заттарды тері ішіне, не тамыр арқылы енгәзгенде байқалады деген тұжырым жасады. Әсіресе - қан сарысуының нәруызын енгізгенде. Антиденелер бөгде сарысуға қосылған нәтижесінде сарысу құрамындағы нәруыздардың іріленуі мен жабысу арқылы жойылатыны анықталды.Бұл кезде де антиденелердің арнайылығы анықталған.Кейінірек Г.Бухнер комплемент жүйесін ашып, ал Ж.Борде комплемент жүйесінің мағынасын көрсеткен. Ж.Борде иммунды комплекс құрамындағы антиденелер комплементті активтейтінін, ал ол өз кезегінде антигендердің мембранасының ыдырап, фагоцитоз күшейтетінін көрсеткен. Ж.Борденің зерттеулерінің нәтижесінде иммунды жауапты макрофактор бастап, солар аяқтайтыны көрсетілген, себебі иммунды комплекстің фагоцитозы антигеннің толық жойылуына алып келеді. Бұл зерттеулер көрсетуі бойынша, И.И.Мечников пен П.Эрлих бір үрдістің екі түрлі сатычын зерттеген, нәтижесінде иммунитеттің гуморалды - жасушалық теориясы пайда болған.
Инфекциялы емес иммунология дамуының келесі кезеңі К.Ландштейнер есімімен байланысты. 1990 жылы К.Ландштейнер антигендердің модификациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ қан топтарын зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты. Бұдан кейін иммуногенетиканы зерттеу бағдарламасы туды, яғни тіндердің гисто сәйкестігі мен трнсплантациялық иммунитеттің көптеген мәселелері шешілді. Бұдан бірнеше жыл өткеннен кейін К.Ландштейнер жаңалығы клиникада қолдана бастады. Оның зерттеу тәжірибесін ескере отырып, дәрігерлер кез-келген қанды құймай, тек науқастың қанның эритроциттері жабысып қалмайтындай қанды құйған.
Инфекциялық емес иммунологияның жаңа кезінің дамуы авсралиялық ғалым Ф.Бернет, ағылшын ғалым П.Медовар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллез туралы ақпарат
Иммунологияның негізгі қағидалары
Приречный ауылындағы мүйізді іріқара бруцеллезін жою шаралары
Шошқа аскаридозы
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Жоба тапсырмасын жасау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Ықтимал теориясы
Травмадан кейінгі стресстік бұзылыс
Пәндер