Жылқы. Спорт жылқысын жайылымда күтіп бағу гигиенасы
1.КІРІСПЕ:
Жылқы (лат.Equus ferus caballus) - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға және шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарды өсіреді.
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б 7000 ж. Бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы XIX ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығысаймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жылқы болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстан Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б 4-3 мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б 2- мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б 1-мыңжылдық - б.з 2 ғ. ) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет - ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Жылқыларды әдетте азық ретінде пайдаланады, әсіресе табынды жылқы шаруашылығы дамыған өлкелерде- Башкирияда, Буратияда, Якутияда және Алтай өңірінде. Ет және сүт өнімдерін алу үшін арнайы фермалар, сондай-ақ биологиялық емдік препараттарды өндіру үшін зауыттар құрылған.
Жылқы шаруашылығының табысты және жоғарғы деңгейде дамуы үшін жылқыларды өсіру мақсатымен бекітілген зоогигиеналық талаптар мен нормаларды сақтау қажет.
Көптеген мыңжылдықтар бойы жылқы адамзат қауымының адал көмекшісі және серігі болып келеді. 4 онжылдықтан астам уақыт әлемдегі жылқының жалпы саны тұрақты болып келеді және ол 65 млн басты құрайды.сонымен қатар экономикасы жақсы дамыған елдер жылқы басының санын өсіруде, АҚШ олардың саны 12 млнды құрайды. Олардың санының артуы спортты жылқының санының артуы нәтижесінде. АҚШ-та жылқыны салмағына, дене бітіміне және жұмсалу мақсаьына қарай: ауыр ( 650 кг-нан жоғары), не жеңіл (400-650 кг) және пони ( 223-400 кг) деп, ал бұлардың өзін тұқымына және пйдаланылуына байланысты кластарға бөледі. Жылқының дене мүшелеріне қарап олардың кемшіліктерін, қасиеттерін ерекшеліктерін және мүкістіктерін, кейбір ауруларын айырады. Қазіргі заманғы жылқы тұқымдарының шоқтығының биіктігі-50-185 см, салмағы 60 кг-нан 1500 кг-ға дейін. Өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 25-30 жыл. Жылқыларды жүрек-қантамырлар жүйесі жақсы дамыған. Орташа есеппен алғанда жылқының жүрегінің салмағы-4-5 кг, бірақ та жақсы жетілген және азықтандырылған жылқыларда оның салмағы 8 кг-ға дейін жетеді. Жылқының шабысы кезінде қантамырының соғысы 120-130 ретке дейін жетеді, (тыныштық кезінде 24-42 рет соғады), ал жүректен айналып өтетін қанның мөлшері минутына 150 л құрайды (тыныштық кезінде 15-20л). Орташа есеппен жылқының қан құрамында 5620-дан 11500 млн эритроциттер бар, олардың диаметрі 5,3-7,5 микрон. Жылқының дене температурасы-37,5-38,5 градус. Ауру кезінде және ауыр жұмыс атқарғанда бұл көрсеткіш 2-3 градусқа артуы мүмкін. Бұдан артық температура жылқыны өлімге әкелуі мүмкін. Жылқының бүйрегінің салмағы 900-1500 г. Жылқының тәулігіне бөлетін зәр көлемі орташа есеппен 3-6 л. Сутектік орта көрсеткіші-6,8-8,4.
2.1.Жоба тапсырмасын жасау.
Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық - гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Олардың барлығы ьолашақ кәсіпорынның техникалық міндеттер мен санитариялық - гигиеналық талаптар атап көрсетеді. Олардың барлығы болашақ кәсіпорынның техникалық міндеттер мен санитариялық - гигиеналық талаптар атап көрсетіледі.
Жобалық тапсырма - жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауда мынадай негізгі деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себепкер, құрылыс салатын аудан және алаң , обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп - бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық кем дегенде - гигиеналық сақтау жүйелері, санитариялық - гигиеналық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Мал қораларын салған кезде жекеленген және типті жобаларға сүйеніп отыруы қажет. Қазіргі кезде жобалаудың түрлері мал түріне байланысты көп болып кетті. Сондықтан зоотехниялық және малдәрігерлік мамандар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарау қажет, пайдалы немесе зиянды жағын салыстыра отырып шешкені дұрыс.
Ең бастысы аталған құрылыстарды арнайы жетілдірілген бүгінгі күннің талабына сай типтік жобалармен салған дұрыс. Қора бөлімдерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау:
* Қоражай табаны берік, біркелкі, құрғақ 2-3 см және жылжымайтын болуы керек;
* Іргетас беріктігі, мықтылығы, атмосфералық құбылысқа шыдымдылығы, үнемділігі және ұзаққа жететіндігі;
* Іргетас үстіндегі үй қабаттарының төменгі бөлігі;
* Еден мал фермалары едендері мынандай талаптарға сәйкес болуы керек: жылуды аз өткізеді, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлар денсаулығына зиянсыз, тазартып жинауға қолайлы, малдың түрлі әрекеттеріне төзімді бет болып келеді.
Жоба түрлері:
* дербес жоба ғимаратты немесе құрылысты тек бір-ақ рет салуға қолданады;
* экспериментальдық тікелей өндіріс жағдайында жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болғанда жасалынады;
* қайта қолданылатын сәтті жасалынған дербес жобаларды қайта қолдану үшін жасалынады;
* типтік біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған.
Жобаларда жалпы түсініктемелік жазба, сметалық құжат, жұмыс жобасы паспорты, жұмысшы құжаттар. Жоба құжаттарын тексеру және құрылыстың сапасын бағалау. Объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі. Объектіні тапсыру - қабылдау процесі кезінде оның жобаға сәйкес екендігі анықталады. Объектіні пайдалану үшін заказ беруші кәсіпорын басшылығы бұйрығымен құралған жұмысшы комиссия объектіні қабылдайды. Комиссия құрамына ветеринариялық-санитариялық өкілдері кіреді. Комиссия орындалған құрылыс-монтаж жұмысының жобалық-сметалық құжаттарға сәйкестігін, атқарылған жұмыс сапасын тексеру керек.
Құрылыс салатын жерге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар. Жер құрғақ, биік, су баспайтын болуы керек, күн сәулесі мол түсіп, желдетіліп тұруы керек, айнала ағаштар отырғызылуы керек, топырағы құрылыс салуға қолайлы болуы керек. Топырақтың сүзгіштік қабілеті төмендеу болғаны жөн. Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кезінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар ол жер санитариялық талаптарға сай 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 1 м артық тереңдікте және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Жер көлемі немесе ауданы: сүт өндіру фермаларында әр малға 100-120 м2, ет-сүт өндіру фермаларында 140 м2, бордақылау фермаларында 50 м2, шошқа фермаларында 160 м2, ал семірту фермаларында 8-9 м2, қой шаруашылығы фермаларында 15-20 м2, 3 мыңнан астам құсы бар фермаларда 0,4-0,5 м2.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары негізінен елді мекендерден кемінде 3 шақырым қашық жерде, өзендер мен су қоймаларында 2 шақырым қашық жерде орналасутыру керек.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары аймақтары:
* өндіріс аймағы;
* шаруашылық әкімшілік;
* азықтандыру және тазалау құрылысы;
* көң сақтау аймақтары.
Мал қораларының жарықтандырылуы- микроклимат туғызудың маңызды факторы. Алайда терезе көлемдерінің саны мен әйнектерінің аумағының көлеміне байланысты одан жылу сыртқа шығып кетіп жатады.
Мал қораларын салған кезде жекеленген және типті жобаларға сүйеніп отыруы қажет. Қазіргі кезде жобалаудың түрлері мал түріне байланысты көп болып кетті. Сондықтан зоотехниялық және малдәрігерлік мамандар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарау қажет, пайдалы немесе зиянды жағын салыстыра отырып шешкені дұрыс.
2.1 Спорт жылқысын жайылымда күтіп бағу гигиенасы.
Қазақстан үшін жайылымдардың маңызы өте жоғары екені белгілі. Себебі Республика жағдайында мал азық қорының шамамен 50 пайыз осы жайылымда. Алайда, жайылымдардың негізгі бөлігі (70 пайыздайы) шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз ( 0,5-5,0 цга). Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады. Шамамен барлық жайылымдардың 32 пайызы жаздық,44 пайызы көктемгі-күздік, 12 пайызы қыстық боп белгіленсе, ал қалған 12 пайызы жыл бойы пайдаланылатын жайылымдар. Басты мақсат осы әр түрлі жайылымдарды санитариялық-гигиеналық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу шаруашылық, экономикалық және ветеринариялық жағынан өте пайдалы.
Малды жайылымда ұстаудың гигиеналық маңызы жоғары. Жайылымда осы шөптен дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1,5 есе артық. Шөпті кептіру барысында ондағы азықтық заттардың бір бөлігі жоғалып қана қоймайды, сонымен қатар олардың мал организміне сіңімділігі нашарлайды ( шөппен салыстырғанда пішеннің қорытылу деңгейі 15-20 пайызға төмен). Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттандыратын әр түрлі дәрумендер бар. Көк шөптің құрамында пішенмен салыстырғанда каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі.
Жүрек- қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), күн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық жайылымдық кезеңнің маңызды гигиеналық факторлары болып табылады.
Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің( сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1,5-3 есе төмен. Дегенмен, малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның рационалды пайдаланылуына және ветеринариялық - санитариялық тәртіпке байланысты.
Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім алуға болатын қолайлы маусым болып табылады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалпына келетін кезең болып табылады. Жаздық бағым-күтімнің профилактикалық жоғарғы маңыздылығы, әсіресе тұқымдық сиыр тобы үшін ерекше. Жазда түлікті өрісте бағудың шынықтырушы, сақайып-сауықтыратын маңыздылығының мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы факторларының әсер етуінің нәтижесі болып саналады. Ондай қолайлы факторларға - аэроиондарға бай таза ауа, күн сәулесінің қызуы, температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының белгіленген шекке дейін көбейіп құлдырауы, үйлесімді моцион, жас әрі құнарлы жем-шөп жатады. Әрі жаз айларында мал организмінің табиғи төзімділігін төмендетумен қатар зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы (тәбет) соқпау және де қан- тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қорада баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері ( дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі, яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру, т.б) жойылады. Аталмыш құбылыстар жем-шөптің құнын толық өтемеу, қысыр қалу, ацидоз, астеодистрофия ( сүйек маю), өкпе сырқаттарының төлде жиі өршуінің басты себепкері болып табылады.
Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды тыңайтқыштар қалдықтарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш үйінділерінен тазалануы қажет. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымға және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені, ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш тастайды, суықтан болатын аурулар өршиді. Кей өлкелерде фермадан шалғай жайылымға шыққанда отарлап бағу тәсіліне сүйенеді (әсіресе қой, жылқы шаруашылығында). Отардағы жайылымға төл, тұқым малы және семіртетін малды да шығарады. Оларды малды жазда бағуға арналған жоба схема бойынша жабдықтайды. Орналастырылатын қалқалардың ( навес-лапас) саны мен сапасы түліктің басына және өндірістік процестің ерекшелігіне сай болады. Сондықтан жайылым мал жайлауға келерден бұрын алдын ала дайындалуы тиіс. Өрісті дұрыс әрі тиімді пайдаланудың тетігі - жайлауға малды дұрыс айдап не тасымалдап жеткізу. Егер жаздық жайылым тауда болса ( 3 км-ден биікке көтерілерден бұрын) алдын-ала түлікті көндіктіріп биіктікке бейімдеу процесі бірте-бірте көтерілу арқылы жүргізіледі. Жайылым топырақ қыртысының сипатына, жер бедеріне, шөптілігі мен оның ботаникалық құрамына, шаруашылықтан қашықтығына байланысты әр түліктің түрлі топтарына үйлесе бермейді.
Жылқы үшін тығыз топырақты дөңестеу жердегі құрғақ, бітік (қою), бірақ шөбі биік емес жайылым оңтайлы. Батпақты, дымқыл тұяқты жаралайтын өрісті жылқы төлін онша сүймейді. Фермаға жақын, шөбі бітік қою өріс жас төлдерге, төлдеуге жақын буаз немесе құлынды биелерге қалдырылады.
2.2 Спорт жылқысын күту-бағу ережелері.
Спорт жылқысын өсіретін және оны ат спортының бағытына байланысты дайындайтын кешендер , ондағы жылқылар қала, облыс, аудан немесе ауыл тұрғындарының қажеттілігі мен сұранысына байланысты жоспарлайды. Ал мұндай кешеннің көлемі жылқының мал басы санына байланысты ұйымдастырылады.
Кешеннің атқаратын бірнеше қызмет түрлері бар. Ол шабандоз бен тренерлерді дайындау, оларға спорт жылқысы туралы теориялық және тәірбиелік білім беру. Спорт жылқысының, оның пйдалану бағыты мен ат спорты түріне байланысты тренингісін, дайындығы мен жаттықтыру жұмыстарын үйрету және спорт маманының біліктілігін көрсету. Сонымен бірге ат спортының бағытына байланысты, оған пайдаланылатын жылқыларды азықтандыру және күтіп-бағу, жаттықтыру, жарату, ат сайысына дайындау, оның жарысын уйымдастыру және т.с.с.
Кешеннің құрамы келесі бөлімдерден тұрады: әкімшілік-шаруашылық бөлім, олардың қажетін өтейтін орындар, малдәрігерлік-санитариялық бөлім және жеке изолятор, жабық манеж, оқу бөлмелері, бірнеше атқоралар, әр түрлі мақсатта пайдаланылатын қосымша бөлімшелер, аттың мәнерлі жүрісі мен конкурға арналған алаң, стипль-чез трассасы және т.с.с. Кешеннің маңайына жем-шөп қорын жинайтын қойма тұрғызылады. Жылқы әжіресіне төселетін ағаш ұнтағы сақталатын орын да ескеріледі. Сонымен бірге кешеннің бір шетіне немесе алыстау жеріне ат тезегі мен қиын сақтайтын, азық пен төсеніш қалдықтары шығарылатын орын дайындалады.
Жылқының мінезін ескере отырып, оған бат ыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жақындағанда жылқыны үркітіп алмау үшін дыбыстап шақырады. Кермеде тұрған жылқыға артынан бұруға болмайды, оны алдынан барып кермеден артқа шегіндіріп алып шығады.
Жылқыны тазарту үшін щетка, мауыт, ат тарақ, ағаш қалып, үгілген сабан, ағаш пышақ немесе тұяқ тазалайтын ілмек және тұяқтарын тазалау үшін 3-4 жылқыға бір шелек қа жет. Жылқыны қысқа ағашқа байлап, сол жағынан тазалай бастайды. Ол үшін щетканы сол қолға, ал ат тарақты тістерін жоғары қаратып оң қолға ұстайды. Сосын оң қолдың ортаңғы саусағымен ноқтаны жылқының құлағына қарай шегіне жеткенше апарады да иек қайысты қоса алып, жылқының құлағына жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды. Басын желкеден төмен қарай, сосын құлағы мен көзінің айналасын тазалайды. Көзін зақымдап алмас үшін щетканы абайлап жүргізеді.
Бастың сол жағын тазалап болып, мойнының сол жағына, сол жақ аяқ қолын, кеудесін, сауырын және артқы аяқ қолдарын тазалауға кіріседі. Сол жақ алдыңғы аяқ қолын тазалауды иық және иық алдынан бастап, содан соң алдыңғы сираққа көшеді. Мойны мен кеудесін тазалағанда аяғын жерге нық етіп кең қойып, жылқыға бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай денесінің біраз бөлігін тазалауға мүмкіндік береді. Мойын не кеуде бойымен қолды кең сермеп, щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның бойымен күш түсіре қозғайды. Әр қозғалғанда бір жерін қайта-қайта үйкелемей, терінің жаңа бөлігін алып отырады. Ат тарақтағы жиналған шаң мен ласты ағаш жаңғырыққа жеңіл соғу арқылы түсіреді. Ат тарақтың шаңын үріп тазалайды.
Сол жағын түгел тазалап болған соң, оң жағына көшеді, енді щетканы оң қолына, ал тарақты сол қолына ұстайды. Щетканы тазалап болған соң теріде қалған шаң мен қайызғақты дымқыл түкті шүберекпен сүртіп алады. Шүберекті жалға қарсы және жалдың бағытына щетка секілді жүргізеді. Шүберекті мауытты сумен бірнеше рет жуып шелекке сығады. Соңынан жылқыны тағы да дымқыл шүберекпен сүртіп, жылтырау үшін щеткамен тарайды. Жылқының терісін жауып тұрған түктерін тазалап болғаннан кейін жал, құйрық, кекіл секілді қорғаныш шаштарын тазалауға кіріседі. Жал мен құйрықты тазалау үшін тарақты пайдалануға болады. Жал мен кекілді тазалауды шаштарын саусақтарымен айырудан бастайды. Сол қолымен жалдың бір бөлігін алып, жабысқан шаштарын біртіндеп айырады. Шаш талшықтарын таза және дымқыл шүберекпен дұрыстап сүртеді. Жал мен кекілдің басқа бөліктерін де осылай айырып тазалайды. Соңынан жалды щеткамен шаш бойымен жоғарыдан төмен қарай тарайды. Құйрықты соңғы құйрық омыртқасының қасынан ұстап тұрып, шаңы кету үшін бірнеше рет сілкиді. Құйрықты жал сияқты айырады. Құйрықты айырып болған соң оның шаштарын түбінен бастап дымқыл шүберекпен сүртеді,щеткамен тазалайды, сосын қайта сүртеді. Жылқыны электр жүйесі бар шаңсорғышпен немесе стационарлық вакуум қондырғыларын пайдалана отырып тазалайды. Механикалық тазалау жылқының жұмысын жеңілдетеді, оның шаштарының жиналуын көбейтеді, жылқы күтімінің гигиеналық жағдайын жақсартып, ат қораларын таза ұстауға мүмкіндік береді. Пенвматикалық тазалау кезінде түлеген кезде түсетін шаш болмай, қайызғақ ауамен темір тарақ және резинка түтік арқылы шаңсорғыштың вакуум шелегіне қарай тартылады. Механикалық тазалау кезінде пайдаланылатын темір тарақты жылқы терісінің үстімен ептеп, баспай жүргізеді. Жылқылар шаңсорғыштың немесе мотордың шуына, қолмен тазалағаннан гөрі тез үйренеді және қозғалмай тұрады. Одан кейін тазалау сапасы жақсарып, жылқы түктері жұмсақ әрі жылтыр болып қалады. Механикалық тазалауға арналған жабдық қажетті жағдайда жылқының меозит ауруын емдеуге тиімді әрі массаж жасауға мүмкіндік береді. Тұяқты тазалап қарау үшін жылқыны қысқа ағашқа байлайды, содан соң алдымен алдыңғы, содан соң артқы аяқтарын көтеріп тазалайды, қарайды. Сол жақ алдыңғы аяғын тазалап қарау үшін жылқының иығының астына бетімен бұрылып тұруы қажет, сол қолмен жылқының иығынан тіреп, оң қолмен аяқ қолын жоғарыдан төмен қарай сиапй отырып, бақайды ұстап, тізелік буынынан бүгіп, аяқ -қолын көтереді. Бүгілген аяқ-қолын сол қолына алып ағаш пышақпен немесе ілмешекпен тұяғыныңжүрекше таптарының балшығын тазалайды. Тұяқ мүйізінің бетін ұшты нәрсемен тазалауға немесе май жағып, әр түрлі әдіспен жылтыратуға болмайды, өйткені ол мүйізінің бұзылуына әкеп соқтырады. Тағаны қарағанда оның бетінің беріктігі, оның тісі мен шегелерінің бүтіндігін ескерген жөн. Сонымен қатар таға шегелерінің шеттері тұяқ мүйізінің бетінде тегіс жатыр ма, тұяғының сынық жерлерінің бар-жоқтығына көңіл аудару қажет. Тағаны қарап, тазалағаннан кейін оны сумен жуып шүберекпен мықтап сүртеді.
2.3 Теріні күту гигиенасы.
Спорт жылқысының денсаулығы, оның денесіндегі терісінің қызметінің дұрыс орындалуына да байланысты болып келеді. Тек таза және сау тері, оның қорғаныс, зат алмасу, ішкі секреторлық, жылу реттегіш және анализдеу функцияларын толық атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жылқы организімі мен оның сыртқы ортамен байланысын рефлекторлық байланыста жүргізілуін қамтамассыз етеді.
Малды суару, азықтандыру және қолайлы жағдай туғызумен қатар, олар әрқашанда күтуді қажет етеді. Осы күтудің арқасында мал организмі өзіне қажетті табиғи тітіркеніш қабылдайды. Мұндай тітіркеніштер организмнің физиологиялық қызметіне, зат алмасу процесіне, организмнің функционалдық өсуі мен қалыптасуын арттыруға, сондай-ақ денсаулығы мен өнімділігінің өсуіне өз ықпалын тигізеді.
Мал терісі, оның рецепторлық аппараты, бұлшық ет, жүйке жүйесін шынықтыру нәтижесінде түгел организмге және жекелей органға тура және жанама әсерін тигізеді. Мұндай жағдай гомеостазды сақтап қана қоймай әрбір органдардың және жүйелердің функционалдық қабілетін арттыруға ықпалын тигізеді, түгел организмнің де жағдайын жақсартады және өнімділік қабілетін көтереді. Тері организмде бірнеше қызмет атқарады. Ең бірінші- тері сыртқы ортаның әр түрлі әсеріне кедергі есебінде қызмет етеді. Мал организмін сақтау және қалыптасу қызметі терідегі көптеген рецепторлар арқылы жүреді. Терідегі нейрорецепторлық ақпараттың перифериялық жүйесінің соңы арқылы, органим әр мезгіл сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің байланыстырушы және үйлестіруші қызметінің арқасында барлық ішкі органдармен де өз байланысын жоғалтпайды. Теріде кейбір бөліктердегі вегетативтік жүйке жүйесінің бір-бірімен қосылуының арқасында ішкі органдармен рефлекторлық шеңбер құрайды.
Тері рефлекторлық байланыс арқылы организмдегі жылу реттеу байланысы және зат алмасу процесін атқарады. Терінің күн энергиясын өзіне қабылдау және оның шағылысу күштілігі мал терісінің түсіне байланысты. Терінің сыртқы қабатының температурасы оның жүнінің ұзындығына, тығыздығына және сапасына, сыртқы орта температурасына және ауа қозғалысына байланысты. Терінің тыныс алу қызметі: тері - белокты ыдырату және синтездеу, күкіртсутегінің алмасуына, дәрумендердің синтезделу реакциясына қатысады.
Терінің экскреторлық қызметі. Тері арқылы су бөлініп шығады. Су теріден осмос заңы бойынша шығады. Теріден судың шығу мөлшері сыртқы ортаның температурасына, ылғалдылығына байланысты. Ауа температурасы жоғары және оның ылғалдылығы төмен болған сайын теріден судың шығу мүмкіндігі жоғарылай түседі. Тері арқылы 13 пайызға дейін жылу жоғалады екен. Зат алмасу процестері арқылы терінің сыртына олейн, жоғары май қышқылы, сүт қышқылы және т.б органикалық қосылыстар шығады, сөйтіп теріге лайықты pH құрайды. Қолайлы температурада мал терісінің реакциясы шамалы қышқылдау болып келеді ( pH 6,2-6,9). Тері өте қышқылды болса, ол байырғы және патогендік микробтардың өсіп-өнуіне жол бермейді. Сондай-ақ терінің организмде иммуноглобулиндердің түзуіне тікелей байланысты. Ал иммуноглобулиндер болса, олар вакцина егілгеннен кейінгі иммунитеттің артуына көп әсер тигізеді.
Теріні тазалау. Мал терісін тазалау, оны барлық ластан, теріден шыққан әр түрлі сұйықтан тазарту қолданады. Ол жүйке жүйесінің және терідегі қан тамырларын механикалық қозғалысқа келтіріп, оларды қоздырады. Теріден ылғал шығару қабілетіне қарай, бірінші орында жылқы (2,5-3лc), ірі қара (0,5 лс), одан кейін қой, ешкі, шошқа ретімен келеді. Теріге әр түрлі эпидермистің өлген клеткалары, шаң-тозаң, ылғал, сапрофиттік және патогендік микробтар, саңырауқұлақтар, вирустар, бактериялар және т.б жиналып қалады. Сондықтан тері тазалаудың ең басты міндеті- тері бетін және оның жүнін патогенді және жартылай патогенді микробтардан, жиналып қалған ластан, қалдықтан тазалау болып табылады. Мал дәрігерлік-санитариялық ереже бойынша малдың терісін күнделікті тазалап тұру қажет. Ол үшін арнайы щетка, металл тарақ қолданылады. Мал қорада қолайлы микроклиматты сақтау үшін, малды қорадан тыс жерде тазалау керек. Теріні қолмен тазалағанда қысқа, қатты, түкті немесе синтетикалық материалдардан жасалған щеткалар,ұшы доғалданған тарақ қолданылады. Малды сол жағынан бастап алдымен басын, мойнын, алдыңғы аяғы мен кеудесін содан кейін шоқтығынан артқы аяғына дейін тазалайды.
Сауын алдында желінді жуып-күту гигиеналық тұрғыдан қарағанда, біріншіден- ауру малдан жұқпалы микробтардың сау малға таралуын, екіншіден-сауылған сүтте микроорганизмдердің санын азайтады. Малды пневматикалық тазалау шаңсорғыштар немесе вакуум-насостар арқылы жүргізіледі. Мал мұндай тазалауға тез арада үйренеді. Текмалды бір мезгілде тазалау жұмысын өзгертпеуге тырысу керек.
Малды шаруаға дұрыс пайдаланудың бірден-бір жолы мал аяғын сақтау болып табылады. Мал аяқтарының жарақаттануының жиі кездесетін себебі- малды торлы еденде бағу, еденнің жарықтарының арасы тым алшақтау болуы және т.б себептері болады. Малдың демалатын орнын жалпақ ағаштан жасаған жөн. Ал малдың жүріп-тұратын, азықтанатын, су ішетін жерін торлы еденнен жасаған тиімді. Мал аяқтарын дүркін-дүркін тазалап, сумен жуып, құрғата кептірудің пайдасы зор. Малдың алдыңғы аяғын жарақаттан сақтау үшін азық салатын ақырды малдың жүріп-тұруына кедергі келтірмейтін етіп салу керек. Жалпы малдың былғанған аяғын сабаннан жасалған ширақпен төменнен жоғары қарай ысқылау қан мен лимфа айналыстарын қалпына келтіруге әсерін тигізеді. Тұяқ ауруларының алдын алу. Ірі қара тұяғының ауруын болдырмау ретінде, осындай ауру шыққын шаруашылықта, бетоннан жасалған арнайы ванна жасалады. Мұндай ваннаға 10 пайыз тотияйын ерітіндісін 10-12 см тереңдікте толтырады. Әдетте осы ваннаны сауын залының алдына, ені мал кіретін жолмен бірдей, ал ұзындығы 4-6 м болуы тиіс. Осы ванна арқылы малды күніне немесе күнара бірнеше күн жүргізу керек. Тұяқ ауруларына қарсы соның ішінде ірі қара үшін де ең тиімдісі- формалин ваннасы. Оны қолдану ерітіндісі 5 пайыз формальдегид. Формалиннің дезинфекциялық қабілеті өте жоғары. Сондай-ақ тотияйын ерітіндісінен арзандау. Ормалин ваннасын қолданған кезде еден таза және құрғақ болуы тиіс. Формалин тұяқтың жұмсақ жеріне енген кезде тұяқтың буынын және тұяқтың өзін қатты тітіркендіреді. Мал тұяқтарын күтудің басты шарттары олардың дұрыс пішінін сақтау мен қалыпты қызметін атқарылуында. Мал тұяғының ауруға ұшырауына мынандай жағдайлар себебін тигізеді: малды күнделікті серуендетпеу, қорадан сирек немесе мүлдем шығармау, дұрыс азықтандырмау, қорада және жайылымда бағуды нашарлату, тұяқты тұрақты тазаламау, тұяқты дұрыс тағаламау және т.б. мал тұяқтарының ауруларының алдын алу мен емдеу шаралары екі бағытта жүргізіледі: тұяқтың мүйіз тұраларын қалыпты қалыпты өсуі мен дамуын, табан мүйізі, жерсоғар сүйектері мен сүйір ұштарының жарақатын, жарылып- шытынауын, соғылуын және шіруін болдырмау.Шамадан тыс өскен және бірқалыпты мүжілмеген мал тұяқтарын оқтын-оқтын жонып, арнаулы құралдармен табандарын тазалау қажет. Бұл үшін тұяқ жонар пышақ, қашау, балға, түрпі және қысқаш тістеуіктерді пайдаланады. Тұяқ тазалауды белгілі бір тәртіппен, алдымен табаны мен қайырмалы қабырғасын, содан соң сүйір ұшын, ең соңында мүйізді сүйектің табан жиегін тазалау жүргізіледі.Әр мезгілде тұяқты кесіп тұру немесе оның бірқалыпты қажалуы, тұяқтың біркелкі және түзу басына, оның формасының дұрыс болуына өз ықпалын тигізеді.
Жылқының тұяғын күтудің ең басты жағдайы дер кезінде және дұрыс тазалау. Оларға тағаны қыс және жаз мезгіліне қарай, сондай-ақ жылқыны жегу ерекшелігіне қарай таңдайды.
2.4 Малды жайылымда бағуға дайындау және ауыстыру.
Малды жайылымға ұстауға ауыстырар алдында шаруашылықтың ветеринариялық шараларының жоспары бойынша малды тексереді және ветеринариялық- санитариялық шаралар жүргізіледі: әлсіз, ауру және ауруға күдікті малды анықтайды; сәйкесінше ем тағайындайды; созылмалы індеттерді анықтау үшін арнайы диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Індетті ауру малды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринариялық заңдылыққа сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық зерттеулер жүргізеді. Ауру малдар және қарауыл иттерді дегильментизациялайды. Тері бөгелегімен зақымданған барлық малды тоғышардың балаң құртын жою үшін арнайы өңдеуден өткізеді. Жайылымға шығар алдында малға топырақ індеттерінің алдын алу үшін дуалық вакцина егеді.
2.5 Спорт жылқысын серуендету.
Серуендетудің мал организміне тигізетін әсері. Амлды серуенге жібермеудің немесе серуеннің өте аз болуына мал аз қимылдаса үлкен мидың қыртысының қызметіне кері ықпал етуі мүмкін. Соның салдарынан жүйке жүйесінің тітіркену қызметі төмендейді, қажиды және жүйке жүйесінің тітіркену қызметі бұзылады. Гипаталамо- гипафизарлық жүйеден бөлінетін гормондардың синтездік қабілеті бұзылады. Жүрек-қан тамырларының, тыныс алу органдарының, бауырдың, ас қорыту жүйесінің, ішкі бездердің қызметтері бірден төмендейді.
Таза ауада малды серуендету организмнің жалпы жағдайын жақсартушы құрал ретінде қызмет етеді. Ол- мал организмін шынықтырып, ауа райының құбылмалылығына, әсіресе температуралық өзгерістерге бейімдейді, ересек малдың өнімділігін және өсіп келк жатқан малдың тірілей салмағын арттыратын өте қажетті жүйе. Гиподинамия кезінде организмдегі зат алмасу прцесі төмендейді. Соның салдарынан малдың өсуі, дамуы, өнімділігі және т.б төмендейді. Осы жағдайды дер кезінде жоймаса мүшелер мен ұлпаларда O2 жетіспеуі артады, кетоздың субклиникалық( жасырын) формасы, остеодистрофия, организмнің қорғаныс және бейімділік қызметі төмендей бастайды.
Серуеннің түрлері және оларды қолдану әдісі. Пассивті серуен малды асты қатты серуен алаңына, жабық қалқа астына шығару, мұндай алаңға мал қорадан өз еркімен шығып тұрады және таңертең кешке бір мезгіл малды далаға шығарып тұрады. Осылай серуен алаңына шығару уақыты орташа есеппен алғанда ірі мал үшін 3-4 (2-6) сағат болуы керек. Малды серуенге шығаруға біртіндеп үйрету керек. Ал қысты күні суықта шығармайды. Асыл тұқымды және төл алатын шаруашылықта таза ауада активті серуен ұйымдастырған жөн. Ол үшін арнайы серуен жолын жасайды, мұндай жол қора мен алаң арасында болғаны жөн. Себебі осы алаңда мал ірі азықпен азықтанады. Жолдың ұзындығы 3-5 км кем болмауы керек. Бұқаны арнайы жолмен жүргізеді немесе шеңбер бойынша жетекпен жүргізеді. Айғырды және жұмысқа жегілмейтін жылқыны жеңіл арбаға жегіп немесе мініп желдіреді.
2.6 Спорт жылқысын шынықтыру.
Шынықтыру дегеніміз- организмнің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, яғни климатқа, микроклиматқа төзімділігін арттыру. Шынықтыру феномені деп организмнің жаттығу арқасында жаңа уақытша рефлекторлы байланысының пайда болуын айтады. Осының салдарынан организмде сол жерге тиімді бейімделу реакциясы іске асады. Шынықтыру кезінде ең басты прцесс организмдегі температураны реттеуге қатысатын физиологиялық жүйенің белсенділігі. Малды жаттықтырудың арқасында организмде өтетін физикалық, химиялық және физиологиялық өзгерістер азаяды. Бұзауды және қозыны төмен температурада өсіргенде организмдегі физикалық температура реттеу механизмінің қалыптасуы жеделдейді. Сондықтан төмен температурада жас төлде 4-күні осындай механизмнің қалыптасуының белгісі байқала бастайды, ал 10-күні суық ортаға қарсы организм реакциясын жұмылдырып, оған бейімделе бастайды. Шынықтыру кезіндегі дене температурасын реттеу механизмін қалыптастырудан басқа терінің кедергілік қызметі де арта бастайды. Соның салдарынан жүннің, әсіресе оның түбітінің өсу қабілеті жоғарылайды, терінің эпидермистік қабаты қалыңдай бастайды. Әрине, ең соңында организмде жылу көп сақталуына жағдай туғызады және індет ауруына қарсы организмнің төзімділігі артады. Мал шаруашылығында және медицина практикасында шынықтыру шараларын жүргізу кезінде бірнеше негізгі бастаманы біртіндеп жүйелі түрде және жан-жақы жинақтылықпен өткізуге тырысу қажет:
Алғашқы принцип шынықтыру факторларын күннен күнге жиілетіп, оның уақытын және әсерін тигізу мүмкіндігін одан ары қарай ұзарта берген жөн.
Екінші принцип шынықтыру шаралары жүйелі түрде бір мезгілде тұрақты жүргізілуі керек.
Үшінші принцип организмді шынықтыру әр тарапта жүргізілуі тиіс. Шынықтыру әсіресі ауа, су және т.б. процедуралар әр түрлі жүйеде жүргізуді талап етеді. Таза ауада серуендету ол жүйке жүйесін сергітеді, температураны реттеу аппараттарын шынықтырады, зат алмасу және организмдегі органдар мен жүйелердің қызметін арттырады.
2.7 Малға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
Ат қоралар таза, жарық және құрғақ болуы керек. Оның ауасы табиғи желдеткішпен қамтамассыз етілуі тиіс. Атқоралар жылқы тұратын бірнеше әжірелерден (денник) тұрады. Әр атқора аттың әбзелдері, құрал-саймандары, әр түрлі керекті жабдықтары сақталатын бөлімдері, жем-шөп қоры тұратын орны болады. Ат күтуші шабандоз бен тренерлнрге арналған жеке бөлмелермен де қамтамассыз етіледі. Спорт жылқысы тұратын әр әжіренің көлемі 2,0х2,5 м. Әр әжіренің ішінде өзі ашылып-жабылатын автоматтандырылған су ішетін ыдыс және ірі азық пен жем салынатын астау қойылады. Әжіренің едені саз балшықтан немесе асфальттан жасалады, оның еденіне ұсақ ағаш ұнтағы немесе арнайы шөптер төселеді.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда. Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс.
Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан- 5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс. Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.
Биелер мен айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі, жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі, ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер, суықтату камерасы және лаборотория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік объектілер, манеж, автотаразы, канализация, су, электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем- шөптің, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz