Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі

Реферат

тақырыбы: Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 2017ж

Мазмұны

Жоспар

I. Жұқпалы аурулар

II. Жұқпалы аурулардың диагностикасы.

III. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Пайдаланылған әдебиеттер

I. Жұқпалы аурулар .

Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз көре алмайсыз - ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Жұқпалы ауруларды кейде тек "инфекция" деп те атайды. Олар:

  • Ішек аурулары;
  • Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
  • Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
  • Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек аурулары мысалы А-гепатиті вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.

Жұқпалы аурулардың пайда болуының факторлары

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:

  1. ауру қоздырғышы (микроб),
  2. сыртқы орта және
  3. қабылдаушы сезімтал организм.

Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т. б. ) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, ішсүзегі, паратиф, дизентерия, т. б. - су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т. б. - ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері - ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек - сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т. б. ) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады

Жұқпалы аурулар

  • жасырын (инкубациялық),
  • күмәнді (продромалдық),
  • ауру дамуы және
  • айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады.

Жұқпалы аурулар - патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.

Инфекциялық процесс - қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.

Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.

Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік) түрлерінің жедел және созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол ағзаның қорғаныс реакциясына жатады. Себебі, дене қызуы көтерелілген жағдайда қанның бактерицидті әсері жоғарлайды. Сондықтан, жұқпалы аурулар кезінде антипиретикктерді қолдануға тыйым салынады. Интоксикацияға қарсы күресу барысында көп мөлшерлі су ішу, немесе ертінділерді тамыр ішіне енгізу қажет.

Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты гепатиттер және т. б) .

Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне байланысты.

Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды . Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері бар :

1. жұқпалы ауру пайда болу үшін этиологиялық агент қажет;

2. жұқпалы аурулардың жұғу қауіпі жоғары;

3. жұқпалы аурулар ағымында кезеңділік байқалады;

4. жұқпалы ауру барысында иммунитет дамиды.

Жұқпалы аурулардың кезеңдері:

1. инкубациялық кезең - адам ағзасына қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;

2. продромальді (бастапқы) кезең - клиникалық көріністердің пайда болуымен басталады, бұл кезеңнің ұзақтығы бір күннен 1-2 аптаға дейін созылуы мумкін;

3. өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.

4. реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.

Инфекциялық үрдістің әр сатысында асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар спецификалық (арнайы) және спецификалық емес (арнайы емес) болып ажыратылады. Арнайы асқынулар - осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамитын асқынуы, арнайы емес- барлық микроағзалардың әсерінен дамуы мүмкін

II. Жұқпалы аурулардың диагностикасы.

Диагностика түрлері :

  1. Эпидемиологиялық анамнез
  2. Лабораторлық тестілер
  3. Инструментальды әдістер.

Диагностикасында лабораторлық тест шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

  1. Қоздырғышты тікелей анықтау - бактериоскопиялық, бактериологиялық, вирусологиялық зерттеулер.
  2. Жанама әдіс - қоздырғыштың ағзаға ену реакциясын анықтау, серологиялық, аллергологиялық, биохимиялық зерттеулер.
  3. Қоздырғышты тікелей анықтау әдісі.
  4. Бактериоскопиялық (микроскопиялық) әдіс - патологиялық материалды тікелей зерттегенде қоздырғышты анықтау.

Микробтардың микроскопиясын боялған жұғындыда немесе зақымдалмаған күйде («ілінген тамшы») өткізеді. Бактериоскопиялық зерттеуді ауыз қуысы мен аңқадан дифтерияға күдік туғанда жұғынды алады, менингиттерде жұлын ми сұйықтық тұнбасын жұғынды, зәр, нәжіс, өт жұғындыларында қарапайымдылар, гельминттер мен олардың жұмыртқалары табылады.

Бактериологиялық әдіс - қоректік ортаға зерттелетін материал егіледі, онда қоздырғыштардың өсуі болады, оларды табу мүмкіндігін туғызады. Науқастан бактериологиялық зерттеуге алынатын материал зарарсыздалған күйді сақтаумен алынады.

Вирустық инфекцияға күдік туғанда вирусологиялық зерттеу жүргізіледі.

Әсіресе зерттелетін материал - мұрын жұтқыншақ кілегейі, ал жеке

инфекцияларда жұлын ми сұйықтығы, қан, науқастың нәжісі.

Материалды зарарсыздалған, арнайы консерванты бар пробиркаға жинайды.

Қоздырғыштарды жанама әдіспен анықтау :

Серологиялық әдіс - (қан сарысуын зерттеу) инфекциялық ауруларды диагностикалау негізінде ағзаның иммунологиялық реакциялардың жауабын анықтау, микробты немесе вирусты агенттермен шақырылған.

Науқастың қан сарысуында микробтар немесе вирустар антигендеріне антиденелер анықталуы, ауруды шақырған, аурудың 7-10 күні ерте емес, өйткені осы әдісті қолданғанда осы кезеңде ғана антиденелер концентрациясын жоғарлап жеткілікті болады.

Қан сарысуында антиденелер концентрациясы титрмен белгіленеді, максимальды араласады сонда ғана оң реакция шығады. Жиі агглютинация реациясын қолданады, олардың ішінде тікелей емес (РНГА) реакция сезімтал.

Диагносткалық мәліметті науқастың сарысуындағы ізделген антиденелер ғана емес сонымен қатар олар ауру ағымында өршуін береді. Ағзада инфекциялық процесс болуына арнайы антиденелер титрінің оң динамикасы болуы, шақырылатын қоздырғыш пен антигенде түзілген антиденелер.

Аллергологиялық диагностикалық сынамалар - науқастың ағзасында инфекциялық аурулар кезінде аллергиялық өзгерістерді бейнелейді. Аллергиялық сынамалар ағзаның жеке жүйелеріне жоғары сезімталдылықты бейнелейді, ауру қоздырғышының тіршілік өнімдері мен қайта кездескенде. Диагностикалық маңыздылығын аллергиялық сынамалардың арнайылығын анықтайды.

Аллергиялық диагностикалық сынамаларын тері ішіне енгізумен жүргізуге болады, әртүрлі микробтар антигендерін немесе аллерген

қоздырғыштары мен науқас лейкоциттерін қосу арқылы.

Аллергиялық диагностикалық сынамалар дизентерия, бруцеллезде, туляремия т. б. ауруларда қолданады.

Зоонозды жұқпалар ауруларының таралуы кез келген жұқпалар мен көптеген соматикалық аурулардан пайда болады, бірақ диагноз тек зертханалық зерттеу кезінде белгілі болады.

Генетикалық әдіс, полимеразды тізбек реакциясы молекулярлы-биологиялық әдістердің ішіндегі ең сезімтал болып табылады.
ПТР әдісі нақты уақытта жоғары сезімталдығымен, өзгешелігімен және жан- жақтылығымен ерекшеленеді, талдау нәтижесін 3, 5- 4, 5 сағат ішінде алады.

Санитариялық- эпидемиологиялық сараптама орталығындағы аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасы төмендегідей жоғары білікті қызмет көрсетеді:

  • Адамдарға зоонозды жұқпалар тобына - ( сарып, иерсиниоз, листериоз, лептоспироз, пастереллез), сонымен бірге хламидиоз, бөртпе сүзегіне зерттеу жүргізу;
  • Адамдарды иерсиниозға қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық кешенді тексеру;
  • Адамдарды листериозға қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық кешенді тексеру;
  • Сарыпқа бактериологиялық ( гемоөсіндіге қан тапсыру), серологиялық ( Хеддльсон реакциясы, Райта, Розбенгал сынама, РПГА), иммунологиялық кешенді тексеру;
  • Туляремияға бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық, генетикалық тексеруден өткізу;
  • Түйнемеге қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық, генетикалық кешенді тексеру.

Тырысқаққа бактериологиялық, микроскопиялық серологиялық, генетикалық зерттеу, тырысқақтың қоздырғыштарын анықтауда жедел әдістің алдын ала уақыты 3-4 сағат бұрын;

Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының бөлінуі кезінде антибиотиктердің негізгі топтарының сезімталдығын анықтау;

Аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына қоршаған орта материалдарын ( ашық суқоймасының сулары, су бұрқағыштар, хауыздардағы тырысқақты тексеру, ошақтардағы сарыпқа материал алу: сүт, сүт өнімдері, ет, ет өнімдері, сыртқы орта, туляремияға кеміргіштер, түйнемеге ет және ет өнімдері) бактериологиялық, серологиялық кешенді тексеру.

III. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Жалпы ережелер

1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) ауруханаішілік ауру - медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін немесе медициналық көмек алғаннан кейін, медициналық ұйымда болған уақытында немесе медициналық көмек алғаннан кейін инкубациялық кезеңде науқаста пайда болатын кез келген инфекциялық ауру, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерінің медициналық ұйымдағы жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру;

2) ауыр жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі - АЖРИ) - пациентті дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін және анамнезінде ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын >38 0 С жоғары температурамен немесе қызумен, жөтелмен, ентігумен немесе тыныс алудың қиындауымен сипатталатын ауру;

3) бактерия тасымалдаушылық - аурудың клиникалық көріністерсіз инфекциялық (паразиттік) аурулар қоздырғыштарының адам немесе жануар организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға бөлінуімен сипатталатын инфекциялық процестің нысаны;

4) бактериофагтар - бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге бейім бактерия вирустары;

5) бас тарту - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы;

6) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары - кабинеттік оқыту жүйесін алып тастауды, көпшілік, ойын-сауық және спорт іс-шараларын шектеуді, тұмаумен ауыратын науқастарды уақтылы оқшаулауды, бетперде режимін енгізуді, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;

7) байланыста болған адам ­- инфекция қоздырғышымен байланыста болатын және (немесе) болған адам;

8) вирустық көлік ортасы (бұдан әрі - ВКО) - клиникалық материал үлгілерінде вирустарды зертханаға дейін тасымалдау процесінде сақтауға арналған дайын сұйық орта;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган) - денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады;

10) дизентерия - көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын шигелла (Shigella) текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру улану және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;

11) дисбактериоз - созылмалы аурулардың, антибиотиктерді ұзақ қабылдаудың нәтижесінде туындайтын ішек жұмысының ауытқуы және фермент шығару қабілетінің бұзылуы бірге жүретін ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;

12) демеуші кезең - әлі де сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез процесінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі;

13) Дьюар ыдысы - биологиялық үлгілерді сұйық азот ортасында ұзақ сақтауға және тасымалдауға арналған резервуар;

14) емделуден жалтару - өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасында белгіленген туберкулезге қарсы препараттарды үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт бойы қабылдамау;

15) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) - бұл ерекше маркерлері бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы;

16) жіті ішек инфекциялары - асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын патогенді және шартты патогенді бактериялардан, вирустардан болатын инфекциялық аурулар;

17) жіті респираторлық вирустық инфекция (бұдан әрі - ЖРВИ) - ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальдық және басқа да вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы;

18) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды) әдеттегі эпидемиологиялық қадағалау - халықтың жіті респираторлық тұмау тәрізді аурудың және/немесе пневмонияның клиникалық белгілерімен жүгінуі бойынша республиканың барлық аумағында тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларынан (пневмониялар) болған өлім-жітімнің деңгейі мен динамикасын мониторингілеу;

19) иерсиниоз - улану белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;

20) инкубациялық кезең - инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;

21) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;

22) инфекциялық немесе паразиттік аурулар ошағы - инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;

23) индикаторлық көрсеткіштер - тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі - ТТА), АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - ШЭҚ) жүйесін ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері;

24) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі - ККДК) - бұл штаммдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін туберкулез микробактериясынан (бұдан әрі - ТМБ) болған туберкулез;

25) көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі - КДК) -штаммдары изониазид пен рифампицинге төзімді ТМБ-дан туындаған туберкулез;

26) қарқынды кезең - аурудың клиникалық белгілерін жоюға және ТМБ-ның популяциясына барынша әсер етуге бағытталған терапияның бастапқы кезеңі;

27) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия бөлуші) - ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде, тіпті бір рет болса да қышқылға тұрақты бактериялардың (бұдан әрі - ҚТБ) анықталуы;

28) қылаулар - аш ішектің лимфа жүйесінің жарамен зақымдалуымен, бактериемиямен, жалпы улану көріністерінің циклдық ағымымен, қоздырғыштың көбіне тағам және су жолдарымен іске асырылатын нәжіс-ауыз арқылы берілу тетігімен сипатталатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла түрінің (Salmonella paratyphi) бактериялары тудыратын бактериялық жіті инфекциялық аурулар;

29) микроскопиялық зерттеу - зерттеуге алынған жағындылардан ҚТБ-ды анықтау әдісі;

30) Манту сынамасы - ерекше диагностикалық тест, халықаралық екі туберкулин бірлігімен теріішілік туберкулин Манту сынамасы (бұдан әрі - 2 ТБ-мен Манту) ;

31) парентералдық механизм - инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі;

32) реконвалесцент - аурудан айығу сатысындағы науқас адам;

33) ремиссия - ауру көріністерінің уақытша әлсізденуімен немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі;

34) ретроспективті эпидемиологиялық талдау - эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалы жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау;

35) репрезентативті іріктеу - бас жиынтықтың негізгі белгілері сақталған және деректер көрсетілген белгі осы бас жиынтықта көрінетін пропорцияда немесе сондай жиілікте ұсынылатын іріктеу;

36) ротавирустық инфекция - асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру;

37) сальмонеллез - сальмонелла (Salmonella) тобына жататын қоздырғыштардың нәжіс-ауыз қуысы арқылы берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы, олар белгілері білінбейтін бактерия тасымалдаушылықтан бастап, ауыр септикалық түрлеріне дейін болатын клиникалық көріністерінің көптүрлілігімен сипатталады. Көбінесе жіті гастроэнтерит түрінде өтеді;

38) санация - организмді сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу;

39) сырқаттанушылықты бақылау деңгейі - алдыңғы бес жыл ішіндегі сырқаттанушылықтың орташа шамасына қарай әрбір уақыт аралығына және нақты елді мекенге тән сырқаттанушылықтың шекті деңгейі. Жалпы алғанда аумақ үшін және халықтың жекелеген тобы (жас ерекшелік, кәсіби) үшін есептеледі. Талданатын көрсеткіштердің жоғары бақылау деңгейіне жақындауы немесе одан артуы эпидемиологиялық қолайсыздықты білдіреді;

40) сүзгі - емханаларда ұйымдастырылады, оның міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі топқа: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың басқа көріністері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға сұрыптау болып табылады;

41) стационарлардағы шектеу іс-шаралары - медқызметкерлер мен пациенттердің жүріп-тұруының ерекше режимін көздейтін тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың таралуын болдырмауға, тұмаумен ауыратын науқастарды уақтылы оқшаулауға, бетперде режимін енгізуге, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуге және жеке гигиенаны сақтауға бағытталған шаралар;

42) таңертеңгілік сүзгі - мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілерінде, мектептерде, гимназияларда, лицейлерде аңқаны қарай, температураны өлшей отырып, ата-аналардан ЖРВИ және тұмаудың белгілері мен симптомдарының болуын сұрау арқылы балаларды қабылдау;

43) термоконтейнер - жылудан оқшаулау қасиеттері және тығыз жабылатын қақпағы бар үлгілерді тасуға арналған жәшік (немесе сөмке), ондағы тиімді температуралық режим (плюс 2°С-тан плюс 8°С- қа дейін) қуысына салынған мұздатылған тоңазыту элементтерінің көмегімен қамтамасыз етіледі;

44) туберкулез инфекциясының ошағы - бактерия бөлетін науқастың тұрғылықты (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме және тағыда басқалары), оқу, жұмыс, демалыс орны;

45) туберкулез - патологиялық процеске өкпеден басқа организмнің барлық органдары мен тіндері ұшырауы мүмкін, бірақ көбінесе өкпеде шоғырланатын ауру;

46) туберкулиндік диагностика - 2 ТБ-мен Манту сынамасы бойынша ерекше диагностикалық зерттеу;

47) тұмау тәрізді аурулар - ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын дене қызуының 38 0 С-тан жоғарылауымен және жөтелмен қоса жүретін жіті респираторлық вирустық ауру жағдайлары;

48) тұмауды ШЭҚ жөніндегі аймақтық вирусологиялық зертхана (аймақтық вирусологиялық зертхана) - ТТА, АЖРИ және тұмауды ШЭҚ жүйесіне қатысатын вирусологиялық зертханаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, сапаны сырттай бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үлгілерді растауды (қайта тестілеуді) жүзеге асыратын вирусологиялық зертхана;

49) фаготип - типтік бактериофактар құрамына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы;

50) флюоорографиялық, рентгенологиялық тексеру - флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеу;

51) халықтың декреттелген тобы - айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;

52) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті;

53) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау - еліміздегі тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық және вирусологиялық сипаттамаларын, тұмаудың экономикалық залалын әлемнің басқа елдерінің деректерімен салыстыруға мүмкіндік беретін, ТТА туралы ақпаратты және репрезентативті топтардағы ТТА және АЖРИ-мен ауыратын науқастардың материалы үлгілерін жүйелі жинау;

54) шолғыншы өңірлер - ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі енгізілген және жүргізілетін әкімшілік аумақтар;
55) шолғыншы орталықтар - ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі жүзеге асырылатын медициналық ұйымдар;
56) іш сүзегі - аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз қуысы арқылы және нәжістен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық жолдармен таралатын, споралық таралумен қатар ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын бактериялы инфекциялық ауру;

57) энтералдық механизм - инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Төтенше жағдайлар (топтасуы және жалпы ұғымдар)
Эпидемиологияның даму тарихы
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Төтенше жағдайларда эпидемиялық ошақтың ерекшеліктері
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz