Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИ, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Экономика пәндерінің арнайы комиссиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Туризм экономикасы
Тақырыбы: Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Тексерген:
Экономика пәнінің оқытушысы
Несіпбаев Р.Е.
Орындаған:
Тур-31қ тобының студенті
Базарбаев А.Н
Қарағанды 2017 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ФРАНШИЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Франшиза түсінігі, мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Франшизаның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Франшизаның экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 ФРАНШИЗАНЫҢ ТУРИЗМДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Туризмдегі франшизаның экономикалық даму үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . .19
2.2 Франшизаның туризмдегі дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...22
2.3 Франчайзингтік қатынастарды дамытудың экономикалық тетіктерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Туризм экономиканың бір саласы болып қаралады, кіріс пен пайда әкелетін және басқа да аралас салаларға дамуына ықпал етеді. Бұнымен қоса нарыққа өту барысында іссапарлардың кеңеюін болжап, шетел инвесторлары мен бизнесмендерге шекараның ашылуы, мемлекетаралық байланыстың жетілуі осының барлығы туризмнің активтілігінің ұлғаюына әкеледі.
Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі заманғы кезеңі стратегиялық тұрақты инновациялық дамуға көшумен, елдің жаһандық кеңістікте жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған экономика мен қоғамдағы терең құрылымдық және институционалдық қайта құрулармен сипатталады. Дәл, сондықтан нарықтық ортаның жоғары өрлеген кезіндегі экономикалық үдерістердің жаһандану жағдайында қызметтің табысты нысандарын таңдау және отандық кәсіпорындарды дамыту ерекше өзекті болмақ. Республикадағы бизнесті дамытудың болашағы бар нысандарының бірі франчайзинг болып табылады. Ол тәуекелдің төменгі деңгейімен сипатталады, тұрақты табыс алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ шағын және ірі бизнестің артықшылықтарын біріктіруге мүмкіндік береді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына кіру жолындағы негізгі бағыт ретінде қазақстандық шағын және орта бизнесті дамытуды белгіледі. Шағын және орта бизнесті дамыту -
ХХІ ғасырда Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы [1].
Соңғы жылдары Қазақстанда франчайзингке ерекше қызығушылық
байқалып отыр, бұл экономика үшін жаңа және қызық айтылатын түсінікпен ғана емес, сонымен бірге бастысы - оны дамытудың арқасында дамыған капиталистік елдердің экономикасында қол жеткізілген таң қаларлық нәтижелермен де түсіндіріледі. Дүниежүзінде жалпы ұлттық өнімнің 13% жуық мөлшерін франчайзинг береді, алғашқы 10 жылдағы инвестициялардың орташа тиімділігі 60% астам мөлшерді құрайды. Нақ осы ерекшеліктермен Еуропа мен Америкада, сонымен бірге Азияда франчайзингтің кеңінен таралуын түсіндірген жөн. Франчайзингтің түрлі жүйелерін McDonald's. Baskin-Robbins, Burger King, DOMINO'S PIZZA, GrillMaster, Papa John's, KFC & Hardee's, Pizza Hut, PrimeStar, Southern Fried Chicken (SFC), Subway, Texas Chicken, Wendy's, FINNFLARE, M
EXX, ZARACITY және басқалар секілді жетекші фирмалар мен трансұлттық компаниялар табысты қолдануда.
Франчайзингтік қызметтің табысты болуының дәлелі бизнестің осы бір форматын жаһандық әрі ұлттық нарықтарда пайдаланатын кәсіпорындар санының көп болуы. Оның тартымдылығы франчайзингтік қатынастардың қатысушылары үшін даулауға келмейтін артықшылықтарының болуында.
Көптеген кәсіпорындар үшін франчайзинг кәсіпкерлік табысқа жетудің символына айналған.
Республикада қызметтер мен тауарларды өндіру саласында франчайзингтің қағидаларын пайдаланатын кәсіпорындар болса да (Red
Dragon, KURALAI, !ARUai, Biba, Mimioriki, SALTA, Zibroo және т.б.)
франчайзингтік қатынастардың әлемдік тәжірибесі Қазақстан тәжірибесінде әлі жеткілікті іске асырылмай отыр. Франчайзингтің даму қажеттілігін республиканың инновациялық даму қарқынымен, ғылыми-техникалық жетістікпен және шаруашылық етуші субъектілердің мүмкіндіктерімен байланысын қамтамасыз ету мақсатын көздейтін франчайзингтік қатынастардың дамуы бойынша зерттеулер Қазақстанда әзірге жүргізілмейді.
Шағын және орта бизнестің қызметін франчайзинг негізінде дамыту мен кеңейту жөніндегі міндеттерді шешу іс жүзіндегі шетелдік тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, сонымен бірге бұл жерде отандық жағдайларда қолдануға болатын теориялық білім мен терең ғылыми зерттеулерде маңызды рөл атқаруы тиіс.
Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерліктің, ең алдымен шағын және орта бизнестің дамуы жоғары коммерциялық тәуекелдермен қиындап отыр. Қазіргі заманғы бизнес-жобаларды іске асыру кәсіпкерден басқару, маркетинг, жарнама саласында ауқымды білімінің болуын және нарықтың ерекшеліктерін ескере білуді қажет етеді. Әрбір нақты жағдайда кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімді схемасы мен әдістерін жасау үшін көп уақыт пен материалдық шығын керек.
Франшиза негізінде жолға қойылған және өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнесті пайдалану кәсіпкерлік тәуекелді біршама төмендетеді. Дамып келе жатқан нарықтарда франчайзинг кәсіпкерлерді табысты бизнес жүргізу үшін қажетті іс жүзіндегі стандарттарға үйретудің ең жылдам әдістерінің бірі болып табылады. Осылайша, франчайзингті дамыту шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың барынша тиімді нысандарының, аса маңызды мемлекеттік міндеттің мүмкін болатын шешімдерінің бірі болуы ықтимал. Алайда, қызметтің осындай түрінің әдістемелік негіздері мен тұжырымдамалық тәсілдерінің болмауы отандық тәжірибеде франчайзингтің даму мүмкіндіктерін шектейді және кәсіпкерлік қызметтің осы бір моделін ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты бизнестің франчайзингтік моделін Қазақстан жағдайында қолдану бойынша теориялық ережелер, әдістемелік тәсілдер мен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу, франчайзингтік бизнестің қазіргі бар моделдерін отандық нарық жағдайына бейімдеу қажет.
Франчайзингтің дамуының экономикалық аспектілерінен басқа оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы бар екенін атап өткен жөн, себебі кәсіпкерліктің осы бір моделінің тиімді және тұрақты дамуы үшін тиісті құқықтық өріс болуы тиіс. Бүгінгі күні франчайзингтегі ойын ережелерін жете әзірлеу, нақты заңнамалық және терминологиялық базаның болмауы отандық франчайзерлердің жоғары бәсекелестік нарыққа шығуын қиындатып отыр.
Қазіргі туризм -- бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту -- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Курстық жұмыстың мақсаты - туризм саласындағы франчайзинг пен франшизаның атқаратын рөлін анықтау, сонымен қатар экономика саласына пайдасын және кедергілерін анықтау болып саналады.
Курстық жұмыстың міндеттері келесілер болып табылады:
Франчайзинг пен франшизаның маңыздылығын ашу;
Туризмдегі франшизаның рөлін анықтау;
Франчайзинг пен франшизаның пайда болу тарихын меңгеру;
Экономика саласындағы франшизаның рөлін анықтау;
Қазақстан Республикасында франчайзингтің дамуының үрдістері
мен ерекшеліктерін анықтау және осы қатынастардың дамуын тежейтін
факторларды белгілеу;
Қазақстан Республикасында франчайзингтің қызмет етуінің
салалық ерекшеліктерін айқындау;
Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қызметті реттеудің
құқықтық аспектілері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Туризмдегі франшизаның атқаратын қызметін айқындау болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, міндеті анықталды.
Бірінші бөлімде, франшизаның түсінігі және мәні, оның пайда болу тарихы, экономикадағы франчайзинг пен франшизаның алшатын рөлі айқындалды.
Екінші бөлімде, франшизаның туризм саласындағы атқаратын рөлі, оның экономика саласында талдау және даму үрдісін бағыттау.
1 ФРАНШИЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
7.1 Франшиза түсінігі, мәні және түрлері
Туристік ағымдарды болжаумен қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері туралы айту қажет, туризмнің жалпы жұмыспен қамтылу мен белгілі бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индустриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар әсерін көрсетеміз.
Франшиза (фр. franchise - артықшылық, жеңілдік) -- сақтандыру шартының сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалдарды төлеуден босатуды көздейтін талабы.
Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse -- лицензия, айрықша құқықтық); франшиза (фр. franchise -- жеңілдік) - коммерциялық концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, бір тарап (франча́йзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу әдісін пайдалануға береді. Бұл лицензиялаудың дамыған түрі, онда бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) өз атынан тауарлық белгілер жәненемесе франчайзердің брендін пайдалана отырып ақылы әрекет етуге құқық береді.
Жалпы мағынасында франчайзинг -- тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін). Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді. Тауар немесе бренд белгісін пайдалану шарттары жеке тармақпен шартталану мүмкін. Бұл талаптар өте қарапайым (мысалы, франчайзи брендті нақты сала бойынша пайдалануға құқығы бар), сондай-ақ қатал (франчайзи дүкендегі жабдықтарды, мысалы сөрелердің көлемі мен түсі, қызметкерлердің киімдері франчайзердің нақты талаптарына сәйкес пайдалануға міндеттеледі) болуы мүмкін [2].
Филип Котлер франчайзингтің мынадай белгілерін көрсетті:
:: франчайзер өзінің тауар таңбасын пайдалану үшін бөлінген сома алады;
:: франчайзи жүйесінің бөлігі болу үшін бастапқы жарна төлейді;
:: франчайзер франчайзиге бизнестің жүргізу жүйесін ұсынады;
Франшиза - кәсіпкерлік қызметінің танымал түрлерінің бірі, коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындардың табысты модельдерін жүйелік қайталау түрі.
Әртүрліліктегі бірегейлік - франчайзингті дәл осылай сипаттауға болады. Әр түрлі континенттер мен құрлықтардағы бір сауда белгісі, тауар немесе қызмет түрі.
Әлем негізгі құралы франчайзингтің мегабрендтері болып табылатын жаһандандыруға жылжып барады. Франчайзинг, франшиза - болашақтың бизнесі. Сарапшылар болжамы бойынша 21 ғасырда әлем бизнесінің 50% франчайзинг жүйесімен жұмыс істейтін болса, екінші жартысы оның жеткізушісі болады. Қазірдің өзінде елдегі франчайзинг күйі осы елдегі экономиканың даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан да көптеген елдер франчайзингті дамытуға осы қарым-қатынастарды реттейтін арнайы заңдар қабылдау арқылы көп көңіл бөледі, дамыту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асырады, нарық қатысушыларына арнайы жеңілдіктер ұсынады.
Франчайзинг адал кәсіпкерлікті дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың, әлеуметтік мәселелерді шешудің, бизнестің айқындылыған жоғарылатып, салық салынатын негізді ұлғайтудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан да франчайзингті компанияны дамытудың мінсіз түрі ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес деңгейлерде дәріптеу әр түрлі бастамаларда орын алады.
Отандық нарықта шетелдік компаниялардың франчайзинг жұйесі арқылы қатысу үлесі өсу үстінде, франчайзинтік компаниялар ұсынатын тауарлар мен қызмет түрлері көбеюде: дәмханалар, химиялық тазалау орталықтары, шаштараздар, қонақ үйлері, оқу орталықтары және т.б. Франчайзинг термині әлдеқашан шетелдік абстрактілі терминнен күнделікті нақтылыққа айналды. Қазақстанда франчайзинг туралы заң 2002 жылдың 24 маусымында қабылданған. Ол - Қазақстан Республикасының франчайзингке айтарлықтай дұрыс анықтама (кешенді кәсіпкерлік лицензиясы) берілген Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заң.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи - мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі - тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет [3].
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
2. Франчайзер - негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын франчайзиға береді.
3. Франчайзер - көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.
Маркетингтік көмектің мәні - бұл франчайзи тарапынан франчайзердің жақсы танылған және айтарлықтай кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әр түрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін).
1.2 Франшизаның пайда болу тарихы
Зингер тігін машиналарының сату және қызмет көрсету жүйесі қазіргі заманғы франчайзинг жүйесінің прототипі болып саналады. Әлемге әйгілі "Singer Sewing machine company" компаниясының негізін қалаушысы Исаак Зингер қазіргі заманғы франчайзингтің негізін салушысы болды. 1851 жылдан бастап Зингер фирмасы франшиза тапсыру үшін жазбаша шарт түрінде дистрибьюторлармен бітім жасауды бастады. Шартта Америка Құрама Штаттарының белгілі бір аумақтарда тігін машиналарының сату және жөндеу құқығы белгіленген.
Ұйымдастыру кезінде әлемдегі ең бірінші толыққанды франчайзингтік жүйе Зингер фирмасы бәсекеге ең қабілетті бағалар қолдайтын тігін машиналарының жаппай өндірісін қамтамасыз етті. Дегенмен бұл ретке келтірілген қызмет бүкіл АҚШ аумағында қызмет көрсету және машиналар жөндеу жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндігін бере алмады. Осыған байланысты франчайзингтік жүйесі құрылған. Оның ішінде қаржы-тәуелсіз фирмаларға ұсынылатын айрықша құқықтар белгілі аумақта тігін машиналарын сатуға және қызмет көрсетуге мүмкіндік берілген.
Өз мәні бойынша алғашқы франшиза қолданыстағы дистрибьюторлік келісімдерге қосымша дилерлер (франчайзи) машиналарға қызмет көрсетуге міндетті болды.
1920 жылдан бастап АҚШ-та стандартты тауарлық франчайзинг дами бастады. Франчайзинг қағидаты бойынша ірі көтерме сауда жеткізушілер бөлшек сауда дүкендер иелерімен өздерінің қарым-қатынастарын дамыта бастады. Көтерме сатушы (франчайзер) кіші бөлшек сауда ұйымдарына көптеген қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік берген, сонымен қатар сауда-саттық фирмалардың маркасын пайдалануға және бұл ретте өз тәуелсіздігін сақтауға ырзалығын білдірген [4].
1930 жылы орын алған АҚШ экономикасындағы дағдарыстан кейін мұнай өндіретін компаниялар франчайзингті меңгере бастады. Осылай тәуелсіз франчайзиге тиесілі алғашқы бензин колонкалар желісі пайда болды. Әдеттегідей, май құю станциялары ұсақ жергілікті кәсіпкерлерге жалға берілді.
Классикалық тауарлық франчайзинг тек 1950-інші жылдары түрін өзгерте бастады. 1945 жылы Рэй Крок, болашақ Мак Дональдс компаниясының негізін қалаушысы, АҚШ батысында San Bernardino атты облысында орналасқан бір шағын мейрамхананың танымал болуының себептеріне қызығушылық танытты. Нәтижесінде ол табысты мейрамхананың иелеріне жолығып, көп ұзамай ұқсас мейрамханаларды сатып алу немесе сату құқығына лицензия алды. 1955 жылы Рэй Крок Мак Дональдс Систем Инк компанияның негізін салды. Ол франчайзингтің қазіргі түріндегі бизнес форматының (Business Format Franchisings) негізін салушы болып табылады, яғни франчайзиге франшизамен бірге тұтас бизнес жүргізу жүйесі беріледі.
Қазақстандық франчайзинг "Coca-Cola" зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды.
Сол жылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші 5-жұлдызды "Рахат Палас" қонақ үй пайда болды. Кейіннен бұл қонақ үй "Hayatt Regency" халықаралық франчайзингтік қонақ үйлер желісінің бөлігіне айналды. 90-ыншы жылдардың ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сәнді киімдерінің дүкендері және бутиктері елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. Мысалы, Қазақстандағы 90-ыншы жылдардың екінші жартысындағы "Adidas" фирмалық дүкеннің пайда болуын атап өтуге болады.
ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдардың соңында "Сеймар" компаниясы өз өнімін сату схемасында франчайзинг элементтерін қолданғанын көруге болады. Компанияның дүңгіршектері және автодүкендері сауда нүктелерін безендірілуі бірыңғай фирмалык дизайн ретінде жасылынған. Сондай-ақ, компанияның логотипі және сауда белгісі міндетті түрде тұрды. Cауда нүктелерін жалға алушылардың бірі тәуелсіз кәсіпкерлер (дилерлер), сондай-ақ франчайзи компанияның өкілдері болды.
1999 жылдың желтоқсан айында "Анкара" қонақүйі өз жұмысын бастады, қазіргі кезде белгілі InterContinental қонақ үй желісінің франчайзилердің бірі болып табылады.
1999 жылы Алматыда лицензия бойынша Баскин Роббинс халықаралық балмұздақ желісінің бірінші нүктесі ашылды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылы № 330 "кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)" Заңы пайда болды.
2007 жылы Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице президенті Кисиков Бекнұрдың авторлығымен шыққан Қазақстандық франчайзинг туралы бірінші басылым пайда болды.
2013 жылғы Ұлттық "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры қазақстандық франчайзинг үшін арнайы көрме және конференция ұйымдастыруды бастады. Франчайзинг дамыту институттары
Қазақстандағы франчайзингтің дамуына бірнеше мамандандырылған және мамандандырылмаған институттар ықпал етті:
:: Ұлттық Зияткерлік Меншік Институты (Казапатент). Тауар белгілерінің айналым секторын реттеу және франчайзингтік келісім шарттарды тіркеу оның негізгі миссиясы болып табылады. :: Еуразиялық Франчайзинг Қауымдастығы (EAFRAN). Агенттіктің негізгі миссиясы - кәсіпкерлерге франчайзинг және оны лицензиялау мәселелері бойынша тегін кеңестер беру.
:: "Даму" - Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры. Қордың негізгі миссиясы - франшиза сатып алғысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру. Сондай-ақ, Қазақстандағы франчайзингке бірқатар банктер, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар жанама түрде қолдау жасайды [5].
Франчайзинг туралы заңнама Франчайзинг арнайы 2002 жылғы "Кешенді кәсіпкерлік лицензияфранчайзинг заңы" бойынша реттеледі.
Сонымен қатар, франчайзингті 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-тарауы реттейді. Тауар белгілерінің мәселелері үшін арнайы тауар таңбалары туралы заң арналған.
Негізгі проблемалар
● Франчайзингтің секторына арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы.
● Зияткерлік меншіктің жеткіліксіз қорғалуы
● Кәсіпкерлер үшін ұзақ мерзімді қарыздардың шектеулі болуы
● Отандық кәсіпкерліктің ашық (прозрачность) болмауы
● Франчайзингтың пайдалы кәсіпкерлік нысан ретінде жеткілікті ақпараттың болмауы
● 2000-2007 жылдар аралығында ақша мөлшерінің үлкен ағыны нәтижесінде жылжымайтын мүлік бағалары гиперинфляциялық түрде өсті.
Жылжымайтын мүліктің жоғары бағалары, франчайзингтік нүктені ашу үшін кедергі болды. Елімізде үлкен ақша мөлшері жиналғанмен, инвестициялау объектілері өте шектеулі. Елдегі қор нарығының дамымауы франчайзинг үшін тағы бір кедергі болып табылады. Себебі, ол ресурсты халыққа инвестиция көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Инвестициялардың негізгі бөлшегі жылжымайтын мүлікке жіберіледі де нәтижесінде бұл инфляцияның күшеюіне әкеліп соғады. Сонымен қатар кәсіпкерлік пен франчайзинг әлемдегі кең тараған инвестициялау объектілерінің бірі болып табылады. Батыс тәжірибесі көрсеткендей, кез келген адам, зейнеткерден бастап үй шаруасындағы әйелге дейін, табысты кәсіпкер болуы мүмкін.
Франчайзинг тәуекелі аз бизнес түрі болғандықтан, бизнеске жаңадан келген кәсіпкерлерге ыңғайлы болып табылады. АҚШ-тың Сауда-Өнеркәсіп Палата мәліметтеріне сәйкес соңғы 5 жыл ішінде ашылған франчайзингтік кәсіпорындардың 97% табысты жұмыс істеуде, ал франчайзингке қатысы жоқ кәсіпорындардың 62% сол кезең ішінде жабылған. Бірақ, халықтың кәсіпкерлікке төмен қатысуы, Қазақстанда кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіз болуын көрсетеді. Халық арасында кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар үлесі әлемдік статистикамен салыстырғанда өте төмен ("өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық" ресми кәсіпкерлікке жатпайды). Бұл бастауыш кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар үлесі басым болып табылады. Бірақ, соңғы кездері франчайзинг жүйесі бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан бірқатар отандық компаниялар қалыптасқан.
Әрине, Қытаймен көршілестік франчайзингтің даму тарихында үлкен рөл атқаруы мүмкін. Себебі, Қытай өндірушілерінің ұстап тұрған өнімінің өзіндік құнымен бәсекелесуге өте киын болады.
Сондықтан осындай жағдайда тек бірегей және қайталанбас кәсіпорынның тауарлары мен қызметтері бәсекеге қабілетті бола алады.
Ал батыс елдерінде іскерлік форматтың үлесі сауда форматымен салыстырғанда жоғары болып табылаты. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігі ол - сублицензия.
Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда тікелей жұмыс істемейді. Қазақстанда франчайзер мен франчайзи арасында тікелей классикалық қатынастар өте сирек кездеседі. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда өзінің Ресей немесе Түрік мастер-франчайзи (субфранчайзерлер) арқылы жұмыс істегенді қалайды, ал Қазақстандық компаниялар өз кезегінде субфранчайзи (сублицензиаттар) рөлін атқарады [6].
Франчайзинг секторында бас франчайзимен тікелей қатынас болмауының бірнеше себептері бар:
:: жергілікті тұтынушылардың субфранчайзер елдерімен менталитетініңболмысының ұқсастығы (шетелдік франшиза жергілікті ерекшеліктерге бейімдеуді талап етпейді)
:: халықтың тығыз болмауы және өтім нарығының жеткіліксіздігі
:: жергілікті кәсіпкерлердің халықаралық франчайзинг нарығындағы енжарлығы және т. б.
Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігін атап кетуге болады. Ол франчайзингтің ел ішіндегі көші-қонының өте сирек кездесуі. Яғни ірі бизнес пен шағын кәсіпкерлік арасындағы байлыныстың жоқтығы. Ірі компаниялар өңірлік дамуды франчайзингтік системадан қөрі филиалдық нысанды артығырақ деп есептейді.
Корпоративтік және мемлекеттік франчайзинг әлемде өте кең таралған. Ірі мемлекеттік және жеке компаниялар шағын және орта кәсіпкерлерге (франчайзи) франчайзинг жүйесі арқылы бизнес жүргізу технологиясы мен әдісін үйретеді. Бірақ Қазақстанда әзірге ірі компаниялар мен шағын кәсіпкерліктердің өзара іс-қимылдары өте аз кездеседі.
Кедендік Одаққа кіруі Сарапшылардың деректеріне сәйкес Қазақстан Кеден одағына кіргеннен кейін елдегі нарықта ресейлік франчайзингтік операторлардың рөлі күшейеді. Атап айтқанда, Қазақстанда жақын арада Ресейден шыққан франчайзингтік желілердің саны 100% өсуі мүмкін.
Қазақстандағы Франчайзингтің Мемлекеттік қолдау Кисиков Бекнұр кітабының (екінші басылым) деректеріне сәйкес, Қазақстандағы франчайзингті мемлекеттік деңгейде колдау "Даму" мемлекеттік кәсіпкерлік ісін дамыту қоры арқыры жүзеге асырылады.
1.3 Франшизаның экономикадағы рөлі
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақы айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық апаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да обьектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және т.б. беруге міндеттенеді.
Франшиздік келісім деп - лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды (бизнесті) лицензиарға тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты айтамыз. Франчайзинг шарты кез келген салада қолданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелерді оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланылады.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралык нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамын: "Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны".
Франчайзинг тарихын айтатын болсам, алғаш рет ол 1851 жылы тігін машинасын өндіретін компания мен диллердің арасында жасалған. Осы әлемге әйгілі компанияны құрушы Исаак Зингер болды. Бұл шарт арқылы белгілі бір аумақта сату құқығы және жөндеу жұмыстары жазбаша түрде берілген [7].
Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдік франчфйзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәрбиесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдік көшбасшысы - Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшінші орында Жапония тұр.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауар мен тауар өндірушілердің ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында франчайзингті жүзеге асыру негізі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45 бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, 2002 жылы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы қабылданды.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде қазіргі кезеңде коомерциялық сауда, әрі франчайзинг шартында тауар сату және қызмет көрсету үрдістері кең кең көлемде ұлғаюда. Франчайзингтің мақсаты құқық иеленушінің өндірілген немесе сататын тауарларды немесе қызмет көрсетуді нарыққа шығаруға көмектесу. Бұл жерде құқық иеленуші (франчайзер) - ерекше құқықтарға ие және қолданушыға сол құқықтарды пайдалануға рұқсат беретін тұлға. Қолданушы (франчайзи) - ерекше құқықтарды алуға мүмкіндік алатын тұлға. Құқық иеленуші де, қолданушы да франчайзинг келісім-шартын жасасқан кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.
Қазақстан франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша елімізде 120 франчайзинг жүйесі, 1000 франчайзинг кәсіпорындары бар. Мысалы, Қазақстандағы франчайзингтік қатынастары даму кезендеріне тоқталар болсақ: бірінші кезең: 1994-1999 жылдар аралығында пайда болған компаниялар: Рахат Палас, Сеймар, Дока, Анкара, Рамстор, Adidas, Kodak, Coco-Cola.
Негізгі сипаттамалары:
1. Франчайзингті реттеуші нормативтік құқықтық базаның болмауы;
2. Нарықта бәсекелестің жоқтың қасы;
3. Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әрекет аумағын кеңейту мақсатында Қазастандық нарыққа шықты.
Екінші кезең: 2000-2004 жылдар аралығында пайда болған компаниялар: Баскин Роббинс , Планета суши, Пятерочка, Три толстяка.
Негізгі сипаттамалары:
1. Франчайзинг туралы заң қабылданды;
2. Шетелдік ірі фирмалардың франчайзингілерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты;
3. Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы құрылды.
Үшінші кезең: 2005 жылдан бастап құрылған: English First, Tiffany Marble, Umex Realty, Finn Flare, Apguatoria of Luxury Life, Алма-ТV.
Негізгі сипаттамалары:
1. Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнама белсенді түрде қолдануда.
2. Франчайзинг көрмесі ұйымдастырылды.
3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі.
4. Бәсекелестік қарқынды түрде дамыды.
5. Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды [8].
Алғашқы рет франчайзинг келісім ұғымы 1999 жылы Азаматтық кодекс қабылданған кезде енді. Қазіргі таңда франчайзинг саласында Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді. Оған еліміздегі жыл санап көбейіп келе жатқан франчайзинг жүйелері дәлел. Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанда таңдаған бірқатар компаниялар нарықты белсенділік танытуда. Статистика агенттігінің мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде Қазақстандағы шетелдік франчиза жүйелерін бизнесінің бағытына қарай бірнеше салаға жіктеуге болады. Олар: бөлшек сауда жүйелері - 60% , қызмет көрсету салалары - 30 %, қоғамдық тамақтану -3 %, өндірістік сала - 7 % және халық тұтыну тауарларының арасында шетелдік танымал сауда белгілерінің киім және аяқ киімін сату да қарқынды жүруде.
Coco-Cola, Baskin Robbins, Worid Class, British Airways, перекресток сияқты франчайзинг жүйелері табысты дамып келеді. Қонақ үй бизнесінде 1994 жылы ашылып, кейін Хаят Ридженси франчайзинг брендінің халықаралық отельдер желісінің бөлігі болған Рахат Палас және Анкараны айтуға болады. Қазір олар танымал Intercontinental қонақ үйлер желісінің құрамына кіреді. Мейрамхана бизнесінде Ресейлік росинтер компаниясын Қазақстандық нарықтан өз орнын алып үлгерді деуге болады. Бұл компания елімізде Эль Патио, Планета суши, Американский бар и гриль, Мока Лока брендтерімен танымал.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи - мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын пайдалану құқығын береді. франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әр бір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі - тек ғана бізде емес, сондай-ақ шетелде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу керек.
Өткен жүз жылдықтың айналымын құраған мұнай және мұнай өңдеуші компаниялар мен автобиль зауыттары өз өнімдерін өткізуде және қызметтері көрсетуде ерекше құықтарды ұсына бастады. Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде -- өндірушілер таруарды сатып алып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен ғана сипатталады. Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық азаматтардың экономикалық сахнаға айта оралуымен және сол кездегі балалар әсеріне байланысты он мыңдаған американдық компанилардан франчайзингті қолданып,өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты бастаудың жаңа нысаны болды.
ҚР франчайзингтің тиімді дамуының салалары болып мыналар табылады:
1. Автокөліктік өндіріс және автосервистің қызмет көрсету түрлері;
2. Ұйымға және бизнесті жүргізуге көмек (бухгалтерия, іс жүргізу өндірісі, жарнама);
3. Құрылыс, үйлерге қызмет көрсетумен ремонтқа байланысты қызмет түрлері;
4. Біліммен байланысты қызмет көрсетулер;
5. Демалыс және көңіл көтеру;
6. Тез қызмет көрсету ресторандары, ресторандар, асханалар;
7. Өнімдік палаткалар, медициналық және косметологиялық қызмет көрсетулер;
8. Үй шаруашылығы сферасындағы қызмет көрсетулер;
9. Бөлшек сауда.
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының басқа да елдерi сияқты бiрнеше жылдар бойы Дүние жүзiлiк сауда ұйымына кipy бойынша келiссөздер жүргiзiп жатыр. Дүние жүзiлiк сауда ұйымына кipyгe дайындығы кезiнде Қазақстан экономиканың либерализациялауы бойынша халықаральқ саудаға қатысты нормативтiк-құқықтық актiлердi сәйкестендiру және құқықтық стандарттарды халықаралық тәжiрибеге сәйкестендiру бойынша бiрқатар жұмыс жасады.
Елiмiз Дүние жүзiлiк сауда ұйымына кіргеннен кейiн қазақстандық компаниялардың ноу-хауға, қазіргі заманғы технологияларға қызығушылықтары өседi және соған сәйкес франшиздерге және лицензияларға cұpaныс өседi. Өз кезегiнде халықаралық бренд иегерлерi үшiн интеллектуалдық меншiктiң қорғалуы маңызды мәселе болып табылады.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1.Франчайзер - өнім өндіруші немес қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.

Аталған шарттың мақсаты белгілі бір тауарлар мен қызметкерді нарыққа шығару болып табылады. Мысалы, жоғары технологиялы жабдық. Осымен байланысты ол интеллектуалдық меншік обьектілеріне айрықша құқық иесі мен лицензиар үшін белгілі пайда алуды білдіреді. Бұл шарт лицензиат үшін де пайдалы, себебі кәсіпкерді өзінің имиджін қалыптастыруға тауарларды жарнамаға босатады. Қазіргі Қазақстан жағдайында өндірістік сектордың жеткіліксіз дамуымен байланысты франчайзингтік қатынастардың нақты жағдайы туралы айту қиынға соғады. Шет елдерде бұл шарт елеулі түрде және табысты қолданылып келеді. Қазақстанда интеллектуалдық әзірлемелерді дамытуға оң ықпал ететін болады [9].
Франчайзинг батыс нарығы үшін бизнестің көптен бері етене таныс формасы болса, Қазақстан үшін жаңа форма болып табылады. Кәсіпкерліктің бұқаралық топтары қалыптасып, жүздеген адамдары өзінің бизнесімен айналысуға ұмтылыс білдіріп жатқан біздің ел үшін франчайзинг тәжірибесі өте маңызды. Олар (кәсіпкерлікпен шұғылданбақшы тұлғалар) бастапқы кішігірім капиталдың бар болуымен, бірақта білімдері, тәжірибелері, алдын ала сақтандырулары жағынан жетіспеуші-лікпен сипатталынады. Бүгінгі таңда ел экономикасында франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың біріккен формасы бола отырып, негізгі ілімдік және әдістемелік тұрғыларын өңдеу қажет болып табылатын салыстырмалы түрде құбылыс болып саналады.
Франчайзинг ерекшеліктері
Франчайзинг биснесмендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірибені иемдемей кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:
1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2. Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер үшін артықшылықтар:
- өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;
- шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
- меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
- лицензияны сатудан түскен табыс;
- франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
- меншіктік сауда желісі арқылы өткізу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz