ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Орталық Азияның географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ..7
2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
ЕЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..10
2.1. Қырғыз
Республикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...10
2.2 Өзбекстан
Республикасы  ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 12
2.3. Тәжікстан
Республикасы  ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14
2.4.
Қазақстан  ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23

Кіріспе
     Тақырыптың өзектілігі. Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің
қалыптасу кезеңі жалпылай аяқталды. Бірақ оларға әлі де болашақта жаңа
жаһандық қауіптердің пайда болуы мен жаһандану жағдайында ұлттық даму мен
қауіпсіздіктің маңызды мәселелер қатарын шешуі алдыңғы мақсатта тұр.
Дамудың объективті заңы жаһандану процесінің  пайда болуына әкеледі деп
белгілеу қажет. Сонымен қатар, маңызды әлемдік әлеуметтік кеңістікті
құрастырушы ретіндегі трансконтиненталды құрылым көбінесе белсенді және
ерекше рөлде бола бастады.
    Тандалған тақырыптың  практикалық маңыздылығы КСРО ыдырағаннан кейін
Орталық Азияның жаһандану процесінде белсенді кірісе бастағанында, сонымен
қатар, Орталық Азия аймағындағы өзінің экономикалық және геосаяси жағынан
қатысуының кеңеюіндегі Шығыс пен Батыстың түрлі елдерінің мүддесінің пайда
болуының байқалуында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Негізінен бұл тақырып, әсіресе батыс
ғалымдарының  зерттеулерінде ауқымды түрде қарастырылған.
 Геосаясат классиктері Х.Дж.Маккиндер, А.Мэхэн, В.Де ля Блаш,
Н.Спайкмен,  К.Хаусховер, К.Шмитт, П.Н.Савицкий еңбектері зерттеудің
маңызды дерек көзі болып табылады. Олардың мәтінімен А.Дугиннің,
И.Г.Усачевтің, А.Панариннің, В.Дергачевтің, Ю.Тихонравовтың, К.Гаджиевтің
аудармалары арқылы таныса аламыз.
         Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысын жасаудағы
автордың алға қойған мақсаты – көптеген зерттеу жұмыстарын қарап,жинай
отыра Орталық Азия аймақтық ынтамақтастығы оның шешілу жолдары мен
болашағы. Орталық Азияның тәуелсіздік алғаннан бастап халықаралық аренаға
шығуы жөнінде толық мағлұмат беру. Аймақтың  ынтымақтастығының жолында
Қазақстанның орны мен ролі.
Орталық Азияның жаһандану үрдісіне тартылуы,қазіргі таңдағы Ұлы
державалардың Орта Азиядағы саясаты және ХХI ғасырдағы халықаралық
қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия жөнінде баян ету.
Зерттеудің нысаны:
Зерттеу объектісі ретінде  Орталық Азияны негізге алады.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,6 тараушадан,
қорытныдыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі 23
бетті құрайды.

1. Орталық азияның физикалық-географиялық ерекшеліктері
1.1 Орталық Азияның географиялық орны
Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның
батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың
солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін
Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен
шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты
және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды
қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады.  Геоморфологиялық
ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3
орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа,
Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан
Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді.
Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі
жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан
шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 – 5000 м-
ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан
тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан:  Сарыарқада
мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет,
Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай,
қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар
жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы
мен глаубер тұзының мол қорлары бар.
Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, 
мұхиттардан өте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына
байланысты климаты тым континенттік және құрғақ. Аймақтың басым бөлігінде
жылдық ауа температурасының айырмасы 500С-қа дейін жетеді. Қаңтардың орташа
температурасы –10 – 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте 20 – 250С,
Тибет таулы қыратында 100С. Аймақтың 34 бөлігінде жылдық жауын-шашын
мөлш. 100 – 200 мм, тау жоталарында 300 – 500 мм, оңтүстік-шығысында
муссонның ықпалымен  1000 мм-ден артық жауын-шашын түседі. Жылдық
буланушылық  көрсеткіші 2000 мм шамасында. Тау жүйелерінің көпшілігінде мұз
басу таралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары:  Қарақорым (Сиачен мұздығы,
ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұзындығы 57 км),
Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері
Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит
алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға
сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында)
мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері:
Кукунор (аумағы 4200 км²), Убсу-Нур (аумағы 3350 км²), Балқаш (17,7 мың
км²); тұщы көлдері: Хубсугул (аумағы 2620 км²), Хар-Ус-Нур (аумағы 1486
км²), Зайсан (1,79 мың км²), Бақырашкөл (аумағы1380 км²), Далайнор (аумағы
1100 км²) . Орталық Азияға негізінен шөлейт және шөлді ландшафт тән.
Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарай дала және орманды
дала белдемі тараған. Шөлдің сұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі,
тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты
сорлар тараған. Моңғолияның солтүст ігіндегі тау беткейлерінде таудың қоңыр
орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау
алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен
аңғарларында шалғынды топырақ түрлері қалыптасқан. Аймақтың солтүстігінде
далалық өсімдіктер (селеу, жусан, ши), тау жоталарының солтүстік
беткейлерінде таулы-тайгалық (Моңғо лия тауларында балқарағай, Куньлунь мен
Тянь-Шань тауларында шырша, арша) орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі
және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларында евфрат көктерегі, жиде,
шырғанақ, тобылғы, қамыс, т.б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды. Жануарлар
дүниесінен тұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі
жануарлардан Тибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде –
Пржевальский жылқысы жабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардан гималай
аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын
көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар,
қырғыздар, ұйғырлар, т.б.) солтүстігінде моңғол халықтары (халкалар,
ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер
шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта
Азия” ұғымын география тарихына XIX ғасырдың аяғында неміс
ғалымы А.Гумбольд енгізді.
Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия
республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси
кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан,
 Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан ж әне Түрікменстан Республикалары
президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық
ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық
Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына
және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы,
мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына
байланысты.
1.2. Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары.

  Тәуелсіз Қазақстаннын халықаралық байланыстары және оның белсенді
сыртқы саясаты Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылғы 13
желтоқсанда Орта Азия республикалары басшыларының Ашгабад кездесуіне
бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш-жігерінің арқасында осы кездесу
барысында біртұтас айқындама тұжырымдаудың және Орталық Азия мен
славян республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің  бастамашылығымен
жиналған бұрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз
Мемлекетгер Достастығының негізін қалаушы құжат болган Алматы
декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі
елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жыдца әлемдік
қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық
қоғамга айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды  қарыматынастар
қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін
нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан
әлемнің кептеген елдерімен  сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді
халық-аралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы
он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінін саясаттағы бағыты да,
географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді
бізбен ынтымақтасуға ынталандырды.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-
қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері
мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Резиденциялары Қазақстаннан тыс
жерде шоғырланғанымен, елімізде тіркелген елшілер саны — 37. Ал Қазақстан
Республикасының шетелдерде 47 елшілігі мен дипломатиялық миссиялары және
консулдық окілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықа-ралык
ұйымдардың саны — 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді "Қауіпсіздік белдеуін" жасай
адды.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде
елеулі ілгерілеу бар. 1998 жылы шілденің 6-сында Мәскеуде қол
қойьшған XXI ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы
Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен
Ресей арасында Каспий теңізінің күқықтык, проблемасы шешілді. Келісім
хаттамасына 2002—2003 жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресейдің
экономикалык ынтымақтастық 10 жылға арналған шарт жасалды, қаржы
мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге қол қойылды.
Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтасты қанағаттанғандық білдіру
үшін бізде барлық негізде олармен мәңгі достық туралы шарттарға қол
қойылды Біз бұл құжаттар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсізді нығайтуға
қосылған маңызды үлес болып табылады де есептейміз.
Қазақстан 1997 жылғы маусым айында Мәскеуде қс қойылған тәжікаралық
бейбіт келісімдердің кепілі ретіі Тәжікстанда берік азаматтық татулық
орнатуды ұдайы жақтап келеді. Бұл бүкіл Тәжікстан аумағына бақылау орнатуд
қамтамасыз етуте мүмкіндік берді.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Ази елдері ТМД-ның
оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстремизмге, халықаралық терроризмге,
ұйымдасқан қылмыск есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару-
жара контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-
қимыл жүргізуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жұмыс істей бастаған Орт Азия экономикалық
қоғамдастығының түпкілікгі қалыг қаны қуантарлық жәйт.
Қазақстан—Қытай ынтымақтастығы 1992 жылдың 3 қаңтарынан, яғни
дигатоматиялық қарым-қатынас орнаған сөттен бастап оң бағытта және ырғақты
дамып келеді. 10 жылға созылған екі жақты байланыстар
керсеткішінің қорьггындысы іспетгі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 23
желтоқсанындағы КДР-ға мемлекеттік сапары барысында 1993-1999 жылдардағы
біріккен декларациялар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тату
көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа кол қойылды.
Бұл құжат Қазақстан мен Қытайдың жоғары деңгейдегі қарым-қатынасын зандык,
тұрғыдан бекемдеп қана қоймай, бұған дейінгі әскери, экономикалық және
мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген біріккен
уағдаластықтардың беріктігін қуатгап берді. Ал Шартта Қазақстан-Қытай мемле-
кеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялаудың тарихи мәні, аумақтық
тиіспеушілік пен мемлекеттік шекараның мызғымастығы, Қазақстанға ядролық
қару қодцанбау мен қауіпсіздігіне кепілдік беру, сондай-ақ
трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мен қорғау сияқты
маңызды тармақтар бар екенін ерекше атап көрсеткен жөн.
Қазақстан Ауғанстандағы соғысты тоқтату, елдің ішкіі ісіне сырттан
араласпау және БҰҰ қамқорлығымен ұлтгық келісім Үкіметін құру арқылы ол
елде бейбітшілікті қайтадан орнатуды жүйелі түрде жақтап келеді.
Қазақстанның Еуропадағы саясатында Германия басыңқы болып табылады.
Принципті тұрғыдан алға: біз өз еліміздегі неміс капиталының мүдделерін
толық қамтамасыз етуге ұмтыламыз. ГФР-дің Үкіметімен және
қаржы институттарымен жасалған маңызды уағдаластықтарға 1999
жылы қол қойылды. Мұның өзі істің шын мәнісінде біздің елдеріміз
арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізіқалады.
         Біздің Балтық бойы елдеріндегі саясатымыз туралы да тап осылай
деуімізге болады. Ол елдерде Қазақстанға саяси жоне сауда-экономикалық
саладағы әріптес болу ретіндегі ынта-ықылас барған сайын күшейіп келеді.
Қазақстан үшін Америка Қүрама Штаттарымен жан-жақты ынтымақтастық
орнатудың стратегиялық маңызы зор. Қазақстан — Американ қарым-қатынастары
серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде біз өзара демокра-тиялық
әріптестік деңгейіне көтерілдік.
XXI ғасырда Қазақстан іс жүзінде сыртқа кемірсушығаратын басты елге,
ірі мұнай державасына айналды. Біз үшін мұнай және газ саласына шетел
инвестицияларын одан әрі тарта беру басым бағытгағы міндет болып
табылады. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан Каспий
аймағындағы мұнай мен газдың ең ірі қорына ие. Сондықтан біз энергия
көздерін әлемдік рынокқа үдемелете экспортгау үшін балама құбырлар салуға
объекгивті тұрғьщан мүдделіміз. Бұл жағдайда біз таяу уақыт ішінде
мұнай өндіру ауқымын ең кемі 3 есе арттыра алар едік. Бұл салада ілгерілеу
бар. Грузиямен және Әзірбайжанмен Қазақстан мұнайын экспортқа шығарудың
қосымша мөлшеру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Түркия басшыларымен
осы елге газ женелту туралы принципті келісім жасалды. Біз Каспий құбыр
желісі консорциумы жобасын аяқтауға, сондай-ақ, Батыс Қазақстаннан Қытайға
тартылатын мұнай құбырын тезірек салып бітіруге үміт артып отырмыз.
Атырау — Самара мұнай құбырын салу аяқталды. Біз Баку - Жейһан
маршрутын да және басқа балама жолдарды, мәселен Иран арқылы өтетін бағытты
да назардан тыс қалдырмаймыз.
Біз үшін Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту да басым бағыт болып
табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту, отандық индустрияны өркендету
арқылы біз елдің болашағына қамқорлық жасайтын боламыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең алғашқы жетістіктерінің бірі адам
құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды сақтаудың басты елшеуішіне
айналып отырған Жалпыға ортақ адам құқықтары Декларациясы болып табылады.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін адам құқықтары мен
бостандықтарын қүрметгеу мен қорғаусыз демократия-лық қоғамның өмір сүре
алмайтындығы туралы басты принцип біз үшін айдан анық болды. 1995 жылы
Қазақстан Конституциясы адамды, оның емірін, құқықтары мен бостандықтарын
мемелекеттің ең жоғары қүндылықтары деп жариялады. Атқарушы және сот
өкіметін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарын реформалау барысында
осы конституциялық басымдықтар ескерілді.

2. Орталық Азия елдері
2.1. Қырғыз Республикасы

Қырғызстан — Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың
км2. Халқы – 6 миллион адам. Қырғыздар (72,6%), орыстар (6,4%), өзбектер
(14,5%), украиндар,  татарлар,  қазақтар, ұйғырлар,  немістер, тәжіктер, 
дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың
адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет.
Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері –
қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз – Тәуелсіздік күні.
Ақша бірлігі – сом.
Қырғызстан — Орта Азияда орналасқан ел, солтүстігінде Қазақстанмен,
шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында Тәжікстанмен, ал
батысында Өзбекстанмен шектеседі. Солүстіктен оңтүстікке 454 км, ал
батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр. Мемлекеттік шекаралары,
негізінен, таулар аркылы өтеді. Сол себепті тәуелсіздігін алғаннан кейінгі
кезеңде шекараларын айқындау мақсатында көршілес мемлек еттермен келісімдер
жүргізілді. Геосаяси жағынан алғанда ел аумағы аса маңызды аймақ болып
табылады. Елдің географиялық орнының бұл ерекшеліғін НАТО-ға мүше елдер
халықаралық терроризмге қарсы күресте маңызды тірек пункті ретінде
пайдалануда.
Қазіргі Қырғызстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. II
ғасырда пайда болған. Біздің заманымыздың VI—XII ғасырлары аралығында
бұл аймаққа Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған болатын. Кейіннен
олар моңғол-татар шапкыншылықтарына ұшырап қуғындалды.
Қазан революциясынан кейін бұл аймақ Қара Қырғыз автономиялық облысы
деп аталды, ал 1926 жылы Қырғыз КСР-і болып қайта құрылды. 1991 жылы
Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады. Бүгінде Қырғыз Республикасы 
әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.
Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының
ең биік нүктесі — Жеңіс шыңы (7439 м) орналасқан. Бір-бірінен кең тауаралық
аңғарлар (Шу, Ыстықкөл, Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым
түрде ендік бағытта орналасады. Олардың геологиялық-тектоникалық құрылысы,
ландшафтылық сипаты өте күрделі. Таулы аудандар қуаты 8—10 балдың күшті
жерсілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.
Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте
орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы
жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын  табиғат  жағдайлары  елдің
 экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.
Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел
экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан
нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда.
Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12
миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы  өнімдерінің,
12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.
Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы,
 тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті  металлургия  болып
табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның
салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл
СЭС-і, жылына 4 миллиард кВтсағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға
қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі
Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан
өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз
басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің
оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі
жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.
Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош
облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон
ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап
кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып,
одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын
(Жалалабад облысындағы "Макмалалтын"), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының
оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде.
Қырғызстан — Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Ол
Қырғызстан жерінің басым бөлігінің таулы болуымен, өнделетін  жер үлесі
көрсеткітттінің төмендігімен түсіндіріледі. Өнделетін жерлердің басым
көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы
шабындықтардың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу
каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін
көптеген тармақтар бөлінеді. Нарын облысында жайылымдардың, әсіресе қысқы
жайылымдардың үлесі басым. Елдің оңтүстігіндегі Ферғана
жотасының беткейлерінде пішен дайындалады.
Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері
арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны
4,5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді
қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті
бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны
салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың
басқа жеткен. Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының
сүйікті сусыны — қымыз дайындалады.  Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды
жылқылар есіретін шаруашылықтар бар.
Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын
малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша
дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі  өсіріледі,
Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қалпына келтірілуде. Елдің
солтүстігі мен оңтүстігінде жүзімдіктер мен жеміс  бақтары едәуір алқаптарды
қамтиды. Жалалабад облысында табиғаттың қайталанбас ескерткіші болып
саналатын грек жаңғағының реликтілік ормандары өседі.[4]
2.2. Өзбекстан Республикасы
Өзбекстан Республикасы - Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1992
жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару
нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң
шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата
(төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы –
Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға
(қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.
1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта
тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2%
шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып,
ауыр индустрияның үлес салмағы артты.
1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын
құрады. Ташкент авиациялық-өндіріст ік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-
114 т.” ұшақтары шығарылады.
1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты
жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды.
Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын
кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар
салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-
ынан астам бөлігін өндіреді.
Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының
74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры
жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру
көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында.
Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді.
Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек
шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды
экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.
Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени
байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік
достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол
қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.
Ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде, әсіресе отын-энергетика
саласын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Оңтүстік Батыс Азия
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Табиғат жағдайларын зерттеу тарихының басты кезеңдері
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Пәндер