Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
Реферат
тақырыбы: Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Жеке бас қорғаныс құралдары.
Орындаған
Қабылдаған:
Алматы 2017ж
Мазмұны
Жоспар
I. Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
II. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.
III. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Жеке бас қорғаныс құралдары.
Пайдаланылған әдебиеттер

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мен ТЖ-ды ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.
Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:
өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
негізгі өндірістік қорлардың жылдам қозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;
өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;
шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.
Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайларда жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығармайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсіндіріледі.
Төтенше жағдайларда шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұраақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана соққан факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанның инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті; нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикізат, отын, электроэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі; жұмысшылар саны, олардың құдіреті немесе тәртіп деңгейі; нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ-ты басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге де шұғыл жұмысқа, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.
Тізбектелген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.
Қазіргі уақытта болашақта Чернобыль сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.
Осы талаптар инжнерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолдарындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:
ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;
азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.
Шаруашылық нысанының тұрақтылығы жұмысшылар мен қызметшілердің сенімді қорғауы, басқару мен технологиялық процестің тұрақтылығы, объектінің қажетті өндірістік бұйымдармен, шикізатпен, отынмен жабдықталуы және объектінің қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқталуы тұрғысынан бағаланады.
АҚ инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары
Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін қажетсіз мемлекеттік шығындарды жұмсамау мақсатында, халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңыздық деңгейін ескере отыра, жүргізіледі.Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс Заңы бойынша категорияларға жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Категорияланған нысан - бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар. Категорияланған қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінеді: аса маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар.
Категорияланған объектілер - үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.
Категорияланбаған объектілер - барлық қалған ұйымдар (нысандар).
Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.
Осы құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұсқаулықты әзірлейді.
Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орталық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.
1.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді жобалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:
халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;
соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;
зақымдану ошағында, зілзала аумағында және өндірістік аврия мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүру үшін қажетті жағдай.
ИТЖ нормалары мынаны ескереді:
аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар мен нысандардағы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге нысандарды егжей-тегжейлі жоспарлау кезіндегі әр түрлі жайттарды;
ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында категорияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;
бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде.
АҚ ИТЖ жобалау нормаларының талаптары
Шаруашылық нысандарын орналастыру
Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.
Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш.
Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тауарларды сақтау нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шегінде орналастырады.
Категорияланған қалаларда тж сараптау және техникалық станцияларын ықтималы күшті қираулар аумағынан алыс жерге орналастырады. Қала аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.
Қаладан тысқары жерлерге троллейбус, трамвай парктері және телефон станциялары апарылады.
Демалыс лагерлері, пансионаттары, санаторилер, демалыс үйлері, базалар және мемлекеттік азық-түлік және материалдық қорлары, жаңа категорияланған нысандар, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері байланыс тораптар станциялары, ҚӘУЗ, базистік қоймаларға ықтимал бүліну аумағына орналастыруға тиіс.
Магистральдық (транзиттік) автомобиль және темір жолдары қаладан аулағырақ жерге төселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен орайластырылуға тиіс.
Ықтимал апатты су басу аумағында жаңа құрылыс аудандарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қоймаларын, жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді. Аталған аумақтарға тау-кен өндірісін салуды міндет етеді.
Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу
АҚ ИТЖ жобалау нормалы талаптарын ескере отырып қалаларды жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға және қысқы мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.
Қала аумағы әрқайсысы 250 га бөлінген жекелеген оқшау тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасындағы өрттен қорғау бөліктері 100 м аспауға тиіс.
Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуге тиіс.
Қаланың 1 км2 алаңында өзеннің жалпыға ағынына орай 3000 м3 көлемдегі су алабы. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамтамасыздандырады.
Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмайтындай қашықтықта салынуы тиіс.
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау
АҚ ИТЖ жаңа шаруашылық нысандары және коммуналдық энергетика жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыдан аса қажетті және тиімді.
өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құрылғыларын пайдалану ұсынылады.
Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.
Азық-түлік және азық-түлік шикізат қоймалар үшін тұрақжайды таңдау кезінде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, имарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.
Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радиоактивті шаңнан, УЗ және бактериялогиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуге тиіс.
Сумен жабдықтау бойынша
Сумен жабдықтау жүйесі қатардан шығуы кәсіпорынның тоқтауына және кәсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шығарудың доғарылуына алып келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру мақсатында мыналар қарастырылады:
категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жер асты) болуға тиіс;
екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен жабдыықтауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырақ жерде болған жөн;
сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде су беру су қысымы мұнараларына жетпей берілуге тиіс;
орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жіберілуге тиіс;
таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен жабдықталуға тиіс;
өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспаған аумақта орналастырылғаны жөн.
Газбен жабдықтау жүйесі
Қалалар мен шаруашылық нысандарына 2 және одан әрі дербес газ құбырлары арқылы газ беру және одан артық газ тарату станциялары арқылы жүргізілуге тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әр түрлі жағынан тиіс.
Газ тарату станциялары мен нүктелер ажыратқыш автомат қондырғылары бар жер асты айналмалы газ құбырымен жабдықталуға тиіс.
Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтималы күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуға тиіс.
Жер үсті төсемі жағдайында газ құбырларын магистральдық жолдарына ықтималы күшті қирау аймағындағы мүлік бүліншілік аумағынан тыс жерлерде төсеуге, терең (жер асты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі.
Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуын автоматты тоқтататын кран мен қашықтықтан басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.
Энергожабдықтау жүйесі
Осы заманғы өндіріс барысында энергия көзісіз мүмкін емес. Сондықтан энергожабдықтау желілері мен тұрақтарында АҚ ИТЖ қарастырылады.
Электрме жабдықтау нысандар жүйесінің тұрақтылығын бір-бірінен ықтималы күшті қирау аумағынан екі радиустық қашықтықта орналасқан бірнеше көздерге қосу жолымен арттыру.
Категорияланған қалаларда канализация жүйесінің нысандарында соғыс жағдайының өзінде тоқтатуға жол берілмейтін болса, энергиямен жабдықтау, өзге энергия тұтынушыларын қуаттандыру кезінде ажыратылмайтын негізгі желілері бойынша жүргізілуге тиіс.
220 Квт және одан да жоғары электр жүйесі және біріктірілген энергия жүйесінің жүйе аралық байланыстар қосалқы станциясында және ЕЖБ жүйесінде қажетті желі ықтимал қирау аумағынан тыс қосалқы станцияларды өткізілуге және тұрғызылуға тиіс.
Айдағыш насос станцияларын электрмен жабдықтау ықтималы күшті қирау аумағынан тыс немесе жеке дербес көздерінен тыс шекте орналасқан қосалқы станциялардан жүргізілуге тиіс.
Қорғаныс ғимараттарына АҚ ИТЖ нормаларының талабы
АҚ ИТЖ жобалау нормалары халықты қорғау және осы заманғы зақымдағыш құралдардан шаруашылық нысандарының жұмысының тұрақтылығын көтерудің негізгі принциптеріне сәйкес әзірленген.
Осы нормалар негізінде министрліктер мен ведомстволар сала ерекшелігіне орай өз ведомстволық нормативтік құжаттарын әзірлейді, олар қолданымға тек ҚР Экономика және сауда министрлігімен және Қорғаныс министрлігімен, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттікпен келісім бойынша енгізіледі.
ТЖ-дағы ұйымдардың іс-әрекетін зерттеу
Іс-әрекеттің тұрақтылығын көтеру жолдары мен әдістерінің ең тиімдісін таңдау (оның ішінде экономикалық тұрғыдан) Азаматтық қорғаныс нысаны ретінде әрбір кәсіпорынды мұқият бағалау негізінде ғана мүмкін.
Нысан тұрақтылығын зерттеу мақсаты әлсіз буындарын, оның тұрақтылығын көтеруге бағытталған инженерлік-техникалық шараларды жүргізу арқылы анықтау болып табылады.
Нысан жұмысының тұрақтылығын бағалау - бұл оны бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезінде, соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарымен зақымдану кезінде, сондай-ақ нысан мен жабдықтау жүйесі ішінара қираған кезде жұмысты жалғастыру және өндірісті қалпына келтіру кезінде туындаған зақымдағыш факторлар ықпалына қарастыруға қабілеттілігі тұрғысынан оны жан-жақты зерттеу.
Нысанадағы тұрақтылық бойынша зерттеуді ұйымдастырушы жоғары тұрған орган (бірлестік, министрлік) болып табылады. Зерттеуге жоғары тұрған орган басшысының тиісті өкімі ұйымдастырылады, онда зерттеу жүргізу мерзімі, тақырыбы, мақсаты мен міндеті, зерттеуге тартылған мамандар және т.б. анықталады.
Бейбіт уақытта нысан жұмысының тұрақтылығын бағалауды нысан АҚ бастығы ұйымдастырады.
Нысан жұмысының тұрақтылығын ұйымдастыру үшін негізгі қажетті құжаттар мыналар:
зерттеу жүргізу туралы бұйрық;
зерттеуді даярлау мен жүргізудің күнтізбелік жоспары.
Нысан АҚ бастығының бұйрығында көрсететілетіндер:
алдағы жұмыстың мазмұны мен оны жүргізу негіздемесі;
зерттеу мақсаты;
топ бойынша зерттеу жұмысына қатысушылар құрамы;
есептеме-зерттеу тобының негізгі міндеті;
зерттеу жүргізу тәртібі;
есеп құжаттамасын даярлау мерзімі.
Бұйрықпен жауапты мамандар қатарынан, әдеттегідей, мына тәжірибе-зерттеу топтары құралдары:
ғимарат пен құрылыстың беріктігін зерттеу тобы (топ басшысы - күрделі құрылыс бөлімінің бастығы);
өндіріс қондырғысының беріктігін зерттеу тобы (топ басшысы - бас механик немесе бас конструктор);
энергия жабдықтау тұрақтылығын зерттеу тобы (топ басшысы - бас энергетик);
материалдық-техникалық жабдықтау мен көлікті зерттеу тобы (топ басшысы - директордың жабдықтау және өткізу жөніндегі орынбасары);
өндірісті басқарудың тұрақтылығын зерттеу тобы (топ басшысы - директордың орынбасары немесе өндіріс-жоспар бөлімінің бастығы);
кооперация бойынша сыртқы байланыстарды зерттеу тобы (топ басшысы - директордың орынбасары немесе сыртқы кооперация бөлімінің бастығы).
Ірі өнеркәсіп орында өндіріс сипатының өз ерекшелігі бар құрылымдық бөлімшелерде кәсіпорын өндірісінің жалпы сипаты бойынша өндірістің тиісті түрі бойынша есептеме-талдау зерттеу топтары құрылуы мүмкін.
Сонымен қатар тұрақтылық мәселесін зерттеу басшысының жанынан нысан АҚ жоспарлық, жоспар-өндіріс, экономика бөлімдері мен штабы есебінен нысан жұмысының тұрақтылығын бағалау нәтижесін қорыту және төрақтылықты кешенді зерттеу тобы құрылады.
Нысан өндірісінің құрылымы және басқару аппаратының ұйымдастыруына байланысты топ тізбесі мен құрамы өзгеруі мүмкін.
Шағын нысандарда оның жете даярланған мамандарын өз құрамына кіргізе отыра кешенді зерттеу тобы ғана құрылады.
өндіріс құрылымы мен нысан басқару аппаратын ұйымдастыруға байланысты топ құрамы мен тізбесі өзгеруі мүмкін.
Шағын нысандарда өз құрамына мығым даярланған мамандарды тарта отыра кешенді зерттеу тобы құрылуы мүмкін.
Шаруашылық нысандарында зерттеу топтары өндіріс кәсіпорындарына орай, алайда ауыл шаруашылық нысаны басқару аппараты мен шаруашылық құрылымын ескере отырып құрылады. Бұл жағдайда өндірістік қондырғылар мен технологиялық процестер тұрақтылығын зерттеу тобының орнына ауыл шаруашылық техникасы мен қондырғысының, өсімдік пен мал шаруашылығының тұрақтылығын құрған жөн, оны осы сала бойынша бас маман басқаруы қажет.
Зерттеудің даярлау және өткізудің күнтізбелік жоспары АҚ бастығының бұйрығына сәйкес жасалады және негізгі шаралар мен олардың орындалу мерзімін, мәселелерді пысықтау немесе жалпы жұмыс үшін тартылған адамдар құрамын қарастырады.
Күнтізбелік жоспарларға мыналар қосылуы мүмкін:
:: мамандармен нұсқамалақ кеңес өткізу;
:: мамандармен ықтималы тосын жағдайды және оның ғимарат пен адамдарға ықпалын зерттеу;
:: ғимарат құрылысының жабдықтау сипаттамасын беру және олардың төтенше жағдайға төзімділігін бағалау;
:: зақымдаудың қайталама факторларының ықпалынан, оның ішінде таяу орналасқан өте қауіпті нысандардың (өндірістің) бұзылуынан ықтимал шығын мен қирау ауқымын анықтау;
:: электр, су, жылумен жабдықтау жүйесі және өндірістік байланыстар бұзылған жағдайдағы ТЖ-да нысан жұмысының тұрақтылығын бағалау;
:: алынған материалдарды қорыту және нысан төзімділігінің деңгейін анықтау.
Зерттеу басталғанға дейін оны өткізуге тартылған адамдарға жұмысты орындау туралы бұйрық, күнтізбелік жоспар, есептемелік топ бойынша жоспар және зерттеу жүргізу кезінде басшылыққа алынуға тиіс өзге құжаттар мен материалдар беріледі, сондай-ақ есептеме мен есеп беру құжаттарының түрлері даярланады.
Күнтізбелік жоспарда көрсетілген шаралар 2 кезеңге бөлінеді.
І зерттеу кезеңі - негізгі, созымдылығы біріншіден бастап екі айға дейін - нысан тұрақтылығының зерттелуін жүргізу, оның барысында бірінші кезекте төтенше жағдайдағы тұрақтылық бағаланады.
Бұл кезеңде зерттеудің төмендегі мәселелері қарастырылады:
:: төтенше жағдайлардағы нысанның барлық элементтерінің қисындылығын бағалау;
:: қайталана фактордан ықтимал зақымдану мен қирау сипатын және дәрежесін анықтау;
:: ықтимал ахуалды болжау нәтижесі бойынша нысан жағдайын талдау;
:: жабдықтау және өндірістік байланыстар жүйесінің сенімділігін бағалау;
:: ТЖ-да өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін барлық жұмылған өндірісті бағалау.
Мамандардың әрбір тобы өз қызметінің саласында қажетті есептеме жүргізеді және оны жүргізілген талдау негізінде қорытындылайды.
Бұл кезеңде мына міндеттер шешіледі:
Төтенше жағдайдағы өндіріс қызметшісінің қорғалуын бағалау;
өндірістің барлық буынындағы ғимарат пен құрылыстың, станок, лабаратория, технологиялық қондырғысының, электр, газ, бу, жылу, отынмен жабдықтаудың тұрақтылығын анықтау;
жабдықтау мен кооперативтік байланыс жүйесінің аралас кәсіпорындармен - жеткізімшілерімен тұрақтылығынан және жол мен тасымалдау әдістерін, қор көлемдері мен оларды сақтау шарттарын зерттеу;
осал учаскелерді және төтенше жағдайлардағы нысан төзімділігін жалпы бағамен анықтау.
Зерттеу (жұмыс) топтар жүргізген зерттеулердің жекелеген нәтижесі кестеге, схемаға, графикаға, диаграммаға енгізіледі. Зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижесінде мына мәселелерге жауап алынуға тиіс:
әр түрлі төтенше жағдайда нысан қандай бүліншілікке ұшырады;
қандай бүліншілікте нысан жұмысын жалғастыра алады және қандай бүліншілік оны тоқтату себебі бола алады;
қандай бүліншілік кезінде нысан қираған өндірісті өз күшімен қалпына келтіре алады;
сыртқы қайталама факторлардан ықтимал бүліншіліктің көлемі мен сипаты қандай.
Зерттеудің ІІ кезеңі - созымдылығы 10-15 күн - нысан жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және зерттеу материалын қорыту. Бұл кезеңде мына мәселелер шешіледі:
:: нысан аумағындағы жұмыс ауысымын қорғау бойынша шараларды анықтау, жұмыс ауысымының кестесіне, қауіпсіз аймақтағы демалушы ауысымды қорғауға қатысты мәселелерді шешу;
:: жұмыс көлемін, материал, күш және құралдар, қаржыландыру көзін қамтитын нысан күштерімен бейбіт уақытта өткізілетін тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды анықтау;
:: жоғары тұрған органдар шешуді талап ететін және олардың көмегімен немесе күштерімен іске асырылатыншараларды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, жобалау конструкторлық, технологиялық және өзге ұйымдық күштермен қосымша пысықтауға мұқтаж шараларды анықтау;
:: ТЖ аумақтық органдарының келісімін талап ететін шешімдерді даярлау;
:: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайдағы нысан тұрақтылығын көтеру бойынша шараларды анықтау;
:: әлсіз және орташа қирау, зақымдану кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жылдам жүргізуді қамсыздандыратын шараларды анықтау.
Шаруашылық жүргізуші объектілеріндегі жұмыс тұрақтылығын бағалау
Шаруашылық жүргізуші объектілеріндегі жұмыс тұрақтылығын зерттеу әдістемесі оның төтенше жағдайларда толық қорғалуын қамсыздандырылмайтындығын ескереді, алайда, оның жұмысының тұрақтылығын көтеру - мүмкін және қажет. Кәсіпорынның жұмыс істеу негізі мыналардан тұрады:
:: өндірістік қызметшілер (жұмысшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, қызметшілер);
:: өндірістік (станоктік), лабараториялық, технологиялық және өзге қондырғылар орналастыратын ғимарат пен құрылыс;
:: электр, су, бу, жылу, отынмен жабдықтау жүйесі;
:: басқа нысандармен өндірістік және кооперативтік байланыстар жүйесі;
:: кәсіпорында жинақтау үшін материалмен және оның қорымен жабдықтау.
:: Өндірістің осы элементтерінің кез келген қызметінің бұзылуы өнім шығаруына ықпал етеді, уақытша тоқтауға немесе өндірістің біржола тоқтауына алып келеді. Шаруашылық нысанына келтірілуі мүмкін зақым туралы айтқанда, олар өндірістік және өзге нысандар мен адамдарға ықпал ету сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:
:: қирау, зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың жарақаты, контузиясы);
:: тұтану, өрт (күйік, адамдар мен хайуанаттардың көрмей қалуы);
:: зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық, сондай-ақ әр түрлі өндірістік және табиғи газдармен зақымдануы);
:: су басуы.
Өндірістік авария, апат және зілзала пайда болған жағдайда зақымданудың бір түрімен қатар бірнеше түрі орын алуы мүмкін.
Нысан тұрақтылығын бағалау негізінде нысанның және оның аумағындағы адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің әр түрлі зақымдануының салдары қаланған.
Зақымданудың алғашқы факторы ретінде соғыс уақытындағы қазіргі зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының өзін және бейбіт уақыттағы өндірістік авария, апат және зілзаланы санау қалыптасқан.
Қайталама зақымдау факторлары алғашқы факторлардың ықпалының салдары болып табылады.
Нысан жұмысының тұрақтылығын қарастыра отыра мыналарды бағалау керек:
:: нысанның бастапқы зақымдағыш құралының ықпалына төзімділік деңгейі;
:: қайталама факторларының пайда болу мүмкіндігі және олардың ықпалынан зақымдану сипаты;
:: ҚӘУЗ ықпалына нысан жұмысының төзімділік деңгейі;
:: Нысанның басқару жабдықтау мен өндіріс байланыстар жүйесінің сенімділігі.
Нысан келбетін талдау, оның орналасқан ауданын зерттеуден басталады, ол карта (жоспар) және ТЖ аумақтық (қалалық, аудандық) органның мәліметтері бойынша зерттеледі.
Нысанның топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі:
:: Аумақ құрылысының сипаты, қоршаған нысан (құрылыс құрылымы, тығыздығы мен түрі);
:: Осы аумақта қайталама зақымдау факторларының пайда болуы ретінде қызмет ететін кәсіпорындардың болуы (гидроторап, химиялық өнеркәсіп нысандары);
:: Жапсарлас жердің табиғи жағдайы (орман алқабы - ықтимал өрт көзі, жер бедері);
:: Жолдың ауданының метеорологиялық жағдайының болуы;
:: Жауын-шашынның көлемі, жердің бағыты, сондай-ақ топырақ сипаты мен топырақ астында жатқан су тереңдігі.
Бұдан кейін әрбір зерттеу тобы өзге мақсат етіліп қойылған міндеттерге тікелей қатысты мәселелерді зерттеп талдайды.
Мысалы, ғимарат пен нысан құрылысын зерттеу кезінде негізгі және көмекші өндіріс ғимаратына және төтенше жағдайда негізгі өнімдері өндіріске қатыспайтын ғимараттарға қысқаша сипаттама беріледі.
Олардың конструкциясының негізгі ерекшелігі белгіленеді, зақымдағыш факторлар мен ықтимал қайталана зақымдағыш факторлар ықпалына орай есептеме үшін қажетті техникалық мәлімет келтіріледі, атап айтқанда: құрылғысы, қабаты, ұзындығы мен биіктігі, каркас түрі, жарық ойығы, төбе, жабын, ғимараттың отқа төзімділігі бағаланады.
Жақын орналасқан баспаханадағы жұмысшылар мен қызметшілер саны көрсетіледі.
Қайталама зақымдау факторларының ықпалын бағалау бойынша нақты міндеттерді шешу өндіріс ерекшелігі мен жеке алғанда әрбір нысанға тән белгілерге байланысты. Негізгілер ретінде ТЖ-да зақымдағыш факторларының ықпалынан нысан элементтерінен қирау сипаты мен деңгейін талдаудан шығарылған қорытынды қабылданады.
Мысалы, ҚӘУЗ өндірісінде қолданылатын зақымдағыш заттардың іс-әрекетінің сипаты мен көлемін бағалау үшін олардың нысандағы ұстау жағдайы мен қирау деңгейін және коммуникацияны білумен қатар, олардың көлемін, улылығын, нысандағы өндірістік құрылыстың тығыздығын, АҚ қорғаныс ғимаратының сапасын және ондағы адамдарды қамсыздандыруды, жеке қорғаныс құралының бар-жоғын және т.б. зерделеу қажет.
Қайталама факторлардың зақымдау ықпалын бағалау мына ретпен жүргізіледі:
:: Зақымдағыш факторларының кезінде жарылыс, өрт шығуы, атмосфера мен жер ластануы мүмкін нысан элементтері анықталады. Нысанның осы элементтері қайталама зақымдау факторларының ішкі көзі болып табылады;
:: Осы көзден қайталама зақымдау (қирау) факторларының түрі (сипаты) белгіленеді;
:: Орналасу жері мен метеорологиялық жағдайды ескере отырып, зақымдау факторларының іс-әрекетінің басталу уақыты және нысанның әрбәр цехындағы қайталама зақымдау факторларының іс-әрекеті созымдылығы анықталады;
:: Талдау негізінде оның ықпалын болдырмау мен төмендету бойынша шаралар әзірленеді.
Жұмыс баптарында барлық мәселелер пысықталып бас инжене топ басшыларымен бірге зерттеу қорытындысын алдын ала шығарғаннан кейін:
:: Зерттеу нәтижесі туралы қорытынды баяндама;
:: Төтенше жағдайдағы нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жоспары әзірленеді.
Қорытынды баяндамада мына мәселелер көрсетіледі:
:: Зерттеу тақырыбы, мақсат, міндеті мен жүргізу ерекшелігі:
:: Тұрақтылықты бағалаудан шығарылған қорытынды;
:: Нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар;
:: Жоспарланған шараларды өткізу үшін қажетті қаржылық және материалдық техникалық құралдар;
:: Жоғары тұрған органдарының көмегі қажет болатын шаралар;
:: Зерттеу барысында шешілмеген және ғылыми - зерттеу менөзге ұйымдарда пысықталуға тиіс мәселелер.
ТЖ-да нысан жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шараларды жоспарлауда негізі болып табылады.
Нысан тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыс шараларының жоспары нысан жұмысының тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін барлық ұсыныс пен нұсқауды іске асыруды қарастырады. Осы жоспар 3-5 жылға жасалып екі негізгі тарауға бөлінеді:
:: Бейбіт уақытта өткізілетін шаралар;
:: ТЖ қаупі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz