ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Менеджмент және Жалпы кәсіби пәндер П(Ц)К

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

пән: Туристік қызметті ұйымдастыру

ТАҚЫРЫБЫ: ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Орындады:
3 курс студенті
Топ Тур-31қаз
Жумадил А.

Тексерген ғылыми жетекші:
Арнайы пәндер мұғалімі
Алимбекова М.М.
Бағасы_________________

Қолы_________________

Қарағанды - 2016ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Туризм ұғымы, мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Діни туризмнің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Қазақстан Республикасындағы діни туризмнің зерттеу маңызы ... ... ... ... .12
2.2Діни туризмнің даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН МӘСЕЛЕЛРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.1 Діни туризмді дамыту болжамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына салмақ салмай экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптеген бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады.
Казіргі таңда мінәжат етуді дамыту құралы ретінде діни туризмге көп көңіл бөлінуде. Діни туризм мақсаты туристердің діндермен танысуына, олардың сол дінге байланысты салт-дәстүрлеріне қатысуға, діндарлармен шерулерде шеруде, музейлерді аралауға жәнесан алуан мәдени-тарихи ескерткіштерін көріп өзін өзге діннің тұтастай бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл туризм түрі ғылыми туризмнің діни бағытымен өте тығыз байланысты. Ғалымдар діни сенімдері ерекше мемлекеттерді зерттеп, ежелгі діндердің қолжазбаларын, мәдени және архитекторлық формаларын зерттейді. Діни туризмнің міндеті халықаралық байланыстың кеңейту, ұлттык мәдениеттің даму және басқа да халықтардың мәдениетімен таныстыру болып табылады.
Діни туризм әлемдегі және Қазақстандағы туристік қызметтің қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып табылады. Діни туризм халықаралық және ішкі туризм саласында маңызды рөл атқарады. Халықаралық достықтың нығаюына өз септігін тигізуде. Қазіргі уақытта адамдар көптеген діни нысандарды мінәжат етіп,құрбандықтарын шалып,әртүрлі рәсімдерге қатысып,құлшылық жасап,өз дініне деген сенімділіктерін арттыруда. Ол діни нысандардың барлығы әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқандықтан,оларға мінәжат ету мақсатында барып,екінші бір елдің экономикасына өз үлестерін қосуда. Діни құндылық-мәдени мұра.
Заманауи жетістіктердің арқасында діни нысандарды аралау,көру қазіргі таңда еш қиындық туғызбауда. Адамдардың өз дініне қарай қасиетті орындарға бару мүмкіншілігі артты. Діни нысандарға сапар жасауға діни актілер,жыл сайынғы белгілі бір уақытта болатын қажылық,фестиваль,мейрамдар мен жаңа діни обьектілердің ашылуы себеп болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - діни туризмнің маңыздылығын айқындап көрсету.Еліміздегі діни орындарға туристердің көптеп келуіне ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеттеріне діни туризм арқылы елдегі діни орталықтар,ескерткіштер мен әулие орындарды шет елден келген туристерге таныстыру,туристер санын арттыру.
Курстық жұмыстың объектісі ретінде Қазақстан Республикасының діни орындары алынды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың мәні, оның мақсаты мен міндеттері айтылған.
Бірінші бөлімде, жалпы туризм саласынысының пайда болу тарихы,қалыптасуы,бөлімдері мен түрлері туралы жазылған. Соның ішінде діни туризмне ерекше көңіл бөлінген.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы діни туризмнің даму деңгейі,қалыптасуы қарастырылған. Әлем діндерінің даму тарихы, тарихи- мәдени ескерткішьері көрсетілген.
Үшінші бөлімде Діни туризмнің зерттеу маңызы мен оның әрі қарай даму бағыттарын шешу жолдары.

1 ТУРИЗМ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Туризм ұғымы, мәні және түрлері

Туризм (франц. tourіsme, tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.
Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 миллион бірлік құрайды.
Туристерді жағымды пікір ғана емес, керемет табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.
Дүниежүзілік туризм ұйымының белгілеуі бойынша әдетте әлдекім 88.5км (55 ағылшын милі) қашықтыққа барып, кем дегенде 24 сағат аялдаса онда ол турист есептеледі. Туризмнің экономикалық маңызы зор болғанымен, қаражаты жеткілікті турист экономикалық мүддені көздемейді.
Түрі жағынан әр түрлі белгілеріне қарай жіктелген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) өз жоспары бойынша (әуесқойлық) болып бөлінеді. Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын турлар - ұйымдастырылған туризм деп аталады[1].
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір отбасының өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи бағытта болуы мүмкін.
Жылжымалық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдік-сауықтыру туризмі және спорттық туризмнің кейбір түрлері жатады.
Туризм негізінен үлкен екі түрге бөлінеді:
* ішкі (ұлттық) туризм,
* халықаралық (шетелдік) туризм
Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Мұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризм ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін белсенді туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шынында да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.
Туризм өзінің әркелкілігіне байланысты мынадай топтардан тұрады:
oo Экологиялық туризм: "экологиялық туризм" ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың ашық ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек[2].
oo Ойын-сауық туризмі-көңіл көтеру,серігу мақсатында ұйымдастырылатын туризм түрі.
oo Спорт туризмі- бұл туризмнің ішіндегі ең үлкен саласы болып табылады. Спорттың әлемде небір түрлері бар. Олардың дамуы, орналасқан аймақтары ғаламның әр-шетінде болғандықтан оған бару, өзіңізді сол қызығушылығыңызды оятқан белгілі спорт түрімен айналысу қазіргі таңда дәстүрге айналып бара жатыр. Жыл сайынғы әр-түрлі спорт түрлерінен өтетін халықаралық ойындар, олимпиадалар, жарыстар әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер жинайды.
oo Емдік-сауықтыру туризмі эко-туризм нысаны ретінде, Санаторлық-курорттық емдеудің бір түрі болып табылады. Бұл медициналық негізінде туристі толық қанағаттандыру, технологияның жетілдірілген компоненттерін пайдалана отырып, түрлі демалыс, демалыс және емдеу қажеттіліктері арқылы табиғи кешендерде емдік сауықтыру жасау . Бальнеотерапия, саз-балшықпен, дәрілік шөптермен, массаж түрлері арқылы адам ағзасына пайдалы емдік шаралары жүргізіледі. Тағы бір ерекшелігі қарт жастағы адамдар, созылмалы ауруы бар адамдар ,үшін курорттар таптырмас туризм түрі болып табылады.
oo Іскерлік туризмі- (business travel) сауда келісімі мен жиналысы мезгілдерінде жасалатын туризм шаралары. Қазіргі сәтте ең дамыған туризм саласы болып табылады. Бұл саяхат, жұмыс мақсатымен іс сапарға бару. Бұндай сапармен ғылыми конгресске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарда бас қосуларға, жәрмеңкелер, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады.
oo Діни туризм-діни нысандарға бару(қажылық, фестивальдар, жаңа нысындар ашылуы, тәуеп ету), өз дініне деген сенімділігін арттыру, басқа діндерді сыйлау, өз қызығушылықтарын білдіру мақсатында жасалынған туризм түрі.
oo Мәдени туризм- туристке мәдени мұралар мен тарихи орындар туралы мол білім беретін туризм саласы. Ол тарихи шындықтарды соған қызығатын адамзат баласына таптіштеп түсіндіріп, сол арқылы мәдени мұраларды қорғау мен тарқатуға, танытуға тырысады.
oo Қонақ үй туризмі- бір жақтың шақыруымен және оның жатын орын, басқа да қажеттіліктерді әзірлеуімен қалыптасатын туризм.
oo Демалыс туризмі- Т. В. Николаенконың пікірі бойынша, демалыс (рекреация) - бұл адамның күшін қалпына келтіру процесіне бағытталған, бірақ ол адамның тұрғылықты мекен - жайымен қатар одан тыс жерлерде де өткізілуі мүмкін. Демалушы демалу үшін өз аймағынан, өз мемлекет шекарасынан басқа рекреациялық зоналарға шығуы міндетті емес. Ол сонымен қатар өз саяжайында, бағында, бассейнында тыныға алады[3].

1.2 Діни туризмнің даму тарихы

Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымдық болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық - елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм,ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Туристік ағымдарға елеулі әсерін діни мотивациямен сапарға барушылар тигізеді. Діни туризмнің тарихының тамырлары бірнеше ғасырларға кетеді. Ежелгі римдіктер мен гректер храмдарға жиі барып тұрды. Орта ғасыр дәуірінде құдайға табыну жалпылама сипаттама алады. ХІХ ғасырда қасиетті жерлерге саяхат ұйымдасқан түрге көшеді. Қазіргі шақта жыл сайын 200 млн-нан астам адам қасиетті жерлерге барып құдайға құлшылық жасап қайтады, оның ішінде 150 миллион - христиандар, 20-30 миллион - үнділер, 40 миллион - мұсылмандар, буддистер[4].Туристік ағымдардың қалыптасуына діни мотивациясы әсер етеді. Діни туризмнің тарихы Антикалық замаңға жатады. Ежелгі гректер мен римдіктер шіркеулерге барған еді.
15-16 ғасырларда. қажылық қозғалыс күшееді. 19 ғазырда қажылық ұйымдастыру түріне айналады.
Діни туризм негізінен - үлкен екі топқа бөлінеді:
1. Зиярат ету
2. Экскурсиялық - танымдық бағытта
Зиярат ет туризмі - сенуші туристердің қасиетті жерлерді аралауға, оларға табынуға ұмтылуы. Зиярат етудің себептеріне келесі мысалдарды келтіруге болады:
* Физикалық және рухани жайсыздықтардан аластану;
* Туған - туыстары үшін жалыну;
* Болашаққа сәтті болу;
* Құдайдың алдында парызды орындау;
* Күнәларынан арылу;
* Оған берілген бар жақсылық үшін ризашылығын білдіру;
* Діни сенімділігіне адалдығын білдіру;
* Дінге өзгелерді тарту мақсатымен;
* Өмірдің мәнін түсіну мақсатымен;
Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажетгіліктерін канағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек.
Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бap.
Діни туризмнін формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары.
Діни туризмде белгілі бір алыстау қалаға немесе әлдебір киелі жерге ниет етіп бару, мәдени-көпшілік іс-шараларға катысу, сондай-ақ мұражайларға, көрмелерге барудың өзі әдеттегі ортаның шегінен шығу болып есептеледі.
Сонымен біз турист деп діни мақсаттарда саяхаттайтын, әдеттегі ортасының шегінен бір жылдан аспайтын мерзімге қасиетті жерлерге және діни орталықтарға баратын адамды айтамыз.
Біздің зерттеуіміздегі діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу кұралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады[5].
Орналасу секторы. Бұл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың жәнс тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.
Тамақтану секторы мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кэсіпорындары т.б.
Көлік секторы көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.
Діни нысандар секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:
Діни ғимараттар - монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;
Табиғи нысандар - қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;
Кішігірім діни нысандар - жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т.б.
Қасиетгі орындар деп - белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру) аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі қасиетті орын түсінігіне қарағанда кен таралған.
Мінәжат етуге немесе саяхаттық сапарға аттанатын туристер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге
1) авиация
2) темір жол
3) автомобиль (автобустық)
4) су (өзендік, теңіздік) көліктері
5) оның басқа да түрлері.
Діни турізмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген нысандарға (қасиетті таудың шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.
Бағыттар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.
Жыл бойы - жыл барысында белгілі бір діни мінәжат жасау нысанына баратын көпгтеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару
Мезгілдік - табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару[6].
Бір реттік (жағдайлық) - белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиеті ұлықтау күнін тойлаута арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының гибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлау.
Трассалардың кұрылуы бойыншаа бағыттар шеңберлік, түзулік, радиалды, аралас түрлері бар.
Шеңберлі бағыт - бағытын бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Мысалы, туристердін Ченнай (Үндістан) қаласына келіп. мемлекеттің онтүстітіндегі - Канчипурам, Чидамбарам, Танджавур, Мадурай. Рамеш-варам, Махабалипурам шіркеулік қалаларын саяхаттап, Ченнай қаласына қайта келулері.
Түзулік бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Айталық Мәскеулік православ мінәжат етушілері украиндық Терно-поль қаласына келіп, Почаевадакы Лаврды көріп. Киевке қарай кетті, соңынан үйлеріне оралған.
Радиалдық бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жол сәйкес келеді, алайда туристер мұндаа басқа да пунктерге ауысып, соңынан бастапқы пунктіге оралады. Мысалы, мінәжат етушілер мен саяхатшылар Мәскеуге келіп, ондағы қалаларға, қала маңына (Сергиев лаврының үштігіне, Саввин-Сторожев. Жаңа Иерусалим шіркеулеріне) бір күндік сапар жасап, кешқұрым қону үшін Мәскеуге қайта оралады.
Аралас бағыт - шеңберлі, түзулік және радиалдық бағыттардың элементтерін құрайтын бірнеше бағыттарға бару жолы.
Бұл жағдайда турагенттіктің қызметкерлері өздерінде бар ақпараттардың негізінде оған шешім қабылдауға көмек көрсететін және кеңес беретін сарапшылар солып табылады. Бұл діни сапарларға бағыт алған саяхатшы-туристер үшін маңызды. Мінәжат етуге баратындар әдетте өздері барғысы келетін қасиетті жерлер, діни мерекелердің, фестивальдердің өтілетін мерзімдері туралы мағлұматтарды біледі[7].
Діни туризмде жарнамалау тұжырымдамасы өте маңызды. Діни орталықтар мен қасиетті орындарға бару адамдардың оның ішінде мінәжат етуге барушылардың терең сезімдері мен қалауларына байланысты. Сондықтан діни тақырыпағы турларды жарнамалауда әдет стандарттары маңызды. Ақпарат сенушілердің сезімдеріне қаяу түсірмей барынша қысқа да нұсқа түрде берілуі керек. Әр түрлі конфессияларға қатысы бар адамдарды (мінәжат етушілерді) бірнеше мемлекеттерге мінәжат ету сапарларына және қасиетті орындарға жібере алатын туроператорлар да бар.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы діни туризмнің зерттеу маңызы

Қазақстандағы діни туризмнің дамуы. Адам өркениетінің даму тарихы бізге мәдени ескерткіштер, әдет-ғұрыптар, діндер, ғылыми жетістіктер ретінде өз қызметін бірнеше куәліктерін көптеген санын қалдырады. Сондай-ақ бұрынғы өркениет пен мәдениеттің әртүрлі қалдықтары олардың қызметі, көшіп-қону жолдары, қоршаған әлемді тану тәсілдері, сонумен бірге өткен өмірдегі табиғи ресурстар жиынтығының бірі ретінде көрініс табады.
Қазақстан аумағында мінәжат ету бағыттарына қосуға болатын туризмнің бірнеше тарихи-архитектуралық және табиғи нысандары бар. Әсіресе олар Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі жол бойында орналасқан.
Ұлы Жібек жолы бұл ежелгі және ортағасырлардағы кезеңде сауда байланыстары мен Шығыс пен Батыстың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін қызмет еткен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қиып өткен керуен жолдарының жүйесі. Жібек жолының ең ұзақ бөлігінің бірі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өткен. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. Ортасында 751 ж. Тараз қаласының маңындағы әскербасы Зияд Ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасындағы бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай үлес қосқан. Қытай әскері күйрей жеңіліп,Жетісумен Шығыс Түркістан азат етіледі. Осы жеңіс Ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастауы еді.Исламды мемелекеттік дін деп Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ханның ұлы Боғра-хан Харұн қабылдайды.Оңтүстіктен бастау алған дін ендігі кезекте Ислам дініне деген құрметтері негізінде қазіргі сәттегі мәдени-тарихи ескерткіштерінің салынуына негіз болған.
Қазақстандағы діни туризм нысандарының арасында Түркістан ерекше орын алады. Түркістан - түркі халықтарының тарихи, рухани тағдырында ерекше орыны бар көне қала. Түркістан десе санасы селт етпейтін, өзінің осы бір сиқырлы атаумен әлдебір байланысы барлығын сезбейтін түркі баласы жоқ.
Сайрам селосы. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы көне елді мекен. Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10 км жерде Сайрам су өзнінің бойында орналасқан. Көне орта ғасыр кезенінде (IX-XI1 ғасырларда) (Сайрамның орнында ірі сауда-экономикалык және мәдени орталық болған. Сайрамның шығысынан батысына дейін қиып өтетін басты көшесі ерекше мәнге ие болып, діни ғимараттар, мазарлар және мешіттер салынды. Мазарлар ХІ-ХІІ ғ.ғ. өмір сүрген әуиелердің бейіттерінін үстіне салынды. Әулие Ахмет Яссауидің ата-аналарының бейіттерінің үстіне салынған Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенелері ерекше қасиетті саналады. Ахмет Яссауидің атасы, Ибрагим атаның әкесі Махмұт атаның кесенесінде сақталған. Ахмет Яссауидің алғашқы ұстазы Ақ Атаның кесенесі, Орта Азияда исламның басты таратушысының бірі болған тарихи тұлға, шейх Мир Али баптың кесенесі, Онтүстік Қазақстан аумағына мұсылмандықты таратушылардың бірі болған, шахидшейх Әбдел-Азиз баптың кесенелері тамаша саналған[8].
ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ежелгі Отырар қалдықтарынан кашык емес жерде Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғам елді мекеніне таяу жерде орналасқан. Арыстанбаб мазарынын үстінен салынған. Кесене казіргі келбетіне 1910 жылы көшеді. Салыным жоспарына сәйкес, екі бөліктен: солтүстігінде - кесене, онтүстігінде - мешіт. Мешіт кең дұға оқу залынан михрабты жәнс қосалқы бөлмелері бар. Негізгі өлшемдері 35x12, биіктігі 12 м. күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.

Кесте 1. Шымкент каласынан 15 км жердегі Сайрам кентінің көзге көрінетін жерлері
Бейіт атауы
Кесене атауы
Қырықшылтан бабаның бейіті
Ибрагим ата кесенесі
Махмұдхан атаның мешіті
Балағардан ата кесенесі
Шайх Фариб шахтың (кіші) бейіті
Шакаландар бабаның кесенесі
Гүзәл ата мешіті
Бибітиес ана кесенесі,
Оката баба мешіті
Мірәлі баба кесенесі
Насредин Барок бейіті
Хожан Салих кесенес
Шайх Исхак Уәлидің (кіші) бейіті.
Мариям ана кесенесі
Абдурахмон уәлидін (кіші) бей
Созық ата кесенесі
Ескерту: құрастырған автор

Қазақстандағы басты мәдени - тарихи кесенелер мен діни орындар келесідей:
* Хобда ауданының Абат-Байтақ Кесенесі ХІХ ғ. Талдысай аулынан оңтүстікке қарай 12-шақырым жерде құрамына XVII-XIX ғасырдың Абат-байтақ кесенесі 200-ден астам құлпытастар кіретін Абат-Байтақ зираты орналасқан.Абат-Байтақ кесенесін зерттеу 1979 жылы жүргізілді. 1983 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылғы өлшем бойынша көлемі 9,66х12,43 м. Кесене биіктігі 11,65м. Құрылыс фундаментсіз салынған қаланған кірпіш астында тас төселген. Кесене қабырғалары күйдірілген және шикі кірпіштермен байланып қаланған. Олар зиратхана мен оңтүстік қабырғаларынан көрініс табады. Терезе алдарындағы қабырғаларымен зиратхананың дөңгелек қабырғалары 2,2м. Күйген және шикі кірпіштердің көлемі бірдей-24х24х5 см. Бұл нысан да жөндетіп пайдаланылуға берілді.
* Айша - Бибі кесенесі өзінің аңызға толы рухани құндылығымен сәулет өнеріндегі ғажайып әлемде теңдесі жоқ ескерткіш болып табылады. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалыныңқайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді.
* Діни ғимарат Домбаул. Жезказғаннан солтүстікке 50 км жерде Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан..
* Қорқыт ата архитектуралық кешені ойшыл, философ, қазақтың шекті аспаптар өнерінің негізін қалаушыларға арналып қойылған.
* Арыстанбаб кесенесі XV ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды.Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды.Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Осы екі нысан біріктіріліп қосылып салынды.
* Жамбыл облысы Талас ауданы Сейілбек ауылында орын тепкен мешіт, Қазақстандағы бірден-бір өзгеше сәулет ескерткіші Қара Қожа мешіті XX ғасырға жатады. Алғашқы рет ескерткішті 1945 жылы Г.И.Пацевичтің басшылығымен ЭРУДА зерттеген. Кейіннен 1949 жылы Л.М.Ремпел бастаған Жамбыл облыстық музей экспедициясы зерттеді.
Бұл мешіт 27х13х5см, 25х14х6см, 26х12х6см, 25х25х4см, көлемді сазды лайдан күйдіріп құйылған қызыл кірпіштен тұрғызылған. Көп күмбезді квадратты жоспардағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу, маңызын, мәнін анықтау, қызметтерін анықтау
Діни туризмнің даму тарихы
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары
Пәндер