АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
... ... ... ... .5
1.2. Геологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Флорасы мен жануарлар дүниесі... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. АУСТРАЛИЯ ОДАҒЫ ...

..13
2.1. Австралия жағаларының пішіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .. ...15
2.2. Аустралияның табиғат зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Қазақстан Республикасы мен Австралия арасындағы қатынастар ... ...
...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Аустралия — оңтүстік жарты шардағы
құрлық. Ауданы 7 659 861 км². Материктің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке
дейін 3200 км-ге жуық, ені батыстан шығысқа қарай шамамен 4000 км, жағалау
сызығының ұзындығы(аралдарсыз) - 35 877 км. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі
Йорк мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және
113°05' шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы
Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Ірі шығанақтары — солтүстігінде —
Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары,
климатына әсер ететін факторлар және өзіндік ерекшеліктері, өзендері мен
көлдерінің таралуы жер бедері мен климатына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын аңықтау;
- Австралияның физикалық географиялық ерекшеліктеріне сипаттама;
- Австралия материгінің аймақтарына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін
мекемелерде 7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында
қолдануға болады.
Зерттеу нысаны: мұхиттар, олардың ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму,
өзгеру заңдылықтарын және өзара байланыстарын ашу.
Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі.
Курстық жұмыс 25 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1. Австралия табиғатының ерекшеліктері

Аустралия — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ауданы 7 659 861 км².
Материктің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке дейін 3200 км-ге жуық, ені
батыстан шығысқа қарай шамамен 4000 км, жағалау сызығының
ұзындығы(аралдарсыз) - 35 877 км. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк
мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және

Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты,
шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур
теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары —
солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс
жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде
Тасмания аралынан Құрлықты Басс бұғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен
Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж.
голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының
биіктігі 600 м-ден аспайды. Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін
3-ке бөлуге болады.
Батыс Құрлық таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің
шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м),
солтүстігінде Кимберли алқабы (биіктігі 936 м), оңтүстік-батыста Дарлинг
(582 м) жоталары жатыр.
Орталық ойпаттың биіктігі 100 метрден аспайды, ал Құрлықтағы ең темен
жер — Эйр көлінің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың
оңтүстік-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.
Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жотасы
алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік
құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және
көлбеу жазықтарға ұласқан. Құрлықта ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м)
құрлықтың осы тұсында орналасқан.
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал
солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының
климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер
басым. Сондықтан Құрлықтың барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20
-28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa
төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың
солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек
оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен
суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың
бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық
жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың
солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-
ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері
бар.
1.2. Геологиялық құрылымы
Құрлықтың іргетасын, негізінен, құрлық платформасы мен Шығыс құрлық
геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент
шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа
Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк
түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Құрлық платформасының түпкі
негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен
гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-
ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли
үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солтүстік-батысында
кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс құрлықтың Наллагайн, Кимберли
үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңтүстік-батысында көп
ұшырасады. Платформаның солтүстік-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра
шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен
шығанақтың солтүстік жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой
дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Құрлық геосинклиналь белдеуі батыстан
шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік
(Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай
Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше
ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның
(Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин,
Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі
кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгінділерінде темір мен
марганецтің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кен тасы бар.
Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі
геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен батысында
титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық
алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге
құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз
қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде
тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең
ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және
жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен
өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық
жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия
Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің
деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады.
Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі
ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды
болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте
жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.
1.3. Флорасы мен жануарлар дүниесі
Австралия құрлығы флоралық аймағына – Тасмания, Жаңа Гвинея, Бисмарк,
Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия аралдары, Гавай
аралдарының біраз бөліктері жатады. Австралия биогеографиялық аймағы тек
осы құрлыққа тән, сонау ерте ғасырдан сақталып келе жатқан өсімдіктер
түрлері көп.
Эндем туыстары 570 , оның ішінде протеин, хакея, вертикордия,
коноспермум, изопогон, бұршақ, рута, мирта, гудения туыстары. Протеин
тұқымдасының 700 көптеген түрлері осы жерде өседі, доминанттар- гравиллея,
банксия. Австралияның өсімдігі органикалық дүниесі ортаңғы бор
дәуірінен бері дамып келеді. өсімдік түрлерінің 75 % эндемиктер.
Құрлықтың солтүстік шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік шығысында
тропикке таяу құрғақ эвкалипт орманына, селдір орманға, саваннаға айналады.
Шөлейттерінде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдерінде злак тұқымдастар өседі.
Кесуге жарамды ағаш ормандар құрлық көлемінің 2 % ғана құрайды. Олар
көбінесе қатты шірімейтін сүрегі бағалы шай, шайыр алынатын эвкалипттерден
тұрады.
Австарлияның ботаникалық облысынан Австралия материгі және Тасмания
аралы кіреді. Австралияда 10000 тек жоғары сатыдағы өсімдік, оның 314
эндем. Эндемді өсімдіктердің бұл материкте көп болып кездесуі де Австралия
материгінің ертеде жеке бөлініп кетуі салдарынан деп түсіну керек.
Полиморфты түрлері де көп, эвкалипттің -500 түрі, акацияның 486 түрі,
мелялеук- 100 түрі бар. Австралия өсімдігінің көпшілігін эвкалипт,
лептоопермум, мелялеук, акация түрлерін орнитофилия – құстар
тозаңдандырады. Папугай құстарының өзі 30 проц. өсімдіктерді
тозаңдандырады.
Австралия материгінің өзіне тән ерекшелігі бар: яғни, дәл орталықтан
шетке қарай материк орталығында шөл – скрэб – саванна, эвкалиптті орман,
Австралияның солтүстік – шығыс жағалуы тропикалық орман, 2,5 территориясы
тропикалық зонада, қалғаны субтропика, салқын территорияға жатады.
Австралия эндем өсімдіктері түрлерінің көп болуы, керемет сәнді болып
гүлдеуі ешбір басқа флоралық облысқа тең келмейді. Бор дәуірінен Австралия
жерінің оқшауланып, географиялық бөлек болуы, басқа материктермен
қосылмауы, өсімдіктер алмасуы болмағандықтан деп түсіну керек. Австралия
эндемдері біркелкі болып бір жерде өспейді, материктің кез-келген
жерлерінде эвкалипт, акация, казуарин банксия өсімдігі материктің оңтүстік-
батыс және солтүстік-шығыс жерлерінде өсіп тұр. Эндемдердің материктің әр
жерлерінде өсуін, таралуын, сонау ертедегі Австралия жеріндегі Эремей
геологиялық құбылыстарымен байланысты. Эремей атты теңіз материктер
ортасында мезозой дәуірінде Австралияны шығыс екіге бөліп тұрған. Қазіргі
кезде эремей Австралияны шығыс батыс қылып екіге бөліп тұр. Оңтүстік-батыс
Австралияда 4384 өсімдік түрі, оның 82% эндем. Онша үлкен емес мұндай
аймақта эндемдердің шоғырлануы басқа ешбір материкте кездеспейді. Орталық
Австралия даласы эремейде 2208 эндем, яғни, 65% эндемдік
өсімдік түрлерінің көптігі және олардың басқа материкпен туыстығының
байқалмауы, сол үштік дәуірден өзгеріссіз өсе берген. Материктің шығыс
жағына қарай өсімдік түрлері азая береді: 4339, оның 29% эндем, ал
оңтүстік шығысында – 2171.
Солтүстік тропиканың жартысында 500-1500 мм жылына жаңбыр жауады да,
сиректе, селдір саваннаға ұқсас өсімдік бірлестігі қалыптасқан. Тасманияның
кейбір жерлерінде жерлерінде мәңгіжасыл қатты жапырақты эвкалипт ормандар,
бұталы өсімдіктер өседі.Материкте солтүстік тропика бөлімінде саваннаның
ылғалды зонасында жазда сирек болса да жаңбыр жауады.
Сахара, Намиб шөлдерінен айырмашылығы Австралияда өсімдіктердің
галофитті формациясы сораң, алабұта, ақ тікен, жұп жапырақтылар, прутняк.
Саваннада 300-500 мм жаңбыр жауады,эвкалипт орманымен шектесіп, алыстаған
сайын ағаштар сиреп, бойында 30-35 аласарып, казуарин мен акацияға орын
береді.
Эвкалиптті орманда 500-700 мм жаңбыр жауады, қыс айларында көбірек
жауады. Эвкалипт бағана тіріздес биік ағаш, көлеңкесі аз, сондықтан да
кейінгі ярустарда- протеин тұқымдас өкілдері ксанторея, лилия
тұқымдасынан казуарин, ертеден келе жатқан казуарин тұқымдасынан. Эвкалипт
ағашының биіктігі 100 м жапырағы қозғалмалы, суды аз булану үшін күнге
қырымен қарап турады да, сондықтан да көлеңкесі жерге түспейді. Сирек түрі
әртүрлі: сары, сұр, қызыл, қоңыр. Өте тез өседі. Сондақтан да оларды
батпақты жерді құрғату мақсатында егіледі.
Склерофильді мәңгі жасыл орман Австралияның оңтүстік батыс бөлігінде
орналасқан. Австралияның бұл бұрышында 82 проц. Эндемді өсімдіктер өседі.
Шығыс пен батыста қатты жапырақты ормандар ерте ғасырдан қалған
фрагменттер. Доминант эвкалипттің көптеген түрлері, банксия-протеин
тұқымдасынан; хакея ,альбиция, каллистемон.
Австралия шөлі материктің орталық бөлімінде Эир аралын айанла,
батысында Виктория, Улкен құмда шөл, ал Гибсон шөлі осы Виктория мен Үлкен
құмды шөл ортасында 27гр. Оңтүстік ендікте, топырақ бетін латерикті
қабыршақ, астында каолинді балшық бар 120-200 мм суды, ылғалдылықты өзіне
ұстап тұрады: злактардан спинифекс – 4 түрі, галофитті өсімдіктерден
прутняк алабұта, сораң шөп, Шобер ақтікені, акапия, казуариндер, эвкалипт
Австралия материгінің флоралық оқшаулану ерекшелігін ескере отырып
көптеген флоралық тармақтарға бөлінген:. Австралия материгін 5 тармаққа
бөлген. Профессор Алехин В.В. 1949 жылы австралия флорасын 3 тармаққа
бөлген. Солтүстік шығыс Австралия флоралық тармақ орманына Малезия флоралық
элементтері көбірек. Сондықтан да палеотропикалық флоралық ықпалы басым.
Эремей аумағы үлкен емес. Австралияның орталық бөлімі, солтүстік батыс
жағалауы. Бұл тармақ саванна, дала, орталығы шөлдала. Ксерофитті бұта,
тікенегі бар, адам өте алмайтын қалың тоғай жергілікті адамдар скрэб
деп атайды. Негізінен акация, эвкалипт, казуарин өсімдіктері өседі.
Оңтүстік шығыс флоралық тармағы. Австралияның ең қоңыржай ауданы,
мәңгі жасыл орман, эвкалипт, акация, казуарин, протеин тұқымдастарымен
аралас өскен.
Австралияның фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді, әсіресе
аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі мынау, материк пен аралдар ежелден жер
шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрады және олардың фаунасы оқшау жағдайда
дамыды. Екінші жағынан, Австралия фаунасында Оңтүстік Америка, Антарктида
мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.
Австралия мен мұхиттық аралдардың материктік аралдары, әсіресе Жаңа
Зеландия фаунасы өте ежелгілігімен және эндемизмділігімен ерекшеленеді және
реликтілік сипаты айқын білінеді. Материктер мен мұхиттирдың жабайы
фаунасының құрамында дүниенің басқа бөліктерінде таралған жануарлардың
көптеген топтары жоқ. Бұл алдымен, плацентарлы сүтқоректілердің бүкіл
отрядтары дерлік, құстардың, улы жыландардың кейбір тектері мен
тұқымдастары.
Австралия мен мұхиттық аралдардың фаунасында ұқсастықтармен қатар,
үлкен айырмашылықтар бар, бұл ішкі аймақтарды бөлуге мүмкіндік береді.Ол
материк пен Тасманияны, Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зеландияды және Поленезияны
қосып алатын Австралиялық аймақ.
Австралия фауналарына нағыз тән белгі:төменгі сатылы сүтқоректілердің,
біртесіктілер мен қалталылардың кең таралуы. Біртесіктілер мен
клоаолылар, туыстастардың екі тегінің өкілі-үйрек -тұмсықтылар мен
ехидналар, олар тек материк пен кейбір аралдарда ғана сақталған. Қалталылар
Австралияға салыстырмалы жуық шамада антропогеннің басында келген.
Австралия аймағында қалталылардың 130-ға дейін түрлері бар, оның
үстіне олар жоғарғы сүт қоректілердің әр түрлі биологиялық типіне сай
келетін түрлі топтарды көрсетеді. Олар –қалталы жыртқыштар, кемірушілер,
өрмелеушілер насеком қоректілер, шөп қоректілер. Әсіресе кенгуру
тұқымдастар өкілдері айрықша өте көп және пішіндері пен тіршілік дағдылары
бойынша әртүрлі.
Сондай ақ орнитология фаунасына бауыры мен жорғалаушылар мен насекомдарға
да үлкен өзгешелік тән. Олардың ішінде эндемиялық түрлері көп. Мәселен,
Австралия құстарының 666 түрінің 450-і эндемиялы.
Австралия материгінің әр түрлі бөліктерінің фаунасының, қазіргі
табиғат жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ішкі түрлілік,
сондай ақ тарихи дамудың жағдайларына байланысты. Мәселен ұзақ уақыт бойы
теңізбен бөлініп жатқан Австралияның батыс және шығыс бөліктерінің арасында
үлкен түр айырмашылық бар.
Австралияның солтүстігі мен шығысында, сондай ақ Жаңа Гвинея мен басқа
аралдардың ылғалды жіне субтропиктік ормандарына әр түрлі өрмелеуші
жануарлар тән. Әсіресе қалталы аю немесе коала, қалталы жалқау. Ол
тіршіліктің түнгі дағдысын жүргізеді және уақытының көбін ағаштарда ,
олардың жапырақтарымен қоректеніп өткізеді. Бұдан басқа көбіне тіршілігін
ағашта өткізетін кузу, қент тиіні және ағаш кенгуруы тараған. Жаңа Гвинеяда
көршілес Азия фаунасының кейбір өкілдері, мысалы жабайы шошқа тән.
Австралияның ішкі сулары балықтарға бай, олардың арасында эндемиялық
және өте ежелгі түрлер таралған.Триастан бері өзгермеген түрде сақталған
қос тынысты рогозуб балығы тамаша.
Австралияның солтүстік және орталық бөліктері, саванналарының, бұталы
тоғайлары мен ашық кеңістіктерінің фауналары бұдан өзгеше. Шөп қоректі
жануарлар үшін азық қорлары мол аумақтарда кенгурудың басқа тұқымдастары
мен түрлері мекендейді. Кенгурулар әдетте үйірімен тіршілік етеді. Ең зор
сұр кенгуру секіргенде ұзындығы 10 метрге және биіктігі 2-3метрге дейін
жетеді. Оның денесінің ұзындығы құйрығын қоса есептегенде 3 м дейін жетеді.
Жартастар мен бұталы нулар арасында валлаби кенгуруы өмір сүреді.
Кенгуруды адам мен австралиялық динго иті қатты қырып жіберді. Динго
иті жирен жүнді, шағын жануар, өте төзімді, шапшаң әрі ұзақ шабуға икемді.
Олжасның ізіне түсе отырып,көп сағаттар бой жүгіреді. Олар Эйр көлінің
маңында тараған. Динго үй малдарын да жойып жібереді, сондай-ақ қарусыз
адамдарға, балаларға шабуыл жасайды.
Бұталы тоғайларда денесін тікен жапқан сүтқоректі, жергілікті эндемия-
ехидна мекендейді. Үйректұмсықты ехидна да балаларын жұмыртқадан өргізеді,
ал негізінен құмырсқа илеуіне ұзын жабысқақ тілін сұғып жіберіп,
құмырсқалармен қоректенеді. Ол түнде тіршілік етеді, өте қорқақ және қауіп
төнсе жерді қазып жіберіп кіріп кетеді.
Құстардың ішінен авсралия түйеқұсы эму, егінге үлкен зиян келтіретін
шөп қоректі тоты құстар, суда жүзетін және суда мекендейтін, көпшілігі
солтүстік жарты шардан ұшып келген әр түрлі құстар мекендейді.
Тасмания аралының жануарлар дүниесі кейбір өзгешеліктерімен
ерекшеленеді.Онда мысалы қалталы қасқыр, қалталы пері сақталған. Аралдың
оңтүстік бөлігінде антарктида фаунасына тән өкіл-пингвин кездеседі.
Австралия және оның жағалауындағы аралдар жануарлар әлемі бай емес.
Мұнда сүтқоректілердің 230 түрі және құстардың 650 түрі мекендейді. Бірақ
та бұл елдердің жануарлар дүниесі ерекше, сондықтан да қазіргі уақытқа
дейін биолог ғалымдардың қызығушылығын арттырып отыр. Олардың басым бөлігі
континенттің солтүстік шығыс бөлігін және Жаңа
Гвиния аралының тропикалық ормандар ында мекендейді.Бұл елдерде өзге
континенттерде кездеспейтін эндемик түрлер және өте ежелгі тірі қазбалар
түрлері бар. Мысалы, үйректұмсық пен ехидна өзде рінің құрылысы жағынан ерте
триастық сүтқоректілерге ұқсас. Олар кенгуру, үйректұмсық, коала, жұмақ
құстары мен эму түйеқұсы. Мұнда қалталы жануарлардың 150 түрі кездеседі.
Автралияда өзге континенттердегідей жыртқыштар, маймылдар, тұяқты жануарлар
кездеспейді. Осыған байланысты қалталы жануарлардың бәсекелестері мен
жаулары болмай, олар кең тараған. Ехидна және Австралияның құстар дүниесі
де ерекше. Мұнда эму түйеқұсы, казуар, какаду тотықұсы, жер
тотықұстары өздерінң ұяларын ағашқа емес, інге салады, толқынды тоты
құстарыды адамдар өз үйлерінде ұстайды, әртүрлі түске боялған
көгершіндер.Автралияның жорғалаушылар дүниесі де ерекше. Олардың ішінде
плащеносты кесіртке(артқы аяқтарымен өте тез жүгереді, сондықтан да
кішкентай динозаврға ұқсайды, молох кесірткесі, көптеген улы жыландар және
т.б.Мұндай ерекше жануарлар дүниесін өзге континеттен кездестіре алмаймыз.
Он жануардың тоғызы австралияда эндемик. өсімдіктер
дүниесі де ерекше, жоғары сатылы өсімдіктердің 12 мыңының 9 мыңы
эндемиктер. Осы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесі ғалымдардың
қызығушылығын тудыруда. Бірақ та бұл жануарлардың көп бөлігі шеттен
әкелінген жануарлар дүниесімен бәсекеге түсе алмай жоғалып кеткен.
Адамдардың антропогендік әсері де табиғи ландшафттардың өзгеруіне әкелді.
Киви жемісі - Кеден инспекторы Жаңа Зеландиядан келген жәшік ішінде
қоңыр-жасыл түсті түсініксіз конструкциядағы жүздеген гранат корпустары
күңгірт жылтырайды. Әп-сәтте босап қалған қойманы полиция қоршап алып,
әбігерге түседі. Терроризммен күрес мамандары келіп жәшіктегі гранат емес
кәдімгі киви екендігін дәлелдейді.
Эвкалипт ағашы ауыр әрі тығыз сүрегінің өте беріктігі, ол әсіресе кеме
жасауда, телеграф бағаналарын, жапырақтарынан дәрі-дәрмек алуда
пайдаланады. Тез өседі, ылғал көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындаңы
суды сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Эвкалипті безгекке
қарсы ағаш деп те атайды. Эвколипт өскен жерде батпақ болмайды. Сондықтан
да безгек қоздыратын маса ұрғынның өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерді
құрғату үшін эвкалипті отырғызады.
Үйрек тұмсық – су астында көрмейді де, естімейді де. Ол су астында бір
минутқа жақын шыдай алады, тәбеті адам айтқысыз күшті. Ол күніне 1 кг, яғни
өзінің жеке салмағының жартысындай ас жейді, бірақ оның тісі жоқ, ол асты
таңдайына ысқылап, ұсатып жейді, 2 см-дей 2-3 ақ дөңгелек жұмыртқа салады,
10 күннен кейін жұмыртқа жарып шыққан балаларын бес ай сүтімен асырайды
екен..
Коала аюы – эвколиптің жапырағын жеп күнелтеді, 1 ағашты жеп біткенше
түспейді, егер қажетті жапырақ болмаса коала аштан өледі, басқа азық
жемейді. Жапырақта ылғал жеткілікті болатын көрінеді. Австралиялық тайпа
коаланы су ішпеу деп атайды, бойы 1 метрден аспайды, салмағы 10 кг жуық.
Жаңа туылған баласының ұзындығы 2 см, ал салмағы 5 г болады. 5-6 ай сүт
емеді. 2 жылда бір рет балалайды, баласын қолына алып тербетіп қамқорлық
жасайды екен.
2. Аустралия одағы
Аустралия, ресми атауы Аустралия Одағы (ағылш. Commonwealth of
Australia; лат. australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан)
— Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім
аралдарында орналасқан мемлекет. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия
Республикасы, Папуа — Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон
аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның
астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней,
Мельбурн.Аустралия , ЕЭЫДҰ, ДСҰ, АТ ЭЫ, БҰҰ, Британдостығы,АНЗЮС, Тынықмұхит
аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі.
Аустралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы
қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Аустралияның басшысы ретінде
Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Аустралия тәуелсіз
мемлекет ретінде есептелуде.
Аустралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы - Сенат,
төменгісі - Өкілдер Палатасы. Сенатта - 76 сенатор ал Өкілдер палатасында -
150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы
3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы
тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12
сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар.
Аустралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай
территорияларға бөлінеді.
Штаттар:
Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Аустралия штаттары мен
территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын),
астанасы: Мельбурн қаласы;
Батыс Аустралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы:
2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;
Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000
(3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын),
халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сидней қаласы;
Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-
шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
Оңтүстік Аустралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын),
халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаида қаласы;
2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам
болған. Австралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған
ағылшын тілділер, оларды австралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне
тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. XX
ғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдің
жұмыс күшін пайдалануды талап етті. Австралияға ағылып арабтар,
вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын
басты талап – Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс
аударушылардың мәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық
тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68
тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға
парламентте, үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора
кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді.
Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік
Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары.
Соңғы зерттеулерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz