Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
СӨЖ
тақырыбы: Химиялық қауіпті нысанда авария болған кездегі халықтың іс-әрекеті . Дегазация.Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті.(АЭС-ғы авария кезіндегі ядролық қаруды қолданғанда).Дезактиватция . Химиялық қауіпті заттарды апаттық лақтырғанда токсиканттың таралуын есептеу әдістері.Химиялық барлау аспаптары.
Орындаған:
Тексерген :
Алматы 2017.
Мазмұны
Жоспар
I. Химиялық қауіпті нысанда авария болған кездегі халықтың іс-әрекеті . Дегазация.
II. Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті.(АЭС-ғы авария кезіндегі ядролық қаруды қолданғанда). Дезактиватция .
III. Химиялық қауіпті заттарды апаттық лақтырғанда токсиканттың таралуын есептеу әдістері.Химиялық барлау аспаптары
Пайдаланылған әдебиеттер

ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу, кәсіпорындарында мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.
ҚӘУЗ зақымдауына ұшыраған аймақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оған ҚӘУЗ төгілген орынмен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ-і бар бұлт тараған аумақ кіреді. ҚӘУЗ-дің химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігімен және енімен сипатталады. Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты.Ауаның жер бетіндегі қабаты(екі метрге дейінгі биіктік) атмосфераның жоғарғы қабатындағыдан суығырақ (инверсия) және жел әлсіз болған ауа райының қолайлы жағдайда зақымдалған бұлт тұрақтылығымен ерекшеленіп едәуір қашықтыққа жылжуы мүмкін. Ауаның жер бетіндегі қабатының температурасы (2-30 метрге дейін) тұрақты (изотермия) немесе төменгі қабатының температурасы жоғарғы қабаттағыдан жоғары (конвекция), және желдің жылдамдығы 3-7 мсек. Болған жағдайда зақымдаушы бұлттың таралу тереңдігі мардымсыз. ҚӘУЗ химиялық зақымдалу аймағының айтарлықтай тұрақтылығы атмосфера күйі үлкен беріктілікпен ерекшеленетін түнде, таң ата жауын-шашынды ауа райында пайда болады. Жергілікті жердің жекелеген биік бедері зақымдалған бұлт қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Елді мекендерде будың жинақталуы және ҚӘУЗ беріктігі ашық жерге қарағанда жоғары болады.
Қаланың көшелерінде ҚӘУЗ жоғары концентрациясы ауа ағысымен таралуы мүмкін, сол уақытта көрші, көлбей орналасқан көшелерде ҚӘУЗ айтарлықтай аз көлемде болуы мүмкін.
ҚӘУЗ-дің адамдарға зақымдаушы ықпалы олардың адам организміне ене отыра оның қалыпты тіршілігін бұзу, әртүрлі ауру-сырқауға ұшырату, ал белгілі бір жағдайда оны ес-ақылынан айыру қабілетімен ерекшеленеді. Адамдар мен хайуанаттар ҚӘУЗ-дің: тыныс алу органдары, тері қабаты, кілегейлі қабық, жарақаттанған мүше арқылы өтуі нәтижесінде зақымдалады. Оның организмге ықпал ету нәтижесінде уланумен қатар жекелеген генетикалық салдар да пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу мүмкіндігі организмнің зақымдану деңгейімен анықталады.
Улану белгілері мыналар: бастың ауруы, бастың айналуы, көздің қаратуы, құлақтың шуылы, қатты әлсіздік, демікпе, құсықтың келуі. Ал қатты уланған жағдайда құрысуы, естен тану, тіпті өлім жағдайына жеткізеді.
Ең көп тараған ҚӘУЗ - хлор мен аммиак.
Хлор - қатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр. Кәдімгі қысымда: қатты T=101 C; C=34 C, 5-7 атмосфералық қысымда сұйылады.
Ерекшелігі - хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинақталады, жерге жасыл түсті тұман жайылады. Суда нашар ериді, барлық химиялық элементтермен дерлік қосылыс түзеді.
Хлор органикалық қосылыстарды шығаруға пайдаланылады, маталарды ағарту, ауыз суын залалсыздандыру үшін қолданылады. Хлорды болат баллон мен темір жол цистерналарында қысым мен сұйық күйінде сақтайды. Атмосфераға шыққанда түтінденіп, суаттарды зақымдайды.
Организмге әсері. Хлор буы тыныс алу органдарын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Ұзақ уақыт бойы әсер еткенде өкпені қабындырып, қиын жағдайға душар етеді. Тітіркендіргіштік әсер 10 мгм шамасындағы концентрациясында пайда болады. 30-60 минут бойында 100-200 мгм өмір үшін қауіпті. Бұдан жоғары жинақталу қас қағым сәтте өмірден әкетеді.
Улану белгілері: кеуденің шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы келу, ентігу, жоғары концентрацияларда зардап шегуші тұншығады, оның беті көгеріп қашуға әрекеттенеді, алайда құлап есінен айрылады.
Қорғану құралдары. Тыныс органдары мен көзді сүзгілік азаматтық газқағарлар қорғайды: А-қоңыр түсті, Б-сары түсті, Г-қарақоңыр түсті, Е-қара түсті, маркадағы қораптағы өндірістік сүзгілік газқағарлар, БҚФ - қышқыл жасыл түсті, оқшаулаушы газ қағарлар қорғайды. ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар 10000мгм концентрацияда хлор буынан 30 минутқа дейін, 1000 мгм концентрацияда 100 минутқа дейін қорғайды. Газқағар жоқ болса, су бүркілген дәкң мақта таңғышын пайдалануға боладыю
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Зардап шегушіні жедел таза ауаға алып шығып, су буымен демалдыру керек. Ауыр клиникалық формадағы айырықша жағдайда оттегімен демалдырады. Күлдіреген теріні кемінде 15 минут бойы 2% ерітіндісімен жуу керек. Дем алмаған жағдайда ауызға ауыз әдісі мен қолдан дем алдыру керек. Зақымдалушыға ыстық сүт немесе шәй беріп, мойын жағын жылы киіммен қынтап, тыныштыққа қалдыру керек. Тек жатқан күйінде ғана көтері керек.
Хлор төгілген авария жағдайынла ең алдымен газды отырғызу қажет. Сол үшін жуу-шашырату өрт машиналарының, гидранаттардың көмегімен жоғары қысымдағы су пердесін жасап, суды немесе кальцийленген сода ерітіндісін шашыратады. Бұдан кейін су шашыраған жерге аммиак суын, әк тұнбасын, кальцийленген сода ерітіндісін, немесе 60-80% және одан жоғары концентрациядағы каустикті төгеді. Басқа бейтараптандырушы заттарда гидросульфитті, техникалық соданы пайдалануға болады.
Аммиак - мүсәтірге тән қатты иісті, түссіз газ. T=-34 C қатаяды. Газ тәріздес аммиактың тығыздығы - 0,6 кгм, яғни ауадан жеңіл. 18-20% ерітінді аммиак суы деп аталып, тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Сұйық аммиак органикалық қосылыстардың үлкен санын жақсы ерітеді. Тоңазытқыш машиналарының қажетті заты ретінде пайдаланылады, сондай-ақ азотты тұздарды, синил қышқылын, несеп нәрін, тыңайтқышты алуға да қолданылады. Ауа кірген құрғақ аммиак қоспасының жарылуы мүмкін.
Аммиакты қысыммен сұйық күйінде тасиды, атмосфераға шыққанда түтінденеді, суаттарды зақымдайды.
Организмге әсері. Көзне, тыныс органдарына, орталық нерв жүйесі мен тері қабаттарына қауіпті. Аммиактың жаппай әсерінен кейін бірнеше минуттан соң әлсіздік қатты байқалады. Дене құрысады.
Есту қабілеті күрт төмендейді, өкпенің қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымданудың нәтижесінде жүйкенің ауытқуы мүмкін. Қабақ пен көз жанарына күш түсіп, кейде көздің көрмей қалуы мүмкін.
Зақымдану белгілері. Тұмау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының жиілеуі. Аммиактың буы сілекей бездері мен тері қабаттарын қатты тітіркендіреді. Теріні күйдіріп, қызартады. Көз қарауытып, жас ағады. Сұйық аммиак өз ерітіндісімен теріде түйіскенде дененің күюі, үсуі мүмкін. Аммиактың өлімге душар ететін концентрациясы әсер ету кезінде 30 минутта мгл тең.
Қорғаныс құралдары: К - жасыл түсті, И - қызыл түсті, КД - сұр түсті маркадағы қорапқа салынған сүзгіштік өнеркәсіптік газқағарлар.
Өте жоғары концентрацияларда - оқшауландырғыш газқағарлар мен қорғаныс киімі, резиналық етік пен қолғаптар.
Зақымдалу аймағынан шыққан уақытта сумен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын пайдалануға болады.
Алғашқы дәрігерлік көмек. Аммиак пен зақымдалған адамды таза ауаға шығарып, жылы киім кигізіп, тыныштықта қалдыру керек. Он проценттік ментол мен хлороформ ерітіндісі бар жылы су буымен дем алдыру керек. Ыстық сүт ішкізу керек. Тұншыққан жағдайда оттегін жіберіп, ал дауыс қуысы бітелген кезде мойынды қынтап, тамаққа қыздырғыш қағаз басу қажет.
Тері мен кілегейлі қабықтары 15 минут бойы сумен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен шайған жөн. Көзге альбуцидтің 30%-тік ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызып, мұрынға зәйтүн майы, шабдалы майын құю керек. Жатқан күйінде көтеру қажет.
Құйылған аммиакты әлсірету үшін тұз немесе азот қышқылының 5-6% ерітіндісін пайдалануға болады. 1 тонна аммиак төгілген жерді шаю үшін 2 тонна су қажет.
Көміртегі (оксид) тотығы (иісті газ).
Түсі мен иісі жоқ газ. Көміртегінің немесе оның қосындысының жартылай жануы кезінде пайда болады. Ауада көп түтінденіп жанады, қайнау температурасы Ik = -191C. Улы көміртегі тотығының уақыт аралығындағы зақымдалу концентрациясы 2,5 сағатта 0,22 мгл тең. 30 минут аралығындағы өлімге душар еткізетін концентрациясы 3,4-5,7мгл.
Қан түйірлерінен оттегіні ығыстырады. Оттегі көлемі 18-20%-тен 8%-ке дейін төмендеуі мүмкін. Көміртегі тотығы клеткаларға тікелей умен әсер етіп, тыныс алуды бұзуы мүмкін.
Көміртегі тотығының әсерін қолқа және демікпеге ұшыраған, өкпесі, бауыры, қан айналу органдары ауыратын жас адамдар қатты сезеді. Қант пен қан деңгейін көтере отырып, көмірдің алмасуына ықпал етеді. Фосфор мен азоттың алмасуын бұзады. Дем алу тоқтаған бойда адам өмірден кетеді.
Зақымдалу белгілері. Көміртегі әсерінен маңдай мен шекенің тартылуы сезіліп, бас қатты айналып ауырады. Құлақ шуылдап, беттін терісі қызарып күйеді. Тамыр соғысы жиілеп, әлсіздік билейді, құстырады. Одан әрі әлсіздік пен бойкүйездік, талықсу пайда болып, ұйқы тартады. Дене температурасы 38-40 C дейін көтеріледі. Бұдан әрі құстырып, естен тандырады.
Қорғаныс құралдары.
Гопкалитті патрондары немесе ДПГ-1 қосымша патрондарының жиыны бар сүзгілік газқағарлар. ДПГ-1 үшін 3,0 мгл көміртегі қышқылы концентрациясы кезінде қорғаныс ықпалының уақыты - 40 мин. Оқшаулаушы газқағарлар сүзгілік газқағарларға қарағанда тыныс алу органдарын қоршаған атмосферадан толық бейтараптандырады. Оқшауландырушы газқағарлардағы демалу мүмкіндігі онда қысылған күйде жатқан оттегі(КИП-7, КИП-8) немесе химиялық қосынды құрамдағы(ИП-46, ИП-46М) оттегі есебінен жасалады. Оқшауландырушы газқағарлар, сүзгілік газқағарлар сенімді қорғауды қамтамасыз ете алмаған, яғни ауада оттегі жетпеген жағдайда, мысалы ғамараттағы өртті сөндірген кездегі ҚӘУЗ- дің жоғары концентрациясында пайдаланылады.
Алғашқы (дәрігерлеге дейінгі) көмек көрсету. Зардап шегушіні жатқан күйінде (егер ол тіпті өзі қозғала алса да) таза ауаға шығару керек. Қалың киімдерді шешіп, жағасын жазып, белбеуін босатып, денені еркін жатқызу керек. Денесін жылытып, тыныштықта қалдырған жөн, оттегімен ұзақ демалдырады. Жеңіл уланған жағдайда кофе, күрең шай беруге болады.Мақтамен мүсәтір спиртін иіскету қажет. Қатты және орташа уланғандарды стационарға жатқызады.
ҚӘУЗ-дің шығуымен болған авария кезінде халықтың өзін ұстуы мен іс-әрекет тәртібі
Өндірістік авариялардың немесе ХҚО-дағы зілзала салдарынан қоршаған ортаға ҚӘУЗ-дің шығуы мүмкін.
Авария кезінде ХҚО-дағы байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдану қауіпі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс.
Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланылады. Адамдарды тұрғылықты жері бойынша кәсіпорын, ұйым, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшылары, жылжымалы құрылымдары хабарлайды.
Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО-ның кезекші диспетчеріне беріледі. Адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен авариялық қызметтің кезекші ауысымының бастығы мен жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді.Қала халқы, елді мекенді ХҚО-дағы авария туралы хабарлау үшін сиреналар мен басқа да дабыл құралдары қосылады, бұл Баршаңыздың назарыңызға! ескерту дабылын білдіреді. Осы дабыл бойынша халық радио торабын, жергілікті теледидарды, шұғыл хабарды тыңдау үшін қосуға міндетті.
ХҚО жұмысшылары мен қызметшілері хабарлау дабылын естіген бойда жеке қорғану құралын киеді (ЖҚҚ) ең алдымен оқшауландырғыш және өнеркәсіптік газжағарлар киіледі. Әркім өз жұмыс орнында, аварияның жойқын салдарын төмендету үшін барлық мүмкіндікті жасауға тиіс: электр көздерін, дауыс ажыратуды қамтамасыз ету, агрегатты, апаратты тоқтату, технологиялық процесс шарттарына және қауіпсіздік техникасы ережесіне сай газ, бу және су концентрациясын жабу.Бұдан кейін қызметкерлер әзірленген панаханаға жасырынады немесе шағымдану аймағына шығады.
Құрамаға кіретін қызметкерлер авария туралы дабыл бойынша жиналу орнына келіп, химиялық зақымдану ошағын жайылтпау мен жоюға қатысады.
Газқағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы демалмай, зақымдалу аймағына жылдам шығу қажет. Тыныс алу органдарын қорғау үшін, суға шайылған қолда бір мата бұйымдарын, киімнің тері және мақталы жерлерін пайдалануға болады. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек:
желге қарсы бағытта жылдам қозғалу, алайда жүгіріп шаңдатпау қажет;
жабық аулаларды, шұңқырды, тығыз құрылысты учаскені айналып өту;
ғимаратқа сүйкенбеу және айналадағы затқа тиіспеу;
теріде, киімде, аяқ киімде ҚӘУЗ тамшысын байқаған бойда қағаз ширатпасымен немесе бет орамалмен оны алу;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға немесе өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем көрсету.
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Улы заттектер (сильно действующие ядовитые вещества) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы заттпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;
аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.
әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда, тұйық желсіз жерлерде ұзақ сақталуы мүмкін.
Ұлы заттармен зақымданудың жолдары:
уланған ауамен демалғанда;
улы тамшылардың теріге немесе көзге тиюі;
уланған заттарды ұстағанда;
уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Жоғарыд айтып кеткендей хлор мен аммиак улы заттардың ішінде кездесетін ең қауіптісі.
Уланған жағдайда көрсетілетін көмек.
Өндңрңсте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридің, венилхлоридің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені,мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.
Аптечканың ( АИ-2) №2 ұясындағы таблетканы ішу керек.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорграникалық уландырғыш заттар
Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді - 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін өте ұзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады.
Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин - бұл түссііз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі - Иприт.
Ол самырсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам Иприттің буымен демалғанла бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.
Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы - тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді.
Қату температурасы -14 С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.
Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғаш улы зат - фосген.
Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайлы. Бұл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.
Әсері қүшті улы заттар (ӘКУЗ)
ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданыдатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:
1. улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
2. жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;
ӘКУЗ төгілгенде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер;
Хлор - төгілген кезде ең биік орындарға көтерілу қажет:
А) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғары қабатқа көтеріліңіз;
Ә) егер сіз көшеде болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгілген кезде тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қамтыңыз, есік пен терезені жақсылап жабыңыз, ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.
Дегазация -- газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі -- химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады.
Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т.б. жатады. Дегазациялық заттарды дайындауға керекті дегазациялық еріткіш -- 1 пайыздық дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға колданылады. N2 дегазациялық еріткіштер жүйке жүйесін салдықка ұшырататын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Қарсыластың химиялық және бактериологиялық шабуылынан кейінгі зардапты жәю үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды. Дегазациялық жүмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады.

Адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп, әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл - нoосфера дәуірінің басталуы. . Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік. Өйткені Республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде.
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде.Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.Ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені дартпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесінен қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр .
Радиоактивті ластану - қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуініңнәтижесінде пайда болатын альфа -- (гелий ядросы), бетта - (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма - сәулеленулердіңәсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортанның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер - бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа - сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта - сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену - бұл гамма -- сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте - адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездіңқызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде - зиянды ісіктер түзіледі. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
:: Атом өнеткәсібі;
:: Ядролық жарылыстар;
:: Ядролық энергетика;
:: Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені - оларды көму мен жою мәселелеріне алып келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид - стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, аққан ауруы болуы мүмкін .
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет .
Радиоактивті заттардан қорғану.
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы сумен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий - 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін..
Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz