ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5
1.1 Еуразияның физикалық географиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
1.2 Еуразия материгінің климаты және ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Евразия материгі табиғатының қалыптасуының
ерекшеліктері ... ... ... ... ..7

2. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА.  ... ... ...11
2.1 Еуропа
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.2 Оңтүстік Батыс
Азия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15
2.3 Орталық Азия.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18
2.4 Оңтүстік және Оңтүстік – шығыс
Азия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:  Евразия материгі дүние жүзіндегі
ең ірі материк болып табылады, яғни оның жер көлемі (54 млн.), дүние
жүзіндегі құрлықтың 37% -ін алып жатыр. Оның жағалауын төрт мұхит шайып
жатыр. Материктің шеткі нұктелеріне келетңн болсақ солтүстігінде Челюскин
(77°43´с.е.), оңтүстігінде (1°16´с.е) , батысында (9°31´б.б), шығысында
(169°40´б.б).
          Евразияның зор мөлшері, оның күрделі құрылымы мен жер бедерң,
поляр маңы жіне экватор маңы ендіктер арасындағы орны, мұхиттардың әр түрлі
дәрежедегі әсер етуі табиғаттың зоналық ерекшеліктерінің алуан түрлілігін
және географиялық қабықтың зоналық құрылымы көрінісінің едәуір
айырмашаылығын түзеді. Жер шарындағы ең биік шың, ең терең депрессия осы
материкте орналасқан. Евразия материгін ауқымды қарастыру өзекті болып
табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Еуразия материгіне физикалық географиялық
сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:
- Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

- Тақырыптың негізгі сұрақтарын  және мақсатын аңықтау;

- Еуразияның физикалық географиялық ерекшеліктеріне сипаттама;

- Еуразия материгінің аймақтарына сипаттама беру.

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін
мекемелерде  7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында 
қолдануға болады.

Зерттеу нысаны: мұхиттар, олардың ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму,
өзгеру заңдылықтарын және өзара байланыстарын ашу.

 Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі. 
Курстық жұмыс 24   беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан,  атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1. Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы.
1.1 Еуразияның физикалық географиялық ерекшеліктері
Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл
құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние
бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы
шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий
теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап
Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор
бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады.
Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде
қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде
—Челюскин мүйісі (77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.),
батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.)
Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге
созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр.
Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі
асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін
барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия —
барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың
шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына
кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ
аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер
мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.
Құрлықтың негізін Еуразия плитасы құрайды. Плитаның басқа литосфералық
плиталармен түйіскен жерінде күшті тау түзілу әрекеттері өткен және олар
қазіргі кезде де жалғаса түсуде. Ондай жерлерде аса биік тау жүйелері
қалыптасып, күшті жер сілкінулер және жанартау құбылысы орын алған.
Еуразияның жер құрылымдары — ежелгі платформалардың (Шығыс Еуропа,
Сібір, Қытай, Үнді, Араб) аралықтарын жас платформалар бөліп жатады.
Құрлықтың қазіргі жер бедері, негізінен, неоген мен антропогендегі
тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Жаңа тектоникалық
қозғалыстар, әсіресе, Альпі — Гималай және Шығыс Азия геосинклинальдық
белдеулерінде қарқынды жүрген. Бұл белдеулерді аса көлемді тау жүйелері
қамтиды. Сонымен бірге неоген мен антропогендегі көтерілулердің нәтижесінде
Гиссар — Алай тау жүйесінен Чукча түбегіне дейін созылып жатқан таулардың
жер бедері қайта түзілген. Жас қатпарлы белдеулер мен жасарған таулы
құрылымдарға күшті жер сілкінулер тән. Жер бедерінің түзілуіне жанартау
құбылысы да қатынасады. (Исландия аралдары, Армения таулы үстірті, Жерорта
теңізі аймағы, Камчатка түбегі, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары).
Еуразияның солтүстік және бірқатар таулы аудандарында жер бедеріне ежелгі
мұз басу үлкен әсерін тигізген. Ол аудандарда мореналар мен мұз суы
шөгінділері аса кең алқапты қамтиды.
Балтық және Украин қалқандарымен бірге ШығыЕуропа платформасы. Алдан
қалқанымен бірге Сібір платформасы. Қытай-Корей платформасы. Оңтүстік Қытай
платформасы. Үнді платформасы, және Нубия-Аравия қалқанының бөлігі.
Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі
екінші орында. Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері:
Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ, Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд,
Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі ең
аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор
көлдерінің алабы) орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы
судың 15-і шоғырланған. Ірі және терең көлдер тектоникалық жолмен пайда
болған (Байкал, Ыстықкөл, Севан, Үлі т., т.б.). Төрттік кезеңінің мұзы
басқан аудандарда мұздық (Ладога, Онега) және көптеген ұсақ мореналық
көлдер таралған. Төрттік (антропогендік) кезеңдегі және қазіргі жанартау
құбылысы дамыған аймақтарына жанартаулық көлдер тән. Әктасты аудандарда
карст көлдері көп (Қырым түбегі, Кавказ таулы аймағы, Загрос таулары, Тянь-
Шань және Юньнан таулы қыраты, Балқан түбегі).
Еуразия — Антарктидадан кейінгі биік құрлық (орташа биіктігі 840 м).
Жерінің 23-сі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың
— Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Еуразия
тауларындағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Негізгі тау
жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш , Қарақорым,  Памир , 
Тянь-Шань, Куньлунь, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы
Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері.
Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған км-ге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс
Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг.

1.2. Еуразия материгінің климаты және ішкі сулары
Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың
барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі  солтүстік жарты шардың барлық
климаттық  белдеулерін кесіп өтеді тіпті  оңтүстік – шығысындағы аралдар 
оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте 
климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан
шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен
түсіндіріледі.
Жер шарындағы жауын —  шашынның  ең көп түсетін жері  Еуразиядағы 
Гималайдың  оңтүстік – шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда, материктің
көпшілік бөлігінде әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында, климат
өте құрғақ. Бұл құрлық аумағының  өте үлкен болуына, мұхиттар  мен ондағы
беткі ағыстардың ықпалына,  ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің
сипатына байланысты.
Материктің   батысы мен солтүстігінде жазық өңерлердің басым болуы
Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік
Мұзды  мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай  еш кедергісіз
қозғалуына мүмкіндік  береді. Материктің  шығысы мен оңтүстігінде биік
таулы  белдеулердің  орналасуы  Тыңық және Үнді мұхиттарынан келетін
муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі  жасап, таулардың жел жақ
беткейлеріне ылғалдың  мөлшерден  артық түспеуіне себепші болады.
Еуразия  материгінде  едәуір  үлкен аумақты  алып жатқан биік  таулы
аудандарда климаттық  жағдайлар биіктік  белдеу бойынша өзгереді. Биіктік 
климаттық  белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай тауларында айқын  
байқалады. Тибет  пен Памирге  жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ
болатын  биік  таулық климат тән.
Ішкі сулары.  Дунай – Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі. Оның 
ұзындығы – 2850 км, бассейн көлемі – 817 мың. км2.
Дунай  Шварцвальд массивінде екі бұлақтардан, 1000 м биіктікте 
басталады. Бавар тау қыраты арқылы ағып, Чехия мен Шығыс Альпінің солтүстік
байрайынның арасымен өтеді. Осылай Дунай өзені Венаға дейін 200 м
биіктікте  жоталар мен үстірттермен  ағады. Венаға дейін ағатын учаскіні
Дунайдың жоғары ағысы болып саналады. Мұнда Дунайға көп  салалар  
қосылады, оның бастылары  (Иллер, Лех, Изар, Инн)  Альпіден ағып  және
оларды мұздықтар қоректендіреді.
Батыс Азияның  ірі өзендерінің бірі – Тигр (оның ұзындығы – 1950 км)
және  Ефрат (оның ұзындығы —  2700 км) – ортақ сағасына  Персия шығанағына
құяды. Бұл өзендер Армян таулы өлкесінде басталып және Месопатамия
жазығына  шығып, көп салаларға бөлінеді. Шамамен сағасынан 190 км – де олар
Шатт –эль – Араб  деп аталатын өзенге құяды.Барлық өзендер көктемде 
еріген  қармен, жаңбырмен қоректенеді.
Янцзы – Дүниежүзіндегі аса ірі өзендердің бірі.  Оның ұзындығы 5530
км, бассейн көлемі  -1726 мың км2. Янцзы  Тибет  таулы қыратының орталық
бөлігінен алады.  Жоғары ағысында  өзен Цзиньшаньцзян деп аталады.  Таудан
шығып Қызыл Бассейн деп аталатын  үлкен тектоникалық қазаншұңқырға құяды, 
содан Оңтүстік –Шығыс Қытайдың  аласа болып келетін  таулардан ағады.

1.3. Евразия материгі табиғатының қалыптасуының ерекшеліктері
Еуразия материгінің табиғаты басқа материктермен салыстырғанда ерекше
болып келеді. Бұған бірнеше себептер бар.
Еуразия құрлығы көлемінің үлкендігінен ішкі бөліктері мұхиттар мен
теңіздерден мыңдаған км. қашықта жатыр. Осыған байланысты құрлық
табиғатының қарама-қайшылығы, алуандығы ұлғая түседі. Еуразияның батыс
бөлігінде теңіздермен тілімденген жіңішке, әрі терең келетін аралдар мен
түбектер, яғни шетелдік Еуропа деп аталатын бөлігі орналасқан. Осы аралдар
мен түбектердің үлесіне шетелдік Еуропаның 13 бөлігі тиеді. Теңізден ең
алыс қашықтығы 600 км. Шығысқа қарай құрлық кеңейе түседі. Азиялық бөлікте
аралдар мен түбектердің үлесіне оның 14 бөлігі сәйкес келеді.
Батыстан шығысқа қарай құрлықтың жер беті пішіні де өзгеріп отырады.
Шетелдік Еуропаның қатты тілімденген жер бедерін ірі Шығыс-Еуропа, Батыс-
Сібір, Тұран жазығы және Орта Сібір қыраттары алмастырады. Ірі тау
сілемдері, Еуразияның батысынан шығысына қарай Атлант мұхитынан Тынық
мұхитына дейін созылып, осы бағытта биіктігі өсіп, Жердің ең биік шегіне
Гималай мен Тибет таулы өлкесінде жетеді.
Еуразияның батысы мен оңтүстігінде негізгі орографиялық элементтер
ендік бағытта, ал орталығында меридиан бағытта созылады. Орографиялық
элементтердің осылай орналасуы құрлықтың ішкі бөлігіне Атлант және
Солтүстік Мұзды мұхиттарының әсер етуіне жағдай жасайды, ал Еуразияның
оңтүстігі мен шығысында биік таулы өлкелердің орналасуынан Тынық және Үнді
мұхиттарының әсері шамалы. Бұл мұхиттардың әсері құрлықтың тек шеткі
бөліктерінде ғана сезіледі.
Еуразия көлемінің үлкендігі, геологиялық құрылымы мен рельеф пішінінің
күрделілігі, дүние жүзілік мұхиттардың алуан түрлі әсер етуінен
географиялық зоналық заңдылығындағы айырмашылықтар табиғи үрдістер мен
құбылыстардың зоналық әртүрлілігіне ықпал етеді. Еуразия құрлығында
құнарсыз арктикалық шөлдер мен ылғалды экваторлық ормандар тараған; бір
тамшы да жауын жаңбайтын ірі ағынсыз аймақтар мен керісінше ылғалының
көптігінен халық қиыншылық көретін кеңістіктер алмасып кездеседі. Еуразия
құрлығында Жер бетіндегі температура мен биік шыңдардың қарама-қайшылығы
ерекше білінеді. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы мен жер шарындағы өте
құрғақ терең шұңғыма да осында орналасқан. Басқа құрлықтардан ерекше
айырмашылығы–табиғи жағдайының күрделігі. Сондықтан да басқа құрлықтармен
салыстырғанда зерттеуге қызықты аймақ болып табылады.
Көне Еуразия құрлығының ядросында пайдалы қазбалардың көп қоры
шоғырланған: архей мен протерозой тау жыныстарында темір, марганец және
хром рудалары (Скандинавия мен Үндістан) мен кейбір түрлі-түсті және сирек
кездесетін металдар (мыс, кобальт) жеткілікті. Үндістан платформасының
қойнауында алтын, алмаз және бағалы тастар көп. Көне кристалдық ядроның
кейбір жыныстарын әшекей заттар жасау үшін пайдаланады, мысалы, Балтық
қалқанындағы гранит.
Палеозой қатпарлы құрылымдары тараған аймақтар, әсіресе шетелдік Еуразия
түрлі-түсті және сирек кездесетін рудаларға өте бай (мысалы, мырыш,
қорғасын, сынап, уран, қалайы). Шөгінді жыныстарда мұнай мен газ, ал
Үндістан платформасында Гондвана сериясымен тас көмірдің кен орындары
байланысты. Ірі тас көмір кен орындарының таралуы да мысалы, Силез, Рур
және шетелдік Еуропаның басқа да көмір бассейндерінің, Солтүстік-Шығыс
Қытай кен орныдарының пайда болуы, палеозойлық тау алды иіндерімен
байланысты.
Еуропаның негізгі бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Атлант
мұхитының климаттық жағдайға тигізетін әсері нәтижесінде Азиямен
салыстырғанда Еуропалық бөлік түгелге жуық орман зоналарының таралуымен
ерекшеленеді. Азиялық бөлікте климаттың континенттік сипатының жоғарылауы
солтүстік мұзды мұхит ықпалының күшеюіне байланысты көпшілік бөлікте
тундра, орманды тундра зонасы орналасқан.
Батыс Европа жерінің 90 пайыздан астам бөлігінде табиғи ландшафт белгілі
дәрежеде өзгеріске ұшыраған, соның ішінде табиғи сипатын сақтап қалған
зонаның бірі орманды дала зонасы Орта Дунай және төменгі Дунай ойпаттарын
алып жатыр.Европалық Жерортатеңіздік физико-географиялық аймақ 3 облысқа
бөлінеді: Пиреней, Аппенин және Балқан түбектері мен Жерорта теңіздегі
аралдар тобы
Пиреней түбегі. Облыс екі бассейн Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының
ықпалында. Оның негізін кристалдық жыныстарын түзілген, және солтүстігі мен
оңтүстігі альпілік қатпарлы белдеулерінің тау ғимараты- мен көмкерілген,
пенепленденген Мессета массиві құрайды.
Мессетаның солтүстік жартысында биіктігі 600-800м. Ескі Кастилия
үстірті жатыр. Оның беті калий тұзының қоры бар көл Лагуна шөгіндінің
қабатымен жабылған. Мессетаның оңтүстік жартысында анағұрлым аласа (500м)
Жаңа Кастилия үстірті жатыр, ол кей жерлерде ғана жас тұнба шөгінділердің
қабатымен жабылған кристалдық жыныстардан тұрады
Апеннин түбегі — Жерорта теңізінің орт. бөлігінде солт.-батыстан оңт.-
шығысқа қарай 1100 км-ге созылып жатқан Оңт. Еуропадағы ірі түбектердің
бірі. 
Аппениннің ең биік шыңы –Гран Сассо д’. Италия массивіндегі Корно тауы
2914м-ге жетеді.Оңтүстік Аппенин көбіне палеоген дәуірінің борпылдақ
жынысынан құралған орташа биік таулар болып келеді. Оңтүстік батысқа қарай
Калабрия түбегінде Калабрия Аппенині деген атпен тау массиві созылып жатыр.
Басқа Аппениндерге қарағанда Калабрия тауларының жасы мен құрылымдарында
ерекшелік бар. Бұл кристалды жыныстардан құралған, тегістелген және
опырылманы бойлап көтерілген күмбез тәріздес массив
Аппенин және Балқан түбектері Жерортатеңіздікпен бірдей сипатқа ие
болған өңір. Биотасы мен климатының ерекшеліктеріне қарай солтүстік Лигурий-
Тоскан, орталық Абруц-Собин, оңтүстік Неаполитан-Лукан, Тоскан жазығы,
Корсик, Сардиния, Сицилия аралдары бір-бірінен тау жоталарының
морфологиялық құрылысы ғана емес, сонымен бірге биотасы жағынан да
ерекшеленетіндіктен жеке физико-географиялық аудандарға бөлінеді.
Альпілік қатпарлық кезінде алғаш рет қатпарлану нәтижесінде
көтерілген, ірі анклинорийперге сәйкес келетін қатпарлы жас таулар :
Пиреней, Андалуз, Альпі, Карпат, Аппенин, Стара-Планина, Динар таулы қыраты
және Албания Альпісі кіреді.
Тау аралақ қазаншұңқырлар мен синклинорийдерге сәйкес келетін ойпаттар мен
жазықтар. Олар басым түрдке пластылы, аккумляциялы жолмен қалыптасқан.
Мысалы Пиренейдегі Андалуз бен Падан ойпатын жатқызуымызға болады.
Аппенин және Балқан түбектері Жерортатеңіздікпен бірдей сипатқа ие
болған өңір. Биотасы мен климатының ерекшеліктеріне қарай солтүстік Лигурий-
Тоскан, орталық Абруц-Собин, оңтүстік Неаполитан-Лукан, Тоскан жазығы,
Корсик, Сардиния, Сицилия аралдары бір-бірінен тау жоталарының
морфологиялық құрылысы ғана емес, сонымен бірге биотасы жағынан да
ерекшеленетіндіктен жеке физико-географиялық аудандарға бөлінеді.
Герциндік Европа. Аймақтың ландшафт құрушы факторының ең басты
ерекшелігіне жер бетінің қиылысуы және тау мен жазықтардың жиі алмасуы
жатады. Аймақта герциндік құрылым дамып, антеклизалар мен синеклизаларға
ауысады. Аймақ мынандай физико-географиялық облысқа бөлінеді: Атлант алды
және Орталық-Европа. Герциндік Европаның физико-географиялық аудандары:
Бретань, Аквитан, Орталық массив, Париж бассейні, солтүстік шығыс және
оңтүстік шығыс болып бөлінеді. Аймақтың зональді және азональді
ландшафттарының қалыптасуы қазіргі кездегі ландшафттар модификациясының
динамикасына әсерін тигізеді.
Герциндік Европа ландшафттарының қазіргі кездегі орын алған сипаты
Франция, ФРГ және т.б. мемлекеттерде табиғатты қорғау шаралары үшін негізгі
екі үлкен фактор болып саналады.

2. Еуразия материгінің аймақтарына сипаттама. 
2.1. Еуропа
Еуропа (гр. семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі
Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған)
— Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге
Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.
Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам. Азиямен арадағы шекарасы
шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жемөзенін
бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен
Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы
Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Еуропа
солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Кара,  Баренц,  Ақ, 
Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және
оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерор та теңіздерімен
қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан. Дүние
бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері: солтүстігінде — Нордкин мүйісі (71°08′
с. е.), оңтүстігінде — Марроки мүйісі (36° с. е.), батысында — Рока
мүйісі (9°31′ б.б.), шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың
шығыс жақ етегі (67°20′ ш.б)
Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Дүние
бөлігінің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300 м. Жер аумағының 60%-ке
жуығы теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-і 200 м-ден 500 м-
ге дейінгі қыраттардың, 10%-і 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі үстірттер мен
таулы үстірттердің, 6%-і 1000 м-ден жоғары (оның ішінде 1,5%-і 2000 м-ден
биік) таулардың үлесіне тиеді. Шығыс бөлігін тұтасымен дерлік Шығыс Еуропа
жазығы алып жатыр. Оның оңтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 27 м-ге дейін
төмен жатқан Каспий ойпаты орналасқан. Батыс Еуропаның жер бедері әр түрлі
келген. Мұнда жазық және ойпатты жерлер бірдей аумақты алған. Негізгі
ойпаттар: Ортаеуропалық, Ортадунайлық, Төменгі Дунай, Париж алабы, Падан
ойпаты. Солтүстік пен Оңтүстік Еуропаға аласа және орташа биіктіктегі
таулар тән. Олар: Скандинавия, Пиреней, Апеннин, Балқан, Карпат т.б. Батыс
Еуропаның орталық бөлігінде Еуропаның ең биік тауы — Альпі (Монблан тауы,
4807 м) орналасқан. Шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай Орал таулары
созылып жатыр. Әрекетті жанартаулар, негізінен, Исландия аралы мен Жерорта
теңізінде.
Еуропаның геологиялық негізін архей-протерозойлық Шығыс Еуропа
және Эриа платформасы құрайды. Платформа Еуропаның шығыс және солтүстік-
шығыс бөлігін алып жатыр.
Эриа платформасы Шотландиядан Гренландия ға дейінгі аймақты қамтиды.
Палеозой эрасының соңында түзіліп біткен герцин қатпарлығы
Испания, Франция, Англия, Польша, Германия елдерінің аумағын және Орал
тауының едәуір бөлігін алып жатыр. Гибралтардан басталып, Альпі, Карпат,
Қырым тауларынан, Апеннин, Балқан түбектерін, Жерорта, Қара теңізідерді
қапсыра өтетін альпі қатпарлығының жерортатеңіздік белдеуі Еуропаның
оңтүстік жиегін қамтыған. Балтық, Украина қалқандарында, Шотландияның
солтүстік-батыс жағалауында, Орталық Англия мен Гебрид аралдарында архей
мен протерозой жыныстары жер бетіне шығып жатады. Рифейдің алдындағы көп
қатпарлану әрекеттерінен платформалар аумағында биік таулар мен қыраттар
пайда болған. Төменгі палеозойда каледондық геосинклиналь аймақтарындағы
теңіз түбіне қалың қабатты граптолитті тақтатас, құмтас, кварцит,
эффузиялық жыныстар, аздап әктасты тұнбалар шөккен. Силур кезеңінде
Грампиан геосинклиналі орнында каледондық қатпарлы таулар түзілгенде, теңіз
бұл аймақтан және Шығыс Еуропа платформасынан біртіндеп шегінген. Теңізден
босаған жерлерде төменгі және ортаңғы девонда континенттік қызыл түсті
шөгінділер жиналған. Еуропаның қалған аймақтары силур, девон кезеңдерінде,
төменгі тас көмір жүйесінде теңіз түбі болды. Жоғарғы палеозойда Оралда,
Орталық және Батыс Еуропада, Донбаста, герцин қатпарлығынан таулар
көтерілді. Соның әсерінен Солтүстік жарты шарлардағы платформалар бірігіп,
біртұтас Лавразия құрлығы қалыптасты. Тетис теңізі (қазіргі Жерорта теңізі)
аталған су айдыны қазіргі Альпі-Гималай белдеуінде ғана сақталған.
Палеогеннің аяғынан бастап, Альпі, Карпат, Балқан таулары көтеріліп, теңіз
біржолата шегінді. Платформалар мен тау етегінің жапсарынан бөктерлік
ойпаңдар қалыптасты. Плиоценде үлкен грабендер (опырылыстар) пайда болды
(Эгей, Адрия, Гибралтар грабендері). Платформаның жарылысынан осы күнгі
сөнген жанартаулар (Орталық Франция, Шотландия, Германия, Чехия) пайда
болды. Жерортатеңіздік белдеу бойында қазіргі кезде де күшті жер сілкінулер
болып тұрады. Антропогенде Еуропаны кемінде 4 рет мұз басты. Ең үлкен Днепр
мұз басуы кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз қабаты Киев, Харьков,
Волгоград қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен
бұдан 10 мың жыл бұрын аяқталды.
Еуропа құрлығын жүздеген өзендермен олардың салалары торлап
жатыр.Еуропаның ең ұзын өзендері - Еділ мен Жайық өзендері - Каспий
теңізіне, Дунай мен Днепр өзендері - Қара теңізге, Рейн мен Эльба Солтүстік
теңізге, Вистула - Балтық теңізіне, Луара мен Тагус - Атлант мұхитына,
 Рона  - Жерорта теңізіне құяды.
Германияның қара орман аймағынан бастау алатын Дунай өзені - Еуропаның
ең маңызды сауда жолдарының бірі. Аңызға айналған Рейн өзені Швейцарияның
солтүстік-шығысы мен Германияның арасында шекара жасап, батысқа қарай
ағады.
Талай тарихтың куәсі болған Темза Батыс Англиядағы Котсуолд
қыратынан бастау алады да, Оңтүстік Англия арқылы шығысқа қарай ағып,
Солтүстік теңғізіне құяды.
Еуропаның ең үлкен және ең маңызды Еділ өзені жүйесі  Мәскеу
 қаласының солтүстік батысындағы Валдай үстіртінен  басталады. Волга
өзенінің арнасын Кама, Самара, Ока, Ветлуга  сияқты 200-ден астам өзен
тармақтары толтырып тұрады.
Еуропа су ағынының қалыңдығы жөнінен (295 мм-дей) дүние бөліктері
ішінде Оңтүстік Америкадан кейін 2-орында. Жылына Еуропаның жер бетіне 4148
км3атмосфералық ылғал түседі. Ылғалдану дәрежесіне қарай ағын батыстан
шығысқа қарай және солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Оның көпшілік
бөлігі Атлант мұхиты мен оның теңіздері алабына, қалғаны Солтүстік Мұзды
мұхит алабы мен ішкі ағын алабына (Каспий теңізіне) жатады. Ірі өзендері:
Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина,
Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), Рона, Сена, Луара, Тахо, По. Олардың
барлығында дерлік кеме жүзеді. Шығыс Еуропа жазығындағы өзендердің ағысы
баяу, аңғарлары террасалы және кең болады. Олар қар және ішінара жаңбыр
суымен толығады. Қыста оңтүстігінде 1,5 — 3 ай, солтүстігінде 7 — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Еуразияның физикалық картасы
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
География туралы ұғым (дәрістер)
Пәндер