Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері
Еңбек - бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбеқ. Дәл осы жалданбалы еңбек - жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі - аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді.
Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:
1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары - бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.
2) еңбек қатынастары - бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.
3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.
4) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті.
5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен - еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.
6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты.
7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады.
8) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.
Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла - нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Еңбек қатынастары еңбек құкығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдык еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Құқыктың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байла - нысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі - еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құкықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпы-лама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрніс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынандай бвлгілермен: 1) еңбектік құқықтык қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қаты - настарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.
Еңбек құқығы жүйес ідеп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөліміжалпылама сипаттағы және еңбек құкығы институттарының барлығына бірдей колданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құкығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек кұкығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.
Еңбек құқыгы негіздері (деректік көздері) дегеніміз заңнамалармен белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік құқықтық қатынастарды және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын реттейтін нормативті актілердің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар: 1) еңбек туралы нормативтік актілер жүйесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған зандык күші бар актілердің санының көптігі; 2) жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгейінде қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің са-нының басымдылығы; 3) нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі. Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) зандық күшіне қарай: зандар, зандық күші бар актілерге -- Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары, Үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрыктар, ережелер және жергілікті нормативтік актілерге және әрекет ету деңгейлеріне байланысты республи-калық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.
Еңбек құқығының қайнар көздері -- күрделі, көп деңгейлі кұрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі зандык күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. (Тиісінше, еңбек құқығы саласының құрылымдарын). Еңбек туралы заңнамалар да Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек кодексіне (2007), жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынасын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасы бекіткен Халықаралық шарттардың еңбек туралы ұлттық зандар алдында басымдылығы бар, және, егер оны қолдану үшін Қазақстан Республи-касының заңын шығару шартта көрсетілмеген болса, тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (8-бап), халықаралық ынтымақтастық қағидатын негізге алып Қазақстан халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын мойындайды және құрметтейді.
Еңбек құқығының негізгі деректік көздеріне еңбек саласында қабылданған халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жылғы 25 маусымда Женева қаласыңда дүние жүзінің бірнеше мемлекеттері қол қойған Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы халықара - лық Конвенция қабылданған. Осы Конвенцияға 1999 жылғы 20 шілдеде № 444 Заңмен Қазақстан Республикасы қосылды. Сон-дай-ақ Женева қаласында 1999 жылғы 17 маусымда Халықара - лық еңбек ұйымы Бас конференциясыңын 87-сессиясында қабылданған Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы Конвенция (182-Конвенция) қабылданды. Бұл Конвенцияға да Қазақстан 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 367-ІІ Заңмен қосылды. Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас кон-ференциясының 14-сессиясы Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конвенция (29-конвенция) қабылдады. Бұл Конвенцияға Қазақстан 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 120-И Заңымен косылды. Женевада 1957 жылғы 25 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 40-сессиясы қабылдаған Мәжбүрлі еңбекті жою туралы Конвенцияға Қазақстан Рес - публикасы 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 117-И Заңымен қосылды. Женевада 1948 жылғы 9 шілдеде Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 31-сессиясы қабылдаған Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы Конвенциясына біздің еліміз 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 119-11 Заңымен қосылды.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда қабылданған № 251-III ҚРЗ Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығы:
жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.[[][1]]
Еңбек құқығы -- меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғаудың арнаулы процессуалдық пішімдерін, сондай-ақ, санкция қолдану реттерін қамтиды. Е. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Е. қ-ның жалпы бөлімін құрайды. Оған құқықтың осы саласының арқауы, әдістері мен жүйесі, оның бастаулары, сондай-ақ, Е. қ. ғылымының пәні мен методологиясы кіреді. Азаматтардың еңбегін пайдалану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастардың жекелеген топтарын реттейтін құқықтық нормалар Е. қ-ның ерекше бөлімін құрайды. Соған сәйкес Е. қ-ның жүйесінде құқықтық ин-ттар, яғни қоғамдық еңбек қатынастарының құрамдас бөлігін арқау ететін құқықтық нормалар жиынтығы ерекшеленеді. Ерекше бөлім Е. қ-ның мынадай негізгі ин-тарын: жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді, еңбек келісімшартын, жұмыс мезгілі мен демалыс уақытын, еңбекақыны, еңбек тәртібін, келісімшарт жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігін, еңбекті қорғауды, қызметкерлердің кәсіби білігін көтеруді, еңбек дауларын қамтиды.
Еңбек құқығының түсінігі және жеке еңбек шартының ұғымы. Еңбек құқығы -- азаматтардың еңбек бостандығына конституциялык құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен кызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек катынастарын реттеуші саласы.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне. ұлтына, тіліне, мүлік пен кызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.
"Қазақстан Республикасының еңбек кодексі" еңбек катынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен және (немесе) ұжымдық шартта жақсы жакқа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық, актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары "Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінде" белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар заңдылықтарға кайшы келмейтін болса, тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Ұжымдық шарт -- жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт.
Жеке еңбек шарты -- жазбаша түрде, кемінде екі дана етіп, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жасалынған екі жакты келісім. Ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандык, біліктілік немесе қызмет бойынша, жұмыс берушінің актісін орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші кызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және баска заңдылықтармен және тараптардың келісімен қарастырылған ақшалай өтемдерді төлеуге, еңбек туралы заңдылықтармен және ұжымдық шартпен еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты: а) белгісіз мерзімге, ә) белгілі бір мерзімге, б) белгілі бір жұмысты орындау уақытында немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер жеке еңбек шартында оның орындалу мерзімі жазылмаса, онда ол белгісіз мерзімге жасалынған болып есептелінеді.
Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ата-анасының бірінің (қорғаншының, қамқоршының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Сондай-ақ жеке еңбек шарты ата-аналарының келісімімен, егер олар орта білім алған болса, он бес жасқа толған тұлғалармен де жасалуы мүмкін. Ата-аналардың (қорғаншының, қамқоршының) келісімі жазбаша түрде беріледі, бұл жағдайда ата-аналар (қорғаншылар, қамқоршылар) жеке еңбек шартына кәмелетке жасы толмаған тұлғамен бірге қол қояды. Қызметкердің еңбек функциясын орындай бастауы шартта белгіленген жұмыстың басталу датасы болып есептелінеді. егер жұмыс беруші тарапынан тиісті дәрежеде жеке шарт болмаған немесе әзірленбеген жағдайда. жеке еңбек шартының мерзімі еңбекке нақты жіберілген сәтінен басталады. Жеке еңбек шарты жасалынғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық жазуға міндетті, онымен қол қою арқылы танысады.
Қызметкер жұмыс уақытының толық емес ұзақтылығын қарастыратын бірнеше орынмен жеке еңбек шарттарын жасасуға құқылы. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек жолын дәлелдейтін құжаттарды, жеке куәлігін (төлқұжат), әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлікті, зейнетақылық шартты, он алты жастан кіші тұлғалар үшін тууы туралы куәлігін, білімі туралы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттарды және заңдылықтармен қарастырылған басқа да құжаттарды талап етуге құқылы.
Жеке еңбек шарты:
1) мерзімінің бітуі бойынша;
2) тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша:
- қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде;
- сот үкімінің заңды күшке енген кезінде;
- қызметкер қаза болған жағдайда;
- сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі кабілетсіз деп таныған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
Жеке еңбек шарты:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2)тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
а) жұмысшының бастамасы бойыпша:
- заңды тұлғаның қызметін таратқан немесе тоқтатқан;
- қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
- жеке еңбек шартының қолданылу мерзім ішінде кызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылған;
- уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ зандарда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда;
- қызметкер ұйыммен бірге баска жерге ауысудан бас тартқан;
- еңбек ақысын сақтай отырып, неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;
- еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
- егер қызметкер тәртіптік жаза алған болса. ол дәлелді себептерсіз еңбек міндеттерін қайталап орындамаған;
- егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімінің жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық, құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жасаған;
- білім беру саласында тәрбиешілік міндетті аткарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға жат қылық жасаған;
- жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткен;
- басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;
- бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда бұзылады.
ә) қызметкердің бастамасы бойынша, бұл жайында ол жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуге міндетті. Тараптардың келісімі бойынша, шарт ескерту мерзімі бітпей-ақ тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруға мүмкіндігі жоқ немесе мейлінше қиындататын жағдайларда (денсаулық жағдайы, зейнетақы жасы, басқа орынға қоныс аудару, жалақының уақытылы төленбеуі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Еңбек құқығы жүйесі
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Мемлекеттік қызмет пен еңбек құқығы
Еңбек құқығының қағидаттары
Еңбек қатынастары
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі
Еңбек құқының әдістері
Пәндер