Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Кіріспе . . .
: 3
: 1
Мазмұны: «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. .
: 4
: 1. 1
Мазмұны: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті . . .
: 8
: 1. 1. 1
Мазмұны: Уәкілетті органның құзыреті . . .
: 8
: 1. 1. 2
Мазмұны: Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті . . .
: 11
: 1. 2
Мазмұны: Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері . . .
: 11
: 1. 3
Мазмұны: Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету . . .
: 17
: 1. 4
Мазмұны: Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау . . .
: 25
: 2
Мазмұны:

Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымдар . . .

: 28
: 2. 1
Мазмұны: Қауіпті өндірістік факторлар . . .
: 29
: 2. 2
Мазмұны: Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу . . .
: 30
: 2. 3
Мазмұны:

Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі

жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі . . .

: 30
: 2. 4
Мазмұны: Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі . . .
: 33
: 2. 5
Мазмұны: Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы . . .
: 34
: 2. 5. 1
Мазмұны: Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті . . .
: 34
: 2. 5. 2
Мазмұны: Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициенті . . .
: 34
: 2. 5. 3
Мазмұны: Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті . . .
: 35
: 2. 5. 4
Мазмұны: Кәсіби ауру коэффициенті . . .
: 36
: 2. 5. 5
Мазмұны: Негізгі қордың тозу коэффициенті . . .
: 37
: 2. 5. 6
Мазмұны: Негізгі қорды ауыстыру коэффициенті . . .
: 38
: 2. 5. 7
Мазмұны: Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті . . .
: 39
: 3
Мазмұны: Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы . . .
: 40
: 3. 1
Мазмұны: Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері . . .
: 42
: 3. 2
Мазмұны: Электротехникалық бөлім
: 43
: 3. 3
Мазмұны: Технологиялық бөлім . . .
: 44
: 3. 4
Мазмұны: Газ қауіпті жұмыстар
: 50
: 3. 5
Мазмұны: Өндірістердегі ерекше талаптар. .
: 51
: 3. 6
Мазмұны: Қорғаныстың жеке құралдары.
: 57
: 4
Мазмұны: Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген) . . .
: 58
: 4. 1
Мазмұны: Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі . . .
: 61
: 4. 2
Мазмұны: Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру . . .
: 65
: 4. 3
Мазмұны: Жабық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру . . .
: 67
: 4. 4
Мазмұны: Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу . . .
: 69
: 4. 5
Мазмұны: Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару . . .
: 72
: 4. 6
Мазмұны: Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары . . .
: 73
: 4. 7
Мазмұны: Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау . . .
: 74
: 4. 8
Мазмұны: Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету . . .
: 75
: 5
Мазмұны: Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар . . .
: 77
: 5. 1
Мазмұны: Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы . . .
: 80
: 5. 2
Мазмұны: Қазандардың құбырөткізгіштері . . .
: 81
: 5. 3
Мазмұны: Болат құбырлар . . .
: 82
: 5. 4
Мазмұны: Дайындау, монтаждау мен жөндеу . . .
: 82
: 5. 5
Мазмұны: Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары . . .
: 83
: 5. 6
Мазмұны: Сақтандырғыш құрылғылар . . .
: 83
: 5. 7
Мазмұны: Манометрлер . . .
: 85
: 5. 8
Мазмұны: Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау . . .
: 87
: 5. 9
Мазмұны: Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер . . .
: 87
: 5. 10
Мазмұны: Қоректендіру және айналымды сорғылар . . .
: 89
: 5. 11
Мазмұны: Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік . . .
: 91
: 5. 12
Мазмұны: Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы . . .
: 92
: 5. 13
Мазмұны: Электр қазандарға арналған үй-жай . . .
: 94
: 5. 14
Мазмұны: Жарықтандыру . . .
: 95
: 5. 15
Мазмұны: Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру . . .
: 96
: 5. 16
Мазмұны: Алаңдар мен сатылар . . .
: 97
: 5. 17
Мазмұны: Қазандардың сулы-химиялық режимі . . .
: 97
: 5. 18
Мазмұны: Бақылау, құрамы, қызмет көрсету . . .
: 98
: 5. 19
Мазмұны: Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру . . .
: 101
: 5. 20
Мазмұны: Қазанды авариялық тоқтату . . .
: 101
: 5. 21
Мазмұны: Жөндеуді ұйымдастыру . . .
: 102
: 5. 22
Мазмұны: Техникалық куәландыру . . .
: 103
: 5. 23
Мазмұны: Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат . . .
: 107
:
Мазмұны: Әдебиеттер.
: 109

Кіріспе

Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі (ӨҚБЖ) келесі маңызды міндеттерді шешеді:

- өнеркәсіп қауіпсіздігі (бұдан әрі - ӨҚ) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

- жұмыс өндірісінің қауіпсіздік ахуалына ықпал ететін бұзушылықтардың туындау жағдайлары мен себептерін айқындау;

- ӨҚ ахуалына, соның ішінде тиісті сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жолымен талдау;

- ӨҚ ахуалын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға тигізетін нұқсандардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу;

- заңдармен және басқа нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ӨҚ талаптарының сақталуын бақылау;

- қауіпті өнеркәсіп объектілеріндегі (бұдан әрі - ҚӨО) апаттардың, дау-жанжалдардың алдын алуға және олардың зардабын оқшауландыруға және жоюға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіру;

- ҚӨО қолданылатын техникалық құрылғылардың уақытылы сынаудан өткізуді және техникалық куәландыруды бақылау;

- технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау.

1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алуға, аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.

Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;

2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;

3) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;

4) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйi;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) техникалық басшы - ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман;

8) техникалық құрылғылар - машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар) .

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары:

1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;

2) Егер Қазақстан Республикасы бекіткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар.

Қауіпті өндірістік объектілерге:

а) мынадай:

1) тұтанғыш - қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;

2) жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;

3) жанғыш - өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;

4) тотықтандырғыш - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;

5) уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:

- асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;

- теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;

- ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0, 5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;

- жоғары уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:

- асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;

- теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;

- ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0, 5 миллиграмнан аспайтын;

- қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:

- балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

- дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

- балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

- құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;

- радиоактивті және ионды сәулелену көздері;

- қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

- тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

- қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

- қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;

б) Қауіпті техникалық құрылғыларға:

- 0, 07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

- жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.

Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:

1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;

2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;

3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;

4) кәсіптік ауру;

5) негізгі қорлардың тозуы;

6) негізгі қорларды ауыстыру;

7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.

Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды.

Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.

Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;

- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалау;

- өнеркәсiптiк қауіпсіздікке сараптама жасау;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді.

Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет аясында орындалуға міндетті өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігінен қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.

1. 1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;

3) техникалық регламенттердi бекiтедi;

4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; P030113

5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

1. 1. 1 Уәкілетті органның құзыреті

Уәкiлеттi орган:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;

2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

4) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;

5) қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялардың себептерін тексеруді ұйымдастырады;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметіне басшылық жасайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;

7) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;

8) тандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметіне басшылық жасайды;

9) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу ісін жүзеге асырады;

10) қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендірудің - объектіні ұйымдардың құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызудың негізгі талаптарын белгілейді; P090259

11) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;

12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік ұйымдар мен шетелдіктердің қызметін реттейді;

13) қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсіз зиянды әсер ету қаупі бар қызметті Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар;

14) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;

16) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беру тәртібін айқындайды;

17) қызметтік куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир үлгісін белгілейді;

18) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;

19) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;

20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін нормативтік актілерді бекітеді;

21) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келіседі;

22) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді;

23) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;

24) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға рұқсаттар бередi;

25) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;

26) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;

27) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

28) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;

29) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi;

30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

31) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндетті қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;

32) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді;

33) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі міндетті декларациялануға жататын өнеркәсіп объектiлерінің электрондық тізілімін жүргізеді және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;

34) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

1. 1. 2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті

Жергілікті мемлекеттік басқару органдары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өздерінің өкілеттігі шегінде:

- қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайларда қолда бар күшті, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, салдарын шектеу, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау жағынан қажетті көмек көрсетеді;

- жерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерге берудi сараптамалық қорытынды негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келiседi.

1. 2 Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

Жұмыскерлердiң өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері.

Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыскерлер:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

- ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;

- авариялар, инциденттер себептерін тексеру кезінде көмек көрсетуге міндетті.

Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;

- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;

- әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;

- белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;

- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;

- авариялардың, инциденттердің туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;

- уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;

- авариялардың, инциденттердің есебiн жүргiзуге;

- мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;

- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;

- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;

- қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;

- мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;

- өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;

- осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға;

- жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;

- кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;

- уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;

- қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.

Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.

Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару жүйесін қалыптастыру жолдары
КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz