Радиациялық сараптама


Радиациялық сараптама
Негізгі төрт бағыты бар:
- Дозиметрлік, бұл иондаушы сәулелердің көздерін және сәулеленуге ұшырау әсерінің деңгейлерін зерттеумен байланысты.
- Радиобиологиялық, бұл эксперименталды және эпидемиологиялық зерттеулер кезінде, ИС-дің адам денсаулығына тигізетін әсерінің эффектілерін және салдарын зерттеу.
- Қызметкерлер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген деңгейлерін сараптамалық регламенттеудің теориясы және методологиясы.
- Санитарлық-ұйымдастырушылық, бұл ИС қорғаудың тәжірибелік шараларын дайындаумен байланысты.
Радиациялық сараптаманың негізгі екі бөлімі:
- Иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтынеңбек сараптамасы.
- Бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанкоммуналды радиациялық сараптама.
Радиациялық сараптаманың міндеттері:
- ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.
- ИС қолайсыз әсерінен қорғанудың жеке адамдық және жалпы шарапларының кешенін жасау.
- Қоршаған ортаның негізгі нысандарының ( ауаның, судың, топырақтың, тағамның) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.
- Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын-алу жөнінде шаралар дайындау.
1895ж- Вюрцбург университетінің физика ғылымының профессоры Вильгельм Конрад Рентген қатты денелерден өтетін ауада бірнеше метрге таралатын қабілеті бар рентген сәулесін ашты.
1896ж- Анри Беккерель уранның өздігінен көзге көрінбейтін сәулелер шығаратынын тапты. Бұл құбылыс белсенділік деп, ал сәулеленудің өзі иондаушы сәулелену деп аталды.
1899ж- Эрнест Резерфорд белсенді заттардың ыдырауы кезінде шығатын альфа- және бета- сәулеленулерді ашты.
1930ж- Фредерик Жолио-Кюри нейтрондық сәулеленуді ашты.
Радиациялық сараптама XX ғасырдың 40-шы жылдарының басында, салыстырмалы түрде беретін ғана, өз бетінше сараптамалық ғылым ретінде дами бастады. Бұл иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар мен сол елді мекен тұрғындарының денсаулығына иондаушы радиацияның әсерін зерттейтін және еңбек пен тұрмыс жағдайының радиациялық кауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғьлыми негізделген қорғану шаралары кешенін жасайтын ғылым.
Рентген сәулелері мен радиоактивті ыдыраудың ашылуының алғашқы жылдарында радиобиологиялық сипатты теориялық және экспериментальдық зерттеулер басталды, сондай-ақ бір мезгілде иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерінен адамдарды қорғау мәселелері де қарастырылды.
Ары қарай осы ғылымның дамуына жаңадан пайда болған сәулелерді ғылымда және тәжірибеде жедел қолдану, сондай-ақ олардың ағзаға зақымдаушы әсерінің аныкталуы өз себебін тигізді.
Әсіресе медицинада рентген және радий сәулелерінің кеңінен қолданылуы, олардың биологиялык әсері жөніндегі жеткілікті көп мәліметтер, иондаушы сәулелерден қорғау мәселелерімен айналысатын, көптеген елдердің күшін біріктіретін фуңдамент болып табылады.
Әскери және бейбітшілік мақсаттағы уран өндіретін өнеркәсіптер мен атомдық энергетиканың дамуы, жасаңды радионуклидтерді алу және оларды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолдану радиациялық сараптаманың дамуына үлесін қосты.
XX ғасырдың 50-ші жылдарында денсаулық сақтау Министрлігі құрамында республикалық, қалалык СЭС-ің базасында радиациялық қауіпсіздік бөлімдері мен радиологиялық топтардың құрылуы тарихтағы маңызды кезең болып табылады.
Қазіргі кездегі ҚР ДМ-ің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бакылау комитетінің жанындағы республикалық СЭС-те, сондай-ак, 14 облыстағы облыстық және Астана, Алматы, Степногорск қалаларының санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасы жанында радиациялық сараптама бөлімдері жұмыс істейді, ал санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығының құрамында радиациялық бақылау зертханасы жұмыс істейді.
Пәннің негізгі бағыттары дозиметрлік, радиобиологиялық бағыттар, рұқсат етілетін сәулеленуге ұшырау деңгейін сараптамалық регламенттеу теориясы мен әдістемесі және радиацияға қарсы корғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағыты болып табылады.
Радиациялық сараптама бойынша негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарында, ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі», «Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай жөнінде», заңдарында көрсетілген, осылардың негізінде Республиканың барлық тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СЕ 2. 6. 1. 758- 99» және басқа нормативтік актілер өңделді және бекітілді.
Медициналық-профилактикалық факультетте радиациялық сараптаманы оқыту жекеленген кәсіптік топтар мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жағдайлары бойынша объективті ақпарат алу үшін пәннің теориялық негізін меңгеруге, санитарлық-дозиметрлік зерттеулерді игеруге, сондай-ақ радиологиялық объекгілердегі алдьн-ала және ағымдық санитарлық бақылау жүргізу дағдыларын үйренуге бағытталған.
- Әдебиет
- Бекмагамбетова Ж. Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. - Алматы, 2002. - 304с.
- Кенесариев Ү. И., Бекмағамбетова Ж. Ж., Жоламанов М. Е., Рузуддинова Г. Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы. -Алматы, 2004. -160б.
- сараптама: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү. И. Кенесариев және т. б. -Алматы:2010ж-656б.
- Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
- Радиациялық сараптама дегеніміз не?
- Радиациялық сараптаманың негізгі бағыттары, міндеттері қандай?
- Осы ғылымның дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білеміз?
- Радиациялық сараптама саласы бойынша ҚР-да қандай заңды құжаттарды білеміз?
Дәріс №2
- Тақырыбы:Радиациялық сараптамада пайдаланылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиациялық сараптамада қолданылатын әдістер.
- Мақсаты:Радиациялық сараптамада қолданылатын терминдер мен анықтамаларды жете ұғу, оларға сипаттама бере білу.
- Дәріс тезистері:
Иондағыш сәулелену- зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену, олар ортасымен әсерлескен кезде белгілері әртүрлі иондар түзеді.
Сәулеленудің келесі түрлері бар:
α-сәулеленуі - оң зарядталған гелий ядроларының ағыны, иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада таралу ұзындығы 3-11см, ағза тіндерінде бірнеше микрон.
β-сәулеленуі - оң зарядталған электрондардың немесе теріс зарядталған позитрондардың ағыны, иондандырғыш қабілеті аз, енгіштік қабілеті басым, ауада таралу ұзындығы 10-15м, ағза тіндерінде бірнеше мм.
γ-сәулеленуі - радиоактивтілік айналым кезінде шығатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны, енгіштік қабілеті өте үлкен, ауада таралу ұзындығы жүздеген метр, иондағыш қабілеті үлкен емес.
Рентген сәулеленуі - табиғаты жағынан гамма-сәулеленуге ұқсас, бұл заттағы жылдам электрондарды тежеу кезінде жасанды түрде пайда болатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны.
Нейтрондық сәулелену - нейтрондар ағыны., ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөліну реакциясы кезінде пайда болады. Енгіштік қабілеті үлкен, себебі нейтрондардың заряды жоқ.
Иондағыш сәулелену көзі- иондағыш сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті радиоактивті зат немесе қондырғы.
Табиғи сәулелену көзі - табиғи текті иондағыш сәулелену көзі.
Техногенді сәулеленуге ұшырау - пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты да және апат жағдайларындағы техногендік сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырауы.
Жабық көздері- пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез келген иондаушы сәулелену көздері.
Ашық көздер- мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге ұшырауы да мүмкін.
Радиобелсенділік- бұл өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (α-бөлшектер, β-бөлшектер, γ-квант, т. б. ) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы.
Радиобелсенділіктің айналу түрлері:
α-ыдырау- реттік номері үлкен, табиғи белсенді элементтерге тән.
Электрондық β-ыдырау- табиғи да, жасанды да белсенді элементтерге тән.
Позитрондық β-ыдырау- кейбір жасанды радиобелсенді зотоптарда байқалады.
Сәулеленуге ұшырау- иондағыш сәулеленудің адамға әсері.
Табиғи сәулеленуге ұшырау- ИС табиғи көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.
Техногенді сәулеленуге ұшырау- пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.
Қызметкер- сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А-тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б -тобы) адамдар.
Халық- иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.
Доза- радиациялық сараптамада иондаушы сәулеленуді сандық бағалауы үшін қолданылатын түсінік.
Доза қуаты- уақыт аралығындағы дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.
Доза шегі- қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері.
Радиациялық сараптамада қолданылатын әдістер:
- Дозиметриялық
- Радиометриялық
- Спектрометриялық
- Радиохимиялық
5. Әдебиет
- Бекмагамбетова Ж. Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. - Алматы, 2002. - 304с.
- Кенесариев Ү. И., Бекмағамбетова Ж. Ж., Жоламанов М. Е., Рузуддинова Г. Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы. -Алматы, 2004. -160б.
- сараптама: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү. И. Кенесариев және т. б. -Алматы:2010ж-656б.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)
- Радиациялық сараптамада жиі қолданатын қандай терминдер мен анықтамалар білеміз?
- Радиациялық сараптамада жиі қолданатын қандай зерттеу әдістерін білеміз?
ТақырыбыТ№ 5: Қоршаған орта объектілерін санитарлық сараптау. Қоршаған орта объектілерін дезактивациялау әдістері.
- Мақсаты:қоршаған ортаның радионуклидтті ластануының потенциалдық көздерi; адам ағзасына ҚОдан радионуклидтердiң миграция жолдары туралы бiлiмдi қалыптастыру; радиометриялық өлшемдер бойынша ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, топырақтың және ҚО басқа объектілерінің белседілігін гигиеналық бағалау және анықтау әдістерін және есеп жүргізу, ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, ҚО объектілерінің дезактивациясың өткiзу нәтижелерi бойынша шешiм ресiмдеу туралы дағдыларды қалыптастыру.
Қоршаған орта факторларын зерттеу әдістері - биотикалық компоненттердің мәліметтерін толықтыру үшін қоршаған ортаның негізгі факторларын - эдафикалық, топографиялық және климаттық (су, ылғал, температура, жарық жел) білу үшін қажетті болып табылатын қоршаған ортаның факторларын зерттеудің әртүрлі әдістері.
Далалық әдістер - далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұндай жағдайда физиология, биохимия, анатомия, систематика және т. б әдістері қолданылады. Далалық әдістер арқылы организмге немесе популяцияға әртүрлі факторлардың әсерін, белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі мен дамуын анықтауға болады.
Экспериментальді әдістер - табиғаттағы қарым-қатынастардың себебін анықтау. Бұл әдістер арқылы организмнің дамуына жасанды, қолдан жасалған кейбір жекелей факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді. Лабораториялық жағдайда алынған тұжырымдар міндетті түрде табиғи жағдайда тексеруді қажет етеді.
Химиялық әдістер - қауымдастықтағы жеке организмдерде минералды заттардың, органикалық заттардың жинақталуын анықтау.
Физиологиялық әдістер - жеке организмдер мен қауымдастықтағы болып жатқан физиологиялық процесстерді анықтау.
Геоботаникалық картаға түсіру - картаға өсімдіктер ассоциациялары немесе ассоциация топтары түсіріледі. Аэрофотосуреттер қолданылады.
Экологиялық сараптау - адамдардың шаруашылық немесе басқа да іс-әрекетінің тексеруге бағытталған шаралар жүйесі немесе таңдалған аймақ төңірегіндегі жаңадан енгізілген шаруашылық кешеннің тіршілік ортасына, табиғи ресурстарға және адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалау.
Экологиялық болжау - экологиялық өзгерістерге алдын ала болжау жасау.
Экологиялық жобалау - қоршаған табиғи ортаға немесе бұған дейін-ақ бұзылған ортаға араласу тұрғысындағы кез келген жобаны экологиялық талаптар мен нормативтерге суйеніп, сондай-ак экологиялық білімдердің бүкіл кешенін ескере отырып негіздеу.
Экологиялық жоспарлау - экологиялық тепе-тендікгі бұзбай жөне табигат игіліктерін қоса пайдаланатын бір шаруашылықтың басқа шаруашылық салаларына зиян келтірмей алатын және қолданатын табиғи ресурстардың немесе аумақтардың мүмкіндік көлемін есептеу.
Математикалық әдістер және модельдеу - математикалық белгілердің көмегімен зерттеуге алынған жүйенің кейбір параметрлерінің мәндері өзгертіліп, жасанды жүйенің өзгеруін, яғни соңғы нәтижесінің қалай өзгеруін анықтау.
Экологиялық сараптама -
шаруашылық және де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкес келуінің, осы қызметтің қоршаған ортаға жасалуы мүмкін теріс әсерлерінің және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға жол берілуінің анықтамасы.
3. Оқыту міндеттері:
- қоршаған ортаның радионуклидті ластануының потенциалдық көздерiмен таныстыру;
- адам ағзасына ҚОдан радионуклидтердiң миграция жолдарымен таныстыру;
- ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, топырақтың және ҚО басқа объектілерінің белседілігін анықтау әдістеріне үйрету,
- ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, топырақтың және ҚО басқа объектілерінің белседілігін гигиеналық бағалау әдістеріне үйрету,
- ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, ҚО объектілерінің дезактивациясың өткiзу нәтижелерi бойынша шешiм ресiмдеуді үйрету,
- қоршаған ортаның объекттерiнiң дезактивациясының әдiстерiне үйрету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-Қоршаған ортадағы техногендi радиоактивтi заттарының мiнез-құлықы.
-Ауаны гигиеналық зерттеу және радиоактивтiгiнiң бағалау әдiстерi.
-Ауадағы РЗ меншiктi көлемдi белсендiлiгiң анықтау үшiн қолданылатын радиометрлер.
- гигиеналық зерттеу және белсендiлiктiң бағалау әдiстерi.
-Азық-түлiк өнiмдерiн гигиеналық зерттеу және белсендiлiктiң бағалау әдiстерi.
-Топырақты гигиеналық зерттеу және белсендiлiктiң бағалау әдiстерi.
-Радиациялық апатт мерзiмінде азық-түлiк өнiмдерiн, ауыз суды тұрғындарға тұтынуды шектеу жайлы.
-Қоршаған ортаның объекттерiнiң дезактивациясының негiзгi әдiстерi.
1. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері - бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушыфакторы - бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.
Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы - бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.
Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы. Сонымен қатар авария- нысанда, белгілі бір аумақта немесе аймақта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылар мен транспорттық құралдардың қирауын, өндірістік және транспорттық үрдістің бұзылуын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға шығын келтіруді тудыратын қауіпті техногенді оқиға.
Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.
Техногенді қауіп - нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.
Ықтимал қауіпті нысан - төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.
Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.
Қауіпті заттың мүмкін шекті ңоспасы - адаммен үнемі қарым-қатынас кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында оған әсер еткендегі адамның денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан бірлігімен немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы, азық - түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.
Зақымдану аймагы - белгілі уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге қауіп келтіретін мөлшерде аумағында химиялық заттар таратылған немесе қауіпті химиялық және биологиялық заттар енгізілген территория немесе аймақ.
Өнеркәсіптік авариялар мен апаттар:
Өнеркәсіптік авария - техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.
Жобалық өнеркәсіптік авария - бастапқы және ақырғы жағдайы жобамен белгіленген және белгіленген шектермен авария салдарының шектеуін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.
Жобадан тыс өнеркәсіптік авария - жобалық авария үшін ескерілмеген бастапқы жағдай тудыратын және жобалық авариялармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың қате шешімдерді іске асырумен қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.
Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына алып келген, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірген және нысандардың, айтарлықтай мөлшерде материалдық құндылықтардың жойылуына, сондай -ақ қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.
Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.
Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі - техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу.
Радиациялық авария - аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын алакөрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және ионизациялаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялы - қауіпті нысандағы авария.
Радиоактивті ластану - жер үстінің, атмосфераның, судың болмаса азық -түліктің, тағамдық шикізаттың және әртүрлі заттардың радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелеріндегі бекітілген шама денгейінен асатын мөлшердегі радиоактивті заттармен ластануы.
Радиациялы қауіпті нысан - радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария немесе оның қирауы кезінде адамдарды, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондаушы сәулелермен сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.
Радиоактивті ластану аймагы - аймағында радиоактивті ластануы бар территория немесе аймақ.
Радиациялық қоргау режимі - иондаушы сәулелердің адамдарға әсерін төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану аймағындағы қорғаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.
Радиациялық бақылау - радиоактивті заттармен иондаушы заттардың басқа да көздерімен жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті және санитарлы ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау, сондай-ақ адамдардың сәулелену деңгейі және нысандағы және қоршаған ортадағы радиациялық жағдай жөнінде хабарлама алу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz