Қала жағдайларында ғимараттарды жару арқылы бұзу кезінде, бұзу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі

СӨЖ

тақырыбы : Қала жағдайларында ғимараттарды жару арқылы бұзу кезінде,бұзу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу.Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі,төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау

Орындаған:
Тексерген :

Алматы 2017ж

Мазмұны
Жоспар
Кіріспе
I. Қала жағдайларында ғимараттарды жару арқылы бұзу кезінде,бұзу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу
II. Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі,төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау

Қорытынды

Кіріспе

Жарылыстар - бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.
Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай - химия, газ, химия, тоқыма объектілер, нан өнімдері мен дәрі - дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйытылатын газ қоймалары жатады.
Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан, қант және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:
Жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;
Жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;
Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған отаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;
Жарылыс кезінде пайда болған қысымы н шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;
Жарылысты жаншу (жарылу қаупі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра рнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады);
Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай - ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамассыз етуге тиіс.

Құрылыста жару жұмыстары үшін, әдетте, ұнтақ тәрізді және престелген түрдегі немесе салмағы 100-300 патрон түріндегі аммониттерді қолданады. Ылғал жерлердегі немесе судағы жару жұмыстары үшін динамит қолданады. Аммониттерді құрғақ жерлерде қоршаған ортаның сәйкесінше температурасында сақтау керек.

Жарылғыш заттардың қасиеттерін мынадай негізгі көрсеткіштер сипаттайды: жарылыс газының көлемі (лкг); жарылыс температурасы (град); детонация жылдамдығы (мсек); жұмысқа қабілеттілігі немесе фугастылығы, оны қорғасын бомбасын кеңейту арқылы орнатады және см3 өлшенеді, бризантты (мм) және соққыға сезімталдығы.

Жару құралдарына капсюль-детонаторлар, электр детонаторлар, детонациялайтын шнур, от өткізгіш шнур және оны тұтандыру құралдары, электр тұтандырғыштар, детонациялайтын реле жатады. Жарылғыш заттарды сақтау үшін жарылыс әрекетінің қауіпті аймағынан тыс, тұрмыстық және өнеркәсіпік жайлардан алыста арнайы қоймалар салады, қоршаумен қоршайды, күзетпен және өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етеді. Жарылғыш заттарды тасымалдау кезінде Жарылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздіктің бірыңғай талаптарымен анықталған талаптар сақталуы тиіс.
Жарылыс жұмыстары басталғанға дейін қауіпті аймақ территориясын анықтайды, оның периметрі бойынша анық көрінетін ескерту белгілерін (плакаттарды) қояды, ал қауіпті жерлерде арнайы посттар құрады.
Жару жұмыстарын орындауға сәйкесінше куәлігі бар адамдарды ғана жібереді. Жару жұмыстарын орындайтын адамдардың және инженерлік-техникалық қызметкерлердің жасырынуы үшін қауіпті аймақтан тыс блиндаж-баспана жасайды. Қауіпті аймақта жұмыс істейтіндердің барлығы берілетін белгілерді білуі тиіс.

Жарушы мамандығын беруге арналған емтиханды кәсіпорынның жетекшісі тағайындаған, кен қадағалау мекемесінің қызметкері жетекшілік ететін кәсіби комиссия қабылдайды.
Жарушы өз бетінше жару жұмыстарын бір ай тәжірибелі жарушының жетекшілігінде машықтанудан өткеннен кейін жүргізе алады.
Жарушы мамандығын және Жарушының бірыңғай кітапшасын арнайы курста оқымаған, бірақ жару жұмыстарын басқаруға рұқсаты бар азаматтарға емтихан тапсырту арқылы беруге болады. Олар да өздігінен жару жұмыстарын жүргізуге арнайы машықтанудан өткеннен кейін жіберіледі.
Жару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес жарушылардың білімін екі жылда бір рет мамандандырылған комиссия тексереді. Алдын-ала жарушылар кәсіпорынның жетекшісі бекіткен бағдарлама бойынша дайындықтан өтеді. Егер жарушы жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау және қолдану ережесін бұзса, онда шахта немесе кеніш жетекшісінің бұйрығымен кезектен тыс емтихан тапсырады. Емтиханнан өтпей қалған жарушылар жару жұмыстарын жүргізу құқынан айырылады және дайындықтан өткеннен кейін қайта тапсыруға рұқсат алады.
Жарушылар аттыру жұмыстарының жаңа түріне ауысқан кезде жаңа бағдарламаға сәйкес қайта дайындықтан өтеді және кен қадағалау қызметкерлеріне емтихан тапсырады. Өздігінен жару жұмыстарымен айналысу үшін ол 10 күн машықтанудан өтуі керек. Жарушы газ және шаң қаупі бар көмір шахтасына ауысқан кезде өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылау комитеті құптаған бағдарлама бойынша қосымша дайындықтан өтіп, емтихан тапсыруы керек және 10 күн машықтанудан өтеді, ал өте қауіпті шахталарда 20 күн машықтанудан өтуі керек.
Жарушы 1 жылдан аса жұмыс жасамаған болса, онда ол өздігіннен жару жұмыстарын жүргізу үшін қайта емтихан тапсырып, машықтанудан өтуі керек.
Жару жұмыстарымен айналысатын барлық қызметкерлер жаңадан түскен жарылғыш заттардың, аспаптардың және жабдықтардың құрамы және ерекшеліктерімен танысуы керек.
Жарылғыш заттар сақтайтын қоймалардың меңгерушілік қызметіне жарылғыш заттарды дайындау технологиясы мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген және жару жұмыстарына басшылық етуге рұқсаты бар азаматтар тағайындалады. Сонымен қатар, бұл қызметке жарылғыш материалдарды сақтайтын қойма меңгерушісі бағдарламасы бойынша курстан өтіп, емтихан тапсырған жарушыларды да тағайындауға болады.
Уақытша сақталатын қоймаларда меңгеруші қызметінің кітапшасы бар және өтілі бір жылдан асатын жарушыларды тағайындауға болады.
Жарылғыш заттарды сақтайтын қоймаларда бөлістіруші қызметіне білімі 9-сынып білімінен төмен емес, жарылғыш материалдарды қоймаларда дұрыс сақтау бағдарламасы бойынша курстан өткен және білікті комиссияға емтихан тапсырып, куәлік алған азаматтар тағайындалады. Олар өз бетінше жұмыс істеуге 10 күн машықтанудан өткеннен кейін жіберіледі. Жарылғыш зат сақтайтын қоймалардың меңгерушілеріне жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Ал жару жұмыстарымен айналысып жүрген жұмысшыларға қоймаларды меңгеруге болмайды.
Жарылғыш заттарды сақтайтын қоймаларда зертханашы қызметіне арнайы курстан өтіп, емтихан тапсырған азаматтар тағайындалады.
Жарылғыш заттарды механикаланған пункттерде дайындауға сол жұмыс бойынша курстан өткен және емтихан тапсырып, куәлік алған азаматтар жіберіледі. 10 күн машықтанудан өткеннен кейін өздігінен жұмыс істеуіне болады. Жарылғыш материалдарды ғылыми-ізденістік, эксперименттік және оқу саласында қолданатын мекемелерде жарылғыш материалдармен жұмыс істеуге Жарушының бірыңғай кітапшасы бар және стажировкадан өткен қызметкерлер және оқытушылар жіберіледі.
Жарушыларды және жарылғыш заттарды сақтайтын қоймалардың меңгерушілерін дайындайтын арнайы бағдарламаларды министрліктер жасап бекітеді. Ал қалған жару жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар үшін мекеме жасаған, кен қадағалау органы бекіткен бағдарламалар жұмыс жасайды.
Жару жұмыстары, жарылғыш заттар
Жарылғыш заттың жарылуынанэнергия бөлінісімен бірге жүретін соққы толқыны мен қысылған газдардан жасалған төтенше химиялық заттың айналуы деп түсінеді.
Жарылғыш заттар - (ЖЗ) - қатты қысылған газ тәріздес өнімдерді құрастыра және энергия бөле отырып, ішкі әсердің ықпалымен өзінің күйін үлкен жылдамдықпен өзгертуге қабілетті химиялық немесе механикалық қоспалар.
Ынталандырылған ЖЗ - салдырлағыш сынап пен қорғасын азиді- капсюлді-оталдырғыштарды, капсюлді-тұтандырғыштарды жабдықтау үшін және тұтататын баулар жасау үшін қолданылады. Ынталандырылған ЖЗ ерекшелігі - олардың ішкі әсерлерге (ұшқын, соққы, от, қажалу) тез сезімталдығы.
Бризантты ЖЗ - жарылғыш ыдырауды жоғары жылдамдықта болдыртады-динамит, аммониттер, тротил және т.б. Олардың соққыға кішігірім сезімталдығы және айналдыруда жеткілікті қауіпсіздігі олардың көп қолдануын қамтамасыз етеді.
Лақтырушы ЖЗ - бұның түрлері-түтінді оқ дәрі (селитра, күкірт және көмір механикалық қоспалары) және түтінсіз оқ дәрі.
Топырақ пен жартасты жыныстарды жарғанда тротилді пайдаланады.
Қуат - қуатты қуыс жатқызылған және жарылыс бастаушысымен жабдықталған, ЖЗ орналасуының массасы мен пішіні бойынша алдын-ала есептелген. Қуаттар сыртқы-қиратылатын обьектінің жоғарысында орналасқан және ішкі-қиратылатын обьектінің ішінде орналасқан болады. Топыраққа салынған қуаттарды отты немесе электрлі әдіспен жарады.
Отты әдіс - ЖЗ-ң жеке қуаттарын қопару үшін негізгі болып табылады. Жарылыс капсюль-оталдырғыш және отты өткізетін баудың көмегімен жүзеге асады.
Капсюль-оталдырғыштар - ЖЗ қуатының басталуы үшін жұмыс жасайды.
Оталдырғыш бауларды (ОБ) көптеген қуаттарды бір уақытта қопару үшін қолданады.
Электрлік әдіс - көп қуаттар санын бір уақытта жару үшін қолданылады. Жарылыс өндірісі үшін электрлік оталдырғыштар, желілер, ток көздері, тексеру және өлшеу құралдары қажет.
Жару әдістері, жару жұмыстарының өндірісі
Топырақтар мен жартасты жыныстарды суырып алу құрылғылары, ор және қазаншұңқыр, жер бөгеттері мен каналдар, галереялар мен басқа да үймереттер үшін жарады. Бұл үшін алып тастау қуаттарын пайдаланады. Жару жұмыстарын жүргізудің кең таралған технологиясында қопсыту, сонымен қаткар алып тастау мен түсіргендегі жару жұмыстары мыналарды қамтамасыз ететіндей болуы керек:
- топырақтар мен жыныстардың қажетті өнімділігі және біркелкі ұсақталуы;
- жоба бойынша анықталғанға дейін сәйкес белгілер мен өлшемдердің, алаңдардың пішіндерінің сақталуы;
- жұмыстың үнемділігі мен қауіпсіздігі.
Шпурлы әдіс - ЖЗ қуаттарын шпурларға орналастырады. Қуат біткен соң ұңғыма құммен немесе құм және құрғақ саз қоспасына қағылады. Бұл әдісті топырақты қопсытқанда, үлкен тастарды жаруда, тасымал жолдарын тегістеуде қолданылады.
Шұңқырлы әдіс - мықты жыныстарды жару кезінде қолданылады.
Біріктірілген әдіс - ЖЗ қуаты жару тік және көлденең өңдеуде орналасады, ал жарылыс бір уақытта жүргізіледі. Мұндай әдіспен жыныстардың өте үлкен көлемдерінің құлауы жүзеге асады.

Ғимараттар мен үймереттерді бөлшектеу кезінде жару жұмыстары әр түрлі әдістермен жүзеге асуы мүмкін.
Кірпішті ғимараттар мен үймереттердің қабырғаларын жару үшін топтық шпурлы қуаттар қолданылады. Шпурлардың орналасуын кірпіш қалауының беріктігіне байланысты анықтайды. Егер қабырғалар цементті ерітіндіде қаланған болса, онда шпурлар арасындағы қашықтық 0,8-1,2м, ал ізбестен болса 1-0,4м. 1,5-2м қалыңдықтағы кірпіш, бетонды және темірбетонды конструкцияларды қирату кезінде тұтқаларда жару әдістерін қолданады.
Металл және темірбетон конструкцияларды осы конструкциялардың байланысу орындарында орналасқан кумулятивті қуаттармен жарады.
Жұмыс басталар алдында есебі шығарылады және конструкцияларды жару әдістері, қуаттардың көлемдері мен түрлері, олардың жарылатын ортадағы бағыты мен орналасуы қарастырылатын жобасы өңделеді. Бөлек конструкциялардың құлауы кезінде ақауланған және аспалы конструкциялар мен бөлшектер қалмауына аса назар аударылады.
Ғимараттарды, құрылыстарды, фабрикалық құбырларды, іргетастарды құлату бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі
1. Жарылыс жұмыстарының паспортында, басқа да сұрақтардың шешілуімен бірге құлату объектінің құлау бағыттары көрсетіледі және толық құлатылмаған жағдайдағы іс шаралар қарастырылады.
2. Құлату нысандарындағы сілемдегі ашылған кеңістіктері бар теспелерді (ұңғыма) оқтауға рұқсат берілмейді.
3. Бірінші белгіні зарядқа электр детонаторлы соққышты салар алдында, ал детонациялық байлам арқылы жару кезінде жарылыс жүйесін құрар алдында беруге рұқсат беріледі.
4. Тоқтатылу белгісі тек жарылыс жүргізуіне жауапты бақылаушы адам жарғышпен бірге жарылыс орнын қарағаннан кейін береді.
5. Қысымды қазандардың, құбыр өткізгіштер және басқа да нысандар қауіпті аймақта орналасқанда осы нысандарды пайдалану мекемесімен келісіліп шектік аймақтары шегеріледі.

Жер бетінде орналасқан объектілерде арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі
Маңызды мағыналы нысандар маңайындағы (ядролық реакторлар, электр станциялар, темір және көлік жолдар, су жолдары, электр беру жүйелілер аралық станция, зауыттар, темір жол станциялар, кемежайлар, кеңістіктер, гидротехникалық құралдар, жер асты құралы, телефон желілері) жарылыс жұмыстарын жүргізу осы нысандарға байланысы бар мекемелердің келісімімен жүргізіледі.Жарылыс станциясын қауіпті аумақтардан тыс жерлерге орналастырылады. Бұл шарттар орындау мүмкін болмайтын кезде қорғаныштар жасалады (блиндаждар және тағы басқа). Қорғаныштар орналастыратын жерлер паспортпен немесе жобамен белгіленеді.
Жасанды немесе шынайы қорғаныштар жарылыс жүргізетін орындаушыларды жарылыс әрекетінен улы газдар әсерінен мұқият қорғайды. Қорғанышқа барар жолды бөгеуге рұқсат берілмейді.
Жарылыс жұмыстарының жетекшісі, жарғыш, қауіпті жердің қоршап алу бекеті екі жақты радио немесе радиотелефонды желілерімен қамтамасыз етіледі.

Құрылыс объектілерінде жаппай жарылыс ұйымдардың жарылыс жұмыстарының жобасына сәйкес жүргізіледі.
Жаппай жарылыс жұмыстарын ұйымдастырудың үлгі жоспарын ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді және оның бұйрығымен күшіне енеді. Жарылыс жұмыстарын мердігерлік тәсілмен орындаған кезде үлгі жобаны мердігер жасап, бекітеді, тапсырыс берушімен келісіледі.Бұрғы жарылыс (жарылыс) жұмыстарының паспортын ұйымның техникалық басшысы бекітеді және жарылыс жұмыстарының негізгі параметрлерін, жұмыстың қауіпсіздігін, зарядтардың бастамашы тәсілін, жарылыс желілерін есептей отырып, зарядтар мен соққыштар конструкциясы; ЖМ болжамды шығыстарын, қауіпті аймақты және оның шегіндегі объектілерді (ғимарат, имараттар, коммуникациялар) ескере отырып, осы аймақтың сақтауды белгілеуді, ауданды жарылғыш жұмыстардан тазарту және осы Қағиданың нақты шартында толықтырылатын қауіпсіздіктің басқа да шараларын көрсете отырып, ұйымдастыру шараларын қамтиды.Басқа ұйымның объектілері қауіпті аймаққа келіп түскен кезде оның басшысына кемінде бір тәулік ішінде жарылғыш жұмыстар жүргізілетіннің орны мен уақыты туралы жазбаша хабарланады.
Паспорттарды жарылыс жұмыстарын жүргізетін техникалық басшы бекітеді. Паспорттар кемінде үш тәжірибелі жарылыстың негізінде және ескере отырып, жасалады. Жарылыс жұмыстары басшысының рұқсаты бойынша тәжірибелі жарылыстың орнына осыған ұқсас жағдайда жүргізілген жарылыстың нәтижелерін пайдалануға жол беріледі.
Паспортта:
1) баулар немесе сыртқы зарядтың орналасу сызбасы, ЖМ атауы, бау қатарындағы заряд алу тәсілі туралы деректер, олардың тереңдігі мен диаметрі, зарядтың, соққыштардың массасы мен конструкциясы, зарядтарды жаруды қбаылдау саны, забойкадағы материалда және оның ұзындығы, жандыру және бақылау түтіктерінің ұзындығы (от өткізгіш байламның бақылау ұзындығы), жарылыс (электрлік жарылыс) желісінің ұзындығын (кедергісін), бәсеңсуін көрсете отырып, монтаж сызбасы, забойларды желдету сызбасы мен уақыты;
2) қауіпті аймақ радиусы;
3) жарылыс жасау уақытындағы жарушы (шебер-жарушы) мен қызметкерлердің тығылу орны туралы көрсету;
4) күзеттің немесе тізілген бекеттердің орналасуы туралы, сақтау құрылғыларының орналасуы, қауіпті аймаққа және жарылыс орнына кіруге рұқсат бермейтін ескерту және тыйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
Көктасжал кенорының геологиялық сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
СҰРАҚТЫҢ ЖАЙ КҮЙІ
Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САРАЛАНУЫ
Өнеркәсіптік ғимараттың темір - бетон фермаларын қайта құру технологиясы
Пәндер