ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Азияның географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2. Шығыс Азияның физикалық географиялық жағдайына сипаттама ... ... ...7
1.3. Шығыс Азиядағы аймақтық бірегейлік қалыптасуының үдерістері ... ... ..9
2. ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 13
2.1 Қытай Халық Республикасы және Тайвань
аралы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .13
2.2 Жапония және
КХДР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
2.3 Корея Республикасы және
Моңғолия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Шығыс Азия – Азия материгінің шығыс
бөлігі. Тынық мұхиты мен қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерде
шектесіп жатыр. Жер бедері таулар мен жазықтардың күрделі бірігуімен
сипатталады. Шығыс Азия аймағына Ресейдің Қиыр Шығысы, Қытай, Тайвань, 
Жапония,  КХДР, Корея Республикасы және  Моңғолия жатады.
Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедерінің
ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны қызықтырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шығыс Азия физикалық географиялық жағдайының
ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Азия бөлігіне жалпы сипаттама;

- Шығыс Азияның физикалық географиялық жағдайына сипаттама;

- Шығыс Азиядағы аймақтық бірегейлік қалыптасуының үдерістері;

- Шығыс Азия елдеріне сипаттама;

- Курстық жұмысқа байланысты суреттер, карталар, кестелер құрастыру;

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін
мекемелерде  7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында 
қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Шығыс Азияға физикалық географиялық сипаттама
бере отырып, геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары,
топырақ жамылғысы және өсімдгімен жануарлар дүниесі бірінші бөлімде айтылып
жалпы сипаттама беріліп кетеді. Екінші бөлімде елдеріне сипаттама беріледі.
Курстық жұмыс    беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан,  атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1.Шығыс азияның физикалық географиялық жағдайы
1.1 Азияның географиялық орны
Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең
үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия  құрлығын құрайды.
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі
өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор
бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн.
км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы  Азияны 
Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен  бөлінеді.
Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2
млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген.  Құрлықтың  орталық
бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
Түбектері: Таймыр түбегі, Чукот түбегі, Камчатка түбегі, Корей түбегі,
Үндіқытай түбегі, Декан түбегі, Арабия, Кіші Азия түбегі, Үнді түбегі
Құрлықтың шеткі нүктелері: солтүстігінде – Челюскин мүйісі, оңтүстігінде
 Пиай мүйісі, батысында Рока мүйісі, шығысында Дежнев мүйісі.
Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест
 шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан  Антарктида
 құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар  мен тау
 үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия
түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.
Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді.
Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады.
Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді.
Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа,
аласа таулар мен тауүстірттері тара йды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір  таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл
екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы
қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Ал ин, Корей таулары, Наньмин, Аннам  тау 
қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.
Ең ірі жазықтары: Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай жазығы, Үнді-Ганг жазығы,
Месопотамия .
Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнецк, Минусинск,  Лена,  Кан, 
Иркутск), Қазақстанда (Қарағанды),  Қытайда, Үндістанда бар.
Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.
Негізгі мұнай-газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий маңы ойпаты, Кавказ,
Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы төңірегі, Малай топаралы, Солтүстік
және Батыс Қытай мұнай-газ ауданы.
Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында
кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда )Қазақстан(, боксит кені Торғай
даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда,  Мъянмада, 
Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.
Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп
жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен
шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия  жазықтарына
 шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл
климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының  климаты
экваторлық.
Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс С ібірде байқалады. Верхоян
жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең
төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың
орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке
байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы  тундраның
 оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С,
тропиктік,  экуаторлық белдеулерде 25 – 28оС-қа дейін жетеді.
Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды
келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-
шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан).
Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық
белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-
ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай  теңізді аймақтарда 600 –
1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200
мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия  шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде
одан да аз болады.
Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады.
 Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. 
Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде сүтқоректілерден : бұлан
,бұлғын, қоңыраю, сілеусін, тиін, б орша тышқан, сасық күзен;құстардан:
саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.
Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ
жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді.
Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-
батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.Батыс жағын
жерорта-теңіздік жануарлардан:  қабылан, гепард,  қорқау қасқыр,  жайран,
т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс
Үндістанда арыстан сақталған.
Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай 
жануарлары (піл, орангутан, гиббон,  макака, лемур, тупайя, тапир, мүйі зтұмсы
қ,  жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалау
шылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті  жылан, 
питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.
Саяси бөлінуі:
Солтүстік Азия (Ресей федерациясы);
Батыс Азия (Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран,  Ауғанстан, 
Сирия, Ливан,  Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, С ауд Арабиясы,  Бахрейн, 
Катар,  Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР),
 Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс
Азия мемлекеттері құрайды);
Оңтүстік Азия (Пәкістан, Үндістан, Бангладеш , Шри-Ланка,  Бутан,  Непал, 
Мальдив Республикасы);
Оңтүстік-Шығыс Азия  (Мъянма, Таиланд,  Малайзия,  Сингапур,  Лаос,
 Камбоджа,  Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруне й, Шығыс Тимор);
Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызс тан, Түрікменстан, Тәжікстан.)
Шығыс Азия (ҚХР, МХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония) болып бөлінеді.

1.2. Шығыс Азияның физикалық географиялық жағдайына сипаттама
Шығыс Азия – Азия материгінің шығыс бөлігі. Тынық мұхиты мен қоңыржай,
субтропиктік және тропиктік белдеулерде шектесіп жатыр. Жер бедері таулар
мен жазықтардың күрделі бірігуімен сипатталады. Шығыс Азияның негізгі
бөлігі Батыс-Тынық мұхиттық геосинклинальды белдеуінде орналасқан. Бұл
аймаққа жанартау түзгіштік пен сейсмикалық белсенділік тән. Климаты
муссонды, мерзімдік ылғалды. Тайфундар мен су басулар жиі болып тұрады.
Солтүстік бөлігінде аралас және тайга ормандары, оңтүстігінде жалпақ
жапырақты субтропиктік және тропиктік ормандар басым. Шығыс Азия
аудандарына Ресейдің Қиыр Шығысы, Қытай, Тайвань, Жапония, Корей Халық
Республикасы, Корея және Монғолия жатады.
Қиыр Шығыс – Азияның СолтүстікШығыс, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс бөліктерін
біріктіретін аудан. Ресейдің 16 бөлігін алып жатыр. Ол Чукоткадан Уссурий
жағалауына дейін, Тынық мұхиты жағалауымен және оның теңіздері бойымен
4500км-ге созылып жатыр. Қиыр Шығыстың солтүстік аудандары поляр шеңберінде
жатса, оңтүстік бөлігі жерортатеңіздік ендіктерге дейін жетеді. Қиыр
Шығыстың жер бедері негізін – таулар құрайды. Бұл ауданда жер сілкінісі мен
цунамилер жиі болып тұрады, яғни сейсмикалық зона болып табылады.
Оңтүстігінде орташа, аласа таулар – Сихотэ Алинь, Джугуджур; Камчатка
түбегінде биік таулар басым. Аумақтың маңызды бөлігін муссондық климат
қамтиды. Жылдық жауыншашын мөлшері 2000мм дейін жетеді. Камчатка – Евразия
материгінің солтүстікшығыс бөлігінде орналасқан түбек. Батысында – Охот
теңізімен, шығысында – Беринг теңізімен және Тынық мұхит суларымен шайылып
жатыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 1200км-ге созылған. Ауданы
472,3мың шаршы км. Түбектің шығыс жағалауы қатты тілімденген, сондықтан
көптеген шығанақтар мен мүйістер түзілген. Түбектің орталық бөлігін Орталық
және Шығыс жоталар кесіп өтеді. Олардың арасында Орталық Камчатка ойпаты
орналасқан, бұл жермен Камчатка өзені ағып өтеді. Жанартаулар – Камчатка
түбегінің көзге көрінерлік объектілері болып табылады. Мұнда барлығы
160мыңнан астам жанартаулар бар. Камчатканың көпшілік өзендері бастауын тау
етегінен және мұздықтардан алады. Гейзерная және Шумная өзендерінің
қосылған жерінде әлемге әйгілі Гейзерлер Аңғары орналасқан. Ең ұзын өзені –
Камчатка өзені. Камчатка түбегі Камчаткада өсімдіктердің 1200ден астам түрі
таралған, соның ішінде ағаштардың, бұталардың, лиандардың 100ден аса түрі
бар. Ағаштардың ең көп таралған түрі – Эрман қарағайы, ұзындығы 15-20м,
диаметрі 90см болып келеді. Түбектің эндемигіне – “пихта грациозная”
өсімдігі жатады. Камчатканы шайып жатқан сулар әртүрлі моллюскілерге, теңіз
сүтқоректілеріне және де балық қорына мол. Түбекте құстардың 220-ға жуық
түрі бар. Жабайы аңдарының ішінен ең ірісі әрі атақтысы – Камчатка аюы.
Камчатка түбегіндегі вулкандар
Охот теңізі – Тынық мұхитынан Камчатка түбегі, Куриль аралдары және
Хоккайдо аралы арқылы бөлініп тұрған бөлігі. Солтүстік-шығыс Азияда
орналасқан. Ресей және Жапонияның жағалауларын шайып жатыр. Ауданы –
1603мың км кв. Орташа тереңдігі – 1780м, ал терең нүктесі – 3916м. Теңіздің
батыс бөлігі материктік қайраңда жатқандықтан, таяз болып келеді. Теңіздің
орталық бөлігінде Дерюгин және Тинро ойпаттары орналасқан. Қазан айынан
бастап мамыр-маусым айларына шейін мұз басып жатады. Теңіздің солтүстік
жағалауы қатты тілімденген. Охот теңізінің солтүстік-шығысында ең ірі
шығанағы – Шелихов шығанағы орналасқан. Теңізге Амур, Охота, Кухтуй
өзендері келіп құяды. Теңіздің атауы Охота өзенінің атымен аталған. Ол эвен
тілінде “өзен” деген мағынаны білдіреді. Бұрын Лам теңізі, Камчатка теңізі
деп те аталған. Қыста су бетінің температурасы -1,8 – +2С, жазда 1018С-қа
дейін көтеріледі. Суының тұздылығы 32,833,8промиллені құрайды.
Шелихов шығанағы – Азия жағалауы мен Камчатка түбегі аралығында
орналасқан Охот теңізінің шығанағы. Ұзындығы – 650км, ені – 300км,
тереңдігі – 350м дейін жетеді. Шығанаққа Гижига, Пенжина, Яма, Малкачан
өзендері келіп құяды. Желтоқсан – мамыр айлары аралығында бетін мұз басып
жатады. Шығанақ балық ресурстарына өте бай. Шелихов шығынағының оңтүстік
бөлігінде Ям архипелагы орналасқан. Оның құрамына: Матыкиль, Атыкан, Баран,
Хатемалью, Коконце аралдары кіреді. Амур – Шығыс Азия өзені. Ресей, Қытай
және Монғолия территорияларымен ағып өтеді. Амур өзенінің бассейні Шығыс
Азияның қоңыржай ендіктерінде орналасқан. Өзен бассейні 4 зонаны алып
жатыр: орман, орманды дала, дала, шөлейт. Бассейннің оңтүстік-батысындағы
шөлді бөліктерінде жылдық жауын-шашын мөлшері – 250-300мм, ал СихотэАлинь
жотасында 750мм
дейін жетеді. Амур өзені Шилка және Аргунь өзендерінің бірігуінен түзіледі.
Өзеннің жалпы ұзындығы - 4359км. Бассейнінің ауданы – 1855 мың км кв.
Ауданы жөнінен дүние жүзінің өзендері бойынша 10-орында.

1.3. Шығыс азиядағы аймақтық бірегейлік қалыптасуының үдерістері

Азия-Тынық мұхиты аймағына (АТМА) әлемдік экономикалық локомотиві
рөлін жиі болжайды. Қазіргі таңда әлем халқының 60%-ы, әлемдік ЖІӨ-нің 60%-
ы, әлемдік сауданың 50%-ы және тікелей шетел инвестицияларының 50%-ы осы
аймаққа келеді.
Солтүстік Америка және Батыс Еуропамен бір қатарда тұрған жаһандық
үшбұрыштың бір шыңы болып табылатын АТМА-ның қарқынды экономикалық өсімі
әлемді түбегейлі өзгерте отырып, жаңа қалыпқа әкелетін негізгі факторлардың
біріне айналып отыр.
География жағынан қарастыратын болсақ, АТМА-ға Тынық мұхиты
бассейнінің жағасында орналасқан елдер мен аймақтар (Азия, Солтүстік және
Латын Америка, Австралия және кіші арал мемлекеттері) кіреді. АТМА-ның тар
мағынасы да бар, оған байланысты тек Шығыс Азия елдері аймаққа жатқызылады.
Бірқатар зерттеушілер Шығыс Азияны посткеңестік кеңістікпен жиі салыстыра
отырып, еуразиялық құрлықтың шеткі аймақтарына жатқызады. ХХІ ғасырдың
басында екі өңір де жүріп жатқан үрдістерде өз орындарын айқындау
қажеттілігі мен алдарында тұрған ортақ сұрақтарға сәйкес жауаптар табу
мәселелеріне тап болды. Олардың қатарында:
- адам басына келетін кіріс деңгейі, технологиялық жетілуі мен ақпараттық
қамтамасыздандыру бойынша мемлекеттердің әлкелкілігін әлсірету;
- жұмыссыздықты төмендету;
- шекарааралық капитал ағымын реттеу;
- жаһандану үдерістерінің жағымсыз әсерін әлсірету қажеттілігі
Шығыс Азия елдерінің сәтті экономикалық дамуының негізгі факторы
ретінде интеграциялық үдерістер болып табылады. Бұған тарихи ортақтық,
ортақ экономикалық мүдделер, стратегиялық теңіз байланыстарының болуы,
аймақтық соғыстар, сыртқы күштерге қарсы тұру деген сияқты шарттар жағымды
әсер етті.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (АТЭС) секілді жаңа
аймақтық құрылымдар өздерінің мүшелеріне аймақтағы тұрақтылықты сақтау
жауапкершілігін жүктемесе де, әйткенмен, мемлекетаралық байланыстардың
кеңеюіне, қақтығыстардың азаюына септігін тигізеді.Егер теориялық
тұжырымдамаларға сүйенетін болсақ, аймақтағы интеграцияның сәттілігі екі
басты шартқа байланысты болып шығады. Олар – қауіпсіз қауымдастық пен оның
демократиялық құрылымы. Осы шарттардың жасалуына аймақ елдері басты мән
беріп отыр.
Интеграциялық бірегейлікті қалыптастыру жолында бірқатар
дезинтеграциялық факторлар орын алады. Оларға ЖІӨ-нің әр түрлі деңгейлігі,
елдердің экономикалық құрылымындағы айырмашылықтар, әр түрлі мақсаттарды
көздеуі, Бай Солтүстік пен Кедей Оңтүстік арасындағы қайшылықтар,
ресурстар тапшылығы, экологиялық және демографиялық мәселелердің шешілмеуі
және т.б. жатқызады.
Аймақтағы елдер өз бірегейлігін алдын ала ауыстырып алу мақсатын
көздемеген. Жапония, Тайланд секілді мемлекеттер заманауи технологияларды
иемдене отыра, өздерінің әлеуметтік-мәдени негіздерін сақтап қалды,
олардың сәтті дамуы дәстүрлі жаңарту теорияларға жатқызылмайды.
Даму орталығының ешкім айрықша өзгерістер күтпеген аймаққа өтуі
американдық зерттеуші П. Бергерді таң қалдырды. М. Вебер Азияны өзгеруі
қиын дәстүрлі аймаққа жатқызды. Алайда Шығыс Азиядағы үрдістер бұл пікірдің
күмәнді екендігін көрсетеді. Шығыс Азия елдері ұжымдыққа негізделген
Батыстан кейінгі қазіргі кездің капитализмнің екінші мысалы ретінде
қарастырыла бастады.
П. Бергер болып жатқан үрдістерді талдай отырып, жетістіктерге
бағдарланған Азияның еңбек этикасын жанұялық құндылықтар қалыптастырады, ал
шығыс-азиялық даму үлгісі адам капиталына сүйенеді деген қорытындыға
келеді. Бір жағынан, бұл өзгерістер жаңартудың басқа бір үлгісі ретінде
бағаланса (батыс технологияларды иемдену және Батысты озып шығуды көздеу),
екінші жағынан, осы үдерістер барысында өзіндік бірегейлік сақталады.
Соңғы дерек қарастырылып жатқан үрдістер жаңарту теорияларының шегінен
тыс шығып жатқандығын көрсетеді. Оңтүстік-Шығыс Азия тәжірибесіне дәстүрлі
және заманауи қоғамның антогонистік сипаттарының жақындасуы тән болды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.В Мосяков Шығыс Азия ежелгі
заманнан бері өркениеттік әркелкілігімен сипатталады, үнді және қытай
мәдениетінің әсер ету аймақтарына бөлінген және оған тарихи ортақ идеяның
болуы тән емес деген тұжырымдамаларды қолдайтын Шығыс Азия елдерін
зерттеушілерді сынға алады.
Бұл қорытындыны Шығыс Азия елдерінің соңғы 40 жылдық тарихы жоққа
шығарады. Осы уақыт аралығында Шығыс Азия елдері әлемнің қарқынды дамып
жатқан аймақтарының біріне айналды. Жергілікті элиталар мақсаттарын
біріктіретін мүдделер мен қағидаларын құрып, осы негізде өзара интеграцияға
үлкен қадам жасай алды.
Ішкі бірліктің терең негізін қалыптастырмай, тұрғындары түрлі діндерді
уағыздайтын (буддизм, ислам, христиандық) және түрлі мемлекеттік билік
типтері қалыптасқан (демократиялық республика (Филиппиндер), коммунистік
республика (Вьетнам), әскери диктатура (Бирма) елдерден мұндай
жетістіктерді күту мүмкін емес. Осы дерек Шығыс Азияның өркениеттік
ортақтық қалыптастыру мен Бірегей Азия құру жолында келе жатқандығын
көрсетеді. Д. В. Мосяков алғашқы бірегейлік тұжырымдамасын ортаға шығарады.
Бұл тұжырымдама бойынша халықтардың әркелкілігіне, тілі мен дініне
қарамастан, осы жерде тұратын барлық этностарды біріктіретін ортақ бір
негіз бар. Шығыс Азия халықтарының ортақ даму сипаттары 1–кестеде
көрсетілген.
Кесте 1 – Шығыс Азия халықтарының ортақ даму сипаттары
 
№ сала Ортақ сипаттары
1. экономикалық өзен бойында мекендеген ежелгі тұрғындар күріш
өсіру шаруашылығымен айналысқан
2. әлеуметтік - ортақ шаруашылық негізінде (күріш өсіру)
топтасқан мықты қауымдастық;
- еркін шаруалардың үлкен саны;
- қарапайым шаруаның жауынгер, шенеунік немесе
дін қызметшісі болу мүмкіндігі
3. рухани - салт-дәстүрлер, сана-сезім (ислам, буддизм
немесе христиандықты уағыздайтын адам өз
іс-әрекетіне ата-бабаларынан рұқсат алады);
- этностардың рухани деңгейін кеңейту арқылы
дәстүрлі табынушылықтарды толықтырған әлемдік
діндер;
- дәстүрлі табынушылықтар аймақтың бірлігі мен
өзгеше қасиеттерін ерекше көрсететін ортақ
жаһандық дүниетаным мен діни тұжырымдамаларға
айналмады
4 отбасы және - екі тармақ бойынша туыстық байланыстарды
қызметтік реттеу жүйесі;
қатынастар - қауымдағы дәстүрлі өзара көмек;
- шешім ұзақ, мұқият және келісімге келу
мақсатымен арнайы жүргізілген талқылаудан кейін
ғана қабылданады
5 саяси - элиталардың тұрақсыздығы мен әлсіздігі;
- элиталық дәрежелерге ие болу және мұрагерлік
ету мәселелерін қарастыратын құрылымдарының
қалыптаспағандығы

 
Шығыс Азияға қатысты әлеуметтік-саяси мәдениеттің негізгі үш түрі
туралы сөз қозғауға болады: вьетнамдық (феодал-бюрократиялық), теңіз
аймақтық немесе малайлық (әскери-феодалдық) және үндіқытай-явандық
(мемлекеттік-патриархалдық).
Шығыс Азияда қалыптасқан ортақ тарихи және мәдени негіздері аймақтың
барлық жеріне таралуы керек деген көзқарастар элитаның көпшілігінде басым
орынды иеленеді. 1981 жылы АСЕАН елдерінің көрнекті тарихшылары мен
саясаткерлері ғылыми, бірақ діни өмір мен дәстүрлерге өшпенділікпен
қарамайтын... халықтардың өнер, дәстүр мен өнегені бағалайтын АСЕАН
мәдениеті пайда болу керек деген ортақ пікірді білдірді. Осы ортақ
мәдениеттің дамуы және онымен байланысты ортақ бірегейліктің таралуы ешбір
жағдайда ұлттық өзгешіліктердің жоюлуына әкелмейді.
Ортақ бірегейлікті жасанды жолмен қалыптастыруға бағытталған Шығыс Азия
елдерінің қарастырып жатқан шараларын атап кетуге жөн болады.
Қазіргі заманда Шығыс Азияның өркениеттік құрылымы екі топ үрдістеріне
сүйеніп отыр:
1. Мемлекеттік саясаттағы өзгерістерге байланысты (саяси және экономика
салаларында біртіндеп жақындасу, ортақ сауда және сыртқы саяси қатынастарды
даму бойынша құжаттарға қол қою).
2. Ұлттық қауым санасындағы өзгерістерге байланысты (өркениетті құру,
аймақтық бірегейлікті қалыптастыру). Сонымен қатар, аймақтағы байланыстар
келесі қағидаларға сүйенеді:
- елдердің ішкі істеріне араласпау;
- белгілі бір елде қалыптасқан саяси тәртіптің сипатына қатысты қатал
талаптардан бас тарту;
- өзара келісімге келу мен өзара көнігуді аймақтық саясатының ерекше
дәстүрі ретінде қабылдау.
Қазіргі кезде біз бір мағыналы емес үрдістің куәгерлері болып табыламыз.
Бір жағынан, жергілікті басқарушы элиталар ортақ мүдделер мен дәстүрлі
құндылықтарға сүйене отырып, аймақтық бірегейлікті қалыптастыру мен
интеграциялық ұйымдар шеңберінде бірлікті нығайтуға ұмтылса, екінші жағынан
сыртқы әсерлер бұл әрекеттерге кедергі келтіріп, тіпті оның жүзеге асуына
қауіп тудыруы мүмкін.
Шығыс Азиядағы жаңарту мен интеграция барысында батыс құндылықтары мен
үлгілері тек бизнес саласы мен ресми қатынастарға ғана таралады. Жүріп
жатқан үрдістер қалыптасқан дүниетанымдық көзқарастар мен рухани мәдениетке
еш зиянын келтірмей-ақ, батыс өркениетінің жетістіктерін иемдену
мүмкіндігін көрсетіп отыр. 

2. Шығыс Азия елдеріне сипаттама
2.1 Қытай Халық Республикасы және Тайвань аралы

Қытай Халық Республикасы — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық
саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық
көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша
Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық
Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде.
Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер
қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі:  Ауғанстан, Бутан, Мианма,  Үндістан, 
Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғол ия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Т әжікст
ан  және Вьетнам Социалистік Республикасы.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі
саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба
көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және
тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің
оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай
халықтарының көзқарасына әсер етті.
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция
қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының
Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың
демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға
сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір
палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы
жыл сайынғы тәртіппен шақырылады. Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ
функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты
комитет атқарады (шамамен 150 адам).
Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы
эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге
асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл
елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы
азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге
және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде
экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін
кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.
ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше
қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы
елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы
аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында
Қытай басшылығының теориялық құрылуы.
Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің
экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға
экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын
байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра өз көршіне сүйену деген
модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел
рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы
елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі.
Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм
болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Оңтүстік Батыс Азия
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Пәндер