АФРИКАҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА. Климаты, ішкі сулары


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 4
1. АФРИКАҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 6
1. 1. Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері . . . 7
1. 2. Климаты, ішкі сулары . . . 8
1. 3. Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері . . . 14
1. 4. Шаруашылығы . . . 18
2. ЖАНУАРЛАРЫ МЕН ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫ . . . 20
2. 1. Африканың топырағы . . . 21
2. 2. Табиғат зоналары . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
Кіріспе
Африканың географиялық жағдайлары Африканы қоныстанған халықтардың практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті экологиялық жағдайлар, азықтық және техникалық қорлар ретінде жұмсалатын табиғат элементтері мен олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше әр алуан болуымен ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен меңгерілген мыңдаған жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка халықтарының бүкіл шаруашылық-мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды. Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30, 3 млн. км2, аралдарсыз -29, 2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с. е. ), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с. е. ) . Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр. Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде Африка материгінде көптеген тектоникалық қозғалыстар болып жатыр. Сол тектоникалық процестер және олардың материктің жер бедеріне қалай әсер ететіні толығымен әлі зерттелмеген. Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Африкадағы тектоникалық процестерді зерттеу және олардың жер бедеріне әсіресе көлдердің пайда болуына әсерін зерртеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын аңықтау;
Африкадағы тектоникалық процестердің көлдердің пайда болуына әсерін аңықтау.
Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін мекемелерде 7 сыныпта оқылатын «Материктер мен мұхиттар» курсында қолдануға болады.
Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі:
Курстық жұмыс 30 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Африкаға жалпы сипаттама
Африка - Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30, 3 млн. км2, аралдарсыз -29, 2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с. е. ), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с. е. ) . Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары
біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.
1. 1. Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері
Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материк- тің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. (Ңосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын қараңдар. ) Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бө- лігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан мате- рикте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000 м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады. Африка платформасының түрлі бөліктерінде ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған. Соның нәтижесінде платформаның негізін қүрайтын ежелгі кристал- ды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді цстірттер қалыптасты. Олардың кейбіреуі жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарга айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыс- тарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншцңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптастырған. Материктің шығысындағы іріМадагаскар аралы Африка плат- формасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.
Кайнозой эрасында Африка Арабия біртүтас литосфералық плита- сының Еуразия плитаеымен соқтығысуы нәтижесінде Арабия Африка- дан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған (43-сурет) . Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Үлы Шыгыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезиөзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Жердің ішкі қойнауынан осы жарылыстар бойымен көтерілген жанар- таулық жыныстардың жиналуынан Африканың шығыс бөлігі биік- теп, таулы қыраттар жүйееі түзілді. Олардың арасында оқшау орна- ласқан, әлі әрекетін тоқтатпаған биік жанартаулар кездеседі (картадан табыңдар) . Олардың ең
ірісі - Африканың ең биік нүктесі болып табы- латын Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншүңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін қүрайды (оқулық атласынан табыңдар) . Ал ертеректе жанар- тау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар (Дракон) таулары Үнді мүхиты жағалауына қарай сатыланып, биіктейді. Жер қыртысындағы осы қозғалыстарАфрика платформасының түтастай көтерілуіне әкеп соқты. Ал ежелгі платформаның шығысы мен оңтүстік-шығысында жер бедері күрделеніп, қазіргі жанартаулық ауданға айналған.
Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әртүрлі жастағы қат- парлы қүрылымдарға тән. Африканың оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген Кап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге айналған. Ал материктің солтүстік-батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден-бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол Еуразиядағы Альпі, Гималай таула- рымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.
Африка пайдалы қазбаларға аса бай. Пайдалы қазбалардың көп- шілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы жэне орналасуы жер қыр- тысының қүрылымы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жы- ныстардың кең таралған аудандарында қара және тцсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры материктің орталық бөлігінде платина, алтын мен алмастыц аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған. Шөгін- ді жыныстар қалың жиналған бөліктерде тас көмір, мцнай, табиги газ, әртүрлі тцздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фосфорит, боксит, марганецтіц ірі кен орындары таралған. Жерорта те- ңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мцнайга бай. Фосфориттің дү- ние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік Африкада көмірдіц мол қоры бар.
Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.
1. 2. Климаты, ішкі сулары
Африка - жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.
Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер - Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (азғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады.
Материктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын көрінеді.
Жер беті деңгейіндегі орташа температурасы Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардың құрлықтан келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала келеді. Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары
материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады.
Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдай туғызады.
Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бip жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің ерекше манызы бap. Мұның өзінде материктің шығысында пассаттардың басқа жарты шардан өтуі осы жарты шардың жазында орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қapaй бағытталатындықтан жыл бойына оңтүстік пассаттың, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17˚с. с. және 20˚о. е. аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ыппалы корініс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны aлa жүреді де жауын-шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады. Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты шар үшін қараша мен шілдеде әр түрлі қалыптасады.
Қарашада материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал сол:түстік бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды субтропиктік белдеу Сахараның солтүстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-Атланттық максимуммен түйіседі. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста қоңыржай ендіктердің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалынтүседі.
Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады.
Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға қарай қызған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негізгі үш ауа толқыны түрінде қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны деп аталады да экваторды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік
бөлігіне дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шеткері жағы бойымен келе жатқан оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея жағалауына қарай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының солтүстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шеткері жағымен ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея шығанағының жағалауына жете алмайды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері соғып тұрады. Бірақ үлкен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында ең құрғақ ай болып табылады.
Оңтүстік-Үнді максимумы қарашада онтүстікке қарай көп ығыстырылады. Ол Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс пассаттарына бастама береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді.
Африканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері жағының ықпалында болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен анағұрлым биік ендіктерден салыстырмалы суық ауа массасының келуіне байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-шашын болмайды. Атлант ауасының Үнді мұхитынан жететін массалармен түйісетін ауданында фронт пайда болады, соған байланысты Калахиридің батысында жауын-шашын мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда біршама арта түседі. Шілдеде солтүстік жарты шар қатты кызады. Сондықтан бүкіл баралық зоналар солтүстікке қарй ығысады. Солтүстік жартышардың субтропиктік максимумы Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға қарай ауысады да Африканың қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызуына байланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан оңтүстікке карай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум
аймағына кіреді. Оның тек қиыр оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоныржай ендіктерінің батыс циркуляциясы жағдайында қалып қояды.
Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20˚ дейін, ал батысында 18˚ с. с. дейін енеді. Оларға қарсы Оңтүстік Атлант максимумы жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея жағалауларына жауын-шашын ала келеді.
Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке қарай Үнді муссонының ықпалындa болады, ол экватор арқылы өтіп, мол жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады.
Африканың жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті қамтылған бүкіл оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері құрғак, болады. Тск Кап облысы бұл жағдайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық әрекет тән. Африканың негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы температура күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті инсоляцияға байланысты. Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа температура +200С-ден асып түссді. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ қызады, онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура (+350-400С), сонымен бірге ең жоғары максимумды температура (+580С-ге дейін) орын алады.
Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс беруі, температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада температураның тәуліктік амплитудасы 500С-ге жетеді.
Материктің территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды. Үнемі және мол болатын конвективтік жаңбырлар экватор бойы бөлігіне шамамен 5˚с. с. псн 10˚о. е. аралығында түседі. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм шамасында) Камерун массивінің басым оңтүстік-батыс жерлеріне қараған беткейлеріне түседі.
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі жарты шардың 170-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазындa экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға және рельефке байланысты құбылып тұрады. Онан әрі
экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай (300-қа дейін) жыл бойына жауын-шашын өте аз мөлшерде түсетін облыстар орналасқан. Материктің қиыр солтүстігі мен қиыр оңтүстігінде, субтропиктік белдеуде жауын-шашынның мөлшері қайтадан көбейеді де солтүстік-батыс пеп oңтүcтік-батыста оның түсу максимумы - қысқа, ал oңтүстік-шығыста - жазға келеді.
Осы көрсетілген заңдылықтардың арқасында Африка өзінің климатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Экваторлық климат белдеуі Конго бассейнінің едәуір бөлігін шамамен 5˚с. с. пен 5˚о. с. apaлығы, сондай-ақ Гвинея жағалауын 7-8˚с. с. дейін қамтиды. Конго бассейнінде жер бетінің қатты қызуына бaйлaнысты ауа массалары көтеріледі де жыл бойына конвективтік жауын-шашын болып тұрады. Олардың режимінде күннің eң биiк орнына байланысты екі максимум айқын көрінеді. Гвинея шығанағының жағалауларынa жауын-шашынды үстемдік ететін оңтүстік-батыс желдері жеткізеді, олардың жылдық мөлшері көп - Камерун массиві беткейлерінде 9600 мм дейін жетедi. Жоғары және бір калыпты температуралар (+240-280С), буланудан 1, 5-2 есе асып түсетін мол мөлшердегі жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұракты артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Африканың экваторлык, бөлігінің климатын оған үйренбеген европалықтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да азар көтереді.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17˚с. е. дейін жетіп жатыр. Oңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстікте 20˚ о. е. дейін жуықтап барады. Материктің шығысында жарты шардың солтүстік және оңтүстік субэкваторлық белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың жазы кезіңде муссон үстемдік етеді, ол мол жауын-шашын бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік құрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалындa қалып қояды. Бұл жауын-шашын мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен кезең. Ылғалды кезеңнін ұзақтығы, жауын-шашынның жылдық жиынтығы және белдеу шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте 10 айдан 2-3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz