ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу



Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 3 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 4

1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Дүние жүзілік мұхиттарға
шолу  ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Мұхиттардағы табиғат байлықтарының игерілу және олардың
экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. МҰХИТТАРДЫҢ ТІРШІЛІК
ДҮНИЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Тынық
мұхитының табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .. 18
2.2 Атлант
мұхиты табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 20
2.3. Үнді мұхиты табиғаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..24
2.4. Солтүстік Мұзды
мұхиты табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 4 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:  Мұхит суында организмдердің тіршілігіне
қажетті барлық заттар бар.Мұхиттың барлық қабатында тіршілік дамыған.11мың
м тереңдіктегі Мариан науасында да,тіпті,жаңа жер қыртысы түзілетін,Жердің
терең қабатындағы жарықтар арқылы магма шығып жататын,температурасы жоғары
және қысымы өте үлкен болатын жерлерде де тіршілік бар.

Мұхиттағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға,су бетінен аса үлкен
тереңдікке дейін алуан түрлі болады.Сондықтан мұхиттағы тіршіліктің алуан
түрлігі таңғажайып.Онда жай көзге көрінбейтін бактериялар,бір клеткалы
өсімдіктер және ұзындығы 80 метрге дейін жететін теңіз балдырлары,өте ұсақ
жәндіктер мен алып көк киттер тіршілік етеді.Онда тіршілік ететін
өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алуан түрлігі жөнінен мұхитты құрлықпен
салыстыруға болады. Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып
табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Материктер мен мұхиттардың географиялық қабық шегіндегі даму заңдылықтарын,
олардың өзара байланысын кеңінен ашып, материктер табиғатының ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтап, әр материк пен мұхит табиғатының өзіндік
ерекшеліктеріне толық мағлұмат беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

- Тақырыптың негізгі сұрақтарын  және мақсатын аңықтау;

- Мұхиттардың тіршілік дүниесіне сипаттама.

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін
мекемелерде  7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында 
қолдануға болады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 5 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Зерттеу нысаны: мұхиттар, олардың ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму,
өзгеру заңдылықтарын және өзара байланыстарын ашу.

 Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі. 

Курстық жұмыс 35   беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан,  атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 6 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

1. Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама

1.1 Дүние жүзілік мұхиттарға шолу

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит,
Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтү стік мұзды.
Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке
бөледі.

Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқта болып көрінеді- оның
бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған,
ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың
тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан
Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3,
орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана
шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық
(50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит
Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып
жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты
шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит
жеке

мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады;
сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп,
ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір
зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның
шекарасы субтропиктік және субантар ктикалық конвергенция сызығы бойымен
немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су
қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар
29200000км3, еспе су 8673000 км3, өзен мен көл суы 23250 км3, су булары
13000 км3. Жер шарының үштен екі бөлігін су

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 7 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты
құрайды.

Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м
тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит
түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай
құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып
жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай
тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының
төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей
етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын
континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық
жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына
ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені
құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км
жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте
өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км
болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды  қазаншұңқырлардың ені 1000 км-
ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының
континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен
жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте
қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы
жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын
терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі
геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған  базальтті және
оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық
тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне
ажыратады.  Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған
гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының
шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-
әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2
млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 8 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп,
мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана
өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі
жалғасуда.

Мұхиттардың негізгі гидрологиялық сипаттамасына  температура, 
тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде  күн жылуы
мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см
қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының
нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және
шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай
туады.

Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық
Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең
жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген.
Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты
шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп
–1,5–1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С;
60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура
1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, полюстік аймақтарда 0°С-
тан төмен болады, ең суық температура –2°С (полюсте мұз астында).

Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей
болғанымен оның гидрологиялық, геохимиялық реж имі әр түрлі. Мұхит суы
концентрациясы 35 гл болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа
тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік
теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-
шашынмен, атмосферамен алмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз
организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы
5(1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары
кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда
болатын түрлі газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 9 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3, басқа
қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы S – 35,00‰, максимальды
тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). Тұздылықтың маусымдық ауытқуы
100 – 150 м тереңдікте байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген
газдар да кездеседі: азот, оттек, көмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің
дамуында атмосферадан өтетін және балдырлардың фотосинтезі кезінде
түзілетін оттектің маңызы өте зор. Терең қабаттарда оттек мөлшері 2,5 – 3
мгл-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең болады.

Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы Мұхит
бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төменгі қабатында тығыздығына
байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік
ендіктерде антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық айналым
жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан
(Гольфстрим,Куросио ағыстары). Анта рктикада беткі судың горизонталь
жылдамдығы 5 – 10 смс болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол
теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс  жылдамдықтары кеми түседі
(тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа).

Температураның, тұздылықтың, химиялық элементтердің, органикалық
дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық белдемдердің
ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе,
мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен)
белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді.

Мұхит түбінде терригенді, биогенді, хемог енді, жанартаутекті және 
эдафогенді шөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік,
циркумконтинентті және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің
беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып
жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды,
қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің
құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 10 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған.
Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және
планктонды, бентосты организмдердің қабыршағына н түзілген. Хемогенді
шөгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темір-марганецті конкрец иялар мен
қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті
шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті
өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді
түзілімдер тектоникалық өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы
таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда
болған.

Мұхит суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген
күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит
қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды  шикізат
 қорлары, мұнай мен газ,сирек метал дар, қалайы, алтын, шашылымдары,  темір-
марганецті конкрециялар мен қабықшалар,  сульфид, фосфорит және құрылыс
материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд.(қойнау
қайраңында 184 млрд. ) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында,
Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-
Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздер інің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі
мұнайлы-газды аудандары саналады.

Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. 
Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер)
және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі
бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі
қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай.
Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 45-і мекендейді. Түрлердің саны
экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит
құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер,
бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға
қажетті белоктың 20%-ын береді.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 11 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және
одан гидрологиялық, метеорологиялық , климаттық режимдерімен ерекшеленетін
дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның
климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым
тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым
арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады;
мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі.
Кейбір көлдер – Каспий, Арал, Өлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ
(Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық
режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер
мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді.
Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып
біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының
орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының
құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер
қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының
континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық
ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі
және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ
(мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді.
Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың
еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа
байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0
– 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі.
Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері
таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы
көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің тығыздығы 1,01(гсм3-ге тең
болса, Қызыл теңізде 1,0287(гсм3-ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы
тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты
негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады.
Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 12 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік
түрлер (эндемиктер) басым тараған.

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті
нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы
заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-
өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі –
онда тіршілік ететін организмдердің  құрып кетуіне немесе шектен тыс
көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп
кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді
шеңбер” қалыптасуда.

Қазіргі кездегі ең үлкен проблема -мұхиттың мұнаймен және мұнай
өнімдерімен ластануы. Мұхиттың мұнаймен ластануының басым бөлігі теңіз
транспортының және қала аумақтарынан шайып әкелетін мұнайдың үлесіне тиеді.
Мұхитты мекендеушілер үшін, әсіресе, организмнің ішіне еніп кеткен жағдайда
токсикалық әсер ететін, мұнайдың ерігіш компоненттері қауіпті. Мұнайдың
төгілуінің ең бір ауыр зардабы -су бетінде жұқа мұнай қабатының пайда
болуы. Онда газ алмасу бұзылады, жарықтың суға өтуі
нашарлайды, фотосинтез жүрмегендікт ен фитопланктон қырылады. Мұнайдың ауыр
компоненттері (мазут) су табанына шөгеді, бұл бентостың  өлуіне әкеліп
соғады.

1.2 Мұхиттардағы табиғат байлықтарының игерілу және олардың экологиясы

Әлем мұхиттарының биомассасының 50% Тынық мұхитының еншiсiнде.
Мұхиттағы өмiр ағыл-тегiл және қилы, әсiресе маржан рифтар және мангр
тоғайларымен шұғылданатын Аустралия, Азия жиекте рiндегі тропиялық және
субтропиялық аймақтарда. Тынық мұхитының фитопланктоны 1300 жуық
микроскопиялық бір жасушалы балдырлардан тұрады. Бұлардың жартысына жуығы
перидинея түріне, ал одан азырақ бөлігі диатомея түріне жатады. Таяз су
және Апвелинг аймақтарында өсімдіктер өте көп. Тынық мұхитының су асты
өсімдіктері 4 мың балдыр түрінен 29 гүлді түрлеріне дейін жетеді. Тынық
мұхитының шамалы және салқын

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 13 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

аймақтарында бурыл балдырлары жаппай жайылған, әсіресе ламинария  тобынан,
Оңтүстік аймақтарында тіпті 200 м жететін осы топтың алып балдырлары да
кездеседі. Тропикті айммағында риф түзуші ағзалар болатын маржан
полиптарымен қатар фукус, ірі жасыл, танымал қызыл балдыр кең таралған.

Тынық мұхитының жануарлар түрінің әлемі өзге мұхиттағыға қарағанда 3-4
есеге бай, әсіресе тропика суларында. Индонезия теңіздерінде балықтың 2 мың
түрі, солтүстік теңіздерінде 3 мыңға жуық түрлері бар. Мұхиттың тропика
аймақтарында моллюскалардың 6 мыңға, ал Беринг теңізінде 200 жуық түрі
таралған. Тынық мұхитының жан-жануарларына тән ерекшелік олардың жүйелік
тпотары мен эндемимзмінің көнелігі. Тынық мұхитында теңіз кірпілері мен
семсеқұйрықтардың көне түлерінің көбісі, өзге мұхиттарда
(мысалы, Иордан, Гильбертидия) қалмаған балықтардың кейбір көне
түрлері, лосось балығы тобының барлық түрі Тынық мұхитында қалған.

Эндемикалық сүтқоректілердің түрлері: теңіз мысығы, дюгонь,
 сивуч, теңіз қамасы. Тынық мұхитының көптеген жан-жануарларына алыптық тән
қасиет. Мұхиттың солтүстік бөлігінде алып мидия  мен  устрицалар танымал,
экватор аймағында салмағы 300 кг жететін ең ірі моллюсктің екі жармалы түрі
тридакна тіршілік етеді. Тынық мұхитында көбінесе ультраабиссальді жан-
жануар басым. Олардың 45 түрі судың төмен температурасы мен 8,5 м
тереңдігінде, 70% эндемиктер. Осы су астында жалғыз қорек болатын топрақты
азық қылуға икемді, аз қозғалатын голотурия тірішілік етеді.

Мұхитты зерттеу жəне оны қорғау - адам баласының маңызды міндеті.
Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу
лабораторияларымен жабдықталған (мысалы, француздық Жак Ив Кусто "Калипсо"
кемесі). Арнаулы аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерге зерттеу
жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит жерттеушілерінің қарамағында
тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлік жəне басқа да күрделі
құралдар бар (мəселен, "Алвин" сүңгуір кемесі ғалымдарды 4500м тереңдікке
децін апарады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 14 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі  төрт  мұхиттың  сулары шайып жатыр.
Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен
шығанақтарды, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің  әсіресе батысы мен
шығысы күшті  тілімделген. Материктің  батысы мен оңтүстік – батыс
жағалауын  шайып жатқан  Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк 
табиғатына тигізетін әсері мол. Гольфстримның жалғасы болып табылатын 
Солтүстік Атлант жылы ағысының тропикалық белдеулерден алып келген жылы
сулары әсерінен Еуропаның  солтүстік – батынысындағы мұхит сулары қыста
қатпайды. Тұрақты соғатын батыс желдері  Атлант  мұхиты үстінде 
қалыптасатын жылы әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларын әкеледі.
Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ
аралдарының  жағалауларында  орналасқан. Мұхиттың  ең таяз жері – Солтүстік
теңіздері Доггер – Банка  қайраңы.

Еуропаның оңтүстік – батысында мұхит  ені 12 км болатын Гибралтар
бұғазы  арқылы Жерорта  арқылы Жерорта теңізіне жалғасады.

Солтүстік Мұзды мұхит  пен оның  теңіздері  Еуразияның солтүстік
жағаларына  ұласып жатыр. Солтүстік Мұзды  мұхит – ең суық, ең таяз, 
ауданы жағынан ең кіші  мұхит.  Теңіздердің барлығы  дерлік  материктік 
қайраңда  орналасқан.  Кейбір шеткі теңіздер аралдар  арқылы бөлініп жатыр.
Мұхиттағы теңіздердің  ең үлкені – Норвег теңізі, ең кішісі – Ақ теңіз.
Мұхиттың  орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты  жоталарымен 
бөлінген  бірнеше терең қазаңшұңқырлар бар. Гренландия теңізінің
солтүстігінде мұхиттың  ең терең  (5527 м)  жері орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит атына сәйкес климатының  қаталдығымен
сипатталады. Ол мұхиттың солтүстік  полюс маңындағы  орнына қалыптасады. 
Еуразия  жер бедерінің  солтүстікке қарай жазық болуы арктикаық ауа 
массаларының оңтүстіктегі  тау белдеулеріне  дейін емін – еркін өтуіне
мүміндік береді. Оның ықпалын  еуропалық бөлікте  Атлант мұхитынан келетін
жылы ауа массалары  азайтады. Қыста  мұхит  үстіндегі  ауаның 
температурасы  шығысқа қарай -40 °- қа дейін төмендейді, жазда  0 ° — қа 
жақын. Мұз бен  қар жамылғысы қысқа  поляр    күндерінде Күн

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 15 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

сәулесінің басым бөлігін  шағылыстырып, климаттың қаталдығын арттыра
түседі.

Тыңық мұхит және оның теңіздері Еуразияның шығыс жағлауларын шайып
жатыр. Жағалаулары  аса күшті  тілімделген аралдар көп. Жағалық
теңіздердің  біраз бөлігі материктік  қайраңда орналасқан.  Шығысқа қарай 
жүрген сайын, олар терең теңіз қазаңшұқырлармен алмасады. Теңіздер мұхиттан
аралдар доғасының тізбегі  арқылы бөлінген. Олардың шығыс жағалауын бойлай,
жіңішке,  өте тереі мұхит  шұңғымалары созылып жатыр. Мұхит  түбінің мұндай
ерекше құрылымы тек Тыңық мұхиттың батыс жағалауларына ғана тән.

Тыңық мұхит үлкендігіне, барлық климаттық  белдеулерді кесіп
өтетіндігіне және мұхит табаны бедерінің күрделі болуына байланысты 
жағалауларындағы материктердің әсіресе  Еуразияның табиғатына күшті  әсерін
тигізеді. Мұхиттың жағалық бөлігіндегі ағыстардың күрделі  жүйесі және
муссондық  құбылыс Еуразия  климаттық  қайталанбас белгілерін. Әсіресе
мұхиттың  экватордан  солтүстікке қарай орналасқан  бөлігіндегі ағысар
жүйесіне    кіретін  Солтүстік пассат, Курасио, Солтүстік Тыңық мұхит ағысы
Еуразия жағалауларына жылу  мен ылғал әкеледі.

Климаттық ерекшелігіне  байланысты  су бетінің температурасы 
солтүстікте – 1 ° — тан, экватор  маңында + 29 ° С – қа дейін  жоғарылайды.
Мұхит  айдынында буланудан   гөрі   түсетін жауын – шашын мөлшері  басым
болғандықтан, су  бетіндегі  тұздылық басқа  мұхиттарға  қарағанда
төменірек болады.

Үнді мұхиты Еуразияның  оңтүстік жағалауларына  ұласып  жатыр.
Теңіздері  мен шығанақтары жіңішке  материктік қайраң арқылы су асты
жоталарымен  бөлінген  терең қазаңшұқырларға жалғасады. Мұнда ұсақ 
жанартаулық аралдар  көп кездеседі. Мұхиттың  ең шалғай теңізі – Қызыл
теңіз Еуразия  мен Африка аралығында,  литосфералық тақталардың түйісу 
аймағында орналасқан. Мұнда    Дүниежүзілік мұхитының жағалауға жақын
бөліктеріндегі ағыстар жыл мезгілдеріне қарай, жазғы және қысқы

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 16 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

муссондардың ауысуына байланысты: жазда  батыстан шығысқа қарай, қыста 
шығыстан батысқа  қарай бағытын өзгертеді.

Аса ірі  Еуразия  материгінің көршілес орналасуы  мұхит  табиғатына 
да үлкен әсер етеді. Қысы жылы, ашық ауа  райымен сипатталса, жазы ыстық,
жаңбырлы және дауылды болып келеді. Үнді мұхиты мен оның теңіздері – жер
шарындағы  ең жылы  су алаптары. Судың беткі  температурасы үнемі + 25 ° С,
+ 30 ° С болады, ең жоғары  температура (+34° С)Парсы шығанағында
байқалады.  Ал оңтүстікке қарай температура  төмендейді. Судың беткі 
қабатындағы  тұздылық барлық жерде  салыстырмалы  түрде жоғары. Мұхиттағы 
тіршілік дүниесі алуан түрлі  әсіресе солтүстіктегі   материктік  қайраң 
мен маржандық  рифтер таралған  аудандарында  айрықша бай болады. Үнді 
мұхиттыңдағы ежелден белгілі асыл тастарды теңіз түбіне  сүңгіп жинау
кәсібі күні бүгінге дейін  сақталған. Жалпы алғанда, Үнді  мұхитының алуан
түрлі  биологиялық байлығы әлі  толық зерттеліп игерілмеген.

Ішкі сулары.  Дунай – Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі. Оның 
ұзындығы – 2850 км, бассейн көлемі – 817 мың. км2.

Дунай  Шварцвальд массивінде екі бұлақтардан, 1000 м биіктікте 
басталады. Бавар тау қыраты арқылы ағып, Чехия мен Шығыс Альпінің солтүстік
байрайынның арасымен өтеді. Осылай Дунай өзені Венаға дейін 200 м
биіктікте  жоталар мен үстірттермен  ағады. Венаға дейін ағатын учаскіні
Дунайдың жоғары ағысы болып саналады. Мұнда Дунайға көп  салалар  
қосылады, оның бастылары  (Иллер, Лех, Изар, Инн)  Альпіден ағып  және
оларды мұздықтар қоректендіреді.

Батыс Азияның  ірі өзендерінің бірі – Тигр (оның ұзындығы – 1950 км)
және  Ефрат (оның ұзындығы —  2700 км) – ортақ сағасына  Персия шығанағына
құяды. Бұл өзендер Армян таулы өлкесінде басталып және Месопатамия
жазығына  шығып, көп салаларға бөлінеді. Шамамен сағасынан 190 км – де олар
Шатт –эль – Араб  деп аталатын өзенге құяды.Барлық өзендер көктемде 
еріген  қармен, жаңбырмен қоректенеді.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 17 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

Янцзы – Дүниежүзіндегі аса ірі өзендердің бірі.  Оның ұзындығы 5530 км,
бассейн көлемі  -1726 мың км2. Янцзы  Тибет  таулы қыратының орталық
бөлігінен алады.  Жоғары ағысында  өзен Цзиньшаньцзян деп аталады.  Таудан
шығып Қызыл Бассейн деп аталатын  үлкен тектоникалық қазаншұңқырға құяды, 
содан Оңтүстік –Шығыс Қытайдың  аласа болып келетін  таулардан ағады.

Мұхиттағы пластик қоқысты да мекен етушілер бар. Мұхитқа тасталған пластик
заттар судағы тіршілік иелеріне ғана емес, адамға да зиянын тигізетін
бактериялардың қалыптасуына ықпал етеді.

Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына
айналдырып жатыр. Қоқыс үйіндісін толқын су бетімен жая түсіп, оны жұтқан
немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері ең әуелі зиян
шегеді.

Бірақ пластик қоқыстар – кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар
пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды
шартты түрде пластисфера деп атайды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 18 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

2. Мұхиттардың тіршілік дүниесі

2.1 Тынық мұхитының табиғаты

Тынық мұхит – дүние жүзіндегі ең үлкен және ең ежелгі мұхит. Тынық
мұхит тек акваториясының үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер
қыртысының өте күрделі болуымен, мұхит табанында күрделі геотектоникалық
қозғалыстардың жиі жүруімен, өте тереңдігімен, жанартау атқылау мен жер
сілкіну құбылыстарының белсенді қайталануымен, суында жылу қорының мол
жинақталуымен, аралдарының көптігімен, тіршілік дүниесінің алуан
түрлілігімен және ежелгілігімен ерекшеленеді:

Тынық мұхиттың ауданы – 178,7 млн км2, Оңтүстік мұхиттың жеке
бөлінуіне байланысты 144 млн км2 дейін акваториясының ауданы кішірейеді.
Оның айдынына Жер шарындағы барлық материктерді түгелге жуық сиғызуға
болады;

Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа қарай 19 мың км, ұзындығы
солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 мың км-ге жетеді;

Тынық мұхиттағы судың жалпы көлемі 710 млн км3-қа тең, бұл Дүние
жүзілік мұхит суының 53%-ын құрайды;Тынық мұхитта Дүние жүзілік мұхиттың ең
терең бөлігі – Мариана шұңғымасы (11 022 м) орналасқан. Мұхиттағы орташа
тереңдік 4 мың метрге жуық;

Тынық мұхит ең ежелгі мұхит, ол түгелдей дерлік Тынық мұхит
литосфералық плитасында орналасқан. Геологиялық ұзақ даму тарихы бар бұл
литосфералық плита өте күрделі құрылымдардан тұрады. Мұхиттық плитаның
көршілес жатқан материктік плиталармен жымдасқан жері мұхит
табанының өтпелі аймақтарына сәйкес келеді, олар мұхит табанының 13,5%-ын
алып жатыр. Бұл бөлік терең мұхит шұңғымаларынан, аралдар доғасынан, шеткі
теңіздердің қазаншұңырлары жиынтығынан құралады. Аралдар доғасы мұхит
табанында жүретін жанартау атқылауланынан пайда болған, ол Тынық

Тараз мемлекеттік педагогикалық Ф 15-38 2-8-3
институты
Курстық жұмыс СМЖ
35 беттің 19 беті Оқу-әдістемелік
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1.Дана №1

мұхит жағалауларында Отты шеңбер деп аталатын жанартаулар жүйесін
құрайды.

 Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай және алуан
түрлі болып келеді. Олардың басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен басты
айырмашылығы – өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл
ерекшеліктер мұхит қазаншұңқырының өте ерте кезеңнен бастан қалыптасуына,
суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Екі
жарты шар тропиктері арасында жатқан Зонд аралдары мен Аустралия
жағалауындағы қайраңдарда ірі маржандық рифтер кездеседі. Рифтер пішіндері
мен түстері жағынан бір-бірін қайталамайтын таңғажайып маржандық
құрылымдарды түзеді. Олардың арасында алуан түсті бақалшақтар,
тікентерілілер, шаян тәрізділер көптеп кездеседі. Экваторлық аймақтағы ашық
мұхитта ірі жыртқыш балықтар, ұшқыш балықтар, акуланың бірнеше түрі,
кашалот тіршілік етеді. Осындағы қос жақтаулы алып бақалшақ
– тридакнаның өзінің салмағы 300 кг жетеді.

Оңтүстік Америка жағалауындағы жылы және салқын мұхит ағыстары
түйісетін тропиктік белдеудің сулары балыққа ерекше бай. Мұнда майда шабақ
тәріздес анчоус балықтары, ставрида, скумбрия, ашық мұхитта киттер, теңіз
мысықтары мен теңіз құндыздары, кальмарлар мен сегізаяқтар көп кездеседі.
Оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде өсетін ұзындығы 200 м
жететін қоңыр балдырлар жалпы балдырлар әлемінің алыбы болып табылады.
Антарктида жағалауындағы суық суларда теңіз қабыланы, итбалықтар, алып көк
киттер, жағалауларда пингвиндер мен  су құстарының бірнеше түрлері тіршілік
етеді.

Тынық мұхит жағалауларында Жер шары халқының тең жартысы тұратын 50-
ден аса ел орналасқан. Бұл елдердің халықтары ежелден ақ мұхит байлықтарын
пайдаланып келеді. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың тең жартысы Тынық
мұхиттың үлесіне тиеді. Сонымен қатар мұхиттан әртүрлі бақалшақтар мен ұсақ
шаяндар ауланып, балдырлар мен теңі з капустасы өндіріледі. Көптеген елдер
мұхит суларынан түрлі пайдалы қазбаларды, ал мұхит жағалауындағы
қайраңдардан мұнай өндіріледі. Тынық

Тараз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхит суының температурасы
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Дүние жүзілік мұхит суларының қасиеттері
Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Дүние жүзілік мұхитттарға физ-географиялық шолу
Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайы
Солтүстік мұзды мұхит
Пәндер