Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Жоспары:
Кіріспе бөлім:
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Негізгі бөлім:
а) Хордалылар типі. Басхордалылар класы
ә) Хордалылар типі. Жақсыздар немесе дөңгелек ауыздылар класы
б) Хордалылар типі.Сүйекті балықтар класы
в) Хордалылар типі. Қосмекенділер класы
г ) Хордалылар типі. Бауырымен жорғалаушылар класы
д ) Хордалылар типі.Құстар класы
е) Хордалылар типі.Сүтқоректілер класы
Қорытынды бөлім:
Хордалылар систематикасы
Хордалылар типіне жануарлар дүниесінің эволюциялық қатарының ең жоғарғы сатысында тұрған организмдер жатады. Тип өкілдерінің сырт көрінісі мен құрылысы, тіршілік ету тәсілдері бәрінде бірдей емес. Өйткені, бұл типке өзімізге таныс ланцетниктер, балықтар, бақалар, кесіртке мен жыландар және әр түрлі құстар мен аңдар жатады. Тіпті адам да осы типтің өкілі. Тип өкілдері ішінде сырт көрінісі құртқа ұқсаған түрлер де бар. Бірақ, тип өкілдері осындай әр алуан өзгешеліктеріне қарамастан, олардың құрылысында бұларды бір-бірімен жақындастыратын, бәріне ортақ бірнеше белгілері бар.
Бәрінің де денесінің ұзына бойына созылып жатқан ішкі тірек қаңқа хордасы болады. Хордасы солқылдаған серпімді созылып жатқантұтас зат. Төменгі сатыдағы хордалыларда хорда өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбриональдық даму кезінде мезодерма қабатынан дамиды.
Хорданың үстіңгі бөліміне нерв жүйесінің орталығы нерв түтігі орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын - невроцель деп атайды. Нерв түтігінің құрылысы барлық хордалылар үшін тін сипат. Дамудың барысында барлық хордалыларда нерв түтігінің алдыңғы бөлігі өсіп, үлкейіп бас миына, ал қалған бөлігі жұлынға айналады. Орталық нерв жүйесінен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды.
Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлігі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды - желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да (личинка хордалыларда - асцидия, бас сүйексіздер - ланцетник, бас сүйектілердің ішінде - дөңгелек ауыздылар, балықтар, ұрықтың даму кезінде қосмекенділер) өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтың даму кезінде болады да, содан кейін жойылып кетеді.
Жоғарыда айтылған үш негізгі ерекшелігімен бірге тағы да басқа хордалыларды сипаттайтын ерекшеліктері бар. Ол хордалылардың денесінде екінші реттегі қуыстың (целом) пайда болуы. Хордалылар екінші ауызды жануарлар. Суда және құрлықта тіршілік ететін бұл жануардардың 50 мыңға жақын түрлері белгілі. Кейбіреулері ұшуға бейім, көпшілігі еркін қозғалады. Хордалыларға бас сүйексіздер, личинка хордалылар, дөңгелек ауыздылар (миногалар мен личинкалары), балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.
Классификациясы. Хордалылар типі өз ерекшеліктеріне қарай үш тип тармағына бөлінеді.
1. Личинка хордалылар - Urochordata, өкілі асцидия, сальпылар.
2. Бас сүйексіздер - Acrania, өлілі ланцетник.
3. Бас сүйектілер немесе омыртқалылар - Craniata немесе Vertebrata, өкілі ит, балық т.б.
Хордалылардың маңызы. Хордалылардың теориялық және практикалық жағында маңызы зор. Барлық үй жануарлары осы хордалылар типіне жатады (ет, сүт, май, тері, т.б.).
Көптеген хордалылардың кәсіптік маңызы бар (бұлғын, қара күзен, ондатыр, суыр, зорман т.б.). Хордалылардың кейбіреуі ауыл шаруашылығының зиянкестері (кеміргіштер-тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар, көптеген түрлері орман, балық және аңшылық шаруашылықтарына зиянды әсерін тигізеді. Хордалылар типінің өкілдері адамдардың және ауылшаруашылық малдарының қауіпті ауруларын сақтаушы және тасушы қызметтерін атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, энцефалит т.б.
Личинка хордалылар тип тармағы - Urochordata немесе туникаттар - Tunicata. Личинка хордалыларға - асцидиялар, сальпылар және аппендикуляриялар жатады. Олар мұхиттар мен теңіздерде кеңінен тараған. Личинка хордалылардың шамамен 1100түрі белгілі, оның 1000 түрі су бетіндегі заттарға бекініп отырып тіршілік ететін асцидия класына жатады. Көптеген асцидиялар жеке жүріп тіршілік етеді, ал қалғандары бірнешеуі бірігіп колония құрады. Олардың басқа хордалылардан айырмасы ересек личинка хордалыларда хорда мен нерв түтіктері болмайды, керісінше личинкалық дәуірде типтің барлық негізгі қасиеттері анық, көрінеді. Личинкалық дәуірінде желбезек, хорда және нерв түтіктері болады.
Дене құрылысы. Денесі туника деп аталатын қалың қабықпен қапталған қап тәрізді болады. Денесі екі үлкен тесік арқылы (сифондар) сыртқы ортамен қатынас жасайды. Екі тесіктің біреуі ауыз сифоны арқылы организмге су кіреді де, төменірек орналасқан екінші клоака сифоны арқылы су сыртқа шығады.
Нерв жүйесі. Ауыз және клоака сифондарының аралығында орналасқан нервтері қуыс емес. Нерв жүйесі нашар дамыған, жұтқыншақтың үстінде жатқан кішкентай ганглиядан денеге бірнеше нерв талшықтары тарайды. Сезім мүшелері жетілмеген өте жұқа ет-тері қапшығы бар.
Қан айналу жүйесі. Қан айналу жүйесі ашық. Қан жүректің жиырылып-жазылып тұруы нәтижесінде қозғалады. Жүректен барлық мүшелерге қан тарайды, оның ішінде жұтқыншақта жатқан желбезек тесіктері тыныс алу қызметін де атқарады. Өйткені су мен кірген оттегі газ алмасуға қатынасып, организмдегі оттегімен қамтамасыз етеді.
Зәр шығару жүйесі. Арнайы зәр шығару мүшесі жоқ. Қортылмаған қалдықтар кейбір клеткаларда жиналып сол организм ішінде қалып қояды.
Ас қорыту жүйесі. Кіретін ауыз сифоны арқылы сыртқы ортамен қатынас жасайтын ауыз қуысынан басталады. Ауыз жұтқыншақпен, жұтқыншақ асқазанмен және таға тәрізді ішекпен, ішек сыртқа шығатын сифонға ашылатын аналь тесігімен жалғанады. Су ағынымен ілесіп келген ұсақ организмдер мен органикалық бөлшектер жезді науашық эндостильдің түбіне жиналып, эпителий кірпікшелерінің қозғалуының арқасында, шырынға оралған қоректік заттар ішекке түседі де сол жерде қорытылады.
Көбеюі. Тіршілік ету ортасына бейімделгендігі соншалықты, олар тек жынысты жолмен ғана емес, жыныссыз жолмен де көбейеді. Личинка хордалылардың бәрі қос жынысты (гермафродиттер). Ұрықтану аналығының ішінде және сыртқы ортада болады. Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқалардан өз бетімен жүзетін личинкалар дамиды. Олар ересектеріне ұқсамайды. Көптеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады. Асцидияларда отырып тіршілік етуіне байланысты көпшілік мүшелері дамымаған.
Дамуы. А. О. Ковалевский асцидияның дамуын мұқият зерттегенге дейін, жануарлар жүйесінде олардың орны белгісіз болып келеді. Ғалым өзінің зерттеуінің нәтижесінде асцидияның дамуы ланцетниктердің эмбрионалдық дамуына ұқсас екенін және личинкаларының да дене құрылысының ұқсастығы олардың да құйрық қанаттары арқылы қозғалатынын көрсетті. Личинкаларында хорда мен нерв түтіктері жақсы дамыған. Личинкалары өз бетімен бар болғаны бір күн кейде бірнеше сағат қана жүзіп жүреді де су астындағы бір заттарға бекініп отырып тіршілік етеді. Бір жерде бекініп тіршілік етуіне байланысты денесі өзгеріске ұшырайды, атап айтқанда хорда нерв түтіктері дамымай жойылып кетеді. Сөйтеді де денесі ересек асцидияның дене пішініне ұқсап қап тәрізді болады.
Бас сүйексіздер тип тармағы - Acrania. Бас сүйексіздер - мейлінше қарапайым, бірақ хордалылардың барлық қасиеті сақталынған сан жағынан аздау (шамамен 20 түрі бар) теңіз жануарлары. Хордалылардың үш қасиеті өмір бой сақталады. Бас сүйексіздердің ішінде ғылымға белгілі өкілі ланцетник - Branchiostoma lanceolatum. Ланцетник ұзындығы 8 см , екі бүйірі қысыңқы кішігірім жануар. Көбіне теңіздің таяз жерлерінде құмға кіріп, тек бас жағын шығарып жатады. Бас сүйексіздердің денесінің соншалықты қарапайым болып келуі, олардың өмір сүру жағдайына тікелей байланысты. Олар теңіздің таяз жерлерінде тіршілік етеді, көпшілігі уақыттарын судың түбінде, құмда өткізеді. Олардың қорегі судың ішінде кездесетін ұсақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесі.
Бас сүйектілер тип тармағы - Craniata немесе омыртқалылар - Vertebrata. Омыртқалылар - хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің, денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасыны ң жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, жетілген нерв жүйесі, қозғалмалы жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Жақ сүйектерінің ұстау, тамақтарын ұстау қызметтері - төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалыларда өте жоғары жәрежеде дамыған. Осы қажеттіліктің нәтижесінде денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да ас қорытатын арнайы бездер - бауыр мен ұйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі.
Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқалылар тіршілікке қолайлы жердің бәріне де таралады. Демек эволюцияның барысында омыртқалылар бейімделгіш қасиетін анық көрсетеді. Омыртқалылар силурда, палеозойдабелгілі болды, ал юра (мезозой) кезеңінде қазіргі тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлық класы белгілі болды. Қазіргі уақытта омыртқалылардың 43000 түрі белгілі. Олар 6 класқа бөлінеді.Дөңгелек ауыздылар класы (Cyclostomata); Балықтар класы (Pisces); Қосмекенділер класы (Amphibia); Бауырымен жорғалаушылар класы (Reptilia); Құстар класы (Aves) ; Сүтқоректілер класы (Mammalia).
Бұл кластар жекеленген екі топқа бөлінеді.
1. Жақсүйексіздер (Agnatha) - жұп қанаттары жоқ және жақсыз сорғыш ауызы бар. Оларға қазіргі тіршілік етіп жатқан дөңгелек ауыздылар класы (Миногалар мен Миксиндер) және девон кезеңінде өліп біткен түрлері (щитковые)жатады.
2. Алғашқы жақтыларға (Gnathostomata) барлық қалған кластар жатады. Олар өз ретімен бірінші рет суда тіршілік ететін балықтар мен қосмекенділеранамния және құрлықта тіршілік етуге бейімделген амниота омыртқалылар тамақтарына бөлінеді.
Дөңгелек ауыздылар класы - Cyclostomata.
Дөңгелек ауыздылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz