Балықтың құрылымы мен физиологиялық ерекшеліктері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

I. Кіріспе

Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде дами бастады. Қазіргі кезде су айдының көлемі 6 мың гектардай болатын тоған шаруашылықтары бар. Оларда негізінен тұқы тұқымдас балықтар өсіріледі. Ішкі су көздерінен ауланатын балықтар жоғарғы сапалығымен құнды. Оларда адам организіміне аса пайдалы белокты заттар көп болады. Қортпа, бекіре, көксерке, сазан сияқты тағамдық сапасы жоғары балықтар тек қана ішкі су көздерінен- тоған, су қоймалары, өзен-көл, қара сулардан ауланады. Сондай-ақ бағалы қара уылдырық та осы ішкі су көздерінің байлығы.

Балықтардың Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар -2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1, 5 граммнан 12 - 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т. б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Балықтар - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т. б. ) . Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады .

Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы өзендердің ағын суын толығымен егіске және басқа халық шаруашылығы мақсаттарына пайдалану нәтижесінде табиғи су көздері жыл сайын азайып, олардан балық аулау мөлшері де күрт кеми түсуде. Республикадағы ірі табиғи су көзі- Арал теңізі осылайша балық шаруашылығы жөніндегі өз мәнінен айырылды, ал Балқаш пен Алакөл және Бұқтырма су қоймасының деңгейі төмендеп келеді. Әйтсе де балық өндірісі өз мәнін жоймақ емес. Алдағы кезде балық өнімдерінің елеулі бөлігі ішкі су көздерін тиімді пайдалану, тауарлы балық шаруашылығын өркендету арқылы алынбақ.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Балықтың құрылымы мен физиологиялық ерекшеліктері.

Балықтардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1, 5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек , т. б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен ( бас, кеуде, құйрық ) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты.

Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ - тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия , т. б. ) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т. б. ) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді.

2. 2. Теңіз бен көлдегі балықтар

Каспий жер жүзіндегі ең ірі теңіздердің бірі. Ол көлемі жағынан дүние жүзінде екінші орын алады. Солтүстік Америкадағы Верхний көлінен 5 есе үлкен. Теңіздің суы тұзды, дегенмен оған Волга мен Орал өзендері құйылады да, оны біркелкі тұщыландырып отырады, мұның өзі балықтың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасайды. Онда кәсіптік маңызы бар балықтардың жүзге жуық түрі мекендейді. Ал солардың 33 түрі басқа ешбір суларда кездеспейді. Каспий теңізінен көбінесе бекіре тұқымдастар: бекіре, шоқыр, құртпа, мекіре; майшабақ, сазан, тыран, қаракөз, қызыл балық, жайын, шортан, миноға, табан, т. б ауланады. Теңіздің тағы бір артықшылығы, Каспий ТМД елдері бойынша ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 70% береді. Балықты көбіне қыс, көктем, күз айларында аулайды. Ал маусым айынан бастап, тамыз айына дейін балық аулау тоқтатылады.

Құртпа (белуга) . Бұл кәсіптік балықтың ең ірісі және бағалысы. Ұзын денесі сымбатты. Ірілерінің салмағы 1100кг дейін тартады. Аналығынан 100кг мөлшеріне жуық өте бағалы қара уылдырық алынады. Жыныс бездері 15-16 жасында жетіледі. Уылдырығын екі жылд бір рет - сәуір айының аяғы мен мамыр айының бас кезінде шашады. Олар 100 жылдан астам өмір сүреді, жас тюленьдер мен балықтарды жеп қоректенеді.

Картинки по запросу рыба белуга

Сурет 2. 2. 1 - Құртпа балық

Бекіре (осетра) . Ұзындығы біркелкі 2, 5м, салмағы- 160кг. Ал жаппай ауланып келген бекіренің орташа салмағы 16-32кг тартады. Уылдырығын шашарда маусым айынан бастап, тамыз айына дейін өзенге өтеді. Келесі жылы сәуір- мамыр айларында теңізге қайтып оралады. Бекіре шаян тәрізділермен және моллюскалармен қоректенеді, ұсақ шабақтарды да жұтып жүре береді. Бекіренің еті дәмдә, уылдырығы өте бағалы.

Картинки по запросу рыба осетра

Сурет 2. 2. 2- Бекіре балық

Сазан. Тұқы тұқымдасына жататын балық. Сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cазаны (Сазан Cyprinus carpіo) және Арал сазаны (Сазан Cyprinus aralensіs) бар. Біріншісі - Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. Ересектерінің ұзындығы 40 - 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2, 5 (ірілері 20) кг-дай болады.

скачанные файлы images (1)

Сурет 2. 2. 3 - Сазан балық

Шоқыр (севрюга) -бекіре тұқымдасына жататын балық.

Негізінен Қара, Азов теңіздерінде тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий теңізінде, оған құйылатын Жайық өзенде таралған. Дене пішіні жебе сияқты созылған. Тұмсығы ұзын (ол басының ұзындығының 60%-дайын алады), мұртшасы қысқа. Арқасы бүйір сүйектеріне дейін қара, бауыры ақшыл түсті. Балықтың ұзындығы 160 см, салмағы 14 кг-дай. Ұзындығы 220 см, салмағы 68 кг-ға дейін болатын түрлері бар. Көктем мен күзде, сәуір айынан бастап, тамызға дейін уылдырық (475 мың, диаметрі 3 мм-дей) шашады. Уылдырық шашып болған ересек балықтар мен шабақтары теңізге ойысады да, мұнда қорек іздеп, қоныс аударып отырады. Майда шабақтары зоопланктонмен, ал ересектері ұсақ балықтармен және моллюскалармен қоректенеді.

images (2)

Сурет 2. 2. 4 - Шоқыр (севрюга)

Көксерке. Алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Бұлар табиғи жағдайда Балтық, Қара, Азов, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптары және Эгей теңізіне құятын Марица өзенінде кездеседі. Қазақстанда Жайық - Каспий, Сырдария - Арал, Сарысу, Балқаш - Алакөл, Талас, Ертіс, Нұра су алаптарында тіршілік етеді. Ұзындығы 35 - 45 (91) см, салмағы 400 - 900 (11, 3 кг) г. 10 - 12 (16) жыл тіршілік етеді. Ұзынша денесі екі бүйірінен сәл қысыңқы. Жақтары мен таңдайында шошақ тістері бар. Майда қабыршағы құйрық қанатының түбіне шейін, басында желбезек қақпағына дейін жауып жатады. Бүйірінде 9 - 14 қоңыр көлденең жолақтары бар, майдаларында анық көрінеді. Жақын орналасқан екі арқа қанатының біріншісі тек тікенекті талшықтардан тұрады. Кеуде, құрсақ және аналь қанаттары ақ немесе солғын сары түсті болады. Арқа және құйрық қанаттары көптеген майда қоңыр дақтардан шұбар болып көрінеді.

скачанные файлы (1)

Сурет 2. 2. 5- Көксерке

Тұқы. Тұщы суда тіршілік етеді, араларында өткінші түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек Оңтүстік Америка менМадагаскарда кездеспейді), 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90-ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар - кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т. б. ) . Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді (тұқы, табан, ақ амур, дөңмаңдай, т. б. ) . Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас - өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

images (3)

Сурет 2. 2. 6- Тұқы

Шортан. Албырттар отрядының өзі аттас тұқымдасына жататын балық; ірі жыртқыш, шортан тәрізділер отрядының бір тұқымы. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 1, 1 м-ге, салмағы 16 кг-ға жетеді, арқа қанаты аналь (құйрықасты) қанатының деңгейінде, басы жалпақ, ұзын жақтарының астыңғысы үстіңгісінен ілгері ұмсынған. Аузы үлкен, онда көптеген тістері бар, тістерінің өткір қырлары артқа қарай иілген, сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. Түсі өзі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады, бүйірінде көлденең жолақты ірі қоңыр түсті дақтары болады.

images (4)

Сурет 2. 2. 7- Шортан

Маринка. Денесі ұсақ қабыршықпен қапталған, тұрқы 20 см -ден 1 м -ге дейін, салмағы 2-12 кг . Басы жасыл сары, арқасы қара көк, бауыры сары түсті. Аузының екі жағында екі жұп мұрты, жұтқыншағында үш қатар тістері болады.

Жыныстық жағынан 3-4 жылда жетіледі. Уылдырығын сәуір-майда судың температурасы 15-18С жеткенде 1-2 м тереңдікте, құмайтты жерге салады. Шикі уылыдырығы жеуге жарамсыз. Іле Маринкасы - балықпен, кәдімгі Маринка - омыртқасыздармен, Балқаш Маринкасы - шөппен қоректенеді. Балқашта ауланатын Маринканың кәсіптік маңызы бар.

скачанные файлы (2)

Сурет 2. 2. 8- Маринка

2. 3. Балық өсіру жүйелері.

Балық өсіру - балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру - өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ( мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т. б. ) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші ( көксерке, тыран, сазан, торта, т. б . ) және өткінші балықтарға ( бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т. б . ) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады . Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге ҚHYPERLINK "http://kk. wikipedia. org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7"араHYPERLINK "http://kk. wikipedia. org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7" теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т. б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері ( ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т. б. ) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар ( Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т. б. ) бар.

Балық өсіру жүйелері

1. Толық жүйелі шаруашылықтар

2. Толық жүйелі емес шаруашылықтар

Балық шаруашылықтарының өркендеуі мен өнімділігінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептер:

1. Жұқпалы аурулар - кавиоз, крипобиоздар, қызамық, балық торсылдағының қабынуы.

2. Лас сарқынды қалдық сулардың құрамындаңғы улы заттар және пестициттермен улануы.

3. Басқа да биотикалық және абиотикалық жағдай факторлар мен себептер (су көзінің физикалық, химиялық, биологиялық құрам қасиетіне байланысты. )

2. 4. Балық өсіретін жасанды тоғандарды жобалау және жоба түрлері.

Жоба дегеніміз - құрылыста тиімді іс-жүргізудің әдісімен объектіні дұрыс пайдаланудың жолдарын көрсететін құжаттар жиынтығы болып табылады. Жоба түрлері : 1. Дербес жоба

2. Экспериментальдық жоба

3. Қайта қоланылатын жоба

4. Типтік жоба

Дербес жоба-айрықша сирек объектілер үшін жасалынады. Оны ғимаратты, немесе кешенді құрылыстарда тек бір-ақ рет салу үшін қолданылады.

Экспериментальдық жоба - тікелей өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу негіздеріне: жануарларды күтіп-бағудың жаңа технологиясы, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың айырықша жүйесі, құрылыстық жаңа шешімдер т. б.

Қайта қолднылатын жоба - жобалар барынша сәтті жасалған дербес жобаларды қайтадан қолдану керек болған кезде пайдаланылады.

Типтік жоба - біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған. Олар өзінің орны мен негізгі парамертрлері жағынан көп қолдануға болатын жобалық шешім.

Типтік жобаның құрамы- ғимараттың немесе құрылыстың типтік жобасына құжаттардың мынадай түрлері жатады: жұмыс сызықтары, сметалар, құрал жабдықтарға анықтама.

Негізгі жоба мына талаптарға сай болуы керек:

1. Технологиялық: негізгі және қосымша зоналардың орналасуында;

2. Көліктік: жүк тасымалдауға ыңғайлы;

3. Экономикалық: кешендердің болашақта дамуын ескере отырып;

4. Инженерлік-техникалық: өрт қауіпсіздігі және т. б ережелерді сақтай отырып;

5. Санитариялық- гигиеналық және зооветеринарлық.

Негізгі жоба: жобалық құжат, онда қажетті территориялардың көлемі барлық ғимараттар мен құрылыстар, олардың орналасуы, жалпы шешімдердің экономикалық тиімділігі белгіленеді.

Жобаны сараптаудан өткізудің негізгі мақсаты: Мал денсаулығын қорғауға және өнімділігін арттыруға бағытталған ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету, фермаларды індеттен және басқа аурулардан сақтау, жұқпалы аурулардың алдын-алу және мал өлімінен сақтандыру, ветеринариядағы ауыр еңбекті механикаландыру, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау, ағын суларды өндірістік қалдықтармен ластанудан сақтау.

Жобалық тапсырма- жобаға талаппен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы заказ беруші белгілейді және мынандай маңызды деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, объектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп-бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық-гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық- санитариялық

талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Тапсырмада құрылыс салудың айрықша жағдайларына байланысты негізгі деректер(топырақтың құрамы және т. б), өнім түрлері мен оларды пайдалану аймақтары, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін және оны салу кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен, электор қуаты мен қамтамасыз ететін негізгі көздер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүргізу үшін негізгі мүмкіндіктер, ағын суларды тазарту мен ағытып қалпына келтіру жобасын жасау туралы талап, кәсіпорынды кеңейту мүмкіндігі, құрылыс объектілерін іске қосу кезегі, құрылыс және монтаждау жұмыстарын аяқтаудың белгіленген мерзімі, жобалау сатылары, жоба түрлерін жасауға талап атап көрсетіледі.

Түсініктемелік жазба- шындап келгенде бұл жобалаушылардың негізгі түпкі құжаты. Онда мынадай деректер келтіріледі: таңдап алған құрылыс алаңын негіздеу, отынға, суға, жылу және электор көздеріне, еңбек ресурстарына қажеттілік және осы қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері, технологиялық процестермен және жалпы көлікпен, энергетикалық және санитариялық-техникалық құрылғылармен біріктірілген барлық өндірістік және қосымша құрылыстар мен құрылғылардың өзара орналасуын көрсететін бас жоспар бойынша мәліметтер, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі шаралар енеді.

Жаңа бөгет салар алдында оның жобасын дайындаған кезде төменгі жағдайларды ескеру кажет:

1. Бөгет жасауға келісілген учаскіде гидротехник пен балық өсіру маманының рұқсатынсыз құрылыс жұмысын бастауға болмайды;

2. Тоғандардың шаруашылық қажеттерін өтеумен қатар, балық өсіру мүмкіндіктері ескеріледі.

3. Су ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлерге атап айтқанда, бос жатқан өзен арнасына, бұлақ алабына, сайларға толтырылады.

Ал енді фабрика, заводтағы басқа өндіріс орындарының қалдық сулары құйылатын өзен мен бұлақтардың бойына бөгеттер салуға болмайды.

Сурет 2. 4. 1-Тауарлы балық тоғандарының типтік жобасы

Сурет 2. 4. 2-Таңдаулы жоба

Тоған салу жұмыстары гидротехниктің немесе аудандық су шаруашылығы мекемелерінің басшылығымен жүргізіледі. Балық шаруашылығының тоғандық қоры су қоймаларынан тұрады. Ежелгі әдіспен жасалған азын-аулақ тоғандар жыл сайын жаңа конструкциялық құрылыс әдістері бойынша салынған тоғандармен молыға түсуде. Тоғандарды көлеміне қарай үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа, негізінен, еліміздегі алғашқы бесжылдық кезінде құрылған балық өсіру шаруашылықтары жатады. Олардың әрқайсысының көлемі 500 гектар шамасында, балық қоңдандыратын тоғандарының аумағы 25-30 гектар, ал кей жағдайда 50 гектарға жетеді. Мұндай тоғандардан балық мол ауланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық белгілері және патогенезі
Бекіре балықтарын өсіру технологиясы
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Балық және балық өнімдерін мұздату
Экологиялық факторлардың балықтарға әсері
Тұқы балығын қолдан өсіру
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Ауруды тарататын ауру балықтар
Балықтардың қоректенуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz