Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде
Әкімшілік құқық түсінігі мен пәні.
Әкімшілік құқық тарихы.
Әкімшілік құқығының Ұлттық құқық жүйесіндегі алатын орыны.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтың әдістері.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің жалпы сипаттамасы.
Әкімшілік құқық ғылымының пәні мен міндеттері.

1. Кәзіргі кезде ″Әкімшілік құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы: оқулық, әдебиеттерде әкімшілік құқық - тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құқықты - басқару құқығы деп айтуға болады делінген. ″Әкімшілік құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы деп аталған. Әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері:
- Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы;
- Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
- Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдардың және азаматтардың басқару қызметі болып табылады.
2. Белгілі құқықтанушы С.С.Алексеегвтің пікірінше, құқықтың қоғам өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның ішкі талаптарынан туындаған, атап айтқанда: таптық, саяси күрестен, этникалық, топтық және басқа қатынастардан, жеке жанжалдардан туындаған аса күрделі әлеуметтік жағдайға азаматтық бейбіт өмір, келісім, татулық, тыныштық, әр түрлі мүделлерді ескерту, өзара, үйлесімді түсіністік принциптеріне тұрғызылған тұрақты және берік нормативтік басқаруды енгізу.
3. Кей мамандардың бұл саланың маңызын төмендетуге құлшынған әрекеттеріне қарамастан әкімшілік құқық құқықтар жүйесіндегі алдыңғы позициялардың бірін алады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару формасындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекіткен жағдайда әкімшілік құқық нормаларына мұқтаждықтың өсуі мұның айғағы бола алады. Айта кететін бір жағдай - әкімшілік құқық дегеніміз - ол тек басқару құқығына ғана емес, жеке қатынастарды жария бастамалар деңгейіне дейін өзгертетін арнайы ұйым.
4. Әкімшілік құқық көздері терминін басқарушылық қатынастар субъектілерінің іс - әрекет ережелерін баяндаудың және бекітудің мемлекеттік билік ресми таныған формасын білдіреді. Құық көзі болып саналу үшін әрбір мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:
- субъектілердің белгілі бір санаттары міндетті түрде орындайтын бір немесе бірнеше қаракет ережелері болуға;
- практикалық маңызы бар және де әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қызметінде жиі қолданылады;
- әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір заңдық маңызы бар әрекеттер жасауы үшін негіздемелері болуға;
- елдің қолданыстағы құқық жүйесімен үйлесуге, ғылыми құқықтық диктринаға сәйкес келуге.
Әкімшілік құқық нормаларының қайнар көздері:
Конституция.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс.
Мемлекетттік қызмет туралы заң.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заң.
Мемлекет басшыларының жарлықтары, Үкімет және Конституциялық кеңестің қаулылары, Министірлердің бұйрықтары, әкімдердің шешімдері.
5. Әкімшілік құқықтың 3 әдісі бар:
- тапсырма беру.
- рұқсат ету.
- тиым салу.
Тапсырма беру - бұл субъектіге қандай да бір нақты әрекет жасау міндеті.
Рұқсат ету - бұл субъектіге қандай да бір әрекет жасауға не өзі қалауы бойынша, оны жасауға рұқсат беру.
Тиым салу - бұл заңмен тиым салынған әрекеттерге тиым салу.
6. Әкімшілік кодексі 2001 жылы 15 шілдеде қабылданды. Бұл кодексте әкімшілік жазалар қарастырылған. Жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдық әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Бұл әкімшілік құқық нормаларының қайнар көздері болып табылады. Әкімшілік құқықта Жалпы және Ерекше бөлімдері бар. Жалпы бөлімде мыналар көрсетілген: әкімшілік құқықтың негізгі институттары (әкімшілік құқыққа кіріспе, әкімшілік құқықтық ноормалар мен қатынастар, әкімшілік құқық субъектілері, атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың формалары мен әдістері). Ерекше бөлімде: әкімшілік құқық институттарын біріктіретін және мемлекеттік биліктің кейбір өрістеріне (мемлекеттік меншікті, білім беруді, әділет органдарын басқару) әрекет ететін нормалар қамтылған.
7. Заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық ғылымы ретінде және құқық саласы ретінде қарастыру мәселесі ол уақытқа дейін талас тудыруда. Француз ғалымы Р.Драго мемлекеттік басқару ғылымын басқа ғылымдардың, политологияның, құқық теориясының, құқық социологиясының амалдары мен әдістерінің өзіндік ғылыми қиылысы деп санайды. Негізінен әкімшілік құқық ғылымы заң ретінде жүргізіледі.
1. Әкімшілік құқық, құқықтың басқа салалары сияқты, заң нормаларынан тұрады. Әкімшілік норма ұғымын мына мазмұнда қолдануға болады:
- заңдастырылған ережелер негізінде басқару.
- ережеде белгіленген жария мүделлер үшін басқару.
Әкімшілік құқық нормалары дегеніміз - орынды, заңмен рұқсат етілетін іс - қарекеттің мемлекеттік билік органдары белгілеген және атқару билігін өндірістегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер. Әкімшілік құқық нормаларының өздерінің заңдық салмағына қарай заңнамалық және заң күшіндегі болып бөлінеді. Нормалардың жалпы және арнайы деп бөлінудің практикалық маңызы да зор.
2. Әкімшілік құқық қатынастардың өзіндік нақты айқын құрылымы болады. Бұл мәселе осы кезге дейін дау туғызып келгенімен, құқықтық қатынастар құрамы мына элементтерден тұратындығына ешкімнің таласы жоқ, олар: құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны. Әкімшілік құқық нормаларын әртүрлі өлшемдер бойынша топтастырып, солар арқылы олардың түр - түрге бөлінуге болады. Мазмұнына қарай әкімшілік құқық нормалары материалдық және іс жүргізу болып бөлінеді. Әкімшілік құқық қатынастар, әдетте мемлекеттік басқару өрісінде, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар деп қарастырылады. Өз қызметінің барысында атқарушы билік органдары әртүрлі және көптеген субъектілермен өзара байланыста болады. Кейде олардың мүдделері сәйкес келмейді, ал мұндай жағдай іс - әрекет жасаудың ортақ ережесін, оның пайдаланудың тәртібін ретке келтірілген қатынастар жүйесін табуға екі жақты да итермелейді.
3. Әкімшілік құқық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандайда бомасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқық нормаларының біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі. Әкімшілік құқық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:
- Тараптадың теңсіздігі.
- Тараптардың ынтасы.
- даулардың әкімшілік тәртіппен шешілуі.
Әкімшілік құқық қатынастардың әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады:
1. Тікелей
2. Көлбеу
Тікелей әкімшілік құқық қатынастар әкімшілік құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіруі.
Көлбеу әкімшілік құқық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық - биліктің өкімі болмайды.
4. Құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны болады. Нормаға сәйкес құқықтар мен міндеттер жүктелген адам құқықтық қатынастар субъектісі бола алады. Әкімшілік құқықтың түрлік нормалармен анықталынатын субъектілеріне қарағанда құқықтық қатынастар субъектісі әрқашанда нақты. Әкімшілік құқық қатынастардың объектісі - әрқашанда мемлекеттік басқару өрісінде өзара жөнділікке және келісімшілікке қол жеткізу. Іс жүзіндегі мазмұн дегеніміз - тараптардың құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалардың нақты әрекеттері, ал субъективтік құқықтары мен міндеттер заңдық мазмұнға жатады.
1. Құқытар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсібір субьектілеріне байланысты болады. Біз қайсібір субьективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреулердің ие екендігін үнемі есте ұстайиыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін құқық субьектілері деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігіналған құқық қабілетті атаумен түрлерге орай субьектілердің мазмұнын біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субьектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субьектілері-ең алдымен адамдар (жеке тұлға). әрбір адам-құқық субьектісі. Бірақ, құқықта субьектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл - ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай екі категориялы құқық субьектілерін (яғни адамдар мен ұйымдар) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз-Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
2. Азаматтардың әкімшілік - құқықтық мәртебесі мыналарды қамтиды:
- Жалпы құқық субъектілері (құқықтар мен міндеттерді иемдену мүмкіндігі және оларды өз бетімен жүзеге асыру мүмкіндігі);
- Салалық құқық субъектілікті (әкімшіліктік құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік);
- арнайы құқық субъектілік (арнайы құқықтық нормалармен қамтамасыз етілетін, қорғалатын белгілі бір құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік);
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар да әкімшілік құқық субъектісі болып табылады. Бұл жеке тұлғалардың жалпы құқықтары мен міндеттері басқа арнайы құқықтық мәртебе болады. Әкімшілік құқық тұрғысынан алғанда бұл адамдарда тиісті құқықтық рәсімдеу болады, олар тұрақты тұратындар және уақытша келгендер болып топтасады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар Қазақстан Республикасының заңдарына бағынады.
4. Әкімшілік құқықтық мәртебесінің мына элементін байқауға болады:
Әкімшілік құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік; мемлекеттік басқару өндірісіндегі құқықтар мен міндеттер; азаматтардың құқықтары мен бостандығына әкімшілік құқықтық кепілдік. Әкімшілік құқықтық мәртебенің негізі элементіне баға бергенде кейбір бұрынғы көзқарастардан арылу қажет. Егер бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандығының сипаттамасы едәуір деңгейде мемлекеттік басқару өрісін зерттеу режимімен реттелсе, бүгіндн басқару режимі өзгермейді. Құқықтық субъекті дегеніміз тұлғаның құқықтары мен міндеттері болып оны жүзеге асыруға алу мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері. Әкімшілік құқық субъектісі болу үшін азаматтар тек құқық қабілеті ғана емес, сонымен қатар құқық шеңберінде ұсынылған қызметтерді иемденуге, пайдалануға дайын болуы тиіс. Әкімшілік әрекет қабілеттіліктің болуы азаматтағы құқықтың басқа салаларындағы әрекет қабілеттіліктенбұрын туындайды, сондықтан да бастапқыда қызмет көрсетудің қанағаттандырылуын таңдау үшін алғышарт жасалады. (білім беру, рухани, материалдық, медициналық).
5. Қазақстан Респуликасының жеке тұлғалары мен мемлекеттік органдар, мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, т.б. әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар:
Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Жергілікті атқарушы органдар, бұлар да субъектілері болып табылады.
6. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының атқарушы билер Үкіметтің қолында. Олар атқарушы органдардың жүйесін, қызметін қадағалап отырады. Үкімет Республикалық бюджет жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Парламент заң жобаларын енгізеді және оның орындалуын жүзеге асырады және мемлекеттік меншікті басқарады. Жергілікті органдардың қызметіне басшылық жасайды.
1. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызыметінің құрамдас бір бөлігі. Ол мынандай міндеттерді шешуге арналған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттің және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың өз құзіретіне сәйкес тиімді қызмет атқару үшін жағдай тудыру болытптабылады;
- басқарушылық қызметтің ұйымдастрылуын жетілдіру;
- азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптерге - заңнамада бекітімін тапқан басты идеяларға негізделеді. Принциптер көп, себебі олар Қазақстан Респуликасының бірыңғай мемлекеттік билігінің барлық тармақтарын біріктіре отырып жүйе құрушы міндеттерді атқарады. Мемлекетті биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен бөлінгенімен, мемлекеттік қызмет жүйесінің бірлігі принципі. Бұл принцип мемлекеттік билік көзінің ортақ екендігін негіздеген.
2. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметкерлердің екі санатқа бөлінеді:
- Саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
- Әкімшілік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің әрбір санатында Мемлекеттік қызмет туралы Заңда көрсетілген ережелермен қатар өзіндік жеке құқықтық мәртебесі болады.
3. Мемлекеттік қызметкерлердің білімінің, біліктілігінің деңгейі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты қызметтің талаптарын қанағаттандыруға тиіс. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын жалпы, тыйым салынатын және шектейтін талаптар біршама анық баяндалған. Жалпы талаптармен қатар заңнама тыйым салынатын, яғни мемлекеттік қызметкерлер мәртебесімен сыйыспайтын жағдайлар белгілеуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметке мына адамдар алынбайды:
- әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
- белгілі бір мерзім аралығында мемлекеттік қызмет атқару құқығынан сот айырған;
- Лауазымды өкілеттіліктерді атқаруға медициналық қайшылықтары бар және біліктілік талаптарына сай келмейтін;
- заңда белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тарту;
- ұйымдасқан жемқорлық қылмысы үшін мемлекеттік қызметке тұрарға дейінгі бір жыл ішінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
- мемлекеттік қызметке тұрарға дейінгі бір жыл ішінде сот тәртібінде әкімшілік жазаға тартылған;
- заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жойылмаған адам;
4. Арнайы құқықтары мен міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- басқару мәселесін даярлау және шешу;
- заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және басқа да нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қадағалау;
- заңдардың, жарлықтардың, қаулылардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру;
- арнайы мәртебенің және белгіленген тәртіпке іске асырылатын өктем биліктің болуы;
- биліктің тиісті ресурстарын иемденіп мемлекет мүддесін білдіре алу;
1. Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды адамдардың заңдылық сипаты бар, яғни заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне байланысты қарастырылады. Басқарудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде дамуы
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Әкімшілік құқық түсінігі
Әкімшілік құқық жүйесі
Әкімшілік құқықтың әдісі
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер