Биотероризм
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
Реферат
тақырыбы: Биотероризм.
Орындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2017ж
Мазмұны
Жоспар
Кіріспе
I. Терроризм туралы түсінік және оның сипаты.
II. Террорлық әрекетте биологиялық қаруды қолдану (биотерроризм).
III. Қазақстандағы биологиялық зиянды ошақтары (бактериологиялық қарулар ошағы - АРАЛ) және оларды шешу жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі күні тұрақтанған Батыс және Шығыс түсініктерінің бел ала бастауы мемлекеттер арасында саяси, экономикалық және тағы басқа тұрғыдағы мәселелерге байланысты, қарапайым қоғамға әбден түсініксіз, үлкен және қауіпті қорытынды - ланкестік, экстремистік қақтығыстарға әкелді. Енді, бұл орныққан жағдай - ешкімге де тиімді еместігін көрсетеді.
Мұндай жағдайда әлемдік қауымдастықтың терроризм және экстремизммен күресудегі әсерлі әреккеттер болып мемлекет тарапынан кепілденген адамдардың оған бірігіп қарсы шығуы табылады. Мемлекеттер бұл аяда қызметтесу арқасында халықаралық өзара әрекеттестіктің құқықтық және саяси негіздерін орнықтырады. Көрсетілген өзара әрекеттестік мынадай жалпы мақсаттарға бағытталған - халықаралық бірігудің арқасында ғана іске асатын халықаралық қылмыстылыққа қарсы әрекеттерді ұйымдастыру, халықаралық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құру.
Біз білетіндей, террордың нәтижесінде адам құқықтары мен бостандықтары жексұрын, қатігез және көргенсіз нысанда бұзылады. Ланкестік акт, қагдай да көрініспен орын алса да, тіптен, соғысқа әкелетін нысандағы экстремизм - ең алдымен, адам баласына, оның бағаланбас өмір фактісіне үлкен қасірет әкеледі.
Терроризм және экстремизм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орныдау үшін барлық объектілерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат - адам өмірі, оның денсаулығы мен қоғамдағы күнделікті іс--қимылын жоюға дейін барудан безбейді.

Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды.
Терроризм және оның бір түрі - діни терроризм, сондай-ақ сепаратизм және діни экстремизм құқықтық категориялық тұрғыдан алып қарағанда халықаралық мәртебелерге ие. Терроризм - террористік идеологияға негізделген. Ал сепаратизм болса, сепаратистік идеологияға сүйенеді. Діни терроризм діни террористік идеологияға сүйенеді. Ал діни экстремизм болса өзіндік діни экстремистік идеологияға негізделеді. Діни экстремизмде діни экстремистік идеология ең басты идеологиялық база болса, тиісінше діни терроризмде діни террористік идеология ең шеткі құбылыс ретінде негізгі идеологиялық база болып табылады. Терроризмнің басқа да барлық түрлерінде және сепаратизмде діни экстремистік немесе діни террористік идеология негізгі база болып қарастырылмайды, тек қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланылады. Әсіресе оны пайдалана отырып адамдарды, этникалық туыс адамдарды өздерінің арнайы террористік ұйымдарының қатарына қосып алу мақсатында арбау, алдау және діни-психологиялық әсер ету арқылы кіргізеді, көндіреді, тіпті зорлайды және қорқытады. Жоғарыда аталған барлық арнайы террористік ұйымдарда дін қағидаларын негізсіз бұрмалап немесе өздерінің ыңғайына қарай бейімдеп, қисынсыз пайдалану әлі де орын алып отыр.
Бұл арнайы террористік ұйымдардың ұйымдық құрылымдары әртүрлі ерекшеліктермен айқышталады. Мысалы, Хизбут-тахрир діни террористік ұйымының құрылымы пирамидалық қағидаға сай функционалдық ұяшықтарды қолданумен құрылады. Бұл ұйымдық құрылым жеті сатыдан тұрады. Саяси террористік ұйымдарда да осындай негізге ұқсас өзіндік құрылымдық жүйелер құрылады. Олар сияқты сепаратистік және этникалық негіздегі террористік ұйымдарда өзгеше ұйымдық құрылым көзделген. Діни террористік немесе діни экстремистік ұйымдардың басқа арнайы террористік ұйымдардан ең басты ерекшеліктері мынада: олар қандай бір халықпен және географиялық аумақпен шектелмейді және олардың жаһандық мақсаттары бар.

Биологиялық қару, бактериологиялық қару -- адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару -- соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.
1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын "Биокомбинат" жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы "Биокомбинат" медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды.
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Биологиялық қару (БҚ) - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.
БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2 -- 5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған, аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.
Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл жұмысына кері әсерін тигізеді.
Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған. Осылайша, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар баршылық. XIX ғасырдың аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар көп болды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 млн-дай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн. адам шейіт болса, 6,5 млн. адам жұқпалы аурулардан өлген. Тіпті біздің уақытта да емдеу мен аурудың алдын алу шараларындағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жұқпалы аурулар ұрыс әрекеттері барысында елеулі із қалдырды. Вьетнамдағы соғыс кезінде американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлуі шейіт болғандар мен жараланғандардан 3 есе көп болды.
Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотия) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.
Биологиялық қаруды мақсатқа сай және жүйелі дайындауға мемлекеттер XX ғасырда биология ғылымдары саласындағы жетістіктерді, табиғатпен патогенді микроорганизмдерді тарату жолдары туралы жоғарғы білімді қолдану нәтижесінде ғана қол жеткізе бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия Оңтүстік Америкадағы Атланта елдері сатып алатып ауыл шаруашылығы малдарына қарсы биологиялық заттарды (күйдіргі, маңқа ауруының қоздырғыштарын), сондай-ақ 1916 ж. Оңтүстік-Батыс (Румын) майданы мен 1917 жылғы француз армиясына қарсы Батыс майданда қарсыластардың атты және артиллериялық армиясына қарсы диверсиялық қолдануда "табысты" қадамдар жасады.
Биологиялық заттарды тарату тәсітідерінің сол кезде қолданылуының қарапайымдылығынан болатын шығын химиялық қаруды қолданғаннан көп болмады. Бірақ биологиялық қаруды қолдану фактісі бүкіл әлемде кең көлемде наразылық толқыньш туғызды, соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей, 1925 ж. 17маусымда Женевада "Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактерологиялық заттарды қолдауға тыйым салу хаттамасына" қол қойылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жылдарда жапондықтар биологиялық қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. 30 жылдардын басында басып алынған Маньчжурия аумағында олар арнайы Квантун армиясын - "731- отрядын" құрды, онда зерттеу және өндірістік бөлімдермен бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға, соның ішінде түтқынға түскен Қытай, АҚШ, КСРО және басқа елдер адамзаттарына да биологиялық заттарды сынауға арналған тәжірибе полигоны болды, онда 3000-ға жуық адам өлген.
1940 жылдан 1944 жылға дейін жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы биологиялық заттардың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан құрбан болды.
1941 жылдан бастап АҚШ биологиялық заттарды әскери мақсатта қолдану мен жасауға қатысты зерттеу жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстар Мэриленд штатында бас әскери ғылыми-зерттеу орталығын, Арканзас штатында биологиялық заттарды өндіру зауыты мен арсеналын, Юта штатында сынақ полигонын және басқа объектілерді салғаннан кейін айрықша дамыды. Онда жүргізілген жұмыстардың бәрі ерекше кұпиялық жағдайында жасырын жүргізіледі. Бірақ БҚ заттары мен оны қолдану тәсілдерін жетітідіруге арналған ең ірі көлемдегі зерттеу жұмыстарын 50-60 жылдары АҚШ пен оның одақтастары жүргізді, олардың қаруды агрессиялық мақсатта қолдануы адамзатқа орны толмас шығын әкелу қаупін тудырды. Бүкіл әлемдегі бейбіт сүйгіш халықтың ең үлкен жеңісі 1972 жылы қабылданған бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар қорын жасауға, өндіруге және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі Конвенциясы болды. Бірақ ЖЖҚ-ның барлық түріне жаппай және толық тыйым салуға ұмтылған іргелі күштер агрессиялық күіптер қарсылығына соқтығысып қалды. Олар әр түрлі сылтаулар айтып, өздерінің көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарында өздерінде бар биологиялық заттар түрін жетілдіру, сондай-ақ оның жаңа түрлерін, оны қолдану тәсілдері мен құралдарын жасап, сынау жұмыстарын жалғастыруда.
Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық кұралдар (БҚ) құрайды -- ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялык агенттер, олар адамдар немесе жануарлар (өсімдіктер) организміне еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері -- мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал -- микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін.
Патогендік микроорганизмдер -- жұқпалы ауруларды қоздырушы -- көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді
Бактериялар -- формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды. Шетел мамандардың назары ботулиникалық токсин мен стафилококк энтертоксинге аударылады.
Бактерия түрдегі микроорганизмдердің өзгеше тобы риккетсиялар болып табылады. Бұл көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-ға дейінгі таяқшы клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларыньщ ипінде ғана көлденең бинарды бөліктермен тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура (+56оС-дейін) әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және басқа ауруларының себебі болып табылады.
Саңырауқұлақтар -- дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Цатогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр я болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.
Вирустар -- биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар.
Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларға шет мамандары колорадты картоп құртын, шегіртке және басқаларын жатқызады, оларды дәнді және техникалық дақылдар егісін құрту мақсатында пайдаланады.
Соңғы онжылдықта арнайы шет елдік әдебиетте биологиялық агенттерді ұрыста пайдалану мүмкіндіктері жиі және толық талқыланды.
Шет мамандармен потенциалды БҚ тобына жоспарланған биологиялық агенттер тізімі кезең-кезеңмен қарастырылып отырады. Соңғы жылдары БҚ тобына адамдарды зақымдау үшін тағы да белгіленіп және жан-жақты зерделенген тропикалық вирусты геморройды безгектер қоздырушылары енгізілді: Ласса, Аргентина, Эбола, Конго-Қрым және басқалар, ал кейбір ауру қоздырушылары жойылды, оларда қарсы қазіргі уақытта жеткілікті түрде тиімді және жалпы қолданылатын күралдар жасалынған. Әсіресе мьшандай фактыға көп назар бөлінеді: егер 20 жыл бұрын БҚ тобын бактерия мен саңырауқұлаққа қатысты аурулар қоздырушылары құрастырса, қазір көбінесе вирустар құрастырады. Соңғы онжылдықта биотехнология саласындағы генді инженерияның дамуына микроорганизмдер қасиеттерін модификациялар бойынша зерттеу жұмыстарына кең жол ашылды.
Генетикалық ақпаратты қолдана отырып, микроорганизмдердің штамптарын ашуға нақты мүмкіндік пайда болды, олардың өзгерген генге қарсы кұрылым мен ерекше қасиеттері бар: артқан вирулентік, сыртқы факторлар мен дәрі препараттары әсеріне тұрақтылық. Сонымен қатар, шетте даярланган микроинкапсолді биоагенттер әдістері биологиялық аэрозольдың мейлінше ұзақ бөлшектерінің аэробиологиялық тұрактылығын арттыруға және олардың дем алу органдарына терең еніп кетуіне мүмкіндік тұрғызады, ал одан зақымдаудың дәрежесі өседі.
Бұл БҚ ретінде инкапсольді генетикалық материалдары пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға вирусты жұқпалы нуклеидті кышқылдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz