АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА


Мазмұны
КІРІСПЕ
. . . 4
1. АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
. . . 5
1. 1Анд тау жүйесінің табиғат ерекшеліктері . . . 5
1. 2 Анд тау жүйесінің геологиялық құрылымы . . . 7
1. 3 Анд тау жүйесінің геотектоникалық құрылысы . . . 9
2. АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
. . . 14
2. 1. Анд тау жүйесінің климаттық аудандастырылуы . . . 14
ҚОРЫТЫНДЫ
. . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
. . . 25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Анд Кордильерасы - Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең алып Кордильера тау жүйесінің Оңтүстік Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады.
Анд таулары Анд геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы - Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан.
Анд тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекндейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін - альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Анд тауының физикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтап, оның туристік-рекрациялық ресурстарға тигізетін әсерін теориялық негізде талдап қорыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Анд тау жүйесінің геотектоникалық құрылысына, орографиялық ерекшеліктеріне, климаты мен органикалық дүниесіне сипаттама беру;
- Курс жұмысының тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру;
- Курстық жұмысқа байланысты суреттер карталар құрастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 25 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Анд тау жүйесіне физикалық - географиялық сипаттама
1. 1Анд тау жүйесінің табиғат ерекшеліктері
Анд таулары, Анд Кордильерасы - Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең алып Кордильера тау жүйесінің Оңтүстік Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады.
Анд таулары Анд (Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы - Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан.
Жер бедерін меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи ерекшеліктері мен геоморфологиялық құрылысына қарай: Кариб Анд таулары, Солтүстік-Батыс Анд таулары, Эквадор Анд таулары, Перу Анд таулары Чили-Аргентина және Патагония Анд таулары болып бөлінеді. Бұл таулардың қатпарлы-жақпарлы тік құламалы шатқал беткейлерін көптеген өзен аңғарларымен тілімденген. Орта тұсында ені кең болып келген Пуна таулы үстірті орташа биіктігі 4000 м болатын ішкі аймақты құрайды.
Анд тауының осы тұсында тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан. Анд таулары 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солтүстік және оңтүстік субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона, Парана, Ориноко, т. б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000-6000 мм) . Анд таулары - хин ағашының, кок, картоп, т. б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны. Анд таулары жануарлар дүниесіне өте бай.
Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылады. Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан. Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр. (қосарбет- тегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын қараңдар) . Платформалық бөлік үзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілулерге үшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан. Майысып, төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналуы нәтижееінде тегіс жазықтарға айналған. Олардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты, Ла-Плата, Ориноко жазықтары жатады.
Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана, Бразилия таулы цстірттері орналасқан (физикалық картаны қараңдар) . Кейінгі көтерілулер нәтижесінде жарылыстар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып, лавалық жамылғыларды қалыптастырған. Гвиана таулы үстіртінің орталық бөлігінің, Бразилия таулыүстіртінің оңтүстік-шы- ғысының биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты. Жер қыртысының терең жарылыстары арқылы таулы үстірттер жеке бөліктерге бөлінген, олар өзен аңғарларымен қатты тілімденіп, үгілу мен мүжілуге үшыраған. Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагония үстіртіне де тән.
Оңтүстік Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар - Гран-Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.
Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән. Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйінде- рін қүрайтын бірнеше жоталар тізбегінен түрады. Тау түйіндері сөн- ген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді (ірі шыңдар мен жанартауларды картадан табыңдар) . Батыс жартышардың ең биік нүктесі -Аконкагуа (биіктігі 6960 м) осында орналасқан. Тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар мен мүздықтар алып жатыр.
Анд тауларының орталық бөлігіне тау аралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастармен қоқымдар, тұзды батпақтар (саларес) алып жатыр. Анд тау жүйесі екі литосфералық плитаның (қандай?) түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады. Мұнда тау түзілу әлі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жылыстардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінуде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мұндай апатты құбылыстар әрбір 15-15 жылда қайталанады.
Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыста- ғы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері, никель, алмас пен алтынның, алюминий шикізаты -бокситтің, ал ойпаттарда мцнай, табиги газ, тас көмірдің ірі кен орындары бар. Анд тауларында жарылыстар бойымен магманың сыртқа төгілуінен пайда болған мыс, қалайы, қоргасын, мырыш, күміс кен орындары мен асыл тастардыц аса бай көздері кездеседі. Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-гесозылып жатыр (қандай материкте осындай белдеу бар екенін естеріңе түсіріңдер) . Оңтүстік Американың қазба байлықтарын үзақ уақыт бойы Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келді. Қазіргі кезде материктің тәуелсіздік алған елдері табиғат байлықтарын экономика- ны дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.
1. 2. Геологиялық құрылымы
Анд таулары Анд (Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы - Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан.
Анд тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекндейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін - альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.
Климат қалыптастырушы факторлар. Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бирақ ылғалдың көп болуы материкти шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалаптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әр бір климаттық белдей биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.
Материк клматына қоршап жатқан мұхит айдандары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғаолды материк болып табылады.
Климаттық белдеулер. Материкти 6 климаттық белдеу кесіп өтеді. Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойын ауа температурасы t +25 0 C дан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500 мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауан-шашын жал бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айырықшы көбейеді.
Материкте екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан белдеулердің қысы құрғақ, жазы жаңбрлы болады. Мұндай климатты - ауыспалы ылғалды климат деп атайды. Ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +28 0 С дейн жоғарлайды, қыс айларының өзінде орташа температура +20 0 С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-жен 1000мм-ге дейін кемиді. Ал Бризилия таулы үсмтіртінің солтүстік шығысындағы жылы ағыстар екиге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін күрт азаяды.
Тропиктік климаттық белдеу. Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінің, Ла-плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарын алып жатыр. Бұл белдеудегі температура жыл маусымдаро бойынша өзгеріп жазда орташа температура +28 0 С-қа дейн жоғарлайды. Гран-Чако жазығында метериктегі ең жағарғы температура (+47 0 С) байқалған. Жылдық жауын-шанының мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктик ылғылды климат қалыптасады. Мұхиттан қашықтаған сайын жауын-шанның мөлшері біртіндеп азайып, климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді. Ал Анд тауларының Тынық мұхытның жағалауындағы Атакама шөлінде суық ағыстар әсерінен жағалық шөл климаты қалыптасады. Жаздың орташа температурасы +20 0 С ал қыстың орташа температурасы +13 0 С-тан жоғарламайды.
Субтропиктик климаттық белдеу. Материктің 30 0 және 40 0 о. е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +25 0 С-тан қыста +15 0 С-қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түседі. Ал Анд тауларының Тынық мұхиты жағалауында субтропиктік Жерорта теңіздік климат қалыптасады, мұнда жазы құрғақ, қысы жылы әрі ылғалды болады.
Қоңыржай климаттық беллдеу. Материктің оңтүсытігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Белдеудің шығысында Фолкленд суық ағысының әсерінен қоңыржай континетттік климат қалыптасады. Жазы құрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын кейде аязды күндер болып турады. Қар жауғанымен тез ерип кетеді. Матреиктегі ең томенгі температура (-33 0 С) осында тіркелген. Анд тауының Тынық мұхиты жағалауы бүкіл жыл бойына батыс тасмалының ықпалында болатындақтан жауын-шашын мол болады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температуранын айырмашылығы онша байқалмайды. Мұндай климат - қоңыржай теңіздік деп аталады.
Анд таулары биік таулы климатқа жатады. Ол биіктікке қарай ауа температурасы мен қысымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймағындағы шыңдардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса құрғақ, температураның тәуліктік айырмашылығы жоғары келеді. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауылуы геграфиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климан жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz