Әдебиетті тереңдетіп оқыту


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Әдебиетті тереңдетіп оқыту 3-4 бет

Негізгі бөлім 5-35 бет

I. Тереңдетіп оқыту әдістері

1. 1Талдау сабақтарының мазмұны мен әдістері 5-14 бет

1. 2Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану 14-17 бет

II. Қазіргі әдебиет сабағы және технология талаптары

2. 1 Түрлі жанрдағы шығармаларды тереңдетіп оқыту 18-34 бет

2. 2 Оқу жабдықтары, дидактикалық материалдар мен көрнекілік түрлері, оның маңызы 35-36 бет

Қорытынды 36-39 бет

Пайдаланған әдебиеттер 40 бет

КІРІСПЕ:

ӘДЕБИЕТТІ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ

Білім берудің жаңа жүйесінің мақсат - міндеттерін, әдебиет сабағы және жаңа техология талаптарын игерту.

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу; Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек; Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек.

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Сол өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi - “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды. Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу - қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм беру мекемелерiнiң жастарға саналы тәрбие, сапалы бiлiм берiп, ұлтжанды азамат етiп қалыптастыруда атқара ролi зор екенi даусыз.

Оқыту - екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты. Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.

Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В. Н. Кан - Калик, Ф. Н. Гоноболин, М. В. Кларин, Л. МлФридман, Л. С. Выготский, П. И. Пидкасистый, В. Монахов, Т. И. Шамова, С. Н. Данакин, В. Шепель, И. Г. Зайнышев, Қ. Қ. Қабдықайыров, Ш. Т. Таубаева, Б. Р. Айтмамбетова, Н. А. Әбішев, К. С. Құдайбергенова, Б. Әбдікәрімұлы, Ж. А. Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық.

«Технология» грек сөзі. Техно - өнерпаздық, шеберлік, Logos - ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымға келіп саяды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

1. 1Талдау сабақтарының мазмұны мен әдістері

Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды, оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.

Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:

Көрнекілік әдісі - берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.

Зерттеу әдісі - берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы. Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.

Шығармашылық әдісі- шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:

- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.

- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.

-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.

-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.

-Әңгіме жүргізу.

-Шығармашылық тапсырма беру.

-Жаттау.

-Жоспар құру.

-Эпизодтарға тақырып қою.

-Мәтінге жақын баяндау.

-Көркем баяндау.

-Сценрий құру.

-Иллюстрация жасау.

-Пікір жазу(кітап, кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)

- Шығарма жазу.

Эвристикалық әдіс - мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:

-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау, теориялық т. б мәселелер бойынша)

-Тапсырмалар жүйесі. Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т. б мәселелер бойынша.

-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.

Репродуктивті әдіс - бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.

Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:

-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)

-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)

-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)

-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)

Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады. Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.

Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш. Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.

Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отырып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т. б.

Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ.

Шынында да жазушының стилі деген сөз айтуға оңай болса да, қолға ұстатқандай етіп дәлелдеп беру, стиль ұғымын айқындайтын жайттардың бәрін толық қамту кімге де болса қиын. Сол себептен, стильді сөз етушілердің кемшіліктерін мегзесек те, оларды даттаудан аулақпыз.

Стиль туралы орыс тілінде бұрын да аз жазылмайтын. Ал соңғы жылдары бұл проблемаға орыс ғалымдары әр жағынан келіп, құнды-құнды пікірлер ұсынған көптеген салихалы еңбектері басылып шықты.

Стильге бір тоқтамай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектер де аз емес.

Олардың бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді. 1

Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса, жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн.

Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше - stylos, дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша.

Ескі замандарда қағаздың орнына тақтайды балауызбен сырлап, соған сөз жазу көп елдерде болған. Жазатын құралы - stylos. Ол сурет өнеріне де пайдаланылған.

Қазіргі кездердегі қылқаламның жұмысын атқарған. Ол да stylos аталған.

1Мандельштам Е. «О характере гоголевского стиля», СПБ, Ленинград, 1902-1934ж.

«Об авторском искусстве». - М., 1959ж.

Виноградов В. В. «Стиль А. С. Пушкина».

Виноградов В. В. «О языке художественной литературы. - М., 1959ж.

Виноградов В. В. «Проблема авторства и теория стилей», 1961ж.

Заманның озуы, адам қоғамының ілгері дамуымен байланысты, әр алуан өндіріс құралдары да, ұғым да, жеке сөздер де өзгеріп отыратыны - диалектика заңы. Қазіргі кейбір сөздердің шығу тегін түптеп келсек, таңғалмасқа болмайды. Бұл - барлық тілдерге тән нәрсе. Мысалы, орысша «дочь», «бык» деген сөздердің этимологиясын ғалымдар «доить», «мычание» деген сөздерден шыққан деп дәлелдейді. Сол сықылды «стиль» де өзінің алғашқы «жазу», сурет салу құралы мағынасын өзгертіп, мүлде басқаша ұғым, басқаша түсінікке ие болған.

Стиль кейінірек, грек тілінде таза, әдемі сөйлеу ұғымына ие болған.

Стильді көп зерттеп, ол туралы көптеген құнды пікірлер айтқан академик В. В. Виноградов өзінің «Проблема авторства и теория стилей» атты еңбегінде стильдің көп мағыналылығына айрықша тоқталады. Тіл, искусство, әдебиет, ғылым, не басқа да өмір саласында әртүрлі ұғым, әртүрлі мәнде қолданылатындығын мысалдар келтіріп, өзінше дәлелдейді.

Архитектурадағы готический стиль, мавритандық стиль, дионический, ионический стильдер, солар сықылды мүсін, сурет, музыка искусстволарының әрқайсысының өздеріне сәйкес стиль термині жиі қолданылады. Кейде ол белгілі бір дәуірдегі суретші, архитектор, мүсіншілер, музыканттардың бір алуандарына тән жайттардың жиынтығы, бір мектепке, не ағымға жататындығын белгілесе, кейде жеке өнерпаздардың өзіне тән ерекшелік әдістерін көрсету үшін қолданылады.

Өмірдің басқа саласында да «стиль» аз айтылмайды. Документ стилі, ғылыми стиль, жұмыс стилі, газет стилі, т. б. Ал біздің тіл, филология ғылымдарында да стиль термині өте жиі кездеседі. Тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. Әдебиетте прозалық, фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтамыз да жазамыз. Сөйтіп Виноградов айтқандай, стиль - өте көп мәндес сөз. Бірақ біздің тоқталмағымыз - әдебиетпен ғана байланысты стиль. Стиль - әдебиетте негізінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада қолданылады. Кең мағынасында әдебиет тарихы, теориясы, әдеби сын да, ХҮІІІ ғасырдан бері қарай стиль - әдебиет методы ұғымында қолданылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп аталатын. Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады. Стильдің екінші мағынасы, яғни стиль деп әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну. Кейбір әдебиетшілер әдеби стильден гөрі әдеби әдістің ұғымы кеңірек, тереңірек дегенді айтып жүр. Бірақ ол әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сықылды.

Классицизм, романтизм, не басқа стиль деп аталулар жай айтыла салынған сөз емес. Кезіндегі сыншы, әдебиетшілердің іздену, зерттеулері арқылы қорытылған ғылыми жүйе. Өйткені олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері - әр жағынан алынып талданғанда талай ой, талай тәжірибе сүзгілерінен өткізіліп, түйінделген нақтылы пікірлер. Классицизм, романтизм стилі деп айтуға оңай болса да, жүйелеп тексере бастасаң, көптеген ерекшеліктерге кездесесің. Мысалы, классицизмнің өзіне ғана тән атышулы үш бірлік (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі) бар, оқиға сюжетінің сарай өмірінен алынуы, қатысушыларының үстем тап өкілдері болуы, басқа тап өкілдері тек солардың қызметшілері дәрежесінде ғана қатыстырылуы, қаһармандар мінездеріндегі менмендік, тәкаппар паңдық, ұзын-ұзын монологтармен сөйлеулер, тағы басқалар.

Ал романтизм стиліне тән жайттар классицизм ерекшеліктерінен гөрі қиыннан қиысатындығы аңғарылады. Романтизмнің қай түрінде болсын, ең алдымен көзге түсетін ерекшелік - өз айналасына риза болмаушылық. Өршіл романтизмге тән нәрсе - романтикалық пафос, өмірде болған оқиғалардан гөрі өмірде болуы керек жайттарды негіз ету. Оқиға негізін өмір шындығынан алса да, оны көтеріңкі, өршілдік түрде, не керісінше етіп суреттеу. Қайткен күнде де романтизм құбатөбелдіктен аулақ. Адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы, өмірге көзқарастары бір шектен екінші шекке көшіп отырады. Не шектен шыққан зұлым, не шектен шыққан асқан мейірбан болады. Бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, мықтап түзелетін мінездер - романтизм стиліне тән. Мұнда құбатөбелдік (золотая середина) болмайды деуіміз сондықтан.

Романтикалық стильде жазылған Виктор Гюгоның «Аласталғандар» («Отверженные») атты романындағы Жан Вальжан - романтикалық мінездің нағыз классикалық үлгісі.

В. Гюго Жан Вальжанды таныстырғанда, «1815 жыл, күннің батуына бір сағаттай мезгіл қалғанда, бір жаяу жолаушы Динь қалашығына келіп кірді» деп бастайды. Мұнан кейін оның алыстан келе жатқанын, жол соғып, жел қағып, әбден шаршағанын, қала шетіне кіргесін әр көшеге бір тоқтап, фонтаннан су ішкенін, сол күні ол 12 лье жол жүргенін, киімі мейлінше нашар, өзі өлердей аш, арқасында дорба, қолында таяқ, адам шошығандай түр-келбетін суреттейді. Ол пәтер ұстайтын үйге келіп, трактирден тамақ ішпек, сусынға қанбақ болады. Бірақ оған өз ақшасына ешкім тамақ та бермейді, қондырмайды да.

Әсіресе өзі әбден шаршаған, әрі шөл, әрі аштық буған адамды трактиршілердің әдеті бойынша, жақсы қарсы алуы керек еді. Шынында да олар жолаушыға ақшасы болса, барлығы әзір екендігін айтады.

Ең соңғы рет үйден қуылғанда, ысқырық суық жел жыртық киімнен өтіп, тұла-бойы қалш-қалш етеді. Тоңған соң баспана іздеп, бір иттің үйшігіне кіреді. Бірақ өгіздей төбет арсылдап, оны қуып шығады. Сүйтіп ол әрі аш, әрі жалаңаш, қақаған суықта көшеде жалғыз қалады. Өз дәрежесінің иттен де төмен екендігін сезінеді. Барар жер, басар тауы қалмай, мұздай тастың үстінде көшеде түнемек болғанда, кездейсоқ бір әйелдің сілтеуімен жолаушы Динь қалашығының епископы Мириэльдің үйіне келеді. Жұрттың бәрі, ең аяғы ит те қуып шыққан сорлы жан, сөйлескеннен кейін қондыратынын ұғынып, өзінің кім екенін анық түсінбей қалды ма дегендей, епископқа паспортын көрсетеді. «Міне, менің паспортым. Көрдіңіз бе түсін? Сары ғой. Түсінің сарылығы қайда болмайын, мені маңдарына жолатпай қуу үшін . . . Қараңызшы, паспортта не жазылғанын: «Жан Вальжан босатылған каторжник, пәлен жерде туған . . . Каторгада он тоғыз жыл болды. Лавка бұзып жасаған ұрлығы үшін бес жыл. Төрт рет қашып құтылуға әрекет жасағандығы үшін он төрт жыл алған. Өте қауіпті адам». Білдіңіз ғой менің кім екенімді . . . Осыдан кейін мені қондыра аласыз ба . . . ». Епископ жауап орнына қызметші әйелге қонаққа тамақ әзірлеп, төсек даярлауды бұйырады. Қондыратындығына, тамақ беретіндігіне енді ғана сене бастаған каторжник, есуас адамша өзімен-өзі сөйлесіп:

- Шын ба . . . Мені, каторжникті, қуып шықпай, қондырмақсыз ба . . . Мүмкін емес . . . Сіз маған «сен» демей, «мырза» деп сөйлейсіз . . . Басқа адамдар әрдайым маған «ит, жоғал, көтер өкшеңді . . . » деуші еді. Сіздің де қуып шықпасыңызға менің шәгім болған жоқ еді. Мен өзімнің кім екендігімді сізге бірден-ақ ашық айттым. Сіз мені қондырмақсыз . . . Көп рахмет, осы үйге сілтеген әлгі әйелге.

Ыстық тамақ, жылы төсек, рахымды үй иесі зәбір, қорлау, қуғын көріп келген бишара каторжникке үлкен әсер етеді.

Жаяу жолаушыны ешкім маңына жолатпай қуалайды. Ол - ұры, каторжник. Епископ біліп тұрып, оны қондырып, тамақтандырады, 19 жыл бойы таза төсек, жайлы орын көрмеген адамға жеке бөлме беріп, тынықтырады. Әйтсе де, ұры ұрылығына басып, үй иесіне опасыздық істейді. Түн ортасында оянып, ол үйдегі іске татырлық қымбат күміс сервиздерді ұрлап, қашып кетеді . . . Тіпті епископты өлтіріп кеткісі келіп те ойланады. Әйтсе де өлтірмей, тек мүлкін алып кетеді.

Бірақ оның жолы болмайды. Жандармдар Жан Вальжанды ұстап алып, сәске болмай-ақ епископтің үйіне қайта алып келеді, «ұрыны ұстадық» дейді олар епископке. Тағы да сотталып, каторгаға айдалатынына көзі жеткен Жан Вальжан не қыларын білмей, қалтырап тұрғанда, епископ жандармдарға: «Мырзалар, бара беріңдер . . . », - деп, күмістерін Жан Вальжанға өзі берген болады. Олар кеткесін: «Жан Вальжан, бауырым, сен мұнан былай зұлым емес, мейірбан адамсың. Мен сенің жаныңды мына күмістерге сатып алдым, оны қараңғы рух, зұлымдық ойлар шырмауынан босатып, тәңірге тапсырдым . . . Мынаны қоса ал . . . », - деп, екі подсвечникті де оған ұсынады

Епископтің сыйлығы - Жан Вальжанның он тоғыз жыл бойы каторгада жүріп тапқанынан екі есе көп. Қалған өміріне жетерліктей қазына.

Бұл эпизодтан біз бір-біріне қарама-қарсы екі шектегі, екі мінездің: жауыздық пен меһербандық игіліктің түйісуін, екеуінің күресін көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер жайлы
Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз
Озат педагогика ғалымдары
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
Қ.Бітібаева техгологиясы бойынша көркем шығармаларды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz