Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi


  1. Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi, табиғи және техногенді сипаты, төтенше жағдайларын ескерту және жою.
  2. Экологиялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны ластаушылармен күресу тәсілдері мен құралдары.
  3. Зиянды заттардың аралас әсері, зиянды заттардың құрамын нормалау, шекті мүмкін, максимум реттік, орташа аусымдық, орташа тәуліктік концентрациялары.

Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi.

7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерлерде болғанда өздерi душар болуы мүмкiн қатер туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралары туралы хабардар болуға;

- азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан және олар тигiзетiн зардаптардан қорғау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiнуге, жеке және ұжымдық үндеулер жолдауға;

- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға арналған басқа да мүлiктi пайдалануға;

- төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;

- төтенше жағдайларды жою барысындағы мiндеттердi орындау үшін оларды тарту кезiнде өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген залал үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуға;

- зақым алуына немесе ауруға шалдығуына байланысты еңбек ету қабiлетiнен айрылған, зақымданудан немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айрылған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi мiндеттерiн атқару салдарынан болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;

- төтенше жағдайлар салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтетуге құқығы бар.

8-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға;

- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн авария, зiлзала және апат жайында тиiстi органдарды хабардар етуге;

- тұрмыста, күнделiктi еңбек және шаруашылық қызметiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк және технологиялық тәртiптің, қауiпсiздiк талаптарының бұзылуына жол бермеуге;

- азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi төнген немесе олар пайда болған кезде жүрiп-тұрудың белгiленген ережелерi мен iс-қимыл тәртiбiн бiлуге, негiзгi қорғану әдiстерiн, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсiлдерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерiн үйренуге, өздерiнiң осы бiлiмi мен практикалық дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

- төтенше жағдайларды жою жөнiнде өткiзiлетiн оқу-жаттығуларға қатысуға, халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау құралдарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

9-бап. Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланып, мiндеттердi атқарады.

Экологиялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету.

Экологиялық қауіпсіздік мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.

Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс .

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады.

Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» - деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды.
Экологиялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылы­ғы­мен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Кас­пийді қорғау бағдарламаларын ха­лықаралық деңгейде ынталанды­руы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын ала­тын қоршаған ортаны залалды әсер­лерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақта­ры болып табылады.
Елбасымыздың жыл сайынғы жол­даулары әдеттегідей жетістікте­рі­­міз­ді саралап, келешегімізді бағдарлау­ға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға бірге жетудің дұрыс жолын айқындап отырады. Мысалы, Елбасымыз өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған Жолдауында табиғи ресурстарды тиімді және ұтым­ды пайдаланудың технология­лары мен бағдарламаларын ендіруде экономикалық, әлеуметтік және эко­логиялық үдерістердің үндестігін сақтауымыздың тиістілігі айтылған болатын. Яғни, экономика мен эко­ло­гия арасында теңдікті қалыптас­тыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Өйт­кені, бүгін қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ер­теңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін тапқан пайдамыз­дан он, тіпті, жүз есе артық қаражат жұмсауымызға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, Қазақстан даму жолын­да өзін орнықты дамудың қажеттілігімен ұштастырып келеді, - деген болатын. Сонымен қатар, Елбасы 2011 жылғы 28 қаңтар­дағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Үкіметке тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа принциптегі бағдарлама әзірлеуді және оны қабылдауды тап­сырған болатын. Қазіргі таңда, рес­публика тұрғындарының 20 пайызы нормативтік стандарт сапасына сәйкес келмейтін суды пайдаланады. Елде жыл сайын су пайдаланушылар көлемі ұлғаюда. Негізгі су пайда­лан­ушылар ауыл шаруашылығы (75%) және өндірістер (20%) болып табы­лады. Бұдан басқа, өзен сула­рының жартысынан көбі көршілес елдердің аумақтарынан келетіндігін, транс-шекаралық сипаты және кли­мат­­тың өзгеруі салдарынан бола­шақта проблема туындайтынын атап кеткеніміз дұрыс. Еліміз жер асты суларына, гидро­термалды энергияның минералды көздеріне және ресурстарына бай. Казіргі таңда өнеркәсіп кәсіп­орындарын айналмалы су жабдық­тарымен қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы әзірленуде. Ол су ре­сурстарын ұтымды пайдалануға септігін тигізетін болады. Елбасының және Үкіметтің министрлікке жүктеген тапсырмаларын орындау қазақстандықтардың сапа­лы өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтама­сыз етудің экологиялық қауіпсіз­дігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің табиғи ресурстарымыз - орасан зор. Алайда, мұның өзі қаншалықты кереғар көрінге­німен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере алмағандығынан, кедей елдердің қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Осының бәрі жетекші фактор - адамдар, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі.

Қазақстан Президенті Н. Ә. На­­­зарбаевтың «Жасыл өсу» жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне серіктестік жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы жүзеге асырылуда. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланы­сы­мен сарапта­малық және ақпарат­тандыруды қам­тамасыз ететін «Жа­сыл өсу» кеңсесі құ­рылды. «Жасыл өсу» кеңсесі Қазақстан және Орта­лық Азия, Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде то­лық ақпарат таратуға мүмкіндік бе­реді. Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технология­ларды қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сон­дай-ақ еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа са­палық деңгейіне шығуға өз септігін тигізеді деп айтуға болады. Осы мақсатта Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын бекітті. Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қор­ша­ған орта мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен сақтауға, қоршаған ор­таның сапасын жақсартуды басқару жүйесін дамытуға бағытталып отыр. «Жасыл даму» бағдарламасы шең­берінде шешілетін тағы бір мәселе - Каспий теңізінен өндірілетін мұнай­дың экологиялық қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету. Бұл Мексика шығана­ғын­дағы соңғы жаңалық­тар­мен өзек­ті екендігі барша­мыз­ға мәлім. Осын­дай мәселелер көп елдердің қызы­ғушылығын танытып, оны бірлесіп шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жы­лы барлық Каспий жаға­лауын­дағы мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын қорғау жөнін­дегі Негіздемелік конвенция күшіне енді. Осы Конвенция Каспий теңізі­не антропогендік ықпалды реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий теңізінің биология­лық және басқа коммерциялық ре­сурстарын қалпына келтіру, сонымен қатар, Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу мақсатында қа­был­данған бірінші аймақтық конвенция болып табы­лады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр. Жарқын болашаққа қадам басу жо­лында Еуразияның жүрегінде ор­на­ласқан Қазақстан Рио-92 деклара­ция­сына, Йоханнесбург декларация­сына (2002 ж. ) қол қойып, экология мен даму салаларындағы 25 халық­аралық конвенцияны және Киото хат­тамасын ратификациялады. Сон­дай-ақ, Еуропа және Азия елдерінің жаһандық үдерістерінің орнықты да­мудағы белсенді қатысушысы болып белгіленді. Елбасымыздың «Халықаралық стан­дарттарға сәйкес қоршаған ор­таны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген сөзі Қазақстан Республикасының эко­ло­гиялық саясатын дамытудың негізі болып қалыптасты. Дүниежүзілік қауымдастық да­муын соңғы 60 жылда «экономи­ка­лық» және келесі 60 жылда «жасыл» деген идеологияға бөліп қарауға мүм­кіндік беретін «Жасыл даму» - бұл қазіргі таңдағы халықаралық стандарт.
Әлемдік дағдарысты ескере оты­рып, бағдарламамыздың негізгі тірегі ретінде біз экономикалық құрал­дарды табиғат қорғауға пайдалану, экологиялық стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына оңтайластыруды қарас­тыр­дық. Бұл бағыт 2006 жылы 14 қарашада республика Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақ­стан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес орын­далды. Осы бағдарлама шең­берінде күрделі экологиялық мәселе - қал­дықтарды өңдеу мен тұтыну мәсе­лесін шешудің жолдары қарасты­рылды.

Қазақстан 2007 жылы Стокгольм конвенциясын бекітіп, 200 мың тон­наға дейін жинақталған берік орга­никалық ластаушыларды жоюды өз міндетіне алды. Премьер-Министр К. Мәсімовтің тапсырмасы бойынша түрлі саладағы қалдықтармен жұмыс мәселесін реттейтін ведомство­ара­лық жұмыс тобы құрылды. Қолда­ныс­тағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді және қал­дықтарды өңдеу бөлігі бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, барлық облыс орталықтары мен Астана және Ал­маты қалаларының коммуналдық тазалау құрылыстары құбырларының ағысын тазалау мәселесі де күрделі жағдайда. Еліміздің көптеген аймақ­та­рында су шаруашылығы жағдайы қиын кезеңді кешуде. Себебі, көпте­ген су нысандары өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін жоғалтқан. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Осы тұста Бэконның: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек», - деген сөзін еске алсақ болады. Біздер осы қағиданы есте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экологиялық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың басым болғандығынан оны экстенсивті түрде игерумен келе жатқанымыз бәрімізге белгілі. Осыған орай, Республикамыздың реформа жағдайында әлеуметтік-экономикасының қайта құрылу процесінің одан әрі жүзеге асырылуы экологиялық проблемаларды талдау мен бағалауды, қоршаған орта проблемаларын зерттеуді талап етеді, яғни осы проблемалар оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Экономикалық әлует сипаты, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақтылы шешімдер қабылдау, көптеген экологиялық және экономикалық процестерді болжау үшін негіз болды.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздік пен экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Сондықтан да, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанның дамуындағы экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсете отырып экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар қолдануымыз қажет деп, ойлаймын.

Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр) . Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.

Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады. Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.

Атмосфералық ауаны ластаушылар - механикалық, химиялық, физикалық, және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық ластаушылар - шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0, 005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т. б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді. Американдық ғалымдар халқының саны 1 млн-нан асатын қалалардағы тұрғындарда ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының қатерлі ісік (рак) ауруының жиілігі арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады. Көз ауруы, созылмалы коньюнктивит көбіне ауаның ластануымен байланысты. Сондай- ақ атмосфералық ауадағы шаң Жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулелердін мөлшерін де азайтады. Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна, қарағайлар 36, 4 т, шамшаттар - 68 т шаң жинайды.

Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады.

Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т. б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оның пайда болу себептері
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Табиғаттағы экстремалды жағдайлар
Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу ұйымдары
Төтенше жағдайлар (топтасуы және жалпы ұғымдар)
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz