Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
- Осы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
- Қағидалар Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын абаттандыру салсындағы қарым-қатынасты реттейді және тәртібін белгілейді. Қағидалар меншік нысанына қарамастан Астана қаласының аумағында орналасқан жерлердің, ғимараттар мен құрылыстардың, жапсарластыра салынған орын-жайлардың, тұрғын үйлердегі тұрғын емес орын-жайлардың және басқа объектілердің иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
3. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру мынадай Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік), басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары және абаттандыру мен көгалдандыру кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларына жүктеледі.
4. Осы Қағидаларда негізге ұғымдар пайдаланылады:
1) қаланы абаттандыру - сол немесе өзге аумақты халықтың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға, мақсаты бойынша дұрыс қолдану, құрылысқа жарамды етуге келтіру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар мен жұмыстардың жиынтығы;
2) тасталған көлік - меншік иесі белгіленген тәртіпте бас тартқан және (немесе) жылжымайтын күйде тұрған көлік құралы;
3) жасыл екпелерді мәжбүрлі кесу - елді мекеннің бас даму жоспарын іске асыру мақсатында және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру үшін жасыл екпелерді кесу;
4) гүл бағы - шөптер, гүлбақшалар, ағаштар мен бұталар отырғызылатын жасанды абатттандыру элементі;
5) дендрологиялық жоспар - 1:500 масштабтағы жоспарланатын және сақталатын сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң ашық гүлзарлар учаскелерi, алаңқайлар, аяқ жолдар, сутоғандар, сондай-ақ пейзаждар және көрiнiстердi қиюластырып тұрғызу және орналастыру көрсетiлген сызба;
6) сұйық қалдықтар - халықтың тұрмыстық қызметі нәтижесінде пайда болған (тұрмыстық-нәжістік), сондай-ақ қазылған шұңқырлардан алынған сұйық қалдықтар (шөгінділер) ;
7) бекітілген аумақ - Аумақты абаттандыру төлқұжатында көрсетілген санитарлық тазарту және жинау жұмыстарын жүргізу үшін белгіленіп берілген учаске;
8) бекітілген аумақтың объектісі - қала көшелері жағындағы бөлінген учаскелер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ, орамішілік аумақтың учаскелері, ауланың ішкі аумағы, сақтауға және жинақтауға уақытша пайдаланылатын аумақ, инженерлік желілердің қорғалатын аймақтарының бөлінген және іргелес аумағы;
9) бекітілген аумақтың субъектілері - кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер меншік иелерінің коммерциялық емес ұйымдары (ПМИК) ; ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары; жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;
10) жасыл екпелердi қорғау - жасыл екпелердi, көгалдандырылған аймақтарды және жасыл алаптарды жасауға, сақтауға және қайта өндiруге бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;
11) ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік үдерістерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс;
12) жапсарластыра салынған орын-жайлар - негізгі ғимараты көлемінде жеке кіреберісті ұйымдастырумен орнатылған қоғамдық мақсаттағы орын-жайлар;
13) жапсарластыра-жанастыра салынған орын-жайлар - негізгі ғимаратқа жанастыра салынған және оның бөлігіне жапсарластыра салынған орын-жайлар;
14) жасыл алап - түрінің құрамына қарамастан 0, 1250 га ауданы аумақта кемінде 50 дана ағаштардан тұратын жасыл аумақ;
15) жасыл екпелер - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын шығу тегi табиғи және жасанды отырғызылған ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер;
16) Астана қаласының жасыл белдеуі -Астана қаласының аумағын қоршаған және қорғау, санитарлық-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, оңалту және туристік қызметтерді орындайтын арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақ;
17) жасыл құрылыс - қалада, өнеркәсіптік және басқа объектілерде жасыл екпелердің ауданын құру, сақтау және ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жүйесі;
18) Астана қаласының жасыл қоры - Астана қаласының әкімшілік аумағы шегінде жалпы, шектеулі және арнайы пайдаланудағы көгалдандырылған аумақты қамтитын жасыл екпелер аумағының жиынтығы;
19) жалпы пайдаланудағы жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, өтпе жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, желек жолдар, суаттар, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыратын өзге де объектілердің (жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан жерлері;
20) жасыл екпелерді түгендеу - жасыл екпелердің сандық және сапалық мінездемесін жан-жақты сипаттаумен, көгалдандыру объектілерін есепке алу бойынша кешенді іс-шаралар, сондай-ақ жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу;
21) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;
22) өтемдік отырғызу - жойылған немесе зақымдалған жасыл екпелердің орнына жасыл екпелерді отырғызу;
23) контейнер - коммуналдық, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған стандартты ыдыс;
24) ) объекті (екпе) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффиценті (бұдан әрі - ОЖК) - кесуге ұсынылған объектінің тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл екпелердің сапалық жай-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;
25) iрі габаритті қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, көптеген әртүрлі заттардың қалдықтары (тұрмыстық және ас үй техникасы, жиһаз, үй тұрмысының ірі көлемді басқа заттары, аумақты абаттандыру кезінде кесілген ағашгтар мен бұтақтар, құрылыс қалдықтары және т. б. ) .
26) жасыл алқаптардағы ландшафты кесу - қураған, фаутты, төмен декоративтік және рекреациялық әсерге төзімділігі нашар, ағаш сапасын жақсарту үшін басты жоғары декоративті тұқымның дамуына кедергі болатын ағаштар мен бұталарды кесу;
27) жасыл екпелерді орман патологиялық зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) болуына арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, дің, тамыр жүйесі және бөрікбастың саңырауқұлақ аурулармен зақымдану белгілерін анықтауға арналған арнайы тексеру;
28) шағын сәулеттік нысандар - сәндік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, сауда павильондары, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар) ;
29) қоқыс тасушы ұйым - сұрыптауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынастары бар коммуналдық қалдықтарды мамандандырылған көлікпен шығаруды жүзеге асыратын ұйым;
30) сынап шамдар мен құралдардың жиналуы - белгіленген тәртіпте өңделген сынап шамдары мен құралдардың рұқсат етілген көлемін жеке тұлғалардан басқа сынап шамдары мен құралдарды тұтынушылардың сақтауы;
31) қоқыстың рұқсат етілмеген жиналуы - оларды өз бетінше (рұқсат етілмеген) шығару (орналастыру) немесе үю нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы;
32) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, дұрыс жинауды, өңдеуді, қайта кәдеге жаратуды, жоюды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюмен байланысты қызмет түрлері;
33) көгалдандырылған аймақ - табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер шыққан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, желек жолдар, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлерге арналған жер аумақтары;
34) жалпы пайдалануғы көгалдандырылған аймақ - қала тұрғындарының демалысы үшiн арналған аймақ (қалалық ормандар, орман-бақтар, бақтар, саяжайлар, саябақтар, желекжолдар) ;
35) шектеулі пайдаланудағы көгалдандырылған аймақ - тұрғын үй құрылысының, емдеу, балаларға арналған оқу және ғылыми мекемелерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындар, спорт кешендерінің аумағы;
36) арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аймақ - көгалдандырылған санитарлық-қорғаныс, су қорғау, мелиоративтiк-қорғаныс, өрттен сақтану белдеуi, зираттар, автокөлiк және темiр жол бойындағы екпелер, ботаникалық, зоологиялық және жемiс бақтары, тәлiмбақтар, гүлдiк-оранжереялық шаруашылық аймақтар;
37) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды өте қатты қысқарту, бүршіктерді сирету және реттеу, ересек ағаштарда кемінде 3, 5 м биіктікте, төбелер мен бұтақтардың кебу салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан сау ағаш діңімен жасарту үшін ағаш діңін кесу;
38) ұйым - жүргізілетін жұмысқа қажетті қызметті жүзеге асыратын, материалдық және білікті еңбек ресурстары бар жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;
39) бөлінген аумақ - Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған уәкілетті органдар шешіміне сәйкес қолдану, иелікке немесе жер пайдаланушыға (кәсіпорын, мекеме, жеке тұлғаға және т. б. ) оған тиісті нысандарын орнату үшін берілген жер участкесі;
40) пайдаланылған сынап шамдары мен құралдары - құрамында сынап бар қалдықтар, пайдаланып істен шыққан, кәдеге жаратуға жарамды жарық беру құралдары мен электро шамдары, құрамында 0, 01 пайыздан кем емес сынап бар құралдар;
41) өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) ;
42) қорғау куәлiгi - көгалдандырылған аймақтарды иеленушiлерге (жалға алушыларға) жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты негiзiнде беріледі;
43) аумақтарды абаттандыру паспорты - объектілерге тексеріс жүргізу нәтижелері бойынша құрастырылған және аудан әкімімен бекітілген, абаттандыру және санитарлық жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажет болып табылатын объектінің техникалық, идентификациялық сипаттамалары көрсетілген бекітілген нысанды құжат;
44) қайта есептеу ведомості - жасыл желектердің жағдайының жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы ведомость;
45) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - рұқсат етілген санитарлық кесуге, мәжбүрлі кесуге немесе рұқсат етілмей кесуге ұшыраған, оның ішіне сандық бөлігі, тұқымдық құрамы, көлемі, отырғызудың күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жобалық негізге байланған отырғызғылардың орналасуының кескіндік сызбасы кіретін жасыл желектердің көлемін бірдей өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
46) жасыл екпелердің зақымдануы - ағаштың ұшар басына, дiңiне, сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң бұтақтарына, олардың тамыр жүйесiне, өсу процесiнiң тоқтауына, шөптесiн өсiмдiктердiң тамыр жүйесiне және жер бетiндегi бөлiгiнiң зақымдануына зиянды әсерiн тигiзедi. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл екпелердің ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы - механикалық зақымдану болып табылады;
47) іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың теңгеріміндегі меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 м шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;
48) өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;
49) бұзылған көлік - негізгі тораптар мен агрегаттар, шанақ бөлшектері, тиеу, шыны және доңғалағы жоқ, оларды сәйкестендіруді мүмкін емес етіп тұрған терең коррозияға ұшыраған көлік;
50) Астана қаласындағы жасыл екпелердің тiзiлiмi - Астана қаласы аумағындағы жасыл екпелердің саны, реңдiк құрамы, түрi туралы мәлiметтер жиыны;
51) күту тәртібі - ауа райының өзгеруіне уақтылы әрекет ету мақсатында жұмыс орнында болу мен күту (техникалар, жұмысшылар) кезеңі;
52) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ;
53) санитарлық кесу - апаттық жағдайларды туындататын (электрлік желі, газ құбырлары үстінде жататын, ғимарат жабындысын бұзатын, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп туындататын) ауру, кепкен, қураған және зақымданған бұтақтарды жою;
54) санитариялық тазарту - мақсаты елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын іс-шаралар жүйесі;
55) таңдаулы санитарлық кесу - құрғақ, өлі, жел құлатқан, қар құлатқан барлық жастағы ағаштар мен бұталарды кесу, сонымен қатар тамыр ысқышпен, орақпен және басқа да саңырауқұлақ аурулармен зақымданған ағаштарды кесу;
56) жаппай санитарлық кесу - жасыл алаптарда, саябақтарда, шағын гүлбақтарда жел құлатқан, қар құлатқан, қураған және ауру ағаштардың үлкен көлемі бар (40 %) белгілі бір ауданда өткізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
57) жеке тұлғалардың аралас аумағы - қалалық аумақтың ортақ пайдалану жерлерімен шекаралас жасыл екпелер өсетін, жеке тұлғалардың иелігіндегі аумақтардың учаскесі;
58) жолдарды күтіп ұстау - нәтижесінде автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес келетін жол мен жол құрылғыларының көліктік-пайдалану жағдайны сақтайтын жұмыстар кешені;
59) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау - жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алаптарды құруға, сақтауға және қайта өсіруге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
60) жасыл екпелерді сақтау - абаттандыру мен құрылыс жұмыстарына енетін жасыл желектердің аса құнды тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді іс-шаралар;
61) арнайы ұйым - қажетті материалдық және еңбек ресурстары бар белгілі бір қызметті орындауға мамандырылған заңды тұлға;
62) арнайы коммуналдық қорғалатын тұрақ - осы Қағидаларды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны ұсталған көліктер құралдарын, аз мөлшерлі ыдысты сақтауға арналған тұрақ;
63) құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылғыларды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдар мен инженерлік коммуникацияларды көшіру, бұзу, қайта жаңарту, жөндеу (соның ішінде күрделі) мен салу үдерісінде пайда болған қалдықтар;
64) қатты тұрмыс қалдықтары (бұдан әрі - ҚТҚ) - қатты формадағы коммуналдық қалдықтар;
65) көгалдандыру резерві аумағы - Астана қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес қаланың жасыл қорын дамытуға арналған қолайсыз аумақтар;
66) техникалық қадағалау - жобада белгіленген жұмыс өндірісінің құнын, мерзімін, көлемі мен сапасын нақты сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын сараптамалық-тексеру іс-шараларының кешені;
67) жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл бақтарымен немесе арық жүйесімен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі;
68) жасыл екпелерді жою - олардың жойылуына алып келген жасыл екпелердің зақымдалуы;
69) уәкілетті орган - табиғатты пайдалануды реттеу мен тұрмыс-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
70) жасыл желектерді қорғау бойынша уәкілетті орган - жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында табиғатты пайдалануды реттеу саласында функцияларды жүзеге асыратын әкімдіктің атқарушы орган (бұдан әрі - атқарушы орган) ;
71) есеп жүргiзу объектiсi - тағайындалған шегi бар және жауапты иеленушiлер - мекемелерге, ұйымдарға, кәсiпорындарға немесе жеке тұлғалардың меншiгiне немесе жалға берiлген жер учаскелерi;
72) бөрікбасты түзу - жеке ағаштар, бұталар және қалыптауға келетін желілі желектердің бүршіктері мен бұтақтарын белгілі бір эстетикалық нысанға келтіру мақсатында кесу.
2. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау.
§ 1. Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау
5. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қорды құрайды және қорғалуға жатады.
6. Азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар, жасыл екпелердің қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруы, жасыл екпелердiң зақымдалуына немесе жойылуына әкелiп соғатын заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсiздiкке жол бермеуі тиіс.
7. Тұрғын үй және қоғамдық құрылыс объектілерінің меншік иелері, жалға алушылар шектеулі пайдаланымдағы іргелес аумаққа көгалдандыру жүргізуге міндетті.
8. Жасыл екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалға алушылар олардың жай-күйіне бақылау жүргізуді жүзеге асыруы, жасыл екплерді қанағаттанарлық жағдайын және қалыпты дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Агротехникалық іс-шараларды жүргізумен байланысты жасыл екпелерді күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады.
9. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметтерi, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Қағидалармен белгіленген жасыл екпелерді қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады. Жоба алды және жобалық құжаттамалар құрылыс, шаруашылық және басқа да қызметтердi ұйымдастыру, жасыл екпелердің жай-күйi туралы толық және нақтыланған мәлiметтерді қамтуы тиiс, ал жобалық құжаттама, бұдан басқа, жасыл екпелердің жобаланатын объектiлер әсерiнiң толық бағасын қамтуы тиiс.
10. Жасыл екпелердің тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етумен үйлеспейтін көгалдандырылған аймақтарды және жасыл алаптарды пайдалануға жол берілмейді. Қала аймағы көлемiнде орналасқан жасыл алаптар, құрылыс салуға жатпайды. Көгалдандырылған аймақтарды дамыту, ұзақ мерзiмдi кешендi көгалдандыру сызбасына сәйкес жүргiзiледi.
11. Жалпы пайдаланудағы көгалдандыру объектiлерiнде құрылысты (саябақтарда, бақтарда, гүл бақтарында, бульварларда), сондай-ақ жалпы пайдаланудағы екпелердi жасауға арналған жер учаскелерінде орналастыру, олардың тiршiлiк етуiн және қызмет көрсетуiн қамтамасыз етуге арналған құрылыстарды қоспағанда, жол берілмейдi.
12. Еңбектен кейiнгi демалыс, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық инфрақұрылымның күрделi емес (уақытша) объектiлерiн орналастыру мақсатында саябақтардың, бақтардың, гүл бақтарының, желек жолдардың, жүргiншi саяжолдарының бөлек учаскелері сатып алу құқығынсыз жалға берiлуi мүмкiн.
13. Жалпы пайдаланудағы көгалдандырылған аймақтарды жалға беру кезiнде, жасыл екпелерді сақтау қамтамасыз етiлуi тиiс.
14. Жалпы пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар Астана қаласының коммуналдық меншігінде болады, сондай-ақ жерге құқық субъектілеріне байланысты республикалық және жеке меншікте болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақ шекарасындағы жер учаскелерін шаруашылық пайдалану бойынша меншік иелерінің, жерді иеленушілердің, жалға алушылардың құқықтары шектеледі.
15. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтардың жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті аудан әкімдерінің аппараттарына ресімделеді. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағы жасыл белдеуінің жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасыл екпелерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға ресімделеді.
16. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақпен қамтылған жерлер айналымнан шығарылады. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың жекелеген учаскелері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша егер ұсынылған қызметтер жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақты құру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмесе және жасыл екпелердің қалыпты өмір тіршілігін қамтамасыз етуге кедергі болмайтын болса, келушілерге үздіксіз қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында сатып алу, қосалқы жалға беру, кепілге қою құқығынсыз жалға беріледі.
17. Шектеулi пайдаланулағы көгалдандырылған аймақтар тұрғын үй қоры меншiк иелірінің, басқа да меншiк иелерінің және жалға алушылардың иелiгiнде болады.
18. Шектеулi пайдаланудағы көгалдандырылған аймақтар, азаматтармен және заңды тұлғалармен тұрғын және қоғамдық құрылыс салу объектiлерiн орналастыру үшiн пайдаланатын аймақтарда орналасқан айналымда болады және бекiтiлген қала құрылысы құжаттамаларына сәйкес сатып алу құқығымен жалға, қосалқы жалгерлікке кепiлдікке берiлуi мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz