Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз
ету қағидаларын бекіту туралы
Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті
өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық
ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Әділет ақпараттық құқықтық
жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-
порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-
тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
1-бөлім. Жарылғыш материалдарды пайдаланудың жалпы тәртібі
1. Негізгі ережелер
1. Осы Қағидалар жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік
объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін
айқындайды және Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңының 12-2-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жарылғыш материалдар айналымында және пайдалануға қатысатын
өндірістер үшін жергілікті жағдайларды, өндірістік бақылау туралы және
аварияны жою жоспары туралы ережені ескере отырып, жарылғыш материалдарды
қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету бойынша технологиялық регламенттер
әзірленеді.
Технологиялық регламентті ұйым әзірлейді және ұйымның басшысы
бекітеді.
2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жарылғыш
материалдарды (бұдан әрі – ЖМ), жарылғыш заттарды (бұдан әрі – ЖЗ),
бастамашыл құралдарды, ату және жару аппараттарын, жарылыс жұмыстарын
механикаландыру құралдарын, ЖЗ (оқтау) жасау және пайдалану кезінде тікелей
пайдаланылатын техникалық құрылғыларды, жарылғыш және бақылау-өлшеу
аспаптарын, жарылыс жұмыстарына арналған құрылғылар мен аппаратураны
Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңының 75-бабында көзделген тәртіппен пайдалануға рұқсат беріледі.
3. ЖМ сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздікті анықтау мақсатында
тұтынушы сынауына тартылады:
1) дайындаушыдан түскен кезде (кіріс бақылауы);
2) сапалылығына күмән туындаған кезде (сыртқы бақылаудан) немесе
жарылыс жұмыстарының қанағаттанарлықсыз нәтижелер кезінде (толық емес
жарулар, істен шығу);
3) сақтаудың кепілдік мерзімі өткенге дейін.
Сынақ тиісті ЖМ жасаушылардың нормативтік-техникалық құжаттарына
сәйкес жүргізіледі.
Сынау нәтижелері одан әрі ЖМ сынауды есепке алу журналына осы
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жаза отырып актімен ресімделеді.
4. Кепілдік сақтау мерзімі өткен ЖМ әзірлеуші немесе өндіруші-зауыттың
техникалық құжаттамасында көзделген сынауларсыз пайдалануға және сақтауға
рұқсат берілмейді.
ЖМ ұйымға дайындаушылардан тікелей түскен жағдайда, сертификаты болған
және базистік қоймадан шығыс (базистік) қоймаға жарамды ыдыспен (сырттай
қарағанда) болған жағдайда қабылдау кезінде сынақ қажет емес.
Көмір және қатпарлы тас шахталарында кепілдік мерзімі өткен
нитроэфирлі ЖЗ пайдалануға болмайды.
5. ЖЗ заттарды тұтынушы ұйымдарда дайындау, ЖЗ механикалық жолмен
оқтауға дайындық технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
6. ЖМ үйлесілімділігі ЖЗ мен олар негізінде жасалған өнімдердің
үйлесімділігі топтарына сәйкестігі осы Қағидалардың 2-қосымшасының
үйлесімдік кестесіне сәйкес белгіленеді.
7. ЖМ үйлесімділік тобына, сыныпқа және кіші сыныпқа жататындығын
әзірлеуші айқындайды, сараптама қорытындысымен расталады және тиісті ЖМ
қолдану бойынша нұсқамада көрсетіледі.
8. Үйлесілімділігі әртүрлі топтағы ЖМ бөлек сақталып, тасымалданады.
9. Бірге сақтауға:
1) түтінді (D үйлесілімділік тобы) және түтінсіз (С үйлесілімділік
тобы) оқ-дәрілерді олардың ішіндегі ең сезімталдыларына талаптарға сәйкес;
2) от өткізгіш байлам, оны және оқ-дәріні жаққыш құралдар, сигналдық
және дәрілік патрондар мен В, С және D үйлесімділік топтарының ЖМ бірге
сигналдық ракеталар (G үйлесілімділік тобы);
3) детонациялық сымдар және детонациялық ленталар (D үйлесілімділік
тобы) капсюль-детонаторлармен, электр детонаторлар және пиротехникалық реле
(В үйлесілімділік тобы).
10. Осы Қағидалардың 3-бөлімінде көрсетілген шарттарды және сақтаған
және мынадай:
1) үйлесімділік тобы бірдей, бірақ әртүрлі кіші сыныпты ЖЗ Еуразия
экономикалық комиссиясы кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешімімен
қабылданған Кедендік Одақтың КО ТР 0282012 Жарылғыш заттар және олар
негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентінің (бұдан
әрі – Регламент) 2-қосымшасына сәйкес 1.1 кіші сыныпты оларға ЖМ сияқты
қауіпсіздік шараларды пайдаланған жағдайда бірге тасымалдауға рұқсат
беріледі;
2) C, D және Е үйлесімділік топтары ЖМ бірге тасуға, Е үйлесімділік
тобына жатқызылған төменгі нөмірлі кіші сынып үшін белгіленген талаптарды
орындаған жағдайда (егер осы топтың жүгі тасымалданатын болса) немесе С (Е
тобының ЖМ болмаған кезде) рұқсат берілетін талаптарды орындаған жағдайда
B, C, D, E, G, N және S топтарының ЖМ бірге тасымалдауға жол беріледі.
11. N үйлесімділік тобының ЖМ, S басқа басқа үйлесімділік тобының ЖМ
бірге тасымалдауға болмайды. Егер N үйлесімділік тобының ЖМ С, D, және Е
үйлесімділік тобының ЖМ бірге тасымалданатын болса, онда олар D
үйлесімділік тобы ретінде қаралады.
12. Өнеркәсіптік ЖМ, ЖЗ, бастамашыл құралдар, ату және жару аппараттар
оларды пайдалану кезінде (сақтау, тасымалдау, жұмыс орнына жеткізу,
пайдалану) қауіптілік дәрежесі бойынша І сыныпқа жатқызылады және
Регламентінің 2-қосымшасына сәйкес топтарға бөлінеді.
13. Пайдалану шарты бойынша өнеркәсіптік ЖЗ Регламенттін 1-қосымшасына
сәйкес сыныптарға бөлінеді.
14. ЖМ бар жәшіктер (қораптар) мен контейнерлерді, ЖЗ бар қаптарды
жасаушы қораптың ашылғанын сырттан анықтауға мүмкіндік беретін тәсілмен
пломбалайды (тігеді, жапсырады).
15. ЖМ қаптаған кезде жасаушы ыдысқа қолдану бойынша Регламентінің 5-
бабының 2.2-тармағында келтірілген ақпарат көрсетілген нұсқаулық қоса
салынады.
Орамаға салу орнына ілеспе құжаттамаға ЖЗ қолдану бойынша нұсқаулық
енгізуге жол беріледі: ормадағаы (жәшіктегі) бұйымның зауыттық жеке маркалы
нөмірінің тізбесі.
16. ЖМ орналасқан жерден 100 метрден аз ара қашықтықта от жағуға,
темекі шегуге, оқ дәрі қаруын, жандырғыш және темекі тұтандырғыш заттарын
ұстауға рұқсат берілмейді. Жандырғыш заттарды тек жарғыш мамандарға ұстауға
рұқсат беріледі.
17. О-дәрімен жұмыс істеу және оны сақтауға арналған үй жайларында аяқ-
киім табанында және өкшесінде темірбөліктер (шеге және тағы басқа) болмауы
шарт. Құралдар және басқа да темір жабдықтар ұшқын шығармайтын
материалдардан дайындалады. Болаттан тек бұрауыштар жасалынуы мүмкін.
18. Патрондағы және қаптағы аммиакті селитралы негіздегі ұнтақты ЖЗ
пайдалану алдында сыртқы қабықшасын бұзбай жайылады. Пайдалану бойынша
нұсқаулықта көрсетілген нормадан жоғары ылғалданған ЖЗ пайдалануға
болмайды.
19. Құрамында гексоген немесе сұйық нитроэфирі жоқ, тұрып қалғанда
және жаю мүмкін болмаған ЖЗ, осы Қағиданың талаптарына сәйкес ұсақталады,
содан кейін оларды тек газ бойынша қауіпті емес шахталарда (кеніштерде)
немесе жер бетіндегі жұмыс кезінде шаңдар жарылуы бойынша қауіпті емес
қабаттарда (кен денелері) пайдаланылады.
Гексоген немесе сұйық нитроэфирлі тұрып қалған ұнтақты ЖЗ ұнтақтамай
немесе жаймай пайдалануға, тек жер үсті жару жұмыстарында рұқсат беріледі.
20. Газ бойынша қауіпті көмір және тақта тасты шахталарда немесе шаң
жарылысы бойынша қауіпті қабаттарда қабықшасы бұзылған патронды ЖЗ
пайдалануға болмайды.
21. Кептірілген немесе ұсақталған ЖЗ пайдалану саласы оларды пайдалану
бойынша дайындаушы нұсқаулығына сәйкес анықталады.
22. Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде персонал қауіпсіздігін
қамтамасыз ету шаралары жүргізіледі, ЖЗ шаңдарымен және жарылыстың улы
өнімдерімен улануды ескертеді, ЖЗ шаңы жарылуын болдырмау үшін кешенді
шаралар жүргізіледі. Шараларды ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
23. Жарылыс жұмыстарын жарушы осы Қағидалардың 3-қосымшасында
келтірілген жазбаша наряд-жолдама арқылы жүргізеді.
Жарылыс жұмыстарын авариялық жағдайларды жою және ескерту кезінде
нарядсыз жүргізуге рұқсат беріледі.
24. Ортақ қауіпті аймақ шегінде бірнеше жарушы бір уақытта жұмыс
жасағанда біреуі басшы болып есептеледі. Ол өзінің нұсқауларын дауыспен
немесе алдын ала келісілген және жарушыларға белгілі белгілермен береді.
25. Жарушы жұмыс уақытында арнайы киіммен, жару жұмыстарына арналған
жабдықтармен және аспаптармен жарақталуы, өзімен бірге сағаты болады.
Бірнеше жарушы жару жұмысын жасаған кезде бақылау сағаты аға жарушыда
болады.
26. Электр детонаторды тікелей қолданушы адам статистикалық электр
қуатын қауіпті мөлшерге дейін жиналуына жол бермейді.
27. Жарушы ЖМ босаған ыдысты тексеріп, мұқият тазартып, тағайындалуына
тәуелсіз, оқтау блогынан (забой) жару желісі монтажына дейін алыстатылады.
2. Жарылыс жұмыстары үшін персоналды дайындау тәртібі
28. Жарылыс жұмыстарына басшылыққа аяқталған жоғары немесе арнайы орта
таукен-техникалық білімі бар немесе арнайы оқу орнында және арнайы
курстарда оқып, жару жұмыстарға басшылық құқығын беретін осы Қағидалардың 4-
қосымшасында келтірілген үлгімен Жарушының (жарушы-шебер) бірыңғай
кітапшасын алған адамдар жіберіледі.
29. Жер асты жұмыстарындағы жарылыс жұмыстары бойынша басшылығына жер
асты жағдайындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес таукен инженері, жұмыс
өтілі екі жылдан кем емес таукен технигі тағайындалады.
30. Жарылыс жұмыстарын жарылыс жұмыстарына рұқсаты және Жарушы-
шебердің бірыңғай кітапшасы бар жарушылар (жарушы-шебер) жүргізе алады.
Газ бойынша қауіпті шахталарда (кеніштерде) немесе жарылысқа қауіпті
шаңы бар пайдалану жыныстарында жарылыс жұмыстарына жарушы-шеберлер ғана
жіберіледі.
Ыстық сілемдерді жаруға жұмыс өтілі екі жылдан кем емес жарушылар
жіберіледі.
31. Жарушыға көмекші ретінде бастамашыл құралмен және патрон-соққышпен
байланысты емес жұмыстарға жарушының басшылығымен және бақылауымен,
нұсқаулықпен танысқан адамды тағайындауға болады.
32. Жарушы және жарушы-шебер мамандығына медициналық қорытындысы бар,
орта білімді, жасы мен жұмыс өтілі келесідей болатын тұлғалар жіберіледі:
1) газ бойынша қауіпті көмір шахталарында немесе шаң жарылу қауіпі бар
көтерілгіш қатпарларда – жасы 22-ден және жер асты жұмыстарындағы жұмыс
өтілі 2 жылдам кем емес;
2) басқа да жарылыс жұмыстарында – жасы 20-дан кем емес және жұмыс
өтілі осы саладағы кәсіпорындардағы мамандықтар бойынша бір жылдан кем
емес.
Аяқталған жоғары тау-кен техникалық білімі бар тұлғалар ЖБК алуға
біліктілік емтиханын тапсыруға алдын ала оқытусыз жіберіледі.
Жарушыны кәсіби дайындау бірыңғай бағдарлама бойынша өндірістен қол
үзіп жүргізіледі.
33. Тиісті бағдарлама бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында
мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты
болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу
орталығында оқудан өткен, емтихан тапсырған және жарушының Бірыңғай
кітапшасын алғандарға жарушы (жарушы-шебер) біліктілігі беріледі.
Жарушы жарылыс жұмысын жүргізуге тәжірибелі жарушы басшылығымен бір ай
бойы кәсіпорында тағылымдамадан өткеннен кейін, жарылғыш жұмыстарға
өздігіне жұмыс жасауға рұқсат беріледі.
34. Жарушылардың (жарушы-шеберлердің) өндірістік оқуы және осы
Қағидалардың талаптарын білу деңгейін тексеру жыл сайын өткізіледі.
Емтихан тапсыра алмаған жарушыларға жарылыс жұмыстарын жүргізуге
рұқсат берілмейді және қайта даярлаудан өткеннен кейін екінші қайтара білім
деңгейін тексеруге рұқсат беріледі.
35. Механикалық заряд алуға механикалық зарядталу және зарядтау
құрылғылары мен машиналарын қауіпсіз пайдалану тәсіліне өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау
құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе
оқу ұйымының оқу орталығында оқудан өткен жарушылар (жарушы-шеберлер) ғана
жіберіледі.
36. Жарушылар жарылыс жұмыстарының жаңа түріне ауысқан кезде
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік
объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында қайта даярлаудан өтеді.
Жарылыс жұмыстарының жаңа түріне өздігінен жүргізуге рұқсат аларда,
жарушы жиерма жұмыс күн бойы кәсіпорында тағылымдамадан өтеді.
37. Бір жылдан астам үзілістен кейін жарушылар жеке жарылыс жұмысына
емтихан тапсырғаннан және кәсіпорында тағылымдамадан өткеннен кейін
жіберіледі.
38. ЖМ қоймасы және механикаланған ЖЗ дайындау пункті жетекшілігіне
жарылыс жұмыстарға басшылық құқығы бар немесе ЖЗ дайындау және зерттеу
технологиясы мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген (техникумдар)
адамдар және қайта даярлау бағдарламасымен емтихан тапсырып, осы
Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес рұқсат куәлігін алған
жарушы тағайындалады.
39. Геофизикалық ұйымдардың оқтау шеберханасынан, қысқа мерзімдік
шығыс қоймаларынан ЖМ сақтауға, есептеуге, беруге жұмыс өтілі бір жылдан
кем емес, оқудан өткен, емтихан тапсырған жарушылар жіберіледі.
Жылжымалы ЖМ қоймасының жетекшісі міндетін күзетшіге, автомобиль
жүргізушіге, басқа да орта білімді, жылжымалы ЖМ қоймасы жетекшісін
дайындау бағдарламасымен оқытылған, емтихан тапсырып куәлік алған
тұлғаларға жүктеуге болады.
ЖМ қоймасы және оқтау шеберханасы меңгерушісіне жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат берілмейді.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуші жарушыларға, ЖМ қоймасы және оқтау
шеберханасы жетекшілігі міндетін орындауға рұқсат берілмейді.
40. ЖМ қоймасына таратушы ретінде орта білімді, ЖМ қоймасы жетекшілігі
бағдарламасымен оқытылып, емтихан тапсырып, он жұмыс күн тағылымдамадан
өткен адамды тағайындауға болады.
Таратушы ретінде бес жұмыс күн тағылымдамадан өткен жарушыларды
тағайындауға болады.
41. ЖМ қоймасы зертханашысы ретінде ЖМ қоймасының лаборанты
бағдарламасымен оқытылып, емтихан тапсырған және куәлік алған адамдар
тағайындалады.
42. Механикаландырылған дайындау пунктінде ЖМ дайындауға, бағдарлама
бойынша оқытылған, емтихан тапсырып куәлік алған тұлғалар жіберіледі.
Өздігінен жұмыс істеуге он жұмыс күн тағылымдамадан соң рұқсат беріледі.
43. ЖМ ғылыми-зерттеу, эксперименттік және оқу бағыттарына
пайдаланатын мекемелерде, ЖМ жұмыс жасауға Жарушының (жарушы-шебер)
бірыңғай кітапшасы бар және он жұмыс күн тағылымдамадан өткен ғылыми
қызметкерлер, оқытушылар мен зертханашылар жіберіледі.
3. ЖМ жұмыс орындарына жеткізу тәртібі
44. ЖМ тасымалдау кезінде оларды тиеу және түсіру қаруланған күзетпен
күзетілетін тиеп-түсіру алаңында, жарылыс жұмыстарын жүргізуге немесе
басшылыққа рұқсат берілген адам бақылауымен жүргізіледі. ЖМ тиеуге
(түсіруге) қатысы жоқ адам жұмыс алаңына жіберілмейді.
45. ЖМ көлік құралына жүктеу кәсіпорынның бас инженері бекіткен жүкті
орналастыру және бекіту сызбасына сәйкес жүзеге асырады, бұл ретте жүк
шанақ осінің бойына қатысты симмиялы және барлық аумағы бойынша біркелкі
(салмағы бойынша) орналастырылады.
Жұмыстар тікелей тиеп түсіруге жауапты адамның басшылығымен және
қадағалауымен орындалады.
46. ЖМ тиеу, қайта тиеу және түсіру тәртібі жұмыскерлердің соқтығысу
немесе оларды жүкпен сүйкелу мүмкіндігін болдырмайды.
47. Келіп түскен ЖМ есебін бақылау түсіру орнында қамтамасыз етіледі.
48. Тиеп-түсіру алаңына қойылатын талаптар:
1) көлік құралы тиеп-түсіретін жерден 15 метр қашықтыққа тікен сыммен
қоршаланады. Қоршау биіктігі 2 метрден кем болмайды;
2) қараңғы уақытта стационарлық электрлік жарық бергішпен немесе
кеніштік аккумуляторлық шаммен жарық беріледі. Ажырытқыштар қалыпты
орындауда ЖМ тиеу (түсіру) орнынан 50 метрден жақын болмайтын қашықтыққа
орналасады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077
қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздік қағидаларыменн белгіленген тиесілік
нормаларына сәйкес қажетті өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады;
4) мекемемен, темір жол станциясымен (порт, жағалау, тағы сол сияқты),
ішкі істер органы және өртке қарсы кызметі мекемелерімен телефон байланысы
болуы керек. Телефон ЖМ тиеу (түсіру) орнынан 50 метрден алыс емес күзетші
бөлмесінде орналастырылады.
Тиеп-түсіру алаңын, пайдалануға ұйым комиссиясы өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы аумақтық өкілетті органы өкілінің қатысуымен
қабылдайды.
49. ЖМ басқа жүктермен бірге бір вагонда, жүк бөлмесінде немесе су
көлігінде, әуе көліктерінде, автокөлікте, арба және басқа көлік
құралдарының, осы Қағидаларда көрсетілген жағдайлардан басқа түрлерінде
тасымалдауға болмайды.
50. ЖМ тасымалдау кезінде бірқалыпты және қатайтып орналастырады,
көлік құралы түрткі және тербеліс кезде, олар қозғалып, бір-біріне және
қабырғаларға соқтықпауы керек. Жартылай түсірілуге жататын жүктерді әрі
қарай тасымалданатын жүктерді ауыстырмайтындай орналастырады.
51. Жолда немесе тиеп-тасымалдағанда ЖМ ыдысы зақымданған жағдайда ЖМ
басқа ақаусыз ыдыстарға (қап және тағы басқа) ауыстырады. Зақымданған
ыдыспен ЖМ тасымалдауға болмайды.
Қоймадағы қораптан (қаптан және тағы басқа) ЖМ сынауға сынама алғанда,
қораптар қойма пломбасымен тасылады. Қалған ЖМ салмағы (саны) ыдыста
көрсетіледі.
52. Вагон, кеме, автокөліктерді шұғыл жөндеу қажеттілігімен ЖМ жолда
амалсыздан мәжбүрлі түсіру тасымалдауға жауапты тұлға басшылығымен, ЖМ
қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаумен және күзетпен жүргізіледі.
1-параграф. ЖМ тасымалдау тәртібі
53. ЖМ көлік құралымен тасымалдау, ЖМ қабылдау технологиялық
регламентке сәйкес жүргізіледі.
54. ЖМ тасымалдауға арналған, ЖМ тасымалдауға жабдықталған
автомобильдермен және жалпы тағайындаудағы автомобильдермен тасымалдауға
рұқсат беріледі.
55. ЖМ тасымалдау кезінде белгіленген бағыттан, тұрақ орнынан ауытқуға
және белгілеген қозғалыс жылдамдығынан асыруға болмайды.
56. Ілесіп жүруші адамға күзетшінің міндетін атқаруға рұқсат беріледі.
57. ЖМ тасымалдауға оқудан өткен және жүкті алып жүруге рұқсат
берілген адамдар жіберіледі, олардың тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы
(мамандығы) жолсапар парағында көрсетіледі.
58. Детонаторлар мен түтін оқтарды тіркемеде тасымалдауға рұқсат
берілмейді.
59. ЖМ тасымалдау көлігін басқаруға, қауіпті жүк тасымалдауға
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қауылымен
бекітілген Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау қағидаларына
сәйкес рұқсат туралы куәлігі бар жүргізушілер жіберіледі.
Жүргізуші мен тасымалдаушы тасымалдауға жауапты адамның рұқсатынсыз,
ЖМ тиелген көлік құралын қалдыруына болмайды.
ЖМ тиелген көлік құралында тиеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат
берілмейді.
60. ЖМ тиелген бірнеше көлік құралы қозғалысы кезінде жүк тасымалдауға
жауапты адам алдыңғы көлікте, соңғысында күзетші отырады.
61. ЖМ бес және одан артық автомобильден тұратын тізбекпен тасымалдау
кезінде, оның құрамына қорғаушы автокөліктен басқа, ЖМ тасымалдауға арнайы
жарақталған көлік құралы кіреді. Резервті көлік құралы тізбек соңында
орналасады.
62. ЖМ тасығанда жол бойында дем алуға тұрғындар орналасқан пункттен
100 метрден кем емес қашықтықта және тұрғылықты жерден 200 метрден кем емес
орындарда ғана рұқсат беріледі. Көлік құралдарының қозғалтқыштары өшірулі,
жануарлардың жүгі түсіріліп, доғарылады.
ЖМ тасымалдау құралының жолдан шығуға мүмкіндігі болмаған кезде жолдың
жиегіне, бірақ тұрғылықты жерден 200 метрден кем емес қашықтықта тоқтауға
болады.
ЖМ бар көлік құралдарының тоқтаған орындарына екі жағынан ескерту
белгілері қойылады.
ЖМ көлік құралдарының гаражға, атқораға тоқтауына болмайды.
63. ЖМ тасымалдайтын көлік құралы жол бойына толық жетерлік
жанармаймен қамтамасыз етіледі.
Бұл қағиданы орындау мүмкін болмаған кезде жанармаймен толтыруды
тасымалдау бағытында көрсетілген жанармай құю бекеттерінде толтыруға рұқсат
беріледі.
ЖМ тиелген газ баллонды автомобильдерге үстеме жанар май құюға рұқсат
берілмейді.
64. ЖМ бар автомобильдің өрт орнынан 300 метрден жақын және мұнай газ
кәсіпшілігіжәне басқа да өндірістерден 50 метрден кем қашықтықта өтуіне
болмайды.
65. ЖМ тасымалдайтын барлық жекелеген мотокөліктерде және арбаларға
алды-артынан ажырату белгілері қойылады.
Тізбектеліп жүргенде белгілер ЖМ тасымалдау құралдарының алдыңғысына
және артқысына қойылады.
66. ЖМ көліктері найзағай кезінде ашық жерге, орман және тұрғылықты
жерден 200 метрден кем емес қашықтыққа тоқтайды: мотоциклдер, мотороллерлер
немесе арбалар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тоқтайды.
Қозғалтқыштар өшіріліп, жануарлардың жүгі түсіріліп, доғарылады.
Күзетшілерден басқа адамдар найзағай кезінде көліктерден 200 метрден кем
емес қашықтыққа кетіріледі. ЖМ көліктері тоқтаған орынға алды-артынан
ескерту белгілері қойылады.
Осы талаптарды орындау мүмкін болмаған кезде ілесіп жүруші адам өз
қалауымен қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдайды.
67. ЖМ көліктерін көлден және өзеннен өткізген кезде, паромда басқа
жүктер мен жолаушылардың болуына жол берілмейді.
68. ЖМ мотокөлікпен, арбамен немесе жануарлармен ЖМ соғылмайтындай
болып жарылыс жұмыстарына арналған жабдықтардан басқа қандай да бір жүкті
тасымалдауға болмайды.
69. ЖМ көлік-арбамен тасымалдағанда, В үйлесімділік тобындағы
серіппелі арбаны пайдаланады, шанамен тасығанда үйлесімді топтағы ЖМ жұмсақ
матадан жасалған төсенішке орналастырылады.
Көрсетілген ЖМ теңдеп тасымалдағанда, олар киізбен оралып-қапталады.
70. Көлік-арбалымен тасымалдағанда ЖМ салмағы:
1) дәрі – бір атты арбада 300 килограмм (бұдан әрі – кг) және екі атты
арбада 500 кг;
2) басқа ЖМ және от өткізгіш сым – бір атты арбада 500 кг және екі
атты арбада 800 кг артық болмайды.
2-параграф. ЖМ жұмыс орындарына жеткізу тәртібі
71. ЖМ жеткізу оқыған қызметкерлер арқылы белгіленген бағыт бойынша
жүргізіледі.
72. ЖЗ және бастамашыл құралдар қалталарда, кассеталарда, зауыт
қаптамаларында жеткізіледі. Бастамашыл құралдар мен соққыштарды тек
жарушытар жеткізеді (тиеп-түсіру жұмыстарын қоспағанда).
Детонаторы бар соққыштар іші жұмсақ материалмен қапталған қатты
қалталармен (кассеталар, жәшіктер) тасымалданады.
73. Жарушы бастамашыл құралдар мен ЖЗ бірге тасымалдағанда, ЖМ салмағы
12 кг артық болмайды. Жарғыш тасымалдайтын соққылардың салмағы 10 кг
аспайды.
Бастамашыл құралдарсыз ЖЗ қалтамен тасымалдағанда салмағы 24 кг
дейінгі салмаққа рұқсат беріледі.
Зауыттық қаптамадағы ЖЗ тасымалдау, ауыр заттарды тасымалдаудың
орнатылған ережелері шамасында жүргізіледі.
74. ЖМ қоймадан жұмыс орындарына жеткізу техникалық жетекшісінің
рұқсаты бойынша жүргізіледі.
ЖЗ, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттарын тасымалдау
төмендегі шарттарды сақтау кезінде жүргізіледі:
1) көлік құралының жүк көтергіштігінің 23 бөлігінен артық болмауы;
2) бастамашыл құралдар ішкі бөлігі толықтай жұмсақ төсенішпен
қапталған тығыз жабылатын қораппен көліктің алдыңғы жағына орналасуы;
3) ЖЗ қаптамаларының бастамашыл құралдар қораптарына сүйкелмеуін
қамтамасыз ету амалдарын жасағанда;
4) дәрілер мен перфорациялық зарядтарының зауыттық қаптамамен немесе
арнайы қораптармен орналасуы және басқа ЖМ 0,5 метр қашықтықтан жақын
болмауы;
5) қораптарды және басқа ЖМ ыдыстарының соғылмауы және бір-біріне
үйкелмеуі үшін қатайтылуы тиіс.
В және Ғ үйлесіміділік тобын қосапағанда, ЖМ арнайы автокөліктердің
толық жүк көтерілімдігіне дейін біріктіріп тасымалдауға болады.
75. Жарғыштар пен тасымалдағыштарды оларға берілген ЖМ бірге жұмыс
орындарына осы мақсатқа арнайы берілген көлік құралымен жеткізіледі.
76. Жер асты жағдайында ЖМ тасымалдау, осы мақсатта жабдықталған,
қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін шахталық көлік құралдарының барлық
түрлерімен жүргізіледі.
77. Адамдар көтеріліп-түсіп жатқан уақытта шахта оқпанымен ЖМ
тасымалдауға болмайды. ЖМ тиеп-түсіргенде, қозғағанда, шахта оқпанында,
оқпан маңындағы аулада және оқпан үстіндегі шахта ғимаратында жарғыш,
таратушы, ЖМ тиеп-түсіруші жұмысшылар, оқпаншы және ЖМ жеткізуге жауапты
қадағалаушы тұлғалардың ғана болуына рұқсат беріледі.
78. Шахта оқпанымен ЖМ көтеріп-түсіру диспетчердің (шахта кезекшісі)
жауапты қадағалаушы тұлғаға хабарлама бергеннен кейін жүргізіледі.
ЖМ бар қораптар мен қаптар көтерме биіктігінің 23 бөлігінен жоғары
және көтерме есігінен биік болмайды.
Қаптар мен қораптардағы ЖМ вагонетка ернеуінен аспайды, вагонеткалар
көтермеге бекітіледі.
Бастамашыл құралдар ЖЗ бөлек түсіріледі (көтеріледі).
79. ЖМ бар жарғыштар мен ЖЗ Бар тасығыштар қиғаш қазбаларда көтеріліп
– түскенде, вагоншалар ішіндегі әр орындықта бір жарғыш немесе бір ғана
тасығыш орналасады.
80. ЖМ қалтасы бар жарғыш және ЖЗ қалтасы бар тасығыш бір уақытта
көтеріліп түскенде көтерме ішінде еден бір адамға 1 шаршы метр (бұдан әрі –
м2) есептеледі. Көрсетілген тұлғаларға өздерімен бірге осы Қағидалардың 73-
тармағында көрсетілген көлемнен артық емес ЖМ мөлшері болуына рұқсат
беріледі.
ЖМ бар жарғыштар мен ЖЗ Бар тасығыштар кезектен тыс көтеріліп-түседі.
81. ЖМ жер асты қазбаларымен тасымалдау секундасына 5 метр (бұдан әрі
– мс) артық емес жылдамдықпен жүзеге асырылады. Машинист көтеру машинасын
не жүкшығырды немесе электр тасығышты солқылдатпай, еппен іске қосады және
тоқтатады.
82. Жер асты қазбаларында көлік құралдарымен ЖМ тасымалдау (жеткізу)
мына жағдайларды сақтап жүргізіледі:
1) ЖМ тиеп-түсіру жұмыстары арнайы орындарда жүргізіледі;
2) теміржол көлік құралымен тасымалдағанда ЖЗ мен бастамашыл құралдар
арасында бос вагоншалармен бөлінген бөлек вагоншалармен тасымалданады,
сонымен қатар ЖЗ және бастамашыл құралдар бар вагоншалар ара қашықтығы
немесе осы вагоншалар мен электрлік тасығыш арасындағы қашықтық 3 метрден
кем болмайды.
Басқа жүктер тиелген вагоншалардың болуына рұқсат берілмейді;
3) детонаторлар жабық қақпағы бар жанбайтын материалдан жасалған, іші
ағашпен қапталған көлік құралымен тасымалданады. Бастамашыл құралдар бар
қораптар, қалталар, кассеталар жұмсақ материалдармен төселіп, бір қатар
биіктікке орналастырылады. Басқа ЖМ ернеуіне дейін тиеп, барлық көлік
құралдарымен тасымалдауға болады;
4) ЖЗ контактілі электрлі тасығышпен жанбайтын материалдан жасалған
қақпағы бар вагоншалар арқылы тасуға болады. Түйіршіктелген ЖЗ жанбайтын
матамен жабуға болады;
5) ЖМ бар көлік құралдарының (қатардың) алды-артында арнайы ажыратушы
жарық белгілері болады және осы белгілермен шахтадағы (қазбадағы,
кеніштегі) барлық жұмысшылар таныстырылады;
6) ЖМ тау қазбаларымен тасымалдау кезінде қарсы көлік жүргізушілер мен
адамдар тоқтап, ЖМ бар көлік құралын өткізіп жібереді;
7) ЖМ тасымалдауға (жеткізуге) қатысы бар адамдар мен көлік құралдары
жүргізушілері, қауіпсіз жұмыс жасау үшін арнайы нұсқаулықтан өтеді;
8) ЖМ рельстік көлік құралымен тасымалдау кезінде электровоз
машинистен, жарғыштан немесе таратушыдан, ЖМ тасуға қатысты жұмысшыдан өзге
тұлғалардың поезда болуына рұқсат берілмейді, еріп жүруші адамдар поезд
соңындағы вагоншада орналасады. Поезға жаяу еріп жүруге, поезд жылдамдығы
еріп жүрушілер жылдамдығынан артық болмаған кезде рұқсат беріледі;
9) ЖМ жабдықталған вагошаларда, контейнерлерде, құлыпқа жабылып,
пломбаланған басқа да ыдыстарда, ЖМ қоймасымен тасымалдағанда, алып
жүрушісіз тасымалдауға рұқсат беріледі;
10) ЖЗ (құрамында гексоген және нитроэфирі жоқ) участкелік сақтау
пункттерінен жару жұмыстарын жүргізу орындарына, қауіпсіз тасымалдау
шараларын сақтап, тиеп-жеткізу машиналары қалақшаларында тасымалдауға
болады.
83. Қолдан ашылатын қақпалы және шығыршықты теспеде ЖМ көтеріп-түсіру
жұмыстарын төмендегі жағдайларды ескере отырып, жүргізуге болады:
1) жарылыс жұмыстарына қатысы жоқ тұлғалардың забойда болуына рұқсат
берілмейді;
2) ЖМ көтеріп-түсіруді кемінде екі адам жүргізеді;
3) қақпа мен шығыршық автоматты түрде тежегіш құрылғылармен, ал
жалғама ілгек - сақтандырғыш құлыппен жабдықталады;
4) ЖЗ көтеріп түсіру бастамашыл құралдардан бөлек жүргізіледі.
84. ЖМ шығыршық арқылы көтерілуші қазбаларға (пештерге) көтеріп-түсіру
технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
4. ЖМ сақтау, пайдалану және есепке алу тәртібі
1-параграф. ЖМ сақтау тәртібі
85. ЖМ бұл мақсатқа арналған арнайы бөлмелерде және жоба бойынша
жабдықталған орындарда сақталады. ЖМ сақталу жоғалуын, ал сақтау шарты
олардың бүлінуін болдырмайды.
ЖМ сақталатын орындарды (жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге жақын
орналасқан ЖМ қорабын және ауысымдық ЖМ сақтау сейфтерін қоспағанда)
пайдалануға ие – мекеме, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті
органнын бөлімшесі және ішкі істер өкілдері кіретін қабылдау комиссия
арқылы жүргізіледі. Қабылдау актімен ресімделеді.
86. Әрбір тұрақты, уақытша, стационарлық ЖМ қоймаларына, үлестіру
камераларына осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша
паспорттар әзірленеді. Паспорттың бір данасы ЖМ сақталатын орында
сақталады.
87. Ғылыми және оқу ұйымдарда ЖМ осы мақсатқа арналған сейфтерде
сақталады. Тұрақты пайдалануға рұқсаты бар ЖМ жаңадан жасалған ЖЗ немесе
бастамашыл құралдармен бірге (бір сейфте) сақтауға рұқсат берілмейді.
Электр детонаторлар мен капсюль-детонаторлар металл гильзаларда таңбалауды
жүргізетін кәсіпорын таңбаланған ЖМ электр детонаторлар мен капсюль
детонаторлар есебін жүргізеді, тұтынушыларға олардың мекенжайына жіберілген
өнім нөмірлері туралы деректерді ұсынады.
88. ЖМ мен ЖЗ бар ашылған жәшіктер, қаптар, қораптар және контейнерлер
сақтау орындарында қақпақмен жабылады немесе байланады. Электронды
аспаптары бар ЖМ өнімдерінің зауыттық нөмірлерінің есебін жүргізуге рұқсат
беріледі.
89. ЖМ қоймаларындағы ЖМ сақтағыштар құлыптанады, пломбыланады немесе
мөр салынады. ЖМ бар қоймалары тәулік бойы күзетілетін жағдайда сақтауыштар
пломбыланбайды немесе мөр салынбайды.
90. ЖМ пайдаланумен жүргізілетін жұмыстар алты айдан артық мерзімге
тоқтатылған кезде қалған ЖМ тұрақты сақтау орындарына шығарады.
91. ЖЗ мен ЖМ сақтау және беру орындары бәрін өлшегіш жабдықтармен
және сусымалы ЖЗ мен ЖМ, бау ұзындықтарын өлшеуге арналған өлшеуішпен
жарақталады.
2-парагараф. ЖМ қабылдау, жіберу және есепке алу тәртібі
92. ЖМ сақталатын жерге жеткізілгенде кешіктірмей сақтау қоймаларына,
алаңдарға орналастырылады, көліктік құжаттар, наряд жүк құжаттары немесе
наряд-жолдама негізінде кіріске енгізіледі.
93. ЖМ кіріс және шығысының есебін ЖМ қоймасында осы Қағидалардың 7-
қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Жарылғыш материалдардың кіріс және
шығыс есебі журналында және осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген
нысан бойынша Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу
журналында қағаз және электронды форматта жүргізіледі.
ЖЗ сақтау орындары цифрлық және матрицалық кодты есептеу мүмкіндігін
қамтамасыз ететін техникалық құралдармен, сондай-ақ ашып жазуға және
сәйкестендіру деректерін ЖМ есепке алудың электрондық нысанда енгізуге
мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақталады.
94. ЖЗ өнімдерін дайындаушылардың жеке зауыттық нөмірлері жарғыштарға
таратқан кезде Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу
журналында тіркеледі.
Бастамашыл құралдардағы электр детонаторларды және металлдық қауыздағы
капсюл-детонаторларды лазерлік таңбалау тәсілімен сәйкестендіру санымен
немесе матрикалық әдіспен таңбалайды.
Сәйкестендіру деректері сандық немесе матрикалық кодта мынадай
тәртіпте ашылып жазылады:
алғашқы екі сан – капсюл-детонаторларды дайындаушының нөмірін
көрсетеді;
үшінші сан – капсюл-детонаторлардың дайындалған жылының соңғы санын
көрсетеді;
төртінші және бесінші сандар – капсюл-детонаторлардың дайындалған айын
көрсетеді;
алтыншы және жетінші сандар – капсюл-детонаторлардың дайындалған күнін
көрсетеді;
сегізінші сан немесе әріп – капсюл-детонаторлардың дайындалған
(таңбаланған) жабдық кодын көрсетеді;
тоғызыншыдан он үшінші сандар өнім нөмірінің ретін көрсетеді.
ЖЗ бар өнімдерді таңбалауда көрсетілген сәйкестендіру деректері
жарушыға беру кезінде Жарылғыш материалдарды беру және қайтару журналының
сәйкес бөлімдерінде тіркеледі.
Таңбалау сәйкестендіру деректерінің ЖЗ бар өнімді пайдаланудың барлық
мерзімінде сақталуын және сәйкестендіру деректерін техникалық құралдармен
есептеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Капсюл-детонатор таңбаланған дайындаушы нөмірі, жабдық коды
дайындаушының тауарға ілеспе құжаттарында көрсетіледі.
Егер электрдетонаторлар мен капсюль-детонаторлардың металл
гильзаларының құрылымдық өлшемдері оған бірыңғай сандық немесе таңбалау
кодтарын лазерлі таңбалау әдісімен енгізу мүмкін болмаса немесе мұндай
таңбалау енгізу нәтижесінде таңбалау және бұдан кейін пайдалану кезінде
электрдетонаторлар мен капсюл-детонаторлар қауіптілігінің дәрежесі артатын
болса бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтарын ынтагерлік білдіру
құарлдарына немесе оларыдң корпусына берік бекітілетін биркаларға
(стикерлерге) салуға рұқсат беріледі.
Металл гильзадағы электрдетонаторлар мен капсюл-детонаторларға
салынатын бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтары, ЖЗ бар өнімдердің
корпустары мен биркалары (стикерлері) ЖЗ бар өнімдерді пайдаланудың барлық
мерзімі бойында бірыңғай деректердің сақталуын және бірыңғай деректерді
техникалық құралдармен санау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тиісті таңбалау ЖЗ қорабына, сондай-ақ ЖЗ бар өнімдер қорабы мен
корпусына енгізіледі.
95. Есеп нысаны:
1) ЖМ кіріс және шығысы есебі журналының қағаз нұсқасы нөмірленіп,
тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілетті органның
аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.
Қағаз және электрондық журналды ЖМ берілуі жүргізілетін базистік және
шығыс қоймалардың меңгерушілері жүргізеді.
ЖМ әрбір атауы бөлек есептеледі.
ЖМ қалдықтары әрбір атаулары бойынша есептеледі және тәулік соңына
қағаз және электронды журналға тіркеледі. Журналға тәулігіне саны өзгерген
ЖМ тіркеледі;
2) ЖМ беру мен қайтаруды есепке алудың қағаз нұсқадағы журналы
нөмірленіп, тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының
өкілетті органының аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.
Журналды ЖМ берілуі жүргізілетін немесе қалған қалдық қабылданатын
қоймалар мен тарату камераларында қойма меңгерушісі мен үлестірушілер
жүргізеді.
Әрбір тәулік соңына есеп жүргізіліп, қанша және қандай (атауларымен)
ЖМ жұмсалғаны, сызықшаның астында шығыны тіркеледі (жіберілген жарғыш
материалдар қайтарылғаннан шегергенде). Журналмен бөлінген, тәулік бойына
жұмсалған ЖМ, ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында күнделікті
енгізіледі (жазылады).
Жаппай жарылыс жүргізгенде тікелей жұмыс орнында ЖМ таратуға және
қайтаруға, арнайы дайындалған ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында
ресімдеу арқылы рұқсат беріледі. Жоғарыдағы көрсетілген ЖМ шығын
мәліметтері ЖМ қоймасындағы журналда тіркеліп, 7, 11-бағанға жұмыс орнына
жеткізген адам қол қояды.
ЖМ қозғалысы учаскелік сақтау пункттерінде осы Қағидалардың 9-
қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдарды беру мен
қайтаруды есепке алу журналында жазылады;
3) осы Қағидалардың 10-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес наряд-
жүк құжаты жарылыс материалдардың сақталатын бір орнынан келесі орынға
дейін жіберілуіне қызмет етеді.
Төрт данада жасалып, басшы мен бас бухгалтер қол қойып, белгіленген
реттік саны, берілген мерзімі және алушының атауы көрсетіліп тіркеу
Кітапбында белгіленеді.
Наряд-жүк құжатты бухгалтерия ЖМ алушыға сенімхатпен қоса қоймаға
ұсыну үшін береді.
Наряд-жүк құжатының бір данасы қоймада сақталады, алушыға жолдама
құжаты ретінде беріледі, екі дана алушының сенімхатымен бухгалтерияға
беріледі. Бір данасы бухгалтерлік жүргізуде жарылғыш материалының
қоймасынан есептен шығару үшін, ал екіншісі есептеу кезінде немесе растама
ретінде алушыға жіберіледі.
ЖМ бір қоймадан екінші қоймаға берген кезде, бір мекемеге тиесілі
наряд-жүк құжаты үш данада жазылып беріледі. Қойма меңгерушісі ЖМ беріп,
екі данасын қоймада қалдырады, бір данасы алушыға жолдама құжаты ретінде
береді.
Бір қоймадан екінші қоймаға ЖМ жеткізген кезде, ЖМ алған жеткізуші
және қойма меңгерушісі (таратушы) жарылыс материалдарды бергенде, наряд-жүк
құжатында ЖМ алғанына және берілгеніне қол қояды.
Жеткізушілерге ЖМ учаскелік сақтау пункттеріне және жаппай жарылыс
орындарына тасымалдауына қоймадан наряд-жүкқұжаты арқылы жіберіледі. Бұл
жағдайда наряд-жүк құжатына жарылыс жұмыстарының мекеме жетекшісі немесе
ауыстырушы тұлға екі данаға қол қояды. Қойма меңгерушісі (үлестіруші) талап
етілген ЖМ жіберіп, наряд-жүк құжатының бір данасын қоймада сақтайды,
екіншісі жеткізушіге жолдама құжат ретінде беріледі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген жарылыс жұмыстарының
өндірісіне наряд-жолдама жарғыштарға (шебер-жарғыштар) ЖМ жіберілуіне
қызмет етеді.
Жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде бақылаушы адам наряд-
жолдамаға қол қояды.
Газ немесе шаң қауіпті шахталар мен кеніштерде, наряд-жолдамаға
жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жердің учаске бастығы немесе жарылыс
жұмыстар мен желдету қызметі жетекшісінің орынбасары қол қояды және ұйымның
техникалық жетекшісі қол қояды. Жарылыс жұмыстарынан кейін жарғыштың (шебер-
жарғыш) атына жазылған наряд-жолдамасына жұмысқа жетекшілік еткен қадағалау
тұлғасы наряд-жолдамасында жарылыс материалдарының дұрыс шығынын
тағайындап, қол қоюмен растайды. ЖМ қалғанын және жұмыстың соңына жарғыштар
наряд-жолдамасын ЖМ қоймасына (үлестіру камералары, учаскелік сақтау
пункттері) жеке өткізеді.
Бұрын алынған ЖМ шығынның есебін бермеген жарғыштарға (шебер-жарғыш)
ЖМ берілмейді.
Наряд-жолдаманы тарату және Жарылғыш материалдардың қайтарылу есебінің
журналына ЖМ таратылуының жазылуына негізделеді, ал жұмыс аяғында
толтырылған Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында
есептен шығарады.
96. ЖЗ көлік құралдарының, оның ішінде көліктік-зарядтық машиналардың
ауысымдық тұтынуынан артық емес мөлшерде беруді ЖМ қоймасының персоналы
жарғыштар (жеткізушілер) ауысым басында ұсынатын және ЖМ наряд-рұқсаттамасы
немесе наряд-жолдамасымен қалдырылатын, жарылыс жұмыстарының жетекшісі мен
ұйымның бас бухгалтері қол қойған ілеспе хат бойынша жүргізеді.
Тиеу люктерінің қақпақтары мен көліктік-зарядтау машиналары
дозаторларының нүктелері ЖЗ берген қойма меңгерушілерінің
(үлестірушілердің) ЖМ қоймасында жүргізушілердің (жеткізушілердің)
қатысуымен пломбыланады.
Ілеспе хат ауысымның әр автомашинасы жүргізушісіне жазылып беріледі
және оған сәйкес аға жарушы блокқа келген автомашинада пломбының болуын
тексереді, ЖЗ түсіріп болған соң оларды алғандығын ілеспе хатта қол қоюмен
растайды. Ілеспе хаттың жыртылмалы талоны аға жарушыға беріледі.
Ілеспе хаттар мен ілеспе хаттардың жыртылмалы талондары ауысым соңында
ЖМ қоймасына немесе карьердегі ЖМ қоймасының учаскелік үлестірушісіне
өткізіледі және наряд-рұқсаттаманы жабу мен ЖМ беру мен қайтаруды есепке
алу журналына сәйкес жазба жүргізу үшін қызмет етеді.
ЖЗ қалдығы болған кезде жалпы жарылыс өндірісінен кейін зарядтау
машинасында аға жарушы ілеспе хатта тек ЖЗ блокта қалған санын ғана
растайды және ЖМ қоймасының жұмыскері (учаскелік үлестіруші) немесе ұйым
бойынша бұйрықпен тағайындалған бақылаушы тұлға дозаторлардың ағуын
пломбылайды. Машина жүргізушісі (жеткізуші) қайтадан ресімделген ілеспе хат
бойынша ЖЗ қоймаға қайтарады немесе оларды басқа блокқа міндетті түрде
жаңадан енгізу орнын ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында көрсетумен
енгізеді.
97. Кіріс-шығыс құжаттарында қарындашпен жазуға, түзетулерге,
өшірулерге рұқсат берілмейді және өшірілген жазуларды түзетулер жаңа сан
қоюмен жасалады. Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу
журналының 4 және 9-бағандарында осы журналдың 4 және 9-бағандарының басып
шығарылған электрондық нұсқасының сәйкес ақпаратын желімдеуге рұқсат
беріледі. Әрбір түзетуді енгізген тұлға түсіндіріп жазады.
95-тармақта санамаланған қағаз кіріс-шығыс құжаттар ұйымда үш жыл,
электрондық – 5 жыл сақталады.
98. ЖМ қоймасына наряд-жолдамаға және наряд – жүк құжатына, ЖМ
жіберілуіне қол қоюға рұқсаты бар тұлғалардың қол қою үлгілері ұсынылады.
Қол қою үлгілерін мекеменің техникалық жетекшісі бекітеді. ЖМ құжаттары
басқа адам қол қойған жағдайда рұқсат берілмейді.
99. ЖМ үлестіру камераларындағы реттік саны ЖМ қоймасы үшін
белгіленгендерге сәйкес болады.
100. ЖМ базистік қоймасында жарылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті ЖМ
жарғыштарға (шебер-жарғыштарға) беру және ЖМ қалдықтарын қабылдау
операцияларын жүргізуге болады.
101. ЖМ алу үшін теміржол станциясына, кемежайға, басқа көлік пунктіне
келгенде қабылдаушы адам сенімхатпен және қаруланған күзетпен жіберіледі.
3-параграф. ЖМ есепке алуды, сақталуын және бар-жоғын тексеру тәртібі
102. Қоймадағы жарылғыш матариалдардың дұрыс сақталуын, есебін және
қоймада болуын ұйым басшысы тағайындаған адамдар ай сайын және өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның мемлекеттік инспекторы кезең
сайын тексереді.
103. Тексерілген кезде ашылмаған жәшіктерді, қаптарды, пакеттерді,
қораптарды және контейнерлерді пломбасы бүтін болған кезде ашпауға болады.
104. Ашылған жәшіктердегі электр детонаторлар, капсюл-детонаторлар,
пиротехникалық реле саны, басқада бастамашыл құралдар қойманың тамбурында,
бөлек камерада немесе қойма сыртында тексеріледі. Бұл жағдайда өнімдерді
осы Қағида талаптарына жауап беретін үстелге шығарылады.
105. Тексеру кезінде ЖМ кемдігі немесе артықтығы шыққанда, оқиғаға
тергеу жүргізу үшін шұғыл түрде ұйым жетекшісіне хабарланады, өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және ішкі
істер бөліміне хабарланады.
4-параграф. ЖМ жұмыс орындарында сақтау тәртібі
106. Жұмыс орнына жеткізілген ЖМ, қалтада, кассеталарда немесе
зауыттық қаптамада болады. Барлық жағдайда ЖЗ және бастамашыл құралдар
бөлек сақталады.
107. Жұмыс орнындағы ЖМ, оқталған теспелерді, ұңғыларды күзетсіз
қалдыруға рұқсат берілмейді. Қадағалау тәртібі технологиялық регламентпен
белгіленеді.
Жарылыс жұмыстары тұрғылықты жерлерде немесе ғимараттың ішінде
(құрылыс) жүргізілгенде, ЖМ бөлек күзетілетін бөлмеде орналасады.
108. ЖМ жер астындағы қазбалардағы учаскелік пунктерде, құлыпталған
қораптарда немесе контейнерлерде (сейфтерде) орналастырылған жағдайда,
тұрақты бақылаусыз (күзетсіз) сақталу орындарында жайғастыруға рұқсат
беріледі.
109. ЖМ жұмыс орындарындағы қауіпті аймақтан тыс және ауысымдық
қажеттілікте қауіпті аймақ аумағындағы жерлерде оқтар алдында, жаппай
жарылыс жүргізілетін қауіпті аймақтағы оқтауға дайындалған, күзетші
бақылауындағы бастамашыл құралсыз және соққышсыз ЖЗ қоспағанда, екі
тәуліктік тұтыну мөлшерінде сақтауға болады.
110. ЖЗ оқталатын көлікте (жылжымалы оқтау шеберханасы және
перфораторлық зерттеу бекетінен бөлек) тәуліктен артық сақталуға рұқсат
берілмейді.
111. Шахта оқпанында, ұңғыма аузында (тоннельдерде) тереңдету кезінде
ауысымға керекті ЖМ мөлшерін, шахта оқпанынан немесе аузынан ұңғыма
(тоннель), ғимараттан және жер бетіндегі құрылыстардан ара қашықтығы 50
метрден жақын болмайтын күркеде немесе бастырмаларда сақтауға рұқсат
беріледі.
5. Жарылыс жұмыстарын жүргізу және ЖМ сақтау кезінде қауіпсіз
қашықтықтарды анықтау тәртібі
112. Жарылыс жұмыстары өндірісі кезінде адамдарға арналған қауіпсіз
қашықтық жобамен немесе паспортпен белгіленеді.
Қауіпсіз қашықтық әр түрлі зақымдау факторларының ең жоғарғысына
сәйкес қабылданады.
113. Жарылыс жұмыстары кезінде ғимараттар мен құрылыстардың
бүлінбеуіне, қалыпты жағдайда жұмыс жасауына, сейсмикалық кері әсерін
болдырмауға ЖЗ қажетті мөлшері қабылданады.
114. Жер бетінде бірнеше ЖМ нысандары (қойма, ашық алаңдар, ЖЗ
дайындау және жасау пункті) орналасқанда, олардың арасында нысандардағы ЖМ
жару кезіндегі детонациялық қозғалыстың берілмеуін қамтамасыз ететін ара
қашықтық сақталады. Қауіпсіз ара-қашықтық осы Қағидалардың 11-қосымшасына
сәйкес анықталады.
115. Адамдарды, ғимараттарды, құрылыстарды талқандау және бұзу әсері
бар ауа толқынынан қорғау үшін жарылу қаупі бар жерлерді (ЖМ сақтау),
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтық, қауіпті аймақтар осы Қағидалардың
11-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіз қашықтықты жарылыс
орындарына, ЖМ қоймасына, ЖЗ сақтау алаңына, бастамашыл құралдар және ату
жару аппараттары орнына, ЖМ құралдарының тиеп-түсіру, тоқтау орындарына
және басқа осындай нысандарға сәйкес анықтайды.
116. Ашық жерлердегі жарылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіз қашықтық осы
Қағиданың 2-қосымшасындағы жарылыс жұмыстарының түрлері мен әдістері
кестесінде көрсетілген шамадан кем болмай қабылданады.
6. ЖЗ кептіру, ұсақтау, елеу, қабықшасын
жарылғыш заттармен толтыру және еріту тәртібі
117. ЖЗ кептіру, ұсақтау, елеу, сыртқы қабықшасын ЖЗ толтыру және
еріту жұмыстарын осы мақсаттарға жобалап салынған ғимараттарда, ЖМ
қоймасының аумағында немесе сыртында орналасқан, оның ішінде ЖМ дайындау
ғимаратында немесе бастырмасы бар ашық алаңда жүргізуге болады. Көрсетілген
операциялар жасалған кезде ЖМ дайындау ғимаратында бір мезгілде 3 тоннадан
артық ЖЗ болмайды.
118. Кептіру, ұсақтау, ЖЗ елеу және ашық ауада сыртын толтырылуы ауа
райы құрғақ кезінде жүргізіледі.
119. ЖЗ патронды ылғалдылығы 1,5 пайыз (бұдан әрі – %) дейін аммиак
селитралы негізде кептіруге зауыттық қабықшасында рұқсат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz