Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергеннен көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді.
Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша миғада орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.
Жүректің жұмысы ғалымдарды өте ерте кезден қызықтыра бастаған. Бірақта көпке дейін қан айналу процесін нақты түсіндіру мүмкін болмады. Бір кездерде артерияларда ауа, ал қан тек веналарда ғана болады деген түсініктер болды және қан айналуды реттейтін орталық бауыр делінді.
Қаннын оң құқлақшадан сол қарыншаққа келетінін бірінші рет Гален дәлелдеп берді.
Қанның жүректің оң жартысынан сол жартысына өкпе арқылы өтетінін ХVІ ғ. Сервет пен Коломбо дәделдеді.

Негізгі бөлім
2.1.Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі
Ішкі ағзалардың ішінде бір қалыпты, циклді ритмде жұмыс істейтін жүрек. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі мал организміндегі ең басты жүйенің бірі, оның негізгі қызметі -ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және әртүрлі нәрлі затгармен қамтамасыз етіп, кереті заттарды денеден шығару.
Орташа жас ұзактығымен есептегенде адамның жүрегі өмір бойына 2,5 млд. рет соғады екен де, өзі арқылы 200 млн.литр қанды өткізеді екен.
Міне бұл табиғаттың жаратқан мүмкіншілігі,
ең алдыңғы қатаралы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып
жасалған техникалық насостардың бірнеше мың сағат қана
жұмы істейтінін ескере отырып, оны табиғаттың
мүмкіншілігімен салыстырсақ, онда әлі ашылмаған табиғат
тылсымының қанша құпия сырлары бар екендігі болжамданады.
Денедегі қан айналысын үздіксіз жүргізіп тұруға жүрек, артерия, вена, капилляр қан тамырлары міндетті. Жүрек еттерінде аз уақыттың ішінде секунд энергияға өте күрделі қосылыстар пайдаланылып, қайта түзіліп жатады. Жүрек еттерінің 4 негізгі қасиеттері бар:
* автоматтық;
* қозғыштық;
* өткізгіштік;
* жиырылғыштық.
Жүрек еттерінің осы жұмыстары гликолиз процессінің
барысында болатын, үнемі жаңарып отыратын, негізгі энергия
көзі АТФ қышқылы қатынасатын реакциялар жүреді.
Осы процестердің барысында түзілетін өте бір маңызды қосылыстар жүзім және сүт қышқылдары тотығу процесінің субстраттары болып есептеледі де, олар жүрек етінде түзілетін биосинтез процесін және еттің созылғыштық қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша мидаға орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.
Жүрек дұрыс жұмыс істегенде оған келіп құятын қан мен шығатын қанның мөлшері бірқалыпты жағдайда ұсталуы тиіс. Ал жүрек ауруға шалдыққанда бұл қатынас бұзылады да, әуеліде жұмыс істеген кезде, кейіннен тіпті тыныштықта оның қызыметі өзгере бастайды.
Жүрек ауруларын анықтау және ол ауруларды емдеу өте күрделі іс. Сондықтан да көп жағдайларда жүрек аурулары анықталмай қалуы да мүмкін. Белгілі деректерге қарағанда жүрек аурулары барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың 4,5 - 35%-на болады екен. Мұндай проценттік ара қашықтық соның дәлелі болса керек.
Жүректің, қан тамырларының қандай аурулары болмасын, жүрек пен қан-тамырлар жүйесінің жеткіліксіздігін тудырады. Оның себептері мынындай:
-миокардтың қажуынан;
-тікелей миокардтың зақымдануынан;
-жүрек қан айналысының бұзылуынан;
Жүрек пен қан-тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігі организм ағзаларында ауру пайда болған кезде жүрек пен тамырларының ағзалар мен тіндерді қажетті мөлшерде қанмен қамтамасыз ете алмауы.
Ең негізгі себебі - жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуі.
Мына жағдайларда жүректің әлсіреуі пайда болады:
* миокардтың қажуынан;
* тікелей миокардтың зақымдануынан;
* жүрек қан айналысының бұзылуынан;
* жұқпалы аурулардың көбінде;
* жүрек етінің қоректенуі бұзылғанда;
* оттегі жетіспеген жағдайда;
* организмдегі қанның деңгейі, қозғалысы бұзылғанда;
* уланганда;
* малдар қозғалмай көп тұрып қалғанда;
* зат алмасуының қаттырақ бұзылуында;
* Жүрек қабаттарының ауруларында (эндокардит, миокардит, Перикардит, склероздар);
* әртүрлі стресс жағдайларда (шуыл - невроз ).
Жүрек етінің жиырылу қаблетінің әлсіреуі жүрекке келіп құятын қан мен одан шығатын қанның ара қатынасын бұзады. Ол жүректің минуттік көлеміне әсер етеді.
Жалпы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі 3 топқа бөлінеді:
1. Жүректің сол жақ қарыншасының жұмысының
жеткіліксіздігі;
2. Жүректің оң жақ қарыншасының жұмысының
жеткіліксіздігі;
3. Жалпы, аралас жеткіліксіздігінің түрі.

1. Жүректің сол жақ қарыншасының жұмысы жеткіліксіз
болғаңда систола кезінде ондағы қан толық ортаға жіберіліп
үлгермейді. Қанның қалдығы қарыншақта калып қояды да, әрбір
арылған сайын оның мөлшері көбейе береді. Осының салдарынан:
* кіші қан шеңберінде, әсіресе бронхыларда, қанның
тоқырауы;
* сол жақ қарыншақтың созылуы;
* кей кезде кеуде қуысында сұйық заттың іркілуі
(гидроторакс) байқалады.
Бұндай өзгерістер кебінесе қанның қысымы жоғары болғанда, бүйрек қабынғанда, склероз ауруларында, жүрек уларында жене жүқпалы ауруларда жиі кездеседі.
2. Оң жақ қарыншаның жеткіліксіздігінде:
- жүректің көлемі үлғаяды;
- соғуы көмескіленіп алыстан естіледі;
- ішкі ағзаларда, бас жақта вена қанының тоқырауы
байқалады;
- бауырдың көлемі ұлғаяды;
- ас корыту ағзаларында қабыну белгілері білінеді;
- вена қанының қысымы көтеріледі.
3. Жүрек жеткіліксіздігінің аралас түрінде жоғарыдағы
өзгерістер қабаттас жүреді. Алдымен оң жақ қарыншақтың жеткіліксіздігі, содан кейін сол жақ қарыншақтың жеткіліксіздігі байқалады.
Жалпы жүрек пен қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі 3 сатыға бөлінеді:
1-ші сатысында малдар жай тұрғанда жүрек пен қан тамырлары жеткіліксіздігінің ешқандай белгілері жоқ (белгісіз түрі);
2-ші сатысында малдарға аздап салмақ түсіргенде: жүректің соғуы мен тыныс алудың жиілеуі, ұлпалардың ісінуі (әсіресе екі жақ сүйектерінің арасында, кеуде тұсында, жыныс ағзаларының маңайында, аяқтың төменгі жақтарында) байқалады.
3-ші сатысында жүректің жеткіліксіздігінің белгілері тыныш тұрған малда білінеді. Бұл сатыда жүректің жеткіліксіздігінің емдеудің нәтижесі жоқ. Ондай малдарды уақытында есептен шығарып, шаруашылыққа пайда келтіру жағын ойлаған дұрыс.
Қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігі малдар-салыстырмалы түрде аз өмір сүретіндіктен оларда тіптен кездеспейді деседе болады.
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі қызметтерініңт жеткіліксіздігінің негізгі белгілері:
1. Жүрек соғысының ырғағының бұзылуы;
2. Көмірқышқыл газының дем алу орталығына тигізетін
әсерінен және өкпеде вена қанының тоқырауы салдарынан
ентігудің пайда болуы;
3. Көгеру - қанда оттегінің жетіспеушілігінен қара-қошқыл-
көк түсті қайта құрылған гемоглобиннің шоғырлануы. Оның екі
түрі болады:
- орталыққа байланысты көгеру;
- шеткергі ұлпалардағы көгеру.
Орталыққа байланысты көгеру артерия қанында оттегінің жетіспеушілігінен болады. Ол кейде жүрек жұмысының, ал кейде өкпе жұмысының нашарлауынан болады.
Шектелінген немесе жалпы ісіктің пайда болуы. Дененің ісінуі жүрек пен кан тамырлары қызметтерінің нашарлауының қатерлі белгісі болып есептеледі. Оның негізгі қанның көк тамырлары мен капиллярларындағы (майда тамырлар) қанның іркілісінен оның қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын кереді де, қан түтікшелерінің өзектері кеңейіп, қан сұйығының сыртқа шығуына қолайлы жағдай туады.
* Жүрек ақауларынан болатын ісік, сарысудың ет пен терінің арасынан жиналуынан, едетте, дененің төменгі бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін.
* Журек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол:
* тығыздырақ, қамыр төріздес (саусақпен басқадда із
қалады).
* ісікті басса ауырмайды;
* ауру малдың жергілікті қызуы көтерілмейді.
Жалпы жүрек пен қан тамырларының қызметгерінің бұзылғанын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлу керек:
* малдың жасы;
* бұлшық еттерінің тонусы;
* малдың қимылы, жүрісі;
* малдың сырт бейнесі, терісінің жағдайы;
* ісіктер, тұрақтыма, болмаса белгілі бір уақытта ғана пайда бола ма (әсірессе түнгі мезгілде), ол ұлғаяма, ұлғайса қандай жылдамдықпен;
* көк тамырлардың қанға толуы қандай?
* жүрек соғысы, жүрек артерияның соғысы;
* жүрек тұсындағы шуылдар: ішкі қабатты
(эндокард), сыртқы қабаттың (перикард), жүрек пен
өкпенің қосалқы дыбыстары.
2.2.Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі
Бұл жөнінде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі біз үшін қолайлырағы Г. В. Домбрачевтың ұсынған классификациясы. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді;
1. Жүректің сыртқы қабының аурулары:
а) жүрек қабының қабынуы ( перикардиттер);
б) жүрек қабының шеменденуі (гидроперикардит) [2,5,6].
2. Жүрек етінің аурулары:
а) жүрек етінің қабынуы (миокардит);
б) жүрек етінде зат алмасуының бұзылуынан болатын ауру (миокардоз);
в) жүрек етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз);
г) жүрек етінің склерозы (миокардиосклероз).
д) жүрек қуысының кеңеюі.
3. Жүректің ішкі қабының аурулары:
а) жүректің ішкі қабының қабынуы (эндокардит);
б) жүректің ақаулары.
4.Қан тамырларының аурулары :
а) артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдап-беріштенуі (артериясклероз);
б) тамыр түтітігінің ұйыған қанмен немесе басқа бөгде заттармен бітелуі (тромбоз).
Қан тамырлары тонусының және кенересінің физико-химиялық қасиеттерінің бұзылуынан болатын тамырлардағы қан айналысының жетімсіздігі.
Қан айналысының жетімсіздігі жасырын(компенсацияланған форма) және айқын (декомпенсацияланған форма) болуы мүмкін.
Қан айналысының жетімсіздігінің клиникалық белгілеріне ентігу, көгеру(цианоз), жүректің тез соғуы(тахикардия) жатады. Сонымен қоса, қанның іркілуі және ісіну пайда болады. Сол жақтағы жүрек қарыншасының жұмысы әлсіреген кезде қан айналысының кіші шеңберінде қан іркілуі байқалады. Сол жақтағы қарынша жұмысының әлсіреуі қан айналысының үлкен шеңберінде іркілуді туғызып, соның әсерінен бауыр едәуір ұлғаяды. Қан ұзақ уақыт іркілгенде бауыр клеткалары семеді( атрофия), бауырда дәнекер тканьдерінің көбейіп, салдарынан цирроз (бүрісу) пайда болады.
Қанның іркілуі басқа органдарда да - бүйректе, асқазан-ішек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы
Қанның құрамы мен қасиеттері
Қан тамырлар жүйесінің аурулары
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Қабынудың себептері
Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек қан тамырлар жүйесі
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері
Адреномиметикалық заттардың сипаттамасын
Жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары
Пәндер