ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ


Мазмұны
КІРІСПЕ
. . . 4
1. ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1. 1. Физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 5
1. 2. Мұхиттың қалыптасу тарихы . . . 7
1. 3. Флора мен фаунасы . . . 10
2. ТЫНЫҚ МҰХИТ АРАЛДАРЫ
. . . 12
2. 1. Меланезия . . . 13
2. 2. Полинезия . . . 21
2. 3. Микронезия . . . 24
2. 4. Үлкен Зонд және басқа ірі аралдары . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ.
. . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
. . . 33
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұхиттық аралдар халқы мен елдері Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1, 3 млн шаршы км. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Фиджи, Гавай Жаңа Зеландия және тағы басқалары жатады. Тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдары Меланезия ("қара аралдар"), Полинезия ("көп аралдар"), Микронезия ("ұсақ аралдар") және Жаңа Зеландия болып бөлінеді. Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф. Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Осындай ерекшеліктері болғандықтан қызықтырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тынық мұхит аралдары физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Физикалық-географиялық сипаттамасы;
- Мұхиттың қалыптасу тарихы;
- Тянь-Шань тауының флорасы мен фаунасы;
- Тынық мұхит аралдары;
- Курстық жұмысқа байланысты суреттер карталар құрастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Тынық мұхитқа физикалық географиялық сипаттама бере отырып, қалыптасу тарихы, өсімдгімен жануарлар дүниесі бірінші бөлімде айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді. Екінші бөлімде аралдарына сипаттама беріледі.
Курстық жұмыс 33 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тынық мұхиты туралы жалпы мәлімет
1. 1. Физика-географиялық сипаттамасы
Тынық мұхит - көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.
Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15, 8 мың км, шығысынан батысына 19, 5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179, 7 млн км², орта тереңдігі 3984 м, көлемі 723, 7 млн км³ (теңізсіз есептегенде 165, 2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707, 6 млн км³) . Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасы) . Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.
Алғаш болып Тынық мұхиты көрген испандық Васко Нуньес де Бальбоа. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағын кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз (ис. Mar del Sur) деп атады. 28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер архипелагынан Филиппин аралдарына дейін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бір қалыпты тынық болды, сол себепті Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхит деп атады. 1753 жылы француздық географ Ж. Н. Бюаш Тынық мұхитын Ұлы мұхит (фр. Jean-Nicolas Buache) атауды ұсынды, әлемдегі ең үлкен мұхит болған себепті. [3] Бірақ бұл атауды көпшілік қабылдамады, әлемдік географияда сөзі басым ағылшын тілді елдердің қалауымен «Тынық мұхиты» (ағылш. Pacific Ocean) болып қала берді.
1917 жылға дейін жер аударған орыс картасында Шығыстық мұхит деп аталды. Әлемдік мұхиттардың 49, 5% алатын және 53% суы бар Тынық мұхиты ғаламшардағы ең үлкен мұхит болып табылады. Шығысынан батысына 19 мың км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 16 мың км созылып жатыр. Оның суы оңтүстігінде көбірек, ал солтүстігінде аз болып келеді. Тынық мұхиты батыс жағасында Оңтүстік және Солтүстік Америка, шығыс жағасымен Аустралия мен Еуропаны, ал оңтүстігінде Антарктиданы шайып жатыр. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитымен шекарасы Дежнев мысынан Уэльс Ханзадасы мысына дейінгі Беринг бұғазы. Атлант мұхитымен шекарасын Горн мысынан 68°04’ меридианға дейін немесе қысқасы Оңтүстік Америкадан Антарктида аралдарына дейін Дрейк бұғазы арқылы, Осте аралынан Штернек мысына дейін, Үнді мұхитымен шекарасы Аустралияның оңтүстігіне қарай Бассов бұғазының шығыс шекарасымен Тасмания аралдарына дейін, одан әрі 146°55’ меридианымен Антарктидаға дейін, Аустралияның солтүстігіне қарай Андаман теңізі мен Малак бұғазымен, оңтүстік-батыс жағалауында Суматра аралдарымен, Зонд бұғазымен, оңтүстік жағалауында Ява аралдарымен, Бали және Саву теңіздерінің оңтүстігімен, Арафур теңізінің солтүстігімен, Жаңа Гвинеяның оңтүстік батысымен және Торресов бұғазының батысымен шектесетін аралықта жатыр.
Тынық мұхитындағы теңіз, бұғаз және шығанақтар ауданы 31, 64 млн км² құрайды. Теңіздердің басым бөлігі батысында, Еуразиямен шекарасында: Беринг теңізі, Охот, Жапон, Ішкі Жапон, Сары, Шығыс-Қытай, Филиппин.
Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары арасындағы теңіздер: Оңтүстік-Қытай, Ява, Сұлу, Сулавеси, Бале, Флорес, Саву, Банда, Серам, Хальмахера, Молукк; Аустралия жағалауында: Жаңа-Гвинея, Сүлейман, Коралл, Фиджи, Тасман; Антарктидадағы теңіздер (кейбір кезде бұларды Оңтүстік мұхитқа жатқызады) : Росса, Амундсена, Беллинсгаузен.
Оңтүстік Америка жағалауында теңіздер жоқ, бірақ үлкен шығанақтар кездеседі: Аляска, Калифорния, Панама.
Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған.
Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея (829, 3 мың км²) және Калимантан (735, 7 мың км²) . Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары - Азияда: Командор аралдары, Сахалин, Курил аралдары, Жапон аралдары (Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку, Рюкю аралдары), Тайвань, Хайнань, Филиппин аралдары (Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Үлкен Зонд аралы (1485 мың км² осы қатарлы Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка), Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба) ; Океанияда: Молукка аралдары (Серам, Хальмахера ) , Жаңа Гвинея, Бисмарк архипилагы (Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сүлеймен аралдары (Бугенвиль), Жаңа гебридтер, Жаңа Каледония, Луайоте аралдары, Фиджи аралдары (Вити-Леву, Вануа-Леву), Мариана аралдары, Тувалу, Тонга, Туамоту, Маршалл аралдары, Гавай аралдары (Гавайи), Жаңа Зеландия (Солтүстік және Оңтүстік аралдары) ; Солтүстік Америкада: Әулие Лаврентия, Алеут аралдары, Александр архипелагы, Шарлотта патшайым аралы, Ванкувер; Оңтүстік Америкада: Галапагос аралдары, Чили архипелагы(Чилоэ), Отты Жер (Отты Жер) ; Антарктидада: Палмер архипелагы, Оңтүстік Шетланд аралдары.
1. 2. Мұхиттың қалыптасу тарихы
Пангея құрлығы мезозой дәуірінде Гондвана мен Лавразияға ыдырағанда, оны қоршаған Панталассаның ауданы кішірейе бастады. Мезозойдың соңына қарай Гондвана мен Лавразия бөлініп, олардың бөлінуіне қарай Тынық мұхиты қалыптаса бастады. Юра дәуірінде тынықмұхиттық бытқыл маңында мұхиттық төрт тектоникалық тақталар түзілді: Тынық мұхиттық, Құла, Фараллон және Феникс. Солтүстік-батыс Құла тақтасы Азия құрлығының шығыс және оңтүстік-шығыс төңірегіне жылжыды. Солтүстік-шығыс мұхиттық тақта Фараллон Аляска, Чукотка және Солтүстік Американың астына жылжыды. Оңтүстік-Шығыс тақтасы Феникс Оңтүстік Американың астына сүңги бастады. Бор дәуірінде оңтүстік-шығыстық Тынық мұхитының мұхиттық тақтасы сол уақыттағы бір болған Аустра-Антарктикалық құрлық маңының шығысына салдарынан қазіргі Жаңа Зеландиялық жонның және Лорд-Хау мен Норфолк су асты үстірттерінің кесегі құрлықтан тебіліп кетті. Кешірек борда Аустра-Антарктикалық құрлықтың жарылуы басталды. Аустралиялық тақта бөлініп, экваторға жылжи бастады. Тынықмұхиттық тақта олигоценде бағытын солтүстік-батысқа ауыстырды. Кешірек миоценде Фараллон тақтасы екіге бөлінді: Кокос және Наска. Құла тақтасы солтүстік-батысқа жылжи отырып, толықтай (Тынықмұхиттық тақтаның солтүстік бөлігімен бірге) Еуразия мен прото-Алеут науасының астына кетті. Бүгінде тектоникалық тақталар қозғалысы жалғасуда.
Бұл қозғалыстың өзегі орта-мұхиттық риф аймақтары Оңтүстік-Тынықмұхиттық пен Шығыс-Тынықмұхиттық артулары болып табылады. Бұл аймақтың батысына тақталарыныңастына жылына 6-10 см жылдамдықпен қозғалып жатқан ең үлкен Тынықмұхит атты тақта орналасқан. Тынықмұхиттық тақтабатыстаФилиппин тақтасынсолтүстік-батысқа, яғни Еуразиялық тақта астыны жылына 6-8 см жылдамдығымен ығыстыруда. Орта- шығысында: солтүстік-шығысында жылына 2-3 см жылдамдықпен Солтүстік-Америка тақтасы астына қозғалып бара жатқанХуан де Фука тақтасы; орталық аймағында солтүстік-шығысқа бағытталған Кариблитосфералық тақтасыастына қарай жылына 6-7 см жылдамдықпен жылып жатқанКокос тақтасы; оңтүстікке қарай шығысқа бағыт алған Оңтүстік-Америка тақтасының астына қарай жылына 4-6 см жылдамдықпен қозғалатынНаска тақталарыорналасқан.
Құрлықтың су асты жақтаулары Тынық мұхитының 10% аумағын алып жатыр. Қайраңның бедерінде трансгрессивті жазықтық пен субаэралды қалдықтар бейнеленген. Мұндай нысандары Ява қайраңында жәнеБеринг теңізініңқайраңындағы суасты өзен бойындағы тән болып келеді. Корей қайраңы мен Шығыс-Қытай қайраңында кеңінен тараған жоталы бедер, олар ағыстан қалыптасқан. Экваториялық-тропикалық қайраңда көбіне кораллды құрылымдар бар. көп бөлігі 200 м тереңдікте, үсті бөлшектенген, суасты төбелерінің тектоникалық табиғаты терең депрессияланған. Солтүстік Америка құрлықтық баурайы суасты шатқалдары қатты бөлшектенген. Құрлықтық баурайында үлкен суасты каньондар Беринг теңізінде көп.
Жаңа Зеландияның суасты атырабыда өзіндік материктік құрылымы бар. Ауданы аралдырынан 10 есе үлкен. Бұл суасты Жаңазеландиялық платоны Кэмпбелл Чатам және олардың арасындағы Баунки ойпаты құрайды. Барлық жағынан бұл материктің шекаралас құрлықтық баурай шектейді. Бұл кеш мезозойлық суасты жотаныЛорд-Хауқамтиды.
Тынық мұхитының батыс атырабында орналасқан өтпелі аймақтар: Алеуттік, Курил-Камчаттік, Жапон, Шығыс-Қытай, Индонезиялық-Филиппиндік, Бониндік-Мариандық (мұхиттын ең төменгі нүктесінен - Мариан шығанағы, тереңдігі 11 022 м), Меланезиялық, Витязевтік, Тонга-Кермадек, Маккуорилік. Бұл өтпелі аймаққа: шектеулі терең теңіз, окоптар, шекті теңіздер, аралдың доғаланған түрлері кіреді. Шығыс шетіндегі өтпелі аймақтарда орналасқан: Орталық-Америкалық және Перуан-Чилилік.
Өтпелі жоғарысейсмикалық құбылыс тән, олар Тынық мұхиттың шалғай аймағына жер сілкінісі және қазіргі заманғы вулканизм қалыптастырады. Тынық мұхитындағы өтпелі аймақтар екі эшалон түрінде көрінеді, ең жастары мұхиттың қыртыс шекарасында орналасқан және одан көп жетілген мұхит бөлінген және аралдық доғаларда кездеседі.
Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконгжәне т. б Азияның ірі теңіздері Тынық мұхитқа жылына 1767 миллион тонна шөгінді алып келеді. Мұндай аллювийдің барлығы мұхит алабында қалып қояды. Юкон, Колорадо, Колумбия, Фрейзер, Гуаяссекілді Американың ірі теңіздері Тынық мұхитына 380 миллион тонна шөгінді алып келеді және салмақталған заттың 70-80 % мұхитқа толығымен құйылады, қайраңының шағын ені осының әсерінен қалыптасқан.
Тынық мұхит жылы кең таралған қызыл балшық, әсіресе солтүстік жарты шарда. Бұл мұхит бассейндерінің үлкен тереңдігіне байланысты. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік белдеулерде орналасқан, кремнийлі радиоляриялар шөгінділері анық экваторлық белдікте екенін білдіреді, сондай-ақ екі кремнийлі диатомдар балдырлардың аймағы да бар.
Мұхиттың барынша тұздылығы салыстырмалы жауын-шашынның қарқынды булануымен сәйкес келетінэкваторлықжәне тропикалық аймаққа тураланады (барынша 35, 5-35, 6 ‰ дейін) . Тұздылық суық ағымның әсерінен мұхиттың шығысына қарай төмендейді. Жауын-шашынның молдығы мұхит суының тұздылығын азайтады, әсіресе экваторда, батыс айналым аймағы мен субполяр ендігінде.
Тынық мұхитының оңтүстігіндегі мұз антарктикалық аудандарда, ал солтүстіктегісі текБеринг, Охотатеңіздерінде және де аздапЖапон теңізіндеде түзіледі. Алясканыңоңтүстік жағалауынан наурыз-сәуір айларында 48-42°с. ш. болатын мұзтаудың біразы тасталады. Солтүстік теңіздер қалқыма мұздарды солтүстік аудандарға жеткізеді, әсіресе Беринг теңізі. Антарктикалық көпжылдықмұздар шекарасы 60-63° о. ш. дейін жетеді, ал мұзтаулар 45° с. ш. дейі жетіп, солтүстікке дерлік таралады.
Тынық мұхитын су массасын шалағай, шалағай аралық, терең және түпкі деп бөледі. Тынық мұхиты шалағай су массасы 35-100 м және тропика суларына тән тұздылығымен, тығыздылығымен, температурасының салыстырмалы тегістілігімен, сипатының құбылғыштығымен, климаттың мерзімді мусымдығымен ерекшеленеді. Бұл су массасы су үсті жылуалмасумен, салыстырмалы тұнбалармен, буланужәне қарқынды аралсумен анықталады. Шалағай аралық су массасына азда болса тиісті. Субтропика мен суық енділікте бұл су массалары жарты жыл шалағай, жарты жыл шалағай аралық болады. Әртүрлі климаттық аймақтарда олардың шекаралары 220 мен 600 м арасында теңселіп тұрады. Шалағай аралық су 13-18 °C-тан (тропик пен субтропикте) 6-13 °C дейін (қоңыржай аймақта) тығыздығы және тұздылығымен ерекшеленеді. Шалағай аралық су жылы климатта тұзды шалағай судың төмендеуімен түзіледі.
Орташа және жоғарғы енділікте аралық су массасының температурасы 3-5 °C, ал тұздылығы 33, 8-34, 7 ‰ болады. Аралық массаның төменгі шекарасы 900-1700 м тереңдікте болады. Терең су массасы Антарктикалық сулардың төмендеуі мен Беринг теңізі суының қазашұңқырлармен ағу нәтижесінде түзіледі. Түпкі су массасы 2500-3000 м тереңдікте. Олар төмен температурасымен (1-2 °C) және бікелкі тұздылығымен (34, 6-34, 7 ‰) ерекшеленеді. Бұл қатты суу нәтижесінде түзіледі. Олар біқалыпты ағып, барлық батуларды толтыра отырып мұхит орталлық үстіртінің өткеліне көлденең Оңтүстік Перу арқылы солтүстік қазаншұңқырлар түбіне жетеді. Өзге мұхиттармен салыстырғанда Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі түпкі сулар еріген оттегінің аздығымен ерекшеленеді. Түпкі су терең сумен бірге Тынық мұхитының барлық көлемінің 75% құрайды.
1. 3. Флора және фауна
Әлем мұхиттарының биомассасының 50% Тынық мұхитының еншiсiнде. Мұхиттағы өмiр ағыл-тегiл және қилы, әсiресе маржан рифтар және мангр тоғайларымен шұғылданатынАустралия, Азияжиектерiндегі тропиялық және субтропиялық аймақтарда. Тынық мұхитының фитопланктоны 1300 жуық микроскопиялық бір жасушалы балдырлардан тұрады. Бұлардың жартысына жуығы перидинея түріне, ал одан азырақ бөлігі диатомея түріне жатады. Таяз су және Апвелинг аймақтарында өсімдіктер өте көп. Тынық мұхитының су асты өсімдіктері 4 мыңбалдыртүрінен 29 гүлді түрлеріне дейін жетеді. Тынық мұхитының шамалы және салқын аймақтарында бурыл балдырлары жаппай жайылған, , Оңтүстік аймақтарында тіпті 200 м жететін осы топтың алып балдырлары да кездеседі. Тропикті айммағындарифтүзуші ағзалар болатынмаржан полиптарыменқатар фукус, ірі жасыл, танымал қызыл балдыр кең таралған.
Тынық мұхитының жануарлар түрінің әлемі өзге мұхиттағыға қарағанда 3-4 есеге бай, әсіресе тропика суларында. Индонезия теңіздерінде балықтың 2 мың түрі, солтүстік теңіздерінде 3 мыңға жуық түрлері бар. Мұхиттың тропика аймақтарында моллюскалардың 6 мыңға, ал Беринг теңізінде 200 жуық түрі таралған. Тынық мұхитының жан-жануарларына тән ерекшелік олардың жүйелік тпотары мен эндемимзмінің көнелігі. Тынық мұхитында теңіз кірпілері мен семсеқұйрықтардың көне түлерінің көбісі, өзге мұхиттарда (мысалы, Иордан, Гильбертидия) көне түрлері, лососьбалығы тобының барлық түрі Тынық мұхитында қалған.
Эндемикалық сүтқоректілердің түрлері:теңіз мысығы, дюгонь, сивуч, теңіз қамасы. Тынық мұхитының көптеген жан-жануарларына алыптық тән қасиет. Мұхиттың солтүстік бөлігінде , экватор аймағында салмағы 300 кг жететін ең ірімоллюсктіңекі жармалы түрі тридакна тіршілік етеді. Тынық мұхитында көбінесе ультраабиссальді жан-жануар басым. Олардың 45 түрі судың төмен температурасы мен 8, 5 м тереңдігінде, 70% эндемиктер. Осы су астында жалғыз қорек болатын топрақты азық қылуға икемді, аз қозғалатын голотурия тірішілік етеді.
2. Тынық мұхит аралдары
Мұхит Аралдары- Тының мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай) . Жері 1, 26 млн км². Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай (1971) .
Мұхит аралдары Меланезия (батыстағы ең ірі аралдар), Микронезия (Меланезиядан солтүстіктегі ұсақ аралдар), Жаңа Зеландия және Полинезияға (қалған ұсақ аралдарының бәрі) бөлінеді. Рельефі және геологиялық құрылысы. Батыс Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия аралдарының рельефі таулы, тілімделген. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы 5029 м. Шығыс Микронезия мен Полинезия аралдары шағын, аласа маржанды атоллдар. Мұхит аралдарының атоллдар. Мұхит аралдарының оңтүстік-батыс бөлігі (Меланезия және Жаңа Зеландия) қазіргі тектоникалық қозғалыстар мен вулканизм күшті байқалған мезозой және қайназой қатпарлық зоналарына жатады. Мұхит аралдарының бұл бөлігі гранит интрузиялары жарып өткен әр түрлі кристалдық және шөгінді жыныстардан құралған. Микронезия, Полинезия және Гавай аралдары вулкандық жыныстардан, кей жерде әк тастардан құралған. Вулкандық жыныстардан бұл ауданда басымы - базальт. Вулкандық аралдарға Гавай, Самоа, Маркиз, Кук (Оңтүстік), Тубуаи, Пасха т. б., маржанды аралдарға Маршалл, Каролин, Гилберт, Эллис, Токелау, Кук (Солтүстік), Феникс, Лайн, Туамоту, Науру, Ошен және басқа ұсақ аралдар жатады. Пайдалы қазбалардан маңыздылары - никель рудалары (Жаңа Каледония), фосфат (Науру және Рождество аралдары), мұнай (Жаңа Гвинея), алтын (Жаңа Гвинея, Фиджи), көмір (Жаң Зеландия), мыс (Бугенвиль) .
Туамоту, Паумоту - Тынық мұхиттағы 78 маржанды аралдар мен рифтерден құралатын топарал. Франциялық Полинезияның құрамына кірді. Аумағы 810шаршы километрге тең. Ең ірі аралдары- Рангироа мен Факарава. Климаты- тропиктік пассатты. Жылдық жауын шашын мөлшері 1500- 2200 мм. Үлкен аралдарында көбінесе- панданустар, баньяндар, кіші аралдарда - бұталар басым өседі. Кокос пальмас, нан ағашы, банан плантациялары бар. Мал шаруашылығы, балық аулау, меруерт жинау дамыған. Басты қаласы- Ротоава. Атолл- Тайяро биосфералық қорыққоры бар. Топаралды 1606 жылы португал теңізшісі П. Кирос ашқан.
Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр.
Мұхитта елді аралдарда кездеседі:Жаңа Гвинея( 829, 3 мың км²) жәнеКалимантан(735, 7 мың км²) ;
Ірі аралдар:Үлкен Зонд аралы(1485 мың км²) Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка) .
Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары: Жаңа Гвинея аралдары (Жаңа Гвинея, Йос-Сударсо), Жапон аралдары(Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку), Филиппин аралдары(Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Жаңа Зелендия(Оңтүстік және Солтүстік араладары), Кіші Зонд аралдары(Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба), Сахалин, Молукка аралдары(Серам, Хальмахера),
2. 1. Меланезия
Меланезия (көне грекше: μέλας - қара + νῆσος - аралдар) - Тынық мұхиттағы негізгі арал топтарының бірі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5000 километрге созылып жатыр. Басты аралдары мен арал топтары:Жаңа Гвинея, Бисмарктопаралы, Сүлеймен(Соломон) аралдары, Жаңа Гебрид топаралы, Жаңа Каледония, Фиджи. Меланезия аралдары - Ұлыбритания, Франция, Австралия Одағының басқаруындағы және қамқорлығындағы аумақ. Фиджи - тәуелсіз мемлекет. Жаңа Гвинеяның батыс бөлігі (Батыс Ириан) Индонезияның құрамына кіреді. Жалпы ауданы 1 миллион километр квадрат шамасында. Меланезия аралдарының ірілері материктік, ұсақтары жанартаулық жолмен пайда болған. Олар альпі геосинклинальдық белдеміне кіреді. Күшті қатпарлануға ұшыраған гнейс, кристалдық тақтатас, әктас және таралған. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы (5029 метр) . Климаты экваторлық және субэкваторлық, оңтүстік аралдарда тропиктік. Орташа айлық температурасы жыл бойы тұрақты дерлік: ең ыстық ай - ақпанда 25 - 28°C, ең салқын ай - тамызда 21 - 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері таулардың терістік беткейлерінде 700 - 900 миллиметр, қалған бөлігінде 1000 - 2000 миллиметр. Ең ірі өзені - Жаңа ГвинеядағыФлай(ұзындығы 800 километр) . Экваторға таяу жатқан солтүстік аралдарда ылғалды тропиктік қалың ормандар өседі (нан ағашы, қауын ағашы, пальма түрлері, тағы басқа) . Орталық және оңтүстік аралдарда муссондық ормандар мен саванналар бар. Жануарлар дүниесі австралиялық түрлерге ұқсас (қалталы сүтқоректілер, казуарлар, жұмақ құстары, тағы басқа) . Байырғы халқының басым көпшілігі (2/3) папуастар және меланезиялықтар (1/4) . Тұрғындары егіншілікпен, балықшылықпен, мал шаруашылығымен, және ағаш дайындау, маржан жинау кәсіптерімен айналысады. Түрлі түсті металл кендері өндіріледі.
Жаңа Гвинея(индонезияша Papua, ағылш. New Guinea) - Тынық мұхиттың батысындағы арал. Меланезиятопаралына кіреді. Үлкендігі жағынан Жер екінші арал. Ауданы 829 мың км² . бөліп тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz