Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша мидың құрылысы мен қызметтері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша мидың құрылысы мен қызметтері.
2. Аралық мидың құрылысы мен қызметі.
3. Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.
4. Ми қыртысы
5. Торлы құрылым немесе ретикулярлық формация
6. Лимбиялық жүйе
7. Ми бөлімінің қызметі

Орталық жүйке жүйесінің екінші үлкен бөлімі бас миы.Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде 1375 г,әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см,көлденеңі-14 см,көлемі-1220 куб см болады.
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
1. үлкен ми
2. аралық ми
3. ортаңғы ми
4. артқы ми
5. сопақша ми
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы сайлары нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.
Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады. Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді . Ақ заты сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың ішінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.
Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады. Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқы таламус және эпиталамус аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер ететі н 32-ден астам ядро лар орналасқан.
Үлкен ми - милардың ішіндегі ең үлкені ,ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады.Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына бөледі.Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды.Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы бірігеді.Әрбір ми сыңарының ішінде бір-бірден қуыс болады .Ол қуыстар мидың 1-ші және 2-ші қарыншалары немесе бүйір қарыншлары деп аталады. Мидың ұзын жүлгесі шүйде тұсында көлденең жүлгеге тіреледі.Әрбір ми сыңарында жүлгелер иірімдер болады.
Үлкен мидың маңдай,төбе, самай, шүйде,жиек және аралшық деп аталатын бөлімдері болады.Бұл алты бөлімді бүйір,орталық төбе,шүйде,белдеу және терең жүлге бөліп тұрады.Үлкен ми құрылысы ,қызметі және шығу тегіне байланысты 3 бөлімге бөлінеді.
1)Орталық түйіндер-базальды ганглий
2)Үлкен мидың бүйір қарыншалары
3)Үлкен мидың қыртысы.
Орталық түйіндерге жолақты дене,шарбақ де2не , баламша тәрізді ядролар жатады.Жолақты дене құйрықты ядро мен бұршақ тәрізді ядродан тұрады.Бүйір қарынша жұптасып орналасып,қарыншалардың қуысы 4 мүйіске бөлінеді.
Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады.
1. Молекулалық қабат
2. Сырқы түйіршікті қабат
3. Пирамидалық қабат
4. Ішкі түйіршікті қабат
5. Түйінді ганглиозды қабат
6. Көп құрылысты қабат
Ми қыртысының қалыңдығы орта есеппен 2-3 мм-ге жетеді.Онда көптеген шамамен 14 млн-дай нейрондар болады.Үлкен мидың әрекетін жоғары дәрежелі жүйке қызметі деп атайды.
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.

Ми бөлімдері
Артқы ми
Мишық
Ортаңғы ми
Аралық ми
Алдыңғы ми
1) Сопақша ми
2) Воролий көпірі

1) Қызыл ядро
2) Қара төрт төмпешікті дене
3) Торлы
құрылым
1) Көру төмпешігі (таламус)
2) Көру төмпешігі астындағы құрылым (гипоталамус)
1) Ми сыңарлары қыртысы
2) Қыртыс
асты
ядролар

Сопақша ми
Сопақша ми көпір ортаңғы ми мен аралық ми. Ми бағанын құрайды.
Сопақша ми үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бас сүйектен шығатын 12 пар ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, IX, X, XI, XII) жұптарының қызметін атқаруына үлкен үлес қосады.
Сопақша мидың нейрондары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сопақша мида тыныс алу, жүрек соғысын баяулататын, қан тамырын тарылтатын, кеңейтетін орталығы орналасқан. Егер бұлардың біреуі бұзылса адам өледі.
Сопақша ми қорғаныс (жас шығу, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тері шығару, құсу, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығару) рефлекстер орталығы орналасқан. Мысалы баланың эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса жаңа туған бала анасын емгенімен сүтті жұта алмайды, сүт өңеш арқылы қарынға бармайды, керісінше тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, баланың өкпесі қабынып, ашығып өледі.
Сопақша мида мойынның көздің еттерінің тонусын өзгертетін рефлекстер орталығы бар.
Сопақша мида торлы құрылым екі қызмет атқарады:
а) Жұлын қызметін немесе әлсірететін төмен қарай бағыттайтын әсер.
б) Ортаңғы мидың торлы құрылым мен мидың басқа бөлімдерінің қызметін
күшейтетін жоғары жаққа бағыттайтын әсер.
Сопақша мида мидың қыртысы үлкен рөл атқарады. Мысалы емізер алдында баланың жаяулығын құрғатып, құндақтап отырса балада ему рефлексі басталады.
Ми қыртысы құсу орталығына әсер етеді. Мысалы: егер адам ішетін астың шірік иісін сезсе лоқсып, құсады және артистер сахнада жүріп, қажет болса жкөз жасын төгіп жылай алады. Бұлардың барлығын сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттеп отыратынын көрсетеді.
Воролий көпірі
Воролий көпірінің құрамында ақ заттар өте көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ заттар аралығында бөлек - бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек ми жүйкелерінің V,VI, VII парларының ядролары орналасқан. Бұл жерде ұйықтау ұйықтамау, тыныс алу орталықтары орналасқан.
Мишық
Мишықтың әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты шардан тұратын бөлік. Әрбір ақ заттың ішінде сұр заттар ядролар орналасқан.
Мишық ОЖЖ - ның басқа бөлімдерімен төменгі, ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Мишықтың басты қызметі адамның қимыл - әрекетін үйлестіріп отыру, яғни мишық қимыл -- әрекетінің дәлме - дәл орындалуының тепе - теңдікті сақтауын қамтамасыз етеді.
Егер адамның мишығына кенеттен қан құйылса дененің қимыл -- әрекеті бұзылады.
Атаксия - егер иттің мишығын алып тастаса, тәлтіректейді, мас адам сияқты теңселеді.
Астазия - теңселеді, шайқалады.
Астения - дене еттері солғын тартады.
Атония - дене еттері тонусынан айырылады.
Дисметрия - қимылдың біркелкілігі бұзылады.
Асимергия - біріңғай еттердің қимылы бұзылады.
Адиодококинез - мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттер орындалмайды.
Дизартрия - адамның даусы біресе қатты біресе ақырын шығуы.
Мишық жұлынмен торлы құрылым, қызыл ядро, дейтерс ядролары арқылы байланысқан. Мишықтың көзбен, құлақпен байланысатын ядролары бар.
Ортаңғы ми
Ортаңғы ми воролий көпірі және сопақша ми мен бірге ми бағанының негізін құрайды. Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрылымына 4 төмпешік, қара зат, қызыл ядро, III, IV пар ми жүйкелері, торлы құрылым кіреді.

Төрт төмпешік

1) Төрт төмпешік орталығы мидың сыртқы жағында орналасқан. Бұл жүйке серпіністерін, кірпіктік түйіннен екі нейронға жеткізеді.
2) Көру рецепторларының тітіркендіргіштерге байланысты қимылдарды
жүзеге асыратын орталық. Бұл орталық серпіністер көру жүйкесінің
бұтақтары арқылы жетеді.
3) Көз алмасын қозғалтатын ядро орналасқан. Осыған байланысты адам
көзді басты жарық түскен жаққа қарай бұрады.
4) Төрт төмпешікте қорғайтын сақтық рефлекстері бар. Мысалы
ыдыстағы сұйық зат байқаусызда төгіліп кетсе, адам басқа жақа қарай ығысады, жалт береді.

Қызыл ядро

1) Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен ми қыртысымен тығыз байланысты.
2) Қаңқа етінің тонусын реттейтін орталық.
3) Егер мысықтың қызыл ядродан төменірек кесетін болсақ, децеребрациялық мелшею белгілері пайда болады. Мысық сіресіп қатаяды, құйрығын тік көтереді. Ағаш аяққа мініп тұрғандай болып көрінеді.
4) Егер мидағы қызыл ядро мен жұлынды қосатын жол Манаков будағы бұзылса мысық қақшиып қалады.
5) Адамда мелшейіп қатып қалу қыртыс асты ядроларының бұзылуына байланысты.

Қара зат
1) Нейрондарда қара пигмент көп болғандықтанядро қара болып көрінеді.
2) Қара зат саусақтардың нәзік қимылдарын қамтамасыз ететін еттің тонусын реттейді.
3) Қара зат экстропирамидалық жүйкеге жатады. Егер электр тоғымен қара затты тітіркендірсе шайнау, жұту еттері жиырылады. Сондықтан мұнда шайнау мен жұту процестерін үйлестіретін орталығы бар

Торлы құрылым

1) Торлы құрылым және ретикулярлық формация пішіні іртүрлі үлкенді, кішілі, қысқа тармақты клеткалар тобы.
2) Клеткалардың дендриттері көп тармақты. Олардың арасында көптеген синапстар құрылады.
3) Торлы құрылым ми бағанында орналасқан, яғни, ортаңғы мида, сопақша мида, воролий көпірінде орналасқан.
4) Ұйқыдағы жануарлардың торлы құрылымын тітіркендірсе ол оянып кетеді.
5) Торлы құрылым мен ми қыртысы сыңарларын қосатын жолын кесіп жіберсе жануар қатты ұйқыға кетеді.
6) Торлы құрылым ауырсыну сезімен тудыруға қатысады.
7) Торлы құрылым гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрайды. Бұл жүйе адамның іс -- әрекетіне, мінез құлқына ықпал жасайды.

Аралық ми
Аралық ми үшке бөлінеді:
1) Таламус -- көру төмпешігі.
2) Гипоталамус -- төмпешік асты құрылым.
3) Эпиталамус -- төмпешік үсті құрылым.
Барлық құрылымдар ми қарыншасын жан - жағынан қоршап оның қабырғасын құрайды. Сондықтан бұлардың қызметі гипоталамусқа қарыншаны толтырған сұйықтық, қанда еріген заттар, гормондар тікелей әсер ете алады.
Эпиталамус - эпифизден тұрады. Таламус көп ядролы. Ол ми қыртысына сезім серпіністерін өткізеді. Гипоталамус ішкі ағзалардың қызметін жүйке, қан арқылы реттейтін көп ядролы құрылым.
Таламус.
1. Таламус 40 шақты ядродан тұрады.
2. Арнамалы ядролары жұлыннан келетін апараттар - құлақтан, көзден шығатын серпіністерді ми қыртысына жеткізеді.
3. Ассоциативтік ядроларға түрлі серпіністер гипоталамустың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесі.Жұлынның құрылысы
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Мидың жеке сипаттамасы
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
Сомалық және вегетативтік нерв жүйелері
Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
Алдыңғы бұлшық еттер
Физиологияның пәні, әдісі, дамуының негізгі этаптары, оның маңызы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Пәндер