Эмпирикалық медицина және оның ерекшелігі

Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Мұнда басқа елдерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың құл иеленушілік құрылысқа алмасуы ерте жүрді. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда Ніл, Тигр, Ефрат, Инд, Ганг өзендерінің өңірлерінде пайда болды. Құлиеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік етті.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицинаның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, Махабхарата, Рамаяна (Үндістан) этикалық шығармалары, Хамурапи патшаның Заңдары (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды.
Ұрпақтан ұрпаққа білімдерін ауызша түрде тарату арқылы эмпирикалық медицина дами түсті. Бүл білімдер жөнінде ешқандай жазбалар қалмады, тек папирустарда ғана жекелеген ауру түрлерін емдеу әдістері мен емдік дәрілерінің жазбалары сақталып қалған. Діни ұғымдардың пайда болуы мен дамуының нәтижесінде ауруды тәңірдің берген жазасы деп қабылдады. Бақсылық және шіркеулік медицина дамыды. Бақсылар білімді адамдар болған, олар жазудың пайда болуынан бастап халық медицинасының әдістерін жаза бастаған.
Ежелгі Шығыстағы құлиеленуші қоғамда жіктеу ерекшелігі орын алды: дәрігер құлды сәтсіз емдеген жағдайда шығынын басқа құлмен өтеген, құлиеленушіні сәтсіз емдеген жағдайда емдеушінің саусақтарын кейде тіпті қолын шапқан.
Храмдарда емдеу ісін үйретуге арналған медициналық мектептер ашылған, сондай-ақ медициналық білімдер отбасында да берілген.
Кейін медицинамен айналысу жеке кәсіпке айналған, кәсіпқой-дәрігерлер пайда болған. Дәрігердің қызметі орындауға міндетті болған қатаң ережелермен реттеліп отырған. Ауру түрлері және оларды емдеуге арналған дәрілерді дайындау әдістері жазылған медициналық әдебиеттер пайда бола бастады.
Ежелгі Мысырдағы медицина
Құнарлы Ніл өзенінің төменгі жағалауы дамыған Мысырдың ежелгі ошағы болған. Б.э.д. VI мыңжылдықта алғашқы тұрақтар пайда болған, кейін олар үлкен қалаларға - мемлекетке айналған. Б.э.д. 3200 жылы ол жеке мемлекет болып құрылды. Тұрғындардың тұрмыс жағдайларының жоғары деңгейде болуының арқасында ежелгі әлемдегі химия, медицина және фармация саласындағы әйгілі білімдер осы жерде шоғырланды.
Жалпы ежелгімысыр мәдениеті тәрізді, мәліметтер көзі - саркофактарда, пирамидаларда және басқа да құрлыстарда жазылған көптеген иероглификалық жазбалар, соның ішінде бастысы- папирустар (Мысырда жазба хаттарды жазуға қолданылатын Ніл кеңістігінде кең тараған папирус өсімдігінен дайындалған орамдар). Папирустарды орыс египтологтары оқып, зерттеген. Ежелгі мысырлықтар математика, астрономия, географияны меңгеріп қана қоймай, медицина және фармация аймағындағы ілімдерді де кеңінен меңгерген. Олар 4 негізгі элементтерге (ауа, су, жер және от) сүйене отырып, адам ағзасын құрайтын және оның саулығы мен сырқатына негіз болатын негізгі 4 шырын туралы ілімді ойлап тапты. Сонымен қатар пневма туралы ілім пайда болды, оған сүйене отырып адам тыныс алған кезде ауада көрінбейтін заттар оның өкпесі мен жүрегіне еніп, ара қарай барлық денесіне тарайды деген. Адамның денсаулығы оның қаны мен пневмасының қалыпты жағдайымен анықталған, қалыпты жағдайдың бұзылуы оның ауруына әкеп соқтырған. Осыдан барып емдеу іріңді заттарды алып тастау, жаман қанды соруға бағытталған. Құсық туғызатын, ішекті тазалайтын, тер шығаратын дәрілер тағайындалған.
Анатомия ілімін жақсы меңгергендіктен мәйітті бальзамдау, мумиялау оларға жеңіл түсті. Ежелгі Мысырда қолданылған бірқатар анатомиялық терминдер адамның көптеген мүшелері, оның ішінде жүрек-қантамыр, бауыр, ми туралы мәліметтерді кеңінен білгендіктерін аңғартады. Мысырлықтар жүректен шығатын 22 қан тамырға аса көңіл бөлді.
Тыныс алу жолдарының ауруы, тері ауруы, ішек ауруы, қан кету, көз ауруы (кең тараған) туралы кеңінен жазылған мысырлық кітаптар табылды. Б.э.д. Vғ. Мысырға саяхат жасаған гректің тарихшысы Геродот мысырлықтарда ерте кезден бастап әрбір дене мүшесін білетін дәрігер болған деген. Бұл Ежелгі Мысырда дәрігерлер арасында жеке мамандар болғандығын куәландырады. Кеңінен дамыған косметологияның отаны - Мысыр деп саналады. Медицинаның бұл саласын мысырлықтардың ақсүйектері ғана пайдаланды. Емдік медицинаның бірқатар саласы бай адамдырдың ғана сұранысын қанағаттандыруға бағытталды- бұл уқалау, сумен емдеу, құрамы күрделі қымбат дәрі-дәрмектерді қолдану.
Әскери дәрігерлер - мысыр әскерлерімен жорықта қатарласа жүріп, сынықты, жарақатты және жараны емдеу туралы мәліметтерді көп жинады. Ежелгі хан қабірлерінде аяқ-қолдарға жасалған операциялар бейнесі сақталған.
Сақталған медициналық папирустардың ішінде ең әйгілілері: әйелдер ауруларына арналған Кахунадан шыққан папирус, оның бір тарауы әйелдерді қалай босандыруға бағытталған - шамамен б.э.д. 2000 ж, хирургия іліміне арналған зерттеушісі есімімен аталған Смит папирусы - б.э.д. 1500 ж., қомақты медициналық Эберес папирусы (б.э.д. ІІ ғ. ортасы), балалар ауруына емдеуге арналған Бругш папирусы (б.э.д. 1450-1350 жж.). Эберс папирусында өсімдіктерден әр түрлі шырындар мен бал алу жолдары көрсетілген 800 рецептен тұратын Дененің барлық мүшелеріне арналған дәрілерді жасау кітабы деген бөлімі бар.
Ежелгі Мысыр құрт аурулары ошағы болды. Сондықтан мысырлықтар гигиенаны сақтауға аса назар аударды, суды мыс ыдыстардан ғана ішіп, күндіз екі рет және түнде де екі рет жуынған.
Месопотамиядағы сияқты Мысырда да кейбір шіркеулерде жүйке жүйелерінде ауытқулары бар ауруларға арналған арнайы жатақ орындар болған. Бұл жатақ орындар кейіннен емханаларға айнала бастады.
Мысырда тұндыру, сүзу, сығу, фильтрден өткізу әдістері белгілі болған. Б.э.д. V ғасырда Мысырда үгіту, сырлау, парфюмериялық және жуғыш құралдарды дайындау технологиясы жақсы дамыған. Ежелде теория дамымағандықтан, барлық осы химик-технологтер өз тәжірибелеріне ғана сүйенген.
Мысырда науқастарды емдеу үшін жақпалар, судағы ерітінділер, жуу, шашырату, клизма, компрестер, қыша қағаздар, жапсырмалар, тұнбалар, қайнатпалар және дәрілер пайдаланылған.
Минералды заттардан селитра, мыс тотығы, квас, ас тұзы және мемфисс тасы қолданылды. Жануарлардың майлары, өті, миы, бауыры, қаны, балы, ешкінің сүті кеңінен пайдаланылды.
Мысырда тері ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер кеңінен тараған, сондықтан көптеген тарихшылар бұл елді дерматология отаны деп санайды. Мысырлықтардың дәрі жасау үлгісі осы заманғы үлгіге өте ұқсас: әдетте дәрінің құрамы негізгі, көмекші және қалпына келтіруші заттардан құралады.
Фармаки немесе Фармаци (аудармасы қорғаушы, құтқарушы, сауықтырушы дегенді білдіреді) деп аталып кеткен дәрігерлік өнердің құдайы Тотты мысырлықтар емдеу ісінің жарылқаушысы деп есептеген. Сондықтан да болар, түбірі фарма болып келетін - фармация, фармацевт, фармакопея сөздері осы заманға дейін келіп жеткен.
Гигиенаға аса көңіл бөлінген. Ақсүйектер тұратын аудандарда су құбырлары орнатылып, канализациялар тартылған. Әр бір үйде хауыз болған. Шекті тазартуға, тамақты шектеуге кеңес берілген. Қоғамдық және жеке бас гигиенасын реттеп отыратын заңдар болған.
Ежелгі Мысырда емдеу жүргізу кәсіби дәрігерлердің еншісінде болған, бірақ осы кездің өзінде кейбір бақсылық ұйымдар терең химиялық білімдерінің арқасында фармацияның дамуына айрықша үлес қосқан. Тіпті химия терминінің өзі Мысырда пайда болған. Мүмкін оның сыры түбірі Мысыр дегенді білдіретін хеми сөзінде жатса керек.
Мысырлық медицина мұрасы Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Рим және әлемдік медицина дамуына үлкен әсерін тигізген.
Месопатамиядағы медицина
Месопотамиядағы медицина туралы алғашқы мәліметтер б.э.д. ІІІ мыңжылдықпен шамалас келеді. Ертедегі атақты әміршілердің бірі Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750) заманында Вавилон мемлекетінің дамуы басталып, ол гүлденудің шарықтау кезеңіне жетті. Ол басқарған 42 жыл ішінде мемлекет ұлы мәртебелі мемлекетке айналды.
Кейініректе, б.э.д І мыңжылдықта Месопотамияның солтүстік-шығыс бөлігінде Ассирия ерекшеленді. Ол өзінің ең жоғарғы шегіне, әйгілі мемлекеттік қайраткер Ашшурбанипалдың (б.э.д. 626-668ж.ж) тұсында жетті. Ол өте білімді адам болған. Оның тұсында Ниневиде ашылған үлкен патша кітапханасы, біздің заманымызға жеткен бірнеше мыңдаған клиножазулы жазбалар сақталған саз тақтайшаларының жинағы жиналған ең үлкен кітапхана болып саналады. Әдетте, тақтайдағы жазбалар Егер адам науқас болса.. деген сөздермен басталып, әрі қарай аурудың негізгі белгілері сипатталып, емделушіге оны дайындау және қолдану жөніндегі нұсқаулар берілген. Жазба Ол сауығады деп аяқталған.
Месопатамияда сау организмдегі барлық процесстер мен ауырған кездегі өзгерістер аспандағы құбылыстарға байланысты деген ұғым етек жайған.
Емдеу шаралары кезінде аспан шырақтарының қозғалысы назарға алынып, ескеріліп отырған. Болжау жасау кезінде шырақтардың орналасуы мен арнайы астрологиялық күнтізбеге (босануға, операция жасауға сәтті және сәтсіз күндер) үлкен көңіл бөлінген.
Сонымен қатар, ағзаның өмір сүру қабілетінде басты рольді, адам денесінде циркуляцияланған сұйықтықтарға, әсіресе, қанға байланыстырып отырған.
Тұмарлар, амулеттер, қарғыстар мен дұғалар жазылған тақтайшалар кеңінен тараған. Малдың ішкі мүшелерінде, әсіресе, құрбандыққа шалынған малдың бауырында бал ашу үлкен роль ойнаған.
Біздің дәуірімізге бауырдың балшықтан, қоладан жасалған, бөліктерге бөлінген, үлгілері жеткізілген. Бауырдың әр бөлігіне, сол бөліктің жағдайын болжайтын мәтіндер жазылған. Осы үлгілер негізінде медициналық мектептерде болашақ бақсы-дәрігерлерді оқытқан.
Медицина негізгі екі бағытта дамыған: асуту (аудармасы емшілік өнері) және ашипиту - дуалау өнері.
Бұл екі бағыт дәстүр де б.э.д І мыңжылдықтың екінші жартысына дейін өзгеріссіз сақталып келді. Кейіннен, ашипутуға жақынырақ бір арнаға тоғысты.
Аурудың себептері туралы ұғымдар негізгі үш дәрежеге бөлінді:
1. Жаратылыстан тыс себептер - құдайдың қолы, қара күштің желі, Ламашту құшағы (Ламашту мыстан түнімен қала кезіп балалар лихорадкасын таратады деген сенім болған).
2. Қоғамдағы дәстүрлі, құқықты және басқа да ережелерді бұзғаны үшін берілген жаза.
3. Табиғат құбылыстары мен адамдардың жалпы өмір сүру салттарына байланысты (сапасыз тағамдарды қолдану, лас суға шомылу) жаратылыс себептері.
Асу-емдеуші аурудың пайда болуын көбінесе жаратылыс себептерімен байланыстырған. Оның болжамдары көбінесе ол жазылады, оны емдеу керек дегендей оптимистік көзқараста болған. Асу емдеу тәжірибесін эмприка- емдеушінің емдеу тәжірибесіне негіздеп отырған. Оның емдеу мақсаты анық болған: Қызбаны тоқтату, Ісікті басу, Аяқ-қолдың шығып тұрған тамырларын тыныштандыру т.б.
Асулар дәрілік флораның да білікті мамандары болған. Олар дәрілік шөптерді өздері жинап, сақтап және дәрі жасаған. Дәріні балда, сірке суында, суда немесе қатты майларда қайнатып, оны жақпа май, ұнтақ дәрі-дәрмек, тампондар мен балауыз түрінде қолданған.
Эмпирика-дәрігер асудың дәрілік жинағына қарағанда ашипудың дәрілік жинағы мейілінше аз болған. Дегенмен, дәріні қолдану жөнінідегі нұсқаулық барлығында дерлік болған. Мысалы: шалфей шөбін үгіт те маймен араластырып, үш рет дұға оқып тісіңе бас. Осы аталған Тіс ауруына қарсы дұға- ежелгі Месопотамияның жоғары көркемдік әдеби шығармасының үлгісі іспеттес.
Ашипудың емінің басты амалы дұға оқу болатын. Аурудың себебі мен салдарын анықтап алғаннан кейін, ашипу емдеуден бұрын болжам жасаған.
Ашипуту мәтіндерінде ол көбінесе жағымсыз болған: Ол өледі, Ол жазылмайды және т.б. Ол өмір сүреді, Оның дерті жазылады, леген болжамдар сирек кездеседі. Ашипу болса, болжамы үмітсіз болатын болса, емді бастамай-ақ кетіп қалып отырған.
Месопотамияда адам денесінің құрылысын білмеген, мәйітті ашу жүргізілмеген. Құрбандыққа шалынған малдың ішкі құрылысын зерттеу ғана ішкі мүшелер: бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек, ішек туралы жалпылама түсініктер беріп отырған. Босандырумен әйелдер айналысты.
Вавилонда, Ниневия қалаларындағы қазба жұмыстары кезінде көпірлердің, саз құбырлардан жасалған су құбырлары мен канализациялар табылған, жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды қаладан алшақтату туралы заңдар болған.
Б.э.д. XVIII ғасырда құрылған Хаммурапи патшаның заңдары, Вавилон заңдарының кең көлемді ескерткіші, біздің заманымызға дейін сақталып қалған. Бұл заңда өмірдің барлық бағытын қалпына келтіріп отыратын ежелгі заңдар жинақталған. Базальт бағанында ойылып жазылған тармақтар қатары, дәрігернлердің қызметі мен кей жағдайлардағы оның сот алдындағы жауапкершіліктеріне арналған.
Вавилондықтар мен ассириялықтардың дәрілік арсеналы өсімдіктік, жануарлық және минералды жолмен алынған құралдардың бай жинағын құраған. Ауруды емдегенде көбінесе су мен май пайдаланылған. Дәрігерсөзі, тікелей аудармасында су танушы немесе май танушы дегенді білдірген. Әр түрлі өсімдіктердің бүршіктері, жануарлар майы, мұнай пайдаланылған. Дәрілер тұнба және қайнатпа түрінде ішуге пайдалану үшін тағайындалып отырған. Сырттай пайдалану үшін, жақпа майлар мен түрлі пасталар, компресс қою, сылау, клизма мен бұлаулар тағайындалып отырған. Уқалау, су құйыну, оңқалар төңкеріп, қан ағызу сияқты кеңестер беріліп отырған. Дәрілерді аш қарынға және тамақтан кейін ішетін деп бөлген. Дәрілерді ішкізу кезінде, кей жағдайларда, арнайы ыдыстар пайдаланылған.
Ежелгі Шығыстың басқа да елдеріндегідей, ауруларын Вавилонда емдеу мүмкіндігі, тек қалталы адамдарға ғана тиесілі болған. Грек тарихшысы Геродот (б.э.д. Vғасыр) кедей адамдарды емдеудің ерте вавилондық, өзіне сай дәстүріне сипаттама берген. Ол үшін оларды кісі аяғы көп жерлерге шығарып қойған және қасынан өтіп бара жатқандары, өз жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, оларға кеңес беріп өткен.
Ежелгі Үндістандағы медицина
Үндістан біздің эрамызға дейін көп жылдар бұрын құрылған. Б.э.д IV мыңжылдықтың соңы мен ІІІ мыңжылдықтың басында Үндістанда құлиеленуші қоғам құрылды. Медицина тарихын танудың негізгі көзі болып- Веды - тұрмыстық және діни ережелер жинағы және Ману заңдарының жиынтығы (б.э.д. 1000-500 ж.ж.) табылады. Ману заңдары бойынша, дәрігердің емі сәтсіз аяқталған болса, оған айып-пұл салынып отырған. Оның көлемі аурудың жағдайына байланысты анықталып отырған. Ману заңдарында гигиена саласының көптеген сұрақтары ашылып отырған. Атап айтқанда, климаттың денсаулыққа әсері, тұрғын үйдегі тазалық, гимнастика, ерте тұру, киім тазалығы, шаш-тырнақ тазалығы, тағам гигиенасы, ауыз қуысының гигиенасы. Тоя тамақтану кінәланып, етті пайдалануға шектеу қойылып, сапалы және қажетті әдіспен дайындалған өсімдік тағамдарын, сүтті және балды пайдалануға кеңес берілген. Ыдыстың тазалығына да көңіл бөлінген. Денеге күтім жасау ережелері қарастырылған. Осының бәрі бай адамдарға ғана қатысты болған.
Махенджо - Дарода жүргізілген қазба жұмыстары кезінде, б.э.д. III-IV ғасырдың басына тиесілі, диаметрі екі метрге дейін баратын, қола канализация құбырлары, сарайлардың ішіндегі хауыздар табылған.
Б.э.д. VI ғасырдың екінші жартысында құрылған ауруханаға, сол сияқты айлақтар мен үлкен жолдардағы ауруханаларға сипаттама берілген.
Үндістандағы дін түрі де- алдымен брахманизм, одан соң оны алмастырған буддизм - медицинаға зор таңба салған.
Медицинада қалыптасқан ұғым бойынша, денсаулық- ағзаның үш бастамасы, ауа, сілекей және өттің қалыпты қауышуының нәтижесі. Ол үшеуі табиғат апаттарымен немесе табиғаттың негізгі элементтерімен тығыз байланысты.
Ежелгі Үндістандағы адам денесінің құрылымы туралы ілімдер, ежелгі дүниедегі ең толық ілім болған. Мәйітті ашу көзделмеген. Зерттелетін мәйіт былжырату үшін ағын суда 7 тәулік бойына ұсталынған. Осыдан кейін суда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz