МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .6
1.1.Материктің географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Жер бедері және пайдалы
қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Жануарлары және
өсімдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8
1.4. Австралия материгі табиғатының қалыптасу кезеңдері, климат түзуші
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. АВСТРАЛИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ ЖАЗЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 20
2.1 Эйр
көлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2. Австралияның
тектоникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес
аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін
ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латының australis – оңтүстік деген
сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын,
оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі
бөліктері: солтүстікте – Йорк мүйісі (10 41о. е.) оңтүстікте – Оңтүстік –
Шығыс мүйісі (39 11 о. е.),батыста – Стип – Пойнт мүйісі (113 05 ш.б.),
шығыста – байрон мүйісі (153 34 ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке
3200км – ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі –
7631,5 мың км.
Орталық ойпаттың табиғатының негізгі ерекшелігінің бірі палеозойдың
аяғына Бордың аяғына дейін теңіз түбі болған. Ойпаттың орташа биіктігі 100
– 200 м. Ал ең төмен жері Эйр көлі - 12 – 16 м. Беткі сулардың барлық
аймақтарға жетіспеушілігі Артезиан суларымен толықтырылады. Оның негізгі
көзі үлкен Артезиан бассейіні аймақтың топырақ өсімдік жағдайында Эйр
көлінің қазаншұңқырына дейін өзгере береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде Австралия материгінде көптеген тектоникалық қозғалыстар
болып жатыр. Сол тектоникалық процестер және олардың материктің жер
бедеріне қалай әсер ететіні толығымен әлі зерттелмеген. Сондықтан курстық
жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Австралиядағы тектоникалық процестерді зерттеу және олардың жер бедеріне
әсіресе жазықтарға әсерін зерртеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын аңықтау;
Австралия тектоникалық процестердің көлдердің пайда болуына әсерін аңықтау.
Жазықтарын тауларын анықтау.
Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін
мекемелерде 7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында
қолдануға болады.
Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі:
Курстық жұмыс 28 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1.МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА.
1.1.Материктің географиялық орны
Австралия жер бетіндегі ең кіші материк болып табылады. Ол іргелес
жатқан аралдарымен қоса оңтүстік жарты шарда орналасқан. Материктің атын
латын тілінент аударғанда *оңтүстік дегенді білдіреді.*. Материктің шеткі
нүктелері: солтүстігінде Иорк мүйісі (10°4151´о.е.), оңтүстігінде Оңтүстік
Шығыс (39°11´о.е) , батысында Принц Уэльский (113 05ш.б), шығысында
Байрон мүйісі (153°34´ш.б). Австралия материгі солтүстіктен оңтүстікке
қарай 3200км, батыстан шығысқа қарай 4100 км шамасында созылып жатыр, жалпы
жер көлемі – 7631.5 мың шаршы шақырым.
Австралия материгі тынық және Үнді мұхитының суларымен шайылып
жатыр.Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Австралиядан
солтүстікте және шығыста , Тынық мұхитының оңтүстік батыс бөлігінде
материктік және маржандық жанар тау текті аралдар созылып жатыр. Бүкіл осы
аралдардың жиынтығын мұхиттық аралдар деп атайды. Мұхиттық аралдардың жалпы
көлемі шамамен 1.3 млн. шаршы шақырым. Мұхиттық аралдарды бірнеше
бөліктерге бөледі: Батыстағы ең ірі аралдар тізбегін Меланезия деп атайды.
Меланезиядан солтүстікке қарай жатқан аралдар тізбегін Микронезия деп
атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік шығыс бөлігінде жатқан
аралдарды Полинезия деп атайды.
1.2. Жер бедері және пайдалы қазбалары.
Австралия Гондвана материгінің құрамынан дербес материк ретінде юра
кезеңіңде бөлініп шықты. Оның ең үлкен бөлігінде Австралияплатформасы
жатыр. Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық жер
бедерімен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейінгі
таралуын айтуға болады. Платформа материктің батысында, орталық бөлігімен
солтүстігінде жер бетіне шығып жатыр. Материктің батыс шетімен оны орталық
бөлігінде жаңа тектоникалық активті аймақтарда жақпарлы эпиплатформалы
таулар кездеседі.
Материктің шығыс және оңтүстік шығыс шеті мен Тасмания, сондай-
ақМуррей жазығынан батыс пен солтүстік батысқа қараған аудандарында
байкалдық, ерте палеозойлық және жоғарғы палеозойлық жас платформаның
орташа және аласа қатпарлы және жақпарлы таулар бар.
Пайдалы қазбалары. Австралия платформасында алтынның, уранның,
полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Протерозой шөгінділерінде
темір рудасы, мұнай және газ кездеседі.
Климаты. Австралияның климаттық және көршілес жатқан аралдардың
климаттық жағдайлары олардың экватор мен тпропикке жақын біршама жылы су
бассейінің қоршауында жатқандығы.а байланысты болады.Өзінің географиялық
жағдайымен орографиялық ерекшелігіне байланысты Австралия Африка материгіне
ұқсас болып келеді. Қыс айларының орташа температурасы +24+280, шілде
айының орташа температурасы +16+180 көрсетеді. Жауын-шашынның бүкіл материк
бойынша түсуі әркелкі, бірақ материктің орталық бөлігінде жауын-шашын аз
түсіп тек материктің солтүстік және солтүстік шығыс бөлігінде жауын-шашын
біршама көбірек түседі.
Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея және Жаңа Зеландия өзендерінің аіыс
көлемі 1600м3 тең, Австралияның жеке ағыны 350км3. Материктің үлкен
бөләгәнде жауын-шашын аз түсуімен сипатталады және оның алабында биік
таулар мен мұздықтардың жоқтығына байланысты. Ішкі ағын аймағына
Австралияның 60%жатады. Шамамен территорияның 10%-ті Тынық мұхитқа , ал
қалғаны Үнді мұхитына құяды. Материктің басты су айрығы – Үлкен суайрық
жотасы жатады. Оның баурайынан суы мол, ірі өзендер ағып шығады.
Австралияның ірі өзен жүйесі – Муррей және Дарлинг су жүйесі. Бұл
өзендер Үлкен суайрық жотасынан ағып шығып оңтүстік ойпатта қосылады.
Муррейдің ұзындығы 2570км, ал Дарлингтің ұзындығы 2800 км. Өзендер
бассейінінің ауданы 1072мың шаршы шақырым. Шаруашылықта маңызы зор.
Материктің ең ірі көлі – Эйр. Орталық жазықтықта орналасқан. Оның
деңгейі теңіз деңгейінен 16 метр төмен. Көл қазаншұңқыры кен-байтақ
аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының -
риктердің бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Эйр көлінің аумағы 15 мың шаршы
шақырымға жетеді.
1.3. Жануарлары және өсімдігі
Австралия флорасының құрлықтың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық,
бұл материк Тасмания бірге Австралияның айрықша флора патшалығына кіреді.
Мұхиттық аралдар Неотпромикалық флоралық патшалығының әртүрлі аймақтарына
жатады. Жаңа Зеландия аралдары Голарктикалық патшалыққа енеді. Австралия
мен оған жақын жатқан аралдардың топырағында топырақтың 19 түрі кездеседі.
Даму тарихына және климаттың ерекшелігіне қарай өсімдіктің эндемик
түрлеріне өте бай келеді.
Австралия фаунасының байлығымен сипатталады, әсіресе аралдар фаунасы
кедей болып табылады. Себебі материкпен аралдар бұрыннан жер шарының басқа
бөліктерінен бөлек тұрды және өзінше бөлек дамыды. Екінші жағынан Австралия
фаунасының Оңтүстік Америка және Антарктида жануарлар дүниесімен кейбір
туыстығы бар екенін байқауға болады. Австралия фаунасына нағыз тән белгі
төменгі сатыдағы сұт қоректілердің және орнитофауна, бауырымен
жорғалаушылар, насекомдарда ерекшеліктер өте көп.
Материк шегі төмендегідей физикалық географиялық аудандарға бөлінеді.
Солтүстік Австралия, Шығыс Австралия, Оңтүстік Австралия, Орталық жазық,
Оңтүстік Батыс және тпропиктік таулы үстірттер және Батыс Австралия
таулары. Аралдар бірнеше топқа бөлінеді: Тасмания аралы, Жаңа Гвинея мен
жанасып жатқан аралдар, Жаңа Каледония, Жаңа Гебридтер, Фиджи аралдары,
Жаңа Зеландия және Микронезия, Орталық және Оңтүстік Полинезия, Солтүстік
Полинезия.
Австралияның өзендері мен көлдерінде суда жүзетін көптеген құстар
мекендейді. Жергілікті түрлерден басқа, онда Сібірден, солтүстік жарты
шардан өыс уақытында ұшып келген қонақтарды кездестіруге болады.
Австралияның ішкі сулары балыққа бай, олардың арасында эндемиялық және
өте ежелгі түрлер таралған. Триастан бері өзгермеген түрде сақталған қос
тынысты рогозуб(мүйіз тісті)(neoceratodus forsteri) балығы да тамаша. Олар
тек материктің шығыс бөлігінің аздаған өзендерінде ғана кездеседі.
Австралияның солтүстік және орталық бөліктері, саванналарының, бұталы
тоғайлары мен ашық кеңістіктерінің фауналары бұдан да өзгеше. Шөп қоректі
жануарлар үшін азық қорлары мол аймақтарда кенгурудың бірнеше туыстары мен
көптеген түрлері мекендейді. Кенгурулар әдетте үйірімен тіршілік етеді.
Қауіп төнген жағдайда олар қатты секіріп, жылжиды. Ең зор кенгіру(Macropus
major) секіргенде ұзындығы 10метрге және биіктігі 2-3метрге дейін жетеді.
Жартастар мен бұталы нулар арасында валлаби кенгуруы өмір сүреді.
Кенгуруды адам мен австралиялық динго иті(canis dingo) қатты қырып
жібереді. Динго иті жирен жүнді, шағын жануар, өте төзімді, шапшаң әрі ұзақ
шабуға икемді. Олжасының ізіне түсе отырып, ол көп сағаттар бойы талмай
жүгіруі мүмкін. Қазір бұл жыртқыштар Эйр көлі маңайындағы үлкен
территорияға таралған. Өзінің тұрақты мекендерінен олар түрлі бағыттағы
үлкен қашықтықтарға азық іздеп барады. Кенгурудан басқа олар көптеген басқа
жануарларды қырып жойды. Әсіресе ол қой өсірушілерге үлкен зиян келтіруде.
Кейбір аудандарда қой өсіру динго итіне байланысты тиімді бола алмауда.
Олар сондай-ақ қарусыз адамдарға, әсіресе балаларға шабуыл жасайды.
Шөп пен бұта жамылған аймақтарда, сондай ақ қалталылар: вомбат,
көртышқан, егеуқұйрық, борсық, құмырсқа жегіштер тіршілік етеді.
Бұталы тоғайларда денесін тікен жапқан сүт қоректі, жергілікті эндемия –
ехидна(echidna aculeatа) мекендейді. Үйректұмсықтар сияқты ехидна да өзінің
балаларын жұмыртқадан өргізеді, ал негізінен құмырсқа илеуіне ұзын жабысқақ
тілін сұғып жіберіп, құмырсқалармен қоректенеді. Ол түнде тіршілік етеді.
Ехиднаны дәмді еті үшін аулайды.
Құстардың ішінен ормансыз кеңістіктерде австралия түйеқұсы эму егінге
үлкен зиян келтіретін шөпқоректі тоты құстар, суда жүзетін және суда
мекендейтін, көпшілігі солтүстік жарты шардан ұшып келген әр түрлі құстар
кездеседі.
Жыландар мен кесірткелер көп. Жыландардың ішінде улы жыландар басым.
Молох кесірткесінің денесіндегі тікенекті айрықша шор ауадан ылғалды
жұтады, бұл қуаң климат жағдайына бейімделудің амалы болып табылады.
Насекомдар мол, әсіресе өзінің құрылыстарымен зор кеңістікті жауып
жатқан термиттердің тығыздығы соншалықты, кейбір жерлерден өтуді
қиындатады. Сондай ақ құмырсқалар да таралған. Ауыл шаруашылығына
ауыртпалық тигізетін шегіртке болып табылады. Москит, маса мен шыбын
адамдарға үлкен зиян келтіреді.
Тасмания аралының жануарлар дүниесі кейбір өзгешеліктерімен
ерекшеленеді. Онда, мысалы, қалталылардың материкте жоқ екі өкілі: қалталы
қасқыр және қалталы пері сақталған. Қазір олар өте сирек кездеседі. Қалталы
қасқырларды тіпті мүлдем құрыған деп те санайды. Аралдың оңтүстік бөлігінде
антарктика фаунасына тән өкіл – пингвин кездеседі.
Жаңа Зеландия фаунасы үлкен өзгешелікпен ерекшеленеді. Ежелден бергі
аралдық жағдайына байланысты ол түрлерге, әсіресе сүтқоректілер түрлеріне
кедей. Бірақ оның есесіне онда кейбір ежелгі жануарлар сақталған, оларды
тірі қазбалар деп дұрыс атайды.
Жаңа Зеландия фаунасы қазіргі фауналардың ең ежелгісі және өз
құрамдарында мезозойдың соңы мен палеогеннің басындағы өкілдерді сақтап
келген.
Онда қанатсыздар отрядының ежелгі өкілдері киви, жапалақ тұқымдас
тоты құс және басқалары тіршілік етеді. Европалықтар келгенге дейін ақ
биіктігі 5метрге жететін алып құс моа құртылып жіберген.
Бауырымен жорғалаушылардан әсіресе кесірткелер көп, олардың ішінде
қазіргі уақытта жойылған дерлік, мезозойдан бері сақталған гаттерия бар.
Оның есесіне Жаңа Зеландияда жылан, тасбақа мен крокодил жоқ.

факторлары
Австралия –Жер бетіндегі ең кіші құрлық. Ол іргелес аралдарымен қоса
түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып,
қонысталынған бұл құрлықтың аты латынның australіs- оңтүстік деген сөзден
шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте құрлықтың шағын,
оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Құрлықтың шеткі
бөліктері: солтүстікте- Йорк мүйісі (10041'о.е.), оңтүстікте – Оңтүстік –
Шығыс мүйісі (39011' о.е.), батыста – Стип - Пойнт мүйісі (113005'ш.б.),
шығыста –Байрон мүйісі (153034' ш.б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке
3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатыр, ауданы
–7631,5 мың км2.
Солтүстікте Австралия жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және
басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте - құрлықтық қайраңның шегінде жатқан
Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал
–Дерк - Хартог, шығыста - Фрейзер.
Австралия Тынық және Үнді мұхиттараның суымен ұласып жатыр. Ол ешбір
құрлықпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай - ақ
оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде, құрлықтық арал деп
те атайды.
Қаңтарда, Австралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа
ағысының бөліну реті өзгереді. Австралиядағы төменгі қысым аймағына тек
оңтүстік жарты шардан ғана емес сондай-ақ содтүстік жарты шардан да ауа
келеді. Солтүстік жарты шар пассаты жердің ауналу әсерінен ауытқуға
ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан
өткеннен кейін солтүстік батысқа қарай бағыт алып Австралияның солтүстік
бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде
өтеді. Оңтүстік жарты шар пассаты бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің
ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық
мұхиттың батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа
қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс
Австралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа тасқынына айналады.
Сөйтіп, Австралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында қаңтарда
көп мөлшерде жауын-шашын түседі. Бұл кезде солтүстік жарты шарда жауын-
шашын мөлшері күрт азаяды.
Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстігі қаңтарда Оңтүстік Үнді
максимумының шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік
желдердің ықпалына ұшырайды.
Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының
батысқа ауысуы басым болып жаңбыр жауады.
Аралдардың температуралық жағдайлары тіпті экватордан едәуір
қашықтықта жыл бойына бірқалыпты болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі
бөліктері үшін температураның жылдық, тәуліктік едәуір ауытқуы тән.
Автралия мен көрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді.
Шегінде ұсақ аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан
экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және
ауа ағыны өрлей түседіү бұл жауын-шашынның оның жылдық қосындысының
бірқалыпты таралуының және ылғалданудың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.
Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы
биіктіктегі орташа айлық температура +24 пен +28ᵒС арасында ауытқиды.
Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бірқалыпты болып
қалады. Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралияның солтүстігіне Жаңа
Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының
айқын білінуімен әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-
шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрғақ келеді. Алайда
аралдарда ол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана
айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да
жауады. Әиткенмен жазбен салыстырғанда едәір азаяды. Жылдық жауын-шашын
мөлшері бұған рельефі қолайлы ыөпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте
температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың
температурасы 20ᵒС-ден төмен болған емес. Аралдардағы температуралық
айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалықты аз.
Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып
келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің шығыс бөлігі яғни
солтүстігі мен оңтүстік шығысынан басқа жағалаулары мен шығыс Австралия
таулары бүкіл жыл бойына оңтүстік Тынық мұхит максимумы мен пассаттық
айналымының батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бірқалыпты ылғал климаты
келеді. Австралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады.
Құрғақ кезең болмайды, бірақ жауын-шашын қысқа қарағанда едәуір көп жауады.
Бұл жауын-шашын әкелетін оңтүстік шығыс пассаты әркетінің қысқа қарағанда
едәуір интенсивті келуімен түсіндіріледі. Температураның ауытқу амплитудасы
австралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп. Климатқа сондай-ақ таулы
рельефтердің де әсері бар
Материктің ішкі аудандарында бүкіл жыл бойына континентальды тропиктік
ауа басым болады және жылдық жауын-шашын қосындысы 250мм-ден аспайды.
Салыстырмалы ылғалдылық 30-40%-ке тең, ал жылдық әсіресе тәудіктік
температуралық амплитуда өте үлкен. Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының
енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз ־5ᵒжетеді.
Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа
Зеландияның солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына
енеді. Материктің оңтүстік батысында жауын-шашын тек қыста жауады және оның
мөлшері батыстан шығысқа қарай кемиді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің
максимумының ықпалына ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте
тұрақсыз. Әдетте оның бұзылуы солтүстік күшті ысыған ауаның кіруіне
байланысты. Ол кейде 40ᵒ-ден асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі жиі
келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады.
Австралияның оңтүстік шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда
климат бірқалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда көп жауады. Оны шығыс жіне
солтүстік шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын
полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ орташа
температурасының анағұрлым төмен болуымен ерекшеленеді. Тауда аяз −20ᵒС
төмендейді. Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің
екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температурасының
едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мөлшерде
жауады.
Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландияның қоңыржай белдеуге
енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және
температурасының бірқалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымның тұрақты
әсері әсіресе жауын-шашынның батыс жағалауларда жіне таудың батыс
баурайларында мол түсуіне жағдай туғызады. Қыстағы аяз -5,7ᵒС-ге дейін
болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның
айырмашылығы шамалы болады.
Австралияның тропикалық флорасының қалыптасуы бор кезеңінде басталады
және кайнозойдың басында Австралияның құрлықтың басқа учаскелерімен құрлық
арқылы байлансы болған кезде жалғаса түсті. Мезозойдың аяғына дейін
Австралия Оңтүстік Америкамен және Антарктидамен қосылып жаттаы, шығыстағы,
солтүстіктегі аралдармен, олар арқылы Азиямен байланыс неогенде де болған
еді. Мұнымен Австралияның оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен,
сондай-ақ Азиядан және Мұхиттық аралдармен кейбір флоралық ортақтығы осыған
байланысты. Кайнозой кезеңінің ортасынан бастап ақ Австралия басқа
материктерден оқшауланып қалған болса керек. Сондықтан оның флорасының
құрамында әлемнің басқа бөліктерінде кездеспейтін элементтер басым келеді.
Екінші жағынан, Австралия флорасында басқа материктерде кең таралған
көптеген тұқымдастар жоқ. Сондай-ақ материктің флорасында өсіруге жарамды
азықтық өсімдіктердің болмауы да қызықты, сол себепті Авсралияның байырғы
халқы егін шаруашылығын білмеген.
Австралия террииториясының өзінде флора қалыптасуының өзара
байланыссыз орталықтары болды: оның біреуі оңтүстік батыс пен орталық
бөлікте, екіншісі шығыста еді. Осы орталықтардың арасында теңіз бассейні
жатқан болатын, ол құрғады да, өсімдік антропогеннің басында өсті.
Антропогенде Авсралияны мұз басқан жоқ, оның климаты мезозойдың соңынан
бері қауырт өзгеріске ұшыраған жоқ.
Авсралия флорасы дамуының барлық осы ерекшеліктері оның негізгі
белгілерінің қалыптасуына ежелгілігі мен эндемизмнің жоғары дәрежеде
болуына себепші болды. Эндемик өсімдіктердің көптігіне қарай жер шарында
Авсралиялық өсісмдіктер патшалығына тең келетін жер жоқ оның алабында
өсетін өсімдік түрлерінің 75 % -і эндемик өсімдіктер. Мәселен, эквалипт
туыстардың барлық 600 түрі дерлік, қарағанның 280 түрі, казуариннің 25-ке
жуық түрі эндимик болып табылады. Аруакария, протея, оңтүстік шамшат
өсімдіктері Антарктика және Қап флорасына ортақ болады.
Қазіргі климаттық жағдайға байланысты Австралия мен мұхиттық аралдардың
топырақты өсімдік жамылғысы шеткі аймақтарынан материктің орталағына қарай,
барған сайын ксерофитизациялана түсу жағына қарай өзгереді.Аралдардың және
материктердің оңтүстік жиегіндегі ылғалды тропиктік және субтропиктік
ормандары ішкі бөліктер бағытына қарай саванналармен, сирек ормандармен
және бұталы тоғайлармен, ал одан соң шөлейт, шөл формациялармен ауысып
отыравды.
Экваторға іргелес жатқан Жаңа Гвинея аралының солтүстік бөлігі мен
ұсақ аралдардағы ылғалды тропиктік ормнадарда өсімдіктердің азиялық және
эндемик түрлері көп, сондай-ақ авсралия өсімдіктерінің саны да едәуір.
Жағалауларға жақын жерлерде бұл ормандарды мангр тоғайлары ауыстырады.
Австралия материгінде ылғалды тропиктік ормандар аз. Олардың неғұрлым
кең алабы жауын-шашын мол және тұрақты жауатын Кейп Йорк түбегінің шығыс
жағалауында 20ᵒ солтүстікке қарайғы жерде болады.
Австралияның солтүстігіндегі өзен аңғарларын бойлай ылғалды тропиктік
орман суайрықтарындағы саванналар мен сирек ормандар таралған аймаққа
ұласады.
Австралия мен Жаңа Гвинеяның ылғалды тропиктік ормандары пішініне,
ішінара құрамына қарай Оңтүстік Азия ормандарына ұқсас келеді. Онда кейбір
пальмалар, лавр, фикус пен бұршақ тұқымдастары өседі. Лиандар улы шырмауық,
бұрыш және ротанг пальма-лианы болып саналады. Австралияның ылғалды
тропиктік ормандарында азия мен австралиялық элементтерінен басқа
антарктида мен кап флорасының кейбір өкілдері кездеседі. Бұл ормандардың
топырақтары батпақты ойпаттарда күлгін түсті қызыл топырақ типіне,
баурайлар мен суайрықтарында күлгін латеритті топырақ типіне жатуы мүмкін.
Қалың тропиктік ормандар сондай-ақ Австралияның Үлкен Суайрық жотасын
бойлай көтеріліп, Австралияның бүкіл шығыс шетін жауып жатыр. Бұл ормандар
кәдімгі ылғалды тропиктік ормандардан түр құрамының біршама кедейлігімен
және пальма мүлде жоқ дерлік эвкалиптің алуан түрлерінің басым болып
келуімен ерекшеленеді. Алайда бұл ормандардың ағаштары орасан зор биіктікке
жетеді де, ал лиандары мен эпифиттерінің молдығы жөнінен олар ылғалды
тропикалық ормандардан кем түспейді. Олардың түптерінен қызыл-сары ферралит
топырағы түзіледі.
Шығыс Австралия ормандарының фонында өсетін эвкалиптер сыртқы түрлері
мен көлемдері жөнінен өте әр түрлі. Олардың кейбіреулерінің жапырақтары
көгілдір немесе сұрғылт түсті келеді, бұл оларға өзгеше және біршама өңсіз
түр береді. Бұл ормандар үшін сондай-ақ ағаш тәріздес және шөп тәріздес
папоротниктер тән. Алуан түрлі эпифитті өсімдіктер көбіне ашық әрі әдемі
гүлдейді. Олардың арасында әсіресе орхидей тұқымдастарының әр түрлі
өкілдері ерекше көзге түседі.
Австралияда тропиктік сирек ормандар мен саванналар едәуір үлкен аудан
алып жатыр. Олар материктің солтүстігінде көбіне 20ᵒ оңтүстік ендіктен
солтүстікке қарай үлкен кеңістікті жауып жатыр. Шығыста ашық түсті
саванналы ормандар мен кәдімгі саванналар оңтүстікке қарай едәуір сұғына
ене түскен. Ормандар, сондай-ақ Жаңа Гвинея аралының оңтүстігіндегі
кеңістікті де алып жатыр.
Австралия саванналарын ылғалды маусым кезінде сарғалдақ, лала гүл және
орхидей тұқымдас ашық гүлдім өсімдіктер, әр түрлі астық тұқымдастар жауып
жатады.Саваннаға тән ағаштар бұтақтары жіп тәріздес жапырақсыз,эвкалипт,
қараған, казурин ағаштары. Сондай-ақ,сабағы жуан, ылғал қорын жинайтын
ағашта да кең таралған. Олар ̶ Stzeculazia туыстастарының бөтелке ағашы деп
аталатын бірнеше түрлері.Осы өзгеше өсімдіктердің болуы ̶Австралия
саванналарын басқа материк саванналрынан біршама ерекше көрсетеді.
Саванна негізінен эвкалиптердің әр түрлерінен тұратын сирек
ормандармен үйлесіп келеді. Мұндай ормандарда ағаштар сирек болады,
сондықтан құрғақ маусым кезінде топырағы құрғап, жаңбыр кезінде құлпыра
көктейтін қалың шөптермен көмкеріліп қалады. Эвкалипт ормандары Кейп ̵ Йорк
түбегінің үлкен бөлігі мен Австралияның солтүстік жағалауларының кең
алқаптарын жауып жатады.
Саванналардың ағаш тектес өсімдіктері мен эвкалипті ормандарын
жергілікті халық жыртуға жарамды, топырақтағы ылғалды сақтайтын жер алу
үшін өртейді. Эвкалипт ылғалды үлкен мөлшерде буландырады, сондықтан қуаң
аймақтарда ол ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.
Австралия саванналарының топырағы қызыл, ферралит тәріздес топыраққа
жатады, ал неғұрлым құрғақ жерлері қызыл қоңыр, сілтілігі күшті және қызыл
қоңыр сілтілігі әлсіз топырақ болып келеді.
Австралияның солтүстігі мен шығысының неғұрлым ылғалды аймақтарының
материктің орталық және батыс бөлігінің неғұрлым аймақтарына ауысуы
біртіндеп болады. Шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке жылжыған
сайын орман сиреп, барған сайынн ксерофитті түске ие болады. Бірте-бірте
олар Австралияда скрэб деп аталатын өзгеше бұталы тоғайларға ауысады. Скрэб
бүл тікенді бұталы тоғайлар немесе аласа өсетін ұсақ жапырақты қабықты
ағаштар. Олар көбінесе эвкалипт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz