ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 4

1. ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 5
1. 1. Жер бедері мен геологиялық құрылымы . . . 5
1. 2. Қорықтары және тау жоталары . . . 10
1. 3. Тянь-Шань тауының флорасы мен фаунасы . . . 14
1. 4. Тянь-Шань жүйелерінің орографиялық-тектоникалық проблемалары . . . 16

2. ІРІ ТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ . . . 19
2. 1. Күнгей Алатау . . . 19
2. 2. Іле Алатауы . . . 20
2. 3. Қырғыз Алатауы . . . 22
2. 4. Шу-Іле таулары . . . 23
2. 5. Жетісу Алатауы . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
. . . 29

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тянь - Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде. Тянь- Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Тянь- Шаньның ең биік нүктесі Хантәңірі шыңы. Қазақстанға Тянь - Шанның солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь - Шаньның солтүстік және батыс бөлігі кіреді. Солт үстік Тянь -Шаньдағы Талас алатауының оңтүстік - батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік - батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін құрайды. Тянь - Шань тау жүйесінің ерекшелігі тау болғандықтан қызықтырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Тянь - Шань тау жүйесінің физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Тянь - Шань тауына жалпы сипаттама;
  • Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері;
  • Тянь-Шань тауының флорасы мен фаунасы;
  • Тянь-Шань тауының ірі тау жүйелері;
  • Курстық жұмысқа байланысты суреттер карталар құрастыру;

Курстық жұмыстың құрылымы: Тянь - Шань тауына физикалық географиялық сипаттама бере отырып, геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы және өсімдгімен жануарлар дүниесі бірінші бөлімде айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді. Екінші бөлімде ірі тау жүйелеріне сипаттама беріледі.

Курстық жұмыс 29 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Тянь-шань тауына жалпы сипаттама

1. 1. Жер бедері мен геологиялық құрылымы

Тянь - Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде. Тянь- Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянь - Шанның солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь - Шаньның солтүстік және батыс бөлігі кіреді. Солт үстік Тянь -Шаньдағы Талас алатауының оңтүстік - батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік - батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін құрайды.

Тянь- Шаньның ең биік нүктесі Хантәңірі шыңы. Орталық Тянь-Шанның үлкен жотасы Теріскей Алатаудың оңтүстігінде орналасқан. Теріскей Алатаудың қазақстандық оңтүстік - батыс беткейі Сантас асуымен, Текес тау аралық жазығымен өтеді де, Күнгей Алатауымен жалғасады.
Іле Алатауының негізгі жотасы ендік бойымен созыла орналасқан. Тау беткейлері көптеген сайлармен тілімделген. Әсіресе таудың теріскей бетінде тілімдену ізі анық көрінеді. Оңтүстік беткейі аз тілімденген.

Іле Алатауы силур мен девонның құмтастарымен, порфир иен порфириттерден құралған төменгі палеозойдың эффузивті шөгінділерінен түзілген. Негізгі жотаның кей жерлерінде ежелгі гранит пен гипс кездеседі. Палеозойда каледон мен герцин қатпарлануына ұшырап, кейін альпі тау түзілу кезінде қайта көтерілгендіктен таудың құрылымы қатпарлы- жақпарлы болып келеді. Таудың биік белдеуінде нағыз альпілік жер бедері қалыптасқан.

Ұзынқара (Кетпен) биіктігі орташа тау Солтүстік Тянь- Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан. Ол да төменгі палоеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан құралған. Кей жерлерінде гранит жер бетіне шығып жатады. Жотаның беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген. Ұзынқара Құлақтау арқылы Күнгей Алатаумен жалғасады.

Шу- Іле таулары Іле Алатауының солтүстік - батысында жатыр. Ол қатты мүжіліп, үгіліске ұшыраған жеке - жеке адырлардан тұрады. Іле - Шу таулары негізінен кембрийге дейінгі метаморфтанған жыныстар мен гнейстердің қалың қабатынан құралған. Оның үстінде төменгі палеозойдың тақтатас, құмтас, шөгінді эфузивті жыныстары қабаттасқан.

Батыс Тянь- Шанының қазақстандық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады. ҚӨырғыз жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс тармағы, Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған солтүстік - шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.

Талас Алатауының қазақстандық бөлігі - Жабағылы таулары, ол екі жотаға бөлініп, Ақсу - Жабағалы өзенінің алқабын қоршайды, солтүстік жотаның биіктігі 2600 - 2800 м, оңтүстік жотада 3500 м. Бұлар да ертедегі палеозой дың шөгінді эффузиялық жыныстарынан тұрады. Тау беті тілімделген, онда ертедегі мұз басудың іздері бар, жер бедері альпілік пішінде дамыған.

Ташкен маңы Алатауы Талас Алатауының оңтүстік - бюатысқа қарай орналасқан бірнеше жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантал, Ойқайын, Өгем, Сайрам, Қоржынтау, Қазығұрт және Боралдай таулары кіреді. Олардың ішіндегі ең ірісі - Піскем. Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан түзілген. Оңтүстік - шығыс беткейі тік және қысқа, солтүстік - батыс беткейі көлбеу. Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады. Сайрам, көксу Ташкен маңы Алатауының екінші қатардағы жоталары болып табылады.

Батыс Тянь- Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы. Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары орқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400 км, орташа биіктіәгі 1800 м. Ең биік нүктесі Мыңжылқы тауы, 2176 м. Тау солтүстік- батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің атырабында бітеді. Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу- Іле тауларымен ұқсас. Аласарып, мүжіле бастаған. Қаратаудың солтүстік - шығыс және оңтүстік - батыс жоталарын тау аралық ойыс бөліп тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл түсті құмдардан түзілген.

Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. ҚӨорғасын - мырыш Шымкент қорғасын зауытына шикізат ретінде пайдаланылады. Фосфорит байлығы Тараздың зауыттарын қамтамасыз етіп отыр. Онда көп жерде кенді ашық әдіспен өндіру жолға қойылған. Гипстің, цементтің және т. б. құрылыс материалдарының көзі пайдаға асуда.

Қазақстаның оңтүстік - батысы мен оңтүстігін алып жатқан бұл таулардың қатпарлы - жақпарлы негізі палеозойдың тұсында қалыптасқан. Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерде әлә де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. Оған Тянь- Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады. Таулардың жалпы жер бедері біркелкі емес. Ол биік жоталармен бірге тау аралық ойыстардан, қыратты жазықтардан тұрады.

Таулардың биік белдеулері оның дамуының негізгі заңдылықтарын белгілейді. Тянь-Шань тау жүйесінің климаты құрғақ, құбылмалы болып келеді. Оғапн арктикалық ауа массалары мен Сібірден келетін антициклон әсет етеді. Тау жоталарының биіктігі, жер бедерінің әрқилылығы жылу мен ылғалдың алмасуы оның ауа райының құбылмалы ерекшелігін анықтайды. Сондықтан күз бен көктемде салқын соғып, үсік жүруі жиі кездеседі. Жаз айларында аптапты ыстық ауаны құрғатып, климатты континентті етіп қалыптастырады. Тау етектері мен жазықтардың құрғақ ауасы тау ішінде көтерілгенде, ауа райы қоңыржай күйге ауысады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірге, кейде мамырға дейін созылады. Күнгей және Теріскей Алатаулаврында қар кейде тамызда да жауады. Іле Алатауында тамыз- күздің айы. Тауда бұл кезде салқын түседі. Мамыр маусым айларында күн жылынып кете қоймайды. Нағыз жаз айы шілде ғана. Кіші, Үлкен Алматы алабындағы ылғалдың ең көп түсетін кезі - мамыр айы. Тау етегінде жаңбыр жауса, тау басына қар болып түседі.

Іле Алатауының солтүстік беткейінде қысқы айлардың өзінде жиі жылжымалық болып тұрады. Күндіз еріген қар, Түнде қайтадан қатады. Ауа райының осылай алмасуы тау жыныстарына кері әсрін тигізеді.

Батыс Тянь-Шаньнның климаты бұдан гөрі өзгешелеу. Оңтүстік Қазақстанның жылы ауа райы оған әсер етеді. Таулардағы қар белдеуі бұл жерде жоғарырақ жатады. Тауларда ылғао мол болады. Тау беткейлерінде шілде айының орташа температурасы 20 0 С-25 0 С болса, мұздықтардың етегінде - 5 0 С-қа дейін төмендейді. Жылыдқ жауын-шашын мөлшері 600-800 мм.

Тянь-Шань тау жүйелерінде, тау аралық жазықтардағы суландыратын өзендер көп. Іле Алатауының солтүстік беткейлерінде Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шілік, Қаскелең, Күрті, таудың шығыс беткейінде Шарын өзендері ағады. Олардың көбі Ілеге құйып, сол арқылы Балқаш Көлінің су қорын молайтады. Шу-Іле таулары аймағы суға бай емес, жалғыз Күрті өзені Ілеге құяды. Көктемде қар суымен толысып, жазда арнасы құрғап қалатын өзендер бұл аймақта бірсыпыра. Қырғыз, Теріскей, Күнгей және Іле Алатауларынан бастау алатын Шу қырғыз шекарасынан өткен соң Қазақстан жерімен ағады. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейін Арыс, Боралдай, Бөген өзендері бастау алады. Солтүстік - батыс беткейінде жазда арнасы құрғап қалатын, көктемде қар суымен қоректенетін өзендер бар.

Тянь-Шань жоталарының көбінде тау басында орналасқан, басын мұздықтардан алатын көлдері кездеседі. Тау аралық ойыстарда шағын көлдер ұшырайды. Тянь-Шань тауларының биік басында мұздықтар орналасқан, ол әсіресе Шілік-Кебін тау жүйесінде қалың, аумағы үлкен мұздықтар да бар.

Іле Алатауында 484 км 2 алқапты алып жатқан жалпы саны 380 мұздықбар. Олар Шілік, Кебін, Есік, Талғар, Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Ақсай сияқты өзендердің бастау алатын биігінде жатады. Оның ең үлкені - Корженевский мұздығы (ұзындығы 14, 4 км)

Тянь-Шаньның батыс бөлігінде мұздықтар онша көп емес. Мұздықтар негізінен Талас Алатауындағы Манас тауында, Арысқа құятын Ақсу өзенінің басында, Піскем, Майдантал, Ойқайың өзендері алабында. Батыс Тянь-Шань мұздықтары көлемі жағынаншағын, әрі тым биікте жатады. Оңтүстік жылы ауа райы олардың еріп, қорын азайтуға әсер етіп жатқаны байқалады. Таулардың оңтүстік аймаққа орналасуы жаздың ыстық күндерінде мұздықтардың, биікте жатқан қарлардың еруі, тау басындағы көлдердің деңгейінің көтерілуі жазғы жаңбырдың жиі әрі нөсерлі болуы солардан басталатын өзендердің тасуына әкеліп соғады, тау өзендері бойында тасқын жаздың аптапты кездерінде жиі болады. Олар шаруашылыққа үлкен зиян келтіріп, адам өміріне қауіп төндіреді.

Тянь-Шань Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужаралымда қатпарланған. Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тянь-Шань тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозой шөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.

Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 - 25 0 С, орта өңірде 15 - 17 0 С, биік тау басында 0 0 С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде -2 - 4 0 С (оңтүстікте), -6 - 8 0 С (солтүстікте) . Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз - сәуір) тура келеді. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.

Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км 2 , мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км 2 , ұзындығы 60 км-дей) . Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-Шаньдағы Еренқабырға, Халықтау, т. б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т. б. ) жатады. Ірі көлдері - Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл.

Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т. б. ) . Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 - 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 - 1200 метрден 2500 - 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең) . Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 - 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тянь-Шань сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 - 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.

1. 2. Қорықтары және тау жоталары

Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауы ұлттық паркі кұрылды.

Тянь-Шань таулы өлкесі , Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары - Жеңіс (7439 м) және Хантәңірі (6995 м) . Қазақстанға Қаратау, өгем, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталары қарайды. Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейінгі шөгінді, метоморфтық және атпа жыныстарынан түзілген. Қазаншұңқырлары мен аңғарлары негізінен кайнозойдың борпылдақ шөгінді жыныстарымен жабылған. өлке протерозой, каледон және герцин қатпарлық қозғалысына ұшыраған. Герциннен кейінгі уақытта палеозойлық жоталар пенеплендік (тегістелу) процеске ұшырап, бүкіл палеоген және неогеннің басында Тянь-Шань түгелдей тектоникалық көтерілімі, төмендеуі байқалған платформа болған. Неогеннің аяғынан бастап бүкіл төрттік дәуірді қамтыған күшті дифференциалдық қозғалыс амплитудасының артуынан платформалық режим бұзылып, қазіргі Тянь-Шаньның жер бедерлік пішіні қалыптасқан. өлке өзен торына бай. Оның сұр және сортаң топырақты шөлді бөлігі қызғылт қоңыр және қара топырақ жамылғысындағы бұта және ағаш сирек өсетін бөктерлік шөлейт пен дала белдемдеріне ауысады. Тау жоталарының орта белдеуіндегі қалың орман өскен қоңыр топырақты жерлер жоғарырақтағы қылқан жапырақты орманды алқапқа жалғасады. Одан биігіректе альпі шалғыны белдемі орналасқан. Тянь-Шань таулы өлкесі 2 облысқа және 6 өңірге бөлінеді.

Шығыс Тянь-Шань жоталары - Тянь-Шань тауларының Орта Азиядағы бөлігі. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы 1250 км. Солтүстігінде Жоңғар жазығымен, солтүстік-батысында Жетісу Алатауымен, батысында Орта Тянь-Шаньмен, оңтүстігінде Тарим қазаншұңқырымен, батысында Хамий ойысы арқылы Бэйшань тау жоталарымен шектеседі. Шығыс Тянь-Шань жоталары ендік бағытта параллель жатқан екі тау жоталары тобынан тұрады. Солтүстік бөлігіне Борохоро, Ирен-Хабырға (биіктігі 5500 м-ге дейін), Санжи-Мұзтау, оңтүстігіне Халықтау (биіктігі 6811 м), Көктекетау (4287 м), Борохотан жоталары кіреді. Тұрфан қазаншұңқырларынан шығысқа қарай Богдошань (Богдо -Ола тауы, 5445 м), Барқұлтаг, Мэчин-Ула, Қарлұқтаг, тағы басқа солтүстік жоталар (4925 м-ге дейін), биіктігі орташа Құрықтаг және Қызылтаг (2809 м-ге дейін) оңтүстік тау жоталары жатыр. Шығыс Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейін шөгінді, метаморфтық және атпа жыныстарынан (тақтатас, әктас, мәрмәр, гранит) түзілген. Климаты тым континенттік, орташа температура қаңтарда -10қ - 20қС, шілдеде 20 - 30қС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 - 350 мм, қазаншұңқырларда 100 мм. Өзендері қысқа, басқа өзен алаптарына қосылмайды. Ірі көлдері - Бақырашкөл, Сайрам-Нұр. Негізінен шөл, шөлейт және дала өңіріне тән өсімдіктер кездеседі; биік таулы өңірлерде қылқан жапырақты орман және альпі шалғыны өседі. Ақ бөкен, қара құйрық, құлан, қызыл қасқыр, марал, таутеке, арқар, қабан, аю, барыс, құстардың көптеген түрлері мекендейді; қаласы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
Қазақстанның таулы аймақтарының орман топырақтары
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Н.А.Северцовтің Қазақстан табиғатын зерттеуі
Тарбағатай
Алтай таулы өлкесі
Таулы топырақтардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz