Адам және жануарлар ағзасындағы көмірсулар мен ферменттік жүйелері. Олардың құрылысы, жіктелуі, ферменттік реакциялардың механизімі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №2

тақырыбы: Адам және жануарлар ағзасындағы көмірсулар мен ферменттік жүйелері. Олардың құрылысы, жіктелуі, ферменттік реакциялардың механизімі. Белоктар, майлар, көмірсулар алмасуының маңызды ферменттері.

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2017ж

Көмірсулар алмасуы - тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкоза, фруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды.
Көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар түзеді. Ерекше рөлді ішекте жартылай қорытылатын, энергия бөлуде аз рөл ойнайтын клетчатка, пектиндер, гемицелюлозалар ойнайды. Бірақтан бұл полисахаридтер ас талшықтарының негізін құрайды және тамақтануда маңызды рөл атқарады. Көмірсулар негізінен өсімдіктектес азық-түліктерде кездеседі.
Көмірсулар үлкен үш топқа бөлінеді - моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер. Адам қанының плазмасында тек моносахарид - глюкоза болады, ол адаммен жануарлар ағзасының барлық клеткаларының негізгі энергетикалық материалы болып табылады. Олигосахаридтер, полисахаридтер қан плазмасында болмайды. Көмірсулардан липидтер, нуклеотидтер, кейбір аминқышқылдары және күрделі белоктардың простетикалық топтары синтезделеді.
Көптеген тканьдер, әсіресе жүйке ткані, үшін негізгі энергетикалық материал глюкоза болғандықтан, қанда глюкоза денгейінің тұрақты болуының үлкен мәні бар. Қалыпты жағдайда қанда глюкозаның денгейі 3,5 - 5,7 ммольл аралығында болады.
Көмірсудың қызметі:
1. Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. 1 г глюкоза 17,1 кДж (4,2 ккал) энергия бөледі
2. Құрылымдық қызмет атқарады. Өсімдіктерде жасуша жарғақшасы құрамына целлюлоза кіреді.
3. Қор жинау қасиеттеріне ие. Крахмал мен гликоген глюкоза көзі.
4. ДНҚ, РНҚ және АТФ компоненттері.
Моносахаридтер
Глюкоза
Глюкоза - миға басты энергия жеткізуші. Ол тұқымдар мен жидектердің құрамында көптеп кездеседі және ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге, бауырда гликогеннің түзілуніе қажет.
Фруктоза
Фруктоза өзінің сіңуіне инсулин гормонын қажет етпейді, сондықтан оны қант диабеті кезінде шектеулі мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді. Сахароза қанттың, кондитер өнімдерінің, тосаптың, балмұздақтың, тәтті шырындардың, сонымен қатар қызылша, шабдалы, сәбіз, тәтті қараөрік және тағы басқа жемістер мен көкөністердің құрамында кездеседі. Ішекте сахароза фруктоза мен глюкозаға ыдырайды.
Дисахаридтер
Лактоза
Лактоза сүт өнімдерінде кездеседі. Лактоза ферментінің туа біткен немесе жүре пайда болған жетіспеушілігінде ішектегі лактозаның глюкоза мен галактозаға ыдырауы бұзылып, адамда сүт өнімдеріне кері әсер пайда болады.
Мальтоза
Мальтоза(уыттан жасалған қант) - крахмалдың асқорыту ферменттерімен және мия ферменттерімен ыдырауының аралығындағы өнім. Құрылып келе жатқан мальтоза глюкозаға дейін ыдырайды. Бос күйінде мальтоза балды, мия экстрактында, сырада кездеседі.
Полисахаридтер
Крахмал
Крахмал адам тамақтануындағы барлық көмірсулардың 80% құрайды. Ол ұн, картоп, макарон өнімдері, нан өнімдері кездеседі. Крахмал глюкозаға дейін ыдырай отырып, қатысты түрде жай қорытылады. Күріш, ұнтақ жарма крахмалы бидай, қарақұмық, арпа және картоп, нанға қарағанда тез және оңай қорытылады.
Күрделі көмірсу
Күрделі көмірсу адам ағзасында қорытылмайды, бірақ ішек жұмысын жақсартады, пайдалы бактериялардың дамуына жағдай жасайды. Азық-түлік өнімдерінде міндетті түрде болуы қажет(көкөністер, жемістер, бидай кебектері). Көмірсу жетіспеушілігі нәруыз бен майлардың заталмасуының бұзылуына, тағам және ұлпа нәруыздарының шығынына әкеліп соғады. Қанда кейбір аминқышқылдарының және май қышқылдарының толық емес қышқылдануынан зиянды заттар жиналады. Қатты жетіспегенде әлсіздік, ұйқышылдық, бас айналуы, бас аурулары, аштық сезім, жүрек айнуы, терлегіштік пайда болады.
Көмірсудың мөлшерден артық болуы семіздікке әкеліп соғады. Қанттың және тез сіңірілетін көмірсулардың мөлшерден артуы глюкозаның меңгеруіне қажетті инсулин бөлетін ұйқы безі жасушаларына ауырлық түсуінен, содан кейін олардың жойылуынан жасырын қант диабеті пайда болуы мүмкін. Бірақ қант және құрамында қанты бар өнімдер қант диабетін туғызбайды, тек оның даму қаупін арттырады.
Көмірсулар - табиғи полигидроксиальдегидтер мен полигидроксикетон-дардың тобы (CH2O)n. Көмірсулар (құрамына моно-, олиго- және полисахаридтер) ақуыз бен майлар сияқты адам, жануарлардың ағзасындағы энергия және зат алмасу процесінде маңызды роль атқарады. Олар өсімдік, жануар және бактериалды ағзалардың құрамына кіреді, органикалық табиғи қосылыстардың көбісін құрайды. Көптеген жануарлар мен адам тағамдарының негізгі компоненті болғандықтан, көмірсулар өмір сүруге қажетті энергияның көп бөлігін синтездейді. Ересек адам ағзасындағы энергияның жартысынан көбі, көмірсулар арқасында пайда болады. Олар өсімдіктердің, жәндік қаңқаларының негізгі құрылыс материалы болғандықтан, жасуша қабырғаларының, байланыстырушы ұлпаның негізгі компоненті құрамына кіргендіктен өте маңызды роль атқарады. Одан басқа күрделі биополимерлер құрамындағы көмірсулар, мысалы, гликопротеидтер (көмірсу қалдығын өзімен бірге тасымалдайтындар), осы қосылыстардың иммунологиялық ерекшелігін анықтай отырып, биологиялық ақпаратты жинаушы болуы мүмкін. Қанның топтық заттарының құрамына кіретін көмірсулардың құрылысы мен реттілігі, қанның қай топқа жататынын анықтайды. Жасушалардың әртүрлі өзара әсерлесуі кезіндегі, бетіндегі негізгі құрама зат ретінде көмірсудың шешуші ролі анықталды.
Бірдей типті жасушалардың бір-бірін тануы, жасушалардың дифференциациясы мен өсуі, жасушалардан биополимерлердің (ақуыз, нуклеин қышқылының және т.б.) секрециясы сияқты процестер көмірсулардың өздеріне тән беттік жасуша қасиетіне негізделген. Тағы бір мәліметтер бойынша, рак ауруында және жасушамен вирустың әсерлесуінде жасушаның беттік көмірсулары маңызды роль атқарады. Адам және жануарлар ағзасындағы кейбір күрделі көмірсулар, мысалы, гиалурон қышқылы, майлағыш зат ретінде роль атқарады, одан басқа үйкелетін беттер үшін майлайтын зат ретінде және жасушалардың қозғалатын кеңістігі ролін атқарады. Кейбір көмірсулар - аскорбин қышқылы (С дәрумені), В12 дәрумені, гепарин (қанның ұюының алдын алатын зат) - өзіне тән биологиялық белсенділік қасиеті тән. Көмірсулар класы келесі топтарға бөлінеді: моносахаридтер немесе жай қанттар (жүзім қанты - глюкоза, жеміс қанты - фруктоза); олигосахаридтер, өзара гликозидті байланыспен байланысқан 2-ден (дисахаридтер) 10 моносахарид қалдықтарынан тұрады; полисахаридтер немесе жоғарғы қанттар, көптеген моносахарид қалдықтарынан құралған (крахмал, гликоген, целлюлоза және т.б.). Табиғатта кең таралған моносахаридке глюкоза жатады, оны жүзім қанты деп те атайды. Ол бос күйінде тәтті жемістерде кездеседі, адам және жануарлар қанының негізгі құраушысы, көптеген табиғи олиго- және полисахаридтердің құрамында негізгі орталығы ретінде кездеседі. Глюкоза (альдогексоза) қанның негізгі компоненті, оның адам қанындағы мөлшері 50-95 мг %. Өсімдік және жануар жасушаларындағы зат алмасуда глюкоза орталық орын алады, ол жасушаларда өтетін көптеген процестерді энергиямен қамтамасыз ететін жанар май ретінде қолданылады. Ферментативті реакциялардың күрделі тізбегі қорытындысында, глюкоза көмір қышқыл газы мен суға дейін тотығады. Глюкоза, басқа моносахаридтер түзілетін процестерге қатысады. Табиғатта таралған моносахаридтер - гексозалардан (яғни, глюкоза сияқты құрамында 6 көміртек атомы баркөмірсулар), манноза мен галактозаны айтып кеткен жөн. Манноза бос күйінде кездесе алады, бірақ көбінесе басқа моносахаридтермен ұзын полисахаридтік тізбек түзеді немесе гликопротеид құрамына кіреді. Галактоза бос күйінде кездеспейді, ол глюкозамен қоса лактозаның (сүт қышқылы) құрамына кіреді және көптеген полисахаридтер мен гликопротеидтердің компоненті болады. Ана сүтімен кішкентай бала қоректенгенде, ол галактозаның (лактозаның құрама бөлігі) көп мөлшерін қабылдайды; оның утилизациясының бұзылуын, сатылап салмақтың жоғалуынан, физикалық дамымауынан, бауырдың ұлғаюынан (көбінесе цирроз) және катарактының пайда болуынан білуге болады. Фруктоза (кетогексоза) бос күйінде балда, кейбір жемістерде кездеседі және глюкозамен бірге тамақтану үшін маңызды көмірсу - сахарозаны синтездейді. Фруктоза кәдімгі қанттан 2 есе және 3 есе глюкозадан тәттірек. Ол көп ойлайтын жұмыспен айналысатындар үшін, қарт адамдар үшін, атеросклерозбен ауыратындар үшін, май және холестерин алмасуы бұзылғандар үшін өте тиімді компонент. Фруктоза мен глюкозаның адам тағамындағы қоры негізінен жеміс-жидектерде және ара балында, себебі ондағы глюкоза мөлшері 25-37%, ал фруктоза мөлшері 39-40 %. Қант түріндегі сахароза - ең кең қолданылатын дисахарид. Ең басты пентозаларға (яғни құрамында 5 көміртек атомы болатын көмірсулар) рибоза және дезоксирибоза жатады; олар рибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Қазіргі уақытта 70-тей моносахаридтер белгілі, олардың 20-сы табиғатта табылған, ал қалғандары жасанды синтезделген. Көптеген дисахаридтердің ішінен мальтоза, лактоза, сахарозаның маңызы өте зор. Мальтоза - екі глюкоза қалдығынан тұратын, өсімдік пен жануарлар-дың негізгі резервті көмірсуларының - крахмал мен гликогеннің бөлшектік гидралиттік ыдырауынан пайда болатын дисахарид. Сондықтан мальтоза тағам ретінде маңызы зор. Кейбір адамдарға туа бітісімен мальтоза мен оған туыс изомальтоза жақпайды, себебі ішекте осы дисахаридті ыдырататын фермент болмағандықтан. Лактоза галактоза және глюкоза қалдықтарынан тұрады. Көп мөлшерде сүтте кездеседі: ана сүтінде 5,5-8,4%, сиыр сүтінде 4-5%. Ана сүтінің негізгі көмірсуы болғандықтан, лактоза сәбидің тағамының негізгі компоненті. Сахароза, глюкоза мен фруктоза қалдықтарынан тұрады, өсімдік әлемінде кең таралған және негізгі тағам көмірсуы болып табылады. Көптеген моносахарид бөліктерінен тұратын жоғары молекулалық табиғи қосылыстарды полисахаридтер деп атаймыз. Оларды массаның, құрамының, құрылысының ерекшелігі бойынша ажыратады. Моно және олигосахаридтерге қарағанда, олардың кейбіреулері суда ерімейді (целлюлоза), басқалары тек ісінеді (клетчатка), ал үшіншілері шын және коллоидты ерітінділерінің аралығындағы ерекше сұйықтық түзеді (пектин). Табиғатта кездесетін полисахаридтердің саны өте көп, бірақ ең көп таралғаны - целлюлоза, крахмал және гликоген. Полисахаридтер негізінен екі негізгі функция атқарады: құрылымдық және қоректік. Целлюлоза (клетчатка) өсімдік ұлпаларының негізгі құрылымдық компоненті, ол өсімдік жасушаларының қабырғаларында кездеседі. Ол 90-99% жүннен және леннан, ал 45% дейін ағаш ұнтағынан тұрады. Целлюлоза молекуласы ұзын тура тізбекке қосылған глюкоза қалдықтарынан тұрады. Нашар қорытылғанды, ішектің жұмысын реттейді; клетчатка ағзадан холестериннің шығарылуына, ішек микрофлорасын реттеуге көмектеседі. Крахмал 96-97% полисахаридтерден тұрады, олар минералды заттар мен қатты май қышқылдарымен қоса болады. Крахмалдың полисахаридтері екі затпен сипатталады - амилаза және амилопектин. α-D-глюкопираноза қалдықтарынан түзілген глюкан. Тағам режимінде крахмал бөлігіне 80 % жалпы көмірсу мөлшері сәйкес келеді. Крахмалдың ыдырауынан ағзаның қантты қажет ету мөлшері төмендейді. Бұл қоректік өте маңызды полисахарид, көбінесе картопта, бидайдың дәндерінде, жемістерде кездеседі, сондықтан олардың тағамдық құндылығы жоғары. Целлюлоза сияқты, ол күрделі, тармақталған молекула түзетін глюкоза қалдықтарынан тұрады. Гликоген немесе жануартекті крахмал - жануарлар мен адамдардың қордағы маңызды полисахариді. Адам ағзасында, негізінен бауырда (20 % дейін) және бұлшықетте (4 %) жинақталады. Гликоген өзінің химиялық құрылысына байланысты өсімдік крахмалына ұқсайды, бірақ глюкоза қалдығынан құралған тізбектің көбірек тармақталуымен ерекшеленеді. Сәбилер қанында гликогеннің дұрыс мөлшері 12-21 мг%, ал ересек адам қанында 7-15 мг% болуы қажет. Инулин - суда еритін жоғары молекулалық полисахарид, ол да крахмал сияқты қордағы заттар функциясын атқарады, бірақ крахмалдан айырмашылығы, ол фруктоза қалдықтарынан құралған. Дегенмен ол табиғатта аз таралған және тек кейбір өсімдіктерде ғана жинақталады, негізінен жерасты мүшелерінде. Күрделі түсті өсімдіктер инуленге бақ - бақ тамыры, алмұрт, цикорий тамырларында, девясилде және т.б. Пектинді заттар - (1--4) гликозидті байланысқан α-D-галактоурон қышқылының қалдықтарынан тұратын көмірсутекті полимер. Пектинді заттардың негізгі қасиетіне, сулы ортада қант пен қышқыл қатысында желе тәрізді коллоидтық масса түзе алу қабілеті жатады.
Дені сау адамның тамақтануында, ішек-қарын ауруларын және күйген теріні емдеу мақсатында қолданылуы сөзсіз. Пектинді заттар шикізат-дәрілік обьектілерінде көптеген мөлшерде жинақталады және керемет дәрілік әсер етеді. Камедей тобына суда ерігенде тұтқыр ерітінді түзетін көмірсулар жатады. Камеди гексоза, пентоза, метилпентоза және урон қышқылының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалық бейтарап тұздары (кальцийлі, магнийлі, калийлі). Сілекейлі топқа әртүрлі химиялық құрамды азотсыз заттар жатады, олар жұмсартқыш қасиетіне ие. Олар әртүрлі гексозалардан, олардың олигосахаридтері мен урон қышқылдарынан, пентоза және оның урон қышқылдарынан, одан да күрделірек полисахаридтер мен оның туындыларынан құралған полисахарид тобын құрайды. Крахмалдан айырмашылығы дәндердің және иод ерітіндісімен реакциясының болмауы, пектинді заттардан айырмашылығы - полигалактуронды қышқыл мен тұтқырлық қасиетінің болмауы, камедейден айырмашылығы - қорғасын ацетатының бейтарап ерітіндісімен тұнба түзілуі. Сілекейлі заттар өте гидрофильді. Дәндерде су қорын түзеді, ол құрғап қалудан сақтайды және жақсы өсуіне әсер етеді. Бұл заттардың көп мөлшері (8-12%) айва дәнінде, алтей тамырларында, подорожник жапырақтарында, мать-и-мачехада (өгей шөпте) кездеседі. Бұл өсімдіктерді қайнатсақ, ол жұмсартқыш әсер етеді. Гемицеллюлоза дегеніміз - өсімдіктердің қабырға жасушаларындағы полисахаридтердің қосындысы, оларды негіздердің сулы ерітінділерімен экстракциялауға полисахаридтердің қосындысы, оларды негіздердің сулы ерітінділерімен экстракциялауға болады. Гемицеллюлозалар - құрамы өсімдік түріне тәуелді немесе бір өсімдіктің әртүрлі ұлпаларында әртүрлі болатын полисахаридтер қоспасы. Химиялық көзқараспен қарағанда мұндай қоспалардың полисахаридтері қышқыл және бейтарап болып бөлінеді. Басты тізбектің моносахаридтерінің құрамына байланысты гемицеллюлоза полисахаридтерін үлкен үш топқа бөлуге болады - ксилондар, глюкоманнандар және галактондар, бірақ әрбір топ ішіндегі жеке өкілдер, құрамындағы момносахаридтердің табиғатымен ғана емес, бір-бірімен байланысу түрімен де ерекшеленуі мүмкін. Адамның және басқа да тірі жануардың байланыстырушы ұлпасы дұрыс дамуы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін мукополисахаридтердің маңызы зор, мысалы, гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаты және т.б.тағам арқылы адам ағзасына түсетін күрделі көмірсулар, көптеген ферменттер көмегімен құралған моносахаридтерге дейін ыдырап, кейін олар ішектен қанға сіңеді.
Ферменттік реакция. Ферменттер өз әсерлерін микрогетерогендік (өте аз мөлшерде) катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстрат комплексін (аралық зат) түзеді. Бұл комплекстің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулаларының конформациялық өзгеруі, энергия өзгерістері және химиялық байланыстар өзгерулеріне әкеледі. Реакция өткеннен соң фермент-субстрат комплексі жаңа қалыпқа ауысып фермент-реакция өнімі комплексіне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді
S + E -- S·E -- EP -- E + P
Жай химиялық реакциялардан катализдік реакцияның айыр - ма - шы - лығы тәріздес бейорганикалық катализатор мен био - ката - ли - затордың да өзіндік ерекшеліктері болады.

Ферменттердің ка - та - ли - за - тор - лық ерекшелігіне келесі қа - си - ет - тері жатқызылады:
а) Фермент өздігінен жаңа ре - ак - ция жүргізбейді. Ол тек тер - модинамикалық мүмкін реакци - яны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтелу энергиясы төмендейді. Графикте көрсетіл - гендей реак - ци - я - ның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп төмендету және активтелу энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады.
б) Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді.
в) Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиттік ыдырауына қатысатын фосфогексоизомераза, альдолаза, фосфоглицераткиназа, фосфоглицератлидаза және т.б.
г) Фермент реакцияға өте аз мөлшерде қатысады. Ферменттің бір молекуласы 1 минутта 1000-нан млн-ға дейін субстрат молекуласына әсер ете алады. Бұл көрсеткіш карбангидраза ферментінде 36 млн-ға дейін жетеді.
д) Фермент реакция өткеннен соң өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Сондықтан ол субстраттың жаңа молекуласына әсер етуге қашанда дайын болады.
е) Ферментативті реакцияның жоғарғы активтілігі оның реакцияны бей - ор - га - ни - калық катализаторлардан да жоғары жылдамдықта жүргізе алатын - дығы. Мысалы, белоктың аминоқышқылдарға дейінгі гидролиттік ыдырауын бейорганикалық катализатор (күшті қышқыл, сілті қатысуында) жоғары температурада (Т = 100° С) бірнеше сағатта жүргізсе ферменттер төменгі температурада (Т = 30 -- 40° С) бірнеше минутта жүргізеді.
ж) Арнайы субстраттық ерекшелігінің өте жоғары дәрежелілігі. Фермент реакциялық қоспадан реакция өнімін беретін субстратты таң - дай алады және тек сонымен ғана реакцияға түседі.
з) Ферментативті реакцияны реттеуге болатындығы. Бұл фермент молекуласында болатын активті орталыққа, субстрат мөлшеріне, фермент мөлшеріне, ортаның факторларына (рН, Т, қысым) байланысты. Сондықтан торшаларда мыңдаған реакциялар белгілі бір ретпен және қажет - тілігіне сәйкес жүреді.
Ферменттердің тірі ағзаларда өтетін химиялық реакциялардың жү - ру барысын реттеп, белгілі бір тәртіппен өткізуі сол ағзаның тіршілік ету қабілетінің сақтауының, тұрақты болуының, ұрпақ жал - ғас - ты - ру - ының кепілі.
Қандай да бір реакциялардың жүру барысының өзгерісі міндетті түрде метаболиттік процесстердің өзгеруіне әкелетіні, сол себепті, ағзада зат алмасуының бұзылатыны күмән келтірмейді.
Ферменттерді медицинада пайдалану адам ағзасындағы әртүрлі патологиялық қалыптың (аурудың) пайда болу себептері мен дамуы механизмдерін (этиопатогенезді), (бұл -- энзимодиагностика), емдеу жолдарының стратегиясы мен тактикасын құруды және емдеуді (бұл сол мақсатта ферменттерді дәрілік препарат ретінде пайдалану -- энзимотерапия), емдеу барысының тиімділігін бақылау тәріздес аса ма - ңызды проблемаларды шешуге жоғары дәлдікпен көмектеседі. Сонымен бірге, аурудың диагностикасы үшін маңызды, қазіргі қоғамда дені сау ұрпақ жалғастыру үшін алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін саланың бірі - энзимопатология - тұқымқуалаушы және жүре пайда болатын аурулардың себептері мен даму механизмдерін ай - қын - дап, адамның қоғамдық және индивидуалдық аспектілеріндегі проблемаларды шешіп бере алады.
Ферменттерді зерттеудің нәтижелері тірі биологиялық объекті - лер - дің құрылысын, қасиеттері мен зат алмасуы процестерін басқа салалар мен бірге медицинаның да молекулалар деңгейінде зерделей алуына мүмкіндік береді.
Энзимологияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майда еритін дәрумендер
Зат алмасу немесе метаболизм
Биопрепараттар жайлы ақпарат
Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасуы
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Нәруыздардың алмасуы
Ферменттер өндірісі
Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары
Клиникалық энзимология
Ерітінді туралы түсінік
Пәндер