Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология , міндеттері және мақсаттары.
2. Мақсаты: эпидемиология медицина ғылымдарының өзіндік дербес саласы ретінде және жұқпалы ауурлар эпидемиологиясының қазіргі кездегі мақсаты мен міндеттері. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері бойынша білімдерін қалыптастыру.
Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы - бұл эпидемиялық процестің объективті заңдылықтары (адамға жұғу заңдылықтары) және пайда болуын ескерту жолдары, тұрғындар арасында жұқпалы (паразиттік) аурулардың таралуы және оларға қарсы күресу туралы ғылым.
Жұқпалы аурулардың қазіргі кездегі эпидемиологиясының мақсаты - эпидемиялық процестің дамуы мен механизмдерін, талдау және ауруларды ескерту тәсілдері қолдануды және олармен күресуді оқыту. Эпидемиология ғылым ретінде екі негізгі міндетті шешеді. Біріншісі - адам қоғамындағы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын ашу және оқыту, екіншісі - ғылыми негізделген теориялар негізінде жинақталған алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жасау.
Эпидемиологиялық зерттеу әдістері - бұл тәсілдер жиынтығы. Эпидемиялық процестің ретроспективті және қауырт белгілері (көріністері) үшін арналған және оның негізінде - пайда болуы мен себептерін анықтау.
5. Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО Издательство ФОЛИАНТ, 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. - М.: Медицина, 2003.

Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
2. Мақсаты: эпдемиялық үрдіс заңдылықтарымен таныстыру.
1. Арнайы қоздырғыштардың организмге енуі кезінде жұқпалы аурулар пайда болады. Микроб қоздырғышы барлық биологиялық түр ретінде, ұрпағының қайта жасауы процесі кезінде үздіксіз сақталуы мүмкін. Паразиттің ие организмінде болуы жаңа организмге ену мүмкіндігін, бұл эволоюцияда және эпидемиолог тек қоздырғышпен емес биологиялық иесімен, сонымен қатар инфекция көзімен жұмыс жасайды.
2. Инфекция көзі ретінде шынайы болуы мен қоздырғыштың көбеюі болған жерді тірі объект деп түсіну (Л.В. Громашевский).
3. Қоздырғыш көзі болуы мүмкін: А) ауру адам, бірақ ауру адам аурудың барлық кезңінде қауіпті болмауы. Жұқпалы ауру ағымы циклді, көптеген оқиғаларда өршу кезеңінде адам қауіпті болып келеді.
Б) Қоздырғыш көзі болуы мүмкін және тасымалдаушысы (іш сүзегі, сүзектерде, құрөзектерде және т.б. кезінде)
В) Жұқпалы аурулар ауруы бар арасында (бруцеллез, сібір жарасы, құтыру) кезінде жануарлар, кеміргіштер, құстар инфекция көзі болуы мүмкін.
4. Қоздырғыш бір (ауру) организмнен екінші (сау) организмге ауысуы жағдайында түр ретінде сақталуы мүмкін. Түрлік және жеке иенің ауысуы зарарланған организмнен шығуы 3 тізбектен тұрады..
Б - қоздырғыштың қоршаған ортада болуы.
В - қоздырғыштың жаңа организмге енуі
Бұл 3-уі қоздырғыштың берілу механизмін, берілу жолдары мен факторларының таралуын құрайды.
5. Эпидемиялық процестің 3 тізбегі тұрғындардың қабылдаумаушылығы үшін қажет.

5. Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО Издательство ФОЛИАНТ, 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. - М.: Медицина, 2003.

Ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері.
Мақсаты: ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері бойынша білімдерін қалыптастыру.
идемиологиялық әдіс жеке жағдайларды емес, көпшілік дертті жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән жалпы заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі барлық популяция мен репрезентативті топты зерттеу нәтижесінде алынған жағдайда ғана маңызды болып табылады. Популяция бір аймақты мекендеген тұрғындар немесе қандай да басқа бір белгілері арқылы біріккен (мамандық, жыныстық, рассалық және т.б.) топтар болуы мүмкін. Популяция шизофрениямен, эпилепсиямен немесе қандай-да бір басқа аурулармен ауыратын адамдардың тобы болуы мүмкін. Көлемді зерттеулерде репрезентативті топтар құрылады.
Құрылған топ барлық көрсеткіштері бойынша популяцияға (жынысы, жасы, қызметі, білімі) сәйкес келуі керек.
Тұрғындардың психикалық денсаулығының негізгі көрсеткіштері ауыру, аурушаңдық және ауыру қауіптілігі болып табылады. Ауруға шалдығу - популяция деңгейінде бір жыл ішінде тіркелген жаңа науқастар санымен анықталады. Аурушаңдық - науқас адамдардың жалпы санымен анықталады. Аурушаңдық пен ауыру 100, 1000, 10000, кейде 100 000 дейінгі тұрғындар есебінен алынады. Интенсивті көрсеткіштер бойынша басқа да құбылыстардың таралу дәрежесі көрсетіледі: өлім дәрежесі, мүгедектік және т.б. Ауыру мен аурушаңдық және басқа да көрсеткіштер басқа сипаттамаларға қатысты көрсетіледі: нақты бір жылда немесе қандай-да бір уақыт кезеңінде, қандай-да бір жас кезеңіндегі адамдарға және т.б. Ауруға шалдығу қаупі - адам жасына қарай аурудың пайда болу мүмкіндігі және аурудың басталу жасы. Қауіп мүмкіндіктер (50 ішінен 1 мүмкіндік) немесе пайыз түрінде көрсетіледі.
Психикалық аурулардың қалаларда, аудандарда, елдердегі таралу көрсеткіштерін салыстыру науқастардың психикалық жағдайын бағалау унификациясы іске асырылғанда ғана нақты нәтиже береді.
Дегенмен мектептердің көбеюі мен диагностикалық тәсілдердің әрқилылығына байланысты ұқсас жағдайларды нақты квалификациялауды әртүрлі елдерде емес, бір ғана ел шеңберінің өзінде іске асыра алмаймыз. Ауру жағдайын бағалауда келіспеушіліктерді болдырмас үшін, психикалық аурулардың таралуы, формасы, варианты туралы мәлімет алғанда зерттеу кезінде есепке алынған сипаттаманың унификациясы қажет. Осыған байланысты біздің елімізде, эпидемиологиялықлық зерттеулер жүргізгенде тәжірибеде қолданылатын барлық негізгі нозологиялық формалар үшін психопатологиялық синдромдар глоссарийлері дайындалған. Кез-келген психикалық ауруларды бағалауға қолданылатын стандартты синдромдар жинағы құрастырылған. Синдромдарды глоссарий бойынша шифрлай отырып, диагностикалық бағытқа және мамандық бойынша дайындық дәрежесіне тәуелсіз дәрігер суреттелген синдромдардың бірімен науқас жағдайын идентификациялайды. Осылайша болашақта статистикалық өңдеу жүргізу үшін мәліметтер алуда бірлік қалыптасады. Әрі қарай мәліметтерді талдауда зерттеу кезінде нақты синдромды анықтау ауру дамуының өте ерте сатысында науқастың алдағы жағдайы жөнінде нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда ауру ағымын синдромдардың динамикалық тізбегі түрінде қарауға мүмкіндік туады, бұл психопатологиялық үрдістің динамикалық тенденциясын, себептерді және клиникалық патоморфоз ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО Издательство ФОЛИАНТ, 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. - М.: Медицина, 2003.

Эпидемияға қарсы жұмыстардың мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы жұмыстың құқықтық аспектілері.
Мақсаты: эпидемияға қарсы жұмыстардың мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы жұмыстың құқықтық аспектілері бойынша білімдерін қалыптастыру
қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы. Медициналық тасымалдау кезеңдері дегеніміз медициналық тасымалдау жолдарында орналасқан медициналық қызметтің күштері мен құралдары, олар келесі міндеттерді орындауға арналған:
- келіп түскен науқастар мен жаралыларды медициналық сұрыптау, тіркеу, қабылдау;
- науқастар мен жаралыларды санитарлық өңдеуден, олардың киімдері мен қару-жарақтарын дезинфекциядан, дезактивациядан, дегазациядан өткізу;
- жұқпалы ауруларды оңашалау;
- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету;
- жаралылар мен науқастарды емдеу;
- жаралылар мен науқастарды ауруханаға жатқызу;
- медициналық тасымалдауды келесі кезеңдерде емдеуге жататын жаралылар мен науқастарды тасымалдауға дайындау.
Медицинаның тасымалдау кезеңдеріндегі бұл көрсетілген міндеттерді атқару үшін функциональды бөлімшелер қарастырылады:
- сұрыптау - тасымалдау бөлімі (ПМП),бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны немесе сұрыптау - қабылдау бөлімі(госпитальді базаның емдеу мекемелерінде);
- арнайы өңдеу бөлімі;
- жұқпалы ауруларға арналған оңашалау бөлімі;
- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімшелер (бригаданың медициналық ротасының таңу бөлмесі, ПМП, қосымшалардың жеке медициналық батальонының операциялық таңу бөлмесі;
- жаралылар мен науқастарға арналған госпитальді бөлім.
Медициналық тасымалдаудың негізгі кезеңдері болып табылады: ПМП, бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны, госпитальді базаның емдеу мекемелері.
Медициналық тасымалдау кезеңдерінде орналасатын жерін анықтағанда медициналық жағдайды, тылдағы басқа да бөлімшелердің орналасуын, тасымалдау жолдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайын еске алып отыру керек.
5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны
Медициналық тасымалдау сатыларындағы эпидемияға қарсы шаралар әскери және ұрыс жағдайына сәйкес жүргізіледі де келесі мақсатпен жүзеге асырылады.
- әскери бөлімдер мен мемлекеттік тылға медициналық тасымалдау сатыларында инфекцияның енуін ескерту;
- медициналық мекемелердің жеке құрамында және жаралылар мен науқастар арасында жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау;
- қарсыластың биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын жою;
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек. Әрбір емдеу мекемелерінде ерте диагностикалау жүргізіледі, жұқпалы ауруларға күдікті адамдар мен науқастарды оңашалайды және ауруханаға жатқызады, жұқпалы аурулармен қатынаста болған адамдар обсервацияға жатады, санитарлық көліктің арнайы тазартылуына алаңдар құрылады. Медициналық тасымалдау сатыларында оңашалау бөлмелері болады, бұл жерде жаралылар мен науқастардың медициналық сұрыптауы жүргізіледі, олардың киім-кешектері мен аяқ-киімдерін санитарлық өңдеуден өткізеді. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде жаралылар мен науқастарға жұқпалы аурулардың жедел профилактикасы жүргізіледі және ұйымдастырылады, олардың емделуі мен госпитальдан шығуына бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық тасымалдау жолдарында жаралылар мен науқастар арасында эпидемияға қарсы қорғау шаралары ұйымдастырылады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.
5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (ПМП) жұмысын ұйымдастыру
Медициналық ротада (ПМП) жұқпалы ауруларды дер кезінде, зақымдалғандар келіп түскенде, сұрыптау постынан бастап медициналық сұрыптау процесінде анықтау керек. Қабылданған және медициналық көмек көрсету кезінде зақымдалғандар мен ауырғандардың арасында жұқпалы аурулардың симптомдары бар адамдарды медициналық ротаның (ПМП) - бөлімшелерінен тез арада оңашалау бөлмесіне жібереді. Бригаданың медициналық ротасында жұқпалы аурулардың бар екеніне күдіктенген жағдайда және алдын ала уақытылы диагноз қою аса маңызды болып табылады. Олармен қатынаста болған жаралылар мен науқастар бақылауға алынады және алғашқы медициналық карточкаға жазылады. Өміріне қауіп төнген алғашқы дәрігерлік көмекті қажет ететіндер жара таңушы бөлмелерге жіберіледі.
Жұқпалы аурулардың симптомдары бар зақымдалғандарды оңашалау бөлмесінен арнайы бөлінген санитарлық көлікпен әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталіне тасымалдайды, қалған жұқпалы ауруларға белгілері жоқ науқастарды жеке медициналық батальонға жіберіледі. Алғашқы медициналық картасына қара жолақты белгі қалдырады. Егер аса қауіпті жұқпалы аурулармен анықталған науқастар болса бригаданың медициналық ротасы қатаң эпидемияға қарсы тәртіп жұмысына ауысады. Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштары табылса немесе бұл жұқпалармен аурулар пайда болса карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргізіледі. Медициналық рота бұл жағдайда жаралылар мен науқастардың қабылдауы мен тасымалдауын тоқтатады да тек аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған науқастарды ғана қабылдайды. Медициналық ротаға келіп түскен зақымдалған науқастарға медициналық сұрыптау жүргізіледі, оңашалау бөлмелерінің көлемін ұлғайтады, оны жеке құраммен күшейтеді. Медициналық ротаның жеке құрамына және зақымдалып келіп түскен науқастарға анықталған сызба бойынша жедел профилактика жүргізіледі.
Жедел және жалпы профилактикаға антибиотиктер немесе кең көлемде әсер ететін сульфаниламидтер қолданылады. Барлық мәліметтер алғашқы медициналық карталарға енгізіледі. Медициналық ротаның барлық функциональды бөлімдерінде ылғалды дезинфекция, келіп түскен зақымдалған науқастарға жартылай санитарлық өңдеу жүргізіледі, аяқ-киім мен киімдерді 2% монохлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады. Аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізіледі.
Медициналық қызметтің жеке құрамы жеке қорғаныс киімдерімен жұмыс атқарады. Бригаданың медицина қызметінің (полктың) бастығы жағдайдың факторларын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық барлауды тез арада ұйымдастырады. Бригаданың масштабында инфекция көзімен қатынаста болған адамдарға медициналық қадағалау жүргізіліп және санитарлы-гигиеналық ережелер қатаң сақталуға тиіс. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктер табылса дезинсекция жүргізіледі. Науқастарды тасымалдаған көліктер залалсыздандырылады.
Бригаданың медицина қызметінің бастығы бөлімнің командиріне және аға медициналық бастығына тез арада бригаданың медициналық ротасына аса қауіпті жұқпалармен келіп түскен науқастар жайлы, бөлімшеде жұқпалардың таралу жолдарының мүмкіншілігі туралы, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және қажетті медициналық көлік көмек жайлы баяндама жасауға міндетті.
5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны
Қосымшаның жеке медициналық батальонының командирі жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды анықтап және оңашалауды, науқастарды оңашалау бөлмесінде уақытша орналастыруды, биологиялық заттармен зақымдалған жаралылар мен зақымдалғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізуді, жеке киімдерін дезинфекциялауды ұйымдастырады. Жеке медициналық батальонға келіп түскен барлық адамдардан жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық сұрыптау жүргізіледі, бөлімшелерде көрсеткіштер бойынша обсервация немесе карантин енгізіледі, зақымдалған адамдарға медициналық бақылау, көліктерге дезинфекция жүргізіледі, жұқпалы аурумен ауырған науқастарды дер кезінде тасымалдау бақыланады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Егер қарсылас бактериологиялық қаруды қолданса немесе қолдануы мүмкін болса, онда анықталғанға дейін 2-3 тәулік ішінде науқастарды жеке медициналық батальоннан тасымалдайды. Бұл жерге эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейту күштері мен заттарын бағыттайды. Егер бактериологиялық зертханалардан оба, тырысқақ, күйдіргі, қоздырғыштары туралы теріс нәтиже алынса, жаралылар мен науқастарды жеке медициналық батальоннан осы топқа арналған арнайы госпитальдерге тасымалдайды.
Егер аса қауіпті жұқпалар қоздырғыштары анықталса немесе бұл жұқ-палармен ауру табылса, карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргі-зіледі. Жеке медициналық батальонда диагноз қою үшін диагнозы анық-талмаған науқастарды қабылдауға диагностикалық бөлімшелер орналастыру керек. Биологиялық қаруды қолданған туралы күдік туса, әскери-медици-налық зертханалардың мүмкіншілігін сыртқы ортаны зерттеуге кеңінен қолдану керек. Оңашалау бөлмесі, оның орналасуы, жабдықталуы, жұмыс істеу тәртібі.
ПМП-нің құрамында 5-6 орынға, жеке медициналық батальонда және госпитальде 10-12 орынға оңашалау бөлмесі ұйымдастырылады. Соғыс уақытында оңашалау бөлмелері барлық медициналық тасымалдау кезеңде-рінде құрылады, сонымен қатар әскери санитарлық жағдайларда, әскери-санитарлық ұшақтарда, санитарлық-бақылау пункттерінде құрылады. Әскери бөлімшелердегі, санитарлық-бақылау пункттеріндегі, емдеу мекемелеріндегі оңашалау бөлмелері ең аз дегенде 2 жұқпалы ауруға құрылады. Олар жеке бөлмелерде, азық-түлік және су нысаналарынан алыс жерде орналастырады.
Оңашалау бөлмесі жеке дәретханалармен, санитарлық өткізгіштермен киім және төсек орындарының толық кешені мен ыдыс-аяқпен науқастарға көмек көрсететін заттармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дезинфекци-ялық заттармен, инсектицидті препараттармен, киімдерді салатын бактармен, киім салатын қапшықтармен, науқастардың бөліністерін дезинфекциялайтын қақпағы бар шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Аталған заттардың бар-лығы оңашалау бөлмелерінен тек залалсыздандырылған соң жіберілуге тиіс.
Жұқпалы аурулардың оңашалау бөлмесінен сыртқа шықпауын ескерту үшін көптеген ережелерді ұстау керек. Оңашалау бөлмесіне келіп түскен нау-қастарды міндетті түрде санитарлық өңдеуден өткізу керек, бөтен адамдарды кіргізбеу керек, науқастарды күтетін қызметкерлер жұқпалы ауруларға қарсы егілу керек. Оңашалау бөлмесіндегі қызметкерлерге шылым шегіп және та-мақ ішуге рұқсат етілмейді.
Оңашалау бөлмесіне медициналық қызметкерлер кірген кезде халат киіп, шыққан кезде халатты шешіп кету керек. Бұл халаттар тек оңашалау бөлмелерінде болады. Егер оңашалау бөлмесінде бөртпе сүзегімен науқас болса, қызметкерлерге паразиттерге қарсы заттармен залалсыздандырылған киімдер беріледі. Бөлмелер, жиһаздар, есіктердің тұтқасы хлорлы заттармен тазартылып жуылады. Киім-кешек, төсек орындар жуылар алдында құра-мында жуғыш заттары бар дезинфекциялық ерітінділерге салып қойылады. Оңашалау бөлмесінен шыққаннан кейін қызметкерлердің қолдары, аяқ-киімдері дезинфекцияланады.
5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Арнайы тағайындалған медициналық жасақ әскери округтың іс-әрекеттік аумағында төтенше жағдайларды жою, ірі апаттар кезінде, жаппай санитарлық жоғалту ошақтарының маңында зақымдалғандар мен науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету үшін орналастырылады.Арнайы тағайындалған медициналық жасақ келесі міндеттерді атқарады:
- зақымдалғандар мен жаралыларды қабылдау, медициналық сұрыптау, тіркеу, санитарлық өңдеу, орналастыру;
- келіп түскен зақымдалғандар мен науқастарға қорытынды диагноз қою;
- мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, жаралыларды және аса қауіпті жұқпалы аурумен ауырғандарды сауығып шыққанға дейін кешенді емдеу;
- емделіп шыққандарды аса қауіпті жұқпалармен зақымдалудан қамтамасыз ету;
- әскери жеке құрамның арасында аса қауіпті жұқпалардың пайда болуы мен таралуын ескерту және жұқпалардың сыртқа шықпауын қамтамасыз ету;
- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізу.
Қатаң тәртіптегі аумақта сұрыптау, тасымалдау, обсервациялық, оңашалау бөлімі, рентген кабинет және зертханалық бөлім орналасады. Шектеулі аумақта жасақтың басқармасы, дәріхана және қаттамасыз ету бөлімшелері орналасады.Жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртібінің жұмысы қарастырады:
- ауруханаішілік сұрыптауды 4 лек бойынша жүргізеді:
а) аса қауіпті жұқпаларға күдіктілерді диагнозы анықталғанға дейін оңашалау бөлмесінің диагностикалық палатасына жіберіледі;
б) аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастар оңашалау бөлімінің госпитальдық палатасына жіберіледі;
в) аса қауіпті жұқпалы ауруларға белгілері жоқ зақымдалғандар обсервациялық бөлімге жіберіледі;
г) аса қауіпті жұқпалы ауруларға жатпайтын, бірақ басқа жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдарды оңашалау бөлмесіне жібереді.
Эпидемияға қарсы қатаң тәртіптегі жасақтың жұмысы тағы да қарастырады:
- жасаққа келіп түскен науқастардың санитарлық өңдеу, дезинфекция, дезинсекция жүргізу, сонымен қатар жасақтың нысаналарының аймағында дератизацияны жүргізеді;
- жасақты басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден алшақ ұстау;
- диагнозы анықталғанға дейін науқастар мен зақымдалғандарды жасақтан тасымалдауды уақытша тоқтату;
- қажет болған жағдайда жасақтың жеке құрамына зақымдалғандар мен науқастарға жедел профилактика жүргізу;
- жасақтың жеке құрамына қауіпсіздік шараларын жүргізу керек;
- арнайы тағайындалған медициналық жасақты барлық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Арнайы тағайындалған медициналық жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртіпке ауысуының шешімін округтың медициналық қызметінің бастығы жасақтың бастығының баяндамасынан кейін қабылдайды. Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті енгізуге жасаққа аса қауіпті жұқпалы аурулармен(оба, тырысқақ және т.б.)келіп түскен науқастар немесе емделіп жатқандардың арасынан науқастар анықталса көрсеткіштері болып табылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жасақты эпидемияға қарсы топпен толықтыру(дәрігер, бактериолог және 2 лаборант),медициналық далалық зертханамен жабдықталған, сонымен қатар жуғыш дезинфекциялық көлікпен жабдықталуы тиіс.
Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО Издательство ФОЛИАНТ, 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. - М.: Медицина, 2003.

Қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі эпидемиология. Эпидемиологиялық бақылау және оның негіздері.
Мақсаты:қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі эпидемиология. Эпидемиологиялық бақылау және оның негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру
Соңғы жылдары елдің денсаулық сақтау саясаты қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп, көп шығын әкелмейтін, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіз көптеген себептерге байланысты өзекті мәселе болып табылады. Медициналық көмек көрсетудегі заманауи технологиялар, өз кезегінде адамзаттың кең қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін шектеп, тез арада оның құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкелуде. Стационарларда көмек көрсету көптеген дамыған елдерге ұқсас халық денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге үміттендірер нәтиже бермейді. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін реформалау дүние жүзіндегі бұл саланың дамуына негізгі бағыт алды. Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен халық денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Бұл қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады. Денсаулық -- мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласына мемлекеттің араласуы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибелік жұмыстардың сапалы жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.
Мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуін іске асыру да бұл жұмыста өз нәтижесін береді. Дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстары мен менеджментте, сонымен қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орын алуына жеткілікті болуы тиіс. Қоғамдық денсаулықты денсаулықты нығайу мақсатында, аурушаңдықтың алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану мақсатын нығайту басты бағыттардың бірі болып есептеледі.
Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау XXI ғасырда - денсаулық бәріне саясаты бойынша ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде материалдық-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, бірінші реттегі медициналық-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу келісілген. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.
Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО Издательство ФОЛИАНТ, 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. - М.: Медицина, 2003.

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың мақсаты, міндеттері негізгі бағыттары. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары.
2. Мақсаты алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидаларымен таныстыру.
жұқпалы аурулармен күресудегі барлық шаралар екі топқа бөлінеді: алдын алу шаралары, адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болмауына бағытталған және эпидемияға қарсы, аурулар пайда болған жағдайда олардың таралып кетпеуіне бағытталған. Барлығының да қағидасы - бұл инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, сау организмнің қабылдамаушылығын жоғарылату яғни эпидемиялық процестің үш тізбегіне әсер ету.
Алдын алу шаралары. Адамдар арасында ауру пайда болмас үшін біріншіден, санитарлық-гигиеналық шаралар кешені, мемлекет шекарасын санитарлық қорғау, халықты санитарлық ағарту, адамдардың қабылдамаушылығын жоғарылату (егу шаралары), кейбір жағдайда алдын ала емдеу. Жұқпалы ауруларды алдын алу, халықты сауықтандыру, тіршілік жағдайына қолайлы жағдай жасау бойынша жалпы мемлекеттік шаралармен байланысты.
Эпидемияға қарсы шаралар. Пайда болған жұқпалы аурулар таралмау үшін эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі, инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, халық қабылдамаушылығын қамтамасыз ету.
Негізгі шаралар:
1.Науқастарды анықтау және тіркеу.
2. Науқастарды жекешелеу.
3. Инфекция ошағын эпидемиологиялық зерттеу.
А) Науқас адамға қатысты инфекция көзін табу
Б) Аурудың таралуына ықпал ететін өндірістік және тұрмыс жағдайын, беріліс факторын анықтау.
В) Контактіде болғандарды анықтау, оларды бақылау.
Г) Ошақ шекарасын анықтау
Д) Жиналған мәліметтерді өңдеп, соның негізінде ошақта жұргізілетін шаралар шешімін қабылдау.
4. Ошақтағы шаралар.
5. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы және бөлімшелердегі эпидемияға қарсы шаралар.
6. Сауыққандарды диспансерлік қадағалау.
7. Карантинді аурулармен ауырған науқастарды анықтаған жағдайда біріншілік эпидемияға қарсы шаралар жүргізу.
8. Карантин.
Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001.
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО Издательство ФОЛИАНТ, 2006.
3. В. А. Кипайкин Эпидемиология. М. 2002 г. стр. 5-10.
4. Н. Д. Ющук Эпидемиология, М. 2003г. стр. 12-20.

Жұқпаның көзіне бағытталған шаралар. Дезинфекция және стерилизация. Түрлері мен әдістері.
Мақсаты: жұқпаның көзіне бағытталған шаралар. Дезинфекция және стерилизация. Түрлері мен әдістері бойынша білімдерін бағалау
Дезинфекция және оның түрлері Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi. Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады. Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты. Дезинфекция түрлерi. Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады: Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар. Дезинфекция әдiстерi: Механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады. Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар: Бөлме iшiндегi жиһазды жуу. Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу. Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу. Қол жуу. Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады: Күн сәулесiн қолдану. Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру. Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру. Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу. Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату. Пастеризация. Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат). 30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi. Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса. Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы. Дезинфекция режимi температура-1100С, экспозиция-20 минут, стерилизацияланған бикс-коробкаларда, дезкамераларда, автоклавта сирек қолданылады. Физикалық әдiс-персонал үшiн ең қауiпсiз және қолайлы әдiс. Егер жабдықтар, бұйымдар номенклатурасы сияқты жағдайлар болса, бұл әдiстi қолданған жөн. Дезинфекцияның химиялық әдiсi ЕАМ-де толық батыру әдiсiмен дезинфекциялаудың химиялық әдiсi кең қолданылады. Науқастар мен жанаспайтын бұйымдарды және олардың бөлшектерiн дезинфекциялық ерiтiндiге батырылған марлядан дайындалған салфеткамен екi рет сүртедi. Дезинфекцияға қолдануға болмайды: сайдекс, формамен, глутарал, бианол, дезоксон-1 және басқаларды, себебi олардың адам ағзасына көрсететiн токсикалық әсерi жоғары. Дезинфекцияның химиялық әдiстерiне жатады: Шаю (орошение). Сүрту. Толығымен батыру. Себу (распыление). Загрузка... Тизерная сеть GlobalTeaser Дезинфекцияның комбинирленген әдiстерi: комбинирленген әдiсте дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргiзiледi. Бу-ауалы әдiс ылғалданған ауамен, t-1100С температурасында, 0,5 атм. қысымда, 20 минуттық экспозицияда жүргiзiледi. Бу-формалиндi әдiс: 0,5 атм. режимда, t-900С, экспозиция 30 минут. Камералы дезинфекцияның негiзiнде камерадағы заттарды аса жоғары қысымда және белгiлi температурадағы ыстық ауамен қыздыру жатады. Егер бу әсерiнен күшейту үшiн камераға формальдегидтi (формалин) қосымша енгiзедi. Негiзгi дезинфекциялық заттардың сипаттамасы. Негiзгi дезинфекциялық заттарға құрамында хлоры бар, оттегiсi бар заттар, беткей-белсендi заттар, гуанидтер, құрамында альдегид, фенолы бар заттар, спирттер жатады. Хлорлы iзбестің ақ түстi ұнтағы, реакциясы сiлтiлi, өткiр тiтiркендiретiн иiсi бар. Хлорлы iзбестiң сапасы белсендi хлор бойынша 25% мөлшердегi белсендi хлордың (С1) болуымен байланысты. Хлордың белсендiлiгi 15% дейiн төмендегенде хлорлы iзбес қолдануға жарамсыз. 0,5-10% ерiтiндiсi және құрғақ түрiнде суды, ыдыстарды, бөлмелердi, науқастың бөлiнiстерiн, әжетханаларды және басқаларды заласыздандыру үшiн қолданылады. 1:5 қатынасындай (1л биологиялық сұйықтықтарға 200г құрғақ iзбес) құрғақ хлорлы iзбеспен науқастың бөлiнiстерiне, тағам қалдықтарына себедi. Хлорамин-Б. С1-бойынша белсендiгi 26% хлорамин-Б дайындау үшiн бастапқы өнiм болып бензол (хлорамин-Г-толуол) табылады. Хлорамин-Б суда еридi, оның ерiтiндiлерi маталарды бүлдiрмейдi және түссiздендiрмейдi. Ыстық ерiтiндiлердiң (50-600С) және хлораминнiң белсендiрiлген ерiтiндiлердiң өте жоғары заласыздандыратын әсерi бар. Бейтарап кальций гипохлоридi. С1-бойынша белсендiлiгi 52%. Емдiк мекемелерде ақ түстi ұнтақ тәрiздi кальций гипохлоридi қолданылады. Әлсiз майлы ерiтiндi түзiледi, оны дайындағаннан кейiн 30 минут өткен соң қолданылады. Сақтағанда тұрақты, аз гигроскопиялы және ауада Cl1-бойынша белсендiгiн сақтайды. Натрий гипохлоридi 1-3% белсендi хлоры бар концентрленген негiзгi ерiтiндiлер түрiнде қолданылады. Электрохимиялық әдiспен (ЭЛМ-1, ЭМУ-1, ЭЛИСА, УДР-01 құрылғылары) алынады. 0,5% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерiн шыныдан, пластмассадан (ПХР), силиконды резинадан жасалған бұйымдарды толық батырылған күйiнде экспозициясы 60 минут вирусты инфекцияда қолданылады. 0,25% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерi бактериальды инфекцияда (туберкулезден басқа) қолданылады, экспозициясы 15 минут, толық батырылған күйiнде. Ал 0,3% концентрациялы ерiтiндiлер дерматофитияда 15 минут iшiнде қолданылады. Адамдар бар бөлмелердi дезинфекциялау үшiн 0,125% концентрат ерiтiндiсiн 0,5% концентрациядағы Лотос, Прогресс, Астра сияқты жуғыш заттармен бiрге қолдануға болады. Бөлмелер дезинфекциясы кезiнде 0,125% концентарциялы ерiтiндiлердi шығындау нормалары-1м2-қа 200мл. Хлоргексидин биглюконаты мөлдiр, иiссiз 20% ерiтiндi. Сақтау үшiн арнайы шарттар қажет етпейдi. Беткей-белсендi деп аталатын заттар класына жатады. Суда, спиртте жақсы еридi, ұзақ сақтағанда өзiнiң қасиеттерiн жоғалтпайды, ұзақ антимикробты әсерi бар, медициналық құралдар қысқа уақыт (2-3 минут) ерiтiндiде болған жағдайда металдың анық коррозиясын шақырмайды. Протейға, қышқылға төзiмдi таяқшаларға, вирустар мен спораларға препарат әсер етпейдi. Хирургиялық бұйымдарды, хирург, медбике, акушерлер қолдарын заласыздандыруға арналған. Емдiк, антисептикалық зат ретiнде және күнделiктi, қорытынды дезинфекция үшiн қолданылады. Сутектiң асқын тотығы (Н2О2) тотықтырғыштар тобына жатады. Өндiрiстен 29-30% концентрациялы су ерiтiндiсi түрiнде пергидроль атауымен шығарылады. Иiссiз, түссiз зат, тұтқыр ашты дәмi бар. Жоғары бактерицидтi қасиетi бар. Мөлшерi 0,5-6% концентрациядағы сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi бұйымдарды бүлдiрмейдi, металдарды коррозияға ұшыратпайды, токсикалығы аз. Экспозициясы 80-нен 180 минутқа дейiн 3-4% концентрацияда жуғыш заттармен (Прогресс және басқа) бiрге қоданылады. Химиялық заласыздандыру қанды жуғаннан кейiн механикалық тазалаумен бiрiктiруге мүмкiндiк бередi, оның нәтижесiнде дезинфицирлеушi әсер күшейедi, 0,5% концентрацияда 0,5% жуғыш ерiтiндiсiмен стерилизациялық өңдеу алдында 45-500С температурада, 15 минут экспозицияда қолданылады. Сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi қараңғы салқын жерде сақталады. Пергидролi бар сауыттардың капшығы болу керек. Абайлап тасымалдауы қажет. Аламинол (Ниопик, Ресей) беткей-белсендi заттар (ББЗ) тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиеттерi бар. Бөлмелердегi беткейлердi, науқастарды бұйымдарды дезинфекциялау үшiн, инструменттердi стерилизация алдында және басқа медицинада қолданатын заттарды (стоматологиялық, жұмсақ және қатты эндоскоптар) тазарту үшiн қолданылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 3-8% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты инфекцияға қарсы бiрiктiрiлген процесте қолданылады, экспозициясы 60 минут, бөлме температурасында. Одан кейiн шыныдан, резинадан, металдан жасалған бұйымдар, соның iшiнде стоматологиялық инструменттер 0,5-1 минут iшiнде сол ерiтiндiде жуылады және 3 минут ағынды сумен шайылады. Бактериальды инфекцияда, сонымен бiрге туберкулезде, кандидозда, дерматофитияда 5%-концентрациялы жұмыс ерiтiндiсi қолданылады. Өңдеу этаптары өзгермейдi. Септабик (Абик Израиль) ББЗ тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиетi бар. Концентрат және ұнтақ түрiнде шығарылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 1% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты, бактериальды инфекцияда, кандидоздарда, дерматофитияда қолданылады, экспозиция 60-120 минут (прибор конструкциясына байланысты), бөлме температурасында. Туберкулез кезiнде шыныдан, резинадан, пластмассадан, металдан жасалған бұйымдарды, стоматологиялық инструменттердi, эндоскоптарды 3% септабин ерiтiндiсiмен 60 минут iшiнде өңдейдi, бұйымдар толық батырылуы керек. Одан кейiн сол ерiтiндiде 0,5-1 минут iшiнде жуылады және 3 минут iшiнде ағынды сумен шайылады. Дезинфекциялаушы заттардың жарамсыздығын бақылау түрлерi: Визуальды бақылауды дез.станцияның қызметкерi (лаборант, дәрiгер) жүргiзедi. Бактериологиялық бақылауды дез.станцияның қызметкерi лаборант жүргiзедi (шприцтер, инелер және т.б санынан 1% мөлшерде шайындыларды алу). Химиялық бақылауда құрғақ заттар және дезинфицирлеушi ерiтiндiлер пробаларын таңдап алады және дез.лабораторияға жiбередi. Онда пробалардағы белсендi С1-анықтайды және оның дұрыс дайындалуы жайлы қорытынды бередi (пробалар жеткiзiлуiн бөлiмнiң аға медбикесi бақылайды). Дезинфекциялық шараларда жүргiзу үшiн тек тағайындалған жағдаймен рұқсат етiлген бұйымдар (жуғыш машиналар, эмальданған ыдыстар, пластмасс контейнерлер, стерилизаторлар) қолданылады. Дезинфекция жүргiзiлетiн бұйымдарға қойылатын шарттар: Сауыттардың қақпақтары болу керек. Сауыттар мен қақпақтардың маркирі, заттың атауы, оның концентрациясы, тағайындаулары, дайындалған күнi болу керек. Көп ретке қолданылатын ерiтiндiлер үшiн заттың қолданылатын уақытын және сағатын көрсетедi. Қымбат бұйымдарды (эндоскоптар, жұмсақ эндоскоптарға инструменттер) қосымша инструкциялы-әдiстемелiк құжаттар бойынша дезинфекциялайды. Дезинфекция үшiн жабдықтарды таңдау бұйымдар ерекшелiгi мен оның тағайындалуымен байланысты. Дезинфекциялық шараларды жүргiзу үшiн келесi жабдықтар болу керек: гидропульт (чехолмен); эмальденген шелектер немесе 1,5 және 10л деген жазуы бар ыдыстар; дезинфекциялаушы камераға заттарды тасымалдау үшiн кленкалы қаптар; дезинфекцияланатын затқа арналған үлкен ыдыс; таза заласызданған ветошь; қолданылған ветошьтар және қолданылған арнайы киiм комплектерiнiң кленкалы қаптары; сортировкасы жасалған дезинфекциялық заттар; арнайы киiм: халаттар, қалпақтар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар; Дезинфицирлеушi заттармен жұмыс iстегенде еңбектi қорғау ережелерi: Химиялық дезинфицирлеушi заттарды сақтау ережелерiн сақтаңыздар. Дезинфекциялы зат бар ыдыстар атауы, тағайындалуы, дайындалу күнi және мерзiмi көрсетiлген паспорты болу керек. Дезинфекциялайтын ерiтiндiлердi дайындағанда жеке бастың гигиенасын сақтаңыздар (арнайы халаттар, бас орамалдар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар, ауыстыратын аяқ киiм). Дезинфекциялы ерiтiндiлердi ауасын тартатын шкафта немесе арнайы вентиляциясы бар бөлмелерде дайындалады және сұрыптау жүргiзiледi. Дезинфекциялық заттар терiге тигенде оларды сумен лезде жуып шаю керек. Көзге түссе-2% сода ерiтiндiсiмен шаю керек, 30% альбуцид тамызу, ауырсыну басылмаса-2% новокаины бар көз тамшыларын тамызу. Тыныс алу жолдары тiтiркенгенде-лезде басқа желдетiлетiн бөлмеге немесе таза ауаға шығуы керек, содасы бар жылы сүттi iшу, 2% сода ерiтiндiсiмен ауызды шаю керек, қажет болса жүрек препаратын, тыныштандыратын және жөтелге қарсы заттарды қабылдау керек. Дезинфицирлеуші хлорлы жұмыс қоспаларын дайындау ережелері: ашық хлорлы әк қоспасын әзірлеу үшін: 1 кг ұнтақ хлорлы әкті 10 л (шелек) суық суға араластырады; қоспаны тәулік бойы тұндырады; алынған қоспаны күңгірт шыныға құйып, тығынмен жабады (10 % хлорлы әк қоспасын алатын болғандықтан 5-7 күн қараңғы жерде сақтайды); хлорлы әктің жұмыс қоспасын дайындау: 0,1 % -- 100 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,9 л суға; 0,2 % -- 200 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,8 л суға; 0,5 % -- 500 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,5 л суға; 1 % -- 1 л 10 % хлорлы әк қоспасын 9 л суға; 2 % -- 2 л 10 % хлорлы әк қоспасын 8 л суға; хлорамин қоспасын қолдану алдында ғана дайындайды: 0,2 % -- 2 г хлорламин 1 л суға; 1 % -- 10 г хлорламин 990 мл суға; 2 % -- 20 г хлорламин 980 мл суға; 5 % -- 50 г хлорламин 950 мл суға;
Стерилизация - бұл физикалық факторлар мен химиялық препараттар арқылы әсер ету жолымен микроорганизмдер мен олардың спораларын жою болып табылады. Стерилизацияланатын заттар: жаралы беткейлермен жанасатын; қанмен контактіге түсетін; иньекцияланатын препараттар және шырышты қабаттарға жанасқанда жара туғызуы мүмкін жеке медициналық құралдар және т.б. Стерилизация бөлінеді: Физикалық; Химиялық; физикалық стерилизация термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданады Физикалық стерилизацияға жатады: Автоклавтау Құрғақ ауамен стерилизациялау Қайнату Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Автоклавтау - қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2,5 ат.қ.) арқылы әсер етумен жүзеге асады.
Қыздыру Стерилизация: қажетті температура 180 С, белгіленген уақыт 60 минут Суыту: 40-50 С дейін Қайнату Бұл әдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше және т.б. Құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар (гепатит вирусы) мен бактерия споралары толық жойылмауы мүмкін. Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Бұл әдіс толқын ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сәулелермен әсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты әр түрлі (БУВ-15, БУВ-30) бактерицидті шамдар қолданылады. Химиялық стерилизация Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады. Химиялық стерилизация Газды Ультрадауысты Инфрақызыл шағылыстыру Газбен стерилизациялау. Бұл әдіс газды, стерилизациялы камерада өтеді. Негізінен бұл әдіспен медициналық құралдарды этиленде немесе ОБ ерітіндісінде стерилизациялайды. Стерилизацияланатын заттар: кардиостимуляторлар, оптикалар, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері. Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау.
Стерилизацияның барлық әдістері жұмыстың дұрыс орындалуын талап етеді. Сондықтан жұмысты сақтықпен орындау керек! Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау Бактериологиялық әдіс - ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл әдіс стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды. Техникалық әдіс - манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап етеді. Термиялық әдіс -- күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тәрізді заттардың түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген. Стерилизацияны қадағалау үшін қолданады: Температураны, қысымды, уақытты, өлшеу; химиялық тестілер; термохимялық индикаторлар және биотестілер. Келесі заттар қолданылады: Мочевина (132 С) Тиомочевина (180 С), янтарь ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
Ақтөбе облысы 2009-2010 жж аралығындағы дифтериямен аурушаңдық көрсеткіштері арқылы ретроспективті талдау жасау
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Физикалық, химиялық, биологиялық әсерді шекті мәнге дейін азайтуға бағытталған білім мен дағдыларды қоғамның пайдалана білуі. Сыртқы әсерлерді азайту
Эпидемиялық процестің құрамы
Пәннің саясаты
Шегрен ауруы
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Қызылша инфекциясын емдеу
Вакциналар және вакцинация
Пәндер