Акустикалық факторлар бойынша еңбек шартын анықтау



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Акустикалық факторлар бойынша еңбек шартын анықтау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Жұмыс орындарын аттестациялау , өткізу тәртібі
2 Акустикалық факторларға анықтама
3 Акустикалық шулардың таралуы, қоршаған ортаға және адам
организміне әсері
4 Шуды нормалау
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Акустикалық факторлар өндірістегі қауіпті және зиянды факторларға
жатады. Адамды қоршаған шулардың қарқындылығы әртүрлі болып келеді:
сөйлескенде – 50...60 дБА, көлік дабылы – 100 дБА, жеңіл көлік қозғалтқышының
шуы – 80 дБА, трамвай қозғалысының шуы – 70...80 дБА. Көшеде тоқтап, құлақ
салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және
серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын
естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының
және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті
көрініс.
Шуды нормалаудың мақсаты жұмыс орындарында ең біріншісі (гигиеналық
нормалаудың) қағидасы ғылыми тиянақты жүзеге асырылуы керек,шудың қатты
болуын болдырмау, тыныштық сақтау адамдардың жұмыс істеуіне шудың әсері
көп, ол бірден шықпайды ол біраз жылдардан соң ғана адамға өз кері әсерін
бере бастайды,осылайша адамдар түрлі есту қабілетінің жойылуына әсер етеді
және ол тұлғалардың жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Жұмыс
орындарындағы шуды нормалауды жүзеге асыру барысында ең бастысы барлық
жұмыс орындарында ортақ тыныштық сақталуы керек және ол шамадан тыс адам
яғни шу обьектілері көп болған күннің өзінде де жүзегеасырылуы тиіс.
Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы
зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынылады:
1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау
жүргізу.
5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық
жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек
шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге
мыналар кіреді:
1) типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтер;
2) техникалық тұрғыдан негізделген типтік нормалар мен еңбек жөніндегі
нормативтерді мемлекеттік органдармен жасауды қамтамасыз ету;
3) жұмыс берушілердің еңбек нормасының жасалуын, жүргізілуін және қайта
қаралуын қамтамасыз етуін бақылау.

1 Жұмыс орындарын аттестациялау , өткізу тәртібі.

Жұмыс орындарын аттестаттау халықты әлеуметтік қорғау және бақылау
жөніндегі министрліктің 23.08.2007 жылғы №203-п Өндірістік нысандарды
еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесі
туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі. Осы Ереженің бірінші тарауында
былай деп жазылған, өндірістік нысандарды аттестациялау былай болады:
1) қауіпсіздік және еңбек қорғау саласында қолданыстағы нормативтерге
сәйкес ұйымның жұмыс орындарын аттестациялау;
2) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қолданыстағы
нормативтерге сәйкес кешенді бағалау: еңбектің зияндылығы және еңбек
қауіпсіздігі деңгейін бағалау;
3) жарақат қауіпсіздігі және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз
ету деңгейін бағалау; Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша
аттестациялау жүргізіледі: өз ұйымында өндірістік нысандарды еңбек
жағдайлары бойынша аттестациялауды жүргізу жөніндегі, білікті кадрлары мен
өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын
зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе
заңнамада белгіленген тәртіппен тексеруден өткізілген тиісті өлшеу
құралдары бар немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы
зертханалармен ұзақ мерзімді шарттары бар дербес (тәуелсіз) ұйымдары бар
жұмыс берушіде жүргізіледі.
Өндіріс нысандарын аттестатциялаудан өткізу үшін аттестатциялық
комиссия құрылады. Оның құрамында төраға және мүшелері мен өндірістік
нысандарды аттестатциялау құжаттарын жүргізуші және сақтаушы хатшысы
болады. Мұндай тәртіп Ереженің екінші тарауында бекітілген. Аттестациялау
комиссиясының құрамына ұйымның басшысы немесе оның орынбасары, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары және келісімдері
бойынша басқа да бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ, ұйым қызметкерлерінің
өкілдері енеді. Үшінші тарау аттестациялауды жүргізу тәртібін реттейді.
Еңбектің зияндылығы мен қауіптілігі жұмыс орынындағы қауіпті де зиянды
өндірістік факторлармен (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық)
бағаланады. Зиянды да қауіпті өндірістік факторлардың деңгейі зертханалық
және өлшегіш құралдар негізінде анықталады. Физикалық, химиялық және
биологиялық факторларды зертханалық және өлшегіш құралдар арқылы анықтау
технологиялық тәртіпке сәйкес жұмыс жағдайы мен өндірістік процестер
бойынша орындалуы тиісті. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада болуы және жерасты
көмір шахталарында болуымен байланысты жұмыс орындарында зертханалық және
өлшегіш құралдар арқылы тексерулер жүргізілмейді. Қауіпті және зиянды
өндірістік факторларды өлшеу қарастырылған нормативті актілерге және
санитарлық ережелер мен нормаларға, мемлекеттік стандарттар бойынша ғана
жүзеге асырылады. Зертханалық және құрал-саймандық зерттеулер хаттамамен
рәсімделеді. Зиянды да қауіпті өндірістік факторлар шамасына өлшеу жүргізу
барысында мемлекеттік тексеруден өткен, белгіленген мерзімге сәйкес келетін
өлшегіш құралдары қолданылуы тиіс. Еңбек жағдайын бағалау зиянды да қауіпті
өндірістік факторлардың өлшенген шамаларына, яғни, олардың концентраттардың
рұқсат етілген шекті мөлшеріне сәйкес негізде жүргізіледі. Осылайша,
жұмысшы орынындағы еңбек жағдайының жиынтық бағалауы мынадай: 1) еңбек
қауіпсіздігі жағдайлары - еңбек процесі мен өндірістік ортаның қызметкердің
еңбек міндеттерін атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
талаптарына сәйкес болуы; 2) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды
және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған
құралдар; 3) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс
істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен
бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Жұмыс орынында қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болмауы
немесе олардың қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі, сондай-ақ,
қызметкерлердің қамтамасыз етілуі және жарақат алуы бойынша талаптардың
орындалуы барысында еңбек жағдайының қауіпсіздігі белгіленген талаптарға
сәйкес деп есептеледі. Жұмыс орынында өндірістік факторлардың орын алуы
нормадан асатын болса және жарақат алу бойынша талаптар сақталмаса, ал,
қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі нормаға сәйкес
келмесе, онда ондай жұмыс орынындағы еңбек жағдайы зиянды және қауіпті
болып есептеледі. Аттестациялауды жүргізу кезінде қызметкердің қатысуы
міндетті емес. Аттестация қорытындысымен қызметкер комиссия жұмысын
аяқтаған соң таныса алады. Кәсіпорында санитарлық-гигиеналық төлқұжат
болуы тиіс, сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен зиянды
еңбек жағдайында жұмыс жасайтындардың тізімі болуы керек. Бұл санаттағы
қызметкерлерге қосымша азық, қосымша ақылы демалыс ұсынылады. Егер
қызметкер жұмыс орынына жүргізілген аттестация қорытындысымен келіспесе,
онда ол облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне
хабарласа алады.
Аттестациялауды өткізудің тәртібі;
1. Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:
а) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық
қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық,
технологиялық) факторлар;
ә) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері
зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық,
химиялық, биологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері
жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке
сәйкес дұрыс қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға
тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында
болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер
жүргізілмейді.
б) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу
нормативтік құқықтық актілерде, санитарлық ережелер мен нормаларда,
мемлекеттік стандарттарда көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады.
Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелері хаттамалармен рәсімделеді
(осы Ережеге 1-қосымша).
в) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін
өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен
өлшеу құралдарын пайдалану қажет;
г) еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау қауіпті және
зиянды өндірістік факторлардың рұқсат етілген деңгей шегіне сәйкестігіне
өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде жүргізіледі.
2. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі нысандары:
а) өндірістік жабдықтар;
ә) құрылғылар мен саймандар;
б) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
в) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
3. Өндірістік жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы қолданыстағы нормативтік
құқықтық актілер, мемлекеттік және салалық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар негізінде
жүргізіледі және олардың техникалық жағдайына, паспорттық параметрлері мен
өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты
болады.
Жарақат қауіпсіздігін бағалау өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен
құрал-саймандардың, сондай-ақ оқу құралдары мен нұсқаудың нормативтік
құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін өндірістік жабдықтарға белгіленген
үлгідегі техникалық паспорттардың немесе қауіпсіздік сертификаттарының
болуын ескере отырып, тексеру жолымен жүргізіледі.
Техникалық паспорттар мен сертификаттардың болмауы нақты осы жабдықта
қолданылатын конструкциялық қауіпсіздік элементтері жабдық бірліктерінің әр
қайсысына жеке көрсетілген, өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік нормативтік
талаптарына сәйкестігі актілерімен өтелуі мүмкін.
Жабдықтардың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар
немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан
жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата
тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.
4. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат
қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін және де оқу
мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау
және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі хаттамасымен
ресімделеді (осы Ережеге 2-қосымша).
5. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін
бағалау:
а) әр кәсіп қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарымен (бұдан
әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз
етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды
факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және
басқа жеке қорғану құралдарын тегін берудің нормаларымен салыстыру арқылы
анықталады;
ә) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде
берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі.
ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс;
б) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау
Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен (осы
Ережеге 3-қосымша) ресімделеді. Қызметкерлер, еңбек нормалары мен
жағдайларына сәйкес, ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана "қамтамасыз
етілді" деген баға қойылады.

2 Акустикалық факторларға анықтама

Шу – қатты ортаның механикалық тербелістері. Шу дегеніміз, кез –
келген жағымсыз немесе ретсіз жиынтықтағы, түрлі жиіліктегі және
қарқындылықтағы дыбыстар, олар адам ағзасына жағымсыз жұмыс пен демалысқа
әсер етеді. 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер адам ағзасына
қалыпты болып саналады, оны дыбыстық деп атайды, ал 16 Гц төмен жиілік –
инфрадыбыс, 20 кГц жоғары жиілікті – ультрадыбыс деп атайды. Шу әсерінен
адамда кәсіптік кереңділік пайда болады және ағзаның басқа да жүйелері
зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері болады.
Ультрадыбыс деп қатты ортаның механикалық тербелістерін айтады, оның
жиілігі есту шегінің жоғарғы көрсеткішінен жоғары болады ( 20 кГц – тен).
Ультрадыбыс, дыбыс сияқты физико – химиялық көрсеткіштермен сипатталады.
Ультрадыбыс көзі ретінде ультрадыбысты жиілікті тербелістерді туындататын
генераторлар.
Ультрадыбыс мүмкіндіктері кең, тірі организмдерге де әсері белгілі.
Бактерицидті әсер көрсетеді.
Вегетотамырлық дистония мен астениялық синдром – ультрадыбыстың адам
ағзасына әсер ететін ең жиі кездесетін аурулар.
Инфрадыбыс – акустикалық тербелістер жиілігі 20 Гц – тен төмен. Адам
ағзасына әсері – жағымсыз сезім тудырады, астенизация, ағзаның функционалды
жүйелерін өзгертеді.
Инфрадыбыс кең жолақты және гармониялық, тұрақты және тұрақсыз.
Инфрадыбыс дауыс қысымының деңгейімен сипатталады. Күресу жолдары – ең
негізгісі, пайда болатын көздердің алдын алу. Жеке бас қорғану шаралары –
тығындар, наушниктер.
Шу – әр түрлі жиілікте және әр түрлі күшпен уақыт аралығында ретсіз
шығатын және жағымсыз сезімдерді туындататын дыбыстар жиыны.
Адам дыбыс ретінде, қатты, сұйық және газ тәрізді ортада толқын
тәрізді таралатын тығыз тербелістерді қабылдайды. Мұндай тербелістердің
жылдамдығы толқынның тарлу жылдамдығынан (дыбыс жылдамдығынан) едәуір кіші.
Газ тәрізді ортада дыбыс жылдамдығы газдың тығыздығы мен қысымына
байланысты.

, мс (1)

мұндағы Р0 және ρ – газдың тығыздығы мен статикалық қысымы;
ψ – қысымы тұрақты болған кездегі газдың
салыстырмалы жылусйымдылығының қысымы мен оның қысымы тұрақты болғандағы
(ауа үшін ψ=1,41) жылусыйымдылығы.
Дыбыс қысымы – күш берілмеген ортадағы толық қысым мен орташа
қысымның бір мезеттегі мәндер арасындағы айырмашылық. Адамның есту мүшесіне
дыбыс қысымының орташа квадраты әсер етеді
Жазық дыбыс толқынында дыбыс қысымының тербеліс жылдамдығының қатынасы
тербеліс амплитудасына тәуелді емес және дыбыс қысымы келесі формула арқылы
есептеледі.

, (2)

мұндағы ρ. с- қоршаған орта тығыздығының дыбыс жылдамдығына
туындасы салыстырмалы акустикалық кедергі немесетолқындық кедергі деп
аталады
Дыбыс қарқындығыI (Втм2) – дегеніміз дыбыс толқынының таралу бағытына
перпендикуляр беткейдің бірлігінен уақыт бірлігінде өтетін энергия саны.
Дыбыс қарқындығы - векторлық өлшем, себебі ол дыбыс ағынының қозғалыс
бағытына байланысты анықталады. Дыбыс қарқындығын өлшеу қиын, бірақ дыбыс
қысымының өлшемін анықтасақ келесі өрнек арқылы есептеуге болады

(3)

Дыбыс көзі - дыбыс (акустикалық) қуатымен, сәулеленудің жиіліктік
спектрімен және бағыттық сипаттар бойынша сипатталады.
Шу спектрі – жиіліктік талдау кезінде алынған дыбыс қысымын
құраушылар жиыны. Спектр октавалық, жартылай октавалық және үштен бір
октавалық болады. Себебі Вебер-Фехнер заңына сай адамның есту мүшелерінің
сезімталдығы тітіркендіргіш энергия санының логорифміне пропорционал, онда
дыбыс қысымы мен дыбыс қарқындылығын олардың логорифмдік мәндерімен
сипаттау керек.

3 Акустикалық шулардың таралуы, қоршаған ортаға және адам организміне
әсері

Адам қызметінің нәтижесінде туындайтын акустикалық ластану, қарқынды
шу немесе қажетсіз дыбыс, дыбыс химиялық немесе физикалық болғанымен
қоршаған ортаға, өзгертуге немесе зақымдауы, дәстүрлі ауаның ластану болып
табылады, ол адамдарға психологиялық стресс немесе физиологиялық
ауытқушылық етеді осындай қарқындылығы жетуі мүмкін. Бұл жағдайда, біз
қоршаған ортаны акустикалық ластануы туралы айтуға болады.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады:
1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу .
Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып
сәулелер шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді.
Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда
болады.
2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе
сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда
болады.
4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының
нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылуынан
пайда болады.
Қалалық шудың шығу көздері:
1) Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған
түрі. Мұның шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және
темір жол мен әуе транспорттары. Олар жалпы шудың 80 пайызын құрайды.
Автотранспорт қалалық шудың шығу көзі болып саналады және ол үш факторға
байланысты: қозғалыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы және транспорт
ағынының құрамы. Қозғалу жылдамдығы жоғары болған сайын шу
деңгейлерініңишамалары да жоғары болады. Қазіргі ірі қалаларда машиналар
қозғалысының қарқындылығы сағатына 5-10 мың бірлікке дейін және одан да
жоғары болуы мүмкін. Қалалық транспорттардың барлық түрлерінің ішінде
трамвай ең шулы болып саналады. Оның қозғалысынан туатын шудың деңгейі
автомобильден шығатын шуға қарағанда 10 дБА-ға жоғары.
2) Кварталдық қалалық шу төменгі жиіліктен өте жоғары жиіліктікке
дейінгі диапазонда болады. Кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын
орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор
болып табылады. Нысандардағы шудың шығу көздері өте әр түрлі болып келеді.
Спектрлік белгілері бойынша бұлар көбінесе кең жолақты шу болып келеді, ал
уақыт бойынша – тұрақты болады. Сыртқы шудың ең жоғары деңгейі 500-1000 Гц
диапазонда байқалады және олардың шамалары өте үлкен деңгейде болулары
мүмкін.
3) Пәтерлік шуды екіге бөледі: тұрмыстық(адамдардың тіршілігіне
байланысты) және механикалық (инженерлік және санитарлы-техникалық)
қондырғылар арқылы пайда болады. Қазіргі кездегі ғимараттардағы, әсіресе
бірінші қабатында сауда және коммуналды-тұрмыстық нысандар орналасқан
кезде, шу шығаратын қондырғылардың 30 түрі болады: қоқыс өткізгіштер,
вентиляция, кондиционерлер және басқалар.
4) Өндірістік шу — өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен
механизмдерден шығатын шу.Өндірістік шу дыбыс жұтатын қүрылғылар (үй-жайдың
төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны
бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады
Әлемдегі әртүрлі дыбыстарға толы, сағаттың тықылаған дыбысы, матордың
гуіллі,жапырақтың және тағы басқа дыбыстарды айтуға болады. Табиғаттың
жаратқан дыбыстарының барлығы адамның денсаулығына кедергісі жоқ сияқты,
дегенмен дыбыстар табиғатта әртүрлі мақсатта ұолданылады. Мысалы:
хайуанаттарға сигнал ретінде, адамдар қал-жағдайына қараай қолданады. ХХІ
ғасырда адам баласының ыңғайына шешіліп отырған көптеген жетістіктерді атап
айтуға болады. Дегенмен, біз көптеген мәселелерді пайдамызға шеше
білгенімізбен, олардың екінші жағы, зиянын қарастырмаймыз. Өйткені,қазіргі
таңда медицинаның дамыған кезінде де әуен арқылы адамдарды емдеуге
болатынын көріп жүрміз. Мысалы: психологиялық жағынан қарағанда классикалық
әуендер адамның миын тыныштандырады. Сондықтан дыбыстарды зиянды демей,
оның пайдалы жақтарында айтуға тура келеді. Бізді қоршаған ортада,
табиғаттың ешбір зиянды жақтарын көре алмайтынымыз дұрыс, бірақ адам баласы
өзіне зиянды нәрселерді өз қолымен жасайды емес пе? Олардың бірі бізді
қоршап отырған дыбыстың түрлері.
Өндіріс орындарында көп жағдайда шуды төмен деңгейге дейін түсіру өте
қиын болып келеді. Сол себепті шуды нормалау көп жағдайда оңай және тез
іске асырыла бермейді. Ол адамдарға кері әсерін тигізеді, бірақ адамдар
шуға аса мән бере бермейді. Гигиеналық нормалауды бастау гигиеналық
талаптарға сай жаңа техника жолдарымен жүзеге асады.
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қаттыдыбыстаржұмысжасауға, ойлауға,
демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның
мәдениет пен техниканың айырылмас жол серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп
есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері
үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз
факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-
жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-
і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті.
Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді.
Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын
айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз Ауаның тербелуі жиіленген сайын
дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр
мөңірегенде ауа секундына 20-30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында
10000-ға дейін тербелу болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары
мыналар: тербелу жиілігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы. Дыбыстың
тербелу жиілігі (f) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секунд ішінде толық 1
циклы өтетін тербеліс жиілігінің өлшеубірлігі.
Шудың есту талдағышына бүліндіргіш әсері организмнің даралық
сезімталдығына байланысты және қарт адамдарда ол айқын көрінеді. Шудың адам
организміне бейспецияфикалық әсері мидың сыртқы қыртысына, гипоталамусқа,
лимбикалық жүйеге, жұлынға қоздырғыш әсер етуімен байланысты. Шудың
әсерінен орталық жүйке жүйесінде шектен тыс қатты тежелу болады, артынан
оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатты қызбалығы, сезім билеуі,
ұмытшақтығы, ынтасы мен еңбекке қабілеттелігінің төмендеуі байқалады.
Есту қабілетінен айырылудың келесідей дәрежелері бар:
I дәреже (есту қабілетінің әлсіреуі) - сөйлеу жйілігі аймағындағы
есту қабілетінен айырылу 10...20 дБ құрайды - 4000 Гц жиілігінде – 60 ±20
дБ;
II дәреже (есту қабілетінің орташа нашарылауы) – сәйкесінше есту
қабілетінің төмендеуі 21...30 дБ және 65 ±20 дБ құрайды;
III дәреже (едәуір төмендеуі) – сәйкесінше 31 дБ және жоғары, 70 ±20
дБ.
Гипоталамустың қозуынан кортиколиберин артық өндіріліп, аденогипофиз
бен бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының қызметтері көтеріледі, стресс
дамиды. Жұлынның қозуынан және қозудың дербес (вегетативтік) жүйке
жүйесінің орталықтарына тарауынан көптеген ішкі ағзалардың қызметтерінің
өзгерістері байқалады. Осыдан жүрек – қан тамырлары жүйесінің, ас қорыту
жолдарының аурулары дамуы ықтимал.20 кГц жиіліктегі дыбыс толқындары
ультрадыбыстарға жатады және олар адам құлағымен естілмейді.
Қазіргі дәстүрлі медицинада бұл дыбыстар ауруларды анықтау және оларды
емдеу үшін қолданылады. Ультрадыбыстық толқындардың кеңістіктерде таралу
жылдамдықтары және оларды ішкі ағзалар мен тіндердің қабылдауы мен
шағылыстыруы әртүрлі дәрежелерде болғандықтан (бауырда, мида, бүйректе ,
ұйқы безінде) өспелер мен тастарды, сүйектердің сынығын және бітуін,
жүректің жиырылу босаңсу кездеріндегі көлемін т. Т анықтау үшін
пайдаланылады. Ультрадыбыстар организмге механикалық, температуралық және
физикалық – химиялық әсер етеді. Ультрадыбыс толқынында дыбыстың қысымы 3
атмосфера (304 кПа) теріс және соншама оң жаққа ауысып тұрады. Бұл кезде
дыбыстың теріс қыымының әсерінен жасушаларда өте майда қуыстар пайда
болады. Олар тез тым қатты жабылуы кездерінде ішіндегі сұйыққа соғылып
жасушаның қабығында майда майда жыртықтар пайда болады. Осындай құбылысты
кавитцаия деп атайды. Осыдан дамитын мембрананың деполяризациясы,
молекілалардың иондануы тіндеріндегі химиялық реакцияларды күшейтіп, зат
алмасуларын арттырады және оларды қалыпты деңгейге келтіреді.
Ультрадыбыстардың 1, 5 Вт см2 – ге дейінгі аз немесе 1,5 – 3 Вт см2
аралығындағы орташа қарқындылығы организм тіндеріне жағымды әсер етеді.
Ультрадыбыстардың тіндерге тарауынан жылу пайда болады. 4 Вт см2
мөлшерінде қарқынды ультрадыбыс 20 секунд әсер еткенде тіндердің ішінде 5 –
6 см – ге дейінгі тереңдікте температура 5 – 6 градус С- ға көтеріледі.
Температураның көтерілуі тіндерде микроциркуляцияны жақсартып, зат
алмасуларын арттырады.
Үлкен қарқында ультрадыбыстар (3 – 10 Вт см2 ) жалпы организмге,
тіндер мен жекелеген жасушаларға бүліндіргіш әсер етеді. Олар қылтамырда
қанның ағымын бұзады, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін туындатады,
тіндердің тым қызып кетуіне әкеледі. Жүйке жүйесі ультрадыбыстардың әсеріне
өте сезімтал болады. Осыдан шеткері жүйкелердің түіспелері (синапстары )
арқылы жүйкелік серпіндердің берілуі бұзылады. Сондықтан есті, вестибулалық
және көру талдағыштарының қозымдылығы төмендейді, ұйқы бұзылады, адамның
жөнсіз қызбалығы және тез шаршауы байқалады. Қатты шуға қарағанда
ультрадыбыстар есту талдағышының қызметіне азырақ әсер етеді. Бірақ олар
кеңістіктерде дененің қалыпты кейпін сақтайтын вестибулалық талдағыштың
қызметін басымырақ өзгертеді және ауыру сезімталдығын күшейтеді, дене
температурасын реттеу жолдарын бұзады.
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің
дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын,
ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар,
зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады.
Осының барлығы күнделікті көрініс.Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне
байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті.
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың
деңгейі де тоқтаусыз өсті.Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер
мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.Шу —
өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын
біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми
— техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік
өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі,
бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан
асады.Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ
уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының,
автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға
басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады. Олар:
1) Қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу .
Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып
сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді.
Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен;
2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе
сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінен;
3) Термиялық шу- газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінен;
4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының
нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық-
техникалық, инженерлік-технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,
музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды
жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады. Қала
тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты
алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер,
мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын
көліктерден шығады.Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде.
Соңғы он жылдықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діріл, шу, инфра және ультрадыбыстың адам ағзасына әсері
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері жарықтандырудың адамның еңбек қабілетілігіне әсері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері жайлы
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының түсінігі
Шуылды бағалау тәсілдері
Газ турбинасы
Өндірістік ғимаратта шудың туындау көзі. Желдету жүйесін пайдалану
Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Жарнаманы тарату құралдары
Пәндер