АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Географиялық
орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.2 Климаттық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7
1.3 Антарктиданың Жануарлар
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4 Оңтүстік жарты шар
атырабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0

2 АНТАРКТИДАНЫҢ АШЫЛУ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Антарктиданың зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2.
Ашылу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.3. Антарктиданы зерттеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.4.Зерттеудің
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 12

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Антарктида – Жер шарындағы бетін мұз басып жатқан бірден бір материк.
Жер шарының оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. Ол басқа құрлықтардан
өзінің қатаң климат ерекшеліктерімен, қызықты органикалық дүниесімен
ерекшеленеді. Антарктидада Жер шарындағы тұщы судың 98%-ы орналасқан.
Ондағы теңіздерде тіршілік ететін ағзалардың көбі эндемиктер болып
табылады. Антарктида құрлығын ғалымдар ертеден бері зерттеп келе жатса да,
қазірдің өзінде құрлықтың әлі ашылмаған құпия сырлары бар.
Курстық жұмыстың мақсаты – Антарктиданың ашылу мен зерттелу тарихына
сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеті – Антарктида құрлығының географиялық орнын,
жер бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық құрылысын, табиғат жағдайларын,
климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық дүниесін, зерттелу тарихын
зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған
Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің
қамына кірісе бастағаны белгілі.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз
деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және
кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз
мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.
Курстық жұмыстың құрылымында – Антарктиданың физикалық және
географиялық сипаттамасы тақырыбы, екі бөлімнен тұрады олар: Антарктиданың
физикалық және географиялық сипаттамасы бөлімде, климаттық жағдайы, ішкі
сулары, органикалық дүниесі туралы сөз қозғалады. Антарктиданың ашылу
зерттелу тарихы атты екінші бөлімде Антарктиданың зерттелу тарихы жайлы
сөз қозғалады.

1 АНТАРКТИДАНҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Географиялық орналасуы

Антарктида - Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі
14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен
қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен
Лазарев бірінші рет ашқан. Антарктиданы түгелдей қалың мұз басып жатады.
Оның орташа қалыңдығы - 1500 м шамасындай, ал ең қалыңы - 4000 м.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу жерде ұшырасады.Бұл - Жер
шарымыздағы 6 материктың бірі.Ол Қиыр оңтүстікте түгелдей мұз құрсанып
жатыр.
Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің
аумағы 12,3 млн. км², ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0
млн. км²-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі
26 млн. кm³. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз
жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық
құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық
сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек – Антарктида
түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд,
Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит
сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер, т.б.
теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6
млрд. жыл болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей
эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың
ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің
геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия,
Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол
төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып,
батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайнозойлық Анд қатпарлы
жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады.
Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді
жыныстардан құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің
дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км.

Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық
атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор
(3262 м) жатады.
Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс
Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі
құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау
жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері,
Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары
жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м, абсолюттік биіктігі 3500 –
4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік
биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары
орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен
жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан
астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі –
700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың
жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік
нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз деңгейінен ең
төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың
қайраңдық мұздықтары Антарктида жерінің 12%-дай жерін алып жатыр.
Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың жалпы
ауданы 1,65 млн. км². Қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктидада,
олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары. Мұздықтардың
шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында
оншақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық
бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт
мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30 – 40 км). Антарктида – жер шарындағы
мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты
мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа
құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры
26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы
ауданы 2500 км². Олар көбіне жағалаулық бөліктерде теңіз деңгейінен 100 м
биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер.
Сонымен қатар Виктория жері (4000 км²) мен Александр І жері (400 км²)
сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі.

1.2 Климаттық жағдайы

Антарктиданың климаты – полярлық континенттік. Климаттық
ерекшелігіне байланысты Антарктида – суықтық полюсі. Ол сондай-ақ, жер
шарының ең күшті желдер мен жазғы жиынтық радиацияның да полюсі болып
табылады. Оңтүстік полюс аймағы Арктикамен салыстырғанда Антарктида Жердің
Күнге ең жақын нүктесінде (перигелий) орналасқандықтан Күн жылуын 7%-дай
артық алады. Ауаның мөлдір әрі құрғақ болуы, яғни антициклондық ауа райы
күн радиациясының жерге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Антарктида
жазында, яғни желтоқсан мен қаңтар айларында, Орталық Антарктидада орташа
айлық радиация жиынтығы Жер шарындағы ең жоғары көрсеткішке (30 ккалсм2)
жетеді. Бірақ, келетін жылудың 90%-ға жуығы мұз жамылғысымен шағылысып,
әлем кеңістігіне қайта кететіндіктен, құрлықтың жылыну мүмкіншілігі өте
төмен. Континенттің орталығында қысқы орташа температура –60 – 72Ә С-қа
дейін, жаз айларында –30Ә – 50Ә С-қа дейін, ал жағалауларда қыста –18Ә С,
жазда –20ӘС-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 30 – 50 мм,
жағалауларда 700 мм-ге дейін жетеді, негізінен қар күйінде түседі. Суық ауа
Антарктиданың ішкі аудандарынан шеткі бөліктеріне қарай қозғалып, ағынды
желдерді туғызады (орташа жылдық жылдамдығы 12 мс), ол циклондық ауа
ағынымен қосылған кезде теңіз дауылына айналады (жылдамдығы 50 – 60 мс.,
кейде 90 мс-қа жетеді). Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы борандар
соғып тұрады.
Антарктидада құрғақ жерде саяхат жасау едәуір дамыған. Елдің көбі
моторлы көлік түрлерін пайдаланады. Көліктердің дөңгелектері әдеттен тыс
жалпақ, онымен мұзда жүру ыңғайлы. Терра Бас (адам таситын автобус) - Мак-
Мёрдодан ұшу алаңына дейін адам тасуға арналған көлік. Көліктердің
көпшілігі шынжыр табанды. Жалпаң дөңгелекті көлік түрлеріне қарағанда,
шынжыр табанды көлік түрлері әлдеқайда жайлы. Ұшақ пен тікұшақ - әуе
қатынасының бірден-бір түрі. Олар адамдарды Антарктидаға немесе зерттеу
орталықтарына апарып, алып қайту кезінде қолданылады. Антарктидада
тікұшақтың үш түрі пайдаланылады.
Мак-Мёрдо - Антарктидадағы жалғыз айлақ. Жағалауға жаңын орналасқан
көптеген бекеттерде зәкір тастауға болатын тұрақтар бар. Жүкті кемеден
жағаға қайық, баржа және тікұшақтың көмегімен түсіреді. Антарктидада
қатынас құрудың ғарыштың жүйелері орнатылған. Соның арқасында ғалымдар
сыртқы дүниемен байланысын үзбейді. Хабарлама түріндегі мәліметтер алумен
қатар, телефонмен де хабарласып тұрады. Бекеттерге жедел пошта тек жаз
мезгілдерінде ғана келіп-кетеді

1.3 Антарктиданың жануарлар дүниесі

Антарктида жер бетіндегі жануарларға кедей. Жер бетіндік
сүтқоректілер онда жоқ, алайда кейбір құрттар, төменде сатыдағы шаян
тәрізділер мен қанатсыздар насекомдар кездеседі.Қанаттарының жоқ болуы
аймақта күшті жел соғуымен және насекомдардың ауаға көтеріле алмауымен
түсіндіріледі.Антарктика аралдарында қоңыздардың, өрмекшілердің, тұщы суда
тіршілік ететін моллюскалардың бірнеше түрлері,ұшпайтын көбелектің бір түрі
табылды.Тұщы су балықтары жоқ.Құстардан құрлыққа өмір сүретін ақ
ржанка,конек,Оңтүстік Георгия аралында ұя салатын үйректің бір түрі
белгілі.

Антарктиданың жер бетінің фаунасы осындай кедей болғанымен,
теңіздегі және жартылай құрлықтағы жануарларға бай.Омыртқасыздардан
сүтқоректілердің, құстар мен балықтардың негізгі азығы болып саналатын ірі
шаянн тәрізділер айрықша көп.Ірі медузалар қызықты.Көптеген балық нототенді
және ақ қанды шортанның эндемиялы тұқымдастарына жатады.Сүтқоректілердің
ішінде ескек аяқтылар мен киттер көптеп кездеседі.Ескек аяқтыларға қазіргі
әр түрлі түлендер мен құлақты түлендер жатады.Қазіргі түлендердің ұзындығы
үш метрге жететін Уэделл түлені көп таралған.Ол жылжымайтын мұзды
алқаптарда тіршілік етеді.Түлендердің басқа түрлері көшпелі мұздарда
кездеседі.Бұл-шаян түлен мен терісі өзгеше теңбіл түсті түлен-
қабылан.Түленнің ең ірісі-теңіз пілі-қазіргі уақытта күшті құртылып
жіберілген, алайда оны субантарктидалық аралдардың жағалауларынан көруге
болады.

Антарктида суларында қазіргі кезде кездесетін сүтқоректілердің ірісі-
мұртты және тісті киттерге бөлінетін кит тәрізділер мекендейді.
Мұрттылардың ішінен көк кит финвал, горбач,сейвал және нағыз киттерге
бөлінеді.Ең ірісі-көкшіл кит немесе блювал.Антарктикада ауланған көк
киттердің ішіндегі ең үлкенінің ұзындығы 33метрге жеткен.Олар қазіргі кезде
құртылып жіберілген және 1967жылдан бері қорғауға алынған.Ірі кит 20
тоннаға дейін таза май береді,160 тоннаға дейін салмақ тартады. Мұртты
киттер шаян тәрізділермен қоректенеді.
Антарктиданың тісті киттеріне кашалоттар, құты тұмсықтылар мен
косаткалар жатады.Мұның соңғысы арқасында үлкен өткір жүзу қанатымен-
шалғымен жабдықтанған, тіпті китке де елеулі жарақат салатын аса қауіпті
жыртқыш болып саналады.
Антарктиданың құстары айрықша өзгеше.Олардың бәрі суда тіршілік етіп,
балықпен немесе ұсақ теңіз жануарларымен қоректенеді.Олердың ішінде
жарғаққа ұқсас қысқы қанатты құс –пингвиндер.Антарктикада пингвиндердің 17
түрі мекендейді.Антарктида жағалауы мен пак мұздарында ең көп тараған түрі-
Адели пингвиндері.Ең ірісі-императорлық пингвин, оның салмағы 50 кг жетеді.
Пингвиндердің көптеген түрлері аймақтың солтүстік шекарасы
бойын,субантарктикалық арал жағалауларын мекендейді. Оған склатер, алтын
айдарлы пингвин мен кейбір басқа пингвиндер жатады. Жаз уақыттарында
Антарктикаға дауылпаз, шағала, суқұзғын ұшып келеді. Құстардың ішіндегі ең
ірісі — альбатрос, оның қанатының жайылуы альбатрос, оның қанатының
жайылуы 3,5 метрге жетеді. Кейбір дауылпаздар материктің түкпіріне дейін
барлық құстардан алысқа ұшып барады және жекелеген нунатактарда кездеседі.

1.4 Оңтүстік жарты шар атырабы
Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан,
Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа
материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр
аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ
орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр.
Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала
қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктида
жалғас Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі
мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатады. Сондықтан
мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы
жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида
жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк
пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдар мұздықтармен
құрсалған. Антарктиданың жалпы жері 13974 мың км (шельеф мұздықтар мен олар
арқылы құрлыққа қосылып жатқан аралдары және 1582 мың км-дей мұз
күмбездерін қоса есептегенде). Материктің ауданы 12,4 млн км, ал қайраңдық
мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн км-ге
жуықтайды.Оңтүстік Америкаға қарай ұзынша келген енсіз Антарктика түбегі
созылып жатыр. Антарктиданың ұзындығы 30 мың км-дей асатын жиек сызығы
бүкіл өн бойына дерлік биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік жар
тосқауылдар мұз болып келеді. Антарктида жер шарындағы ең биік құрлық. Оның
мұз жамылғысының орташа биіктігі 2040 м, яғни қалған барлық құрлықтардың
орташа биіктігінен (730м) 2,8 м есе артық. Антарктида мұз астындағы жер
бетінің орташа биіктігі 410 м.
Антарктиданың негізгі ерекшелігі, жорамалданып жүргендей, неогеннен
бері көлемі біресе кішірейіп, біресе ұлғайып тұратын материктің мұздық
қалың жамылғысы болып табылады. Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал
оның астында жатқан құрлықты-Тасты Антарктида деп атайды. Бүкіл материкті
қалың мұз басып жатыр. Оның территориясының 02-03 процентінде ғана мұз
қабаты жоқ. Бұл биік тау шыңдары, ал кейде мұз құрсауының жоғары жағын қар
басып жатқан аспандаған тау сілемдері, немесе антарктикалық көгалды
алқаптар деп аталатын мұз қабатынан жақында ғана босаған шағын көлемді
жағалау алаңдар. Мұздықтар күрделі тау құрылымдарын жасырып жатыр. Ұлы
антарктикалық мұз қалқанының ең қалың жері қазіргі дерек бойынша 4200
метрден астам, ал оның көлемі 24 млн км шамасында. Оның мұзы бүкіл дүние
жүзі қалыңдығының 50 м мұз қабаты боп жабуға толық жететінін айтсақ, бұл
мұздың жалпы көлемі туралы өзінен-өзі түсінікті болар. Егер Антарктиданың
мұздық сауыты ери бастаса, ол біздің планетамыздың барлық өзендерін,
қазіргі өзендердегі бар суды есепке алғанда, 500 жылдан астам уақыт
қоректендіруге жетер еді, ал дүние жүзілік мұхиттық деңгейі мұздық суынан
60 метрден астам көтерілген болар еді. Материктің мұз сол материктің өзінің
бетін ғана емес, сонымен бірге оған жанасып жатқан көптеген аралдарды,
сондай-ақ шелльфті мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де жауып
жатады. Кей жерлерде мұздар теңіз деңгейінен недәуір төмен жатыр (-2555 м).
Материктің мұздықтардың, шелльфті мұздардың жамылғысы астындағы құрлықпен
жанасып жатқан аралдар ауданы 13,974 мон км. Антарктиданың географиялық
географиялық орнына байланысты мынадай табиғат ерекшеліктері бар: Жерінің
99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең
қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы); Антарктида - Жер шарындағы ең биік
материк, оның мұз жамылғысы мен қоса есептегенднгі орташа биіктігі 2040 м.
Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн . км бұл дүние жүзіндегі тұщы су
қорының 80%-ын құрайды. Антарктида- Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983
жылы ғаламшарларымыздағы ең терең температура (-89,2 С) тіркелген;
Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз
деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (-2555 м); Антарктида сөнбеген
жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м); Оңтүстік полюс
үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.
Антарктика- Антарктида материгі мен ұсақ аралдары бар, оны коршаған
мұхит кеңістігін қамтитын оңтүстік полюс атырабы. Антарктиканың шекарасына,
негізінен, 48° және 60° о.е. арасындағы солтүстік жылылау және оңтүстік
суық беткі сулардың түйіскен зоналары қамтылады. Антарктикаға соңдай-ақ осы
сызыққа таяудағы Принц-Эдуард, Козе, Макуори және басқа аралдар да жатады.
Ол антарктикалық және субарктикалық екі географиялық белдеуді қамтиды.

2. АНТАРКТИДАНЫҢ АШЫЛУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

2.1. Антарктиданың зерттелу тарихы

Джеймс Кук зерттеулері. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі
Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр
шеңберін үш рет кесіп өткен Джеймс Кук Антрактида жағалауына біршама
жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде
ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін
деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт
оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.
Беллинсгаузен мен Лазарев зерттеулері. Антрактиданың ашылуы мен
зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары
Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазерев басқарған “Восток” және “Мирный” желкендң
кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антрактида материгі
жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция
материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антрактиданың
ашылған күні болып табылады.
Руаль Амундсен зерттеуші. Норвегиядан (1910) “Фрам”
кемесіменАнтарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы
Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген –
Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-
трансарктикалық ұшуды басқарды.Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшырағанУ.
Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының
экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен
аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар.
Роберт Скотт зерттеуші. (6.6. 1868, Девонпорт — 30.3.1912 ж. ш.)
—Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында
қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын
басқарып, “Дискавери” әскери кемесімен Антарктидаға аттанды. 1901 — 04 ж.
аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық
мұздығын зерттеп,Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен
Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін
жетті. 1910 ж. 15 маусымда “Терра Нова” кемесімен Антарктидаға екінші
экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай
аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33
күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда
серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі
мұздық, Тынық мұхиттыңоңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б.
аталады
Антарктида - Жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын
Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк. Антарктика
атауының өзі Арктикаға қарама-қарсы деген мағынаны білдіреді, яғни
материктің солтүстік поляр аймағына қарама-қарсы орнын дәл бейнелейді.
Материк ауданы 12,4 млн км2, ал қайраңдық мүздықтар мен көршілес
аралдардықосып есептегенде 14 млн км2-ге жуықтайды. Антарктиданың
географиялық орнына байланысты мы- надай табиғат ерекшеліктері бар:

• Жерінің 99%-ын қалың муз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы
1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

• Антарктида - Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз
жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

• Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км3, бұл дүние жүзіндегі
тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

• Антарктида - Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы
ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2°С) тіркелген;

2.2. Ашылуы

1820 жылы 27 қаңтарда Антарктида материгі ашылған. Александр І
қолдауымен 1819 жылы шілдеде Кронштад қаласынан алғашқы антарктикалық
экспедиция жолға шықты.
Экспедиция жетекшісі болып капитан Фаддей Беллинсгаузен тағайындалды.
Оның басшылығында болған үш матчталы Восток кемесі мен лейтенант Михаил
Лазарев басқарған Мирный кемелері саяхатқа бірігіп аттанды.

Мұхитқа шыққаннан бері 6 ай өткенде, демек 1820 жылдың 27 қаңтарында
оңтүстік континент тұңғыш рет көзге көрінді.
Алайда, адам баласы Антарктида жағасына тек ондаған жылдардан кейін ғана
аяқ басты. Оңтүстік полюс саяхатшыларға қалың мұз бөлігі ретінде көрінді.
Бұл шынымен материк екеніне сенімді болу үшін Беллинсгаузен жерге үш рет
түсуге тырысты, алайда, бұл оның қолынан келмеді.
Сапар 750 күнге созылды. Теңізшілердің өжеттілігінің арқасында, мұзды
континентпен бірге оңтүстік теңіздегі 28 арал ашылды.
Беллинсгаузен экспедициясы тарихқа белгілі сапарлардың ең ауыры және
қауіптісі саналады.
Антарктида - ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жердің бар
екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық
теңізшілердің осы ба- ғытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Мұз жамылғысы
Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Пири Рейс картасы
Антарктида
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Географиялық ойдың даму тарихы. Алғашқы географиялық ойлар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Пәндер