Жеміс шаруашылығында озық технологиялы бақ құру үшін қолданылатын телітушілер және олардың сипаттамасы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы кафедрасы
Агробиология факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жеміс шаруашылығында озық технологиялы бақ құру үшін қолданылатын телітушілер және олардың сипаттамасы

Орындаған: Нұрмұханбетов Е.
Тексерген: Ұзақбаева М.

Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Сақтаудың негізгі факторлары
б) Ортаның газдық құрамының сақталғыштыққа қатынасы
в) Газдық ортасы реттелетін қоймалар және олардың жұмыс істеу тәсілі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Бақты отырғызу - бұл уақыттың, қаражаттың жəне күштің қомақты шығындары. Орталығы ашық жəне сауыт жүйесімен сирек отырғызылған ағаштардың ескі ұлттық тəсілі бұрынғы кез үшін үйлесетін. Алайда, енді жаһандық нарықпен, еңбектің көбейтілген құнымен жəне заманауи жабдыққа қажеттілікпен салымдардан табыстың түсуі жəне арттырылған жалпы табыстылық маңызды. Шабдалы, өрік, қараөрік жəне шие ағаштары үшін ұшар бастарының көшбасшылық пішінінің орталық жүйелерімен отырғызудың жоғары тығыздығы Еуропа, Жаңа Зеландия, Австралия жəне Оңтүстік Африка сияқты жерлер үшін норма болуда .

Төмендегі кестеден көруге болатындай, тығыздылығы анағұрлым жоғары бақшалар өнімді ерте көбейте жəне бақтың өмірі кезінде жақсы өндіруішілікті сақтай отырып, тығыздылығы төмен бақтардың өндірімділігі бойынша басым болуда. Жемістену мен табыстылықтың басталуын қарқынды жəне жартылай қарқынды бақтардың жүйесімен екеуін де тез алуға болатын кезде жылдар бойы күтудің керегі не? Біздің қортық жəне жартылай қортық екпелер тығыздылығы жоғары бақтардың жүйелеріне керемет үйлеседі. Біз өзіміздің екпелерімізбен бірге білім мен тəжірибені ұсынамыз.
Көкөніс - тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, картоп, қызанақ, қызылша, т.б.). Көкөністер -- бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп - крахмалға, ал қызылша - қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде -- организмде А витамині құрылатын - каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк - хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі. Көкөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар).
Көкөністердің жұғымдылығын сақтап қалу үшін оларды дұрыс өндеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның

Негізгі бөлім

Өсімдіктерді телу, трансплантациялау - бір өсімдіктің бұтақшасын (қалемшесін) немесе бүршігін (көзшесін) екінші біреуіне апару (тасымалдау). Телу жүргізілетін өсімдікті телітуші өсімдік, ал телінетіндері - телінуші өсімдік деп атайды. Телу кезінде телітушінің камбийі мен телінушінің камбийі тығыз жанастырылады да, олар кейін толық жымдасады. Нәтижесінде бірқалыпты қызмет атқаратын өсімдік ағзасы пайда болады. Жеміс шаруашылығында телу (ұластыру) - жемістік дақылдарды өсінді жолымен көбейтудің маңызды тәсілдерінің бірі. Осыдан басқа, телуді телінетін көп жылдық өсімдіктердің сұрыптық ерекшеліктерін нығайтуға және сақтауға; белгілі бір топырақ-климат жағдайына тамыры бейімделмеген (аязға шалынғыш, мол ылғалға шыдамайды) телітушіні алмастыруға; телітушіні құндылау, аязға - қысқа төзімділеу, ауруларға, зиянкестерге төзімдіректерімен алмастырғанда; бойлап өсетін немесе бойлап өспейтін өсімдіктер қалыптастырғанда; өсуді не күшейткенде немесе баяулатқанда және өсімдіктің өміршеңдігін ұзартқанда; гүлдеудің және жеміс байлаудың басталуын жеделдеткенде; қабығы жарақаттанған өсімдікті емдегенде; әсемдік және көлбеу өсетін бөрікбас қалыптастырғанда қолданады.
Телудің алуан түрлі жүздеген тәсілі болғанымен, өндірісте тек 10-15 қолданады. Бір жіктеме бойынша телудің барлық түрлерін негізгі екі топқа бөледі: көзсабақтау - бүршігімен (көзшесімен) телу және қиыстыру - бірнеше бүршігі бар қалемшемен, кейде бұтағымен телу. Жеміс шаруашлығында кең қолданылатын басқа бір жіктеу бойынша былай бөледі: көзсабақтау, қалемшемен телу, сыбызғы тәріздендіріп (бүршігі бар қабығымен), жанастырумен (аблактировка - бұтақтарды өсіп тұрған ағаштарынан кесіп алмай, тұрған жерлерінде бір-бірімен байланыстырып, ұластыру немесе телу әдісі), өне бастаған тұқымды телітушінің қабығының ішіне орналастыру әдістерін.
Қысқы, көктемгі және жазғы телуді ажыратады. Қысқы телуді өсіндінің тыныштық кезеңінде, әдетте, қыстың екінші жартысында, үй-жайда жүргізеді.
Көктемгі телуді климат жағдайына байланысты наурыздан маусымға дейін жүргізеді, жазғыны - маусымнан қыркүйекке дейін. Телітушінің қабығының астына телуді, оның ішінде көзшелеуді, қабықтың жеңіл сыдырылуын қамтамасыздандыратын камбийдің белсенді іс-әрекеті кезінде жүргізеді, ал басқа тәсілдер сәл ертерек мерзімде қолданылады.
Көзшелеу - жеміс дақылдарын тұқымбақта көбейтудің кең қолданылатын тәсілі. Көзшелеуде телудің басқа тәсілдерімен салыстырғанда еңбек өнімділігі, тіршілікке бейімделуі жоғарырақ, орындалуы оңайырақ (қарапайымдау), қалемше азырақ жұмсалады, телінушінің берік бітісуін және оның жақсы өсуін қамтамасыз етеді, телу кезіндегі жарақаттары тезірек жазылады. Телітушіге көзшелеуді оның тіршілігінің бірінші жылы көктемде, жазда және жаздың аяғында - күздің басында жүргізеді. Көктемде көзшелеуге өткен жылғы қалемшелер қолданылады. Телінген бүршіктер 15-20 тәуліктен соң өне бастайды. Міне, сондықтан, оны өне бастаған бүршікпен көзшелеу деп атайды. Мұны өсінді кезеңі ұзақ оңтүстікте, әсіресе тез өсетін сүйекті тұқымдықтарда, қолданады.
Жазғы көзшелеуге бүршіктері келесі көктемге дейін тыныштықта (бұйыққан бүршікпен көзшелеу) болатын ағымдағы жылдың қалемшесін қолданады. Бұл Қазақстанның кез келген ауданындағы жеміс шаруашылығында қолданылатын негізгі тәсіл.
Қалемшелері ерте жетілетін тұқымдықтар мен сұрыптарда көзшелеуді бірінші жүргізеді. Аса жас және әлсіз дамыған телітушілерді, ересек және мықты өсімдіктерден кешірек телімдейді. Көзшелеуді, суық түскенше солтүстік аймақта 5-тамызға, оңтүстікте 15-қыркүйекке дейін аяқтау керек.
Телітушіні көзшелеуге дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың ішінде бастысы болып - қабықтың жақсы сыдырылуын қамтамасыздандыратын және көзшелеудің табысты өтуіне ықпал ететін, телітушілердегі камбийалды белсенділігінің жоғарылығы. Бұған топырақта ылғалды мол жинаумен, құрғақ кезде суландырумен, аурулар мен зиянкестерді жоюмен қол жеткізіледі, себебі жарақаттанған өсімдіктердің қабығы нашар сыдырылады. Нәзік және созылмалы қабық болуы үшін түптелген телітушілердің топырағын көзшелеуден бір күн бұрын немесе көзшелеу күні аршиды. Сонымен бірге көзшелеуге кедергі келтіретін сүңгектің төменгі жағындағы бұтақтарды аластайды. Түптеу жүргізілмеген телітушілерде бұл бұтақтар көзшелеуден 2-3 апта бұрын аластатылады. Қатты ластанған сүңгектерді көзшелеу алдында таза сумен жақсылап жуады немесе дымқыл шүберекпен мұқият сүртеді. Көзшеленетін қалемшелерді жеміс берген ағаштың бөрікбасының жақсы жарықтанған жерінен және шетжағынан дайындайды. Қалемшелері жақсы жетілген, ұзындығы 30-40 см, жуандығы 6 мм кем емес, бүршіктері жақсы қалыптасқан болғаны жөн. Қалемшелерді дайындауды көзшелеудің қарсаңында немесе көзшелеу күні (таңертең немесе кешке қарай) жүргізеді. Жетілген өркендерде, қалқанды қыстыруға қолайлы болу үшін жапырақ сабағының 6-10 мм қалдырып, жапырақ тақталарын, бөбешік жапырақтарын және әлсіз дамыған бүршіктің жетілмеген ұштарын тез аластайды.
Телітушідегі көзшелеудің орнын таңдағаннан кейін, қалқанды бүршігімен отырғызу үшін, қабықта Т тәрізді тілік тіледі. Алдымен телтушінің діңінің 13 бөлігіндей етіп көлденең тіледі, кейін қалқанның ұзындығынан 0,5 см қысқарақ, көлденең қиықпен қосылғанша, тілік тіледі. Тілікке бүршігі бар қалқанды орналастырады. Қабық нашар сыдырылатын болса, оны пышақтың сүйекшесімен ашады. Көзшесі бар қалқан құрғамас және телітушіге тығыз жанасуы үшін, телімді жедел байлайды (жөкемен, полихлорвинилді жарғақпен, зығырдың, кенептің және қарақурайдың талшығымен). Бұл жұмысты көзшелеумен жұптасып жұмыс атқаратын байлаушы орындайды.
Қалқандардың құрғауына жол бермеу үшін байлаушы көзшелеушіден 5-6 телімдеуден кешікпегені дұрыс. Жарғақты ені 8-10 см, ұзындығы 20-30 см етіп таспалап тіледі. Байлауды тілінген жарты айшықтан сәл жоғарырақ жүргізеді. Әр кейінгі орам алдыңғы орамды сәл басып оралады. Байлау тығыз және қалқанды құрғаудан қорғайтын болуға тиіс. Бүршікке дейін екі-үш, бүршіктен кейін үш-төрт орам оралады да, төменгі жағында таспа күрмеленеді. Сүйектілерде бүршік ашық қалдырылады, себебі жаппай байлау оны қысып тастайды да, жиі солуға әкеледі. Көндігіп бекіген қалқандардағы жапырақ сағақтары оңай түседі, бүршік пен қабық бүріспеген (әжімделмеген), қалыпты түсте болады; көндікпегендерден сағақ ажырамайды, қалқанның жапырағы мен бүршігі солады, бүріскен, лас-сұрғылт түсті. Көзшелеуден 12-15 күн өткеннен соң көзшелеуді тексереді. Көзшелері қураған өсімдіктерге таспа байлайды немесе ұшын сындырады және қайтадан көзшелейді, ал көндіккендерінің байлауын босатады, себебі діңнің жуандауына байланысты олар жиі қатты керіледі. Байлау жібі телітушінің діңіне батса, оны қайталап байлайды. Қуатты өсетін сүйекті тұқымдықтарда және оңтүстікте, байлауды босатады және 2-3 рет қайталап байлайды. Қоңыржайлы климатта және қар аз түсетін аудандарда, көзшенің үсуіне жол бермес үшін көзшелегендерін түптейді, ал құрғақ аудандарда күз құрғақ болса шамалап дымқылдық суармалауды қолданады.
Қиыстыру қарапайым және жақсартылған болады. Бұл тәсіл тұқымбақтарда телітушілері мен телінушілердің жуандығы бірдей болғанда және бақтарда ағаштардың бір-екі жылдық бұтақтарын қайталап көзшелегенде қолданылады. Қарапайым қиыстыруда телітушінің ұшында және телінушінің төменгі жағында, телітушінің жуандығынан 3-5 есе артық болатындай етіп бірдей ұзындықтағы қиғаш қиықтар тілінеді. Содан кейін телінушіні телітушіге жанастырады да,тіліктерді біріне-бірін беттестіріп, екеуінің камбийлерінің тұстасуын байқайды. Телітуші мен телінушінің қиықтары тегіс және таза болуға тиіс. Жақсартылған қиыстыруда телітуші мен телінушінің қиықтарында үшкір және жұқа ұштарынан 13 қашықтығында бойлап тілшелеп тіледі. Осыдан кейін қалемше мен телітушіні түйістіргенде тілшелер бірі-бірінің ішіне сұғылуы тиіс. Осыдан кейін телінген жерді байлайды да, сыртынан бақ нұмын жағады. Жабыстыра телуді телітуші телінушіден жуан болғанда қолданады. Мұндайда телітушіні түбірлеп сәл еңкіштеу кеседі. Түбірдің сәл биіктеу жағынан, астынан үстіне қарай, сүрегін ала тілік тіледі. Қалемшеде ұзындығы мен ені телітушінің тілігімен үйлесетіндей, жиі тілшелеп немесе мінгестіре (кертпелеп) қиық жасайды. Бүйірлік тілікке телуді, ұзындығы 10-15 см етіп тілінген сояуға (тікенге) отырғызғанда қолданады. Қиықтауды телітушіге пышақты тіктеп, 10-12о бұрышпен тіледі. Тілікке бір қыры екіншісінен 1,5-2 есе ұзынырақ етіліп дайындалған екі қырлы сынаманы орналастырады.
Жақындастырып немесе байланыстырып телу камбийіне дейін жалаңашталған телітуші мен телінушіні тығыз байлаумен орындалады. Телітуші телінушімен көндігіп бітіскенше аналық өсімдіктен ажыратылмайды (кесілмейді). Жақындастырып телуді жиі жылыжайларда құмыра өсімдіктерін пайдаланып, кейде бақтарда, айталық, көршілес ағаштардың бұтақтарын қалпына келтіргенде және оларды қиғаштап пальметтендіріп қалыптастырғанда немесе мангоны көбейткенде қолданады. Телітуші мен телінушінің қабығын ағаш сүрегін қоса 4-5 см етіп кеседі де, кесінділерді жалғастырады және бұтақтарды жарғақпен орайды.
Өне бастаған тұқымдармен телу. Бұл тәсілде қалемше орнына өне бастаған тұқымның тұқым астылық иіні мен тамыршасын телітушінің қабығының ішіне орналастырады.
Іссанада көптеген басқа да телу тәсілдері қолданылғанымен, олардың бәрі, әдетте, жоғарыда сипатталынғандардың түрі өзгергендер екенін білген жөн.
Микроклоналды көбейту
Клональды микрокөбейту - бұл ұлпалар мен жасушаларды өсіргенде, жыныссыз жаппай көбейту. Нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқыға (негізгіге) тектілігі жағынан ұқсас болады. Клональды микрокөбейту өсімдікті өсінді тәсілімен көбейтумен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие: көбею еселігінің жоғарылығы; өсімдіктерді вирустар мен ауруқоздырғыш микроағзалардан сауықтыру; селекциялық үдерістердің жеделдеуі; өсінді жолымен көбеюі қиын немесе көбеймейтін өсімдікті көбейтуі; отырғызу алаңын және отырғызуға қажет материалдарды үнемдеу; жас өсімдіктерді алу (кәрі дараларды жасарту); даму айналымында тыныштық кезеңі бар өсімдіктің жыл бойы өсуін қолдану; өсіру үдерісін автоматтандыру мүмкіндігі.
Клональды микрокөбейтудің әдістері өте көп (В.С.Шевелуха және т.б., 2003). Өсімдікті микроклональды көбейткенде пайдаланылатын негізгі әдіс - бұл ұштық (апикалдық) басымдылықты (доминанттықты, бүйірлік өркендердің ұштық бүршіктерінің өсуін, ұштық меристемалар өндіретін гормондармен басу құбылысы) тыюға негізделінген - өсімдіктегі бар меристеманың (мүшеленбеген-дифференцацияланбаған жасушаларының белсенді бөлінетін құрастырғыш ұлпалары) дамуын белсендендіру. Бұған сабақтың жоғарғы меристемасын аластатумен және кейін гормонсыз ортада in vitro (пробиркада) жағдайында ұсақ қалемшелеумен; толып жатқан қолтықтық өркендердің дамуына тітіркендіргіш әсер ететін цитокинин түртекті заттарды (канетин, зеатин) қоректік ортаға қосумен жетуге болады. Бұл тәсілмен жеміс және жидек өсімдіктерін (алма, алхоры, шие, алмұрт, жүзім, таңқурай, қарақат, қарлыға және т.б.) көбейтеді.
Екінші әдіс - бұл қосалқы бүршіктердің эксплант (өсірілетін) жасушаларында тікелей пайда болуын тітіркендіру. Ол өсімдіктің оқшауланған бөлігінің қолайлы жағдайда жетпеген мүшелерін қалпына келтіру қабілетіне негізделінген, сонымен, бүтін өсімдікке дейін жетіледі. Апикалды меристеманы өсіруге негізделінген бүлдіргеннің клональды микрокөбейту технологиясы жеткілікті түрде жақсы дайындалған.
Үшінші әдіс - өзінің сыртқы түрі бойынша зиготалық ұрыққа ұқсас, соматикалық жасушаларынан ұрық тәрізді құрылымының мүшеленуіне (дифференцациялауға) негізделінген. Бұл әдіс соматикалық эмбриогенез деп аталады. Ұрықтардың in vitroда in vivo-дан (табиғи жағдайда) пайда болуындағы негізгі айырмашылығы, соматикалық ұрықтың ұрықтанбай, ұрықтық қаптан тыс дамуында және өзінің сыртқы түрі бойынша, сабақ пен тамырдың апикалық (ұштық) меристемаларының дамуы бір уақытта өтетін, қосполярлы құрылымды еске түсіреді.
Қазіргі кезде жүзімді көбейтуге пайдаланылады.
Төртінші әдіс - алғашқы және ауыстырмалы отырғызылатын каллустық ұлпаның қосалқы бүршіктерінің мүшеленуі (дифференцациялануы). Бұл әдіс зарарсыздалынған қоректік ортадан отырғызылатын жасанды материалдарды алу үшін аз пайдалынады. Бұл каллустық ұлпаны әлсін-әлсін жаңа қоректік ортаға қайталап отырғызғанда микрокөбейту үшін қолайсыз құбылыстардың байқалуымен байланысты: өсірілетін жасушалардың плоидтығының өзгеруі, хромосомалардың құрылымдық қайта құрылуы және тектік (гендік) өзгерулерінің (мұтантарының) жиналуы, өсірілетін жасушалардың морфологиялық әлеуетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс шаруашылығы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Алманың себінді телітушілері
Алма ағаштарын қалыптастыру
Тұқымдарды стратификациялау
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайлары
Пәндер