Эпидемиологияның даму тарихы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
тақырыбы: Эпидемиологияның даму тарихы.
Орындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2017ж
Эпидемиологияның даму тарихы
Эпидемиология ” (эпидемия және грек. logos - ілім) - жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология - жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология - белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т. б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б. з. б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген.
Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады. Осы кезде Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 - 1553) болды. Ол ауру тарататын микроорганизмдерді зерттеді. Ағылшын дәрігері Т. Сиденхем (1624 - 89) скарлатина, хорея, подагра, т. б. жұқпалы ауруларына алғаш ғыл. сипаттама берді. Оны “ағылшын Гиппократы” деп атайды. 18 ғ-да орыс дәрігері Д. С. Самойлович (Сущинский) (1744 - 1805) оба індетімен күресу тәжірибесі негізінде Ресейде Эпидемиологияның негізін салды. 19 ғ-дың 2-жартысында микробиологияда ашылған жаңалықтарға байланысты белгілі ғалымдар Л. Пастер, Р. Кох, И. И. Мечников, Д. И. Ивановский, Н. А. Семашко, А. Н. Сысин, К. И. Скрябин, Д. К. Заболотныйдың, т. б. еңбектерінің нәтижесінде көптеген індеттердің микробтары табылды.
Қазақстанда 1925 ж. Қызылорда бактериол. лаб. ашылды. 1940 ж. осы лаб-ның негізінде Алматы қаласында Эпидемиология және микробиология ғыл. -зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ашылып, республикада Э Эпидемиология саласындағы зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ Эпидемиология мәселелерімен Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, республикадағы мед. ун-ттер мен академиялардың кафедралары сан. -эпидемиол. ст-салар шұғылданады. Жедел өтетін ішек індеттері зерттеліп, оларға, т. б. жұқпалы ауруларға (шешек, күл, скарлатина) қарсы бактериялық препараттар шығарыла бастады, дизентерияның себептері мен эпидемиол. ерекшеліктері анықталды. Эпидемиология саласында көрнекті ғалымдар Х. Ж. Жұматов, И. Қарағұлов, Н. Д. Беклемишов, М. А. Айқымбаев, І. А. Макиров, Н. И. Киреев, Е. Х. Шұратов, Н. Ж. Жайықбаев, т. б. көп еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы.
Инфекциялық аурулармен күресуде айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдары олардың алдын алу мен күресуде шешімі табылмаған мәселелер әліде орын алып отырғаны мәлім. Дүние жүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап бара жатқаны байқалып отыр. Мәселен, ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын жаңадан туған 130 миллион баланың12 милионы өледі. Олардың 9 миллионы инфекциялық аурулардың себебінен шетінегендер. Жалпы дүние дүзі бойынша жыл сайын қайтыс болатын 51 миллион адамның үштен бірінің себебі инфекциялық аурулар болып табылады.
Эпидемиология термині (гр. ері- ел іші, demos- халық, logos- ғылым) халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінік береді. Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір тармағы ретінде індет туралы ғылым.
Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:
1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.
2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын биология және медицина ғылымдарының микробиология, вирусология, гельментология, т. б. бөлімдері зерттейді. Бірақ микроорганизмдер қалайша және неге адам ауруының қоздырғышы болады, оның таралу аспектілерін эпидемиология ғылымы зерттейді.
Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады. Бұл құбылыс инфекциялық процесс деп аталады. Осыны медицинаның жалпы потология, имунология, инфектология және басқа салалары зерттейді.
Эпидемиология - адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым. Эпидемиология ғылымының қалыптасуы барысында және әртүрлі теориялық көзқарастардың пайда болуына байланысты оның анықтамасы да өзгеріп, жаңа мағына алып отырады.
Белгілі ғалымдардың тұжырымдаған анықтамалары:
· К. Д. Заболотный (1927) - «Эпидемиология - індет туралы ғылым. Ол ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, індеттің пайда болу, даму себептерін, оның таралуына ыңғайлы жағдайларды және күресу шараларының бағытын зерттейді. »
· Л. В. Громашевский (1941) - «Эпидемиология - індет туралы ғылым немесе эпидемиологиялық процестің заңдылықтары туралы ілім. »
· И. И. Елкин (1979) - «Эпидемиология - адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, тоқталуы туралы объективті заңдылықтар және осы ауруларды жою мен алдын алу шаралары туралы ғылым. »
Эпидемиология пәнінің зерттейтін объектісі - бұл эпидемиологиялық процесс.
«Тек эпидемиологиялық процесс және оған тиісті зағдылықтар ғана эпидемиологияның объектісі болады» - деп осы ілімнің негізін қалаушы Л. В. Громошевский айтқан.
Эпидемиология мақсаты - халық арасындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін білу үшін эпидемиялық процестің теориялық және тәжірибелік жақтарын толық түсіндіру арқылы аурудан сақтану мен күресу шараларын дәлелдеп көрсету.
Эпидемиология міндеті - инфекциялық аурулардың пайда болуын, дамуын, таралуын және реттелуін зерттеу және аурудың алдын алу мен күресу әдістерін іздестіру жіне оларды іс жүзінде пайдалану.
Ертедегі Шығыс Азия халықтары инфекциялық аурулардың мәні туралы кейбір мағлұматтардан хабардар болған. мысалы, олар алапес ауруының жұқпалы екенін білген, ондай ауруларды халақ арасынан аластаған немесе ерекше алапестер қорасына қамаған. Қытайда осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын халықты шешекке егу әдісі қолданылған. Қазақстан жерінде Өтебойдақ Тілеуқабылұы деген халық емшісі шешекке егуді осыдан 500 жыл бұрын шамасында, ал Дженнерден 350 жыл бұрын жасап, іс жүзінде пайдаланып көрген. Инфекциялық ауруларды тірі қоздырғыштардың тудыратындығы алғаш рет Гиппократтың (біздің дәуірге шейінгі 460-372ж. ) және басқа да Греция және Рим ғалым -философтарының еңбектерінде болжам ретінде айтылған . Тек қайта өркендеу дәуірінен бастап медицина ғылымы дами түсті. Соның ішінде инфкциялық аурулардың мәні туралы еңбекердің ғылыми негізі қалыптаса бастады. Эпидемиялардың пайда болу себептерін түсіндіруде 2 түрлі бағыт пайда болған:миазматикалық және контагиялық болжамдар
Миазматикалық болжам бойынша эпидемиялардың себебін қоршаған ортаның ластануымен түсіндірген:түрлі комета, метерит және вулкан. Контагиоздық (жанасу, инфекция) болжаушылар
Эпидемиологиялық қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы. Мысалы; компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды жасауды: нәзік және өте дәл биохимиялық иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан -жақты қасиеттерін субмолекулярлық құрылымын зерттеуді гендік инженерлік технологияны пайдаланып, жаңа иммундық егулер жасауды. т, б жүзеге асыруға болады.
Эпидемиологиялық әдіс-инфекциялық аурулардың пайда болу сабаптерін, берілу механизмдерін анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бағалауда қолданылатын әдістің жинақы.
Әдістемелік әдістер
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау а) инфекция ошағын тексеру б) аумақты барлаумен сараптау в) микробиологиялық. Серологиялық. Иммунологиялық. Паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлық-химиялық әдістер Аналитикалық әдістер а) оқиға - бақылау түрінде зерттеу б) когортты зерттеу(біркелкі топты зерттеу) Статистикалық әдістер Эксперименталдық әдіс Математикалық үлгілеу
Зерттеу мақсаты
Инфекциялық аурулардың пайда болу жағдайын мен себебін анықтау:қауіп- қатердің алдыңғы себебін анықтау:эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу, эпидемиялық процеске қатынасатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер: аумақта инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін, эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын анықтау. Қауіп қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау. Эпидемиологиялық дигноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты індетке қарсы шаралардың бағытын анықтау Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыс дәрежесін сандық бағалау; індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау Эпидемиялық процестің көрінісін болжау
1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау . Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғышының көзін. Берілу факторлары мен жолдарын, сонымен қатар жұқтыру қауіп- қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.
2 Аналитикалық эпидемиолгиялық әдістер : Аналитикалық эпидемиолгиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиолгиялық тексерумен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы туралы дигностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
3 Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер . Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қлоданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды.
4 Математикалық үлгілеу . Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады
5. Статистикалық зерттеу әдістері . Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты- эпидемиологиялық жағдайды атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.
Эпидемиологиялық процестің белгілері «симптомдары» интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер болып саналады, яғни уақыт боиынша, аумақтағы таралу бойынша және әрбір халық топтары арасында көріністері бойынша сипатталады. Статистикалық көрсеткіштер эпидемиялық процестің сандық және сапалық белгілері арқылы сипатталады.
Эпидемиялық процестің сандық белгілері:
-Сырқаттанушылық деңгейі (өлім-жітім, тасымалдаушылық)
-Сырқаттанудың даму динамикасы;
- Жыл ішінде таралуы(маусымдық жоғарылауының қарқыны)
-Инфекцияның ошақтық көрінісі(пайда болған уақыты, ошақтардың саны, олардың даму мегілдері, бір немесе көп науқасты болып бөлінуі)
Эпидемиялық процестің сапалық белгілері:
- Аумақтар бойынша(әлем, мемлекет деңгейі немесе жеке аймағы, республика, облыс, аудан)
- Қала және ауыл тұрғындары арасы бойынша;
- Әр түрлі жас топтары бойынша;
- Жынысына қарай;
- Әр түрлі кәсіптік топтар бойынша(жұмыс орнында науқастардың саны, ұйымдастырылған балалар мемкемелерінде)
Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты эпидемиялық процеске әсер ететін факторларды, оның таралу заңдылықтарын және індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтау. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысына қарай инфекциялық ауруларға қарсы шаралардың жоспары жасалады. Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін аймақтағы табиғи жағдай, санитарлық жағдай, экономикалық, демографиялық даму туралы, инфекциялық аурулармен сырқаттану, қоздырғыштардың патогенділігі, атқарылған эпидемияға қарсы шаралар туралы мәліметтер қажет.
Ауылшаруашылық жануарларының саны, инфекциялық аурулар туралы мәліметтерді ветеринарлық қызметкерлерге береді. Халық саны, жасы, кәсіптері туралы мәліметтерді статистикалық бөлімдер береді.
Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін жергілікті аймақтың картасы әр бөлшектердің кесіндісі керек. Дәрігер эпидемиологтың көмекшілері мәліметтерді жинауға, Эпидемиологиялық талдауды жасауға, қауырт құжаттарды сақтауға белсенді түрде қатысады.
Инфекциялық аурулардың берілу факторлары
Берілу факторлары-қоздырғыштық бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар.
Берілу факторларына жатады; ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынақтылар.
Су арқылы-егер су арқылы инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен ластанған болса, инфекцияның су арқылы таралуына мүмкіндік туады. Ашық су қоималарының сулары қалдық сулармен жаңбыр суларымен, қардың еріген суларымен малды суарудан болуы мүмкін.
Инфекциялық аурулардың су арқылы таралуы ластанған суды ішкенде, ыдыстарды қолданғанда, кір жуғанда болуы мүмкін. Су арқылы көбіне ішек инфекциялары таралады, мысалы, тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, вирусты А, Е гепатит.
Тағам арқылы-Инфекциялық аурулардың таралуы да өте жиі кездеседі;
_сүт және сүт өнімдері(қаймақ, ірімшік, балмұздақ)
_жұмыртқа
_ет және ет өнімдері
_жеміс -жидектер
_нан, ұн тағамдары.
Тамақ өнімдерінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары көпке деиін сақталып қана қоймай, онда көбеюі де мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр немесе орташа ауыр түрінде өтеді, аурудың инкубациялық кезеңі қысқа болады.
Тамақ өнімдері Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен бастапқыда және кейіннен ластануы мүмкін.
Бастапқыдан ластану - ауру малдың сүті, еті, жұмыртқасы арқылы таралады. Мыс; туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, күйдіргі.
Кейіннен ластану-ауру адамның лас қолы арқылы немесе ластанған ыдыс арқылы. Кейіннен ластану тамақ өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау, тарату барысында болуы мүмкін.
Тұрмыстық заттармен-қоздырғышпен ластанған қол арқылы және түрлі тұрмыста қолданылатын заттар арқылы жұғуы мүмкін.
Тікелей жанасу-арқылы тері венерологиялық аурулары, қотыр және кейбір зоонозды инфекциялар таралады.
Ауа - тамшылы жолмен инфекциялық аурулардың қоздырғыштары түшкіру, жөтелу, сөйлесу, тыныс шығару арқылы таралады.
Ауа шаң арқылы қоршаған ортада төзімді қоздырғыштар таралады, өйткені тамшылар түрлі заттардың үстінде кеуіп шаңмен таралады. Еден сыпырғанда төсек ауыстырғанда, киім қаққанда шаңдар көтеріліп тыныс алу жолдарына түседі. Ауа шаң арқылы туберкулез, дифтерия, туляремия, аурулары таралады.
Топырақ арқылы көбіне ішек құрт аурулары таралады. Олар 2жолмен таралады.
1нәжіс-топырақ-жеміс-жидек-адам
2нәжіс-топырақ-ашық сулар-адам
Инфекциялық аурулардың жіктелу түрлері, сипаттамасы.
Қазіргі кезде 250-ден артық Инфекциялық аурулардың нозологиялық түрлері белгілі. Олардың қоздырғыштары әртүрлі түрлермен топтарға жататын микроорганизмдер.
Клиникалық эпидемиология (КЭ) - бұл қандайда болмасын дерттің пайда болу мен таралу жолдарының және шынайы медициналық жағдайды зерттеу әдістерінің заңдылықтары туралы ілім, яғни шын мәнінде жаңа дерт бар ма және қолайсыз қатердің әсері қаншалықты дерттің дамуына алып келуі мүмкін. (Власов В. В., 2006 ) . Клиникалық тәжірибеде эпидемиология зерттеуші дәрігерге науқасқа көрсетілетін әртүрлі шаралар бойынша тексеру әдістерін анықтауға көмектеседі . Бұрынғы совет елінде эпидемиология - бұл тек қана эпидемиялық үрдістерді зерттейтін ілім және жұқпалы дерттердің таралу жолдары мен оларды жою әдістерімен ғана байланысты деген көне көз қарас қалыптасқан. Шын мәніне келсек 1984 жылдан бері медицина терминдерінің энциклопедиялық сөздігінде: « эпидемиология - бұл тұрғындар арасында жұқпалы емес дерттердің таралу заңдылықтарынн статистикалық көрсеткіштерге негіздеп зерттейтін әдіс» деген екінші анықтамасы берілген.
Әлемде эпидемиология - бұл қандайда болмасын дерттердің таралу жолдары негіздері мен оларды анықтау әдістерін зерттейтін ілім деп қарайды . Кеңінен алғанда эпидемиология негізін зерттеу әдістері құрайды, яғни бұның мағынасында: «эпидемиология - бұл медицинаның пропедевтикалық пәні және шынайы медициналық үрдістердің негізін, көмектің тиімділігі мен медицинадағы зерттеу әдістерін түсіну қағидалары» [В. В. Власов, 2005] .
Клиникалық эпидемиология (К) - бұл медицина тәжірибесінің негізін құрайтын, зор мағыналы көп пәнді клиникалық ғылым. Эпидемиология мамандары: «КЭ - бұл ұқсас жағдайларда клиникалық ағымын бірнеше науқастарда нақты қатаң ғылыми зерттеу арқылы анықталған дерттің ақырын әр жеке дара науқаста болжау мүмкіндігін беретін ілім деп бағалайды» ( Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. 1998) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz