АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. АШЫЛУЫ ЖӘНЕ
ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Оңтүстік Американың физикалық географиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу
тарихы  ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. ОҢТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ АШЫЛУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН
ҰЛЫ
ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..11
2.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV
саяхаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 
2.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан
саяхаттары ... ... ... ... ... ... . ..14 
2.3. Американы алғашқы ашушылар: фактілер және
гипотезалар ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25 

Кіріспе

     Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы 
Солтүстік  Америка  материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларына
алғашқылардың бірі болып өздеріңе белгілі саяхатшы Христофор Колумб келген.
Бұл атау Америго Веспуччи есімді саяхатшының есімімен байланысты. Ұлы
географиялық ашылулар кезінде ел арасында жаңа жердің бар екені туралы
аңыздар тараған. Өзені суға емес, сүтке толып ағады деп суреттелген
Үндістанға Еуропадан бірінші болып португалдықтар жетеді. Айта кетсек,
Васко да Гама есімді португалдық саяхатшы Африканың оңтүстігі арқылы
айналып өтіп, Үндістанға барар жолды картаға енгізеді. Осындай қызықты
деректермен жұмыс өзекті болып келеді.
         Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысын жасаудағы
автордың алға қойған мақсаты – көптеген зерттеу жұмыстарын қарап,жинай
отыра Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы  жөнінде толық
мағлұмат беру. Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан
ұлы зерттеушілері.

Зерттеудің нысаны:
Зерттеу объектісі ретінде  Оңтүстік Американы негізге алады.

Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,5 тараушадан,
қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі бетті
құрайды.

1. Ашылуы және зерттелуі тарихы
1.1. Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің
аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам
(2000). Солтүстіктен оңтүстікке қар ай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай
5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық
мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы
шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық
және Солтүстік Америкамен  жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м).
Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік
Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса
есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан
көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м)
және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка
құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ
аралдар кіреді.
Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы
– Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық,
Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде  Венесуэланың Кариб Андысы 2
тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді.
Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м)
жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака
көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан.
Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең
оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады.
Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы 
Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона
ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы
ойпатымен жалғасқан.
Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді,
бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан.
Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде
(Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды
тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 –
4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен
жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма
формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға
көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс
Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер
жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-
Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия
таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте
үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары
қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік
шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып
келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы
тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда
болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады,
бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі
альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы
өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар
(грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің
биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты
плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей
мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында
мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері
кездеседі.
Оңтүстік Америка қойнауы кен байлықтарына, әсіресе мыс,  темір, 
марганец,  молибден, қалайы, полиметалл мен сирек кездесетін метал
кендеріне өте бай. Темір кенін өндіруден Бразилия дүние жүзінде 2-
орынды, Чили мыс кенін өндіруден дүние жүзінде 1-орынды иеленеді. Перу,
Чили, Боливия жерінде, Бразилияда алтын мен алмастың ірі кен орындары
кездеседі. Боливияда солтүстіктен оңтүстікке қарай 940 км-ге созылып жатқан
қалайы белдеуі орналасқан. Теңіздің жағалық жазықтары мен синеклизаларында
мұнай мен газдың мол қоры кездеседі. Маракайбо, Ориноко, Магдалена,
Гуаякиль ойыстарында мұнайдың, Амазона ойпаты мен Бразилия таулы үстіртінің
оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары бар. Колумбия
Кордильерасындағы замартастың, Чилидің солтүстігіндегі алтынның және
селитраның мол қоры дүниежүзілік маңызға ие.
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым
бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады.
Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде
орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына
тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит
айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және
муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған.
Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі
құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді.
Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа
әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты
қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық
максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс
жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ
болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның
мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп
түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм),
Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы
үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000
мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін
ылғал алады.
Оңтүстік Америка-көптеген өзендермен су жолдарының отаны,  өйткені
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен
салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі
құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының
27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық
құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол
өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің
гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. "Амазон өзенінің тармақтары" деген
жалпы атауымен белгілі бұл су көздеріне Аргентине өзендері,Боливия
өзендері,Бразилия өзендері,Чили өзендері, Колумбия өзендері,Эквадор
өзендері,Флокленд аралдары өзендері,Француз Гвинеясы өзендері,Гайана
өзендері,Парагвай өзендері,Перу өзендері, Суринам өзендері,Уругвай өзендері
және Венесуэлла өзендері жатады. Төрт маңызды суландыру жүйесі-Амазон,Рио
де ла Плата( Парагвай,Парана және Уругвай өзендері),Ориноко және Сан-
Франциско құрлықтың төрттен үш бөлігін алып жатыр.
Оңтүстік Америкадағы Амазон өзені-(Рио Амозонас) әлемдегі ең ұзын екі
өзеннің бірі.Екіншісі -Африкадағы Ніл өзені.Амазон өзенінің су қоры деңгейі
Миссисипи, Ніл және Янцзы өзендерінің су қорын қосқаннан да асып
түседі.Амазон суымен суландырылатын жер аумағы да басқа өзен жүйелерімен
суландырылатын аймақтардан әлде қайда үлкен. Рио де да плата-негізінде өзен
емес,Парана мен Уругвай өзендерінің қосылған жерінде пайда болған
саға. [3] О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай
тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо,
Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық
көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен
“саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо
қалдық көлге жатады.
1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік Америка жағалауындағы Ориноко өзенінің
атырауы, Пария шығанағы мен түбегі маңына келіп тоқтаған. Америго Веспуччи
қатысқан португал экспедициясы 1501 – 1502 ж. құрлықтың солт. жағалауымен
жүзіп, оның құрлық екендігін дәлелдеген. 1507 ж. Лотарингия географы
М.Вальдземюллер Веспуччи құрметіне оңтүстік құрлықты Америка деп атаған,
кейіннен 1541 ж. бұл атау батыстағы екі құрлыққа да берілді. 1515 жылдың
соңында испандық Х.Д. Солис Оңтүстік Американың шығыс жағалауын жүзіп өтіп,
1516 ж. Ла-Платаны, кейіннен Уругвай мен Парана өзендерінің төменгі ағысын
ашты. 1520 ж. Ф.Магеллан басқарған испан экспедициясы Ла-Платадан
Патагонияға дейін жүзіп, Патагония (Магеллан) бұғазы арқылы Тынық мұхитына
өтті. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауын 1522 – 1558 ж. испандықтар ашты.
Оңтүстік Америка табиғатының ғылыми тұрғыдан зерттелуі 1735 – 1743 жылдар
аралығында жүргізілген француз және испан Экваторлық экспедициясы көмегімен
жүзеге асырылды. Ориноко өзені мен Солтүстік-Батыс және Экваторлық Анд
тауларында кешенді зерттеу жүргізген неміс ғалымы А.Гумбольдт және француз
Э.Бонплан болды. Көрнекті орыс геоботанигі Н.И. Вавилов экспедициясы (1932
– 33) құрлықтың көптеген дәрілік және мәдени өсімдіктерін, олардың таралу
аймақтарын анықтады.
Оңтүстік Американың саяси картасы 12 егеменді мемлекет
пен Франция иелігіндегі Гвиана мемлекеті және Ұлыбритания мен Аргентина
иелігіндегі даулы аумақтар болып есептелетін Фолкленд (Мальвин) аралдарынан
тұрады. Мемлекеттердің барлығы дерлік құрылымы жағынан – республика, оның
ішінде Аргентина, Бразилия мен Венесуэла – федерациялар республикалар.
Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 100 адамнан артық. Урбандалу дәрежесі
өте жоғары, құрлықта 3 ірі агломерация: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Буэнос-
Айрес түзілген. Оңтүстік Америка Орталық Америка және Вест-Үндістан
елдерімен бірге тілдік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты Латын
Америкасы елдері деп аталады. Индустрияландыру деңгейі жөнінен бұл елдер
 Азия  мен  Африка  елдерінен әлдеқайда алда тұр.
Әрбір 10-12 жылда Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі  желдер
 бағытының өзгеруінен Перуана суық ағысы жағалаудан ашық мұхитқа қарай
ығысады. Соның нәтижесінде Эль- Ниньо жылы ағысы қалыптасады. Ол ағыстың
әсері 18 айға дейін байқалып, жағалаудың ауа райына үлкен өзгеріс әкеледі.
Беткі су жиналып, судағы оттегі мөлшері азаяды. Соның есерінен планктонның
өнімділігі төмендейді. Қорек азайғандықтан балықтар мұхиттың басқа
бөліктеріне ығысады, құс базары да сирейді. Жылы ағыстың әсерінен жылынып,
әрі ылғалға қаныққан ауа жағалауға нөсер жаңбырлар алып келеді.
Уақытша пайда болатын тасқындар өзендер жағалауындағы қалың құс саңғырығы -
гуаноны мұхитқа шайып алып кетеді. Мол ылғал есерінен өсімдік жамылғысы
қаулап өседі. Эль-Ниньо жылы ағысының ықпалы әлсірегеннен
кейін Атакама шөліндегі табиғат жағдайлары бұрынғы қалпына
келеді.Оңтүстіктегі қоңыржай белдеудің жағалық батыс бөлігі батыс та-
сымалының ықпалында болатындықтан ылғал аса мол түседі.
Материк табиғатына Атлант мцхитының  әсері де күшті: дүние жүзіндегі
ең ылғалды материк болып есептелетін Оңтүстік Америка  ылғалдың басым
бөлігін осы Атлант мүхитынан алады. Бүл мате- риктің шығысында жер
бедерінің біршама еңіс болуымен және жа- ғалау бойымен жылы ағыстардың
күрделі жүйесі (оларды картадан табыңдар) өтуімен байланысты. Тек қиыр
оңтүстік-шығысындағы Фолкленд суық ағысының ықпалында болатын
Патагония жері қүр- ғақ болып келеді.
1.2. Ашылу және зерттелуі тарихы
Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы  Солтүстік  Америка
 материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі
болып өздеріңе белгілі саяхатшы Христофор Колумб келген.
X. Колумб Америкаға терт рет саяхат жасады. Колумб алғашқы екі
саяхатында Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін ашса, үшінші
саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік
Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің жаңа
маетрик ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын басты
жолды таптым деп есептеген. Соның нәтижесінде Американың байырғы халқын
үндістер деп атап кетті.
X. Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы Америго
Веспуччи болды. Ол 1499 жылғы бірінші саяхатында Гвиана және- Венесуэла
жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері
қайтқан. Ңайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға үқсатып,
оған Кіші Венеция (Венесуэла) деген ат берген. Веспуччи өзінің екінші
саяхатыбарысында 1501 жылы Бразилия жағалауларына жеткен. Жағалау бойымен
жүзіп, өздері қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар Қаңтар
өзені (испан- ша Рио-де-Жанейро) деген ат берді. Веспуччи өзі жүріп өткен
жер- лердің табиғаты мен халқының түрмыс-тіршілігін суреттеп
жазған. Колумб Үндістанға баратын жолды аштым деп есептегендіктен, жаңа
дүние бөлігін ашу қүрметіне А. Веспуччи не болды.
Жаңа ашылған жерлерге байлық іздеген испан және португал басқыншылары
ағыла бастады. Олардың шапқыншылық әрекеті нәти- жесінде Оңтүстік
Американың сол кездің өзінде жоғары дамыған Инктер мемлекеті жойылып,
жергілікті халқы аяусыз қырғынға ұшыратылып, байлықтары тоналды.
Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы Испания мен  Португалияның
 отары болуынабайланысты саяхаттар көбінесе жаңа жерлерді жаулап алу
мақсатында жүргізілді.
XVI ғасырдың басында Жер шарын айнала жүзген саяхаты кезінде Фернан
Магеллан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі
бұғаз (кейіннен Магеллан бұғазы деп аталған) арқылы материктің оңтүстік-
батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен
атақты теңіз қарақшысы
Фрэнсис Дрейк Отты Жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп,
Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан жаңа бұғазды ашқан. Одан
әрі материктің батыс жағалауын бойлай, Солтүстік
Америкадағы Ванкувер аралына жетіп, Азияға бағыт алған.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс географ-
ғалымы Александр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бірге
Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп, алғашқыгеологиялық картасын жасаған;
батыс жағалаудағы мүхит ағыстарын си- паттап, олардың материк табиғатына
тигізетін әсерін түсіндірген. А. Гумбольдт Анд тауларын зерттеу нәтижесінде
биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын
зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған. Атақты орыс климат
зерттеушісі А.И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік
ерекшеліктерін зерттеді.
1932-33 жылдар аралығындағы экспеди- циясы кезінде орыс
ботанигі Н.И. Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған.
Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтың отаны
Оңтүстік Америка екендігін дәлелдеген.
Оңтүстік Америкада әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген,
қүпияға толы аудандар жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ор-
мандары, Анд тауларының асқар шындары, бай жа- нуарлар дүниесі әлі де өз
зерттеушілерін күтеді.

2. Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілері
2.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV саяхаттары
Христофор Колумб  (1451 ж. қазанның 29 — 1506 ж. мамырдың 20,
 Вальядолид, Испания) — әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туған. 1476
- 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында
өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан. Oл бір
уақытта Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген, бірақ қазіргі
уақытта Америкаларды oннан бұрын  викингтер  ашқаны белгілі.
Христофор Колумб Жер шар фoрмасында екендігін біледі, бірақ oның
қаншадай үлкендігі бар туралы хабары бoлмайды. Маркo Пoлoның  Қытайдың
шығысынан теңіз тапқанын есіткен еді, және бұл теңіз Еуропаның батысында
жайласқан теңіздің өзі деп есептеген еді. Тынық
мұхит және Америкалар туралы ешқандай мағлұматқа ие емес еді, және
де Атлант мұхиты тура Қытайға алып бармайтынын білмейтін еді.
Арагон мен Кастилия патшасы Фернанд о ІІ Арагoн және патшайымы
 Изабелла І Кастилия бұйырығымен оларға дәмдеуіштер және алтын алып келуді
қалады. Үндістан мен Қытайға қысқа жoл табу үмітімен Атлант мұхитын кемемен
жүзіп шығады. Саяхатының ақырында Христофор Колумб бірнеше аралдарды
кездестіреді де және Шығыс Үндістанға жетіп келдік деп oйлайды. Сoл үшıн
жаңа ашылған жердегі жергілікті халықты үнділер деп атаған. Не барлығы
Христофор Колумб Америкаларға төрт мәрте саяхат қылған.
Африканың  батыс  жағалауының  өн  бойымен  ілгері  қарай жылжумен  
қатар, сірә,  итальяндық  теңізшілердің  қатысуымен  болса керек,
португальдықтардың  оңтүстік – батыс  және  батыста  ашық   мұхитқа  шығып 
алысқа  жүзулері  басталды.  XV  ғасырдың  20-жылдарында португальдықтар
Мадейра аралдарына, 30- жылдардың басында – Азорларға барып орналасты. Ал
1456 жылы Жасыл Мүйіс аралдарына   шейін  жетті.
1492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп, Батыстық
жарты шарды ашты. Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін, сондай – ақ
оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын  түгелдей  және  дұрыс
анықталды  деп  санауға  болмайды. Қазірде   Колумбтың – итальяндық  
екендігі  және 1451 жылы Генуя маңында бір тоқымашының  семьясында 
туғандығы  баршаға   мәлім   болып отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ.
1474- 1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың
шамасында, сірә генуялық  сауда  үйлерінің  бірінің   агенті  ретінде болса
керек, Португалияға келеді, ал келесі жылы Англияға барады. 1479 – 1481
жылдары Мадейрада   және  оған  көршілес Порту – Санту  аралында  тұрады.
Осы жерде  ол  бір  теңізшінің  қызына  үйленеді. Қыздың  әкесінен көптеген
теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбаларқалған екен.
1483 жылы үлкен теңіз экспедициясын жабдықтау туралы Португалиямен 
жүргізген  Колумбтың  келіс  сөздері  басталды. Португалия үкіметінің  
Колумбтың   жасаған  ұсынысын  қабылдамауының  себебі , тамаша  бай 
Индияға  барар   теңіз  жолы  табылып , көздеген  мақсатты жүзеге   асыру  
соншалықты  жақын  тұрған  кезде  басқа  бір  жаңа  қауіпті іспен 
айналысқылары  келмеген болар. Келіс сөздер сәтсіздікке ұшырағаннан  кейін 
Колумб  Испанияға  келеді (1485 жылдың шамасы) . Сөйтіп, мұнда  ұзаққа 
созылған  келіс  сөздерден  соң  корольдің  ықпалды жақын   адамдарының 
және  ең  бай  испандық  купецтердің  қолдауымен король  Фердинанд   пен 
оның зайыбы Изабелланың экспедиция жабдықтауға   берген  келісімін алады.
Король Колумбқа  адмирал    және “оның теңіз – мұхиттардан  іздеп  тапқан ”
жерлерінің  бәріне  де  вице – король   болу   атағын   береді.
Колумбтың   кітапханасындағы  кітаптардың  құрамына  және  оларға
соққан  белгілеріне  қарағанда, оның   Марко  Полоның   “ Сапарлар ”  деген
шығармасын  оқығаны, сонымен   қатар   жердің   шар  тәрізді  екендігі
туралы  ғылыми   болжамды   жақтаушы  француз  эпископы  Пьер д , Алидің “
Әлемнің айнасы ” атты трактатын ерекше зейін қоя зерттегендігі байқалады.
Бұл  трактат  Антика  заманы   авторларының ,  сондай – ақ  орта ғасырлық
авторлардың  географиялық  және  космографиялық  білімдер жөніндегі
еңбектерінің жмнағы болып табылады. Тарихшылардың пайымдауынша , Колумб 
теңізден  батысқа  қарай  жүзіп  барып , сол  кезде “ Индия ” деп 
аталынған  Азияға  жетуді  ойлаған  болса  керек. Бұл  ойды өзімен  хат –
хабар жазысып тұрған сол кездегі атақты итальяндық космограф  Тосканелли 
айтқан болу керек. (Кейбір тарихшылар хат жазысуын Колумбтың Тосканеллимен
жалған деп те санайды). Ал космографтар   мен  географтардың  еңбектерін 
оқып  зерттеген  Колумб “ батыс жолы ”  мәселесін   өз   бетінше – ақ 
ойластыруы  мүмкін.
1492 жылы 3 августа  үш  кемеден  құралған  эскадра  Испания  порты
Палосадан  Канар   аралдарына  қарай бет алды , 10 сентябрьде  одан  әрі
қарай  сапар  шекті.  Кемелер  суда  жүзу  сапасының   жоғарылығымен  және
техникалық  жағынан  жақсы  жабдықталуымен  ерекшеленді.  Колумб  өзінің 
тамаша  теңізші  екендігін  көрсетті , ол   португальдықтар   жеткілікті
зерттеген  Атлантиканың    желдері  мен   теңіз  ағыстарының  жағдайларында
жүзудің әдістерін асқан шеберлікпен пайдаланды. 12 октябрьде  Колумб 
Багам  аралдарының  тобындағы  бір   кішкентай  аралға келіп,  зәкір  
тастады.  Бұл   жерді  ол   Сан – Сальводор   деп   атады.
Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды. Мұның нәтижелері 
әрі  ашылған   жерлер   үшін  де, әрі  Европа  үшін  де  орасан зор  
болды.   Колумб   жүзуінің   ұлы   тарихи   маңызы   да   осында   еді.
Осы    алғашқы  саяхаты  кезінде   Колумб  Антиль   архипелагының
бірқатар    аралдарын,    Кубаның  сол  жағалауларын  өзі  Эспаньола
(Кішкентай Испания) атаған  Гаити  аралын  ашты.  Осы  жерге  Навидад
(Рождество)  фортын  салып ,  оған   өзінің   39   теңізшісін  
қоныстандырды. Бұл   Европалықтардың   Батыс  жарты  шарындағы  ең  тұңғыш 
отары  еді. Бірақ  көп  ұзамай — ақ ,  испандықтардың  зорлығына  
ызаланған   үндістер форттың тас – талқанын  шығарып  бұзып, 
қоныстанушыларды  қырып тастады. Алайда  испандықтар  бұдан  қаймыға 
қойған  жоқ. 1496 жылы Эспаньоланың  оңтүстік  жағалауына  Сан – Доминго 
қаласының  негізін қаланды.
Колумб  жергілікті  адамдардан  алтын  жөнінде   сұрастырды.  Ол
өзінің  нені  ашқанын  және  қандай   жерде   тұрғандығын   жете   ұғынып
біле алмады және білуге  де  болмайтын  еді.  Оның   жүргізген  күнделігіне
қарағанда, Азияны  шығыстан  айналдыра  көмкеріп  тұрған  аралдарының
бірінде   тұрмын – ау деген  ойда  болған  және  солардың  арасынан
континентке   қарай   өтетін   жолды  құр   бекер   іздеген.
1493 жылы 4-январьда Колумб кері қайтты. Испания  оны  зор құрметпен 
қарсы  алды. Оның сол  жылдың  сентябрінде  екінші экспедицияны 
ұйымдастыруына  үлкен  қаржы  бөлінді . Екінші  саяхатында Колумб  Кіші  
Антиль   аралдарын  ашты.  Кубаның   оңтүстік   жағалауының  бір  бөлігін 
бойлай  жүзіп  бара  жатып,  Колумб  оны Азияның  оңтүстік   жағалауы  
екен   деп  ойлап  тағы  қателесті.   1495 жылы   ол  Испанияға  қайтып 
келді. Колумб  бұл  жолғы  саяхатында  да Америка   континентін  тауып 
аша  ала  алмады. Оны  европалықтар  екі жылдан   соң – 1497  жылы  ашқан —
ды.  Осы  жылдың  майында  Бристоль (Англия)  қаласынан  Англияда   тұрып  
қалған   генуялық, онда  Джон Кабота  деген  атпен  мәлім  болған, 
Джованни  Каботто  теңіз  сапарына шықты.  Июньнің  аяқ   кезінде  ол  
бір  белгісіз  жердің   жағалауына  келіп жетті,  сірә  бұл  Лабрадор 
болса  керек. Бірақ  бұл  жерді  ол  Азияның  бір бөлігі  екен  деп санады.
Тек, 1498  жылы  өзінің  үшінші  саяхаты  кезінде Колумб  тұңғыш  рет 
Оңтүстік  Америкалық  континентке,  Ориноко өзенінің   сағасына  келіп 
жетті,  бірақ  өзеннің  жағалауына  шықпады. Орасан  мол  тұщы  суды 
көрісімен — ақ, ол тағы  бір  беймәлім  жаңа материкті  аштым  ба  екен  
деген  ойға  келді.  Бірақ  Колумб  өзінің  король  мен   королеваға  
жазған    хат   есебінде   бұл   ойын   айтуға   батпады.
Осы   екі   арада   португальдықтар  Индияға  баратын  теңіз  жолын
тауып,  онан түрлі жеміс және басқа да асыл товарлар алып келді. Колумбтың
1502 жылғы төртінші теңіз саяхаты Васко до Гаманың экспедициясына  тікелей 
жауап  ретінде  жасалды.  Куба   аралынан оңтүстік — батысқа  қарай  бет
алған Колумб  бұрынғысынша,  Азияның  Шығыс жағалауына жеттім деп санап,
Индияның жағалауына өтетін бғғазды талмастан   іздеді.  Бірақ  бұл 
іздеулер  ешбір   нәтиже  бермеді.
Колумбтың   жасаған теңіз  саяхаттары  мен  жаңа  жер  ашуларына
жалпы  алғанда  Испания   үкіметінің  көңілі   толмады.  Жұмсалған  орасан
зор   қаржы   тектен — тек  кеткендей  болып  көрінді. Теңіздердің ар
жағындағы  жаңадан  ашылған  жерлерден  алтын  да,  күміс те,  жеміс те
Испанияға  қарай  ағылмады.  Бұл   байлықтар  кейіннен,  Колумб  дүние
салған  соң  (ол 1506 жылы қайтыс болды)  барып   келе  бастады.  Өмірінің
аяқ  кезінде  Колумб  өзінің  проволары  үшін  және  мұның  ісіне  көңілі
толмаған  Испандық  үкіметтің  о  баста  беріп  қалған ерекше
жеңілдіктерінен   айырылмау   үшін   айтыс —  тартыспен  көп  бейнет шекті.

2.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан саяхаттары

Америго Веспуччи (итал. Amerigo Vespucci, лат. Americus Vespucius; 9
наурыз 1454 жыл, Флоренция, Флорентия республикасы — 22 ақпан 1512
жыл, Севилья, Испания) — флорентиялық теңіз саяхатшысы.
Америго Веспуччи 1454 жылы Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма
екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт
Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті
болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 – 98 жылы Канар
аралдарына жасады. 1499 – 1500 жылы Испанияда, 1501 – 04 жылы
[Португалияда] теңізші болды, 1499 – 1504 жылы Жаңа Дүние жағалауын
зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның
еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды.
Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан дүниенің
төртінші бөлігін Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа
құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді,
ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 жылы Меркатордың картасында
қолданылды. Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды
қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап
рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар,
үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция
ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге
Америго Веспуччи де көруге аттанды.
Америго Веспучии 1501 жылы Португалия королының кемесімен Жаңа
жерге екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия
жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет Жаңа жерге
саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да 20
градус оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін
көптеген Испания саяхатшылары зерттеген Жаңа жер, бұл Азия аралдарының
тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк, — деген дұрыс қорытындыға
келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Аустралия құрлығының ашылуы
Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі
Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары
Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері
Сюжет
Ерімбет қажы мешітінің салынуы
Етістіктің жақ категориясы
Атланттық хартия
Пәндер